Ветеринария | Мал дәрігерлік энтомология

Кіріспе
Мал дәрігелік энтомология-жануарлардың денсаулығына зиян тигізетін жәндіктерді және олармен күрес шараларын зерттейді. Жануарлар денсаулығына жәндіктер өз зиянын бір жағынан эктопаразиттер ретінде тигізсе, екінші жағынан – жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Кейбір жәндіктер ішқұрттардың дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін бүлдіреді. Жәндіктер тудыратын аурулар – энтомоздар деп аталады.
Жәндіктердің дене құрылысы. Жәндіктер денесі 3 бөлімнен құралған: оған бас, кеуде және құрсақ жатады. Денесі, бунақталып келіп, сыртынан хитинді қабыршақпен жабылған, ол сыртқы әсерден қорғаумен қатар, қаңқа міндетін де атқарады.
Жәндіктер басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі. Басы 6 буыннан құрылып, бас сүйек қорабын түзейді. Басында ауыз мүшелері мен 2 мұртшасы (антенна) бар. Мұртшалары көздерінің ортасында, бастың алдыңғы жағына орналасқан және бірнеше буыннан құралған, қозғалмалы. Ол иіс сезу және сезімталдық қызметін атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық