Технология | Керамикалық кеуекті кірпіштер

Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық деп әр алуан ылғалдыктағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібінің ең басты өндіріс процесі - қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан технологиялық нақтылы режимде жасалынып күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей басым және де түсі, фактурасы бойынша сырты ешбір қосымша өңдеуді қажет етпейтіндей болып шығады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары арналулары бойынша былайша топталынады: қабырғалық материалдар – кәдімгі құрылыс кірпіші, қуыс денелі кірпіш және тас, кеуекті және жеңіл кірпіш; керамикалық кірпіштен және тастан жасалынған қабырғалық блоктар мен панельдер; үй фасадын (үй қас маңдайын) қаптаушы материалдар мен бұйымдар-беттік кірпіш және тастар, плиткалар; іштей қаптаушы керамика материалдары -қабырғалар және едендер үшін плиталар мен плиткалар; санитарлық-техникалық бұйымдар; жол және жерасты коммуникациясы үшін -жол кірпіштері, құбырлар; жылу айырушы материалдары - жеңіл кірпіш және фасонды бұйымдар; қышқылға төзімді керамика -кірпіш, плитка, құбыр және т.б.; отка төзімді керамикалық материалдар және толтырушылар - түрлі керамикалық бұйымдар, керамзит, алгопорит, перлит, вермикулит және т.б.
Керамикалық материалдар мен бұйымдардын сапаларының оңдылығы және едәуір арзандығы, жасауға қажет шикізат корының жан-жақты таралуы және технологиясының карапайымдылығы көне заманнан бастап олардың құрылыста көлемі жағынан көрнекті орын алуына себепкер болды. Мысалы, өнеркәсіптерде жасалынатын жалпы кабырға материалдар көлемінің жартысы керамикалық материалдар мен бұйымдар үлесіне келеді. Соның ішінде толық денелі кәдімгі керамикалық кірпіш, қуыс денелі кәдімгі керамикалық кірпіш, кеуекті жеңіл кірпіш, қуыс денелі блоктар, толық немесе қуыс денелі кірпіштерден зауыттық жагдайда шығарылатын панельдер мен блоктар және т.б. бұйымдар тұрғын, әкімшілік-қоғамдық және өндірістік үйлер үшін кең қолданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық