Әлеуметтану | Әлеуметтік институттар түсінігі

Кіріспе
Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.
Институт ұғымы көп мағыналы, латын тілінен аударғанда құрлым деген мағынаны білдіреді. Оның екі түрлі мағынасы бар, тар мағнады, яғни техникалық, жоғарғы оқу орындарының аттары, ал кең мағнада, яғни әлеуметтік қоғамдық қатынастардың анықталған айналымындағы құқық нормаларының жиынтығы. Мыс: неке институты. Өздерінің күнделікті өмірлерінде адардар институт ұғымында әртүрлі әлеуметтік бірліктерді түсінеді.Ол білім беру және ғылыми ұғымдар мен ерекшеліктер, кез-келген ірі мақсаттық ұйымдар болуы мүмкінКейбір ғалымдар бұл ғылымды тек қана ірі маштабты ұйымға қолданады.Егер топ дегеніміз бір –бірімен қарым-қатынас жасайтын индивдтердің жиынтығы болса, ал институт дегеніміз адамзат қызметінің анықталған салдарында ғана болатын әлеуметтік нормаоар жиынтығы мен әлеуметтік байланыстар жүйесі. Тағы бір анықтамасы, әлеуметтік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықтар мен процелураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық құқықтағы мәміле институты

Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру.
Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Білім беру әлеуметтік институт ретінде

І.1 Бітіру жұмысының өзектілігі: Білім дегеніміз – адамның жеткен дәрежесі, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының, адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады. Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Мысалы: тұрмыстық білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз – белгілі бір саладағы білімдердің жиынтығы [1].
Білім беру социологиясы білімдік қарым-қатынастарды, білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді. Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде көптеген маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарады. Эмиль Дюркгейм осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың бойында бірлесе, ұйымдаса өмір сүруге бейімдеу қасиеттері қалыптастырылады.
Қазіргі заманда білім берудің ресми жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастар арқылы байланыста болса, ал құрдастар арасында әрбір кісі жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, қоғамдық деңгейде мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби жағдайда мұндай қарым-қатынастар басқа принциптерге негізделеді. Қазіргі заманғы қоғамда адамдар туысқан немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ, бөгде адамдармен қызмет етуге мәжбүр немесе міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі – әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Билер институты

К І Р І С П Е
Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел екендігін танытуға мүмкіндік береді.
Және де бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады.
Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы қытай елінің қорларында жатыр. Оны кейінгі кездерде белгілі ғалым Қ. Салғараұлының сол елдерден әкелген және де бұрыннан бізге белгілі еңбектерден білеміз.
Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде жинастырылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық