Қоян

Жыл мезгілінің тамаша кезеңі қыс айы. Айнала кіршіксіз аппақ түске енген. Мүлгіген тыныштық . Ауыл үйлерінің мұржасынан түтін шығып , аспанға қарай тік көтеріліп жатыр.
Бұл бүгін күн аяз екенін білдіреді . Үйден қолына шанасын сүйретіп Рауан шықты. Жан-жағына көз тастап , өзімен бірге серік болып, ойнайтын бала бар ма? деген оймен. Рауан касына қора жақтан Ақтөс келіп,кұлағын қақшитып еркеле қарайды.
Шанасын сүйретіп Рауан ауыл шетіндегі тауға қарай......
Шығармалар
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды......
Шығармалар
Толық

Назарбаев Зияткерлік мектебі - Болашақтың мектебі

Мектеп. «Мектеп» деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың — бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын.....
Шығармалар
Толық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына....
Шығармалар
Толық

Аяулы күз, Алтын күз

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2018» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

«Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема.

Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға....
Шығармалар
Толық

Биология | Нанотехнология

Нанотехнология [1]- бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.[2] Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Топырақ

Топырақ

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Сперма қазақша

Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безіенде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.

Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді. .....
Рефераттар
Толық