Сүлеймен Баязитов | Азамат жолы

Қыс өтіп, жайдары жаз байтақ қырға келіп жеткен тұс еді бұл. Қойлы ауылда тұратын біздер үшін жайдары жаздың алар орны ерекше. Ең бастысы - жайлауға көшу. Ал жайлау әдетте көл жағалауында орын тебетін.

Бір күні сырттан енген әкем бәйбішесіне: «Жездең Ықылас өзі баққан сиырларын осы ауылға қарай беттетіп келеді, қарсы алуға дайындал» - деді.

Аздан соң бір табын сиыр көлге келіп түсіп, оның бақташысы сыртта қарсы алып тұрған бізге беттеді. Бұл - Ықылас, яғни шешеміздің жездесі еді.

Амандықтан соң: «Сендерге қоныс жайлы болсын деп айта келдім»,- деді. Үлкендердің әңгімесінен ұққаным - Ықыластың Жәнібек атты баласы Қарағандыдан елге көшіп келмек екен. Мұны естігенде, шешем қатты қуанды. .....
Әңгімелер
Толық

Кембридж бағдарламасы бойынша неміс тілі сабағын өткізу жолдары

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттеп отыр. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Оларды неміс тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. Неміс тіліне үйрену өте күрделі және жеке үдеріс. Бұл жолда адам көп еңбектеніп маңдай терін төксе ғана қандай да бір жетістікке жетеді. Әрине, оқушының тілдік дағдыларды меңгеру сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Ал Кембридж бағдарламасы ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағы қазіргі заман талабына сай әр қилы өзгеріске ұшырап отыруы тиіс. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты егер де неміс тілі мұғалімі оқушының қызығушылығын арттыра алмаса берген грамматикалық білім еш нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңа технология түрлерін неміс тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының тілдік қабілетінің дамуына, алған грамматикалық білімінің негізінде неміс тілінде сөйлей білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдерде іске асады: І кезең: оқып-үйрену (неміс тілінің грамматикасымен, сөздік қоры және оқылым дағдыларымен танысу); ІІ кезең: меңгеру (оқушылардың алған тілдік білімдерін есте сақтап, өзгелерге түсіндіріп бере алу қабілеті); ІІІ кезең: өмірге ендіру (балалардың неміс тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізе алуы); IV кезең: дамыту (оқушылардың қосымша ізденіп, өздерінің неміс тілін меңгеру деңгейін жоғарылатуға күш салуы). Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше неміс тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. .....
Әңгімелер
Толық

Балалар арасындағы қызғаныштың алдын алудың 10 жолы

Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді.

Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді. Яғни, бала өз өмірінде де, ата-анасының махаббаты мен әрекеттерінде де ешқандай өзгеріс жоқ екенін байқаса, қызғаныш сезімі басталмай жатып бітеді. Мысалы, бауыры дүниеге келген бала «әке-шешем мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлай бастаса, бұл ой қызғаныш сезімінің оянуы үшін жеткілікті. Бірақ, әке-шешесі еш өзгеріс байқатпай, нәрестеге де, қызғаныш сезімі оянып келе жатқан баласына да махаббатын сездіріп, баласының қызғанышқа толы әрекеттерінен әсерленбей, жақсы көруін жалғастырса, бала өз қалпына келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы теңеулердің жасалу тәсілдерін оқытудың жолдары

Мұқағали поэзиясы- махаббат пен сенімнен тұрады.

Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты.

Махаббат пен сенімге ерлік, жүректілік керек.

Мұқағалиды құдіретті ақын ететін де сол - ерлік.

(Ә.Тәжібаев)

Сөз патшасы – «өлеңнің» - өмір туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең, Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше. Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны.Өз халқын жүрегімен қалтқысыз қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді, сүйеді. Мұқағали – лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы. .....
Әңгімелер
Толық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына....
Шығармалар
Толық

Айман Аманжолова | Qazaqstan телеарнасы

Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын.
Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті. .....
Әңгімелер
Толық

Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық

Қасым Аманжолов | Шегінерге жер жоқ


Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады». .....
Әңгімелер
Толық

Қасым Аманжолов | Ленинград берілмейтін берік қамал


Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Германия армиясына Францияны басып алу үшін 44 тәулік, Голландия мен Белгияны басып алу үшін бар жоғы 19 тәулік жеткілікті болса, Ленинград түбіндегі шайқас 900 тәулікке созылып, ақыры фашистік Герман мен Финляндия агрессорлары ойсырай жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды. Ленинградқа тура шабуыл 1941 жылы 10 июльде басталды. Неміс фашистерінің 741 мың солдаты мен офицері, 10070 зеңбірек пен менометі, 385 танк пен өздігінен жүретін зеңбірегі, 370 самолеті болды. Қалаға қасқырдай анталай ұмтылды. Сол күннен бастап, басқыншылар 900 тәулік бойы қалаға толассыз шабуыл жасады. Озбыр жау қалаға 1941 жылғы сентябрь — ноябрь айларында Ленинград көшелерінде 64930 өртегіш, 3055 фугастық бомба тастап, 30154 артиллериялық снаряд атты. Жалпы Ленинградқа тікелей шабуылдаушы неміс фашист және Финляндия армиясы 38 дивизиядан, олардың 32 жаяу, 3 танкілі, 3 маторландырылған бір атты әскер, екі жаяу әскер бригададан тұрды. .....
Әңгімелер
Толық

Қасым Аманжолов | Сын сағатта тас түйін біртұтас болған ел

1941 жылғы 22 июньде фашистік Германия Совет Одағына соғыс жарияламай, тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік Германия 1939 жылы совет — герман мемлекеттері арасында жасалған өзара соғыспау туралы келісімді опасыздықпен бұзды. «Империализмнің ең негізгі сипатының бірі — империализм әр кезде-ақ ұлттық соғыстарды тудырып отыруға тиіс» — деп атап көрсеткен еді, Владимир Ильич Ленин өз еңбегінде. Европаның көп елдерін басып алғаннан кейін фашист жендеттерінің әскери-экономикалық қуаты барынша нығайды. Францияның, Австрияның, Чехословакияның соғыс заводтары, Румыния мен Венгрияның мұнай кәсіпшіліктері, Норвегияның рудниктері гитлершілерге қызмет етті. Бұл — аса күшті әрі зұлым жау еді. Неміс-фашист армиясының жеке адам санының құрамы Қызыл Армиядан 1,8 есе, танкісі 1,5 есе, соғыс самолеттері 3,2 есе, зеңбіректері мен минометтері —1,2 есе артық болатын. Фашистік Германияның 217 девизиясы және 5 әуе флоты болса, 1941 жылғы июньде жаудың 153 дивизиясы мен 4 әуе флоты СССР-ге қарсы қойылды. Германия сатиллит (одақтас елдер) әскерлерін қосқанда Совет Одағына қарсы барлығы 190 дивизиясын, 5,5 миллион солдат және офицерлерін, 3712 танкісін, 4950 әскери самолетін, 47260 зеңбірегі мен минометін, 193 соғыс кораблін және т. б. соғыс техникасын соғысқа қосты. СССР-дің әуе кеңістігіне мыңдаған фашистік самолеттер ұшып келіп қалаларға, аэродромдар мен темір жол тораптарына бомбалар тастады, мыңдаған зеңбіректер шекарадағы заставалар мен Қызыл Армия бөлімдерін атқылады. .....
Әңгімелер
Толық