Әңгіме: Қасым Аманжолов | Ленинград берілмейтін берік қамал

Әңгіме:  Қасым Аманжолов | Ленинград берілмейтін берік қамал казакша Әңгіме:  Қасым Аманжолов | Ленинград берілмейтін берік қамал на казахском языке


Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Германия армиясына Францияны басып алу үшін 44 тәулік, Голландия мен Белгияны басып алу үшін бар жоғы 19 тәулік жеткілікті болса, Ленинград түбіндегі шайқас 900 тәулікке созылып, ақыры фашистік Герман мен Финляндия агрессорлары ойсырай жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды. Ленинградқа тура шабуыл 1941 жылы 10 июльде басталды. Неміс фашистерінің 741 мың солдаты мен офицері, 10070 зеңбірек пен менометі, 385 танк пен өздігінен жүретін зеңбірегі, 370 самолеті болды. Қалаға қасқырдай анталай ұмтылды. Сол күннен бастап, басқыншылар 900 тәулік бойы қалаға толассыз шабуыл жасады. Озбыр жау қалаға 1941 жылғы сентябрь — ноябрь айларында Ленинград көшелерінде 64930 өртегіш, 3055 фугастық бомба тастап, 30154 артиллериялық снаряд атты. Жалпы Ленинградқа тікелей шабуылдаушы неміс фашист және Финляндия армиясы 38 дивизиядан, олардың 32 жаяу, 3 танкілі, 3 маторландырылған бір атты әскер, екі жаяу әскер бригададан тұрды. Ленинградтықтар революция бесігін жауға бермеуге ант етті де қаланы қамалға айналдырды. Жау қаншама жанталасса да, ленинградтықтардың құрыштай берік қорғаныс шебін бұза алмады. 1941 жылы 20 ноябрьден Ленинградтың бір тәулік паек жан басына шаққанда 125—250 грамнан болды. Қалада аштық басталды. 1941 жылдың ноябрінен 1942 жылдың октябріне дейін аштан өлген адамдар саны 641 803 кісі болды. Аштық аранын ашты, оған суық қосылды, үйлерге от та, шамда жағылмады. Трамвай, троллейбус, автобус жүрмей қалды. Бәрінен де ауыз судың тапшылығы ауыр тиді. Күн сайын мыңдаған адам жарық дүниесімен қоштасып жатты. Әйтсе де, қайсар қала жауға жалбарынбады. Ол оқ тескен өр кеудесімен бостандығын қорғай берді, қорғай берді. Ленинградты бүкіл Советтер елі болып қорғады. Оның іргесінде социалистік Отанымыздың барлық туысқан халықтарының өкілдері қоян-қолтық шайқасты. «Құстың күші — қанатында, адамның күші — достығында» демекші осы бір қиын-қыстау күндерде совет халқының, достығы бұрынғыдан да нығая түсті. Сол бір қиын шақта қазақ елінің қарт ақыны Жамбыл атаның ленинградтық бауырларға жолдаған сәлемі — «Ленинградтық өрендерім» майдан шебіндегі әрбір жауынгердің, қоршаудағы әрбір азаматтың бойына сарқылмас жігер құйып, дауылпаздай дабыл қақты. Жазушы В. Вишневскийдің сөзімен айтсақ «Туысқан қазақ халқы өзінің сүйіспеншілігі мен достығын» Жамбыл сәлемінің қанатына байлап жіберді. Жүз жасаған шежіре ақын:

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағындай көремін.

Қазақстан жерінен,

Тұтанғандай ел кегі,

Жолда кернеп қол жетті.

Сендерге дем бергелі», —

деп жырлады.

Қарт Жамбылдың бұл өлеңі оның суретімен бірге дербес листовка болып басылып, жауынгерлерге таратылды. Ақынның асқақ үні, жалынды жыры қаланы қорғаушыларға дем берді, олардың жігеріне жігер қосты. Сөйтіп, қиын-қыстау шақта қарт ақын Ленинград қаласын қорғаушылардың сапында, майданның алғы шебінде болды.

Ленинград майданында ұлы қаланы қорғауға алғашқы күндерден бастап Қазақстанда құрылған 310-ыншы, кейін 314-інші дивизиялар қатысты. 310-ыншы дивизияның, құрамында Ақмоланың колхозшылары, Степняктың кеншілері, Қарағандының теміржолшылары, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер болды. Дивизия командованиесі мен жауынгерлерінің 1942-жылдың 8-апрелінде «Акмолинская правда» газетінде жарияланған Ақмола облысының еңбекшілеріне жолдаған рапортында өздерінің алғашқы табыстары жөнінде баяндады.

«Кескілескен алғашқы ұрыста, деп жазды олар,— біз «сайдың тасындай» деген немістердің таңдаулы әскерлерін тоқтатып қана қойған жоқпыз, сонымен бірге есінен танардай етіп соққы бердік». Ленинград пен Новгород үшін шайқастағы асқан ерлігі үшін қазақ халқының ардагер ұлы — старшина Жүнісбай Қайыпов Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Батыр 1944 жылғы февраль айындағы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Жолдастары батырдың денесін Новгород облысындағы Батецкое селосында жерледі. Коммунист Сұлтан Баймағамбетов Ленин қаласын қорғауда өз кеудесін оққа тосты.

1943 жылдың соңында Ленинград және Волхов майдандары әскери техникамен, қару-жарақпен толықтырылып, адам саны көбейтілді. Енді Ленинградөа төнген жаудың қоршауын бұзуға қолайлы жағдай туды. Ленинград түбіндегі жаудың қоршауын бұзу Қызыл Армияның 1943 жылғы майдандарда қол жеткен жалпы табыстарымен және Сталинград, Курск түбінде фашистік әскерлерді талқандаумен тығыз байланысты болды. Ленинград түбінде жаудың қоршауын бұзып талқандау ісін бүкіл еліміз әзірледі. Бұл іске Орталық Комитет үлкен мағына берді. Жауынгерлер арасында партиялық — саяси жұмыста Ленин қаласының революциялық дәстүрлері насихатталды. Ленинградты қорғаушылардың бір қадам да кейін шегінбей көрсеткен ерліктерін кеңінен тарату жауынгерлер ішінде кең орын алды.

1944 жылғы январьда біздің әскерлердің жауға күйрете соққы беруімен Ленинград фашистік қоршаудан азат етілді. Ленинград пен Волхов майдандарының әскерлері 2-ші Прибалтика майданымен, Қызыл тулы Балтық флотымен және авиациямен өзара қимыл жасай отырып, фашистік армиялардың «Солтүстік» тобының қуатты корғанысын бұзып өтіп, жау әскерлерін Прибалтикаға қарай қуып тастады, сөйтіп Ленинградты қоршаудан толық азат етті.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Қасым Аманжолов Ленинград берілмейтін берік қамал туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Қасым Аманжолов Ленинград берілмейтін берік қамал на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Қасым Аманжолов Ленинград берілмейтін берік қамал туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Қасым Аманжолов Ленинград берілмейтін берік қамал на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкт, Әңгіме: Қасым Аманжолов | Ленинград берілмейтін берік қамал ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер