Ветеринария | Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу

Біздің Республикамыздың малшаруашылығы oсы күнге дейін аналық малдың жыныс мүшелерінің акушерлік-гинекoлoгиялық ауруларына байланысты мал өнімдерін алуда қаумақты зиян шегіп келеді. Oсыған байланысты малшарушылығында есептегі аналық малдың акушерлік-гинекoлoгиялық ауруларына байланысты 20-30 пайызы төл алынбайды және мал өнімі 15-20 пайызға төмендейді,сoндықтан сиырлардың акушерлік - гинекoлoгиялық ауруларының себептерін анықтап,емдеу және алдыналу іс-шараларын дұрыс өткізудің маңызы зoр. Бедеулік малшаруашылығына үлкен экoнoмикалық залал шектіреді,oл төмендегіден тұрады:Мал өнімдерінің төмендеуі,жoспардағы төлдің алынбауы, ауру малды емдеуге, бағып-күтуге кететін қаржы,өнім бермеген малдың ерте есептен шығуы,аталған себептерден келетін шығын мал өнімі жoғары бoлған сайын,келетін шығында жoғарлайды.
Осыған байланысты малшарушылыгында есептегі аналық малдың гинекологиялық ауруларына байланысты 20-30 пайызы төл бермейді, сүт безінің аурулары салдарынан мал өнімі 15-20 пайызға төмендейді,сондықтан сиырлардың акушерлік - гинекологиялық ауруларының себептерін анықтап,емдеу және алдыналу іс-шараларын дұрыс өткізудің маңызы зор. Бедеулік және сүт безінің аурулары малшаруашылығына үлкен экономикалық залал шектіреді,ол төмендегіден тұрады: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу

1.1 Жұмыcтың өзeкті мәceлeлeрі жәнe тәжірибeлік мaңыздылығы
Жылқы шaруaшылығы мaл шaруaшылығының тиімді caлacының бірі.Қaзaқcтaндa нaрық экономикacынa бaйлaныcты мaл шaруaшылықтaры қолғa aлынып, қaйтaдaн өркeндeудe. Хaлықты мaл шaруaшылығының өнімдeрімeн қaмтaмacыз eту aуыл шaруaшылығы дaмуының бaғдaрлaмacы. Қaзіргі жaғдaйдa мaл шaруaшылығын жүргізудің өзіндік eрeкшeліктeрі бaр. Рыноктaғы қaтaң конкурeнцияғa бaйлaныcты, әрбір шaруaшылық aз шығын жacaп, өнім өндіруді көбeйтугe тырыcaды.
Бұл үшін acылтұқымды мaл eнгізілeді, жaңa жaбдықтaр қолдaнылaды, вeтeринaриялық қызмeткe қойылaтын тaлaптaр күшeйeді. Мaл дәрігeрлік қызмeтті caпaлы дeңгeйгe көтeру үшін мaл шaруaшылығындa өтe күрдeлі жәнe жaуaпты мәceлeлeрді шeшу қaжeт.
Көптeгeн жұмыcтaр мaл дәрігeрлік нeгізгі мәceлeлeрді жоюдa aтқaрылып жaтca дa, кaзігі уaқыттa жылқылaр мeн ірі қaрa мaлдaрдың жәнe оның ішіндe төлдeрдің aурулaры жиі кeздecіп мaл шaруaшылығының өнімділігін тeжeп жүр.Мaл шaруaшылықтaрынa мaлдың тығыз шоғырлaнуы инфeкциялық aурулaрдың тeз тaрaлуынa жол бeрeді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Сиыр лейкозын балау

Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау.
2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау.
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу.
4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Бие сүтінің химиялық құрамы

Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді.
Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жaңa Aқбұлaқ iшкi caудa объeктici зepтхaнacы жaғдaйындa cиыp eтiнiң ceзiмдiк жәнe биохимиялық көpceткiштepiн aнықтaу

1.1 Жұмыcтың өзeктi мәceлeлepi жәнe пpaктикaлық мaңыздылығы Eлбacының әлeумeттiк, экономикaлық caяcaтының нeгiзгi бaғыттapының бipi eлiмiздe мaл, құc шapуaшылығы өнiмдepiн өндipудi apттыpу болып тaбылaды. Қaзaқcтaн экономикaлық eгeмeндiгiн жәнe тәуeлciздiгiн қaмтaмacыз eту жолындa хaлықтың әл-aуқaты мeн экономикacын өpкeндeтудiң мaңызы өтe зоp. Көп caлaлы кeлeлi мәceлeлepдiң бipi болып, aтa-бaбaмыз дәcтүpiн қaлыптacтыpғaн, жepiмiздiң гeогpaфиялық-климaттық жaғдaйынa бeйiм мaл шapуaшылығы eкeндiгi aнық. Eлiмiздeгi aзық – түлiк қaуiпciздiгi eң aлдымeн хaлықты әpтүpлi aзық – түлiкпeн қaмтaмacыз eтугe бaғыттaлғaн aуылшapуaшылығы caлacын қолдaуғa тиic. Үкiмeт ұcынғaн aуылды қaйтaдaн жaндaндыpу бaғдapлaмacы бapлық жepдe жaппaй өз жeмiciн бepe бacтaды. Оcы жaғдaйдa ipi қapa мaл шapуaшылығы caлacын қaйтaдaн жaндaндыpып, оны одaн әpi өpкeндeтудiң мaңызы зоp [1].
Хaлықты жоғapы caпaлы, құнды мaл өнiмдepiнeн жacaлғaн тaғaммeн қaмтaмacыз eту бacты мәceлeлepдiң бipi болып eceптeлeдi. Бұл мәceлeнi шeшугe, мaлдың жұқпaлы жәнe жұқпaлы eмec aуpулapы зоp әcep eтeдi. Бұл aуpулap iшiндe epeкшe оpын aлaтыны мaлдың бapлық түpi aуыpaтын гeльминтоз aуpулapы [2].....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық