Физика | Көру елестері

Кіріспе.
Ежелден - ақ адамдар көзге көрінетін алдамшы дүниелерге қызығып қана қойған жоқ, оларды саналы түрде өз тәжірибелерінде пайдалануға ұмтылып отырды. Кеңістіктің тереңдігі сезілу үшін жазықтықтағы зор денелерді бейнелеуге тырысты. Мыңдаған жылдар бойы көру елестерін белгілі бір кеңістік ұғымын жасау үшін сәулет өнерінде мақсатты түрде пайдаланылып келеді. Мысалы: залдардың биіктігі мен аумағын ұлғайтудың мүмкіндігін көрсету үшін. Көру елестерін бейнелеу және цирк өнерінде тиімді пайдалануда. Сондай - ақ көру елестері кинематография мен телевидениенің негізі болса, баспа ісі мен әскери істе де қолданылады. Қазіргі адам өмірінде көру нақтылығы үлкен орын алып отыр, әрі ақиқатпен де үндеседі.
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамығандығына қарамастан адам барлық бағытта да өзінің субъективті бағалауын жалғастыра түсуде......
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Айналамыз толы графиктер

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
«Графиктер өмірде қерек пе, оларды өмірде пайдалана аламыз ба?» деген сұраққа мен жауап іздеп, оны зерттеу барысында сұрағыма жауабымды таптым. Біз графиктер тақырыбын 6 сыныпта өткен болатынбыз. Оқулықта бұл тақырып өте қысқа болғандықтан, графиктердің басқа салада қолданылу менің қызығушылығымды тудырды. Сол уақыттан бастап, графиктерді зерттеуді бастадым. Зерттеу жұмысы кезінде жоба жетекшім Маржан Жұмағазықызы екеуіміз басқа сала қызметкерлерімен танысып, графиктерді өз тілінде қалай оқитынын біліп қайттық. Зерттеу жұмысымның өзектілігі - графиктің өмірде қолданысын көрсету, сабақта алған білімдерін күнделікті өмірді пайдалана алу болып табылады.
Мен алда «Айналамыз толы графиктер» зерттеу жұмысымды одан әрі жетілдіріп, графиктердің басқа да салаларда қолданылатынын зерттегім келеді......
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Планеталар қозғалысы

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн жүйесіндегі аспан денелері топтасқан – «Құс жолы» галактикадағы шоқжұлдыздардың бірі. Құс жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын көрінеді. Құс жолы қазіргі телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл шығаратын аса көп жұлдыздар шоғырын көреміз, ал жай көзге ол тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы орасан зор жұлдыздар жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың негізгі бөлігі. Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да жұлдыздар мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы саны орасан көп – шамамен 100 миллиардтай. Күн – Галактиканың қарапайым жұлдыздарының бірі......
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Дыбыс

Жоба авторы – Нұрбергенова Інжу. Ол еңбек бойынша көптеген деректерді қарастырған. Зерттеу тақырыбы – ерекше. Ол көзге көрінбейтін, әрі қолмен ұсталмайтын құбылыс жайлы болмақ. Тақырып сонысымен қызықты.

Бұл жұмбақ жағдай адам баласына, яғни бізге қаншалықты қалай әсер етеді? Және оның біздің өмірімізде алатын орны қандай? Ол осындай тылсым күштің адамға әсер ететін физикалық құбылысын зерттеуге алған. Қоршаған ортада болып жатқан көп нәрселердің пайымына жету үшін әр адамның ой - түйсігі зердесі болу қажет. Інжу – өте ізденімпаз, зерделі оқушы. Сондықтан да бұл ғылыми жобада қозғаған тақырыбы тыңдаушының қызығушылығын арттыра түседі деп ойлаймын......
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Ғарыш әлеміне саяхат

Зерттеудің мақсаты:
 Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
 Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
 Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің бөлімдері:
 Кіріспе
 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы, ғарыштық техника.
Негізгі
 Ғарыштық корабльдің ішкі құрылысына жалпы сипаттама
 Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер
 Ғарышқа алғашында нелерді ұшырады
 Ай жердің табиғи серігі
 Жалпы космос, негізгі жетістіктер
 Адам - ғарыштық тіршілік иесі.
 Ғарышты игерудің ғылыми практикалық маңызы.....
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні

Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір адамзаттың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болады. Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндеті болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді......
Ғылыми жобалар
Толық