Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні на казахском языке

Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір адамзаттың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болады. Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндеті болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деген.

Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.

Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттың алдында тұрған басты проблемалардың бірі. Табиғатты қорғау тақырыбымен жеке таныстыруда физика сабағының да мүмкіндіктері көп. Мұның өзі физикалық заңдар мен құбылыстардың мәнін ашып, сабақтың қызықты өтуіне себеп болар еді. Оқушыларға табиғатты қорғау қажеттігін техниканың қауырт дамуы оған елеулі зиян келтіретіндігін ескерту орынды. Ауаның ластануы жөнінде нақты фактілер келтірген жөн. Мысалы жыл сайын әлемдік мұхитқа он миллион тоннаға жуық мұнай ағызылады. Қазіргі кезде ауа атмосферасында газ тектес және қатты қоспалардың үлесі елеулі артуда. Дүние жүзіндегі барлық энергетикалық қондырғылар атмосфераға жыл сайын 200-250 миллион тонна күл және 60 миллион тоннаға жуық күкіррті ангидрид шығарады. Никель зауытының электр балқыту цехтарында пайдаланылған газдың құрамының ¾ бөлігін металл құрайды. Міне кәсіпорын тек ауаны ластап қана қоймай бағалы шикізаттан да айрылып отыр.

Ластаудың тағы бір көзі автомобиль транспорты болып табылады. 300милионнан астам іштен жанатын двигателі бар автомобильдер жыл сайын ауаға миллиондаған тонна күкірт және азот тотықтарын, сутекті көмір, көміртекті тотығын шығарады. Мұның өзі адамға қауіпті. Ластанудың физикалық факторларына электромагниттік өріс, шу, радиоактивті сәулелену, вибрация, гравитациялық өріс және өнеркәсіптік қондырғылардың жылуы жатады.

Вибрация – әртүрлі механизмдер жұмысының нәтижесі. Ол жабық ғибратта жұмыс істейтін машиналар екені белгілі, онда вибрациядан адамдарды қорғау қажет немесе вибрациясын ауыр транспорттың жүрісінің әсерінен пайда болған вибрациядан архитектура ескерткіштері бүлінуде. Көне архитектура ескерткіштерін бүлінуден сақтау үшін физиктер темір бетон блоктардың арасына каучук блоктар салынған корзина жастықты асфальтталған жол салуды ұсынады.
Осы материалдарды физика пәнінен «Еркін және еріксіз тербелістер» тақырыбын өткенде қолдануға болады.

Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Қажетті сигналдардан бөтен бізге транспорттың, жұмыс істеп тұрған машиналардың және бар дауысқа қойылған аудио аппаратуралардың үні әсер етеді. Дегенмен адам толық тыныштықта өмір сүре алмас еді. Адам дыбысты толық ести алады. Бұл жапырақ сыбдыры ақырын ойналған музыка тағы басқалар. Қоршаған ортадағы сан алуан дыбыстың ішінде хаостық жағымсыз түрі шу. Шумен адам баласы ежелден күресіп келеді. Мәселен, Италиядағы Сибарис атты ежелгі грек колониясының тұрғындары өз қаласында түнде шулауға тиым салып, ұстахана мен шеберханаларда қала сыртына салғызатын болған. Қатты дыбыс зиянды. Шу адамда қан айналымын бұзады, зат алмасу өзгереді, асқазан жарасын, гипертонияны т. б. аурулады тудырады. Шу деңгейінің нормалары бар. Қауіпті деңгей, аса қауіпті табалдырығы, метр болу деңгейі.

Радиоактивтік ластану қаупі уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болды. Бұл басқа ластану көздеріне қарағанда ерекше болып табылады. Радиоактивті нуклидтерді ядросы тұрақсыз химиялық элементтердің зарядталған бөлшектер шығаратын қысқа толқынды электромагниттік сәулелену деуге болады. Биосферада радиоактивті сәулеленудің екі түрі белгілі:сырттай және іштей сәулелену. Сырттай сәулеленудің көзі радиоактивтік нуклид арқасында болады. Ал, іштей сәулелену адам ағзасына су, тамақ және ауа арқылы түскен радиоактивті элементтер арқылы жүреді. Радиоактивті сәулеленудің адам ағзасындағы мөлшерін айқындау үшін рентгеннің биологиялық эквиваленттігі (бэр) немесе зиверт (Зв)өлшем бірліктері пайдаланылады. Көп жағдайда радиоактивті ластану биосферада адамның қолынан жасалады десек болады. Мұндай ластану атом электростанциялары, ядролы қондырғысы бар су асты қайықтары, уран өндірі және т. б өндірістерде радиоактивті қалдықтарды тиімсіз қолданудың нәтижесінен пайда болады. Қорғаныс жолдарын пайдалану заңдылықтарын білсе және орындаса мұндай ластанулар адам ағзасына және қоршаған ортаға зияны болмас еді. Осы мағлұматтарды «Радиоактивті сәулелер, биологиялық әсері» тақырыбында айтса оқушылар радиация ұғымына қосымша мәліметтер алар еді.

Қазіргі таңда екінің бірінде ұялы телефон. Осы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білеміз бе? Қазір әлем ғалымдары бұл тұрғыда белгілі бір тұжырымдамаға келе бастады. Мәселен ұялы телефон адамның зердесін зардапқа ұшыратады. Есте сақтау қабілеті мүлде жойылады. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлескен адам ашушаң мазасыз күйгелек болады. Ұялы телефон электромагниттік толқынның ортасы екені белгілі. Ал адамның өзі электромагниттік толқындардың жүйесі болып табылады десек қате айтпаған болар едік. Бәрімізге белгілі біздің қанымыз тұзды оң және теріс иондар (NaCl). Осыған сәйкес бізде диффузиялық ток туады. Одан әрі қандай процесс жүретіні белгілі, электр тогы, электромагниттік өріс, одан әрі аура, биополе т. б.

Әлемдегі ғалымдар ұялы телефонның әсерінен адамның денсаулығына зиян келетініне еш күмәндары жоқ екенін айтады. Мәселен 2010 жылы 500000 адам мидан зақымданған болса, көз ауруына шалдыққандар саны да осынша болатыны белгілі болып отыр. Мұның бәрі ұялы телефонның әсері. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш жылына 30-50 мың болып отыр. Осы жайттарды біле отырып «Электромагниттік толқындар» тақырыбында сөз қозғасақ бұндай көрсеткіштер болмас еді. Әрине бұл телефонды қолдануға болмайды деген емес. Ұялы телефонды қалтада жүрек тұсында белде қосулы күйде ұстамау, машинада, лифтіде және металлмен қоршалған аумақтарда қолданбау т. б сияқты кейбір заңдылықтарын сақтау қажет.

Физикалық факторлардың бірі – жылулық ластану. Ауаға кәсіпорындар мен жеке қондырғыларда пайдаланылған бу мен газдар арқылы жылу бөлініп, оның жылдық үлесі мыңдаған қалаға жетеді. Энергияны пайдалану қарқынының өсуі жылулық баланстың яғни климаттың өзгеруіне әкеп соғады. Сонымен бірге қыздыру кезінде ауадағы су буымен көмірқышқыл газының молекулалары күннің қысқа толқынды сәулелерін өткізеді де оны жұтып алады, яғни жерден таралатын ұзын толқынды сәулелердің 78 пайызын ұстап қалады. Міне сол себепті СО2-нің атмосфераға таралу мен ажырауын білудің маңызы зор. «Жылу машиналарының жұмыс принципі» тақырыбын қарастырғанда мұғалім осыны ескерген жөн. Қоршаған ортаның физикалық ластануын түсіндіре келіп мұғалім мына шарттарға ерекше тоқтағаны дұрыс: ластану көздері, ластанудың тигізетін зияны және онымен күрес тәсілдері.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне сабақтан тыс уақыттарда да оралуға болады. Мысалы, «Физика және қалдықсыз технология» атты конференция ұйымдастыруға болады.
Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе – келе болады, басқа бөлек жалпы білім беру пәндерінде оқытылады. Үзіліссіз экологиялық білім жүйесіндегі, мектептегі барлық оқыту – тәрбие процессі мазмұнындағы, оқыту пәндері және интегралды курс экологиялық мәдениетке және оқытушыға бағыт болып, беріп тұрған пәнінің мағынасын түсінуге көмектесу.

Экологиялық мәдениет барлық оқушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны құрастыруға мектепке үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениет негізі саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл оқушылардың білім жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру, экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология заңын түсінуге көмек көрсету мүмкіндігі, тәжірибелі қызметтер, табиғатты пайдалану.
Қарастырылған мәселені сараптау бойынша оқушылардың жаратылыстану білімінде экологиялық мәдениетті оқыту жетіспейтіндігі анықталды.

Экологиялық мәдениет, жалпы адамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым – қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс - әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты.

Нақты фактілермен, қызықты мысалдармен физика сабағында экологиялық білім беру оның пәндік мәнін жан-жақты ашумен қоса оқушылардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алып, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға, табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.

Әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан 2030» стратегиясы
2. «Математика және физика» ғылыми әдістемелік журналдары 2002-2005 ж
3. Методика преподавания физики в 8-10 классах средней школы. ч. 1 и ч. 2/ В. П. Орехов, А. В. Усова, И. К Турышева и др: Под. ред. В. П. Орехов, А. В. Усова. -М:Просвещение, 1980.
4. «Физика в школе» научный методический журнал 1982-1985г
5. «Физика» подписная научно-популярная серия 1987г №1-12.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Физика ғылыми жұмыстар пән, Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні, гылыми Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Физика ғылыми, Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы