Музыка | Бесік жыры

«Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасына
Пікір
Оқушының «Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда өмірде қолданыла бермейтін тың тақырыптардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында тәлім - тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне байланысты екендігін түсіндіре алған. Сәбиіне баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі, бесік жырының тәрбиелік мәнін және қазіргі таңдағы бесік жырын айта алмайтын аналар туралы айтылған. Бесік жырының басты қызметі мен тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен.
Жұмысында ауыл әжелерінің айтқан бесік жырлары енгізілген. Бір - біріне сазы да, сөздері де ұқсай бермейтін, бірінен - бірі асып түсетін осы бір «әлди әндерді» жазып алып, жинақ етіп шығару қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді – деп қорытындылаған. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Музыка | Домбыра

Домбыра туралы ұғым алу
Аталар мұрасы - халық қазынасын сақтау
Домбыра құрылымын білу
Домбыра тәрбиесінің маңызы
Ата - бабамыздан қалған дәстүрді жалғастыру
Домбыра аспабын бүкіл әлемге таныту

Жобаның өзектілігі:
Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.

Жобаның болжамы:
*Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл - ойы, санасы өзгерер еді.

*Егер де әр қазақтың үйінде төрінде домбыра болса және оны балаға
жастайынан үйретсе, «Домбыра тартқан бала ешқашан жамандыққа бармайды»,
«Домбыра тартқан бала адаспайды» деп ертеде ата - бабамыз текке айтпаған......
Ғылыми жобалар
Толық

Музыка | Әлшекейдің бал шекер тәтті күйлері ай

І. Диагностика кезеңі
Тақырыптың өзектілігі
ІІ. Прогностика кезеңі
1. Зерттеу нысаны
2. Зерттеу мақсаты
3. Зерттеу міндеттері
4. Зерттеудің әдістері мен құралдары
ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі
1. Зерттеу кезеңдері
2. Аудандық байқауға қатысу
3. Мектепшілік байқауға қатысу

IV Практикалық кезең
1. Проблема бойынша материалдар дайындау
2. Қосымша мәліметтерді жинақтау
V. Жалпылау
Демонстация материалдарын дайындау

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
“Сыр елі – жыр елі”
сүлейлердің мекені.
Сыр туралы сыр шерткен,
Ақын болып кетеді – деп айтқандай өнер сүйген табиғатынан әнге әуес, күйге ынтық, жырға құмар сыр бойы халқының рухани қазынасы өте бай болса, ел мәдениеті мен әдебиетін, өнерін өрге бастырған және сол рухани туымызды көтеріп келе жатқан дара тұлғаларымызбен талантты жастарымыз да аз емес. Сондай өнерлі өлкенің бірі Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы. Бұл елде өткен ғасырларда жүрек жұтқан батырлар, оқымысты Исамеддин Сығанақи кезінде күйші сазгер Әлшекей Бектібайұлымен өмір сүрген. Өткен күн тарих жылнамасына айналып, келер күн шежіре бетінің парағын толықтырады. Сондықтан кез – келген салада - дарырлық күйшілік шежіреден сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа мирас ету бүгіннің міндеті......
Ғылыми жобалар
Толық

Музыка | Сыйкәделік шертер аспабы

2. Тапсырманы орындауға бағытталған ой, еңбек, технологиялық іс - әрекеттерді дұрыс жүргізе білуге үйрету;
3. Оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық қарым - қатынас жүйесін қалыптастыру.
4. Атқарған істерінен қанағат алуын көздеу.
Барысы:
Технология кез - келген өндіріс саласында белгілі бір өнімді жасап шығару үшін атқарылар жұмыстың, ережелердің және дағдылардың жиынтығы дейтін болсақ, «Технология пәнінде оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу» тақырыбының « Жоба» зерттеу нысаны мұғалімнің жұмысының жинақталуы және белгілі бір нәтижеге бағытталуын көздейді. Сонымен қоса оқушының ізденіс, зерттеу, дамыту жұмысын жүйелі түрде жүргізуіне үлкен көмегін тигізеді.
«Жоба» ізденіс жұмысы реттілікті және « Не істеймін, қалай істеймін, кімдер үшін» деген сұрақтарға оңай жауап табуға көмектеседі. Жобаның құрылымын әр тарауға арнап белгілі бір бөлігін өзгертуге болады. Одан жоба жүйесі бұзылмайды. Өйткені «Конструкциялық металл материалдарды өңдеу технологиясы» тарауы мен «Сәндік қолданбалы өнер технологиясы» тарауы жобасы бөлек, «Жеміс - көкөніс дақылдарына» арналған, кәсіпке арналған жобалар бөлек болады......
Ғылыми жобалар
Толық

Музыка | Сыйкәделік шертер аспабы

Оқушылардың шығармашылық жоба ісін жүргізу дәптері.
Тақырыбы: Сыйкәделік шертер аспабы
Жобаның мақсаты: 1. Оқушылардың теориялық материалдарды терең ұғындыру
2. Тапсырманы орындауға бағытталған ой, еңбек, технологиялық іс - әрекеттерді дұрыс жүргізе білуге үйрету;
3. Оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық қарым - қатынас жүйесін қалыптастыру.
4. Атқарған істерінен қанағат алуын көздеу.
Барысы:
Технология кез - келген өндіріс саласында белгілі бір өнімді жасап шығару үшін атқарылар жұмыстың, ережелердің және дағдылардың жиынтығы дейтін болсақ, «Технология пәнінде оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу» тақырыбының « Жоба» зерттеу нысаны мұғалімнің жұмысының жинақталуы және белгілі бір нәтижеге бағытталуын көздейді. Сонымен қоса оқушының ізденіс, зерттеу, дамыту жұмысын жүйелі түрде жүргізуіне үлкен көмегін тигізеді......
Ғылыми жобалар
Толық