Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар саны 750 мың . Ауырлатылған жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру қылмыстарынан ажырата білу өте қиынға соғады, тіпті осы салада көп жылдар тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ....
Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген. Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге кү....
Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы. Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде: “Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,” Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен, Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
ауыржан Момышұлының өмірбаяны Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. ....
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген. Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы. Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленуші өлімі келеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі), ерекше сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне ....
Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж.], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады. ....
Ауыр атлетика - спорттың олимпиадалық түрі. Ол дүниежүзінің көп елдерінде жақсы дамыған және біздің Отанымызда да көпшілікке кеңінен таралған. Спорттың кеп түрлерінде ауыр атлетикалық жаттығулар көмекші ретінде қолданылып жүр. Ол жаттығулардың дені адам организміне сауықтыру әсерін тигізеді. Күрделі ғылыми мәліметтер, машыктандырудың тиімді әдіс-тәсілдері, ауыр атлеттерді ерте мамандандыру мәселелерін зерттемелеу, спортшылар организмін қайта қалпына келтірудің жаңа амалдары және т.б. Тек қана клас- сикалық жаттығуларды және машықтандыру тәсілдерін оңтайландыру зерттеме жасауға мүмкіншілік берумен бірге олардың физиологиялық негізін қалайды. Ал мұның спортшы нәтижелерінің ілгері дамуына игі ықпалын тигізері сөзсіз.....