Құқық | Адам өлтірудің ауырлататын түрлері

 Құқық |  Адам өлтірудің ауырлататын түрлері

Мазмұны


КІРІСПЕ..........................................................................................................3

1 ҚАРАПАЙЫМ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Кісі өлтірудің ұғымы............................................................................5
1.2. Кісі өлтіру қылмысының объектісі.....................................................7
1.3. Кісі өлтіру қылмысының объективтік жаҒы....................................15
1.4. Кісі өлтіру қылмысының субъективтік жаҒы..................................21
1.5. Кісі өлтіру қылмысының субъектісі.................................................31

2 АУЫРЛАТЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР КІСІ ӨЛТІРУ – КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БІР ТҮРІ
2.1. Кісі өлтіру қылмысының түрлері....................................................33
2.2. Ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері............................36

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................64

Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген.
Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге күн тәртібінен түскен жоқ, керісінше өсіп отыр.
Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол туралы декларациялық тұрғыдан ғана айтып қойған жоқ, бұл ережені өз Конституциясында бекітті. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның өмірін, денсаулығын, басқа да игіліктермен заңды мүделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау қылмыстық құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс - әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Біздің мемлекетімізде адам өмірін қорғауға барынша мән берілсе де, кемшіліктер сот, тергеу тәжірбиесі ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі – заң салалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі де жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстардан басталады және оған жауапкершілік тағайындалған. 1959 жылғы КСРО қылмыстық кодексімен салыстырғанда қазіргі 1997 жылғы қабылданған қылмыстық кодексінде адам және оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалайды. Сол себептен қазіргі қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстармен басталады. Осы қылмыстарды жасағандығы үшін ең қатаң жаза тағайындауда. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ең басты мақсаты болып адамдарды және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады
Соңғы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дағдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т.б. обьективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстың күрт өсуіне себепкер болды. Бұндай келеңсіз құбылыс адам өміріне бағытталған қылмыстарға тән.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі - адам өлтіру.
Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды.
Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.
Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақ Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды, осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады, жәнеде алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.
Барлық елдердің заңдарында адам өлтіру аса ауыр қылмыс болып саналады. Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау барысында елеулі қиындықтар тудыратын қылмыстарға жатады.
Бұл қиындықтар осындай қылмыстарды жасау барысындағы әртүрлі ситуациялардың көп болуымен, өзінің ізін жасырудан қылмысқа тыңғылықты дайындалумен, бұл қылмыстардың нақты белгілерін теріс түсінуге алып келеді.
Өмірге қарсы қылмыстарды саралау мәселесімен және қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен мынадай қөрнекті ғалымдар - Шаргородский М.Д., Шестаков Д.А., Жижиленко А.А., Загородников Н.И., Бородин С.В. айналысты, олар қылмыстық құқық теориясының дамуына елеулі еңбек сіңірді.
Жұмыста адам өлтіру жауаптылығының әртүрлі аспектілері, осы қылмыстарды саралау, адам өлтіру түрінің әртүрлі құрамының белгілерін ескере отыра қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану шарты қарастырылады және олардың сараланған белгілері, тәжірибеден материалдар келтіріледі.
Жұмыстың объектісі жеке адамның өміріне қарсы қылмыстар,ал жұмыстың нақты заты жеке адамның өміріне қарсы қылмыстардың ішінде ауырлатылҒан мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері.
Жұмыстың эмпирикалық базасын Алматы облыстық сотының, Алматы қалалық Бостандық аудандық және Жетісу аудандық соттарының, Қарағанды қалалық соттарының архивтеріндегі қылмыстық істер құрайды.
Жұмыстың мақсаты адам өлтіру қылмысының сараланҒан құрамының қылмыстық-құқықтық мәселелерін толықтай ашу. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында жұмыс мынандай міндеттерді алдына қояды:
- кісі өлтірудің түсінігін және белгілерін ашу;
- кісі өлтіру қылмысының сараланҒан түрлерінің әрқайсысының саралау ерекшеліктерін айқындау;
- сараланҒан кісі өлтірудің өзге ұқсас қылмыстардан ажырату.

1 ҚАРАПАЙЫМ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Кісі өлтірудің ұғымы

Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің соғуын өмірдің абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.
Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп атайды.
Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отыра адамның өмірін қалпына келтіруге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы медицина ғылымы және реаниматология саласындағы тәжірибедегі жетістіктер. Бір сәттік құбылыс ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.
Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана куаландырады, яғни ағзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу жағдайы, жүрек қызметінің тоқтауы ірі артериялар соғуының жоғалуы тыныс алудың тоқтауы, орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.
Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты береді. Осы үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды.
М.Д. Шаргородский өз монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге тек басқа адамға қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның шегінен тыс қалдырады .
Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп санайды. С.В. Бородин былай деп жазады: «Адам өлтірудің заң анықтамасында, біздің қөзқарасымызда іс-әрекетті» құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайды» .
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 96-бабында айтылғандай кісі өлтіру- басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатнасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез – келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді.Әскерей соғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында кісі өлтіруді «қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады.
Талданып отырған топқа жататын көпшілік қылмыстар кісі өлтірумен байланысты, яғни әрекет немесе әрекетсіздік арқылы адамның өмірін заңсыз қию болып табылады. Кісі өлтіру қылмысы кезінде адам өзінің құндылығы өмірінен айырлады. Заң адамды қоғамға қандай да болсын пайда әкелетіне қарамай бірдей қорғайды. Қарт адамның өмірі және жас баланың өмірі, талантты адамның өмірі, ғалымның өмірі мемлекетпен бағаланып, бірдей дәрежеде заңмен қорғалады. Кісі өлтіру қылмысы нәтиежесінде айналасындағы адамдарға моральдық немесе материалдық зиян келуі мүмкін. Кісі өлтіру қылмысының қоғамдық қауіптілігі анықтағанда осы қылмыстан туындаған салдар өтелуге, орның толтыруға мүлдем болмайды. Туындаған шығынның тең келерлік орның ауыстыралық эквиваллент жоқ. Адамның өмірі қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың манызды құндылығы,оған сай келерлік мүде жоқ. Кісі өлтіру қылмысы жасалу кезінде қылмыскердің әрекеті ниеті адам өлтіруге тікелей бағытталады. Кісі өлтіру қылмысы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалуы мүмкін. Көп жағдайларда әрекет арқылы жасалады, яғни басқа адамның өмірлік маңызды органының анатомиялық тұтастығын немесе функциясын бұзуға бағытталады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96 – бабының 1 – бөлігінде көрсетілген қылмыс қарапайым кісі өлтіру деп аталады. Бұл қылмыста кісі өлтірудің сараланған және сараланбаған түрі жоқ. Яғни бұл қылмыста сараланған немесе жеңілдетілген мән – жайлар жоқ. Бұл қылмыс жасалу кезінде ауырлататын немесе жеңілдететін белгілердің болмауы. Дегенмен ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді