Құқықтану | Ауаны ластау қылмысының құқықтық сипаттамасы

 Құқықтану | Ауаны ластау қылмысының құқықтық сипаттамасы

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................6

1 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының объектісі……………………......9
1.2 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының субъектісі……………………...22

2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының объективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері……………………………………………………………………….41
2.2 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының субъективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері…………………………………………..…………….53

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ……………………………65

Тақырыптың өзектілігі. Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері – атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі. Табиғат қазынасы – шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен шығармауымыз, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған.
Мемлекетімізде атқарылып жатқан экологиялық саясатқа байланысты әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың мақсаты мемлекеттік маңызды шешімдерде және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев бекіткен 2030 –жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясының “Экология және табиғи ресурстар стратегиясы” бөлімінде көрініс тапқан. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян. Еліміз өз егемендігі мен тәуелсіздігін жария етіп, бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындап, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Табиғи байлықтарға қатысты халқымыз айрықша құқықтарға ие бола отырып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға және еліміздің әл-ауқатын арттыру мақсатында қажетті негіздерді қалыптастырды. Еліміздің, шынында да демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуы және оның ең қымбат қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандықтары деп Конституциямызда көзделген [1,4б.].
Бүгінгі таңда экология мәселелері өзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін көздеп отыр. Бұған дәлел, Ата Заңымыздың 31-бабында көзделгендей, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар екендігі айқындалған. Елбасының Қазақстан халқына ұзақ мерзімді Жолдауында төртінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты деп атап көрсетілген. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
- ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру;
- нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;
- темекі мен алкоголды тұтынуды қысқарту;
- әйел мен баланың денсаулығын жақсарту;
- тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту делінген [2,13б.].
1993 жылдан 2000 жылға дейін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негізінен өндіріс құлдырауының есебінен 5,1 млн тоннадан 3,2 млн тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 – 3,4 млн тонна деңгейінде тұрақтандыруға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманы жаппай енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мұндай тетіктерді одан әрі жетілдіру 2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді [3,5б.].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экологиялық жүйеде қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қалыптасқан табиғат объектісі-“атмосфералық ауаның” ластануының мәселелері әрқашанда қозғалып, қазіргі таңда өзекті де даулы әңгімеге айналып отыр. Осы мәселені монографиялық деңгейде зерттеп, өз еңбектерін жарыққа шығарған ТМД атақты ғалым-заңгерлері М.М. Бринчук, Т.А. Бушуева, Е.В. Виноградова, Р.Х. Габитов, С.Б. Гавриш, П.С. Дагель, О.П. Дубовик, А.Э. Жалинский, Э.Н. Жевлаков, О.С. Колбасов, Ю.И. Ляпунов, Н.И. Малышко, Г.И. Осипов, А.М. Плешаков, В.В. Петров, П.В. Повелицина, В.Д. Пакутин және т.б. Қазақстандық ғалымдар Е.О. Алауханов, А.Н. Ағыбаев, Н.М. Әбдіров, Д.Л. Байделдінов, С.Б. Байсалов, А.Е. Еренов, Ү.С. Жекебаев, Е.І.Қайыржанов, Ә.Х. Меңдіғұлов, Н.Б. Мухитдинов, М.С. Нәрікбаев, Е.Н. Нұрғалиева, Р.Т. Нұртаев, Е.Ә. Оңғарбаев, А.С. Стамқұлов, К.А. Шайбеков құқықтық аспектілерін жетілдіріп және қылмыстық-құқықтық аспектілерін жетілдіруде заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің «Экологические преступления: понятие и виды, квалификация» атты докторлық диссертациясы және С.М. Құстаулетовтың «Уголовно-правовая и криминологическая характеристика засорения, загрязнения и истощения вод, порчи земли и загрязнения атмосферы» атты кандидаттық диссертациясы және заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л. Байделдіновтың атмосфералық ауаның экологиялық-құқықтық қорғалуы туралы монографиялық деңгейдегі зерттеуі осы ғылыми тақырыпты қозғауға өз септігін тигізді. Алайда, атмосфераны ластау қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларын, қылмыстық жауаптылық проблемаларын қарастыратын, жаза мәселелеріне қатысты, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жетілдіруге байланысты тиянақты ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстары еліміз тәуелсіздік алғалы жүргізілмеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – атмосфераны ластаудың қылмыстық-құқықтық аспектілерін және криминологиялық элементтерін зерттеу, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде оның маңыздылығын арттыру жолын қарастыру және оны жетілдіру мәселелерін анықтауды мақсат тұтады.
Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабымен көзделген атмосфераны ластау қылмысының жекелеген белгілерін ашу;
- Экологиялық қылмыс ұғымын заңды түрде бекітуге талпыныс жасау;
- Экологиялық қылмыстылық ұғымына және оның элементтеріне (затына) түсінік беру мен оның белгілерін айқындау;
- Экологиялық қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімді айрықша шаралар кешенін құқық қорғау органдарына ұсынумен байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу;
- Қылмыстық заңнама тұрғысынан атмосфераны ластау қылмысының қоғамдық қауіптілігін талдау және оны айқындау;
- Зерттеліп отырған процестің заңдылықтары мен үрдістерін анықтау;
- Экологиялық қылмыстарды, оның ішінде атмосфераны ластауды ескерту және алдын алу шараларын іздеу және осы тараптағы ұсыныстарды енгізу, сондай-ақ себептілік кешен ұғымын анықтау мен қарастыру;
- Атмосфераны ластаудан қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың кейбір аспектілерін жетілдіру бағыттарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер, теориялық негізін қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан отандық ғалымдардың еңбектері қалады. Тақырыпты зерттеу барысында, жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық-материалистік заңдарын, логикалық, салыстырмалы, жүйелі әдістерін басшылыққа алып, жеке ғылыми -әлеуметтік және психологиялық, сондай-ақ жеке ғылыми әдістерге соның ішінде, сауалнамалық сұрау жүргізу әдістеріне жүгіндік. Деректік эмпирикалық материалдың аздығына байланысты зерттеудің әдістемесі негізі сондай-ақ гипотеза, анализ, синтез, индукция, дедукция сияқты теориялық әдістерден құралады.
Зерттеудің объектісі мен заты. Зерттеудің объектісі – атмосфераны ластағаны үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық заңнама нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 282-бабымен жауаптылық көзделген норманың қылмыстық–құқықтық белгілері мен оның криминологиялық сипаттамасының аспектілері осы ғылыми зерттеудің заты болып табылады.
1 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


1.1 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының обьектісі

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстармен тиімді күресу үшін құқықтық негіз болып табылатын табиғатты қорғау нормаларының кең ауқымды жүйесін қамтиды. Құқықтық қорғау объектісінің біртектілігі мен маңыздылығына сүйене отырып, Қазақстанның қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесінде экологиялық қылмыстардың құрамын анықтайтын нормалар топталған жеке тарауға бөлінді. Алайда, Қылмыстық кодекс «Экологиялық қылмыс» деген ұғымның нормативтік анықтамасын бермейді. Ал бұл ұғымның тұжырымы іс жүзінде жүзеге асырылатын көптеген мақсаттарға қол жеткізу үшін өте маңызды. Экологиялық қылмыстың жалпы түсінігіне бірқатар белгілерге тән түрлік мағынасы жатады. Әдебиетте қылмыстық заңда көрсетілгендей, қылмыстың жалпы белгілеріне сәйкес, қол сұғушылықтардың анықтамалары берілген. Әдетте, олар қылмыстық іс-әрекет объектісінің анықтамасымен байланысты немесе одан туындайды .
1980 жылы В.Д. Пакутин ғылыми әдебиетке енгізген «Экологиялық қылмыс» терминін табиғатты қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдануын талдаған 1972 жылғы КСРО – ның «Жоғарғы сот Пленумында О. С. Колбасов алғаш рет «Экологиялық құқық бұзушылық» деп қолданған еді. Бұл мәселе «Мемлекетті экологиялық тазартудың шұғыл шаралары туралы» (1989ж.) КСРО – ның Жоғарғы Кеңесінің Қаулысында да қозғалды, бірақ шешілмеді. Әр түрлі қылмыстардың ұғымын заңды анықтау қажетсіз дегенге қарсылықтардың туындайтын біле тұрып, ерекшелігіне ғалымдар мен тәжірибешілер күмәнданып, көптеген жылдар бойы талдау жүргізілгеннен кейін әскери қылмыстарға қатысты даулы сұрақтар өзінің теориялық шешімін тапқанмен, заң шығарушы әскери қызметке қарсы қылмыстар тарауында әскери қылмыс (ҚР ҚК 366-бабы) ұғымын қарауды мүмкін деп ойлады. Осыған қоса, мүлікке қарсы қылмыстардың маңызды түрлік белгілерін анықтау үшін ҚР ҚК 175- бабындағы ескертуде «ұрлық» ұғымына анықтама берілген. Экологиялық қылмыстардың ерекшеліктерін және олардың ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормалар жүйесінде орын тапқанын ескере отырып, экологиялық қылмыс ұғымын заңды тұрғыда бекіту қажет деп ойлаймыз. Анықтаманы беру кезінде біз барлық экологиялық қылмыстарға бланкетті диспозициялар тән екенін ескердік. Бұл дегеніміз – іс - әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыстық нормалардан басқа да құқықтық нормаларға жүгіну қажет. Экологиялық қылмыс құрамдарының анализі ҚР ҚК экологиялық қылмыстар деп саралауға мүмкіндік беретін табиғи объектілерге зиян келтіру нәтижесі қоғамдық қауіпті салдарға әкеп соқтыруы міндетті деп көрсетті.
Солайша мысалы, ҚР ҚК 282-бабы («Атмосфераны ластау») бойынша қылмысты саралау кезінде мыналарды қолдану қажет: ҚР «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі, ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, 1997 жылғы ҚР «Қауіпсіздік туралы» заңы және тағы басқалар. Дұрыс саралау үшін төменгі шарттардың болуы қажет:
- Іс-әрекет белгілі бір нормативтік табиғатты қорғау туралы актінің нормаларын бұзу керек;
- Іс-әрекет жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балықтар қорына, орман немесе ауылшаруашылығына, адамның денсаулығына немесе өміріне зиян келтіруі керек.
Құқыққа қайшылық және жазаланушылық белгілері қосымша регламентацияны қажет етпейді, себебі бұл белгілер кез келген қылмысқа міндетті түрде тән болады. Дәл сондай белгілер экологиялық қылмыстардың басқа құрамдарында да болуы тиіс.
Е.В. Овчаренконың көзқарасы бойынша, экологиялық қылмыс болып табиғатты қорғауға байланысты заңнама нормаларын бұзатын және кез келген табиғи объектіге зиян келтіретін қылмыстық іс-әрекет саналады. Біздің ойымызша, бұл анықтамамен келісу қажет–ақ, себебі ол бүгінгі күндегі құқықтық сана мен құқық түсінушілікке сай келеді.
Әрбір қылмыс әр түрлі жағдайлармен және фактілермен қосарлана жүреді. Кейбіреулерінде қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болса, басқаларында ол кездеспейді. Қылмыстық-құқықтық мағынаға қылмыс құрамының сәйкес белгілері бар әрекет саралауға маңызды. Қылмыстық істің фактілік жағдайларын анықтағаннан кейін қылмыстық-құқықтық норманы таңдау керек. Бұл салыстыру қылмыс құрамының барлық элементтері бойынша жүзеге асырылады. Ортақ ереже бойынша саралау процесі қылмыс объектісін анықтаудан басталады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады. В.Г. Смирновтың пікірі бойынша “Құқықтық тәртіп шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың өзінше бір құқықтық қабаты ретінде қылмыс және басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұрғыдан келгенде, ол қылмыстық –құқықтық қорғау объектісіне енуі тиіс.
Отандық жетекші ғалымдардың бірі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов қылмыс объектісінің материалдық және формалдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса, формалдық жағы ол мүддені жауып, бүркемелеп тұрған құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ, сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”-деп атап тоқталады. Демек, оның ойынша қылмыстың объектісін анықтау үшін кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталу керек. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі, екіншіден, қандай құқықтық норма бұзылды?. «Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі қажет, әйтпесе, ол қылмыс объектісі болмайды» . Н.И.Коржанский нормативистік теорияға өз қарсылығын білдіріп, төмендегі негіздерді ұсынды: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық қатынастарға, кейбір жыныстық қатынастар қоғамдық тәртіпке қол сұғады, екіншіден, қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір сүреді.
“Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда қарсылықты профессор А.В. Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылысы ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да профессор А.В. Наумов қоғамдық қатынастар идеясынан бас тартып, XIX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және әлеуметтік мектептерінде іргесі қаланған құқықтық игіліктер теориясына оралуға шақырады [4, 664б.]. Десек те, Н.И. Коржанскийдің пікірі бойынша, адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды екендігін түсіну мүмкін болмай қалады. Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлдем бас тартуға болмайды, өйткені, айталық әрекетсіздік арқылы жасалатын, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру қылмыстарының адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын, егер қоғамдық қатынастар жүктелетін міндеттер болмаса, қайдан туындағанын қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар арқылы жүктелетін міндеттер жауап береді. Көрнекті ғалым, профессор А.Н. Ағыбаевтың пікірінше, “Қылмыстың объектісі деп сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз” деп тұжырымдаған [5, 320б.] Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше. Осыған орай, қылмыстық құқық бойынша, қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды. Қылмыстық заңмен қол суғұшылықтардан корғалатын қатынастардың тізбегі Қылмыстық Кодекстің міндеттерін айқындайтын 2- бабында атап көрсетілген. Кез келген қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғалмайды. Мысалы жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынастар отбасылық құқық нормаларымен қорғалады, қарыз беруші мен борышқор арасындағы қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, жұмыс ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!