Дипломдық жұмыс: Құқық | Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі

Дипломдық жұмыс: Құқық | Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі казакша Дипломдық жұмыс: Құқық | Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………...3

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Адам ұрлаудың объектісі…………………………………………………..6
1.2 Адам ұрлаудың объективтік жағы…………………………………………8
1.3 Адам ұрлаудың субъективтік жағы………………………………………17
1.4 Адам ұрлаудың субъектісі………………………………………………..20

2 АДАМ ҰРЛАУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Адам ұрлау қылмысының негізгі себептері мен жағдайлары………….26
2.2 Адам ұрлау қылмысын жасаушы қылмыскер тұлғасы…………………29
2.3 Адам ұрлау мен адам саудасының байланысы………………………….30
2.4 Адам ұрлау қылмысын және өзге де бостандыққа қарсы қылмыстардың алдын алу………………………………………………………………………39

3 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНА ӨЗАРА ҰҚСАС ЖӘНЕ ӨЗАРА ҰҚСАС АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР ҚЫЛМЫСТАР
3.1 Ауырлататын мән-жайлары бар адам ұрлау……………………………41
3.2 Адам ұрлау қылмыстардан ажырату……………………………………45

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………...51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………54

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.
Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып, жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтары алынуы керек. Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1- бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Яғни біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады
Сәйкесінше біздің әрекет етуші қылмыстық заңнама бойынша адам құқықтары мен бостандықтары қылмыстық заңнамамен қорғалатын ең басты әлеуметтік қазына болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қылмыстылықпен күреске байланысты жиналыста атап өтіп кеткеніндей: «Соңғы жылдары құқықтық тәртіп пен заңдылық саласында мемлекетте алға жылжулар бар. Адамның өмірі, денсаулығы және азаматтардың мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге байланысты криминалдық қол сұғуға қарсы шаралар қолданылуда. Мұндай шараларға мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың түзелуі, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі, саяси құқықтық реформалар, соның ішінде қылмыстық заңнамадағы демократиялық өзгерістер өз септігін тигізуде».
Жыл сайын Қазақстанда жасалған қылмыстар туралы ресми статистикалық есептерде және құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметінің нәтижесінде шамамен адам ұрлаудың 90-100 фактісі тіркеледі. Адам ұрлау фактісі адамның физикалық бостандығына қол сұға отырып, адамның конституциямен құқықтық кепіл берілген жеке тұлғаның бостандығын бұзады.
ҚР Конституңиясының 16 бабының 1-тармағы жеке бас бостандығы құқығын бекітеді: «Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар». Конституцияның 21-бабының 1-тармағында қозғалу бостандығы бекітіледі: «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар».
Тұлғаның Конститутцияда кепілдік берілген жеке бас бостандығына адам ұрлау арқылы қол сұғу жоғары әлеуметтік қауіптілікпен сипатталады, өйткені жеке бас бостандығы адам өмірінің бағасыз құндылығы болйп табылады, ал адам ұрлауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттер адамның осы құқығынан айыруға бағытталады.
Біздің мемлекет таңдаған қылмыстық заңнаманы гуманизациялау саясаты жеке тұлғаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мәселесін өзекті қылады. Бұл мәселені шешу, менің ойымша, теориялық және практикалық деңгейде жүзеге асырылып, нақты тиімді қорытындылар жасауға әкелуі керек. Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасын алдым. Адам кұқықтары мен бостандықтарының конституцияға сәйкес қамтамасыз етіліп, қорғалуын мемлекеттік кұқықтың актілері де адам құқығын көтерудің негізгі қағидаларымен белгілеген. Қазақстан Республикасы да көп идеялар мен қағидаларды басшылыққа алып және оны мемлекеттің өзіндік ерекшелігін ескере отырып нығайтуда. Жұмыста адамның құқықтарын және бостандықтарын қорғау төңірегіндегі маңызды мәселелерді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар анықаталады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерімізде аталмыш мәселені зерттеудің қазіргі жағдайы да тиісті зерттеудің қажеттігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Заң ғылымында осы мәселені зерттеуге мына тұлғалар біршама көңіл бөледі және бөлген ел басының өзі, Исаев А.А. Мозговых Г.А. Топалова Р.Б. Нургалиев Б.М және тағы да басқалар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Дипломдық жұмыстың мақсаты адам ұрлау әрекетінің қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасын беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесін беру, осы қылмыс құрамының ерекшеліктерін айқындау, адам ұрлаудың сараланған және ерекше сараланған құрамдарына құқықтық талдау жасау, адам ұрлауды өзге ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату, адам ұрлау қылмысының кримннологиялық аспектілеріне тоқталу. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін түбегейлі түрде талдау. Мұндай құқықтарды қорғау үшін - институттарды анықтау. Адам құқығы мен бостандығын бұзған жағдайда оны заңды қорғау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттемелерді белгілеу.
Қазақстан Республикасында әрбір азамат өз құқықтарын өзге адамдардың құқықтарына зиян келмейтін тәсілмен қорғауға құқылы. Адам құқықтарын бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заңсыз шектей алмайды. Тәуелсіз мемлекетімізде жұрттың барлығы сот пен заңның алдында тең. Көп ұлтты мемлекетімізде демократиялық принңиптерді басшылыққа алып өркениетті қоғам құру негізгі идеяға айналды. Мұндай, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды орнату жолындағы ең өзекті де, кезек күттірмес мәселелердің бірі-адам құқықтарының тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі. Дипломдық жұмыстың негізгі бағыты - басты кұқықтардың тиісінше қорғалуына қадам жасау.
Зерттеу объектісі: Адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесі
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы конституңиясының 16-бабының 1-ші тармағында " Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар делінген. Дегенмен әр адамның жеке бас бостандығына деген коституциялық құқығын шектеуге тек қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілгендей және сол заң талаптарына сәйкес, қылмыспен күрес барысында, ҚІЖ-у міндеттерін шешуге қажетті деңгейде ғана мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түрінде жол беріледі. Яғни бұл жерде мемлекет тек қана қылмыспен күресіп қоймай, сонымен қатар процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың құқықтарымен мүдделерін қорғауға міндетті болып табылады.
Жұмысты жазу барысында теориялық және эмпирикалық қайнар көздері ретінде қылмыстық құқық пен криминология салаларында ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген монографиялары және сот-тергеу практикасы мен статистикалық мәліметтер қолданылады.

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Адам ұрлаудың объектісі

Адам ұрлау түсінігі бұрыннан белгілі болып табылады. Ол туралы Ежелгі Грецияның антикалық мифтері айтып кеткен. Адам ұрлау тақырыбына көптеген өнер туындылары жазылған. Тіпті рим құқығы бойынша адам ұрлау ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, оны адамды бостандық жағдайдан бостандығынан айырылған жағдайға ауыстыру деп сипаттаған. Әлем тарихы адам ұрлаудың көптеген жағдайларын біледі.
Бүгінгі қолданылып жүрген "киднеппинг" сөзі салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Англияда "abduction" сөзі қолданылған, ол әйелді өз еркінен тыс ұрлау дегенді білдірді. Қазақ елінің тарихыда әйел ұрлаудың көптеген мысалдарын біледі. Кейіннен әйелдерді ұрлаумен қоса ерлерді, балаларды ұрлау фактілері де көбейді. Ерлер мен жас балаларды ұрлау кеме жұмысына салуға тиімді болды.
Адам ұрлау бүгінгі күні кең таралған құбылыс болып табылады және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сейкес бұл құбылыс құқықа қайшы қоғамдық қауіпті қылмыс ретінде танылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабында адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады, онда адам ұрлаудың жай, сараланған және ерекше сараланған құрамдары қарстырылады.
ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігі кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлары жоқ адам ұрлау үшін жауаптылықты қарасытырады. ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігінің диспозициясы жай (атаулы) болып келеді, яғни адам ұрлаудың қандай да бір белгілерін сипаттаусыз адам ұрлау нысанында көрініс табатын қылмыстың атауын көрсетумен шектеледі.
Тергеу мен сот тәжірибесінде ҚК 125-бабының 1-болігін тәжірибелік қолдануға байланысты көптеген қиындықтар туындайды, өйткені адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін норманың сипаты атаулы ғана болып табылғандықтан әрекетті саралауға байланысты қиындық туындайды, яғни қандай әрекетті адам ұрлау деп тану мәселесі. Сондықтан қылмыстық заңнаманың 125-бабының бірінші бөлігін қазіргі контектісінде қалдыру тиімсіз және перспективсіз болып келеді. Сәйкесінше, жай диспозицияны сипаттамалық диспозицияға ауыстыратын кез келді [1].
Сипаттамалық диспозицияда қылмыстың негізгі белгілері көрсетіледі. Қылмыстық заңнаманың нормаларының диспозицияларының басым бөлігі сипаттамалық болып табылады, ол қылмыстық заңның дұрыс қолданылуына әсер етеді.
Адам ұрлау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормасының жай диспозициясын сипаттамалық диспозицияға ауыстыру заңда адам ұрлау қылмысының негізгі белгілерін көрсетуге мүмкіндік берер еді. Сипаттамалық диспозицияның жай диспозициядан басымдығы қылмыстық құқық теориясында және практикада нақты қылмыстарды дұрыс саралау мәселесін шешу кезінде өз көрінісін тапқан. Сипаттамалық диспозицияда заң шығарушы нақты қылмыстық белгілерін толығымен ашып көрсетеді. Егер заңнамада қандай да бір қылмыстың белгілері нақты көрсетілсе, қылмысты саралауда қате жіберу мүмкіндігі азайып, қылмыс үшін жауаптылық таңдау мәселесін дұрыс шешуге нақты мүмкіндік туындайды.
Жоғарыда айтқандарды ескере отырып қылмыстық кодекстің адам ұрлау үшін жауаптылық көздейтін нормасының жай диспозициясын сипаттамалық диспозицияға ауыстыру тиімді болар еді.
Тәжірибеде көрсетіп отырғандай адам ұрлау қылмысы көбінесе жәбірленушіні алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кей жағдайларда адам ұрлау жәбірленушіге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады, онда адамды күштеп ұстап алып, кейін көлікпен басқа жерге әкетеді.
Осыны ескере отырып, С.М.Кулушев ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігін келесі редакцияда сипаттауды ұсынады: «Адамды оның еркінен тыс алдау немесе сенімді теріс пайдаланумен не жәбірленушіге күш қолодану арқылы ұрлау». Мен С.М.Кулушевтің осы пікірімен толық келісемін.
Қылмыстық заңнаманың адамның жеке басына адам ұрлау арқылы қол сұғатын нормасын жоғарыда көрсетіп өткендей жетілдіру өз кезегінде құқық қорғау органдарының осы санаттағы қылмыстармен күресудегі тиімділігі мен белсенділігін жоғарлатар еді.
Кез келген қылмыстың қылмыыстық-құқықтық табиғатын ашу мәселесі оның құрамының элементтерін анықтаумен тығыз байланысты. Қылмыс элементтерін анықтауда ерекше орын қылмыстың объектісіне ие, өйткені қол сұғушылық объектісін анықтау қылмысты саралауда, жазаны дараландыруға және әрекеттің қоғамдық қауіптілігін анықтауда ерекше орынға ие.
Адам ұрлау қылмысының объектісінің белгілерін анықтау және тиісінше осы қылмысты қол сұғушылық объектісіне байланысты дұрыс саралау мәселесін шешу қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісіне қатысты қалыптасқан концептуалдық ережелердің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Кеңестік кезеңдегі ғалымдар Н.Д.Дурманов, Н.И.Загородников, В.Н.Кудрявцевтер қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастарды атаған. Кеңестер одағы өмір сүрген уақытта қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болып табылады деген пікірі тереңнен етек алып, басқа пікірлерге қарағанда доминанттық рольге ие болды.
Бірақ кейінгі кезде қоғамдық формаңия мен ондағы қарым- қатынастардың өзгеруіне байланысты қылмыстық объектісі тек қоғамдық қатынастар болып табылады деген пікірді қайта қарастыру қажеттілігі туындайды.
Ресейлік ғалым А.В.Наумовтың айтуынша қоғамдық қатынастар шынымен де көп жағдайларда қылмыстың объектісі болып табылады, мысалға меншікке қарсы қылмыстарда қылмыс объектісі ұрланған мүлік емес, сол мүлікке деген меншік құқығынан туындайтын мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету қатынастары келеді. Бірақ кей жағдайларда қоғамдық қатынастың қылмыс объектісі ретіндегі теориясы жеткіліксіз болып шығады. Ол әсіресе жекеше адамға қарсы қылмыстарға қатысты байқалады, мысалға адам өлтіру, адам ұрлау және т.б.
Жоғарыда атап өткеніміздей бүгінгі күні қылмыстық заңнаманың қорғайтын ең басты қазынасы адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы кезде А.В. Наумовтың ұсынған пікірімен келіспеуге болмайды.
Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар қылмыс объектісіне қатысты жемісті зерттеу жүргізді. Е.И.Қаиржановтың пікірі бойынша қылмыстың бірден бір объектісі мүдделер болып табылады, мүдде адамға қажет және пайдалы құндылықтардың жиынтығы болып табылады [2, 12б.].
Сәйкесінше қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастар, құқықтар, заңды мүдделер және тиісті құндылықтарды тануымыз керек.
Қылмыс объектісі - кез келген қылмыс құрамының қажетті белгісі болып табылады. Ешқандай объектіге немесе қылмыстық заңмен қорғалмаймын объектіге қарсы бағытталған әрекет қылмыс болып саналмайды.
Сонымен, қылмыс объектісі ретінде адам қылмыс жасай отырып қол сұғатын және қоғамға қауіпті әрекетпен зиян келтіретін не келтіру қаупін тудыратын қылмыстық заңмен қорғалған әлеуметтік маңызды мүдделер, құқықтар және құндылықтардың кешенін түсіну керек.
Адам ұрлау қылмысының топтық объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын жеке тұлғаның мүдделері.
Адам ұрлаудың тікелей объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын адамның жеке бас бостандық (физикалық және моральдік) мүдделері. Жеке бас бостандық деп адамның еркін қозғалып тұру және әрекет ету бостандығы танылады.
Ал адам ұрлау қылмысының қосымша объектісі адамның өмірі, денсаулығы, мүлкі және өзге де құндылықтар жатады.
Кез келген адам оның жасына, әлеуметтік статусіне, азаматтығына және өзге де қасиеттеріне қарамастан адам ұрлау қылмысы бойынша жәбірленуші болуы мүмкін.

1.2 Адам ұрлаудын объективтік жағы

Адам ұрлау қылмысының объективтік жағы қылмыстық жауаптылықты тағайындаудың міндетті негізі болып табылады, бірақ ҚК 125-бабының диспозициясында заң шығарушы осы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерді көрсетпеген.
Жоғарыда атап откеніміздей ҚР ҚК 125-бабының диспозициясы жай (кейбір қайнар көздерде оны «атаулы диспозиция» деп те атайды) диспозиция түрінде құрастырылған және қылмыс туралы сипаттауды екі сөзбен шектеледі: «адам ұрлау». Тәжірибеде ҚК 125-бабының диспозициясын қолданып, жауаптылықты таңдау кезінде сәйкесінші осы қылмысты қылмыс құрамының объективті белгілері бойынша саралауға байланысты коптеген қиындықтар туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік жагы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғушылықтың сыртқы жағы ретінде сипатталады [4, 9б.] .
Нақтырақ нұсқада қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті актінің сыртқы көрінісі ретінде қарастырылған. Ол сыртқы акт өз көрінісін объективтік өмірде табады және қылмыс объектісіне зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады.
Академик В.Н.Кудрявцетің пайымдауынша қылмыстың объектвтік жағы заңмен қорғалатын объектілерге қоғамдық қауіпті және құқыққа қайшы қол сұғудың көрінісі болып табылады, ол субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталып, қылмыстық қорытындымен аяқталады.
Аяқталған қылмыстық объективтік жағынан біренеше компонеттерді көруге болады: қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік), зиянды салдар, себепті байланыс, сонымен қоса қылмыс жасаудың орны, уақыты, тәсілі және жағдайы.
Б.А.Куриновтың жазуынша «...қылмыс құрамы элементтері ішінде объекивтік жақ өзге элементтерге қарағанда толығырақ сипатталған... ерекше бөлімнің объективтік жақ белгілерін сипаттамайтын баптары жоқ. Сол уақытта ерекше бөлімде қылмыстық субъектісі мен субъективтік жағының мазмұнын ашпайтын баптар көп. Сондықтан қылмыстың объективтік жағы қылмыстық әрекеттің негізгі элементі болып табылады. Әрекеттің сыртқы жағында оның қоғамдық қауіптілігі көрінісі табады».
Яғни қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объективтік жағы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы әлемде көрінісін табатын негізі элементі ретінде танылады. Тек қоғамдық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғумен көрініс табатын қоғамдық қауіпті әрекеттің болу фактісі анықталған жағдайда ғана адамды қылмыс құрамының объективтік жағы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі көтеріледі.
Қоғамдық қауіпті әрекет жасай отырып, субъект қоршаған ортаға әсер етеді, онда өзгерістер жасайды, ол өзгерістер өз кезегінде құбылыстардың өзгеруіне әкеледі.
Адам ұрлау қылымыс жасалған кезде жәбірленуші физикалық бостандығынан айырылады, оның еркінен тыс оның кеңістегі орны ауысады, оған қатысты күш қолданылуы мүмкін ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқық дипломдық жұмыстар, Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі, дипломдык Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык, Дипломдық жұмыс: Құқық | Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін