Дипломдық жұмыс: Құқық | Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар

Дипломдық жұмыс: Құқық | Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар казакша Дипломдық жұмыс: Құқық | Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................

1-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды заңды талдау...........................................................................................................................
1.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың объективтік белгілері.............................................................................................................
1.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың субъективтік белгілері.............................................................................................................
1.3 Адамды кепілге алу құрамының дәрежеленген түрлері............................

2-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту........
2.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың көрініс алуына ықпал ететін себептер мен шарттар....................................................................................
2.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту бойынша шаралар......................................................................................................................

Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Қосымшалар.............................................................................................................

Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары және мүдделері.
Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары». Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.
Қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтармен күрес маңызды орын алады және көбіне қылмыстық заңды дұрыс қолдануға байланысты. Қылмыстық-құқықтық реттеу механизімін жетілдіру, біріншіден норма шығармашылық, яғни жаңа қазір қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру, екіншіден құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайту мақсатында осы нормаларды қолдану тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Криминологияда қылмыстардың себептері мен шарттарына ықпал ететін ескерту кешендерін қамтитын бүтіндей теория қамтылған.
Қылмыстық құқық теориясында аз зерттелген мәселелердің санына жекелеп алғанда, кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылық проблемасы Қазақ КСР-ның 115-1 бабында заңшығарушы «Адамды басып алу немесе кепіл ретінде ұстау» үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының ҚК-ң 234-бабында заңшығарушы адамды кепілге алғаны үшін жауаптылықты көздейді.
ҚР ҚК-ң 234-бабымен көзделген қылмыстардың бөлігі қылмыстардың жалпы санына мына төмендегідей мәліметтерді көруге болады: 1998-жылы (141440) – 0,004% (6); 1999-жылы (138198) – 0,011% (15); 2000-жылы (150790) – 0,004% (6); 2001-жылыы (152168) – 0,003% (4).
Адамды кепілге алу туралы мәселенің күрделілігі мен маңыздылығына қарамастан, бұл қылмыстық құқықтық Ерекше бөлімдегі ең аз өңделген мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта тәжірибеде адамды кепілге алумен байланысты әртүрлі қылмыстар жасаған адамдарды іс-әрекеттерін дәрежелеуде қиындықтар туындайды және осыған байланысты, сот тәжірибесімен шығарылған адамды кепілге алу секілді қылмыстық қолсұғушылықтармен күрес мәселелері теориялық зерттеулер маңызды мәнге ие болады.
Қазіргі Қазақстан қоғамында адамды кепілге алу қаупі орасан зор. Ол, адамды кепілге алу адамның жеке басының бостандығына қол сұғатын зорлық-зомбылық қылмысы болып табылуымен анықталады.
Адамды кепілге алу үшін жауаптылықты көздейтін қазіргі қолданыстағы ҚР ҚК-ң 234-бабының талдануы және оны қолдану тәжірибесі, сондай-ақ осы әрекетті ҚР ҚК-ң басқа баптарымен дәрежелеу сұрақтары арнайы зерделеуді және өңдеуді талап ететін бірқатар мәселелерді шығарады. Жекелеп алғанда, қылмыс субъектісінің қасақаналық жағдайын сипаттайтын ниетін бағытталғандығын, қылмыстың себептері мен мақсаттарын анықтауға байланысты жасалған әрекетті дәрежелеуде едәуір қиындықтар туындайды. Сондықтан да алдын алу және ескерту шараларының тиімділігін арттыру мақсатында құқыққорғау органдарының қызметін жетілдіру аса маңызды қажеттілік.
Адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылық проблемаларын зерттеуге Т.Г. Даурова, П.А. Дубовец, Н.И. Загородникова, А.С. Никифоров, М.Х. Рустамбаев, И.Д. Самолюк, А.П. Филипов, М.Д. Шаргородский сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.
Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған мәселенің жекелеген аспектірлері А.Н. Ағыбаевтың, Б.И. Ахметовтың, З.О. Ашитовтың, К.А. Бегалиевтің, Б.С. Бейсеновтың, И.Ш. Борчашвилидің, С.Я. Булатовтың, А.А. Исаевтың, Е.И. Қайыржановтың, И.В. Корзунның, А.Д.Макуханың, С.С. Молдабаевтың, М.С. Нәрікбаевтың, Р.Т. Нұртаевтың, Г.Ф. Поленовтың, С.М. Рахметовтың, Г.Р. Рүстемованың, В.А. Сергеевскийдің, Д.С. Чукмаитовтың және басқа авторлардың еңбектерінде зерттелген.
Сот практикасын зерделеу мен қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы, жекелеп алғанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды, нақтырақ адамды кепілге алуды тергеу кезіндегі проблемалы мәселелер адамды алумен күрестің заңдық реттелуі әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Адамды кепілге алуды ескертудің, және де алдын алудың тиімді шараларын өңдеу қылмыстық-құқықтық заңды реформалау процесінде едәуір роль ойнайтын еді.
Мұның барлығы, біздің ойымызша адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін зерттеудің өзектілігін шарттастырады.
Магистрлық жұмыстың мақсаты болып адамды кепілге алу секілді қылмыстың нормасын жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау, сондай ақ адамды кепілге алуды ескерту бойынша алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасыу және енгізу болып табылады.
Зерттеудің нормативтік базасын мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары, Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтық заңдар. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулылары.
Магистрлық жұмыс кіріспеден, өзіне 5 бөлімше қосатын екі бөлімнен тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен және қосымшадан тұрады.


1-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстың заңды талдауы

1.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың объективтік белгілері

Қылмыс объектісінің проблемасы қылмыстық – құқықтық доктринада (ғылымда) бастапқылардың бірі болып табылады.
Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңмен қылмыс ретінде көзделген кез келген қоғамға қауіпті белгілі бір объектіге қолсұғады.
Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың нысандары мен шектерін меңгеруге көмектеседі.
Объектіні анықтау қылмыстардың ұқсас құрамдардың бір-бірінен, қылмыстық әрекетті қылмыстық еместен шектеуге мүмкіндік береді. Одан басқа кез-келген әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі қандай объект қолсұғушылыққа душар болғандығынан елеулі мөлшерде тәуелді, сондықтан қолданыстағы қылмыстық заңда «қылмыстық заңмен көзделген қайсы бір әрекеттің белгілері формальды болса да бар іс-әрекет немесе әрекетсіздік, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес қылмыс болып табылмайды» деп көрсетілген.
Заң әдебиетінде жалпы қабылданған көзқарасқа сәйкес қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі немесе объектісі немесе қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сол немес басқа қылмысты жасай отырып, кез келген тұлға қоғамдық қатынастардың сол немесе басқа бір элементтеріне қол сұғады, олардың өзара байланысын бұза отырып, сонымен қатынастардың қатысушыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама едәуір зиян келтіретін.
Қоғамдық қатынастардың барлығы қылмыстық заңмен қорғала бермейді, тек заңшығарушы позициясынан анағұрлым құнды (бағалы) саналатындар ғана.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-ші бабы қылмыстық-құқық саласымен реттелетін анағұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды анықтайды: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және маңызды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қоршаған орта Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аймақтық тұтастығын, заң мен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сол сияқты қылмыстарды ескерту.
Бірақ қазіргі уақытта қылмыстық құқық проблемаларына жаңа келістердің (әдістемелердің) ескерілуімен, бірінші орынға жалпы адамзат құндылықтарын қорғау қойылған кезде, қылмыс объектісі түсінігіне тек қоғамдық қатынас секілді дәстүрлі келіс (әдістеме) қанағаттандырарлық бола алмайды.
Адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті әр түрлі игіліктер, жеке тұлғаның құқықтары, бостандықтары және мүдделері қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектілері бола алады.
Қылмыстық құқық ғылымында объектілерді үш сатылы жіктеу туралы теория шығарылған; жалпы тектік (топтық) немесе арнайы және «тікелей».
Осында қылмыстың жалпы объектісі деп оларды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қатынастарды (жиынтығын), тектік (топтық), немесе арнайы объекті деп – олардың біртектілік белгісі немесе белгілі бір салада болуы бойынша қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе тобын түсінеміз. Сондықтан заң әдебиетінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектісінің мазмұны «мүдде» түсінігі арқылы да ашылады – белгілі бір жеке тұлғаның, қоғамның, ақырында бүтіндей мемлекеттің мүддесі.
Мүдде – бұл сол қоғамдық қатынастар, бірақ оның анағұрлым нақты көрінісі. Тасушылармен (субъектілермен) және олардың мүдделерімен арасындағы қатынассыз қоғамдық қатынастар жоқ және бола алмайды. Нақты тұлға (адам) осында осы барлық қатынастардың өзінше бір материалдық субстраты (өткізушісі) болып табылады, басқа адамдармен көп түрлі байланыстарға түсе отырып өзінің жеке-дара қызметінде (әрекетінде) іске асырады. Сондықтан қоғамдық қатынас мүдде туралы мүдде өзінің тасушысына яғни қоғамдық қатынастардың қатысушысына қалай (қатынасса) қарайды тек сонымен байланысты айтуға болады және қажет.
Мүдде тек өзінің тасушысы (субъект) ғана емес, бірақ өз объектісі де бар – сол жөнінде мүдденің субъектілері (тасушылары) арасында байланыстар (қатынастар) бар әлеуметтік құнды игілік (материалдық немесе идеалдық).
Бұдан артық, мүдделер қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұрып, белгілі бір құқықтық нысанда – «қабыршақта» шығуы тиіс, әйтпесе олар қылмыс объектісін құрмайды. Бұзылған норманы немесе заңды, олармен қорғалатын қоғамдық қатынастарды үздікте алуға болмайды. Қылмыскер өзі құқықтық нұсқауды (әмірді), тыйымды бұза отырып, объектіге қол сұғады.
Мүддені мұндай түсіну жалпы және тектікті (топтық) ғана емес, сонымен қоса «тікелей» деп аталатын қылмыс объектісін анағұрлым нақты түсінуде маңызды роль ойнайды.
Әлеуметтік құндылық секілді абстрактты мүдде қоғамды тіпті өмір сүрмейді. Мысалы, билік, сол немесе басқа қоғамда кімге тиесілі өз тасушысыз (субъекті) өздігінен құқықтық қорғаудың объектісі секілді қандай да бір әлеуметтік (саяси) құндылық ала алмайды. Мүлікке, өмірге, денсаулыққа, абыройға және ар-намысқа қатысты да осыны айтуға болады. Олар қылмыспен бұзылуы мүмкін және сондықтан қолсұғылмайтын болып жарияланатын әлеуметтік игіліктердің (құндылықтардың), сол немесе басқа түрлері секілджі мүдделер, барлық жағдайларда өздерінің белгілі бір тасушыларына – «қожайындарына» тиесілі.
Сонымен, қылмыс жасау кезінде қылмыскер ҚР ҚК-ң 2-бабында көрсетілген қылмыстық-құқықтық қорғаудың сол немесе басқа объектісіне қол сұғады.
Бір тарауға біріктірілген қылмыстық кодекстің нормалары бір текті объектілерді қорғайды, мысалы, 1-тарау – жеке адамның мүдделерін : өмір және денсаулықты, 9- тарау – қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті.
Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі кінәлі жасаған әрекетінің құқыққа қарсы екендігін ұғынатындығымен анықталады (сезеді) себебі оған олардың құндылығы жақсы белгілі игіліктерге қол сұғады.
Қылмыс объектісі болып тек қылмыстық заңның қорғауына қойылған қоғамдық қатынастар ғана шығады.
ҚР ҚК-ң 234-бабын бойынша объект болып қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылады, яғни жеке адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, тікелей алғанда қоғамдық қауіпсіздікті қорғау саласындағы қатынастарды қорғау бойынша қатынастар. Оған кепіл болып қалған адамдардың өмірі мен денсаулығын, сол сияқты бостандығын қауіпсіздігін қосу керек.
Адамның кепілге алудың дәрежеленген түрлерінде қосымша тікелей объект ретінде адамның денсаулығы мен өмірі шығады.
Адамды кепілге алудың тектік (топтық) объектісі болып қоғамдық қауіпсіздік табылады. Тектік объектінің мазмұны ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің 9- тарауының атауынан шығады.
Қауіпсіздік туралы осы әдеттегі түсінілуімен айтсақ, бәрінен бұрын қауіптің жоқтығы айтылады.
ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімімен берілген «қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» 9-тараудың атауында қолсұғушылықтың тектік объектісі секілді қауіпсіздік қатынасын сипаттау үшін заңшығарушы «қоғамдық» анықтамасын қолданады, яғни мұнда барлық қоғам және оның мүдделері үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы сөз болып отыр.
Заңның және соттық практиканың талдауы белгілі бір қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қажеттілігі жұмыстар тобын (түрін) орындау кезінде туындайды; жалпы қауіпті заттармен, нәрселермен және сол сияқты жұмыс істеуде, яғни қоғамдық қауіпсіздік қатынастары өздерінің бір жағынан пайдалы қасиеттері бар, ал екінші жағынан қауіпсіздіктің арнайы ережелерін бұзғанда әр түрлі әлеуметтік құндылықтарға зиян келтіретін қабілетке ие заттарды, нәрселерді және өндірістік процесстерді пайдалануды қоғамда туындайды және өмір сүреді (бар).
Қазақстан Республикасы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының және ахуалының, сол сияқты Қазақстан қоғамның құндылықтарын оларға залал келтіруге қабілетті мүмкін болатын қауіптермен қорқытулардан (қатерлерден) қорғалғандық жағдайы секілді «қоғамдық қауіпсіздік» түсінігін береді. Қоғамдық қауіпсіздік қатер төну мен оларды қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету проблемасы өздерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамның еңбегімен жаратылған азаматтарда материалдық әлемнің көптеген заттары болғандықтан нақты шындықта өмір сүреді (болады). Олармен құқыққайшы немесе бақылаусыз иелік еткен жағдайларда немесе олармен қолданудың белгілі бір ережелерін бұзғанда бұл заттар қоғамға едәуір зиян келтіруі және ол үшін өзімен потенциалды қатер білдіруі мүмкін.
Құқық қорғау органдарына адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және басқа құқыққа қарсы қолсұғушылықтарды ескерту, тыю жолмен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Заң әдебиетінде кейбір авторлар қоғамдық қауіпсіздікке өз анықтамаларын береді. В.Д.Маликов бұл түсінікті аша отырып «қоғам үшін қауіптің жоқтығы, яғни қандай да бір қиратушы күштің іс-әрекетінен өмір, денсаулық, қоғам мүшелерінің мүлкі үшін тіленбейтін зардаптардың келуінің қолаңсыз мүмкіндігінің жоқтығы туралы» айтады.
Н.Т. Куц қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы анықтама бере отырып «... өздерінің соңынан ауыр зардаптар (азаматтарын денсаулығына зиян, адамды құрбандар, ірі материалдық залал және басқалар) әкелетін жоғары қауіпті қайнар-көздермен жұмыс істеу (қолдану) ережелерін қоғамға қауіпті бұзу. Жоғары қауіпті қайнар-көздер... атыс және суық қару, жарылғыш заттар ... бола алады» деп таниды.
Барлық берілген анықтамалар қоғамдық қауіпсіздіктің мәнін азды-көпті көрсетеді. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар мен басқа әрекеттердің арасында қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылық қылмыстардың ерекше тобын шарттандырған қолсұғу объектісінде едәуір айырмашылықтар бар.
ҚР ҚК-ң 9-тарауының тектік объектісі болып қоғамдық қауіпсіздік, яғни негізгі анағұрлым (мейлінше) маңызды қоғамдық мүдделерді – жеке тұлғаны, қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздіктің қолсұғылмаушылығы, мемлекеттік органдардың қызмет етуінің дұрыс режимі (қалыпты тәртібі), күзет пен қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы табылады.
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесінде қылмыс орнын анықтау үшін тектік объектінің аса маңызы болса, онда тікелей объект нақты қоғамдық қатынастардың сипатын ашуға, қылмыстың айрықша бір ерекшеліктерін анықтауға жасаған әрекетке дұрыс дәрежелеу беруге мүмкіндік береді.
Негізгі тікелей объектінің қоғамға қауіпті әрекеті дәрежелеу үшін шешу маңызы бар. Тікелей объекті қылымстардың берілген тобының тектік объектісімен үнемі сәйкестікте болады, оған құрамдас компонент ретінде кіреді ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқық дипломдық жұмыстар, Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар, дипломдык Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жо, Дипломдық жұмыс: Құқық | Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін