Ата Заңым

Ата Заңым шындығымды қорғайды
Ата Заңым шаттығымды қорғайды
Ата Заңым денсулықты ойлайды
Шындығымның шырайы.....
Тақпақтар
Толық

Конституция еліміздің Ата Заңы


Конституция – еліміздің Ата Заңы

Елдің ішкі тұтастығын сақтау үшін белгілі бір ережелер керек. Осы мақсатта Қазақ елі егемендігін алғаннан бастап, ішкі тәртіпті реттеуге тырысты. Конституциямыз қысқа мерзімде әзірленіп, халық талқылауынан өткен соң қабылданды.

Ата Заңымыз – тарихи жеңістің, халқымыздың арман-мүддесін заң жүзінде айқындаған, бүкіл әлемге Қазақстан деген азат елдің бар екендігін паш еткен беделді құжат. Конституциямызда тәуелсіз еліміздің даму бағыты, басқару жүйесі, билік тармақтары жария етілген. Қазақ халқының заң жүйесі сонау XVI ғасырдағы «Қасым ханның қасқа жолынан» бастау алады. Одан кейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сынды дала заңдарының негізінде құқықтың мемлекет құру идеясы Қазақ даласында жүзеге аса бастады.

Конституция әрбір Қазақстан азаматының заңда белгіленген мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші. Кез келген азамат Конституциялық құқығын пайдалана отырып, заң шеңберінде әрекет ете алады. Конституция – еліміздің негізгі Заңы. Мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетуші. Республикамызда енгізілгелі жатқан кез келген заң Конституцияға сүйене отырып жасалынады. Ата заңымыз қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш, толерантты халық екендігінің көрінісі. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамай, азаматтарының құқығы ардақ тұтылған еліміз татулықтың өрнегі. Конституциямызда еліміздің демократиялық мемлекет екендігі көрсетілген. Демек, Конституциямен өмір сүру – демократияның ең жоғарғы сатысында болуды көрсетеді. Ата Заңымыз – халық таңдауы болғандықтан оны әрдайым құрметтеуіміз керек. Адам өмірі мен бостандығы ең жоғары құндылық деп бағаланған Конституциямыздың қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Адам өмірінің басты құндылық екендігінің дәлелі Конституциямыздың 9-бөлімінің екеуі адамның бостандығы мен азаматтардың құқығына арналған.

«Біздің міндетіміз – Конституцияға ерекше құрмет білдіру» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздің тарихын қалай құрметтесек, Ата заңымызды солай қадір тұтуымыз қажет. Конституцияға құрмет көрсетіп, оның баптарын мүлтіксіз орындамайынша, қоғамдағы келісім мен тәртіпті сақтау мүмкін емес. Демек, Отанымыздың болашағының жарқын болуы тәртіпке бағынуымызда. Батыр бабамыз айтқандай: Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бағынған құл болмайды.

Қорытындылай келе, Ата Заң – біздің күнделікті жүріс-тұрысымызды реттейтін, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін ең маңызды құжат. Елдің дамуына үлес қосқысы келетін азамат сол құжатқа мойынсұнып оны құрметтемейінше, елдің дамуын ойлау мүмкін емес. Әрбір азамат оны қадірлеп- қастерлеуге, ардақ тұтуға міндетті.

.....
Әңгімелер
Толық

Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас......
Шығармалар
Толық

30 тамыз - Конституция күні (Ардың шыңы - Ата Заң)

Тақырыбы: Ардың шыңы – Ата Заң
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Заңды білу – заман талабы
Сыныбы: 9 сынып
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сыныпішілік, топтық сайыс
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы.....
Тәрбие сағаттар
Толық

30 Тамыз - Конституция күні

Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Ашық сабақтың көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд .

Ашық сабақтың Әдіс-тәсілі: Түсіндіру....
Ашық сабақтар
Толық

30 Тамыз - Конституция күні (Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны)

Пәні: Адам. Қоғам. Құқық.
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек схемалар
Пайдаланған әдебиеттер:Қ.Р.Конституциясы 1995ж 30 тамыз
Ашық сабақтар
Толық

30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!)

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де....
Өлеңдер
Толық

30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!)

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен.....

Өлеңдер
Толық