Аянат

Аянат есімінің мағынасы -  араб тілінен ийан сөзін аударғанда – өз көзімен көру, анықтық, айқындылық, шындық, ақиқат деген мағынаны білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Медина, Мәдина

Медина есімінің мағынасы (Мәдина) — «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы») деген тіркестен алынған. Бұл мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.

Есімдер мағынасы
Толық

Айзере

Айзере есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған «ай» және «зере», иран тілінен «зер» — аудамасы «алтын» деген сөздерден құралған. Алтынай есімінің синонимі.

Есімдер мағынасы
Толық

Әлинұр

Әлинұр есімінің мағынасы – "әли" мен "нұр" сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле. 

Есімдер мағынасы
Толық

Айсамал

Айсамал есімінің мағынасы -  «ай» және «самал» қазақ сөздерінен құралған. «Ай» сөзі айдай жарық, ашық болсын деген мағына береді. Ал «самал» дегені жеңіл, жел мағынасын білдіреді. Қазақ халқында самал жел деген сөз бар. Айсамал есімін қызына берген ата-ана оның өмірі жарқын, жолы жеңіл, ашық болғанын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Кәусар

Кәусар есімінің мағынасы

 Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.

Есімдер мағынасы
Толық

Абат

АБАТ – парсы сөзінен шыққан ныспы. «Абад» сөзінің аудармасы «гүлденген, жайқалған, жайлы» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім жаңа туған сәбиге «ғұмыры тек жақсылыққа толы болсын, жас құрақтай жайқалып өссін» деген ниетпен қойылса керек. 

Есімдер мағынасы
Толық

Абайділдә

 АБАЙДІЛДӘ – өткен ғасырдың елуінші жылдарында қабырғалы қаламгер М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы жарыққа шығып, ел ішіне кеңінен насихаттала бастаған тұста өмірге келген ныспы. «Абай сияқты ғұлама, білім қуған данышпан, ел қамын ойлаған жанашыр болсын» деген ырыммен қойылады. Абай мен оның жұбайы Ділдәнің құрметіне халықтың шексіз махаббаты болып жеткен бұл есім халық арасында өте сирек кездеседі.

Есімдер мағынасы
Толық