Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.

Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін
жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Бiр тауды төңкеретiн де бар, Бiр дәндi зiл көретiн де бар.

Адамдардың адамгершілік қасиеттері еңбекке қатысынан білінеді. Біреулер бар кішкентай шаруа тапсырсаңыз, соны таудай етіп, қабығы түсіп
жүріп орындайды. Сондай кескін-келбетін көргенде сол кісіге аз шаруаны тапсырғаныңызға өкінесіз. Ал кейбіреулер аз тапсырмаңызды молынан орындайды. Жоғарыдағы халық даналығы сондай адамдарға айтылған сөз болса керек.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ата ­ асқар тау, Ана ­ бауырындағы бұлақ, Бала ­ жағасындағы құрақ

«Ата ­ асқар тау,
Ана ­ бауырындағы бұлақ,
Бала ­ жағасындағы құрақ»


Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға балайды. Ол – ер азаматқа деген сенім, құрмет. Осы мақалда да сол ойды меңзеп тұрғаны анық. Ананы суға, бұлаққа теңеуде де үлкен мән бар. Сусыз тіршілік бола ма? Құраққа теңеген бала асқар таудың етегінде болса, бұлақтан нәр алса, ол тамаша болып өспей ме? Ақылды, берекелі ата-ананың балалары да өз әкешешесіндей ақылды, көргенді, адамгершілігі, кісілігі мол болады.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

8 наурыз: құттықтау, тілектер

8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Мен көктемгі көңіл-күйді тілеймін, жан әрқашан ашық және қуанышты болсын. Мен әрдайым күлімсіреуді тілеймін, өмір сыйлықтарға жомарт болсын. Жылдың әйелдер күнінде қарапайым әйел бақыты мен денсаулық тілеймін.

Құттықтау, тілектер
Толық

4 жасқа тілектер

Сені құттықтаймыз! Өсіп, күшейіп, ауырма, көңілді бол, осы әлемді білебер, жаңа қадамдар жаса және әрқашан осындай періште болып қалабер. Саған үлкен, тілалғыш, мықты және дені сау болып өсуіңе тілектеспіз. Туған күніңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық