Ньютон заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақтың тақырыбы: Ньютон заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну.
Ньютон заңдарын сандық, сапалық және эксперименттік есеп шығаруда қолдану.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды Ньютон заңдарына сүйене отырып, өзбеттімен есептерді қорыта алады;
• Оқушылар денелер тыныштықта болуын және денелердің бір қалыпты түзу сызықты қозғалуын шартын біледі;
• Дененің қозғалысының жылдамдық өзгеруінің себебін біледі;
• Денелердің өзара әсерлесуін (тікелей немесе арақашықтықтан) біледі;
• Ньютон заңдарын қолданып, сандық, сапалық және эксперименттік есептер шығара алады;
• Ньютон заңдарын қолданып, мысалдарды түсіндіреді;
• Ньютон заңдарының әділдігін растайтын тәжірибелерді түсіндіре алады.
• Ньютон заңдарының формуласына енетін шамалардың арасындағы байланысты график арқылы көрсете алады. ........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Күш.Күштерді қосу.Ньютон заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Күш. Күштерді қосу. Ньютон заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
Үдеу мен тең әсерлі күштің бір жаққа бағытталғанын түсіне отырып, F=ma теңдеуін пайдаланып есепті шешу;
Оқушылардың күш-үдеу, үдеу-масса тұрғысындағы білімін тереңдету,іздену дағдысын қалыптастыру;
Күш егер де тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын жасайды;
Заңға байланысты теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алады;
Өз түсінігімен заңдылықтардың қолдану аясына,мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады;
Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады.
Жартысын көп оқушылар:
Берілген оқу мақсатына(видео,анимацияға,тапсырмаға т.б.) сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады.
Кейбір оқушылар:
Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық