Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда»
Оқу мақсаттары: 4.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
Көпшілік оқушылар: өлеңді сын тұрғысынан бағалап оқиды;
Кейбір оқушылар: өлең кейіпкеріне хат жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ»
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу;
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңге тақырыбын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды; өлеңнен көркем сөздерді табады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды, өлеңнен көркем сөздерді анықтайды; өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұзафар Әлімбаев

Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.
Мазмұны
1 Жетімдік
2 Сұрапыл соғыс
3 Ақындық бақыты
4 Шығармалары
5 Әскери атағы
6 Қазақстанның болашағы туралы болжамы
7 Хоббиі
8 Отбасы
9 Фильмдер
10 Пайдаланған әдебиет
Жетімдік

Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
Сұрапыл соғыс

Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М. Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады. Майданда туған көп ақынның бірі — Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы өлеңінде:

Баста алға батысқа,
Ініңнің күші өскелең, — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен. М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицер-танкист атанып, үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты.
Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рахымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады. Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай - Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының .....
Рефераттар
Толық

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (әнұран)

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің.....
kz
Толық

Мұзафар Әлімбаев (Жеңе алам ба?)

Қарақан басымды емес,
Елімді ойлап,
Ерленіп егескенде кегім қайнап,
Дүшпанды жайпаушы едім оңды-солды,
Жолымда жатушы еді жауым жайрап...
Жолықты ажал мыстан......
Өлеңдер
Толық

Мұзафар Әлімбаев (Дон-Кихотқа көзқарас)

Дон-Кихотты кім десең де өз еркің...
Ал меніңше керек лайық сөздер тың,
He десең де, Дон-Кихоттар қолында
Дүниеге көзқарасты өзгерту!
Дон-Кихоттар бұлталақсыз бұрыннан
Мәселені қойған шұғыл, қырынан.
Қиналысқа түссе......
Өлеңдер
Толық

Мұзафар Әлімбаев (Тал кестім...)

Тал кестім, алайын деп таяқ жонып,
Таяқ тал себі тиер, аяқ болып.
Ойдың бір үзігіндей әлгі таяқ,
Аршыдым, күрең түске алдым бояп.
Өмірім, өксітпесін зая кетіп,
Келемін кемел ойды таяқ етіп.
Бастай алмай дағдарсаң.....
Өлеңдер
Толық