Әдебиет | Ит жеті қазынаның бірі

Иттің шығу тарихы
Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі......
Ғылыми жобалар
Толық