Экономика | Қазақтелеком АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Кеңес одағы жылдарындағы Қазақстанда жалпы мектеп географиясының даму тарихы

Мұғалім Сахип Ақбаев өзінің естелігінде қазақ ауылдарында мектептердің қалай құрылғанын айтады: «1918-жылы ауылдарда ана тілінде оқытатын қазақ мектептері ашылды. Бұл мектепте керекті мұғалімдер қысқа мерзімді курстарда тездетіп даярланды. Алғашқы кезде 104 мектеп қазақтың жер үйлеріне орналастырылды, олардың жабдықтары да өте нашар болды».
Қазақ мектептері ашылғаннан кейін бұрынғы діни мектептер мен медреселердің біразы қайта құрылды, біразы жабылды. Сауатсыздықты жою мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында бұл іске үлкен мән берілді. Мысалы, 1918-жылы қыркүйекте Жетісу өлкесінде де сауатсыздықты жою, жаңа мектептер ашу туралы талаптар қойылып, шешімдер қабылданды.
Қазан төңкерісінен кейін, 20-шы жылдары қазақ даласында жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мектеп ашу туралы халықтың талаптары да көбейе бастады. Бірақ халықтың талабына сай мектепке керекті құрал-жабдықтар, қажет оқу құралдары болмады. Әсіресе, кадр мәселесі, қазақ мұғалімдері, білімді педагогтар, басқарушы қызметкерлер жетіспеді. Осының салдарынан жаңа мектептер құру жолында, халықтың сауатсыздығын жоюда көптеген кемшіліктер мен қиыншылықтар болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау

Ғылымның көптеген салалары, жалпы Қазақстан Республикасының экономикасы сияқты шаруашылықты жүргізуді талдау да көп өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, соңғы жылдары шаруашылық қызметін талдау қаржылық және басқарушылық болып бөлінді. Оның негізі бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық бөлімдері болып табылады.
Қаржылық талдаудың мақсаттарының бірі кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау болып табылады. Өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы қаражаттарын қалыптастыру және қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Ал бұл нарықтық экономикада кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесін көрсетеді. Қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржы менеджерлерінің серіктестермен, қаржылық – несиелік жүйемен, салық органдарымен және т.б. құрылған экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың маңызын көрсетеді және де бұл мәселе дамыған нарықтық экономикаға көшу барысында біздің елдің көкейкесті проблемасы болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеттері қаржылық талдаудың міндеттерімен сәйкес келеді. Олар:
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйіне әсер ететін факторларды анықтау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштердің сандық және сапалық өзгерістерін бағалау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Жаңа жыл

Қуаныштан гөрі мұңды ой басым,
Безендіріп шыршаларын қоймасын.
Бір ай бұрын жаңа жылды тойламай,
Тәуелсіздік құрбандарын ойласын.

Шыршалардың жарықтарын жақпасын,
Қымбат-қымбат ойыншықтар тақпасын.
Ұмыт қылмай желтоқсанды....
Өлеңдер
Толық

Экономика | Инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау және талдау

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

Менің курстык жұмысымнын басты максаты Казакстан экономикасына Жане алемді аландатқан қаржы дағдарысына жалпы сипаттама беріп,
қаржы дағдарысынын түрлерін себептерін және Қазақстан экономикасына тигізер кері әсерлерін ашып көрсету.
Қазақстан Республикасынын Президенті Нурсултан Назарбаевтың Казакстан халкына жолдауында ( Астана, 2005 жылғы 18 акпан )- былай дейді « Казакстан экономикалык, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында. Біз жалпы ішкі онімді екі есе улғайтып, бірлесіп тағыда бір Қазақстан орнататындай межеге жакындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жаткан нарык экономикасын курдык.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап,біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жургізу білдік,тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы Жан басына шаккандагы жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерде, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сиякты елдерден бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АКШ доллары мөлшеріне жеткізу күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінін шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазырдың өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімзге сеніыіміз мол.
Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында негізнен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздынңгеографиясы да быршама тарамдала тусты.
Осылайша біз өзіміздың әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жахандык бәсекелестік арнасына еркін шығатынымызға анық көз жеткіздік.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сурүдың жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемның тиімді дамып келе жатқан елдерыныің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабылетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін тандай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларда дамытуға кірістік, сол арқылы Қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Біз өзімізді Жаңа технологиялар мен Жаңа экономика әлеміне енгізген экономикалык дамуды баскарудың түбегейлі Жаңа жүйесі- Улттық инновациялык жүйе жасауды колға алдык.
2004 жылы 204 инвестициялык жоба іске асырыла, соның тен жартысы даму институттарынын қолдауымен жүзеге асты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары

Кіріспе
Бюджеттік құралдардың қалыптасу ,бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда,яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен оларды негізгі мақсаттарда, әрі қарай тереңдетуге,білім мен денсаулық сақтауды дамытуға ,индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тәуелсіз еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын өсірудің бірден бір саласы бюджет екеніне көз жеткізе түсінгендей болып отыр, десекте сол бюджеттің нарық талабына сай қызмет етуіне баса назар аударып жетілдіру үстінде. Қазақстан бюджетін дамыту жүйесін қолға алып әлемдік дамыған мемлекеттердің даму деңгейіне сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттің экономиканы реттеудегі рөлі зор екендігіне баса назар аударуда.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақтан Республикасының бюджет жүйесі мен салық жұйесінің жылдан жылға жаңаруы, бюджет кодексі мен салық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне себеп болып отыр. Ол дегеніміз мемлекетіміз бір орында тұрмай экономиканың бір ыңғай немесе үнемі қозғалыста болғанының белгісі, экономикамыз іштей және сырттай дамуы ол халқымыздың әл ауқатының түзелуі мен мемлекетіміздің тыныштығы деп білем.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа мамандар даярлау мен оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.
Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» (счетоводттар) қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарға дамуын болжайтын бағдарламалық құжат болып табылады. [1]
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Фирманың қаржылық қызметтер нарығын кластерлік талдау әдісін енгізу

Тақырыптың өзектілігі. Қаржылық менеджменттің қазіргі даму жағдайында коммерциялық фирманың әмбебаптану дәрежесінің арту талабы қойылады. Фирма қызметінің қаржы-фирмалық қызметтердің әр түрлі салаларына енуі, соның ішінде фирма қызметтерін дамыта отырып жаңа фирмалық қызметтерді енгізу - өзгермелі қаржылық салаға коммерциялық фирмалардың бейімделінуінің, нарық сегменттерінің басымды салаларын құрудың шешуші жолдарының бірі болып отыр.
Осы шартта коммерциялық фирмалар банк нарығына несиелік өнімдер мен түрғын халыққа қызметтердің көптеген түрлерін жасап үсынуда. Мүндай жағдайда қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін анықтап отыру және оларға деген сүранысты зерттеу қажеттілігі туындайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық