"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

Рақымжанға

Ғасырмен ғасыр тоғысқан,

Тай-төбе киелі жер еді.

Киесінен нәр алған,

Тәрбиеленген бұл елі еді.


Асыл туған атадан,  

Айбыны күшті қаһарман. 

Рейхстаққа ту тігем деп, 

Ант беріп еліне аттанған.


Қазағымның рухын көтерген,

Халқы үшін туған азамат.

Рақымжан тіккен көк туы 

Ұрпақтарына  аманат.


Аманатын ақта ұландарым,

Намысы жоғары қырандарым.

Бүкіл әлем бас иген

Мәңгілік ел ұрандарың.


Рақымжандай ер туған,

Ел үміті ақталсын.

Мәңгі өшпей есімі,

Тарихында қазағымның сақталсын.


Бүгінгі күн,  Рақымжан,

Қазағымның туын тіккен күн.

Отпен, оқпен алысып,

Арманына жеткен күн.

Өлеңдер
Толық

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
Сабақ мақсаттары: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біледі:
оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың анықтамаларын және олардың арасындағы генетикалық байланысты біледі......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасанды интеллект және Blockchain (блокчейн) технологиясы
Сабақ тақырыбы: Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
Сабақ мақсаты: нейрондық желілердің жұмыс принциптерін (нейрондық және синапстар) түсіндіру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасанды интеллект және Blockchain (блокчейн) технологиясы
Сабақ тақырыбы: Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
Сабақ мақсаты: нейрондық желілердің жұмыс принциптерін (нейрондық және синапстар) түсіндіру .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Димаш жаңа бейнебаянның қашан жарық көретінін хабарлады

Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.


Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.
Жаңалықтар
Толық

Жұмағали Саин (Ресей қызы)

Қайда естідім, сенің нәзік үніңді?
Бар денемді билеп алып барады.
Қайда көрдім, сенің бауырым, жүзіңді?
Бір ыстық от жүрегімде жанады...
Бұл от кептен көкірегімде лапылдап
Жанып тұрған махаббатым, қарағым,
Қыздырды оны сенің даусың саңқылдап,
Дәл шағырмақ ыстығыңдай даланың.
Қайда көрдім, қайда естідім үніңді?
Туысқаным, өзің айтшы қинамай!
Бар келбетің көз алдымда бүгінгі...
Тоқтамаймын сені білмей, жырламай...
Кім еді деп, сұрамадың атымды
Отандасым деген жалғыз сезіммен,
Бек таныдым... қоштасқаның ақырғы—
Міне есіме түсті сенің сөзіңнен........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)

Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Мойсей)

(Иван Франкодан)

Азаптан, халқым менің, мехнаттан
Күйзеліп, жын соққандай селкілдедің,
Ұялып келешектен, жас ұрпақтан,
Келмейді түні бойы ұйқым менің.

Жазып па өмір бойы маңдайыңа
Көршінің құлақ кесті құлы болу,
Күштінің жүре беру ыңғайына,
Ызаны іште сақтау, азап шегу......
Өлеңдер
Толық