Қазақ әдебиеті | Байдосұлы Күркебай

Байдосұлы Күркебай, батыр (1830-1916 жж.).
Күркебай Байдосұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды (Кеңсу) ауылында дүниеге келген. Жас күнінен жүректілігімен, асқан мергендігімен көзге түсіп, «батыр» атанған екен. Ол елін, жерін шеттен келген басқыншы, шақырусыз келімсектерден қорғап, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өмірінің көп бөлігін жортуылда өткізген адам.
Кедейлерге болысып, аштарға азық тауып беріп, қамқоршы болыпты. Зар жылағанды уатып, көкірегі қарс айырылыпты, сондықтан патшаға жақпапты. Көнекөз қариялардың айтуынша Күркебай қол мерген болыпты. Не нәрсені болсын көздемей ата салатын көрінеді және атқаны қате кетпейтін көрінеді. Eл аузында тараған өлеңде:
Шығыпты сол Сәйкеден ер Күркебай,
Жыр қылып талай ақын айтқан мұны.
Аң құмар, асқан күшті бопты мерген
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789, Тараз — 1864, Шымкент) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан. Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.[1] Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан. Оңтүстік өңірді Қоқан хандығы басып алғаннан кейін, ағасы Байтерекпен бірге сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске (1821) қатынасады. Көтерілісшілер қатты жазаланса да, Байзақ Мәмбетұлы беделді адам ретінде, өз руластарына датқа болып тағайындалады. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан отаршыларының айтқанына .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Байғозы Наймантайұлы

Байғозы Наймантайұлы[1] (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөліауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер "Батыр басы” деп аталады.[2]
Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) - қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Барлыбай Бәсентиінұлы

Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі.
...Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиінұлы Барлыбай
Омыраулап сөйлледі,
Кісі ырқына көнбейді:
- Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Батыр Баян Байболатұлы

Батыр Баян Байболатұлы - 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бұлытбай Баһадүр

Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген алып денелі қазақ баһадүрі. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бөгембай Ақшаұлы

Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы.18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап "Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қанжығалы Бөгенбай батыр

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті
Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бөкенбай Бозқозұлы

Бөкенбай Бозқозұлы (17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғасырдың басы) - батыр. Арғынның сүйіндік руынан. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бөрібай батыр

Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешеніндеВасилий Александрович Шелятинов (9.12.1917, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үлкен Нарын ауылы - 15.2.2009, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, взвод командирі, .....
Рефераттар
Толық