Ағыбай шал

Өткен заманда бір мерген болыпты. Ол мергенді «Қарамерген» деп атайды екен. Қарамерген аң аулап, көп жүріп, ақырында жайылып жүрген екі маралға кездесіпті. Қарамерген мылтығын алып, маралдарды атқалы көздепті. Сол кезде маралдар: «Атпа бізді!» – депті. Қарамерген маралдың адамша сөйлеп, «атпа» дегеніне таңырқап тұрып: «Неге?» – деп сұрады. Маралдар: «Неге екенін Ағыбай шалдан сұра», – деп жауап қайырыпты. Қарамерген атуды қойып, Ағыбай шалды іздейді. Неше күн, неше түн жүріп, арып-талып, ақырында Ағыбай шалдың ауылын табады. Ағыбай шалдың үйіне келсе, жағын жібекпен таңған бір кәрі шал отыр екен. Ағыбаймен көрісіп амандасады. Ағыбай шал бұл жігіттің алыс жерден келгенін қалпынан сезіп, бәйбішесіне қымыз......
Ертегілер
Толық

Тарих | Қола дәуірі Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Абайдың тәрбие туралы көзқарастары

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. .....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХҮ-ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді......
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Асаубай Жәдігерұлы , Қанжығалы Асаубай

Асаубай жәдігерұлы , Қанжығалы Асаубай (т.-ө.ж.б.) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ к-нің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. А. қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жәлменде Байшығашұлы

Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы

Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы - 19 ғасырда өмір сүрген батыр, шешен, би. Тама тайпасының Дәулеткелді руынан. Әкесі Ерубай би Жолдыбайұлының үлкен ұлы. Жасынан тентектігімен танылып, Атбасар уезінің оязын сабаған атағымен батыр атанған. Арқадағы ағайындарының көбеюін дәлел қылып Алшын-Жағалбайлы болысы құрамынан Таманың Әліп бұтағын бөліп алу шығартқан. Сөйтіп ол болыстықтың атауын Қарақыз қойдыртып, Қосшығұл болысқа .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қалқай ишанұлы Мамырбай

Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.

Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.

Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.

Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мүсірәлі Алыбайұлы

Мүсірәлі Алыбайұлы (1837 - қ. ж. б.) - Абайдың құдасы. Дүзбембет-тобықты болысының адамы. Ақынның баласы Мағауияның әйелі – Дәмегей осы Мүсірәлінің қызы. 1877 ж. Мәмбетей-тобықты болысы Бұғылы, Шаған болыстары болып 2-ге бөлінгенде Мүсірәлі Бұғылы болысының басқарушысы болған. Абай үстінен арыз жазушылар ИбраҺим (Абай) Құнанбаев Мүсірәліні өз құдасы болған соң болыс қойғызып отыр деп кінәлайды. Мүсірәлінің ел басқару ісінде әділ болуына, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Сеңкібай Қабанбайұлы

Сеңкібай Қабанбайұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. Төле бабамыз Әлібектің екінші әйелі Бүркіттен, ал бәйбішесі Молбикеден Тыныбек, Ақбота, Шора туған. Тыныбектен - Абыл, Қабыл тарайды. Сеңкібайдың әкесі Қабан да батыр кісі болған екен. Оны Майкөт ақынның мына бір өлең жолдары растай түседі, ақын былай деп жырлайды:
Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр.
Бақ-дөулет ұрпағына қонып жатыр.
Таластан тоған қазып, егін салып,
Суландырған даласын о да батыр.
Жастайынан Төле бидің тәлім-тәрбиесін алған .....
Рефераттар
Толық