Сүлеймен патша мен байғыз

Жер бетіндегі адам баласы мен аң-құсты түгел билеген Сүлеймен деген патша әйелін өте жақсы көреді екен. Не қаласа, бәрін орындай беріпті.
Бір күні еріккен әйел Сүлеймен патшаға былай депті:
– Маған тек қана құстың сүйегінен сарай салдырып бер!
Патша шабарманы қаршығаны шақырып алады да құс атаулыны түгел жинап келуге бұйырыпты. Патша әйелінің сөзін дуал үстінде отырған байғыз естіп қойыпты. Қаршыға ой мен қырды шарлап, құстарды тегіс жинапты.......
Ертегілер
Толық

Байғұлан

Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі – ер, біреуі – қыз. Ең үлкен баласының аты – Байғұлан өзі ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі – ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде, әкесі қайтыс болып, қалған дүниесі ер баласының қолына қарайды. Бұдан кейін Байғұлан өзіне елінен таңдап жүріп бір әйел алады. Байғұлан бұрын төртеу болса, енді бес жан болады. Тағы да бұрынғы қалпында аң аулап жүре береді. Аңнан келген сайын, өзімен бірге туысқан......
Ертегілер
Толық

Бақтыбай би

Ертеде өз еңбегімен күн кешірген бір кедей шал болыпты. Шал өмірінде бір шыр еткен көрмепті. Бар тілегі бір бала екен. Шалдың кәсібі отыншылық екен. Отын алғалы сайға кетіп бара жатса, жолдың шетіндегі бір топ шидің түбінде ораулы жатқан бір затты көріпті. Алып қараса, жаңа туылған нәресте бала екен. Шал қолына алысымен, бала шырылдап жылай бастапты. «Құдайдың бергені» деп, шалдың қуанғаны соншалық, отын алмастан баланы қойнына салып алып үйіне қайтыпты. Өмірі бала көрмеген шалдың кемпірі де жүрегі жарыла қуаныпты. Үйіне келген соң, маңайдағы көршілерін шақырып той жасапты. Шал баласының бақытты болуын тілеп, оның атын «Бақтыбай» деп қойыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, жылдар өтіпті. Бақтыбай есейе бастапты, әкесі Бақтыбайды оқуға беріпті. Бала өте зерек, алғыр болып өсіпті. Өзі тұстас балалардан ақылы анағұрлым артық болыпты. Басқа балалар бір-бірімен төбелесіп шатақ шығарса, Бақтыбай үнемі оларға арашашы болып, ақылын айтып жүретін болыпты. Сондықтан балалар оны өздеріне «би» сайлап алыпты. Бақтыбай «би» болған күнінен бастап балалар арасындағы ұрыс-жанжал түгепті.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Дүниенің байлығы

(этнографиялық әңгіме)

Сарай іші қатты абыржулы. Қызметшілердің бәрі тілаузын қойып қалғандай үндеспейді. Бір жағы шағылмен жалғасатын хан ордасының төңірегі көтерілген желден шаңытып тұр. Ұстарамен тақырлап алғызған адам басындай тып-тықыр жерді құйын әлсін-әлі сыпырып өтеді. Ұстара демекші Әз-Жәнібек хан да басын ұстарамен қырғызып қойғалы екі күн болған. Өзі де қанын ішіне тартқан қара сұр адам шашын алғызған соң ұсқыны кетіп, сұр жыландай ысқырып отыр. Бүгін жай, күн сәске болып қалғанда тұрған соң одан сарайдағылар әлдеқалай көңілділік күтіп еді. Жоқ, болмады. Қаны қашып, бетінің әжімі айдалған жерде өтпес соқа қалдырған атжалдай жырым-жырым болып кетіпті. Кешегі ашуы бүгін де басылмаған сықылды. Бүгін де келе салысымен, ордадағы орнына отырмай жатып Жиренше шешенді іздеді.

Жиреншенің осындайда табыла кеткенін әркім-ақ қалағандай еді. Өйткені шешендігімен болса да, көсемдігімен болса да ханды әңгімесіне еліттіріп, бәрін ұмыттырып, тұтасып жауғалы келе жатқан бұлтты көтеріп айдап кеткен желдей хан басындағы жаман ойды сәл ғана сейілтіп жіберуші еді. Ондайда ұсқыны кетіп, дүниенің бәрінен күсіп отырған хан сабасына түсіп жарқылдап, жадырап сала беретін. Ордада қызмет ететін, сұлулықтың құдайындай Керім деген сұрша жігіт бірде тіпті ойын естіртіп айтып қалған да болатын.

— Құдай бәрімізді де алып, дүниеде тек Жиренше секілді адамдар ғана қалса қандай жақсы болар еді. .....
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Түймебай тәуіп


(этнографиялық әңгіме)

Әбітай төсекте сұлық жатады. Бұл бір тыншыған кезі. әйтпесе ояу болса, екі жағынан екі кісі қолын басып отырады. Босанса тұра қашады. Ондай жағдайда жолында не тұрса да қаймықпайды, соғып өтеді. Бірде жанында отырған әйелдердің шамасы келмей қалып, тұра қашып, ұста дүкенінің алдында жатқан, арбаның шенін тартатын диірмен тасты сүзіп жатқанда ұстап алдық. Ол кезде кіресілі-шығасылы есі бар болатын. Есі бір кіріп кеткенде, мені құшақтап «Балбақ, мен қор болдым-ау», — деп жылап жібергенде сай-сүйегім сырқырады. He дейін, «Әлі-ақ жазылып кетесің». — деп жұбатқан болдым.

Әйелдер демекші, ұлы Отан соғысы жүріп жатқан қырық төртінші жылдың қысында оның жанына отырғызатын еркек табылмайды. Күші күн асқан сайын тебіндеп-кернеп келе жатқан он алты жасар жас жігітке әйелдердің әлі жетуі қиын. Әйелдерді отырғызғандағы амалымыздың аяғы жоғарыдағы, екі әйелді екі сілкіп, қашып кетеді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық