Ғабиден Қожахмет | Асанның Мырзабайы


– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын.
***
С .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Асанның Мырзабайы

– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын.
*** .....
Әңгімелер
Толық

Жастар арасындағы Абай оқуларының маңызы неде


PS: Бүгінде интернет желісін ашып қалсаңыз болғаны, неше түрлі жаңалықтарға тап боласыз. Дүбірлі дүниенің дүркіреген даусы алдыңызда айдан анық шыға келеді. Приоритетті, толғандыратын, талқыға көп салынатын жастар мәселесі өріп жүр. Небір сұмдық, суық хабарлар жағаңды ұстатады. Мысалы, жастардың мейірімсіздігі, зұлымдық әрекеттері, суицид, т.б.

Жақында ғана Астана қаласында бірге тұрған дос құрбысын өлтіріп, денесін 26 жерден пышақтап, кілемге орап, кіреберіске шығарып тастаған жағдай Қазақстанның БАҚ беттерін «Азапты өлім» айдарымен шулатты. Күн сайын елімізде осы тақылеттес қатыгездікпен жасалып жатқан түрлі жағдайлар орын алуда.

Енді интернеттің жаңа бетін ашып, іздеу жолағына «Человек из очереди» деп теріңіз. Кореялықтардың түсірген бұл ролик-видеосы әлеуметтік парақшаларда ең көп дауыс жинаған туынды. Әлеуметтік желі тұтынушылары осы видеомен бөлісу арқылы барша әлемді мейірімді болуға, қайырымды істер жасауға, адамдардың бір-біріне адамгершілік, ізгілік, мейірбандылық, бауырмалдылық, жақсылық танытуға шақырады. .....
Әңгімелер
Толық

Жақсыбай Сарбалаұлы сырдың жыр жұлдызы


Осынау Сыр өңірі ырысы артып, ынтымағы жарасқан киелі мекен. Бұл өңірден бұлбұл дауысты әншілер де, аузы дуалы билер де, артына өшпес із қалдырған ақындар да, елге мәлім қоғам қайраткерлері де шыққан. Соның дәлелі ретінде Жақсыбай атамызды алсақ болады. Жақсыбай ата өнегелі өмірінде артына мол мұра қалдырған тіл жанашыры. Ол кісі бір мамандықпен шектеліп қалмаған. Жақсыбай ата -жергілікті ақын, дәрігер, мұғалім, тіл жанашыры.

Жақсыбай Сарбалаұлы 1942 жылыдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында үлкен отбасында дүниеге келген. Бала күнінде кітап оқуды жаны сүйген. Кешкілік ауыл үлкендері жиналып Жақсыбай атаға ауқымды шығармалар, әңгімелер оқытатын болған. Отбасылық жағдайына байланысты Таң ауылынан Жалағаш ауданына көшіп келеді. Жалағаш ауданындағы №123 мектепте білім алады .....
Әңгімелер
Толық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына....
Шығармалар
Толық

Аккожа Мажит | Байырғы қазақ метрологиясы


Байырғы қазақ метрологиясы кәсіптік қажеттілікке байланысты қалыптасты.

Жылқыға байланысты:

Жылқы байлам

Ат шаптырым жер

Бие сауым уақыт

Ұзындық, уақытқа байланысты:

Бір қыдыру жер

Түстік жер

Айлық жол

Күндік жер

Арпа өлшемі:

Шығыс елдері бойынша ең кіші салмақ және ұзындық өлшемі ретінде қолданған.

1 арпа = 45мг

6 арпа = 1 бармақ өлшеміне тең

Табан өлшемі - орташа ұзындық өлшемі. Адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. Ағылшындар «футы»- деп атайды.

Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Аршын – ежелден бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. Вавилонда локоть атаумен пайда болған.

1 шынтақ = 45см тең

.....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Абайдың поэмалары туралы

Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".

Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.

Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.

Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Абайдың аудармалары


Аудармалық өрнекті Абай тек орыстың классик поэзиясын қотаруға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге Европа елдер классиктерінен бірер өленді аударса, оны да Лeрмонтовтың аудармаларынан алып қазақшылайды. Анық орыс классикгерінен Абайдың аудармалары: Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" алып аударған үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір жалғыз өленді Буниннен аударған. Ең соңғы зерттеушілердің айтуынша, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдеріне үйлес келетін аз аударма да бар делінеді.

Абай жинағында бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны — қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалын аударган. Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алганын қосқанда, отызға жуық өлең аударган.

"Евгений Онегиннен" жасалған аудармалар Абайдың толық жинағында бұрынғы Мұрсейіт қолжазбасында жекеше аталып журген ретпенен жеті бөлек болады.

Міне, қазір біздің жалпы түрде тексеріп өтетініміз — Абайдың осындай мұрасы. Ақындық еңбегінің айрықша тарихтық, мәдениеттік және ағартушылық өзгеше бағасы бар зор еңбектері.

Енді жеке ақындардан жекеше жасаған аудармаларды айрықша талдаудан бұрын, біраз жалпы ойлар айта кету керек. .....
Әңгімелер
Толық

Мира Сембайқызы | Жәрдемақы жыры


Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

— Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

— Иә, сонымен?

— Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? — деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

— Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді… бізге шыға қояр ма екен? — деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

— Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой. .....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин | Құрымбайдың жігітшілігі

Күзгі күн еді.

Күн ұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай тынып басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде. Күн батып бара жатыр. Батар күннің сәулесі қызарып шашырап, дөңес жерлер қарауытып, қабағын жауып түнеріп тұр. Күншығыс жақтан құшағын жайып кележатқан қою қараңғылық — жапан даланы ұзатпай бүркейін деп тұрған сияқты.

Дала бос. Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып тақырланған жер жүректі тартпайды. Жүрек әлденені іздеген секілді. Қызықты жаздың құлпырған жерін жоғалтқан секілді. Мынау жол жанында жатқан кішкене шалшық су — бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап ұйысып жатқан көгал еді. Енді таздың басындай аламыштанып, ұйысқан шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Мына түріне қарағанда бұған көгорай шалғын бітті, кемерінен асып суы шалқыды деп кім айтар?

Күн бата Ырысбайдың белесіне жалғыз атты қақпалап; қорапсыз арбаға мінгесе мінген екі адам тырмысып келе жатыр. Жеккен аты арық, көтеремге шалдыққан малша, сүйектері ыржыңдап түр. Барынша шабан, шыбыртқы тисе бар денесін салып жіберіп, солқылдап жортқан болып, кішкене жүргесін тағы аяңдай бастайды. Арбаны қиқая бір жақ иығымен тартып, бір көзін айдаушының шыбыртқысынан айырмайтын сияқтанады. Шыбыртқы көтеріле бергеңде-ақ аз қымсынып жүре бастайды. .....
Әңгімелер
Толық