Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Қазақстан Республикасының әлемдік ортаға тәуелсіз, егеменді мемлекет болып кіруі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің алдына жаңа, әрі жоғары талаптар қояды . Бұл қаржылық есептің мәні мен мазмұнының шет ел серіктестіктерге түсінікті және қол жетерлік болуы мен оларды өңдеу және ұсынудың халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келу қажеттілігімен байланысты .
Бухгалтерлік есепті реформалау үрдісі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталды . Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінің жетілуіне ҚЕХС , қаржылық шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспары мен оны қолданудағы әдістемелік ұсынулар сияқты нормативтік құжаттар үлкен үлес қосты деуге болады .
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудитт әдістемесі департаментінің ” № 4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ” – деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында : “ Кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық , қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді ” делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемерлерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге ) тапсырады ” делінген .
Ақша қаражаттарының бар жоғы туралы , оларды толтыру ресурстары , бағытталуы сыртқы пайдаланушыларға келесілерді талдау үшін керек :
> кәсіпорынның қаржылық жағдайын , төлем қабілетін , өздерінің ағымдады міндеттемелерін уақытында төлеу қабілетін , болашақта ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді активке инвстициялау арқылы өз қызметін дамыту мүмкіндігін , әрі қаржы ресурстарын тарту қабілетін зерттеу .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есептілікті қолданушыларға компанияның ақша қаражаттарын және оның баламаларын қалыптастыру қабілеттілігін бағалауға негіз беретінімен пайдалы . Қолданушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер компанияның ақша қаражаттарын қалыптастырып , оларды уакытылы орналастыру қабілетін бағалауды қажет етеді .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мақсаты шаруашылық серіктестіктер тобының қаржылық - шаруашылық қызметі туралы сенімді ақпаратты пайдалануды , оны бағалап , тиісті экономикалық шешім қабылдауын қамтамасыз ету ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.....

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар....
Курстық жұмыстар
Толық