Дос туралы мақал-мәтелдер (жолдас)

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малын бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа,
Жаратпаған малын бер,
Көре-көре күйінсін.

Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.

Достың ұлы - өз ұлың.

Біреуге беріп жағасың,
Біреуге еріп жағасың.

Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.

Доссыз өмір - шоғы жоқ көмір.

Мақал-мәтелдер
Толық

Денсаулық, дерт, қасірет

Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.

Бұлбұлдан шешен құс жоқ,
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.

Дүниенің қадірін,
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.

Көп екен көргеннен көрмегенің
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Мақал-мәтелдер
Толық

Енді қазақстандық жастар оқуын бітіргеннен кейін үш жыл ауылда істейді

Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, құжат алғаш ресми жарияланған уақыттан 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын тәмамдағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған.....
Жаңалықтар
Толық

"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Карантин режимі көпбалалы отбасыға қалай әсер еткені, оннан астам мектеп оқушысы бар үлкен жанұяда онлайн-сабақ қалай өтіп жатқаны туралы отағасы Мұрат Қабылбаев айтып берді

Ақмола облысы Кенесары ауылындағы он үш баласы бар Қабылбаевтар отбасының карантинде қалай өмір сүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді. ......
Жаңалықтар
Толық

Рақымжанға

Ғасырмен ғасыр тоғысқан,

Тай-төбе киелі жер еді.

Киесінен нәр алған,

Тәрбиеленген бұл елі еді.


Асыл туған атадан,  

Айбыны күшті қаһарман. 

Рейхстаққа ту тігем деп, 

Ант беріп еліне аттанған.


Қазағымның рухын көтерген,

Халқы үшін туған азамат.

Рақымжан тіккен көк туы 

Ұрпақтарына  аманат.


Аманатын ақта ұландарым,

Намысы жоғары қырандарым.

Бүкіл әлем бас иген

Мәңгілік ел ұрандарың.


Рақымжандай ер туған,

Ел үміті ақталсын.

Мәңгі өшпей есімі,

Тарихында қазағымның сақталсын.


Бүгінгі күн,  Рақымжан,

Қазағымның туын тіккен күн.

Отпен, оқпен алысып,

Арманына жеткен күн.

Өлеңдер
Толық

Негіздер. Негіздердің қасиеттері (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Негіздер. Негіздердің қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.4.9 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну; -олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: -негіздер мен сілтілер арасындағы айырмашылықты түсіну
-негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу
-негіздердің және амфотерлі негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су
Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру
8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
Сабақ мақсаттары:
судың құрамы мен құрылысын айқындайды;
судың бірегей қасиеттері мен оның өмір үшін маңызын байланыстырады;
судың табиғаттағы айналымын сипаттайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

№ 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы» (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақ тақырыбы: № 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.4.10 -тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық