Есірік

Өте ерте кезде есірік деген ел болыпты. Ол елдің Әулеки деген биі болыпты. Әулеки би елдегі игі жақсыларды жиып, ислам діні шыққанына жар шашып, халқына ораза ұстауды, намаз оқытудың амалын іздестіреді. Жиылған адамның ешбірі ақыл айтпаған соң, бес мықты жігітті сайлап алып, елінен жеті жүз ділдә жиып береді де:

— Осыған ораза, намаз тауып сатып әкеліңдер. Егер тауып әкелмесеңдер, бастарыңды аламын,– деп бұйырады. Ораза- намаз іздеген Әулеки бидің бес жігіті ай жүріп арып, жыл жүріп жүдеп, батыстағы бір елге келеді. Ел ішіне келіп, өздерін түгендесе біреуі жоқ. Қалай санаса да төртеу болып шығады. Жігіттер осылай жоғын іздеп тұрғанда сол елдің түйеші шалы Мұрал қастарына келіп, неге әбігер болып жатқандарын сұрайды. Жігіттердің біреуі......
Ертегілер
Толық

Өліп тірілген қыз

Бір жарлы шал болыпты. Оның бір ұл, бір қызы болыпты. Ұлы мен қызы он жеті-он сегіз жасқа келгенде шалдың кемпірі қайтыс болыпты. Кемпірі қайтыс болған шал қолыңдағы бірлі-жарым ірі қарасы мен жиырма шақты ұсағын беріп, өзі сияқты бір кедейдің жалғыз қызына баласын үйлендіріпті. Шалдың келіні асқан сұлу болыпты. Үйленген соң көп кешікпей шалдың ұлы қайтыс болыпты да келіні жесір қалыпты. Шал келіні мен қызын асырап отыра беріпті. Келіні басқаға тұрмысқа шықпапты.

Күндерде бір күн шалдың үйіне үш кісі келіп қонады. Оның бірі қарапайым киім киіп, ел арасына сейілге шығып жүрген басқа бір елдің ханы екен. Оның көзі шалдың сұлу келініне түседі де:

— Мына келініңе құда түскім келеді, қалыңды мол берейін, маған бер, – деп шалға қолқа салады. Сонда шалдың келіні:

— Мен атама ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып отырмын. Маған үйленем десең, малдың керегі жоқ, атам мен қайын сіңілім......
Ертегілер
Толық

Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.

Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:

— Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп......
Ертегілер
Толық

Мейірімсіз князь

Ертеде мейірімсіз тәкаппар князь өмір сүріпті.

Оның жатпай-тұрмай бар ойлайтыны жер-жиһанды бір өзім бағындырып, қайтсем ашсам алақанымда; жұмсам жұдырығымда ұстасам деген пиғыл болыпты. Сөйтіп жан-жағындағы көршілес елдерді бірінен кейін бірін басып ала береді, оның әскері жүріп өткен жердің ойран-топыры шығады; егінді таптап, шаруалардың үйлерін өртеді, өрттің қызыл тілі айналасындағылардың бәрін жалмап, ағашты алқаптарды......
Ертегілер
Толық

Жүз ауыз өтірік айтқан Тазша

Баяғыда бір хан болыпты. Ханның сұлу қызы бар екен.

Бір күні хан: «Кімде-кім жүз ауыз өтірік айтса, қызымды беремін!», — деп жариялапты. Таланттының бәрі де өтірік айтамын деп одан-бұдан құрап айтса, не дәмін келтіре алмай, не жүзге толтыра алмай, ханға басын алдыра беріпті.......
Ертегілер
Толық

Мейірімді аяз жайлы ертегі

Екі қызым мектептен келе сала:

— Мама, мұздап кеттік,
— Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
— Мама, аяз жаман ғой,- деп бұртиды кішісі.
— Иә, қатып қалдым,- деп қостай кетті үлкен.
— Қой, аязды жаман демеңдер. Ауа-райын сөгуге болмайды. Аяздың да пайдасы бар, - деп пешке көмір салып жатқан мен оларға басу айттым.
......
Ертегілер
Толық

Тазшаның қырық өтірігі

Ертеде бір хан халқына жар шақыртты:

— «Кімде-кім алдыма келіп, кідірмей-мүдірмей, бір өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе және артынан қырық ауыз өтірікті өлең қылып айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу етемін, тіпті, уәзір қоямын. Бірақ, бір сертім бар: әңгімесінің, иә өлеңінің ішінде бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!» – депті.

Бұл хабар жұрттың құлағына тегіс тиген соң, ханның қызын алып, күйеу болуға қызықпайтын адам болмайды. Әркімдер-ақ дәмелі болып: «Ой, айтпай несі бар!» – деп ханның алдына ......
Ертегілер
Толық

Биология | ҚАН ӨНДІРІЛУІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНАН БОЛАТЫН ДИЗЭРИТРОПОЭЗДЫҚАНЕМИЯЛАР

Сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі немесе эритропоэз көптеген жағдайлармен реттелінеді.

Эритроциттердің өндірілуінің бұзылыстары төмендегі жағдайларды болуы мүмкін:

1. Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылуынан;

2. Эритроциттердің өндірілуіне қажетті заттардың тапшылығынан;

3. Сүйек кемігінің гипоплазиясы мен аплазиясынан;

4. Сүйек кемігі жасушаларынын өспелердің метастазаларымен немесе лейкоз жасушаларымен ығыстырылып қалуынан (метаплазиялық анемия).

Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылыстары.

Эритроциттердің өндірілуінің реттелуінің бұзылыстары мына жағдайларда байқалуы мүмкін: а) созылмалы уыттанулар немесе аурулар, (туберкулез, жұқпалы аурулар, қабыну ұрдістері ж. б) кездерінде макрофагтар мен Т- лимфоциттердің белсенділігі төмендеуі байқалатыны белгілі; ә) аденогипофиздің, қалқанша бездің, аталық жыныстық бездің қызметтері төмендегенде; г) бүйрек аурулары және басқа жағдайларда эритропоетиннің аз түзілуінен. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ

ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ
Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:
Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады.
Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). .....
Рефераттар
Толық