Биология | Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы тұқым шаруашылығын енгізіу

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі.
Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1].
Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді (ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені, тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30 пайызға дейін жоғарылатуға болады [2].
Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар, түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3].
Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер етеді.....

Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қара мал пастереллезін полимеразды тізбекті реакциясымен балау

Дипломдық жұмысҚазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары Дипломдық жұмысты атқарушы______________________________ _________________________________дайындаған диплом жұмысына  РЕЦЕНЗИЯ  Диплом жұмысының тақырыбы: ««ҚР кітапханал...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Библиография | Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиясы

ЖОСПАРКіріспеІ-БӨЛІМ. Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері1.1. Ақпаратттық технология заманындағы кітапханалық өлкетану1.2. Қазақстан кітапханаларының өлкетану бағытындағы жұмыстарыІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиялық ресурстары2.1. Ағымдағы өлкетану би...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Библиография | Кітапхана қорын өңдеу және есепке алу

СодержаниеВведение-----------------------------------------------------------------------------------Глава I. Библиографическая деятельность Городской библиотеки г.Капшагай 1.1. История и современное состояние библиографической деятельности Городской библиотеки г.Капшагай--...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Электронды құжаттар және мұрағаттар

Электронды құжаттар және мұрағаттар МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3 1 Электронды құжаттардың пайда болуы1.1 Машинада оқылатын құжаттардың пайда болу тарихынан ....................
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кітапхана ісі | Қазақ баспасөзіндегі кітап проблемасының жазылуы

МазмұныКІРІСПЕ..............................................................................................................3 І ТАРАУ. ҚАЗАҚ КІТАП БАСУ ІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІКІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДАЖАЗЫЛУЫ.......................................................................
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарихты білесіңдер ме?

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебініңтарих пәнінің мұғалімі: Хидирова Карима АсқарбайқызыСабақтың тақырыбы: Тарихты білесіңдер ме?Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.Сабақтың мақсаты: Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміз...
Ғылыми жобалар
Толық

Балықты көлінің орналасуы мен тарихы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Жаскешу ауылы, Түлкібас ауданыС.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі 10 сынып оқушысы Лес Ақлима НұржанқызыЖетекшісі: Мауленқұлова Гүлжан ПернеханқызыҚазақ даласының әр төбесі, әр белесі ертегі, Топырағын басып қалсаң бір ертегі шертеді. М.ШахановБалықты көлінің орналасуы...
Ғылыми жобалар
Толық

Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар

"Маяковский атындағы негізгі мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекеменің9 - сынып оқушысы Құрмашева АружанҒылыми жетекші: Саржанова Гульжаннат Тусупбековнақазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміТақырыбы: "Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар"(қоғамдық - гуманитарлық бағыт)2016 - 2017...
Ғылыми жобалар
Толық

Мүшелде бар жұмбақ сыр

Жобаны орындаған: Барлықова Айбар, Жұмахан АйеркемЖобаның жетекшісі: Болысбаева МайгүлҒылыми жобаның тақырыбы: Мүшелде бар жұмбақ сырҒылыми жобаның мақсаты:Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше ...
Ғылыми жобалар
Толық