» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика на казахском языке
Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата
Армысың, қайырымды Жер - Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос - жаран..
Жылулық шеңбер.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті.

Қызықтыру сәті: Әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Білім ханшайымы: Балалар мен мектептен келген «Білім ханшайымымын». Сіздерді мектепке барады деп естіп келдім. Мектепке барғыларыңыз келе ме?
Балалар: Иә.
Білім ханшайымы: Олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге тапсырмалар ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар мектепке қабылданасыңдар.
Тәрбиеші: Қош келдің Білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз.
Ендеше балалар Білім ханшайымы қандай тапсырма әкелді екен қарайық.

1 - тапсырма:
1. Жылдың төрт мезгілін ата?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Бір аптада неше күн бар?
5. Бүгін аптаның нешінші күні?
6. Қазір тәуліктің қай мезгілі?

Ойын: «Шардың түсімен жыл мезгілін сәйкестендір»
(қызыл, сары, ақ, жасыл)

2 - тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»
Тәрбиеші: Балалар 2 - тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үш бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төмеңгі бұрышына шеңберді орналастыр.

Дидактикалық ойын: « Қай пішінге ұқсайды?»
Сергіту сәті. Балаларға жәшіктен әр түрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
3 - тапсырма:
1 - ден 10 – ға дейін тура және кері санау Екі тілде санау.
Дидактикалық ойын.. «Жоғалған сан».
Сандардың көршісін табу. (кубиктермен)
(1 - ден10 - ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.)

Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Мектепке апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.
4 - тапсырма: «Жол картасын бейнеле»
Ағаш, күн,, тас, гүлдер, жол, мектеп, үйлер) т. б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша балалар жапсырады.

Тәрбиеші: Енді балалар Білім ханшайымының әкелген соңғы тапсырмасын қарайық.
5 - тапсырма:
Логикалық есептер
1. - Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)
2. - Қоянда неше құлақ бар. (қоянның суретін көрсету)
3. - Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)
4. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
Білім ханшайымы: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір - бірлеріңе көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді сіздерді мектепке қуана - қуана қабылдаймыз. Енді мен басқа балабақшаға барамын, сау болыңдар.
Әуенмен «Білім ханшайымы» шығып кетеді.

Қортынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік. Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санаймыз. (Бірге қайталау) Жыл мезгілдерін білеміз. Апта күндерін білеміз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 49 | 8.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Қызықты математика дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Қызықты математика, мектепалды Қызықты математика дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дай, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика