» » » » Балабақша сабақ жоспары: Шана

Балабақша сабақ жоспары: Шана

Балабақша сабақ жоспары: Шана казакша Балабақша сабақ жоспары: Шана на казахском языке
Мақсаты: Қыс қызығы туралы тусінік беру
Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бейнелі қыс мезгілінің суреті
Балалар бірінің қолынан ұстасып залға кіреді(музыка ойнап тұрады)
Тәрбиеші:Балалар бізге бүгін коп апайлар қонаққа келіпті. Ендеше сол апайлармен амандасып алайық
Балалар:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс
Тәрбиеші:Қыстын неше баласы бар?
Балалар:Үш: Желтоқсан, Қаңтар, Акпан
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар. Бүгін желтоқсанның 7 күні. Бізге қыстын шуақты күні шуағын төгіп жылуын беріп тұр. Ендеше біз бір-біріміздін алақанымыз арқылы жылы лебізімізди білдірейік.
Балалар(щеңбер жасап тұрады)
Біздің топта ұл –қыздар,
Тату –тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жаксылық ойлаймыз.
Тәрбиеші:Енді балалар бәріміз орнымызға отырып, сабағымызды бастаймыз(жұмбақ жасыру)
Балалар(жауабы)Қыс
Тәрбиеші:Өте жақсы ,ал біздің бүгінгі тақырып »Шана»
Маған қазір бір-бірден келіп қыста қандай ойындар ойнайсындар,соны алдарындагы суреттен тауып алып, тактаға ілесіңдер (балалар суреттерді тауып,тақтаға жабыстырады)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, енді сендер қыс туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Балалар:
Айнар:
Аққу мамық ұлпа қар
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетінді
Ширатады етінді.
Дархан
Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жаткан қаймақ па?
Құлдыраймыз шанамен
Қыс басынан сай жаққа
Нұрғиса:
Шана шаңгы тебетін,
Сырғанақта ойнайтын
Аққала соғып далада
Қыс мезгілі тамаша
Алина:
«Қыстын көзі қырауда»
Нұрболсын:
Қыста ғана болады
Ұстасан қолын тонады
Темірлан:
Отқа түссе жанбайды(қар)
Суга салса батпайды(мұз)
Тәрбиеші: Жақсы балалар, айтыңдаршы, мына суреттегі не?
Балалар: Шана
Тәрбиеші:Алина, шана қандай?
Балалар: Әдемі
Тәрбиеші: Карина, шана не істейді?
Балалар: Зырлайды
Тәрбиеші: Енді толык сөйлемін айтамыз.
Балалар: Әдемі шана зырлады
Тәрбиеші:Жақсы балалар, енді қазір екі топка бөлінеміз.
1топ: Кубикті бір-біріне лақтырыңдар, кімге қандай сурет түседі, сол суретті суреттеп айтамыз.
2топ: Қысты көз алдарыңа елестетіп, қыстың суретін салындар.
(1 топ пен 2 топ кезектесіп жұмыс істейді).
Тәрбиеші: Ал, балалар, енді кішкене серігіп, демалып алындар:
Ұзын кұлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқи-ытқи секірді.
Енді, балалар, қыстын адамға жақсы жағын, жаман жағын айтамыз.
Балалар: Жақсы жағы: Қар жауады, аққала соғамыз, шана сырғанаймыз, таза ауа жұтамыз.
Жаман жағы: Боран болады, аяз болады, суық болады.
Тәрбиеші: Енді, қане, боран қандай дыбыс шығарады?
Балалар (Қолдарын жоғары көтеріп уілдеген дыбыс шығарады)
Тәрбиеші:Ал аяз болганда, қатты тонғанда не істейсіңдер?
Балалар (Қолдарын уқалап,аяқтарын тыпырлатады).
Тәрбиеші: Жаксы, балалар, сендер қыс туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Сабаққа өте жаксы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет.
Ғажайып сәт: Енді балалар, сендер көздерінің алдында қар жауғанын елестетіндер.
Балалар: (көздерін жұмып қолдарын созады)Тәрбиеші:3-ке дейін санаймыз, 3 дегенде көздеріңді ашасындар. 1,2,3 (үстеріне қар жаудырту)
Балалар:Алақай! Кар!.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 55 | 6.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Шана арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Шана, балабақшаға Шана арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары балабақша жылдық, Балабақша сабақ жоспары: Шана