ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

 ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

Мақсаты: Гимнастикалық орындықтың үстімен жүруге, бір қатарға қойылған заттар арасынан жыланша ирелеңдеп жүруге үйрету. Жаттығуларды орындау барысында дене сұлулығын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Балалар спорт залына саппен кіреді.

Сапты түзеп тұрады. Тәрбиешімен амандасады.

Сәметсіздерме, балалар!
Саламатсызба!
Балалар , бізге қонақтар келіп қалыпты, қонақтармен амандасып алайық
Балалар: Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз.

Туған елдің көгінде ,

Шамшырақ болып жанамыз!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Ал, балалар жаттығуымызды қайталап, денемізді шыңықтырып алайық.
Жүру, жүгіру түрлеріне арналған жаттығулар:

Шеңбер бойымен жай жүру:
Біз көңілді баламыз,

Жаттығуды жасаймыз.

Денені тік ұстаймыз,

Аяқты нық басамыз.

Өкшемен жүру:
Түзу болсын арқамыз,

Өкшемізбен жүреміз.

Аяқтың ұшымен жүру:
Аяқтың ұшымен де,

Жүруді біз білеміз.

Ирек жолмен жүру:
Жүгіреміз ирек жолмен,

Адаспай бір- бірімізден.

Жай жүріп дем алу жолдары:
Денені бос ұстаймыз,

Дем алып тынығамыз.

Жай жүру:
Күшке толы баламыз,

Күнде біз шынығамыз.

Бәріміз де ер жетіп,

Үлкен жігіт боламыз.

Енді балалар жан – жақты дамытушы жаттығуларды жасаймыз.








Ән әуенмен жаттығуларды жасау.

Қолдарында ленталар бір бағытта топ болып жүру. Белгі бойынша қарама- қарсы бағытқа жүгіру. 2 рет қайталау.
Жәй жүру. Лента ұстаған қолдарын екі жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Қол белде өкшемен жүру.

Жәй жүру. Үш топқа бөлініп сапқа тұру.
Б.қ. тіке тұру, аяқтың арасы сәл ашық, қол дене бойымен төменде.
Қолды екі жанға созу б.қ. келу (5-6 рет)

Б.қ. Аяқты айқастыра жерге отыру, лента ұстаған қол алдымызда. Оңға бұрылып лентаны жерге тигізу, б.қ. келу. Дәл солай сол жаққа қайталау. Әр жаққа 5-6 рет қайталау.
Б.қ. тіке тұру аяқтың арасы сәл ашық, қол дене бойымен төменде. Алға еңкейе отыру, лентаны жерге тигізу. Б.қ. келу 5-6 рет қайталау.
Б.қ. Шалқасынан жату, аяқ түзу, қол дене бойымен.Тізені бүге аяқты өзіне жақындату, лентаны аяқтың ұшына тигізу. Б.қ. келу. (5-6 рет)
Б.қ. тіке тұру, аяқ бірге, қол жоғарыда, лентаны бұлғап қос аяқпен бір орында секіру.
9.Тыныс алу жаттығулары. Лентаны алға созу, терең дем алып лентаны үрлеу.

Тосын сәт: Ән әуенмен (күй) Ертөстік келеді. Мұнайып, көңілі жабырқап тұрады.

Ертөстік: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар амандасады.

Тәрбиеші: Сіз кім боласыз?

Ертөстік: Ертөстігім деп елім,

Ертегі ғып шертеді.

Мәңгі жасап келемін,

Мен қазақтың өркені – мен ертегі елінен келемін, менің Шалқұйрық деген атымды Мыстан кемпір ұрлап кетті, соны іздеп жүрмін.

Тәрбиеші: Балалар, Ертөстікке көмектесеміз ба?

Иа, көмектесеміз.
Тосын сәт: ( салдыр, гүлдір, ән әуенмен) Мыстан кемпір алаңды бір айналып шығады.

Мыстан кемпір: Мен мыстанмын, мыстанмын

Уа- ха-ха, Уа-ха –ха.

Тәрбиеші: Мыстан кемпір, сіз Ертөстіктің атын ұрлап кетіпсізғой, қайтарыңыз.

Мыстан кемпір: Иа, мен оның атын ұрлап алдым. Енді Ертөстіктің өзі керек.

Қане Ертөстік тас бол, тас бол! – деп қатырады.

Ертөстік қатып қалады.

Тәрбиеші: Балалар, мыстан кемпір Ертөстікті қатырып тастады. Енді не істейміз?







Мыстан кемпір: Балалар, Ертөстікті қайтарғыларын келсе, менің шартымды орындайсыңдар ма? Сол шартты орындасаңдар, мен Ертөстікті атымен қосып қайтарам.

Тәрбиеші: Балалар, Ертөстікке көмектесемізбе? ( Балалар жауабы). Онда Мыстан кемпір өз шартынды айт.

Мыстан кемпір: Ертегі елінде, көлдің ар жағында, тастардың арасында, ағаш өсіп тұр. Сол ағаштың жанында кішкентай сандық бар. Сандықтың ішінде жұмыртқа бар, оның ішінде сақина бар. Сол сақинаны әкеліп берсеңдер мен Ертөстікті атымен қосып қайтарамын. Ол елге бару үшін мен сыпыртқымның екі талын берем. Біреуін сындырып, сол елге барасыңдар, ал екіншісін сындырғанда қайтадан балабақшаға қайтасыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, ертегі еліне барып Мыстан кемпірдің шартын орындаймыз ба?

– Иа, орындаймыз.

Мыстан кемпір: Мен сендерді бақылаймын, ұшып қарап жүремін. Мені алдып кетеміз деп ойламандар. Мен бәрін көріп тұрамын. У-у-у-у

Тәрбиеші: Балалар, ертегі елінде қауіпті жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Мұқият жан- жағымызға қарап жүрейік. Бір – бірімізден алыстамай жүру керек. Олай болса, шеңбер жасайық, көзімізді жұмамыз, сыпыртқының бір талын алып сындырамыз.

(Жай әуен, тарс сыпыртқының сынғаны)

Тәрбиеші: Балалар, қане көзімізді ашайық, жан – жағымызға қарайықшы не көріп тұрмыз.

Балалар жауабы.

Дұрыс, балалар біздер ертегілер елінде жүрміз, қараңдаршы, балалар алдымызда Мыстан кемпір айтқандай қол бар екен. Бұл көлде су перісі болу мүмкін, мұқият болыңдар, ол өзімен бірге сендерді судың астына алып кету мүмкін. Осы көлден көпір арқылы өтеміз. Көпірден өтерде тепе – теңдікті сақтауымыз керек. Ол үшін қолымызды жан- жаққа созып, оң және сол жаққа қарап жүріп өтеміз. Енді балалар, алдымызда не тұрғанын қараңдаршы.
Балалар жауабы: Тастар.

-Дұрыс, енді осы тастардың арасымен жылынша ирелеңдеп жүрейік. Байқандар, аяқтардың астарына қарап жүріңдер, кішкене тастар аяқтарына кіріп кетпесін.

Бір аяқ жолмен жыланша жүру.

— Қане, балалар, мына қызықты қараңдаршы, үлкен гүлдер, олардың үстінде үлкен көбелектерді.

Гүлді искеу арқылы дем алу жаттығуларды жасау.

Бұл ертегі елі болғасын, осындай ғажайыптар көп кездесіп тұрады. Ал, балалар, қараңдаршы қай ағаштардың арасында сандық бар екенін. Балалар сандақты іздеп, тауып алады.






Тәрбиеші: Балалар, сандықты ашып көрейік, ішінде не бар екенің қарайық? – Сақина.

Енді осы сақинаны Мыстан кемпірге апарып берейік, келген жолымызбен қайтамыз.

(Қауіпсіздіқ ережелерді айту)

Шеңберге тұрып, сыпыртқының екінші талын сындырып, балабақшаға қайту.

Мыстан кемпір: Иа, келдіңдер ме? Маған сақинаны әкелдіңдер ме? – Иа.

Тәрбиеші: Мінекей Мыстан кемпір сіздің сақинаңызды әкелдік. Енді Ертөстікті атымен қайтарып беріңіз.

Мыстан кемпір: Қане, қолыма қигізіңдер. Енді Ертөстікті сендерге қайтарам атымен бірге.

Мыстан кемпір Ертөстікті атымен бірге тірілтеді.

Мыстан кемпір: Балалар, жарайсыңдар, достыққа берік екенсіңдер, мен енді өз еліме кетейін. Мен енді ешкімге қиянат жасамауға уәде бермін. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Ертөстік: Рахмет, балалар, сендер мағам көмектесіп, атымды қайтарып бердіңдер.

«Ат – ер қанаты» — деген қанатты сөз бар, дегендей мен сендерге сыйлығымды

тарту етемін. Сендер сымбатты, күшті болу үшін, мен сияқты батыр болыңдар.

Желдей жүйрік, шапшаң жүгіріңдер. Сендерге көп рахмет, осы сыйлығымды

қабыл алыңдар. (Медальондарды тарату)

Енді, балалар, менда өз елімен қайтайым. Сау болыңдар!

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: Балалар сендерге саяхат ұнады ма? (Балалар жауабы)

Сендер Ертөстікке көмектесіп, атын қайтарып, ертегі еліне саяхат жасап қайтыңдар. Ол елді не түрлі ғажайыптар көрдіңдер?

Балалардың жауабы.

Балалар, Ертөстік сияқты нағыз батыр, күшті екенсіңдер, Батыр болу үшін, күнде денені шынықтыру керек, жаттығуларды жасап тұру керек.
Апайлармен қоштасу.

Сау болыңдар!.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!