Шынықсаң шымыр боласың

 Шынықсаң  шымыр боласың

Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН.4 Грамматикалық норма
5.4.4.1.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Берілген мәтінді оқи алады. Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді табады.
Көпшілік оқушылар орындай алады: Мәтіннен туынды және күрделі сөздердің түрлеріне қарай ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Қосымша тапсырмалар арқылы жұрнақ, туынды және күрделі сөздерді ауызша, жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.
Бағалау критерийі -Туынды және күрделі сөздердің т абады, түрлеріне қарай ажыратады.
-Күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды. Туынды және күрделі сөздерді табады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: күрделі сөз, қос сөз, тіркескен сөз, қысқарған сөз.
Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: денешынықтыру, суда жүзу, жеңіл атлетика, гимнастика, садақ ату, спорт түрлері, күллі әлем.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Балалар, сендердің ойларыңызша спортшы деген кім?
2. Спорттың қандай түрлері бар?
3. Біздің елімізде спорттың қай түрі дамыған?
Не себепті деп ойлайсыз? Не себепті адамдар спортпен айналысады деп ойлайсың?
Ишара: Қол соғу, отырып тұру, секіру.
Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу.
Пәнаралық байланыс Дене шынықтыру. Дене шынықтыру пәнімен байланысып білім алушылардың өзара салауатты өмір салтын ұстануы н насихаттау
Тақырып бойынша алдыңғы білім "Бос уақыт және хобби" жалпы шолу барысында алдыңғы сабақпен байланыстыру
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5мин 1. Ұйымдастыру бөлімі
2.Топқа бөлу «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.(спорттық ойындардың түрлері арқылы)
3. Ой қозғау. Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты болжау. Сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:
- Берілген суреттер арқылы не
байқадыңдар?
- Балалар, сендердің ойларыңызша спортшы деген кім?
- Біздің елімізде спорттың қай түрі дамыған?
Өздеріміз білетін спортшылар туралы айтып көрейік
1-топ 2-топ

3 – топ 4- топ

Қима суреттер
Сабақтың ортасы

Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерий
-Мәтінді оқиды.
-Сұрақтарға жауап береді.
-Күрделі сөздерді табады.
1-тапсырма.
"Астын сызып оқу" стратегиясы.
А) Мәтінді оқыңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Әшірбек Сығай:
-Сіздің самбоның шебері деп естідік.
Кәкімбек Салықов:
-Ауылда өстік. Ауылда не бар? Доп ойнаймыз. Онда резеңке доп та жоқ. Жүннен домалақтап өзіміз жасап аламыз. Сосын күрес, ауланы ала шаң қылып күнде күш сынасамыз.басқа ермек жоқ. Мәскеуде жүрміз. Бір күні өзен жағасында демалып отырсам,бір жігіт келді. «Күресесің бе?» - деді. Күрестік. Алып ұрдым. Күлді де, « қайта күресейік» деді. Тағы жығып кеттім. Тағы деп тұр.
Мен: « Қазақ бір-ақ рет күреседі. Енді сенімен күреспеймін»,- дедім. Сөйтсем ол қырғыз жігіті болып шықты. Мәскеудің чемпионы, бірінші разряды бар екен.
Ертеңіне мені институттың денешынықтыру кабинетіне шақырды. «Дәулетовті жеңгенің рас па?» -дейді. Сосын мені стипендияма он бес пайыз үстеме төлеп, самбоға алды. Әуелі институттың, келесі жылы Мәскеудің чемпионы болдым.
(Әшірбек Сығай)
Сұрақтарға жауап бер.
1.Диалогке қатысқан кімдер? Кәкімбек Салықовтың кім екенін біл.
2. Самбо қандай спорттық ойын?
3. К.Салықовтың танылуына қандай жағдай себеп болды?
Ә) мәтін ішінен күрделі сөздерді тауып, астын сызыңыздар.

Дескрипторлары
- Мәтінді оқып, түсінеді.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Күрделі сөздерді табады, астын сызады.

Қалыптастырушы бағалау
Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.

Кері байланыс (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау)
Сергіту сәті
1 минут Оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Отырып тұру» әдісі болды. Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздер айтылып, қатысты сөзге отырады, қатысты емес сөзге тұрады. (тасбақа, шаш, садақ ату, БҰҰ, болашақ, ата – ана, т.б) Оқушылар қимыл – қозғалыста болады
жоғары деңгей дағдылары
7 минут
7 минут Топтық жұмыс 2-тапсырма .
Бағалау критерийі
1.Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен қосып айтады.
2.Мағынасын түсінеді.
1-2-топ
Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен қосып айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын "Қос жазба" күнделігіне салып түсіндіріңіз.
Сөздер Мағынасы
Керекті сөздер: арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, дос); қалың (киім, жұрт, бет, қамыс); қоңыр(сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю); сары(май, уайым, уыз, ауыз, су)
Дескриптор
-Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен қосып айта алады.
-Мағынасын түсіндіреді
Қалыптастырушы бағалау
Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.
Кері байланыс(смайлик арқылы бағалау)
Бағалау критерийі
Біріккен сөз бен қос сөздің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады
3-4-топ
«Қос диаграмма»
Дескрипторы
- Біріккен сөз бен қос сөздің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба алады
Қалыптастырушы бағалау
Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.

Кері байланыс : «Сөздік бағалау» әдісі бойынша ауызша бағаланады «Жарайсың» «Дәл тауып айттың»
Бағалау критерийі
- Күрделі сөздерді анықтайды.
- Графикалық органайзер арқылы берілген күрделі сөздерді ажыратып жазады.
3 – тапсырма.
Графикалық органайзерлердің көмегімен берілген күрделі сөздерді бағандарға тізбектеп жазыңыз.
Тоғызқұмалақ, АҚШ, алтыбақан, спорт кешені, аяқдоп, үлкенді-кіші, жанкүйур, қысы- жазы, жержүзі,БҰҰ, алыс - жақын, денешынықтыру, кг, ауыр атлетика, әйелдер күресі, ҚР,Әділбек, жүзу спорты

Дескриптор
- Күрделі сөздерді анықтайды.
- Графикалық органайзер арқылы берілген күрделі сөздерді ажыратып жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау
Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.
Кері байланыс(смайлик арқылы бағалау)
Бағалау критерийі
-күрделі сөздерді топтастырады
-«спортшы» сөзіне өлең құрастырады
-Өз ойларын айта отырып, өмірмен байланыстырып жазады.
4 – тапсырма. (саралау тапсырмалары)
Білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды «Үшбұрыш» әдісімен қабырғаға іліп қоямын. Оқушылар өз қажеттіліктеріне сай тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма. Күрделі сөздерді топтастырып жазыңыз.
2 – тапсырма. «Спортшы» сөзіне өлең құрастырып, мәнерлеп оқыңыз.
3 – тапсырма.
«Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында әңгіме жазыңыз.
(әңгімеге күрделі сөздерді қатыстырып жазу)
Дескриптор
-күрделі сөздерді топтастыра алады
-«спортшы» сөзіне өлең құрай алады
-Өз ойларын айта отырып, өмірмен байланыстырып жазады.
Қалыптастырушы бағалау
Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.

таратпа қағаздар
А4 қағаздар
флипчарт
маркер
Сабақтың соңы
3 минут Рефлексия «Кеме» әдісі

Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың
барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді
жасыл түске боя;

Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты
кездестірген болсаң, желкенді сары түске
боя;

Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды
орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя; Үлестірме қағаз, маркер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалу – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ- мен байланыс құндылықтардағы байланыс



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді боды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқ ушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан тыс не жасалды?
Кері байланыс
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқытуға қатысты)?
1:

2:

Сабақтың одан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?