Қазақтың ұлттық ойындары


 Қазақ ұлттық ойындары

2

УДК 391/395 ББК 75.727

Қ 17

 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Қ 17 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ.

Құрастырған Базарбек Төтенай.

– Алматы: «Балауса» баспасы, 2013. 96 бет, суретті.

ISBN 978-9965-672-86-6

 Жинақ тарих ғылымдарының докторы, гуманитарлық ғалымдар академиясының академигі, белгілі ғалым, этнограф Базарбек Төтенайдың қазақтың ұлттық ойындарына қатысты ғылыми зерттеу еңбектерінің, кезінде жарық көрген

оқулық-кітаптарының, мерзімді баспасөз бет- терінде жарияланған мақалаларының негізінде әзірленіп, алғаш рет толық көлемде ұсынылып отыр.

Кітапқа халқымыздың жүзге жуық ұлттық ойындары енгізіліп,

жас оқырмандарға тартымды әрі көрнекі болу үшін түрлі түсті суреттермен безендірілген. Сондай-ақ ойындар олардың ерекшеліктері мен ойынға қатысушылардың жас шамалары ескеріле отырып жүйеленген.

ISBN 978-9965-672-86-6

УДК 391/395 ББК 75.727

© «Балауса баспасы» ЖШС, 2013

© Нұран Айымбет, безендіру, беттеу, 2013

4

АЛҒЫ СӨЗ

азақтың ұлттық ойындарын зерттеуге өзінің отыз жылдан астам өмірін сарп еткен Базарбек Өртенбайұлы олардың шығуы мен қалыптасуы тарихтың сонау терең қойнауында

жатқанын ғылыми деректермен нақты дәлелдеп шыққан қазақ ғалым- дарының ең алғашқыларының бірі болып танылады. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде ықылым заманнан бері қазақтың байтақ даласын мекен- деген және қазақтың арғы тегі болған түркі тілдес тайпалар ғасырлар бойы өздерімен бірге жасасқан ұлт ойындарын үнемі дамытып, өмір ағымына қарай жетілдіріп отырғанын жан-жақты сипаттайды. Ғалымның сараптама еңбектеріне жүгінсек, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде- ақ бұл тайпалардың күнделікті тіршілік ағымынан туындаған өзіндік әртүрлі ойындары (қарагие, таяқ жүгірту, жылмаң, қақпа тас, садақ ату, т.б.) болған көрінеді. Олар сол тас дәуірінде ойынға көбіне өңделген тасты пайдаланса, кейін бертін келе ағашты, малдың сүйегін қолдана бастаған. Ал өркениеттің алғашқы кезеңінде, яғни темір пайда болған кезде ойындарға темір құралдарын жаратқан. Одан соң алғашқы феодалдық дәуірде, тайпалардың мемлекеттік құрылымы қалыптаса бастаған тұста, ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, бұғынай сияқты ойынның жаңа түрлерін өмірге әкелген. Әрі бұл ойындар дамытыла келе әрленіп, қоғамның ыңғайына қарай түрленіп отырған. Дегенмен де, ерте дүниеден күні бүгінге дейін жет- кен ойындардың көпшілігінің аттары өзгергенімен, олардың ішкі мазмұны сақталып қалған. Мәселен, қарагие – найза лақтыру, қақпа тас – бес тас, садақ ату – жамбы ату, т.б. деп өзгергенімен, бұлардың ойнау тәсілдері сол бұрынғы күйінде сақталып отыр. Сондай-ақ бүгінде қайсыбір ойындардың әр жерде әртүрлі аталуы да кездесіп жатады. Мы- салы, бүкіл қазаққа әйгілі «ақсүйек» ойыны кейбір аймақтарда «орда»,

«тоқтышақ» деп те аталады. Және бір назар аударатын жайт, о баста балалар ойнаған кейбір ойындарды келе-келе үлкендер де ойнаған көрінеді. Немесе керісінше, бір кездері үлкендер ойнаған ойындар кей- ін балаларға ауысып кеткен.

 Базарбек Төтенай қазақ жерін мекендеген тайпалардың ұлттық ойындары жайында ең алғаш пікір айтқан Рашид-ад дин, Низами-аль- Мулк, Мосуди, Махмуд Қашқаридың еңбектеріне де кеңінен тоқталады. Қазақтың салт-дәстүр, ұлттық ойындарының, мейрамдарының қа- лай өтетінін майын тамыза суреттеп, тарихи талдаулар жасаған Ба- тыс Еуропаның ертедегі көрнекті саяхатшылары В.Рубрук, Ә.Маккей, П,Карпинидің жазбаларына да мейлінше назар аударады. Олардың қазақтың ұлттық ойындары еңбек үдерістеріне байланысты туындап отырғандығын, тіпті ұлт ерекшелігін көрсететін құрал екендігін мойын- дайтын пікірлерін толықтай қостайды. Расында, ағылшын саяхатшысы Ә.Маккейдің «тоғызқұмалақтың» шығу тарихына, ойналуына айрықша тоқтала келіп, бірінші рет оны дүниежүзілік спорт аренасына шығаруын, шахматпен қатар қоюын қалай қостамасқа! Оның ұлт ойындары халық театры мен өнерінің негізін қалады деген тұжырымына қалай келіс- песке. Ақиқатына жүгінсек, мұны қазір қазақ ғалымдары да растап жатқан жоқ па.

5

 Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны бүкіл Еуропа ел- деріне таратуға ерекше атсалысқан ұлты поляк А.Янушкевич өзінің тарихи жазбаларында қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келген күнін «бұл күн олар үшін бақыт күні, қуаныш күні» дей келіп, сол күні өз көзімен көрген ойын- сауықты, әсіресе «қыз қуу» ойынының ғаламат қызығын тамсана сипаттағанын тілге тиек еткен ғалым, ұлтымыздың және бір жанашыры, барлық саналы ғұмырын қазақтың фольклорын жинап, соларға ғылыми анықтама беруге сарп еткен атақты этнограф, ұлты басқа болса да қазақтың жоғын жоқтап өткен ғалым А.Диваевтың ұлттық ойындары- мызды да жинап, қағазға түсіріп, артында мол материал қалдырғанын айтады. Оны Орта Азия мен Қазақстанның эт- нографиясының негізін қалаушылардың бірі десек те артық болмас еді деген тұжырым жасайды.

 Осы айтылғандардан-ақ ұлттық ойындарымыздың өткен өмірдегі халық мәдениетінің, саяси-әлеуметтік дамуының негізін қалауда, яғни қазақтың қилы-қилы дәуірді басынан кешіріп, өз алдына дербес ел, ұлт болып қалыптасуында тарихи мәнінің зор болғандығын байқаймыз. Басы ашық бір нәрсе, ұлт ойындарының қай-қайсысында болмасын, олар қай кезеңде дамып қалыптаспасын – онда халықтың тір- шілігі, өнері, қадір-қасиеті дәріптеледі. Ұлт ойыны өзінің қалыптасу, даму ерекшеліктерінде барлық өнерді өз бойы- на сыйғыза білгендіктен де халықтың көңіл ашар театры болды. Өйткені ойындардың басым көпшілігінің шарты бо- йынша, ойын соңында қатысушылардан өз өнерін көрсету талап етіледі. Сонымен қатар, ұлт ойындарының халық тәр- биесіндегі рөлі де баға жеткізгісіз. Халық арасында «ден- саулық – зор байлық» деген сөз бар. Ал денсаулық жас кезден қалыптасуы керек. Яғни, бала кезден көп қозғалып, таза ауада көбірек ойнап, молырақ таза ауа жұту – мықты денсаулықтың бірден-бір кепілі болмақ. Осы орайда, әрине, қимыл-қозғалысқа бай ұлттық ойындарымыздың пайдасы көл-көсір дер едік. Әсілі, ежелгі ата-бабаларымыз ұлт ой- ындары баланың денсаулығын нығайтуымен қатар, оның ақыл-ойын да жан-жақты дамытатынын жақсы білген болса керек. Ұлттық ойындар – көшпелі халықты батылдыққа, еп- тілікке, тапқырлыққа, әділдікке тәрбиелейтін үлкен мектеп болғаны сөзсіз. Әрі өмірлік тәжірибелерге негізделген осы- нау ғажайып мектептің баға жетпес тәлім-сабақтары бүгін де, ертең де, еш уақытта құндылығын жоймақ емес.

 Сөз соңында осы жинақтың әзірленуіне, жарыққа шы- ғуына үлкен үлес қосқан, қолғабыс еткен марқұм автордың өмірлік қосағы Нәзигүл Нұрғалиқызына, ғалым-этнограф Ах- мет Тоқтабайға, баспагер Әділхан Батырханұлына, журна- лист Қуанбек Боқайға зор алғысымызды айтамыз.

Әлижан ТАУҰЛЫ

6

Қазақ ұлттық ойындары

8

ОЙЫНДАР

Бір қазан сүт

Жүргізуші:

  •  Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы да қалмапты! – деп, ойын-әң- гімені бірден оқиғадан бастайды.

 Аузы ашыла таңырқаған балдырған- дар шулап қоя береді:

  • Төгіліп қалып па?!
  • Ит ішіп кетіп пе?!

 Жүргізуші балаларды одан сайын ын- тықтыра түседі:

  •  Төгіліп те қалмаған, ит те ішіп кет- пеген...

Балалар жан-жақтан шулап кетеді:

  •  Төгілмесе, ит ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?!

 Жүргізуші енді әңгіменің ашығына кө- шіп, термелей жөнеледі:

Көбелек келіп көлп етіп, Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етіп, Жарымын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қарқ етіп, Қалғанын ішіп ол кетті. Сауысқан келіп саңқ етіп, Сарқынын ішіп ол кетті.

Қырғауыл келіп қиқу сап, Қазан түбі қаспағын Қырнап ішіп ол кетті...

Оқиғаның бұлай аяқталғанына бала-

лар мәз-мейрам. Олар өлеңдегі құстар- дың аттарын, іс-әрекеттерін қызықтап, жүргізушіге әртүрлі қосымша сұрақтар қойып жатады.

Ұшты-ұшты

 Жүргізуші ойыншыларды бір қатарға тұрғызады да, ойынның тәртібін түсінді- реді. Ойын басталғанда жүргізуші бала- лардың бәрін түгел көріп тұруы тиіс.

 Ойын жүргізуші: «Ұшты-ұшты, бөдене ұшты!» – деп, қос қолын жоғары көтереді. Оны тыңдап тұрған ойыншылар, ереже бойынша ұшатын нәрсеге қосыла қол- дарын көтеріп, ұшпайтын нәрсеге қол- дарын көтермеуі тиіс. Яғни, «бөдене ұшты» дегенде бәрі қолдарын жоғары көтеруі керек. Егер кім қолын көтермей қалса, сол ортаға шығып өнер көрсете- ді. Ал ұшпайтын затты айтқанда, мысалы:

«Ұшты-ұшты, бөрік ұшты!» – дегенде, кім қолын көтеріп қойса, сол айыпты болады да, өз өнерін көрсетеді.

 Негізінен жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастыра айтып, ойын- шыларды жаңылдыруға тырысады. Мы- салы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, артынша, ұшты-ұшты кекіл ұшты, немесе, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебе- лек ұшты, тауық ұшты – уық ұшты, қар- шыға ұшты – қанжыға ұшты... Сондай- ақ жүргізуші кілең ұшатын нәрселерді қайта-қайта айтып келе жатып, балалар салғыртси бастаған сәтте, аяқ астынан ұшпайтын затқа ауысып кетуі мүмкін.

Қазақ ұлттық ойындары

9

Қазақ ұлттық ойындары

10

Айгөлек

 Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойын- шылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15–20 метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне ке- зек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:

Айгөлек-ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек, Бізден сізге кім керек?

 Екінші топтың ойыншылары былай деп жауап береді:

Айгөлек-ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек Шолпан атты қыз керек.

 Шақырылатын баланың не қыздың атын атайды. Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер ол үзе ал- маса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе – онда өзі қалаған ойыншының бірін өз то- бына ала кетеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол топ ұтқан болып есеп- теледі.

Бұрыш

Ойынды бес не тоғыз бала ойнайды. Ойын жүргізуші ортада тұрады. Қал-

ған төрт ойыншы бір-бірінен 3–5 метр арақашықтықта төртбұрыш жасай тұра- ды да, кезек-кезек орындарын ауысты- рады. Ойын жүргізушінің мақсаты – төр- теуінің ортасында тұрып, ретін келтіріп босаған орынға тұра қалу. Талас тудыр- мау үшін әрбір ойыншы өзі тұрған жерді шеңбер жасай бормен сызып қойса да болады.

 Ойын барысында орнынан айырылған ойыншы ортаға шығып, ойынды әрмен қарай жалғастырады.

Бұғнай

 Ойын жүргізуші ойынға қатысушылар- ды айнала отырғызып жатып, бірінші бұғ- най, екінші бұғнай, үшінші бұғнай... т.б. деп әрқайсысын реттік санмен атап шы- ғады да, іле-шала кез келген бірін, мы-

Қазақ ұлттық ойындары

11

Қазақ ұлттық ойындары

12

салы, он жетінші бұғнайды дауыстап шақырады. Аты (реттік саны) аталған бұғнай орнынан ұшып тұрып, келесі бі- реуін шақыру керек. Әдетте малдас құ- рып не жүресінен отырған балалар бір- ден орындарынан тұра алмай қалып жатады, ал кейбір сасқалақ балалар аты аталмаса да, орындарынан атып тұрады. Мұндай ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.

Орамал тастау

 Ойнаушылардың саны көп болса, ой- ын қызығырақ өтеді. Қатысушылар екі топқа бөлінеді де, арасы бір-бірінен он адымдай жерде белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың шеткі ойыншысына ұстатады. Ол орамалды қар- сы беттегі ойыншының біріне қарай лақ- тырып жібереді де: «Қа...» – деп дауыстай- ды. Қарсылас ойыншы орамалды қағыпалып:

«...ғаз» – дейді, немесе «...ла» – дейді. Сон- да екеуінің айтқандарынан «қағаз», «қала» деген сөздер шығады. Ойынның шарты бойынша, айтылатын сөздер екі буын- нан аспауы керек. Мысалы, «са...» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»,

«са-қал», «са-рын» деген сияқты сөздер айтылуы қажет. Орамалды қаққан ойын- шы жылдам тиісті сөзді айта алмай қалса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Со- дан соң ол өз кезегінде орамалды қарсы жаққа лақтырып, жұмбақ сөздің бірінші

буынын дауыстайды. Осылайша ойын ке- зек жалғаса береді.

 Бұл ойын балалардың тіл жүйріктігін, тапқырлығын қалыптастырады.

Алшы

 Жарыс жекелей есепте өтеді. Көнге әр ойыншы бір асықтан тіге- ді де, төреші сақаларды иіріп, ойын- шылардың кезегін анықтайды. Бірін шікезекалғанойыншысақасы

Қазақ ұлттық ойындары

көннен алыстау жерге иіреді, себе і, сақасы «тәйке» түскен жағдайда о ы

ойыннан шығару үшін, өзінен кейінгі кезектегі ойыншы көннен тұрып сақасын атады. Егер тигізсе, алдыңғы ойыншы ойыннан шығып қалады. Ал тигізген ой- ыншы көннен бір асық алады да, са- қасы түскен жерден өз кезегі келгенде көндегі асықты атады. Келесі кезекте-

13

Қазақ ұлттық ойындары

14

гі ойыншы сақасын иіреді. Егер сақасы

«алшы» түссе, көннен бір асық алады да, өз кезегі келгенде сақасы жатқан жер- ден асықты атады.

 Егер бірінші кезектегі ойыншының сақасы «бүк» не «шік» түссе, сақасы ор- нында жата береді де, келесі кезекте- гі ойыншы сақасын иіреді. Ойын осы- лай жалғаса береді. Мәселен, соңғы ойыншының сақасы «тәйкесінен» түссе, онда бірінші кезектегі ойыншы оның са- қасын өз сақасының орнына атып, тигіз- се бір асығын алады да, сақасы түскен жерден өз кезегіндегі асықты атады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Ой- ыншылар асықты атқан кезде сақасы мен асығы бірдей жағдайда «бүк-бүк»,

«шік-шік», т.б. түскенде немесе сақасы

«алшы» түскенде ғана атқан асығын ала- ды. Егер атқан асығын иесі ала алмаса, келесі кезектегі ойыншы міндетті түрде осы асықты атады.

Омпы

 Ойын командалық есепте өткізіледі. Диаметрі 10 м шеңбер сызылады. Шең- бердің ортасына әр ойыншы өзінің асы- ғын тігеді. Асықтардың қақ ортасына бір асықты омпасынан тігеді. Әр ойын- шының кеудесінде нөмірі болады.

 Ойынның атыс кезегін анықтау үшін төреші жеребе тастайды. Команда ойын- шылары белгіленген нөмірінің жүйесімен шеңбер сызығынан 2 м қашықтықта қа- тарға тұрады.

 Шеңбер ішінде, асықтың жанында тұрған аға төреші ойын басталғандығын хабарлайды. Хатшы-төреші ойыншылар- ды бірінші нөмірінен бастап асық атуға сөреге шақырады. Асық атуды әр ко- манданың бірінші нөмірлі ойыншылары бастайды.

Ойын барысында ұстанатын ереже:

  •  Әр ойын сайын команда ойыншыла- ры көнге өз асықтарын тігеді. Омпыға тигізсе – 5 ұпай, асыққа тигізсе – 1 ұпай алады. Асыққа тигізген ойыншы атуды ти- мей қалғанға дейін жалғастырады. Егер ойыншының сақасы асыққа тимей, алшы- сынан түсетін болса, онда ату кезегін қай- талайды.
  •  Жарыс команда санына байланысты топтарға бөлініп, айналым жүйесімен өткізіледі. Атып алынған асық және омпы қайтадан тігілмейді. Жарыстың жеңімпазын анықтау үшін мәрелік ойын- да бірінші орын алған командалар өзара айналым жүйесімен қайта ойнайды. Екін- ші орын алғандар өзара, үшінші – өзара, төртінші... т.т. ойнайды.
  •  Мәрелік ойынға дейін команда- лар бірдей ұпай жинаған жағдайда, сол командалардың арасындағы ойын нәти- жесі алынады. Бірдей болмаған жағдай- да, артықшылық омпыны алған команда- ға беріледі. Егер команданың ешқайсысы омпыны атып алмаған жағдайда, бұл екі команданың арасында ойын қайта өт- кізіледі. Топтағы жиналған ұпай саны мә- релік ойындарда есепке алынбайды.
  •  Әр ойын алаңында аға төреші, төреші және хатшы қызмет етеді.

Қазақ ұлттық ойындары

15

Қазақ ұлттық ойындары

16

  •  Сақа тексеріледі, оны егеуге және қорғасын құюға болмайды. Сақаға ар- қардың, еліктің шикі асығын пайдалануға болады.

Хан

 Ойнаушылардың санына шек қойыл- майды. Ойынға қатысушылар өзара ке- лісім бойынша әрқайсысы бестен немесе оннан ортаға асықтарын шығарады да, солардың ішінен біреуін «хан» сайлай- ды. Сосын кезекпен барлық асықты жи- нап алып, қос қолдай иіре шашып тас- тап отырады. Кейде «хан» көп асықтың астына басылып, көрінбей қалуы мүмкін. Мұндайда асықты иіруші: «Ханды қара басты!» – деп жариялайды. Сол сәтте ой- ыншылар асықтарды бас салып, талап алады. Ал егер «хан» бөлек ашық жатса, онда иірген бала «ханмен» басқа асықты ата бастайды. Мысалы, «хан» бүк түссе, онда «ханмен» бүк жатқан асықты, шік түссе, шік жатқан асықты ату керек. Осы- лайша ойын жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға бол- майды. Сөйтіп, кезек алған ойыншы ойын шартын бұзғанға дейін, немесе «ханмен» ататын асық болмай қалғанға дейін атып, ұтқан асықтарын жинап алады. Ортаға салынған асықтар таусылғаннан кейін ой- наушылар қайтадан асықтарын шығарып, ойынды жалғастырады.

Бұл ойын негізінен ептілік пен шапшаң-

дықты, байқағыштықты аса қажет етеді.

Кетсін бір

 Ойынға қатысушылардың саны екіден аспауы керек. Екеуі сақаларын қосып, кезектерін анықтау үшін иіреді. Сосын бірінші кезек алған ойыншы қарсыласы- ның сақасын атқан кезде шамасы келген- ше алысқа ұшыруға тырысады. Сөйтіп, сақаның алғаш жатқан жерінен ұшып барған орнына дейінгі арақашықтықты табан ұзындығымен өлшейді. Яғни, қан- ша табанға ұшырса, келісілген шарт бойынша сонша асығын алады. Мысалы, ойыншылар үш табанға бір асық, неме- се табан басына бір асық деп келісулері мүмкін. Бірінші ойыншы ұтқан асығын алып біткен соң, сақа атуды екінші ойын- шы бастайды. Ойын осылайша жалғаса береді.

Бес тас

 Бұл ойынды ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның шарты бой- ынша, ойнаушылар ең алдымен кім-кім- нен кейін ойнайтындығын бес тасты лақ- тырып, қолдың сыртына түсіріп, содан қақшып алу арқылы кезек алысады, ең көп қақшығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы...

 Бірінші кезек алған ойыншы бес тасты ойынның шарты бұзылғанға дейін қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ой- найды, сөйтіп ойын жалғаса береді.

 Ойын бірліктен басталады. Бес тасты иіргеннен соң біреуін қақпа тас етіп алып, қалған төрт таста жеке-жеке бір-бірлеп

Қазақ ұлттық ойындары

17

Қазақ ұлттық ойындары

қағып алады. Екінші рет иіріп, екілікті ой- найды, онда жердегі төрт тасты екі-екі- ден қағып алады. Үшінші рет иіріп, үш тасты бірге, бір тасты бөлек қағып алады. Төрттікте қақпа тасты лақтырып төрт тасты жерге қойып, тағы лақтырып төртеуін жерден қайта алуы керек. Бесінші кезек –

«жалақ». Мұнда үш жалақ немесе бес жалақ болады. Қақпа тасты лақтырып жі- беріп, сұқ саусағымен жерді үш рет неме- се бес рет жалау керек. Үш яки бес рет жалау ойыншылардың өзара келісімдері бойынша белгіленеді. Алтыншы кезек –

«алақан». Қақпа тасты жоғары лақтырған сәтте, қалған төрт тасты екінші қолдың алақанына жинап үлгеру қажет. Жетінші –

«төрт бұрыш». Төрт тасты төрт жерге қой- ып, яғни төртбұрыш жасап, сосын қақпа тасты биіктете лақтырып жіберіп, жердегі төрт тасты жинап алуы тиіс. Сегізінші –

«арттан тастау». Бұл ойында жерден бірінші тасты қағып, екінші тасты жерден алғанда бірінші тасты қолдың артынан жерге та- стау керек,сосын үшінші тасты алғанда екінші тасты арттан тастауы керек, сөйтіп бәрін тастап болғаннан кейін жерден бә- рін жинап қағып алуы тиіс. Тоғызыншы –

«үндемес». Мұнда қақпа тасты қағып алғанда, қолдағы таспен жерден алған тасты соғыстырмау керек. «Үндеместі»

ойнаған кезде ойыншының өзі үндемейді. Басқа ойыншылар ойынның осы шартын пайдаланып, «үндеместі» – ойнап жатқан ойыншыны күлдіруге, сөйлетуге тырыса- ды. Бұған оның берілмегені жөн. Өйткені, егер әлдеқалай дыбыс шығарып қойса, кезек келесі ойыншыға көшеді. Оныншы –

«сарт-сұрт». Бұл ойында бірліктегі сияқты әрбір тас жеке-жеке қағып алынады, тек қақпа тас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылған дауысы естілуі тиіс. Он бірінші – «қақшу». Ойыншы бес тасты иіріп, қақпа тасын алғаннан кейін қалған төрт тасты бір-бірлеп қақши қағып алады. Он екінші, соңғы ойын – «нәби». Бұл ойында сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тіреп тұрып, оң қолмен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға иіріп тастайды да, қақпа тасты алып, «нә- би» (ата) сайлайды. «Нәбиді» басқа ойын- шылар сайлайды. «Нәби» ойыншылардың өзара келісулері бойынша не алдыңғы, не арт жақта жатқан тастардан сайланады. Ойыншы «нәбиді» басқа тастарды өткізіп болғаннанкейінеңсоңынанөткізеді. Басқа тастарды «нәбиге» тигізіп алмай,

бір-бірлеп өткізуі керек.

 Ең ақырында бәрін ойнап біткеннен кейін ұпай салады. Ұпай салудың бірне- ше түрі бар. Бес тасты қолын айналды- рып лақтырып қағып алуы керек. Неме- се бес тасты түгел лақтырып, қолының сыртына түсіріп, одан қайта лақтырып, қақшып алуға болады. Осылайша қанша тас қағып алса, сонша ұпай салады. Әр тас – 10 ұпай. Егер бес тасты түгел қақса, онда 50 ұпай салған болады. Ойын осылай

Қазақ ұлттық ойындары

19

Қазақ ұлттық ойындары

жалғаса береді. Ұпай салушылар ұпайды тек өзінен кейінгі кезектегі ойыншыға ғана салады. Ойынның тәртібі бойынша та- старды қаққан кезде басқа тастарды қоз- ғалтпаулары немесе қақпа тасты түсіріп алмауы керек.

 Ойыншы ойынның шартын бұзғанға дейін ойнай береді, тек ойынның шарты бұзылған жағдайда ғана келесі ойыншы кезек алады. Ал келесі кезек келгенде ойыншылардың қай-қайсысы болмасын сол алдында тоқтаған жерінен ойынын әрмен қарай жалғастырады.

Атбақыл

 Ойынға екі ойыншы қатысады. Ойын- шылардың әрқайсысында сиырдың асы- ғы болады.

 Олар өзара келісіммен біреуі сақасын алысырақ иіреді де, екіншісі сақа иіріл- ген жерден әлгі сақаны атады. Егер қар- сыласының сақасына дәл тигізсе, онда қарсыласы оны сол атқан жерден са- қасы жатқан жерге дейін арқалап апа- рады. Сосын сол жерден сақасын қайта иіреді. Ал егер қарсыласының сақасы-

на тигізе алмаса, қарсыласы өз сақасын

алып, сол жерден оның сақасн атады.

Сөйтіп, ойын және қайталанады, оны қанша уақытқа созамыз десе де өз ерік- терінде.

Аңшылар

 Жүргізуші алдын ала белгіленген шең- бердің (радиусы 5–10 м) бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш ойын- шыны тұрғызады, бұлар – «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішінде арлы-берлі жамырай жүгіріседі де, ол «тоқта» деген кезде бәрі сол жеткен жерінде қозғалмай тұ- ра-тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректер- ді» ата бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға бо- лады, бірақ тұрған орнынан жүріп кету- ге болмайды. «Өлген үйректер» өздерін атқан «аңшыларды» алмастырады да, ал

«үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып, қайтадан атқылауға кірі- седі. Осылайша үш «аңшы» орындарын түгел алмастырғанға дейін ойын қайта жалғаса береді.

 Бұл ойынның екінші түрінде ойнау- шылар екі топқа бөлінеді де, бір тобы –

«үйректер» шеңбердің ішінде қалып, екін- ші тобы – «аңшылар» шеңберді жағалай тұрады. Сосын жүргізуші белгі берген кезде «аңшылар» «үйректерді» атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойнала- ды. Белгіленген уақыт біткеннен кейін

«аңшылар» мен «үйректер» орындарын

Қазақ ұлттық ойындары

21

Қазақ ұлттық ойындары

22

ауыстырады. Ойынның соңында көптеу

«үйрек» атып алған «аңшылар» тобы ұтқан болып есептеледі.

Соқыр теке

 Бұл ойында ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Жиналған ойыншылар жүрелерінен дөңгелене отырады да, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша орын- дарынан атып-атып тұрулары керек. Сол кезде ең соңынан тұрған ойыншының көзін байлап, ортаға шығарады. Ал қалған ойын- шылар әлгінде өздері отырған шеңберден тысқары шығып кетпеуі тиіс. Көзі орамал- мен байланған «соқыр теке» осы шеңбер ішінде жүріп ойыншылардың кез келген бі- реуін ұстап алуға тырысады. Егер «соқыр теке» біреуді ұстап алса, оның кім екенін айту керек. Дұрыс тапса, ұсталған ойыншы

«соқыр текенің» рөлін ойнайды.

 Бұл ойынның екінші түрінде, жиналған ойыншылар қол ұстасып шеңбердің бойына дөңгелене тұра қалады да, «соқыр текенің» көзін байлағаннан кейін орындарын, я болмаса үстеріндегі киімдерін ауысты- рып алады. Көзі байланған «соқыр текені» ойын жүргізуші айналдырып-айналдырып ойыншылардың біреуіне қарай қоя береді. Ойыншыға жеткен бетте үсті-басын сипа- лап қарап шыққан «соқыр теке» оның кім екенін табуы тиіс. Егер дұрыс таба алмаса, онда ортада тұрып, көптің ұйғаруымен өз өнерін көрсетеді. Ал кім екенін біліп қойған жағдайда, екеуі орын алмасады.

«Соқыр текенің» және бір түрі былай ой-

налады. Ойнаушылар қол ұстасып шеңбер бойына тұрғаннан кейін ортаға «соқыр теке» мен тағы бір ойыншы шығады. Мұнда

«соқыр текенің» мақсаты – өзінің қасында жүрген жалғыз ойыншыны ұстап алу. Ол ойыншыға «соқыр теке» қуалаған кезде шеңберден шығып кетуге болмайды. Ол

«соқыр текені» әлсін-әлсін түртіп қалып, қашып жүргенде, ойнаушылар «соқыр текеге» оның қайда тұрғанын, мысалы,

«артыңда тұр», «жаныңда тұр», «алдыңа шықты» деп айтуына болады. Түртушіні

«соқыр теке» ұстап алғаннан кейін, ол

«соқыр текенің» рөлін ойнайды да «соқыр теке» көңіліне жаққан бір ойыншыны түртушінің орнына шығарады. Ойын осы тәртіппен қайталана береді.

 Егер «соқыр теке» түртушісін ұстай алмай шаршап қалса, онда көпшіліктің ұйғаруымен өз еркімен тілек білдіруші кез келген ойыншылардың бірімен ауыстыруға болады.

Көк сиыр

 Қатысушылар санына шек қойылмай- ды. Ойыншылар бір сызықтың бойы- на малдастарын құрып отырады. Осы кезде ойын жүргізушінің өзі «көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына ке- ліп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көр- гендерің бар ма?» – дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кет- кен, бізден әрі жүр!» – дейді. «Көк сиыр» кетіп қалып, сәлден соң қайта келеді. Енді мүсәпір күйге түсіп: «Мені құшақтайтын

Қазақ ұлттық ойындары

23

Қазақ ұлттық ойындары

төлім жоқ, киім тігетін инем жоқ...» – деп кемсеңдеп жылай бастайды. Ойнаушы- лар бұзаудың қайда екенін біле тұра және айтпайды. Бірақ «көк сиырды» аяған бо- лып, әркім өзінше «садақа» береді. «Көк сиыр» бұзауын таппағанмен ұсынған «са- дақаларды» жинап алып, жөніне кете ба- рады. Сол сәтте балалардың артында тығылып отырған «бұзау» атып шығып, енесінің артынан тұра жүгіреді. «Бұзауын» көрген «көк сиыр»: «Әлгінде мен іздеген- де қайда болдың?!» – деп қатты ашула- нады. «Бұзау» өзін балалардың жасыр- ып қойғанын айтып береді. «Көк сиыр» балаларға қайта оралып, өзін алдап,

«садақаларымен» алдаусыратқандары үшін, «садақаның» иелерін бір-бір- леп ортаға шығарып, жаза ретінде өнер көрсетуін талап етеді. Осылайша кінәлі- лер өз өнерлерін көрсетіп біткен соң, «көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөлдерін топ ішінен көңілдері қалаған балалардың біріне тапсырады. Сөйтіп, ойын әрмен қарай жалғасады.

Түйе-түйе

 Ойнаушылар алаңға жиналып, екі топ- қа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топта үштен бірі болуы керек. Екінші топтың ойыншыларының бірі – «інген», қалғандары – «боталар» болады. Бірінші топтың ойыншылары –

«ұрылар» жан-жаққа тарап кетеді. Ал «ін- ген» болса «боталарды» қасына ертіп, жайбарақат жайылымға шығады. Сол кез-

де әлгі «ұрылар» жан-жақтан байқатпай келіп, бір-бірлеп «боталарды» ұрлай бастайды. Әрі әр ұрлаған сайын: «Біз

«ботаңды» әкеттік!» – деп дауыстап оты- рады. Дауысты естіген «інген» олардың соңынан тұра қуғанымен де, бірақ жете алмай әбден дымы құриды. Және ол

«ұрылардың» біреулерінің соңынан қуа жөнелгенде, өзге біреулері басқа жағынан келіп, қараусыз қалған басқа «боталарды» ұрлап әкетіп жатады. Сөйтіп, ең соңында

«інген» жалғыз өзі қалады. Содан қатты қайғырған «інген» қолына таяқ алып, «бо- таларын» іздеуге шығады. Екі көзінен жас парлай боздап келе жатып, ақыры

«ұрыларға» тап болады. Байқап қараса, іздеп жүрген «боталары» «ұрылардың» қасында қамаулы тұр екен. Ашуланған «ін- ген» таяғымен жасқап, «ұрыларды» шеті- нен жазалай бастайды. «Ұрылар» бол- са білген өнерлерін көрсетіп, жазаларын өтеп жатады...

Түйе мен бота

Ойынның басында бір ойыншы –

«түйе», екіншісі «бота» болады. Қалған- дары өзара қолдарынан ұстасып үлкен шеңбер жасайды. «Түйе» сол шеңбердің сыртында, «ботасы» ішінде қалады.

«Түйе» шеңбердің сыртында жүріп

«ботасына»: «Үйге жүр!»– дейді. «Бота- сы»: «Жоқ, үйге бармаймын!» – дей- ді. «Түйе» «ботасын» әкетпек болып тұра ұмтылады. «Бота» шеңберді айна-

Қазақ ұлттық ойындары

25

Қазақ ұлттық ойындары

26

ла қашады. Ақырында «түйе» есебін та- уып «ботасын» қолға түсіреді. Ботасы:

«Жібер!» – дейді. Түйе: «Жібермеймін!» – дейді. Сол кезде шеңберде тұрған ой- наушылар «түйені» ұстап: «Шөк, шөк!» – деп жүріп, оны шөгереді.

 Содан кейін ойнаушылар қатарға тұ- рып кезектесіп, шөккен «түйенің» үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын ба- рысында «түйе» үстінен секіріп жатқан ойыншылардың қайсысын орнынан тұр- май ұстап алса, сол «түйенің» рөлін ой- найды да, екінші ұстағаны «ботаны» ал- мастырады. Осылайша ойынды әрмен қарай жалғастыруға болады.

Шалма

 Бұл ойынды екі адам ойнайды. Ойын- шылар бір-біріне қарсы қарап отырады да, дайын шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршақ» шығады. Екінші жағдайда, екінші адам басбармақ және сұқ саусағымен ыңыршақтың екі жақ керегесінің, үстінен астына қарай алып, «кереге» шығарады. Үшінші жағ- дайда, керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады. Төртінші жағдайда, шаңырақты екі шынашақпен айқастыра алып, «астауша» шығарады. Бесіншіде, «кереге» қайталанады. Ал- тыншыда, «шынтақ» шығады. Енді әрмен қарай жалғастырып ойнай берсек –

«астау», «кереге», «шынтақ», «астау», «ке- реге», «шынтақ» болып қайталана береді.

Шүлдік

 Бұл тақыр алаңда ойналатын ойын. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шүлдік (ағаш) пайдаланыла- ды. Ойын алдында үлкен шеңбер сы- зылып, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады. Шүлдік шұңқырдың ішінде емес, сыртында жатуы керек. Со- сын әр ойыншының қолында ұзындығы 1 метрдей таяғы болады. Ойыншылардың санына шек қойылмайды. Әдетте ойнау- шылар екі топқа бөлініп ойнайды.

 Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы шүлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойын- шы шүлдікті түскен жерінен алып, соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Егер таяққа тигізсе, я болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы таяққа тигізе ал- маса, я болмаса дөңгелек шеңбердің ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойын- шы шүлдікті таяғымен қатарынан үш рет шекіп соғады. Сөйтіп, шүлдікті қай жер- ге апарып түсірсе, сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санайды да, екінші ойыншыға сонша ұпай сала- ды. Сондай-ақ бірінші ойыншы шүлдікті

Қазақ ұлттық ойындары

27

Қазақ ұлттық ойындары

28

жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде оған тигізе алмай қалса, онда ол ойыннан шығып қалады. Мұндай жағдайда оның орнына екінші ойыншы соғушы болады. Ал егер ол да шығып қалса, үшінші ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша жалғаса береді.

 Ойынның және бір шарты – таяқпен шекіген кезде шүлдікке тимей жерді са- лып қалса, ойыншының бар ұпайы күйіп кетеді. Сол сияқты шекіген кезде шүлдікті қолымен ұстап қойса да, ұпайын күйдіріп алады. Сондықтан шүлдікті үшінші рет шекігеннен кейін ғана ұстауға болады.

Қазан

 Ойынды қыс кезінде мұздың үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.

 Ойынға қатысушылар үлкен шеңбер сызып, дәл ортасынан бір «қазан» қа- зады. Ойнаушылардың саны көп бол- са, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрған ойыншылар арасы бір-бір адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алды- нан «қазан» қазып алып, домалақ аға- шын соған салып қояды. Бір ойыншы шеңбердің ортасындағы бос «қазанды» күзетіп тұрады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылардың мақсаты – әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру, ал бос «қазанды» күзетіп тұрған

ойыншының мақсаты – олардың шарын қалайда бас «қазанға» түсірмеу. Егер кімде-кім ортадағы «қазанға» шарын түсірсе, сол адам күзетшіні алмастыра- ды. Өйткені ортадағы «қазанды» қорғау жауапты әрі беделді қызмет болып есеп- теледі.

Ойын осылайша жалғаса береді.

Дауыста,

АТЫҢДЫ АЙТАМ

 Ойынға көз байлайтын бір орамал және ұзындығы 1–1,5 метр таяқ керек. Ойнаушылардыңсанынеғұрлымкөп болса, ойын соғұрлым қызықты болады. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер бойына тұрады. Көзі байланған бір ойыншы шеңбердің ортасына кіріп, қолындағы таяғын өзін қоршап тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да: «Дауыста, атыңды айтам!» – дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймау үшін дауысын өзгертіп, дыбыс шығарады. Ал қол ұстасып, шең- бербойындатұрғанойыншыларар- лы-берлі бағытта үнемі қозғалыста бо- лады.Соданкөзібайланғанойыншы таяғынұстағанадамдыдұрыстапса, сонымен орын ауыстырады. Егер таба алмаса, таяғын келесі бір ойыншыға ұсынады. Оны да дұрыс таба алмаса, жәнебасқасына ұсынады.Осылайша үшретқайталанғансоңойыншының көзі шешіліп, сол ортада тұрған жерін-

29

Қазақ ұлттық ойындары

де көпшіліктің ұйғаруымен өз өнерін көрсетеді. Келесі кезекте ортаға басқа ойыншы шығарылып, көзі байланады да, ойын қайта жалғасады.

Қарт-құрт

 Ойынға жиналған балалар тең екі топқа бөлінеді. Жүргізушінің айтуымен екі топ- тан екі ойыншыны қарама-қарсы екі жақ- қа жібереді. Олар басқа ойыншыларға көрсетпей бір тасалау жерге сызық бел- гілер салып келеді. Сосын екі топтың ойыншылары қарсыластарының, яғни бір-бірінің салып қайтқан белгілерін та- уып алып, өшіріп тастайды. Артынан екі топтың адамдары бірге жүріп өшірілмей қалған белгілерді санап шығады. Қай- сыларының өшірілмей қалған белгісі көп болып шықса, сол топ ұтқан болып есеп- теледі.

 Бұл ойынның екінші түрін «шұқыма» деп те атайды. Онда әр ойыншының қолдарында таяқтары болу керек. Ал- дын ала сайланған белгі соғушы ойын- шылар алға озып кетіп, білінер-білінбес етіп жерді шұқып қана белгі салып ке- теді. Содан соң олардың артынан шыққан екі топтың қайсысы белгіні бұрын тапса, сол топтың ойыншылары жеңген болып шығады. Сөйтіп, ұтқан топтың ойыншы- лары қолдарындағы таяқтарын шамасы жеткенше бар күшімен алысқа лақтырып жібереді де, жеңілген қарсыластары олар- ды сол тұрған жерінен таяқ түскен жерге дейін арқалап апарады.

Ғажайып таяқ

 Мұнда ойнаушылар санына шек қой- ылмайды. Олар қол ұстасып, дөңгелене шеңбердің бойында тұрады. Ойын жүр- гізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ор- тасына шығады да, ойынның тәртібін түсіндіреді. Жағалай жүріп ойнаушы- лардың әрқайсысына реттік нөмірлерін айтып шығады. Сосын жүргізуші қолын- дағы таяқты жерге тігінен қадай ұстап тұрып, кез келген санды атайды да, таяқты қоя береді. Мысалы, төрт... Сол кезде төртінші нөмірлі ойыншы тез жү- гіріп барып таяқты құлатпай ұстап үл- геруі тиіс. Егер байқамай қалып, неме- се жай қимылдап жүріп таяқты құлатып алса, онда ол ортада тұрып, өз өнерін көрсетеді. Өлең айтып, би билеп, дом- быра тартуы мүмкін, әйтеуір не керек, көптің айтқан талабын орындайды.

Ал егер әлгі төртінші нөмірлі ойыншы

таяқтың қасына дер кезінде жетіп ба- рып, оны құлатпай ұстап үлгерсе, онда ойын жүргізушімен орын ауыстырады.

Әуе таяқ

 Ойын көгалда немесе жай алаңда он – он екі адамның қатысуымен өтеді. Ойынға ұзындығы 80 сантиметрден аспайтын, жуандығы 4–5 сантиметр жұмыр таяқ пайдаланылады.

 Ойнаушылар бірнеше жұпқа бөлінеді. Ойын жүргізуші екі адамның әрқайсысы- на бір-бір таяқтан береді. Олардың біреуі

Қазақ ұлттық ойындары

31

Қазақ ұлттық ойындары

32

таяғын әуелете лақтырған кезде, екіншісі ұшқан таяққа өз таяғымен ұрып тигізуі ке- рек. Таяқты кімнің лақтыратынын, кімнің оны көздеп ұратынын жеребе бойын- ша анықтауға болады. Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе, ұшқан таяққа көбірек тигізген топ жеңген болып есептеледі. Сосын келесі кезекте лақтырушылар мен тигізушілер орын алмасады.

Тұтқын алу

 Ойнаушылар теңдей екі топқа бө- лінеді. Екі жақтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Бірінші топ- тың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бір- леп, «алал-ай, бұлал-ай, солал-ай» деп әндете көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншыла- ры оларды көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысының қолына бір-бір тастан не- месе бір-бір бас киімнен ұстатады да, сол заттардың аттарын айтуды өтінеді (өздері алдын ала келісіп алған). Олардың атта- ры әлгінде бірінші топ айтып келе жатқан:

«алал-ай, бұлал-ай, солал-айдың» бірі болуы тиіс. Егер ойыншылар аттарын дұрыс тапса, көпірден өтіп кете береді де, ал дұрыс таппағандарын жүргізуші көздерін байлап, қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің асты- нан түгел өтіп болғаннан кейін олардың қолға түскен тұтқындары ортаға шығып

өнер көрсетеді. Ойын қайталанған кез- де көпірдің астынан екінші топ өтеді де, олардың ұсталған тұтқындары бірін- ші топқа жіберіледі. Сөйтіп, олар да өз өнерлерін көрсетеді.

Бөрік жасырмақ

 Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншыны шығарып, алыстау жер- ге барып басындағы бөркін жасыруға мүмкіндік береді. Әрі ол ойыншының өзі де сол маңайға жасырынады. Сосын басқа ойыншылар тығылған бөрікті ізде- уге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алмақ болса, иесі оны бер- меуге тырысады. Бірақ ойынның ере- жесі бойынша таласуға, бір-біріне күш көрсетуге болмайды. Бұл жерде алушы қалайда ебін тауып, бөрікті алып кетіп, жүргізушінің қолына тапсыруы керек. Келесі кезекте әлгінде бөрікті әкелген ойыншы жасырынуға барады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Шертпек

 Ойынға екі қабатталып есілген ора- мал керек. Ойнаушылар дөңгелене оты- рып болғаннан кейін, жүргізуші орамалын иығына салып алып, ойнаушылардың ар- тында айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің ым- дауымен бір ойыншы байқатпай келіп

Қазақ ұлттық ойындары

33

Қазақ ұлттық ойындары

оның қолынан (шекесінен) шертіп қала-

д кет

да, қайтадан өзінің орнынаотыра ді. Жүргізуші қолын қоя бере салып:

«Шертпегімді тап!»– деп, иығындағы ора- малын қолына алып, оны арқасынан ұра бастайды. Сондықтан таяқты көп жемеу үшін көзін жұмған ойыншы өз болжамын тезірек айтуға тырысады. Егер «шертпек- ті» дұрыс тапса, шерткен адам жаза ретін- де өз өнерін көрсетеді, ал таппаса, оның өзі өнер көрсетеді. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

Қамалды қорғау

 Ойын көгалда немесе жай алаңда өткізіледі. Ойынға мосы болмаса орындық және жүн доп пайдаланылады. Ойнаушы- лардың санына шек қойылмайды.

 Ойнаушылар үлкен шеңбердің бойы- на қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына

«қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды да, бір ойыншы оны қорғаушы бо- лады. Шеңбер бойында тұрған ойыншы- лар доппен қамалды атқылай бастай- ды, ал қорғаушы болса, допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде-кім допты

«қамалға» тигізсе, сол қорғаушымен орын алмастырады. Ойын осылай жалғаса бе- реді.

Шымбике

 Ойнаушылардың саны он адамнан кем болмауы керек. Ойын басталмас бұрын арасы 5 метрдей екі көмбе белгілене-

34

ді. Бірінші көмбеде ойнаушылар топ басқарушының артына қатарға тұрады, ал екінші көмбеде ақсақ кемпір (жалма- уыз) ойнаушыларға қарсы қарап тұрады. Топ басқарушы ақсақ кемпірге қарап:

Шым-шым,шымбике, Шымылдығыңды құр,бике, Ақсақ кемпір тоңқылдақ,

Бұрама темір солқылдақ,мына судан қайтіп өтейін? – дейді.

Ақсақ кемпір:

Ақсақ кемпір тоңқылдайды. Бұрама темір солқылдайды. Көйлегіңді салып өт! дейді.

 Осыны естіген ойыншы қос аяқтап алдыға қарай бір рет секіреді де: «Мына судан қайтіп өтемін?» – деп және сұ- райды. Ақсақ кемпір: «Тоныңды салып өт!» – дейді. Ойыншы тағы секіреді. Осы- лайша төртінші рет секіргенде ақсақ кем- пір оның қолынан ұстап, «судан» өткізіп алады да: «Неше аяқ көже ішесің?» – деп сұрайды. Ойыншы өзі қалаған бір сан- ды атайды. Ақсақ кемпір: «Қазір сұраған көжеңді әкеліп береді!» – деп ойыншы- ны қасына отырғызып қояды.

 Келесі ойыншы да осылай «судан» өтіп келеді. Сөйтіп, ойыншылардың бәрі өтіп болған соң ақсақ кемпір нөкерін шақы- рып алып: «Мына қолға түскен адамдар- ды жазала!» – деп бұйрық береді. Нөкер әлгінде әрбір ойыншы кемпірге неше аяқ көже ішем деп жауап берген болса, әрқайсысының қолынан сонша рет шер- тіп шығады. Содан соң ақсақ кемпір мен нөкерді басқа ойыншылар алмастырып, ойынды қайта жалғастыруға болады.

Қазақ ұлттық ойындары

35

Қазақ ұлттық ойындары

36

Мәлке тотай

 Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар өзара келісе отырып, теңдей екі топқа бөлінеді де, ал- дын ала белгіленген арақашықтығы 20– 30 қадамдай жердегі көмбелерге барып, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Олар бір- бірінің қолдарынан мықтап ұстап алады.

 Бірінші топтың ойыншылары ойынды бастап: «Мәлке тотай!» – деп дауыстайды. Екінші жақ: «Кімді қалай?» – деп сұрайды. Енді бірінші топтың бір ойыншысы: «Пә- леншені қалай!» – деп, сол өзі атаған ой- ыншыны алып келу үшін қатты жүгірген бойда қол ұстасып тұрғандардың тізбегін үзеді. Егер тізбекті үзсе, атаған ойыншы- сын ертіп өзінің тобына оралады. Ал егер үзе алмай қалса, өзі сол топта қалады.

 Келесі кезекте «мәлке тотайды» екін- ші жақ айтып, олардан шыққан бір ойын- шы бірінші топтың қол ұстасқан тізбе- гін үзеді. Бұл да, егер тізбекті үзсе, өзі атаған ойыншысын ертіп әкетеді де, ал егер үзе алмаса, өзі сонда қалады. Осы- лайша екі топтың біріндегі ойыншылар таусылғанға дейін ойын жалғасады да, ең соңында орнында қалған ойыншы

«жазаға» тартылады.

Аларман

 Ойнаушылар бірінің белінен бірі ұс- тап тізбек құрып тұрады. Бір ойыншы

«аларман» (қасқыр) болып, тізбектің басындағы ойыншымен қарама-қарсы

тұрады. «Аларман» тізбектің біресе оң жағына, біресе сол жағына шығып, ең соңғы ойыншыны (қойды) қақшып ке- туге тырысады. Ал тізбектің басындағы топ басшысы (қойшы) «аларманның» ал- дын орай жолын бөгеп, «қойын» бермеу- ге күш салады.

 «Аларман» орайын тауып «қойды» ұс- тап әкеткен жағдайда, өзі топтың басы- на (қойшының орнына) тұрады да, қолды болған «қой» енді «аларман» болады. Ойын осы ретпен жалғасады.

Жасырынбақ

 Ойын әдетте жазда түнге қарай ай жарығында, бұталы-шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы көптеу жерлер- де өткізіледі.

 Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін санаған саусақ кімге түссе, сол адам іздеуші, яғни жасырынғандарды көмбеге тауып әкелуші болады. Мұның мәнісі былай: ойын жүргізушінің айтуы- мен «бір, екі, үш» дегенде бәрі саусақ көрсетеді, біреуі – бес, біреуі – он, енді біреуі – екі... т.т. Сосын көрсетілген саусақтардың қосындысын шығарғаннан кейін саусағын ең аз көрсеткен немесе ең көп көрсеткен ойыншыдан бастап са- нау басталады. Сөйтіп, саусақтардың қо- рытынды саны кімге тап келсе, сол ізде- уші болады. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елу- ге дейін санайды да (осы аралықта ой- наушылар жасырынып үлгерулері керек)

Қазақ ұлттық ойындары

37

Қазақ ұлттық ойындары

38

іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ба- лаларды іздеуге кіріседі. Іздеуші тапқан ойыншының атын атап «шика» дейді де, көмбеге жүгіріп келіп хабар береді. Со- дан соң басқаларын іздейді. Ескеретін бір жайт, іздеуші тауып алып «шика» де- мейінше, жасырынғандар өз беттерінше көмбеге жүгіріп келуіне болмайды.

Тоғызқұмалақ

 Өте қызық әрі терең ойлануды қажет ететін ойын. Оның өзіне тән басты ерек- шелігі, ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кіш- кентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – «қазан», тоғыз-то- ғыздан құмалақ салатын шұңқырды –

«отау» деп атаған. Көбіне далада кездес- кен екі малшы сол «қазан» мен «отаудың» орнын жердің бетінен әзірлеп жіберіп, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр «отауға» тоғыз-тоғыздан бөліп салып, ойнай беретін болған.

 «Тоғызқұмалақ» ойынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз

«отаудың» әрқайсысының өз атауы бар: сол жақтағы шеткі бірінші отау –

«таңдық», екіншісі – «көшпелі», үшіншісі –

«атөтпес», төртіншісі – «атсұратар», бес- іншісі – «бел», алтыншысы – «беласар», жетіншісі – «қандықақпан», сегізіншісі –

«көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай». Ойынның ойналу үрдісі толығымен осы

«отау» атауларына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам

«қандықақпан» десе, ол жүрісін жетінші

«отаудан» бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай «отаудан» бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.

 Негізінен жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте бо- латын нәрсе: алғашқы жүрісті ойыншы

Қазақ ұлттық ойындары

39

Қазақ ұлттық ойындары

40

тоғызыншы «отаудан» бастауына бол- майды, басқа «отаулардың» кез келгені- нен бастап жүре беруге ерікті.

 Жүрісті бірінші болып бастаған ойын- шы өзі «осыдан жүрген дұрыс» деп есеп- теп «отауда» бір ғана құмалақ қалдыра- ды да, қалған құмалақтарды сол жүрген

«отаудан» кейінгіден бастап бір-бірден салып шығады. Ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар «отау- ына» салып, сол «отаудан» он құмалақ алады да, өз қазанына апарып сала- ды. Демек, ойын ережесі бойынша қар- сыласынан құмалақ алу үшін оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмала- ғымен жұптап, өз «қазанына» салып қояды.

 Әдетте, қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің «отауларындағы» құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағ- дайдағы «отауы» – «жабық отау» деп аталады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының «отауларындағы» құ- малақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған «отау» –

«ашық отау» деп аталады.

 Ойын кезінде ойыншы қарсыласы- ның «отауында» жатқан құмалақтарын қолымен ұстап санауға болмайды. Тек «отауларының» қайсысы «ашық», қайсысы «жабық» және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Ал әр ойыншы қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті. Сондықтан ойыншылар негізі- нен тақта «отауларының» әрқайсысында

қанша құмалақ барын есте ұстауға ты- рысады. Ойын барысында «отауда» бір құмалақ қалса және ол жүріс үшін қажет болса, онда ойыншы жалғыз құмалақ- ты қатарындағы «отауына» ауыстырады. Яғни, бұл деген жүріс жүргізілген болып шығады.

 Ойын барысында «тұздық алу» де- ген болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан «отауына» түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласы- нан «тұздық алған» болып есептеледі.

«Тұздық алудағы» мақсат – әрбір жүріс сайын «отауға» түсетін құмалақты өзіне алып отыру. Ойын ережесі бойынша тек

«маңдайдан», яғни тоғызыншы «отаудан»

«тұздық» алуға болмайды. Ойын бары- сында «тұздық» бір-ақ рет алынады.

 Ойын кезінде, әсіресе, ойын соңына таман ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүрісі бі- теді. «Тоғызқұмалақ» ойынында бұл жағ- дайды «атсырату» деп атайды. «Атсы- рау» жағдайына тап болған ойын кезегі ұтылғанға жатады. Себебі, ол ойыншы одан әрі жүре алмайды. Ал енді қарсыласын

«атсырау» жағдайына алып келген ойын- шы өз «отауларындағы» құмалақтың бар- лығын жинап өз «қазанына» салады да, барлық құмалақтың есебін шығаруға кірі- седі.

 «Атсырау» жағдайына дейін бұл екі ойыншының бірі 82 құмалақ жинап үлгермегенімен, әлі де жүру мүмкіндігінен айырылмаған ойыншы жеңген болып есептеледі. Ойын барысында «атсы-

Қазақ ұлттық ойындары

41

Қазақ ұлттық ойындары

42

рау» жағдайы сирек кездеседі. Себебі йынның айла-тәсілін білетін ойыншы зін «атсырау» жағдайына жеткізбеуге ырысады.

 Бүгінде «тоғызқұмалақ» ойынының ба- ысы шахматтағы сияқты басынан аяғы- а дейін жазылып отырады. Мысалы, 711 саны жазылса, ондағы 7 – «отаудың» рет- тік саны да, 11 – «отаудағы» құмалақ саны. Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады. Мұнда да

«отаудың» реттік сан мен сол «отаудағы» құмалақ саны жазылатын болады. Сон- да бірінші жүріс шамамен былай болып шығады: 711–815. 815 – қарсыластың жүрісі. Нақтырақ айтқанда, 15 құмалағы бар 8-ші «отаудан» басталған жүріс.

 Және бір мысал, ойыншылардың екін- ші жүрісі 69–55 болды делік. Мұндағы 6 – бірінші жүрген ойыншының «отауының» реттік саны да, 9 – «отаудағы» құмалақ саны. Ал екінші жұптағы бірінші 5 – екін- ші жүрген ойыншының «отауының» рет- тік саны да, екінші 5 – сол «отаудағы» құмалақ саны.

 Тағы да бір мысал, егер 12 құмалағы бар 2-ші «отаудан» жүріп, қарсыласының

2 құмалағы бар 4-ші «отауына» түссе, бірінші жүрген ойыншы «тұздық» ала- ды. «Тұздық» жазу «Х» таңбасымен бел- гіленеді. Сонда бұл жүріс 212–42Х бо- лып шығады. Сондай-ақ жүрістің соңғы құмалағы «тұздыққа» түссе, онда 84–2Х болады. Бұл – 4 құмалағы бар 8-ші «отау- дан» жүріп, қарсыласының 2-ші «отауы- на» «тұздыққа» түсті деген сөз.

 Ойын барысында ойыншы қарсыла- сының келісімінсіз құмалаққа қол тигізуі- не болмайды. Егер ойыншының біре- уі құмалаққа қолын тигізуіне тура келіп жатса, құмалағымды реттеп санаймын деп, қарсыласына ескертуге міндет- ті. Егер де ескертусіз бір «отаудағы» құмалаққа қол тигізсе, сол «отаудан» жүріс жүруге тиіс болады. Әдетте, ойын- шы құмалағын ұстаған «отаудан» жүруі керек. Ал қарсыласының құмалағына қол тигізуге ешқайсысының да қақысы жоқ. Бұл ережелер ойын басталар ал- дында ойыншыларға қатаң ескертіледі.

 Ойынды жеребе бойынша бірінші жүру кезегіне ие болған ойыншы бастай- ды. Екі ойыншы да жүрген жүрістерін қағазға жазып отырады. Ойын соңында жеңіске жету үшін ойыншы «қазанында» міндетті түрде 82 құмалақ жинауы қажет. Ойынның тең аяқталуы сирек кездесетін жағдай. Негізінен тек ойын барысында екі ойыншы бірдей «тұздық» алғанда ғана ойын тең аяқталуы мүмкін. Ойын ережесі бойынша ойында жеңген ойыншыға – бір ұпай, тең ойынға жарты ұпайдан беріледі. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді. Жарыс қорытындысын

Қазақ ұлттық ойындары

шығарғанкездеұпайысаныменқ са

міндетті түрде құмалақ саны қоса жа- зылады.Мәселен,ұтса82–80,тең

түссе – 0,5 81–0,5 81 деп жазыла ы. Себебі жеңімпазды анықтау кезі де екі-үш ойыншының ұпай бірдей бо ып қалса, жеңімпаз құмалақ санына қа ай анықталады.

43

Қазақ ұлттық ойындары

44

Түйілген шыт

 Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, немесе кесінді шыт мата пайдаланылады. Ойынды түнде де ойнауға болады. Ол үшін әрине ақ ора- мал болғаны жөн.

 Жүргізуші ойыншыларды жинап ала- ды да: «Бір, екі, үш!» – деп дауыстайды. Осы кезде ойыншылар жан-жаққа бы- тырай қаша жөнеледі. Ал жүргізушінің өзі қолында түйілген орамалы бар ойын- шыны қуып береді, мақсаты – оны қуып жетіп, қолындағы орамалды алып қою. Бірақ қашып бара жатқан ойыншы жүр- гізуші жете бергенде қолындағы ора- малды басқа ойыншыға қарай лақты- рып жібереді. Ол болса басқа ойыншыға лақтырады... Сөйтіп, жүргізуші түйілген орамалды қолына түсіргенше ойын жал- ғаса береді. Егер жүргізуші орамалды ұстап алса, ұстатып қойған адам ортаға

шығып өз өнерін көрсетеді. Сосын сол ойыншы жүргізушіні ауыстырады да, ой- ын қайта жалғасады.

Арқан тартыс

 Ойынды жаздыгүні көкалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны он бала- дан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзын- дығы 8–10 метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.

 Ойынға қатысушылар бойына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен «бір, екі... бір, екі...» деп са- нап шығады. Содан кейін «екі» дегенде- рі (жұп) бір жаққа, «бір» дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.

 Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын жерге сызылған белгі

Қазақ ұлттық ойындары

45

Қазақ ұлттық ойындары

46

сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойын- шылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Арқанның бойына сыймағандары бір- бірінің белінен ұстауға болады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі топ арқанның екі жағынан екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты – қарсылас топтың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өткізіп, өз жағына тартып шы- ғару. Ортаңғы сызықтан қарсылас жаққа өтіп кеткен ойыншы ойыннан шығып қалады. Егер ойыншыларының санда- ры азайып қалған топ қаласа, ойынды тағы да жалғастыруға болады. Сөйтіп, ең соңында ойыншылары әбден азайып, арқан тартысуға шамалары жетпей қал- ған жақ жеңілген болып табылады.

 Арқан тартыстың екінші түрін ойнау үшін он-он бес бала тартқанда үзілмей- тін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей етіп тесіледі. Содан кейін қар жентек- теліп, аққала іспетті үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өт- кізіледі. Сосын тақтайшалар аққалаға екі-үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түйілетін болады. Тақтайшалар өздігінен жылжып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Бәрі дайын болған соң балалар екі топқа бөлінеді де екі жаққа ерсілі-қар- сылы тартыс басталады. Аққала қай топ- қа қарай құласа, жеңіс солардікі болады.

Арынды арқан

 Ойыншылар дөңгелек шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында тұрады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен ай- налдырады. Ал балалар тұрған орнын- да секіріп, арқанды аяқтарының асты- нан өткізіп тұрулары керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортада өз өнерін көрсетеді.

 Бұл ойынды былай да ойнауға бола- ды: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, сөйтіп, соңғы бір ойыншы қалғанға дейін арқанды ай- налдыра беруге болады. Осылайша ең соңында қалған ойыншы жеңімпаз ата- нады.

 Сондай-ақ бұл ойынды екі топқа бө- лініп те ойнауға болады. Белгіленген уақыт аралығында қанша бала шең- берден шықпай қалса, солардың саны- на қарай балалары көбірек қалған топ жеңімпаз атанады.

Қазақ ұлттық ойындары

47

Қаз қ ұлттық ойындары

Жаяу аударыспақ

 Мұны балалар «батырлар жекпе-жегі» деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір баланы ат қылып мінеді де, «ат» үстінде отырғандар

48

өзара тартысады. Астындағы ат-балалар қозғалмай тұруға тиіс. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сол жеңілген болып есепте- леді.

Қындық-сандық

 Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп қолтықтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бір- дей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден кө- теріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезектегі келесі ойыншы шы- ғады. Ойын осылай жалғаса береді. Ой- ын барысында кім көбірек жеңсе, сол жеңімпаз атанады.

Қап киіп жарысу

 Ойын ашық алаңда өткізіледі. Жарыса- тын қашықтықтың ұзындығы 50 метрдей болады. Жарыс жолына ойыншылардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек. Негізінен жарысқа бір- ден төрт-бес адам қатыса алады.

 Ойын басқарушының белгісі бойын- ша жүгіру сызығына келіп қатарласып тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Әрқайсысы жолында жатқан қапқа же- тісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі

Қазақ ұлттық ойындары

49

Қазақ ұлттық ойындары

50

қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай екі аяқтап секіріп жүгіреді.

 Осы ретпен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесе қатысады. Ойынның мақсаты – мәреге өзгелерден бұрын жету, сөйтіп жеңімпаз атану.

Таяқ жүгірту

 Ойын он-он бес бозбаланың қатысуы- мен қарлы жерде өтеді. Олардың қол- дарында ұзындығы 2–3 метрдей жоныл- ған таяқтары болады. Таяқты қайыңнан, ырғайдан, самырсыннан, тіпті болмаған күнде талдан жасайды. Таяқтың ұшына үшкір қаңылтыр кигізіледі.

 Ойнаушылар кезекпен өздері тұрған жерден оншақты адым жердегі жарқабақ қарға қолдарындағы таяқтарын құлаштай лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қарды тесіп өтуі керек. Әр ойыншының таяқтары тесіп шыққан жеріне белгі қойылады да, содан таяқ түскен жерге дейінгі ара қашықтық өлшенеді. Сөйтіп, қай алысқа түскен таяқтың иесі жеңімпаз атанады. Ойынды осы тәртіппен бірнеше рет қайталауға болады.

Монданақ

 Ойынды көгалда ойнауға болады. Қатысушылардың саны он бес – жиыр- ма адамнан көп болмауы керек, бірақ жасына қарамайды. Ойынға екі қабатта-

лып есілген орамал пайдаланылады. Ой- наушылар аяқтарын ілгері созып, тізесін сәл көтеріп, шеңбер жасай дөңгелене отырады. Бүгілген тізелерінің асты- нан әрі-бері жүгірткен кезде орамал өтетін болуы керек. Аяқтарының баста- ры шеңбердің ортасына жақын түйіседі де, тап сол жерде ойын жүргізуші оты- рады. Ойын басталған кезде қолында орамалы бар ойыншының бірі ортадағы жүргізушіні орамалмен жонынан тар- тып қалып, оны лезде тізесінің астынан өткізіп жіберіп: «Әне кетті монданақ, міне кетті монданақ!» – деп әндетіп қоя береді. Оған барлық ойыншылар қосылады. Ойын жүргізуші орамалды жұрттың аяқтарының астынан іздей бас- тайды. Оған орамалды тауып алу оңайға соқпайды, өйткені ойыншылардың бәрі қолдарын тізелерінің астында ұстап, ар- лы-берлі «жүгірген» орамалды бір-біріне ұзатып отырған адамға ұқсайды. Егер ойын жүргізуші орамалды ұстап алса, онда оны алдырып қойған ойыншымен орын ауыстырады. Сөйтіп, ойын қайта жалғасады.

Осы ойынның екінші бір түрінде ора-

Қазақ ұлттық ойындары

малмен ұсталған ойыншы ортаға шы пас

бұрын көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер

көрсетеді. Тек содан кейін ғана оры рын ауыстырады.

да-

1

Қазақ ұлттық ойындары

52

Қаһарлы – Бану

 Бұл халық аңыз-ертегілерінің ойын үріне айналған бір нұсқасы. Аңыз бо- ынша баяғыда анасынан жастайынан етім қалған Қаһарлы күнкөріс үшін бір айдың қолында жалшылықта жүреді. мір бойы қарны тойып ас ішпеген, иығы жылтырап киім кимеген жас Қаһарлы кейін байдың Бану деген жалғыз қызын ұнатып қалады. Қыз да Қаһарлыны жақ- сы көретінін сездіреді. Алайда, екеуінің бастарының қосылуына қыз әкесінің келісім бермейтінін байқаған жастар бір түнде Қаһарлының әкесінен мұраға қалған жалғыз сиырға мінгесіп, беті ауған жақтарына жүріп кетіпті...

 – Содан шөл далада арып-ашып өлетін халге жеткен кезде екеуі астарындағы аяқ артар жалғыз сиырды сойып жеген екен,– деп, аңызды тамамдаған жүргізуші әрмен қарай сөзін былай жалғайды: – Қазір мен сол етке жіліктелген сиырды көз алдыма елестете отырып, осында ойынға жиналғандардың бас-басына сол сойыс мүшелерінің бір-бір атауын беремін.

Сөйтіп,жүргізушібіройыншыны

«мойын», екіншісін – «жауырын», үшіншісін –

«қабырға», төртіншісін – «омыртқа», т.т. деп, отырғандарды жағалай тиісінше атап шығады. Сосын ойынның шартын түсіндіреді. Шарт бойынша жүргізуші ойыншыға қандай сұрақ қойса да, ол тек өз атынан басқа ештеңе айтпауы тиіс. Мысалы, жүргізуші бірінші ойын- шымен әңгімесін бастап: «Атың кім?» –

дейді. Ойыншы: «Мойын»,– деп жауап береді. Жүргізуші: «Не жедің?» Ойын- шы: «Мойын». Жүргізуші: «Не көрдің?» Ойыншы: «Мойын». Жүргізуші: «Нені жақсы көресің?» Ойыншы: «Мойынды». Жүргізушінің сұрақтары осылай жалғаса береді. Ал ойыншының жауабы біреу- ақ, не сұраса да тек «мойын» деп жа- уап беруімен болады. Егер жаңылысып, басқаша жауап беріп қойса, ұтылғаны. Жүргізушіге ұтылғандығының белгісі ре- тінде бір затын (тарақ, қаламсап, ормал, т.т.) тапсырады. Бұдан кейін әңгімеле- су екінші ойыншыға – «жауырынға», со- сын «қабырғаға» ауысып, әрмен қарай жалғасып кете береді.

 Ең соңында әңгімелесу біткен соң жүргізуші ортаға шығып, ұтылған ойын- шылардың заттарын жинап жүрген кө- мекшісін теріс қаратып қойып, әлгі зат- тарды бір-бірлеп суырып, жаза қолдану жөнінде билік айтқызады. Кесімді билік айтылысымен, заттың иесі оны бірден орындайды. Әдетте мұндайда өнердің барлық түрлері көрсетіледі. Жалпы, уа- қытты көп алатын болғандықтан бұл ойын көбіне бір-ақ рет ойналады.

Ақсүйек

 Әйгілі «Ақсүйек» ойынын балалар да, үлкендер де ойнайды. Жарық ай сәу- лесінің астында ойналатын «Ақсүйек» ерекше көңілді. «Ақсүйек» – шапшаңдық пен айла-тәсілді қатар пайдалана білуге, батылдыққа, қараңғыда жер жағдайын

Қазақ ұлттық ойындары

53

азақ ұлттық о ындары

бағдарлауға, ойын.

жүйріктіккетәрбиелейтін

Мұнда ойыншылар екі топқа бөлінеді.

Екі бастаушы – ойынды жүргізушілер –

«Ақсүйек» иелері. Ойын бастаушылар

екі топты екі қапталға сапқа тұрғызады.

Әдетте, топ бетін айға қаратып тұрады.

«Ақсүйек» иелерінің бірі:

Ақ сүйегім, Айдан табыл, Асқар-асқар таудан табыл, Ақ шілікті сайдан табыл,

Ақ сүт құйған шайдан табыл, Ақ қозылы қойдан табыл, Алқа топты тойдан табыл, Арманы асқаққа табыл,

Ақ жүзі арлыға табыл, Ай асты алыстан табыл,

Алақайлы жарыстан табыл!

 депөлеңдететұрып,қолындағы Ақсүйектітоптыңтусыртынақарай

лақтырып жібереді. Сүйектің жерге түс-

кендыбысыіздеугеберілгенбел-

гі болып табылады. Көмбеде екі ойын

басқарушықаладыда,екітопіздеу-

гешығады.Ақсүйектітапқанойын- шы тезірек көмбеге жетіп, оны иесіне

қайтаруға асығады. Ал басқа ойыншы-

лар жолай одан сүйекті тартып алуға ты-

рысады. Сүйек қолына тиген ойыншы:

«Ақ сүйек менде!»– деп айқайлауы шарт.

Жолай сүйектен айырылып қалмау үшін,

әркім оны өз жақтастарына лақтырып,

амал-айла қолданады. Тіпті ойыншылар-

ды шатастыру үшін бірнеше адам: «Ақ

сүйек менде!» – деп қосарлана айқайлап,

54

әрқайсысы әр бағытқа қаша жөнеледі... Сөйтіп, Ақ сүйекті көмбеге бірінші жет- кізген жақ жеңіп шығады. Ұтылған топ өнер көрсетіп, «айыбын» ақтап алады.

 «Ақсүйек» ойынына негізінен малдың қу сүйегі – кепкен жілік алынады. Ол болмаған жағдайда ақ дәкемен оралып, немесе ақ бояумен сырланған ұзындығы 15–20 см кішкентай ағашты пайдалануға болады. Сүйек иелері – топ басшылары ойынды кім бастайтынын таяқ ұстасу не- месе жеребе тастау арқылы анықтайды. Көмбеге оза жеткен ойыншы Ақ сүйекті тек өз бастаушысына тапсыруы тиіс. Егер мүмкіндік болып жатса, жеңген топ үшін арнайы жүлделер тағайындауға бо- лады. Ойын келісім бойынша 3–5 кезек ойналады.

Қарагие

 Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмағанымен, бұл ойынды кез келген бозбала ойнай алмайды. Ойын ережесі бойынша ойыншылар бас киімдерін шешіп ортаға тастайды. Көмбеден 25– 30 адымдай жерге қазықтар қағып (ара- лары 1метр), бас киімдерді қазықтарға бір-бірлеп іледі. Сонан соң әр ойын- шы көмбеде тұрып қолындағы сырығын лақтырып, бас киіміне тигізуі тиіс. Кім бас киіміне көп тигізсе – соның ұтқаны. Жүргізуші де ойынға қатысады.

 Сырық жас ырғайдан немесе қайың- нан жасалады. Ол неғұрлым ұзын да, салмақты болса, лақтырғанда сонша-

Қазақ ұлттық ойындары

55

Қазақ ұлттық ойындары

56

лықты алысқа ұшады да, жерге ұшымен қадалады. Әлсіз ойыншы бір-екі рет лақтырғаннан кейін қолының қары та- лып, шаршап, ойыннан шығамын деуі мүмкін. Мұндай жағдайда жүргізуші оны ойын аяқталғанша жібермей, соңынан

«жаза» қолдануы шарт. Әр ойыншы өзі- нің сырығын ұзындығы 3–4 метр етіп кесіп алады да, мұқалмас үшін жуан ұшын ұштап, отқа қыздырып, кептіреді. Келе-келе сырықтың ұшына жез, одан кейін темір кигізіп, бас киімнің орнына нысана ілінетін болған.

 Бозбалалардың бұл ойыны көшпелі тайпа жауынгерлерінің соғыста мықты да, төзімді, найза лақтырған кезде мер- ген, кесек, батыр тұлғалы болып жетілуі- не, жекпе-жекте жауға берілмеуіне көп септігін тигізген.

 Бүгінде бұл ойынды ойнағанда биіктігі 1метр қазыққа пішімі 60х60 см тақтай қағып, оның бетіне ортасынан бастап, айнала ұпай санын көрсететін он шеңбер сызылады. Әр шеңбердің арасы 5 сан- тиметр болады.

 Ойын ережесі бойынша әр ойыншы үш реттен, немесе бес реттен нысананы көздейді. Қорытындысында кім қанша ұпай жинағаны анықталып, ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

Сақина жасыру

 Бұл ойын жасөспірімдер арасында ойналады.

Ойынды өткізу үшін басқарушы және

сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелек шеңбер бойымен отырады да, алақандарын тізе- лерінің үстіне ашып қояды. Ойын жүр- гізуші жұмған алақанының ішіне сақина салып, әр ойыншының қолына өз қолын тигізіп жүріп, ретін тауып, әлгі сақинаны байқатпай біреуінің қолына тастап ке- теді. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салған сәтте, ол алақанын жылдам жаба қояды. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші алдын ала белгіленген кезекшіден «Са- қинам кімде?» деп сұрайды. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін дұрыс тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би би- леп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайта жалғастырады.

Ақшамшық

 Ойын жүргізуші ойыншылардың ара- сынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншы- ларға да солай істеуді тапсырады. Со- дан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тас- тау үшін айнала жүгіріп, бәріне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда, ол сақинаны білдірмей біреуге ғана та- стайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан

Қазақ ұлттық ойындары

57

Қазақ ұлттық ойындары

соң ортаға келіп: «Ақшамшығымды бер!» – деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы ке- рек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сондықтан сақинаның онда барын білсе орнынан тұрғызбауға тырысады. Ал сақинаны алған ойыншы білдірмей тұрып кетсе, өзі жаза тартады, ол тұра алмай қалса айыпкер көпшіліктің ұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер

58

көрсетіп жазасын өтеуге тиіс (көпшіліктің ұйғарымымен қарсыласуға болмайды).

 Содан кейін ойын қайта басталып, әр- мен қарай жалғаса береді.

Қазақша күрес

 Бұл ойын қазақтың ертеден келе жат- қан спорттық ойындарының бірі. Күрес ке- зінде екі топтан шыққан балуандар қоян- қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу, тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынын жерге тигізгенге дейін күреседі. Ортаға шыққан палуандар салмақ ерекшеліктеріне және жасының үлкен-кішісіне қарамай, тек өздерінің бі- лек күштеріне сенеді. Тегі, халықтың «Күш атасын танымайды» деген мақалы осыдан қалса керек.

Жаяу жарыс

 Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша – белгіленген екі көмбенің ара- сын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтық- қа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйт- кені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ға- на мөлшермен өлшене бастаған. Жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, көмбеге бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Қазақ ұлттық ойындары

59

Қазақ ұлттық ойындары

Аударыспақ

 Аударыспақ – ат үстіндегі күрес ойы- ны. Ортаға шыққан екі ойыншының мақсаты – ат үстінде күресе жүріп, бірін- бірі аттан аударып тастау, болмаған күн- де аттың үстінен қарсыласын жұлып алып, жеңілгенін мойындату. Қазақша күрестегі сияқты, аударыспақта да жасы- ның, салмағының ерекшелігіне қарамай- ды, оған тек өздерінің білек күшіне се- нушілер ғана шығады.

 Бұл ойынның екінші бір түрінде екі атты адам арасы 40–50 адымдай екі көмбеде тұрып, ойын жүргізушінің берген белгісі- нен кейін біріне-бірі қарама-қарсы шаба- ды. Ойынның шарты бойынша, кездес- кен жерде бірін-бірі аттың үстінен жұлып алып түсуі керек. Қайсысының денесі жерге тисе, сол ойыншының ұтылғаны. Мұнда тоқтап тұрып аударысуға бол- майды. Шауып өткен бойда ғана бірін- бірі аттан аударып түсіруі керек. Бұлай істей алмаған жағдайда, ойыншылар сол шапқан бетте көмбеге барып, ойынды қайта бастайды.

Жамбы ату

 Бұл ойын халқымыздың ұлттық ерек- шелігін көрсетеді. Өйткені қазақтар жам- быны ат үстінде тұрып немесе шауып келе жатып қана атқан. Ал әлемдегі басқа халықтар арасында жамбыны бір орында тұрып, аспай-саспай ату түрі ғана бар.

Қазақтар жамбыны атқанда қазіргі

кездегідей белгілі бір қашықтықта тұрған тақтайдағы нысананы атқан жоқ. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны (бәйгеге тігілген күміс яки алтын) шүберекке орап, қыл арқанмен байлап қоятын. Әрі мер- гендер атқанда, ораулы тұрған жамбы- ны емес, байлаулы тұрған жібін атып ба- рып жамбыны жерге түсірген. Бұл ойын мергендер тігілген жүлдені атып алғанға дейін жалғаса береді.

Күміс алу

 Бұл ойынға қатысу үшін нағыз ат құлағында ойнайтын шабандоз болу ке- рек. Себебі ойынға қатысушылар қатты ағынмен шауып келе жатқан аттың үсті- нен еңкейіп, жерде ораулы жатқан күмісті іліп алуы тиіс. Сөз жоқ, бұл оңай іс емес! Сондықтан ойынға қатысушыларға атқа шаба білу ғана жеткіліксіз, яғни оған ержүректік пен шапшаңдық қасиеті қо- са керек. Сонымен қатар, «күміс алу» ойынына кез келген ат жарай бермей- ді, оған бойы аласалау, тіпті аласа, ор- таша іріліктегі аттар пайдаланылады. Бәйгеге қосылатын еңселі аттар мұндай ойындарға жарамайды.

 «Күміс алу» ойынының тәртібі бойын- ша екі көмбенің ортасына бірнеше жер- ге шүберекке оралған күмістер тас- талынады. Ойынға қатысушылар бір көмбеден екінші көмбеге шауып өткен жолында жерде жатқан күмісті еңкейіп іліп алулары керек. Осылайша кезекпен ойыншылардың барлығы бір-бір рет-

Қазақ ұлттық ойындары

61

Қазақ ұлттық ойындары

тен өтіп шыққаннан кейін, егер олардың ешқайсысы жүлдені іліп ала алмаса, онда екінші көмбеден кері қарай ойынды қайта бастайды. Сөйтіп, жердегі күміс алынғанша ойын жалғаса береді.

Қыз қуу

 «Қыз қуу» ойынының шығу тарихы тым әріде жатыр. Сонау ертеректе қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүрген алғашқы сақ тайпаларының өмірі көбіне жаугер- шілікпен өткені белгілі. Сонда бейбіт күндері жауынгерлер мен олардың са- пында жүрген мерген қыздар бірін-бірі

62

ат үстінде қуалап, көңіл көтерсе керек. Осыдан барып кейін халық арасында

«қыз қуу» ойыны кең таралған көрінеді. Ойын тәртібі бойынша кең жазық жер-

ге жиналған халықтың арасынан арғымақ мінген қыз шығады да, қыз қууға дайын- далып, сап түзеп тұрған жігіттердің қа- сына жақындап барып, өзі ұнатқан бір жігітті қамшымен тартып жіберіп, қаша жөнеледі. Есесі кеткен жігіт атына міне салып, қызды қуып береді. Содан қызды қуып жетсе бетінен сүйіп, «есесін» қай- тарады да, ал егер қуып жете алмаса, амал жоқ, ойынды тамашалап тұрған дүйім жұртқа күлкі болады.

Қазақ ұлттық ойындары

63

Қазақ ұлттық ойындары

Бүркіт салу

 Бұл тек Орта Азия халықтарының ара- сында аңшылық кәсіптің негізінде дамы- ған демалыс-көңіл көтеру ойындарының ойындарының бірі болғандықтан, күні бүгінге дейін аса бір құрметпен өткізіле-

64

ді. Аң аулауға дайындалған бүркіттің бабын табу, оны асырап, баулу, қоян, түлкі, тіпті қасқырларға салу үшін жақсы үйреншікті әдіс керек. Қазақ тарихын зерттеуші ғалымдардың көптеген еңбек- терінде қазақтардың бүркіт салып, аң аулайтындығы өте қызықты баяндалады. Негізінен құсбегілер аңға шыққанда тек бүркіттің аңды ұстауын ғана қызықтап қоймай, сонымен қатар көз тоймайтын табиғат ерекшеліктерін, жануарлар дү- ниесінің ғажайып құбылыстарын да та- машалай білген.

Көкпар тарту

 Бұл ойынға атқа еркін шабатын, біле- гінің қарымы мығым, астында жаратқан күшті аты бар адамдар қатыса алады.

«Көкпар тарту» – Орта Азия халықтарының арасында өте ерте пайда болған ойындар дың бірі. Әрі күні бүгінге дейін бұл ойын өзінің құндылығын әлі жойған емес. Жер- жерлерде әрбір мереке сайын «көкпар тартудың» үлкен қызығушылықпен ұйым- дастырылып, тамашалануы соның бірден- бір көрінісі болса керек.

 Ойын ережесі бойынша, көмбеде тұр- ған ойыншылардың қай бұрын жеткені әудем жерде ортада жатқан басы кесіл- ген бағланды, не ешкіні ала қашады. Бас- қалардың мақсаты – оны қуып жетіп, көкпарды тартып алып, басып озу. Осы- лайша екінші көмбеге әлгі тартысқа түскен малды шамасы жетіп, кім бұрын әкелсе, соның ұтқаны.

Қазақ ұлттық ойындары

65

Жорға жарыс

 Бұл ойынның басқа ойындарға қара- ғанда, басты ерекшелігі сол, оған кез келген адам қатыса бермейді. Себебі жарысқа түсетін жорға аттар ел арасында өте сирек кездеседі. Екіншіден, жорға де- ген аттардың өзі кейде жорғалап келе жа- тып желіске түсіп кетеді. Ал ереже бойын- ша, жарысушылар белгіленген екі көмбенің арасын тек жорғалап жүріп өтулері тиіс. Және бір ескерілетін жайт, бұл жарысқа көбіне қыздар жағы қатыстырылады.

Инемді тап

 Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмағанымен ойынды екі-ақ адам ой- найды, әрі ойынның сырын біреуінің біліп, екіншісінің білмегені жөн. Ойын үйдің ішін- де, жиналып отырған топ адамның алдын- да көрсетіледі.

 Көптің ортасына шыққан екі ойыншының біріншісі екіншісіне: «Сен мынаны үстіңе жасыр, мен оны иіскеп тауып беремін!» – деп, оның қолына бір инені ұстатады да, өзі далаға шығып кетеді. Далада қазанның ба- сына барып, бөркін теріс айналдырып кие- ді де, төбесіне күйе жағып қояды. Сосын ішке кіріп: «Қалай, инені жасырдың ба?» – деп әлгі ойыншыдан сұрайды. Ол: «Жасыр- дым!» – деп жауап береді. «Ендеше сақтан, мен қазір инені тауып беремін!» – деп, оның үсті-басын иіскелей бастайды. Сәлден соң:

«Таптым-таптым, ине жағаңда екен!» – деп, екі қолымен өңірінен мықтап ұстап алып, ар-

66

лы-берлі иіскеген болып, төбесіндегі күйені оның беті-аузына әбден жағып шығады. Үйдің ішіндегілер қыран-топан күлкіге кене- леді. Тапқышбектің инені таба алмай текке әуреленіп жатқанын көріп, екінші ойыншы да мәз болып, қарқылдай күледі.

Айдап сал

 Бұл ойынға ойнағысы келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Сосын бірінші топтың ойыншы- лары сыртқа шығып кетеді де, екінші топтағылар үйдің ішінде қалады. Ойын жүргізуші сыртта тұрғандардың есім- дерін үйде отырғандардың әрқайсысына жеке-жеке қойып шығады.

 Содан соң сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Сырттан кірген ойыншы үйдегі ойыншылардың арасынан өз есімімен аталған ойыншы- ны табуы керек. Егер таба алмаса, онда айыптылар орнына барып отырады. Ал егер дұрыс тапса, сол өзімен «аттас» ойыншының жанына жайғасады. Осылай- ша сыртта тұрғандар бір-бірлеп тегіс ішке кіріп болғасын ойын тоқтатылып, айып- тылар қатарына іліккендер көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, домбыра тартады. Әйтеуір білген өнерін көрсетеді.

 Келесі кезекте екі топтың ойыншы- лары орындарын алмастырып, ойынды қайта жалғастыруға болады.

Қазақ ұлттық ойындары

67

Қазақ ұлттық ойындары

68

Қарамырза

 Ойын басталмас бұрын ойынның тәртібі түсіндіріледі. Бәрі түсінікті болған кез- де ойын жүргізуші: «Ойнаймыз ба?» – деп сұрайды. Отырғандар: «Ойнаймыз!» – деп жауап қайтарады. Жүргізуші: «Ал ендеше, бастаймыз!» – деп, өзінің оң жағындағы ойыншыға кезек береді. Ол өзінің оң жағындағыойыншыға:«Ассалаумағалайкум, қарамырза!» – дейді. Осы кезде сәлем алушы байқамай: «Уағалайкуммуссалам!» – деуі мүмкін. Ал негізінен ойын тәртібі бойын- ша «уағалайкуммуссалам, бірінші қарамырза» деп жауап қайтаруы керек еді. Сол үшін де әлгі ойыншы айыпкер саналады.

 Осылайша ойын жалғаса береді де, әр амандасқан сайын қарамырзалардың саны «екінші», «үшінші», «төртінші», т.т. деп рет-ретімен өсе береді. Ал ойыншылар осының бәрін жіті қадағалап отырып, жаңы- лыстырмай айтулары тиіс.

 Ойынның соңында дұрыс жауап берген- дер – «тазалар», дұрыс жауап бермеген- дер – «қаралар» болып екі топқа бөлінеді. Сөйтіп, «тазалар» «қараларға» жаза бел- гілейді де, олар айыптарын өнер көрсету арқылы өтеуге кіріседі.

Белбеу тастау

 Ойнаушылар теңдей екі топқа бөлінеді де, арасы 15–20 қадамдай жердегі екі сызықтың бойына қатарласа тұрады. Жүргізуші бірінші топтың ойыншыларының

біреуіне қолындағы орамалын береді. Ол барып екінші топтың ойыншыларының артқы жағынан жүгіріп өтеді де, өзі қалаған бір ойыншының артына орама- лын қалдырып, өзі кері қарай жүгіреді. Орамалды алған ойыншы қашқан ойыншы орнына жеткенше қуып жетіп арқасынан ұрып үлгерсе, қарсыласымен бірге өз то- бына келеді, ал қуып жете алмаса, онда сол қарсыласының тобында қалады. Бұдан кейін кезек екінші топқа беріледі. Осылайша ойын барлық ойнаушы ора- малды бір-бір реттен тастап шыққанша жалғаса береді. Ойынның шарты бойын- ша, қарсыластар тобынан ұтылып қалған- дар өз тобында тұрған кезде кезегі келіп орамал тастап үлгермесе, онда міндетті түрде оған келген тобында орамал тас- тауға мүмкіндік беріледі.

Көрші

 Ойын көпшілік жағдайда жастардың ойын-сауық кештерінде ойналады. Ой- наған кезде көрші болып бір жігіт, бір қыз қатар отырады. Ойынға қатысушы- лардың біреуі көршісіз қалады. Жүргі- зушінің мақсаты – серіксіз тақ қалған ойыншыға көрші іздеу.

Жүргізуші тақ ойыншыдан:

  •  Сіз кімнің көршісін қалайсыз? – деп сұрайды.

Ойыншы:

  •  Маған бәленшенің көршісі керек,– деп, өзі қалаған ойыншының көршісіне бағыт сілтейді.

Қазақ ұлттық ойындары

69

Қазақ ұлттық ойындары

70

 Ойын жүргізуші аталған көршілерге келіп:

 – Көршіңізбен аразбысыз-татумы- сыз? – деп сұрайды.

 Егер «аразбын» десе, көршісі серіксіз қалған ойыншының қасына барып көр- ші болады. Ал егер «татумын» десе, татулығын көрсете жаза арқалап, тақ ойыншының талабы бойынша көпшілікке өнер көрсетеді.

 Ойын барысында тақ ойыншы өзіне көрші тауып алса, соның нәтижесінде серіксіз қалған келесі бір ойыншы өзіне көрші іздеуге кіріседі. Осылайша ойын- ның соңында отырғандардың бәрі түгел дерлік тату көршілерге айналады.

Алты бақан

 «Алты бақанды» жаз айларында тебеді. Оны құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3–4 метрден жеті ағаш және мықты үш арқан керек. Мосы құсатып алты ағашты үш-үштен бір жақ басынан байлайды да, екі жерге қадайды. Бір ағашты жоғарғы ашасына көлденең салып бекітеді. Арқан- ның біреуін бел ағашқа аяқ тірейтіндей етіп байлайды. Қалған екі арқан одан қысқарақ етіліп отыру үшін қосарландыра байланады.

 Қыз бен жігіт қарама-қарсы тұрып аяқтарын арқанға тіреп тербеледі. Алты бақан тепкен екі ойыншының бастауы- мен жерде тұрған жастар қосылып ән салады. Ойын-сауыққа жиналғандар ал-

Қазақ ұлттық ойындары

ты бақанға кезек-кезек отырып, ойын- ды жалғастыра береді. Әрбір жолы алты бақанға отырғандар өздері қалаған әнді бастайды да, басқалары қосылып, олар- ды тербетіп тұрады.

71

Қазақ ұлттық ойындары

Ат омырауластыру

 Ойынның шарты бойынша, ойынға қатысушы аттылардың барлығы арнай сызылған үлкен шеңбердің ортасына жиналады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде қызу әрекетке көшкен ойыншылар шеңбер ішінен бірін-бірі ығыстыра шы- ғарып тастауға кіріседі. Ығыстырғанда тек аттар ғана омырауласады, қолдарымен бірін-бірі итеруге, күш жұмсауға болмай- ды. Ойын барысында шеңбер сызығынан кімнің атының екі аяғы сырқа өтсе, сол адам ойыннан шыққан болып есептеле- ді. Ойын шеңбердің ішінде бір ойыншы қалғанға дейін жалғасады да, ең соңында шеңбердің ішінде қалған адам жеңімпаз атанады, тігілген бәйгені иемденеді.

Тұмақ ұру

 Ойынға әркім өз атымен шығады. Ал- дын ала көмбеден 20–30 адымдай жер- ге биіктігі ат бойындай қазық қағылып, басына бас киім ілінеді. Сосын аттылы ойыншының біреуі қолына қамшы ұстап көмбегекеледі.Ойынжүргізушіоның көзін орамалмен байлап, атының басын ас киім ілінген қазыққа қарай бұрып ібереді. Көзі байланған ойыншы атын елдірте жүріп бара жатып, қазықтағы ұмақты қамшысымен дәлдеп ұруы ке- ек. Егер тұмаққа дәл тигізсе, белгілен- ген жүлдені ұтып алады. Ал тигізе алма-

са, жұрттың күлкісіне қалады.

72

Жігіт қуу

 Бұлатойынынақатысушыларекі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші аралары 1–2 шақырымдай екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, басына тұмақ кигізеді де, екіншісіне өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып, біреуінің қолына белбеу (немесе орамал) береді. Сосын ойын жүргізушінің белгісі бойын- шаойыншыларекіншікөмбегеқарай тұра шабады. Шарт бойынша белбеу ал- ған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей жолда қуып жетіп, арқасынан ұруы ке- рек. Бұлардан кейін ойынға келесі екі атты шақырылады. Соңында қай топтың ойыншылары қарсыластарын көбірек қу- ып жетіп, «сыбағаны» көбірек жегізген болса, сол топ жеңген болып есептеледі. Бұл ойынды жаяу жүріп те ойнауға бо- лады. Мұндай жағдайда ойыншылар екі топқа бөлініп, алдын ала арасы 20–30 адымдай екі көмбе белгіленеді. Көмбе- нің біреуіне алдыңғы ойындағыдай қа- зық қағылып, басына тұмақ кигізіледі. Жүргізуші екі топтан екі ойыншыны өзі тұрған екінші көмбеге шақырып алып, біреуінің қолына белбеу немесе екі бүк- теліп есілген орамал ұстатады. Содан соң жүргізуші белгі берген кезде ойын- шылар қарсыдағы көмбеге қарай тұра жүгіреді. Ойын ережесі бойынша, бел- беу алған ойыншы екіншісін жолда қуып жетіп, арқасынан ұруы тиіс. Межеге жет- кесін «сыбаға» жегізуші ойыншы белбеу- ді жерге тастай сала кейін қарай қашады. Енді екінші ойыншы белбеуді ала салып,

Қазақ ұлттық ойындары

73

Қазақ ұлттық ойындары

74

қашып бара жатқан қарсыласын қуып жетіп, арқасынан ұрады. Ойын барысын- да қарсыласына белбеу жұмсай алмаған ойыншы ұтылған болып есептеледі.

Хан жақсы ма?

 Ойнаушылар дөңгелене жайғасып отыр- ғаннан кейін орталарынан бір ойыншыны

«хан», екіншісін «уәзір» етіп сайлайды да,

«уәзір» ойынды бастайды. Халық ортаға шыққан «уәзірге»: «Халық ерігіп жатыр, әміршіміз халыққа бір ермек тауып бер- сін!» – деген өтініш айтады. «Уәзір» тағында оңаша отырған «ханға» барып, халықтың өтінішін жеткізеді. Әмірші: «Халық еріксе,

«Хан жақсы ма?» деген ойын ойнасын» – дейді. Халық сол ойынды ойнауға кіріседі.

«Уәзір» шеткі ойыншыдан бастап: «Хан жақсы ма?» – деп сұрай бастайды. Әркім әртүрлі жауап береді. «Ханның» жақсы жақтары да, жаман жақтары да ашық ай- тылады. Ал «уәзір» сол естігендерінің бі- рін де қалдырмай шетінен «ханға» жет- кізіп отырады. Ең соңында «уәзір» «ханға» келіп: «Тақсыр, кімнен зорлық, кімнен қор- лық көрдіңіз?» – дейді. Сол кезде «хан» өзін жамандағандарды біртіндеп алдына шақырта бастайды. «Анау отырған қау- ғабасты әкел! Шұнақты әкел!» – деп, сырт- тай бас-басына айдар тағып, сырттай тісін қайрап отырғандарды алдына ал- дыртып, жазаға тартады. Жазасының түрі

«бес қатты, он тәтті» деп аталады. «Уәзір» қолына екі қабатталып есілген орамалды алып, «ханның» бұйрығын жүзеге асырып отырады. Яғни, жазаның «қаттысында» қол

иыққа дейін, ал «тәттісінде» қол шынтаққа дейін түріліп, дүре соғылады.

 «Ханды» жамандағандар жазаларын алып болған соң, енді оны мақтағандар шақырылады. Бұл жолы «хан» әлгінде жа- бырқап қалған көңілін көтеру үшін оларға ән айтқызып, би билетеді. Осылайша ойын аяқталған соң, «хан» орнын «уәзіріне» бе- реді де, ол өзіне жаңа «уәзір» сайлап ала-

Қазақ ұлттық ойындары

ды. Сөйтіп, ойын әрмен қарай жалғаса ы.

Ат үстіндегі тартыс

 Ойынға 20–30 шаршы метр алаң бел- гіленеді. Осы алаңға ойынға қатысушы үш- бес жаяу және бір аттылы адам шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаты – аттылыны жерге түсіріп, жаяу қалдыру. Ойын шар- ты бойынша, ойыншыларға белгіленген алаңнан сыртқа шығып кетуге болмайды. Жүргізуші жаяуларға аттылының атына ти- іспей өзін аударып тастау үшін 10–15 ми- нут уақыт белгілейді. Осы уақыт ішінде ат- тылыны құлата алмаса, жаяу адамдардың келесі тобы сайысқа шығады.

Түйе жарыс

 Жарысқа тек түйелі жігіттер ғана қаты- сады. Жарысқа қатысушылар бір сызық- тың бойына қатарласа тұрып, жүргізуші белгі берген кезде барлығы көмбеден бір- дей шығады. Жарыс жолының ұзындығы 5–10 шақырым аралығында белгіленеді. Көмбеге қай бұрын жеткені жеңімпаз ата- нады.

75

Қазақ ұлттық ойындары

76

Жаяу көкпар

 Бұл ойынға мықтылардың мықтысы ға- на қатысады. Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойына қатарласа тұрады. Ой- ын жүргізушінің берген белгісі бойын- ша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені ала қашып, арасы бір шақырымдай екінші көмбеге жет- кізе білсе, сол ойыншының ұтқаны. Мұнда арадағы тартыс кезінде қайтпас қайсарлық танытудың өзі үлкен бір өнер. Әрине, қара күш, жұмыр білектің мықтылығы да осы жерде сыналмақ.

 Осы ойынның екінші бір түрінде ойнау- шылар екі топ болып, көкпарға қатыса- ды. Бұл жерде тартыс та, бәйге де ортақ. Сондықтан көкпар кезінде әр топ өздерінің жігіттерін қолдап, демеп отырады. Әсіресе, көмбеге жақындаған кезде түйілген бір жұдырықтай бәрі жұмыла әрекет етеді. Ұтып алған бәйгені топ мүшелері өзара бөліп алады.

Жаяу тартыс

 Ойынға қатысушы екі жігіт ортаға шы- ғады да, екі басы біріктіріліп түйілген ар- қанды екеуі бірдей мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді. Ереже бойынша, екеуі екі жаққа қарай еңбектей тартып, алдын ала белгіленген межеге жеткізулері керек. Қайсысы басымдық та- нытып, қарсыласын сүйреп жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептелінеді.

ОЙЫН ӨЛЕҢДЕР

Санамақ

Бірім – бір, Екім – екі, Үшім – үш, Төртім – төрт, Бесім – бес, Алтым – алты, Жетім – жеті, Сегізім – сегіз,

Тоғызым – тоғыз, Оным – он.

Он бірім –

Оны тапшы, ай-күнім?

Бір дегенің – білеу, Екі дегенің – егеу, Үш дегенің – үскі, Төрт дегенің – төсек, Бес дегенің – бесік, Алты дегенің – асық, Жеті дегенің – желке,

Сегіз дегенің – серке, Тоғыз дегенің – торқа, Он дегенің – оймақ, Он бір – қара жұмбақ.

Саусақ санау

Қуыр-қуыр қуырмаш, Балаларға бидай шаш! Тауықтарға тары шаш! Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Қазақ ұлттық ойындары

77

Қазақ ұлттық ойындары

78

Ортан терек, Шүлдір шүмек, Кішкене бөбек.

Сен тұр – қойыңа бар! Сен тұр – қозыңа бар! Сен тұр – жылқыңа бар! Сен тұр – сиырыңа бар! Сен тұр – түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай, Қазан түбін жалап, Үйде жат!

Мына жерде құрт бар, Мына жерде май бар, Мына жерде шай бар, Мына жерде қатық бар,

Ал мына жерде қытық бар... Қытық, қытық!

Сан ішінде кім ұтты?

  • Біреу дедік, Екеу дедік, Үшеу дедік, Төртеу дедік, Бесеу дедік, Алтау дедік, Жетеу дедік,
  • Сан ішінде кім ұтты?
  • Біреуден бастап, Жетеу ұтты.
  • Онды қайда тастадың, Оңға қарай бас адым.
  • Неше рет «еу» дедік?
  • Алты рет «еу» дедік.
  • Неше рет «ау» дедік?
  • Бір рет «ау» дедік.
    • Алтыны «ау» дедік.

«Ау» десіп түгел жөнелдік.

Ойлап тап!

Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос-қос лақты қос ешкі. Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге ойлап қой.

Қаламақтар

І түрі

Қағаз, қалам Қолға алам, Елге барам, Малшы болам. Сиыр бағам, Ешкi сауам, Отын шабам, Оны жарам, Отын жағам.

Он атта Оң жаққа.

II түрi

    • Қоян қашқын, Қайда қаштың?
    • Тоғайға қаштым.
    • Неге қаштың?

Қазақ ұлттық ойындары

79

Қазақ ұлттық ойындары

80

  • Сенен састым.
  • Неге састың?
  • Iзiмдi бастың.
  • Ендеше қашпа.
  • Мылтығыңды таста.
  • Аузыңды аш та, Он сөз –

зыт тез!

  • түрi

Жылқы-мылқы, Ойын-күлкi, Сиыр-миыр, Ешкi-мешкi, Түйе-мүйе, Қой-мой,

Қозы-мозы, Торғай-морғай,

Қос сөздер осылай. Он атта

Сол жаққа.

  • түрi

Өгiз семiз, Жылқы қоңды, Түйе қомды, Ешкi майлы, Шажырқайлы. Сиырым сүттi, Саулығым құтты.

  • түрi

Қарға, қарға, қарғалар, Қанатымен жорғалар, Есенбике жеңгелер,

Күмiс тонын түймелер, Атой салдым қабақта, Мейiз салдым табаққа.

  • түрi

 Ойын алдында балалар екi жетекшi сайлайды, содан соң екi-екiден жұп- тасып, өздерiне жасырын ат қояды. Сол жасырын ат бойынша екi жетекшi- ден кезек-кезек қалауын сұрайды. Мы- салы: «Аспандағы жұлдыз керек пе, судағы құндыз керек пе?» Жетекшiнiң бiрi: «Судағы құндыз!» – дейдi. Құндыз- бала соның жағына шығады. Осылайша қаламақ жалғаса береді де, келесі ойын- ды ойнау үшін балалар екi топқа бөлiніп алады.

Аспандағы жұлдыз керек пе, Судағы құндыз керек пе?

* * *

Ақ сандық па, Көк сандық па?

* * *

Түйенiң ботасы керек пе, Жердiң жотасы керек пе?

* * *

Алтын асық керек пе, Күмiс қасық керек пе?

Қазақ ұлттық ойындары

Қазақ ұлттық ойындары

82

* * *

Тебеген бие керек пе, Қашаған түйе керек пе?

* * *

Көлшiктегi көлбақаны аласың ба, Тастақтағы тасбақаны аласың ба?

* * *

Кiмге ат, Кiмге арба?

* * *

Бiр, екi, Жердiң бетi. Сары шымшық, Тез ұшып шық!

* * *

Шал мен кемпiр келе жатып, Арбасының доңғалағы сынып қапты. Оны жөндеу үшiн неше шеге керек? Бiр,

Екi, Үш, Төрт, Бес, Алты, Жетi –

шығып кеттi!

* * *

Ақ тас, қара тас, Сен қаш, сен бас.

* * *

Бала – тапқандiкi, Ешкi – баққандiкi.

Ірімшік, ірімшік

Iрiмшiк, iрiмшiк, Сен тұр, сен шық!

Тоқтышақ

Бірім – бірім, Екiм – екiм, Үшiм – үшiм, Төртiм – төртiм, Бесiм – бесiм, Алтым – алтым, Алты малтам, Алтын балтам, Сары ала қаз Саңқылдауық, Қырман тауық Қырқылдауық.

Сен кiр, сен шық.

Кім керек?

  • Ақ серек, Көк серек,

Бiзден сiзге кiм керек

  • Ақ шанаш, Көк шанаш,

Iшiнде бар көп шанаш.

  • Ақбай,
  • Көкбай,
  • Боранбай,
  • Ботабай, Ай, зу-у-у...

(жарыса жөнеледi)

Қазақ ұлттық ойындары

8

Қазақ ұлттық ойындары

84

Ақ серек, көк серек

Тем-тем, тем еткен, Тебiнгiден тер өткен, Қанжығадан қан өткен, Қарағай басын қайырған, Жаудан жылқы айырған. Ай керек-ау, ай керек, Айдың басы дөңгелек.

Ақ серек пен көк серек, Шауып алдым бәйтерек, Сонау тұрған баланың Өз басы керек.

Ақ сандық, көк сандық

Ертең аулым көшедi, Уық бауын шешедi.

Ала тайым ойнайды, Қара тоқтым қашады, Құмалағын шашады. Ақ сандық,

Көк сандық, Арқан тарт, Кiлем арт!

Жасырынбақ

Бiрiм, Екiм, Тығыл! Бекiн!

Мен санайын, Сен бол дайын. Сары шымшық,

Сыртылдауық. Сен тұр,

Сен шық!

Көз қарасу

Көзiм, көзiм, көз айна, Көзiмде бар шоңайна, Шоңайнасы кiредi, Жұм көзiңдi, абайла.

Ойыннан шығу

Аттым, баттым, Тұрдым, жаттым, Куф, суф, Шаршадым, ух!

Бала мен қыздың айтысы

Б а л а:

Домбырам басы ырғай-ды, Қыздар қолын бұлғайды.

Бұлғаса да бармаймын, Әлдене деп қарғайды.

Қ ы з:

Домбырам басы ырғай-ды, Қыздар қолын бұлғайды.

Шақырғанда бармасаң,

«Көк шешек» деп қарғайды.

Б а л а:

Ол қарғысың өзiңе, Екi қара көзiңе.

Қазақ ұлттық ойындары

85

Қазақ ұлттық ойындары

86

Қыз қарғысы өтпейдi, Маған тiптi жетпейдi.

Қ ы з:

Кәмпитiмнен бермеймiн, Ендi саған ермеймiн, Маңайыңа келмеймiн.

Ұл мен қыздың айтысы

Ұ л:

Қыздар, қыздар құртыңнан, Қуып келдiм жұртыңнан, Сол құртыңнан бермесең, Тесiп шықсын ұртыңнан.

Қ ы з:

Бала, бала, қырт бала, Аузымдағы құрт, бала, Сiлекейлеп берейiн, Сусын болсын, жұт, бала.

Ұ л:

Қасқыр, қасқыр қара ала, Бауыр жүнi сары ала, Бiздiң қойды арала, Қыздардың қойын жарала.

Қ ы з:

Қасқыр, қасқыр қарасың, Қасқыр қайда барасың, Мына баланы жей ғой, Қойды қайдан табасың.

Ұ л:

Қасқыр, қасқыр қара ала, Өтiрiкке қарама,

Қой болмаса далада, Осы қызды жарала.

Қ ы з:

Маң төбетiм барады, Қасқырларды алады. Содан кейiн сен, бәлем, Тап өзiңдi қабады.

Сандар айтысы

  • Бір!
  • Бiзiң кiр!
  • Екi!
  • Маңдайынан шекi.
  • Үш!
  • Менi жеңбек күш.
  • Төрт!
  • Тас төбеге өрт.
  • Бес!
  • Майлы құлақ кес!
  • Алты!
  • Ата-ананың салты.
  • Жетi!

Қазақ ұлттық ойындары

  • Жемтiк қойдың
  • Сегiз!

етi.

  • Қойың тапсын егiз
  • Тоғыз!
  • Есi жоқ хайуан доңыз.
  • Он!
  • Кигенiң тон.
  • Он бiр!
  • Менi үйiңе қондыр!
  • Он екi!
  • Орал тауға жол екi.

87

Қазақ ұлттық ойындары

88

Бала мен шілдің айтысы

Азырақ өлеңімді ал бастайын, Балалық албырттықты мен тастайын. Жолығып қозы бағып жүргенiмде, Болған соң айта салдым сөзiм дайын.

Айтқанда осы өлеңдi аз ойландым, Өмiрдiң көп сырына қайран қалдым. Бәйшешек, көк шалғында маужыраған, Ермегi өлең деген жайған малдың.

Дөңестiң қозы бақтым бауырына, Отырдық жердiң таңдап сауырына. Ұстап ап байғұс шiлдi ерiккен соң, Өлең ғып айтып келдiм ауылыма.

Қиысы кейде нашар осы өлеңнiң, Бiр шiлге қолға түскен аз бөгелдiм. Жел сөздiң желдей ескен арқасында Өлең ғып әлгi шiлдi ала жөнелдiм.

Айтыстым әлгi шiлмен сол арада, Көрсеттiм өктемдiктi бейшараға. Сүйретiп жалбыратып ұстап алып, Бастадым осы өлеңдi ен далада.

Жоқ едi көкте бұлт, жерде қылау, Бiлмейтiн албырт кезiм елдi сыйлау. Оралған қыл тұзаққа байқұс шiлмен, Айтысып айтқан сөзiм сонда мынау.

Б а л а:

Шiлмiсiң, кекiлiкпiсiң, неменесiң? Беткейге тұзақ құрсам кез келесiң.

Қаңғырып қайдан келдiң сорлы байғұс, Шiлiм-ау, шыныңды айтшы, ендi өлесiң.

Жаудырап шiл байғұстың екi көзi, Кездейсоқ тұзағыма келген кезi. Жалынып қоя бер деп өлең айтып, Сондағы байғұс шiлдiң айтқан сөзi.

Ш i л:

Екеуi: шiл, кекiлiк ағайынды, Жаныңа өлең айтып жағайын-ды. Аға-екеш, менi өлтiрмей қоя бершi, Жақсылық етiп баян бағайын-ды.

Б а л а:

Атымның соған бола қылын жұлдым, Беткейге қылын жұлып тұзақ құрдым. Бидайды тұзағыма шашып қойып, Затыңды бәлем сенiң сөйтiп ұрдым.

Ш i л:

Обалы жұлған қылдың менде болсын, Жақсылық пайдасымен сенде болсын. Аға-екеш, менi өлтiрмей қоя бершi, Және де мал мен басың тең боп өссiн.

Б а л а:

Әй, шiлiм, кiшкенеңнен жорғалайсың, Тау-тастан қырғи көрсең қорғалайсың. Шiлiм-ау, арықпысың, семiзбiсiң, Ұстатшы төс етiңнен, сен қалайсың?

Ш i л:

Сен ұстап төс етiмдi не қыласың, Бiр шапан екеу ара жамыласың. Ағатай, менi өлтiрмей қоя бершi,

Бiр қасық қанды жүктеп не қыласың?!

Қазақ ұлттық ойындары

89

Қазақ ұлттық ойындары

Б а л а:

Түсiмде бөрте атыма мiнiп жүрмiн,

Тау-тастан қырғи қоймай жиып жүрмiн. Шiлiм-ау, осы түстi жорып бершi, Жүнiңдi тап-тақыр ғып жұлып жүрмiн.

Ш i л:

Шiлiңiз жаман айтса назар болар, Адамға тағдыр жетсе қаза болар. Түсiңiз түске ұқсасын, мен жориын, Бақ қонып сарайыңыз таза болар.

Б а л а:

Ой, шiлiм, бара қойшы жаның сақтап, Жiбердiң осы құрша менi мақтап.

Қолына қырғи, сұңқар қалма түсiп, Жүргейсiң қысы-жазы менi жақтап.

Ш i л:

Ағатай, мол-ақ екен амалдарың, Басына талай сеңгiр самалдармын. Егер де жайылымға ұзап кетсек, Болмасын ағайымның көңiлi жарым.

Б а л а:

Келемiн қозы айдап ылди-ойдан, Шыға алмас қозы қарғып терең жардан, Шырағым, тау-тас кезiп ұзап кетпей, Жесеңшi бiздiң үйде көп бидайдан.

Ш i л:

Жемеймiн бидайыңды көп те болса, Болады өзiме ас шөп те болса,

Бiр күнi жардай қылып сойып тастар, Бидай жеп мен семiрiп еттi болсам.

90

Қазақ ұлттық ойындары

91

Қазақ ұлттық ойындары

92

Б а л а:

Қонады бiздiң ауыл қиыр шетке, Сенi мен өлтiрмеймiн биттей етке. (Қолымнан бара қой деп ұшырып ем, Әлгi шiл ұшып барып қонды бетке).

Ш i л:

Мен өзiм қорқа-қорқа қор болдым ғой, Сен дағы құдайдан да зор болдың ғой. Әй, бала, теңдiк алдым, қолым жеттi, Терезем терезеңмен тең болды ғой.

Б а л а:

Қарашы, мына шiлдiң ұшуына, Iзiң жоқ жерде менiң түсуiме.

Қайтадан, шiлiм, қолға түсе қалсаң, Қамшымен мен даярмын күсуiме.

Шiлменен аз сөйлестiм мәслихат құрып, Жамағат, тыңдадыңыз мойын бұрып. Әлгi шiл бiр қарамай кеттi ұшып, Қамшымды отыра кеттiм лақтырып.

Өлеңi жас баланың саусылдайды, Сарқылып тау суындай таусылмайды, Ерiгiп қозы жайып жүрген шақта Өлең ғып жүрушi едiм осындайды.

Қатесiн кешiрерсiң, үлкен аға, Көңiлiң жас кезiңде пара-пара. Азырақ қара сөздi тiзбектедiм, Балалар, қате жерiн түзеп қара!

Қазақ ұлттық ойындары

93

Қазақ ұлттық ойындары

МАЗМҰНЫ

Сақина жасыру.56

Ақшамшық.57

Қазақша күрес.59

Жаяу жарыс.59

Аударыспақ.60

Жамбы ату.60

Күміс алу.61

Қыз қуу.62

Бүркіт салу.64

Көкпар тарту.65

Жорға жарыс.66

Инемді тап.66

Айдап сал.67

Қарамырза.68

Белбеу тастау.68

Көрші.69

Алты бақан.70

Ат омырауластыру.72

Тұмақ ұру.72

Жігіт қуу.73

Хан жақсы ма?.74

Ат үстіндегі тартыс.75

Түйе жарыс.75

Жаяу көкпар.76

Жаяу тартыс.76

ОЙЫН ӨЛЕҢДЕР

Санамақ.77

Саусақ санау.77

Сан ішінде кім ұтты?.78

Ойлап тап!.79

Қаламақтар.79

Ірімшік, ірімшік.83

Тоқтышақ.83

Кім керек?.83

Ақ серек, көк серек.84

Ақ сандық, көк сандық.84

Жасырынбақ.84

Көз қарасу.85

Ойыннан шығу.85

Бала мен қыздың айтысы.85

Ұл мен қыздың айтысы.86

Сандар айтысы.87

Бала мен шілдің айтысы.88

Қазақ ұлттық ойындары

95

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

«Балауса баспасы» ЖШС-ің

 Бас директоры: Абылайхан Құлбаев Бас редакторы: Әлібек Файзуллаұлы

Корректоры:

Сандуғаш Ыбыраева

 Суретшісі: Жарас Мамырбаев Беттеуші-дизайнері: Азамат Айымбетов

ИБ ¹ 106

 Теруге 20.05.13 берілді. Басуға 25.06.13 қол қойылды.

 Пішімі 84х108 1/16. Шартты баспа табағы 10,0. Таралымы 2000 дана + қосымша 1000 дана.

Тапсырыс ¹ 8163

«Балауса баспасы» ЖШС. 050009. Алматы қаласы,

 Абай даңғылы, 143. Баспалар үйі, 631-бөлме. Тел/факс: 394-40-93,

391-25-56.

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы

«Полиграфкомбинат» ЖШС-інде басылды.

 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41 үй.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу