Қазақтың 100 поэмасы 2 том


УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-5

Қ 17

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Қ 17 Қазақтың 100 поэмасы / құраст.: Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы; алғысөзі мен түсініктерін жазған Ж.Аймұхамбет.

– Алматы: «Жазушы», 2013. 2-том. – 376 бет.

ISBN 978-601-200-451-9

 «Қазақтың 100 поэмасы» жинағының екінші кітабына Мəш- һүр Жүсіп Көпейұлының діни дастанынан бастап, қазақтың тұң- ғыш журналының редакторы М.Сералиннің, поэма жанрын жаңа мазмұнмен, эстетикалық бітіммен байытқан ақындар Мағжан Жұ- мабаев, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəкен Сей- фуллиннің туындылары, Сəбит Мұқановтың «Сұлушаш» романы, сондай-ақ ХХ ғасыр басында ғұмыр кешкен халық ақындарының тарихи дастандарды енгізілді.

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-5

ISBN 978-601-200-451-9 (2-том)

ISBN 978-601-200-449-6 (ортақ)© «Жазушы» баспасы, 2013

МИҒРАЖ

(екінші нұсқа)

Бисмилла – Хақтың аты, сөздің басы, Кəріптің, естісе ағар, көздің жасы.

Миғражынан хазіретінің өлең қылып, Сөйлеген Мəшһүр Жүсіп хикаясы.

Құдайым жарылқай ма, көптен, аздан?! Ойым бар, келсе күшім, қағба қажыдан. Қанша сөз, бəрін жазып, тауыса алман, Азырақ сөз сөйлейін Миғраждан...

Расулат, набуат – қырық та келді. Өтіпті бұл ортада бір жыл енді. Айтарға сырын бір күн жан таба алмай, Күндерде бір күн тұрып бүгілді енді.

Басына, кейін қалған, қайта бардым, Келгенде осы жерге демімді алдым. Қаламды қолыма алып: «Жазайын!» – деп, Кеңестің екпінімен кетіп қалдым.

Өш болып, Əбужаһил оқпен атты, Кəпірлер ренжітеді Мұхаммедті.

«Сырымды кімге айтамын іштегі?» – деп, Қасына Қатым диуар келіп жатты.

«Айтамын мен мұңымды кімге енді? Таппадым халал кісі, халал дінді!». Таянып уақыты Құптан болған шақта, Періште ол Жебірейіл жетіп келді:

  • Иа, Мұхаммед, Құдайың айтты сəлем, Жіберді пырақпенен шола саған.

Өзіменен: «Мұңдасып, сырлассын»! – деп,

  • Сол достым: «Болсын, – дейді, – қонақ маған!».
  • Кеудем жарып, жүрегім суырып алды, Бір алтын легенге соны салды.

Легеннің іші толған ғылым, хикмет, Тазалап, өз орнына қайта салды.

Алдыма менің келіп пырақ түсті,

  • Мінем! – дедім, шегініп, бойын қысты. Жебірейіл – Жай түр! – дейді, тұрдым, міндім, Жөнелді мені құстай алып ұшты.

Сол жерге көзі түскен басқан аяқ, Оңымнан шықты дауыс жақын таяп. Солымнан бір шыңғырған дауыс шықты, Қайырылмай, жүре бердім қарамай-ақ.

Алдымнан жетіп келді бір келіншек:

  • Жібермес едік, – дейді, – сені білсек.
  • Шаршайсың, ол жолменен жүрме, – дейді. Болмадым, тілін алып, мен еріншек.

Тыңдамай оның сөзін жүре бердім, Алдымда Жебірейіл бар, соған ердім. Міндім: «Бисмилла!» – деп, кеш, ерте ме, Алдына мешіт Ақса жетіп келдім.

Пырақты байлай тастап, үйге кірдім, Ішіне Құдыс Шариф сəлем бердім.

  • Əлгі келе жатқанда дауыстаған, Оңымнан, һəм солымнан ол кім? – дедім.
  • Дауысқа оңнан келген қайырылмадың, Үмбеттен, бəрекелді, айырылмадың!

Қарасаң, үмбетің жөһит болар еді, Қайырылып, оның көңілін жай қылмадың!

Солдан келген дауысты қылайын кеп, Қолдады осы жолы Құдайың көп.

Егер сен мойын бұрсаң ол дауысқа, Үмбетің қалар еді насырани боп.

  • Əкелді екі кесе маған шарап, Шараптың біреуі – сүт, біреуі – арақ. Сүтті іштім сол уақытта, арақты ішпей, Түсіне екеуінің қарап-қарап.
  • Сүтті іштің, бəрекелді, тəуір танып, Тозаққа күймес енді үмбет жанып.

Apaқты ішсең, үмбетің ғасыл болып, Махшарда жүрер еді жазаланып.

Құдысқа тамам аруақ бəрі келді, Əнбие, Мүрсəл, Нəби жəне келді.

«Бұл не түн қадір түн бе, барат па», Сəруай екі ғалам ханы келді.

Алдынан сəлем айлап келді бəрі, Бұрынғы өтіп кеткен Мүрсал нəби. Сол жерде екі ракот намаз оқып, Бəрінің тақсыр Расул болды имамы.

Бəрінен бұрын келген: ислам мен дін, Жеті көк, жұмақ, тамұқ ғыфите замин Харамнан ол Ақсаға барған жерін Нанбасаң, көрсетейін аятпен мен.

Осындай мазмұнына аят түсті, Табамын тағы дəлел мұнан күшті. Періште төрт Мұқараб төрт жағында Бұл ретпен пайғамбарды алып ұшты.

Һəм Ақсадан жоғары алып кетті, Соған шейін ол пырақ құрмет етті.

«Миғраж» – деген жарық нұр пайда болып, Сонымен Мұхаммедті аспанға елітті.

Жебірейіл айғайлайды: – Есік аш! – деп,

    • Сенімен кім келеді серіктесіп?
    • Мұхаммед келді, – дейді, – бізбен бірге. Сол жерде сəлем беріп, ашылды есік.
    • Мархабат, иа Мыжтафа, хақ Мұхаммед, Болайық Құдай жазса, біздер де үмбет.

Ашылды əуелгі аспан есіклері, Тұр екен Адам ата күтіп құрмет.

Ол жерде мен Адамға сəлем бердім, Кісі екен ұзын бойлы, жүзін көрдім.

    • Қош келдің, бақытың ашылсын, балам! – дейді, Бөгелмей онан өтіп жүре бердім.

Мен міндім Мекайілдің енді үстіне, Мінген соң, Мекайілнікі жүрмесін бе?! Екінші көкке жеттік, есік ашып, Періште онда тұрған бір кішкене.

Басын көрдім, аяғын көре алмадым,

Мен, Мекайіл қалды сонда, жүре алмадым. Үшінші Исрафилге мінгенімде,

Қанеки, онда тоқтап тұра алмадым.

Екінші көкте Жақия, Ғайса тұрған,

Мен сəлем берген шақта мойнын бұрған.

    • Қош келдің, жомартым-ай, асқан, – дейді, Жүруге енді Исрафил мойын қойған.

Үшінші жетіп қалдық бізлер көкке, Тұр екен Жүсіп нəби сонда текке.

Ол жерде Жебірейілге мініп алып, Бет қойдық тағы да жөнелмекке.

Төртінші бізлер көкке келіп қалдық, Тұр екен Ыдырыс сонда, хабарландық. Бесінші көкте жолықтық біз һаронға, Алтыншы көкте Мұсаға жаңа бардық.

Жылады бізді көріп Мұса нəби:

  • Көрмей ме көзі сендей туса нəби?! Соң қылып бəрімізден шығарса да, Оң қылып, абзал қылған Құдай сені!

Мұхаммед үмбетің көп, уайымың жоқ,

Мен айттым: – Деме, тақсыр, бұлайша! – деп, Үстіне Жебірейілдің мінгенімде,

Ашылды айқын болып, жетінші көк.

Аспанға жетінші көк барып кірдім, Нəби бар – ол Ибраһим, сəлем бердім.

  • Қош келдің, жолың болсын, балам! – дейді, Сиратул мұтаһаға жетіп келдім.

Жемісі, жапырағы – бəрі де зор, Төрт өзен саулап аққан, бəрі де нұр. Екеуі сарқырайды онан ағып,

Екеуі қалай аққан, білінбей тұр.

Сарқырап екі бұлақ ағады нұр, Болғанда бірі – Фират, біреуі, – Ніл. Екеуі ол жұмаққа барып құяр, Болғанда бірі – Жайхун, біреуі, – Сыр.

Палак дария болғанда, періште – құл, Бəрі де қызметінде қусырған қол.

Сол араға барғанда, келді төсек,

Өзі алтын, түсі қызыл, – сипаты бұл.

Көтерген ол төсекті жəне кейін, Бас та жоқ, аяқ та жоқ, жалғыз иін. Болғанда түсі жасыл – сипаты бұл, Нəсілін Алла білер, мен не дейін?!

Жебірейіл осы жерде қала берді, Өзінің жүре алмасын сонда білді.

«Шын жаяу қалдым ба?!» – деп, сасқанында, Сонда иін тосып, иініне ала берді.

Иінге қуанғаннан келіп мінді, Қалғанын Жебірейілдің жаңа білді. Алты жүз қанаты бар, һəммасы зор, Форымына асыл сурет кірген енді.

Жебірейіл: – Бізден бөлек қалма! – дейді,

    • Уай, тақсыр, мені ауызға алма! – дейді.
    • Қанатым күйер, мұнан артық ұшсам, Бар, тақсыр, талабыңнан қалма! – дейді.
    • Мен Мұхаммед, хақ пайғамбар! – деген екен, Құдайым сол ниетін білген екен.

Сол хақ Расул пайғамбарым бұл түні Үстіне бес нəрсенің мінген екен.

Біреуі – пырақ, біреуі, – Миғраж нұры, Біреуі – төрт періште – дүние гүлі.

Бірі – төсек, біреуі – жасыл иін. Қонаққа осылайша барған жері.

Тамаша көп көргені жолда қалды, Жүре алмай ол Жебірейіл сонда қалды. Лауһиден: Ғаршы, Күрсі арман өтіп, Құдіреттің дəрғаһына жақын барды.

Əр жерде бас та қалды, аяқ қалды, Бір жерде кебіс қалды, таяқ қалды.

Пердеден жетпіс қабат арман өтіп, Құданың құдіретіне таяп барды.

Ғаламның он сегіз мың бəрін басты, Неше мың мақамлардан жоғары асты. Мысалы жайдың екі тұтқасындай Иаки (яки) жақынырақ жақындасты.

Аят бар: «Шама дана фатад Алла, –

Факана қаб Хусайын ауадна».

«Неміз бар біздің онан əрі барар?!», –

Кітаптың ұқтыр жырын айтып қана.

Сол жолда бір жолбарыс көрген екен, Қорыққаннан сақинасын берген екен. Жерлерге нахият жоқ қадам басып, Құдайдың қонақ үйіне келген екен.

Ішінде қонақ үйдің шымылдық бар, Жаюлы түрлі-түрлі дастарқандар.

«Алтат һиат да ила уал салауат уал тибат» – деп, Хаққа сəлем берген ай, жаранлар.

Сəлемін алды Құдай сонда не деп:

  • Ассалам ғалайік иа иассһата əл нəби – деп Тағы да Рахматулла о берекет,

Бəрі де болсын саған есепсіз көп!

  • Алланың бұл сəлемі қиын! – депті,
  • Алмаймын мұны жалғыз өзім! – депті.
  • Ассалам ғалиына иа, Раббым хақ, Құлдарға ізгі болған болсын! – депті.
  • Жалғыздық – жалғыз Алла, саған жарар, Ізгі құл пайғамбарға қосақталар.

«Ат қосақсыз жүгірмес» – деген мақал, Шаһазат берген соған періштелер.

    • Же тағам саған қойған қахир (қаһар) арнап, Отырған қолын созбай біраз барлап,

Ішінен шымылдықтың бір қол шығып, Тағамды: «Бисмилла!» – деп, қойды жайлап.

Майсыз шам жарық болып жағулы тұр, Табақта күміс қасық малулы тұр.

Манағы жолбарысқа берген жүзік, –

Қараса, əлгі қолда салулы тұр.

Пайғамбар мұны көріп, ғажапланған, Əлгі қол тағам жеген дастарқаннан.

    • Əмірімді пенделерің алды ма құп, Деді ме, иа болмаса: «Сөзің жалған?!».

Сонда не деп пайғамбар жауап айтты:

    • Келтірді пенделерің шаһадатты:
    • Самиғна уа тағына – деді бəрі,
    • Жарылқа күнəларын сен! – деп айтты.

Раббана уа ла тахмил ғалайна асран, Бұрынғы үмбетлерден қылмағыл сен! Нəрсеге шама келмес сен күштеме, Бір қажет дəрғаһыңнан сұрайын мен!

Ғапу қыл, жарылқағыр күнəһымды, Қабыл қыл дəрғаһыңда бұл сөзімді. Тозақтың отын сөндір үмбетіме, Сақтадың оттан нешік Ибраһимді.

Топанда Нұх нəбиге бердің нажат,

Қыл қабыл, қылса үмбетім көп мінажат. Үстінен қыл көпірдің кеме бергіл, Өтегіл егер бізден болса қажет.

Көк қошқар Смағұлға құрбан бердің, Жүністі үш зұлматтан қалас қылдың.

Жүсіпке құдық түбін бостан қылып, Ғайсаға «Інжіл» атты (атлы) кітап бердің.

Мұсаға «Таурат» бердің, маған қайда, Билеттің жел мен суды Сүлейменге. Дəуітке «Забур» бердің – үлкен кітап, Аюпқа саламатлық қылдың пайда.

Адамға ғылым, жаннат, аят бердің, Қызырға өлмес абыхаят бердің.

Не бердің маған сондай, иа иллаһим, Қарным аш, дəрғаһыңа тоймай келдім!

  • Адамға жаннат берсем, шығардым тез, Бір ауыз үмбетіңе демеймін сөз.

Үмбетің күнə қылса кең дүниеде, Кешіріп біз ұжмаққа енгізерміз.

Жоқ қылсам Ибраһимге намард отын, Үмбетіңе сөндіремін тозақ отын.

Смағүл өкшесінен шықса зəмзəм, Үмбетке кəусар берген – құдіретім.

Көк қошқар Смағұлға берген болсам, Бір қошқармен ажалдан мен құтқарсам, Үмбетіңнің жолына пида қылып,

Жөйт пен насараны құрбан қылсам.

Жүністі мен сақтасам үш зұлматтан, Балықта, иа қараңғы түнде жатқан. Үш жерде үмбетіңді сақтайын да: Қабірде, қияметте һəм сираттан.

Мұсаға мен сөйлессем Тұр тауында, Сенімен мен сөйлестім Нұр тауында. Таурат үшін Аятыл, Күрсі бердім, Оқыса пайда болар көп қауымға.

Нұхқа кеме берсем топан суда, Жиылар үмбетлерің жасыл туда. Табаны тиген жерден көпір қылам, Үстінде тар сираттың жас пен қуға.

Қызырға берген болсам мəңгі суын, Көтерер үмбетіңнің ол һəм туын.

Мұхаммед, үмбетіңе махшар күнде Салсабил, ішкіземін ұжмақ суын.

Ғайсаға «Інжіл» берсем, – сенде жоқ па, Інжілден сүре «Ықылас» кем болып па?! Дəуітке «Забур» берсем, саған – «Ясин», Ясинге басқа кітап тең болып па?!

Бəрінен артық көріп бердім, əні! Һəм артық ол қасымда көрдім, əні! Кім оқыса, тамұқтан азат қылдым, Атаса ол сүре – Фатиханы.

Не Інжілде, Забур мен Тауратта жоқ, Жан бəрі Сүлейменге қараса көп.

Періште қызметіңде тұрмады ма?! Солардан қалған-ақ па осал болып?!

    • Иа, Раббы, ризамын, бердің бəрін, Атың бар: Ғафу, Рақым жəне Кəрім. Болмаса бір өзіңнен жарылқасын, Болғандай күнəсы ауыр үмбетлерім.

Арамыз алыстамас, жақындасар, Кем қалмас құдіретіме кəріп-қасер. Тамаша қыл – Жаратқан ғаламымды,

«Болсын, – деп, – біраз ғана көңіл ашар!».

Сол жерде құдіретпен шын сөйлескен, Құдайға онан басқа кім сөйлескен?!

Қайсыбірін айтайын мен бейшара, Тоғыз жүз тоқсан тоғыз сөз сөйлескен.

Ал тамаша қылады Жаратқаның, Оның екі қыла ма, сірə, айтқанын?! Қайсыбірі қағазға сыя берер

Баян тағы қылайын бір айтқанын.

  • Ғарышта аяқ басып жүргенімде, Алладан пырақ келіп мінгенімде, Келбетті сол жайларда бір үй көрдім, Балқыды өне бойым көргенімде.

Сол үйдің іші де асыл, сырты да асыл, Құбылып көрінеді қызыл-жасыл.

Құдіреттің əр мүлкінде кілт жоқ еді, Бұл үйде болар ма еді мақсат хасыл?!

  • Кілт болса, ішін ашып көрейін, – деп,
  • Бұл үйде не бар-жоқ, білейін, – деп.
  • «Ла-ила-Алла, хақ Мұхаммед!», –
  • Ашылар бұл, калиманы айтсаңыз көп.

Есітіп бұ калламды ауызға алдым, Ашылды есік, есіктен көзім салдым. Қарасам, үйдің іші жойқын дария,

  • Иа, раббы, бұл қалай? – деп ғажаптандым.

Дүниеден үлкендігі – жетпіс есе, Қанарсың ішсең сонан жалғыз кесе. Құдайдың құдіретіне ғашық болып, Күнəкар болып қалар пəлен десе.

Ішінде сол дарияның жалғыз ағаш, Бұтағы, миуасы жоқ, жап-жалаңаш. Басында сол ағаштың бір құс отыр, Не торғай, не жарқанат, не қарлығаш.

Ол құстың аузында бар зəрре тозаң, Шөп шықпас тақыр жерге ащы бозаң. Дария үлкен бе, иа ағаш, иа құс зор ма, Тозаң ба? – үлкендігін хатқа сызам.

    • Мұхаммед, не тамаша көрдің мұнан? Рахматым дария емес пе мынау тұрған?! Дүние дүр: алды-арты жоқ жалғыз ағаш, Барлығы үмбетіңнің бір құс болған.

Енді барлық күнəсы тозаңдай-ды, Əр нəрсе бұйырғаннан оза алмайды,

Қайсысы көп: рақмет пе, иа күнə ма, –

Енді ақылшы бұл жерге сөз аңдайды.

    • Дария рақмет болғанда, дүние – ағаш, Үмбет бір құс мысалы – тұрған жанас, Бір зəрредей болса күнə,

Көрген соң көп рақметті қарыным аш.

    • Аңдағыл, иа, Мұхаммед, мұны, – депті,
    • Жаралған бар мүлкімнен рақмет көп-ті.

«Ла, илаһа, ила ила Алла!» – деген жанды Махшарда жанған отқа салман» – депті.

    • Бес намаз, ораза бар зекет пен қажы, Оқырсың өзің үшін нəпіл намаз.

Кəлəм бар, неше түрлі аят ахпар, Үмбетке мирас болсын, қағазға жаз!

Аралап сегіз ұжмақ бəрін көрген, Біріне көзін салмай, жүре берген. Хор қызы ғылман ұлан зейнетленіп, Əрбірі əрбір түрлі түрге кірген.

Біріне тақсыр Расул көз салмайды, Менсініп, сірə, тіпті ойға алмайды.

  • Бір арыз, тақсыр, сізге айталық біз, Бар Құдай бақытымызды оңғармайды!, –

Солай деп шуласады тамам хорлар, Пайғамбар тоқтап тұрып, сөзін тыңлар:

  • Не арыз менде болған, немене – деп,
  • Қанеки, хор қызлары, айтыңыздар!
  • Кеттіңіз бірімізге назар салмай, Жақсы деген үмбетлерің əлдеқандай?! Бізлерді біреуіне бағышлаңыз,

Біздер де қуанайық наумит қалмай.

Пайғамбар бір сағатта Миғраж асқан, Пырақ бар алты жылдық жолды басқан. Сиратіл Мунтахада жүрген кезде

Бір дауыс қатты естілді тау мен тастан.

Көк күркіреп, жеті қаттың салды көп, Аспаннан періштелер шулаған көп.

Бек қорықты пайғамбарым сол уақытта:

«Япырм-ау, заманақыр болды ма?! – деп.

«Көңілдің Алла деген қошы» – деген, Жебірейіл жетіп келіп хабар берген:

  • Құптанға азан айта Білəл келді, Тықыры кебісінің осы! – деген.

Қадамды тақсыр Білəл басқан екен, Басқадан шарапаты асқан екен.

Ізінің Мунтахаға дыбысы барып,

Жын-шайтан тықырынан қашқан екен.

Өзгеден ол Білəлді сүйіп алған,

Бұл сөзім кітапта бар, деме: «Жалған!»

  • Сіздерді бағыштадым Білəлға! – деп, Ал сонда пайғамбарым айта салған.

Сонда хорлар не дейді бұ қорлыққа:

    • Атар таң, шығар күн жоқ біз мұңдыққа! Қазанның күйесіндей Білəліңіз,

Қой, тақсыр, онан басқа үмбет жоқ па?!

Пайғамбар бөгелмеді қыз сөзінен, Əркімнің, жаман болса, кінə өзінен.

    • Сыртынан оны билеп айта салдым, Сұрайын мен Білəлдің, – депті, – өзінен.

Ашылды сегіз пейіш – жұмақ төрі, Түсіпті пайғамбардың жерге нұры:

    • Бір жұмыс саған орын таптым! – дейді.
    • Иа, Білəл, басың көтер, қара бері!

Алдайтын адамзатты қу тіл екен, Болжалсыз көрмеген соң, су түбі екен. Құптанның жаңа азанын айтып болып, Ол Білəл бата қылып отыр екен.

Қарады жоғарыға көзін ашып:

    • Ай, Білəл, хор қызлары саған ғашық. Бұларды аласыз ба, алмайсыз ба?

Мен тұрмын сыртыңыздан саудаласып.

    • Піскен жоқ, тақсыр, саудаң еркін, – депті,
    • Ол қыздар кімге керек, шіркін! – депті.
    • Сахарада: «Бір Алла!» – дегеніме Алмаймын сегіз жұмақ мүлкін! – депті.
    • Жаранлар, жақсы бар ма бүл қалыпты?! Есітіп хор қызлары ұялыпты.

Қиямет қайымғаша ғашық болып, Таласып хор қызлары сол қалыпты.

Адам жоқ тақуа болған Білəлға тең, Құданың рахматы мол, құдіреті кең,

Тақсырдың бетіндегі сол қарасын Бетіне хор қызлары қылады мең.

Балықшы, құс жаманы шағала-ды, Бір тырна айдын көлді жағалады. Қарасын хор қызлары алғаннан соң, Сол кезде тақсыр Білəл ағарады.

Ғаламның он сегіз мың бəрін көрді, Артық бақ Мұхаммедке Тəңірім берді.

«Қапалы кəріптердің көңілі өссін!» – деп, Аз ғана Мəшһүр Жүсіп інжу терді.

Қанша орын, неше мақам жүріп барды, Аз дəурен, екі ортада, сүріп барды.

Иіні екен Ғаушыл ағзам хазіретінің, Əлгі иін сол мақамда тұрып қалды.

Баяғы Мұнтаhаға келді қайтып, Нəрсенің көрген-білген бəрін айтып. Құрулы жетпіс перде ар жағында, Мақамы өзгелерден тіпті артық.

  • Мұхаммед, бұл өзіңнің үмбетіңнен, Аты – Ғұсыл: айрылмас сүннетіңнен. Шығады біраздан соң жұрттан асып, Осының келіп қалдың қызметінен.
  • Олай болса, Құдайым сені сүйсін, Сені дос-ты тұтпаған жанып күйсін! Иінің айтты: – Аяғым Ғұсыл ағзам, Басқаның аяғына иіні тисін!

Солай деп бата берген пайғамбарым, Ондай ғып жаратпайды жанның бəрін. Үйіне қайтып келіп, ол түн жатып, Шақырды ертең ерте асхапларын.

    • Аллаға періштелер жалшы, – дейді,
    • Тіл алып, жұмсағанға баршы! – дейді.
    • Тісіме қыстырылып күріш қалды, Иа, Ғалы, тісіңменен алшы! – дейді.

Сонда Ғалы тісімен күрішті алған. Күрішті алып, аузына қағып салған. Сол күріштің қуатынан себеп болып, Хасен мен Хұсайын пайда болған.

Пайғамбар адам білмес орында жүр, Əрқашан Əбубəкір оңында жүр.

Түндегі жолбарысқа берген жүзік. Қараса, ер Ғалының қолында жүр.

    • Балам, сен мұны қайдан алдың? – депті,
    • Бүгін түнде қай жерге бардың? – депті.
    • Емес қой өзіңдікі мынау жүзік, Қолыңа кімнен алып, салдың?! – депті.
    • Ата мен намаз оқыдым сізге ұйып, Солыңнан шайтан тұрды дыбыс беріп.
    • Бабама үндеме! – деп, қуатланып, Жібердім желге ұшырып, бір-ақ түйіп.
    • Данаға, жас болсам да, тең едім ғой, Сіз дарқан болғанда, мен кен едім ғой! Ішінен шымылдықтың қол ұзатқан, Иа, баба, сол көрінген мен едім ғой!

Қуанды мұны естіп сахабалар, Бəрі де бұл Миғражға инандылар

    • Шахариар мен асхаптың бəрінен де Екінші Ғалы! – деген хақ пайғамбар.

Неше артты бұрынғыдан Расул түрі, Көркейді күннен-күнге ислам нұры.

Шаһариар, сахабалар, – бəрі нанып, Кəпірлер шек қылса да, қалмай бірі.

Əуелі жолығыпты Əбужаһил,

Көп жанға залал етіп, қылған батыл. Ақыры пайғамбарым сөзі шын боп, Қылышпен бұзылғанды, қылды қатыл.

Иад қылдым əуел Хақты сөз басында, Берілмей себеп медет біз ғасыға.

Рухын ол зат пəк тербеткен соң, Кетейін айтып мұны бір қасида.

Миғражын Хақ пайғамбар хатқа салдым Қолыма «Бисмилла!» – деп, қалам алдым. Рухын пайғамбардың тербеткен соң,

Аз сөйлеп білгенімше, тамамладым.

Тамата тамам болған бұл хикаят, Каламым жігітлерге көп хиапат. Рухы бірадардың шадыман болсын, Оқыңыз бір дұғаны, көп жамағат.

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ

 1896 жылы шілдеде Көктұмада өткен Қаракерей түселін- де (съезінде) Қабанбайдың төртінші ұрпағы Сүлеймен бас- таған он екі бидің алдында түсел үйде айтқан өлеңі. 1951 жылы Құнапия Кəрібайұлынан көшіріліп алынған.

Билеген қазақ халқын хан Абылай, Ешбірін жат көрмеген дара Абылай. Ерлердің ел басқарған соңына еріп, Ұйыған сары уыздай қазағым-ай!

Сайыста қажымаған серіктері, Ұрқына мұра болған ер істері. Жоңғардың шапқыншылық ылаңында, Шайқасы Азияда өрістеді.

Қолбасы ер Қабанбай ту ұстаған, Қайраты қаһарланса құрыштаған. Үш жүздің бəр батырын ұйыстырып, Маңына хас дұшпанын жуытпаған. Жауға қатал, досына мейірлі боп, Кейітіп халық көңілін суытпаған.

Қасына ер Бөгенбай, Барақты алып, Болғаны елге қорған Алашқа анық. Бердіқожа, Қасабай, Жантай батыр, Қосылған ер Жəнібек талаптанып.

Ер Қасым, Баймұрат пен Райымбек, Болғаны оған серік қазаққа анық.

Қосай, Тама, ер Шөрек, Малайсары, Атын тізіп атайын санаққа алып.

Уəлі болар істі абайлайтын, Ерекше атап өтем Бармақты алып.

Еспенбет, батыр Жаман, Орақбай ер, Шын құрыш қайтпай-тұғын болаттай ер. Ақпантай, Еспенбет пен батыр Тентек, Атойлап жауға шапқан құлаштап ер.

Шағалақ, ақын Сұртай, Бұхар жырау, Тайсалмай хан алдында берген сынау. Айламенен қамалды шыққан бұзып, Майсара – Гауһар батыр көрінеу тұр-ау.

Ұраны болған екен алты Алашытң, Жүлде алған бəйгесінде сан таластың. Боранбай, Есенгелді, Қазыбек би, Жүйесін тауып айтқан сан сараптың.

Сондықтан елі сүйген халық қалап, Қолданған досына ақыл, жауға жарақ. Даңқпен хан ұраны Қабанбай деп, Айбынды ұран қылды барлық қазақ.

Хан, қара ақылынан асқан емес, Салмағы жаттың жеңіп басқан емес. Орта жүз сүттей ұйып дегеніне, Беріп ед ақылменен жасқа кеңес.

Тағдыры бар жасақтың қолында боп, Болыпты абыройы ханмен теңдес.

Хандығын ханның жасақ сақтайды екен, Білгенді халық сөйтіп жақтайды екен.

Қабекең орта жүздің ұйытқысы боп, Бар қазақ пірі тұтып мақтайды екен.

Қамалды талай бұзды дара шығып, Сүйсінді батырлығын Алаш ұғып.

Өлтірді жекпе-жекте Арқауылды, Келгенде қоймаймын деп аласұрып.

Қазақтың қасына ертіп бар батырын, Қарады досқа түзу, жауға қырын.

Дарабоз қолбасылық атақ алып, Қорғады жауды жеңіп ел өмірін.

Айқасты Доржыменен Алакөлде, Шығарды жауды қуып Сарыбелге. Ханды өлтіріп жеңісті қолына алды, Қандыжап1 қолға түсіп болды пенде.

Қазаққа баянды боп осы жеңіс, Қуанды алақайлап қазақ тегіс. Сөзімнің артық-кемі жері болса, Сүлекем2 разымын берсе сөгіс, –

деп тоқтағанда төбе би сияз басы Сүлеймен Қабекеңнің жа- ратылыстық белгілерін, батырлық сипатын əңгімелеп беріп- ті. Он екі бидің ақсақалы мұрын Бөкенші қария Шерубайдың Омары, Билеушін, Семіз Найман Бексұлтан би, Қоңыр төре, Мамырбек төре қатарлы білікті адамдардың ішінде Бексұл- тан би Кəрібайға бата беріп, əрі қарай айтуын қолқалапты. Сонда:

Мəмбеттен туған екен Қожақұл ер, Ерлікпен болған екен халқына бел. Өскелең өнерімен көзге түсіп,

Тең біткен бір басына қайрат-жігер. Туыпты ер Қабанбай Қожақұлдан, Шын аты Қабекеңнің Ерасыл еді.

Үлкендер аңыз қылып кеңескенде, Сипатын Қабекеңнің мынадай еді. Адамнан тумысында өзгеше қып,

1 Доржы, Қандыжап – Жұңғарлардың басты атамандары.

2 Сүлеке – Сүлеймен сұлтан. Қабанбайдың төртінші ұрпағы.

Жаратқан құдіретпен пəруардігер. Бар екен маңдайында қоян тобық, Мұны жұрт батырлықтың белгісі дер.

Қаңтарда туған екен шешесінен, Ерліктің үлес ала есесінен.

Денесі бір жастағы баладай боп, Байқалған ғаламаты мүшесінен.

Жан бопты еңгезердей алып дене, Сайма-сай келген сымбат барлық дене. Жасынан ер мүсіні байқалмаса, Атайды «Нар бала» деп халық неге?!

Маңдайы кере қарыс жалпақ екен, Танауы дөңес келген талпақ екен. Бүркіттей тоят алған тұғырдағы, Шығыңқы төс сүйегі шалқақ екен. Жан екен биік қабақ, қою қасты, Көнек пе дегендейсің көрсең басты. Өмірін өзі туған еліне арнап, Дұшпанмен қан майданда сан айқасты. Ішінен қалың топтың танылатын, Ақырса арыстандай дауысы қатты.

Кешегі Əзірет-Əлі қаһармандай, Дұшпанның зəресі ұшып, құты қашты. Қазақтың елін бастап, ерін ертіп, Қорғады ел мен жерді, мал мен басты.

Бар екен қызыл қалы иегінде,

Бір мін жоқ жұмыр біткен сүйегінде. Өмірі бір қысылып сасқан емес,

Тас бар ма десетін ел жүрегінде.

Бесті атты құйрықтан ап жерге ұратын, Қайраты болғандықтан білегінде.

Сайыста дара айқасқан дұшпанының Көрмеген сау жіберіп біреуін де.

Сапарын бақыт беріп Алла оңғар деп, Болыпты қазақ халқы тілегінде.

Əр етті, əрі көркем, бойы биік, Келісер үстіне алса сауыт киіп. Денесі толымды екен арық емес. Осындай ерге сымбат біткен сиық. Қыранның ұшардағы топшысындай, Тұратын көтеріңкі қос екі иық.

Ту алып, тұлпар мінген, қару асып, Абырой бақ қонарда даруы ашық. Дұшпанның туын жыққан жауды жеңіп, Болысқан бұхараға жаны ашып.

Беталды бейбіт елді жайратпады, Орынсыз матап қолын байлатпады. Кенелді кеңшілікті мейірімге, Қайтарып алған жаудан аймақтары.

Дұға қыл рухына естіген жұрт,

Сан ердің ауызға алдым аруақтарын. Сөйлейін білгенімше əлі-дағы, Қазіргі Қабекеңнің ұрпақтарын.

АБЫЛАЙ ХАН. САБАЛАҚ

Қазақтың ұлы ханы Абылайхан, Көп емес өткеніне аз-ақ заман. Уəли өз əкесі хан сайланбай,

Қазақтан басқа жаққа қонысы ауған.

Абылай хан боп өтті қолы жеткен, Қазақтың баласына еңбек еткен. Əкесі Абылайдың Уəли еді,

Өкпелеп хан бола алмай ауып кеткен.

Нағашысы Ғайып ханға кеткен ауып, Тыныштық тұрып қапты сонда тауып Жетім-жесір боп қалды Уəли хан, Елімен Ғайып ханның қалмақ шауып.

Ақтабан шұбырынды аштық болып, Ел кетті бет-бетімен қайың сауып. Жас бала Əбілмансұр қалды жетім, Еліне жетер емес қайта тауып.

Сөйтсе де талаптанып ізденеді Жолдағы қорқыныштан қылмай қауіп.

Iздеп кеп Төле биге сəлем берді, Таба алмай ата-баба туған елді. Жыртылған үсті-басы далба-дұлба, Тағзыммен рұқсат сұрап кіріп келді.

Кірген соң мұны қарап Төле көрді, Бала да тағзым етіп сəлем берді.

Бұл маңның адамына ұқсамайды, Жол шегіп, келген ғой деп ұзақ жерді.

Бір бала үсті басы далба-дұлба, Күрсініп дем алады анда-санда. Жылтыр көз тікірейген, сұрғылт сары, Жаратқан ерекше ғып алла тағала.

Қой жүні жыртық күпі, сеңсең тымақ, Көзіне шашы түсіп кеткен тым- ақ, Отырысы сұңқардың баласындай, Нəсілі Төле биге кетті ұнап.

Сұрады аты, жөнін Төле мұның, Бар ма деп əке-шеше, аға, інің?

Адам болсаң- хан текті, құста-сұңқар, Байқасам келіседі соған түрің.

Құс болсаң ақсұңқардың балапаны, Адам болсаң – қазақтың нағыз ханы. Шырағым, төремісің, қарамысың?

Жөніңді бастан аяқ айтшы, қане.

Бала айтты: атым да, жөнім де жоқ,

 бір баламын, Дəм айдап тентіреген бейшарамын. Əке-шеше, ел-жұртым, туғаным жоқ, Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.

Алынбай көптен бері шашы-да өскен, Сабалақ сеңсең тымақ көзге түскен. Үсті-басы сапсыйып тұрғаннан соң,

«Сабалақ» сенің атың болсын дескен.

Төленің қойын жайды, қоржын іліп, Еш жүрмес бала болып, ойнап-күліп. Төле би əр жерінен байқады да,

Төре затты екенін жүрді біліп.

Сабалақ түйе жайды қойдан шығып, Жас болса да жасымас жаудан ығып.

Ертелі-кеш жылқыға айналады, Нəсілді жата ма екен, үйде бұғып.

Ауысып қойдан шығып, түйе бақты, Күн сайын көрсетеді көп қайратты, Төленің міндетті ісі онда болып, Ғалат жоқ, еткен жұмыс тиянақты.

Ас болып барып еді би бір жаққа, Қой басын сарқыт етті сынамаққа. Түйеге келсе бала ұйықтап жатыр, Жайылып төрт борбайы төрт тарапқа.

Би, келіп тамаша ғып бұған бақты, Айтамын ғой бұл бала асыл затты. Төрт борбайын жайғаны төрт тарапқа, Тегінде билейді екен төрт тарапты.

Деді де, жолдасына басты берді, Қасынан өзі жүріп, кетеді енді.

Сарқытты беріп -айтып кел, не қылғанын, Жасырмай көргеніңнен артық-кемді.

Жолдасы Төле бидің берді басты, Оянып, оң жанбастап көзін ашты. Құбылаға қарап тұрып керіліп ап, Шақырды құрбы-құрдас, бар жолдасты.

Оларға кесіп берді көз-құлағын, Өзі жеді құйқа мен езу жағын. Төле бидің жолдасы сұрайды енді,

Мұның қалай, мырзалық, Сабалағым?

Бірі көз, бірі құлақ- жолдастарым, Беруге осы болды қолда барым.

Мен сеніп ұйықтап қалдым осыларға, Əйтпесе болмас па еді көңілім жарым.

Төле бидің жолдасы үйге қайтты, Көргені мен білгенін бəрін айтты. Көпшілікті мырзаның ісі екен деп, Патша затты адам деп ішін тартты.

Түйеден тағы ауысып жылқы бақты, Енді көрсете бастады көп қайратты. Төленің бар міндеті мұнда болды, Майталман ойындағы бəрін тапты.

Бір күні жылқы ішінде отыр еді, Екі баран, бір қызыл атты келді.

Жасы үлкен үш кісіні көргеннен соң, Сабалақ əдеппенен сəлем етті.

Ол сөйтсе Қанжығалы қарт Бөгенбай, Биге кеп қонақ болды үш күн ұдай.

Қалмаққа аттанысып барады екен, Шерік қанша жер деді, мұнан бұлай.

Сабалақ түнде келіп Бөгенбайға: Мен де құмар жан едім осындайға. Бөке, мені тастама осы жолдан, Бір сапар үйренейін амал-айла.

Ертең Бөкең жөнелді қасына ертіп, Төртеуі келе жатыр екпіндетіп.

Күні-түні қалмақтың ізіменен, Ел жата, шекараға келді жетіп.

Бөкеңнің бала тұрды атын ұстап, Батырдың өзі кетті қайрат қыстап. Бір топ атын əкелді жырып қана, Бəрін де кежімдеген аламыстап.

Бала айтады: Бөке енді мен барайын, Құдай берсе, бау ашар мал алайын.

Атымды ұстап тұрыңыз біраз ғана, Қимылдап, талап етіп қарманайын,

Бөкеңе атын тастап бала кетті, Бүкеңдеп қотанына барып жетті. Көр бала секілді емес, жаңа пері, Жымпырылып кетеді, тым-ақ епті.

Кешікті, таңның болды қараңғысы, Дүрсілдеген көрінеді екі-үш кісі.

Серігі қашса-дағы Бөкең тұрды, Қайткенмен шыдамды ғой батыр ісі.

Бөтен емес көрінген болды бала, Тастамай келген екен істі шала. Екі түйе сымбалды артып алып, Қылып жүрген батырдың ісін қара.

Кешіктім мына түйе жүкті қармап, Атандарын ішінен алдым таңдап. Өзіңіздің сыбаға біткеннен соң,

Үйден жүкті шығардым жеңгейге арнап,

Сонан соң қайта салды елге таман, Сəскеде ел шетіне келді аман.

Бөкең айтты: балам, сүйгеніңді ал, Мен олжаға тойғалы талай заман.

Бала айтады: «Бөке мен олжа алмаймын, Дүниеге, не қылайын, көз салмаймын.

Егерде ықыласымен бата берсең, Батаңыз қабыл болса құр қалмаймын».

Қол жайып бата берді қарт Бөгенбай, Жəне атын, түсіп берді, сөзге болмай. Жылқының тұлпары еді Нарқызылым, Шырағым, мен қартайдым, саған орай.

Шырағым-ай көзің отты бала екенсің, Мінезің қазақтағы хан екенсің.

Жазғытұрым қалмаққа аттанамыз, Соған да керек болар жан екенсің.

Бастығы хан барады Əбілмəмбет, Ат қаратіл болғанда қоямыз бет. Шырағым Нарқызылды таза сақта, Ер білінер жол еді, не қылсаң жет.

    • Кет Бөке, бұл сөзіңді Төлеге айтып, Рұқсатсыз биекемнен кетем қайтып. Егерде биден рұқсат алып берсең,

Мен онан тоқталмаймын тізгін тартып.

Төлеге Бөкең қонды қайта басып, Аңғал батыр, олжаға көңілі тасып. Жорыққа Сабалақты жібермекке, Бименен үйге қайтты уағдаласып.

Жаз шықты жер жүзінің қары еріп, Бөгенбай жіберіпті хабар беріп.

Жаратып Нарқызылды баптап алып, Жолықты бара жатқан қолға келіп.

Байлаған жымыра тымақ боз балалар, Күн туды ақ сүңгіні қолына алар.

Кəпірден өлсек шаһит боламыз деп, Еш адам көрінбейді жанын аяр.

Екі қол ерте келді қарсыласып,

Ер еріккен сықылды, қорқақ жасып. Бір кезде жекпе-жек деп, дабыл салды, Əрі-бері төбелесіп, араласып.

Бұл жолы қазақ кегін алмақ еді, Ерініп, үйде кісі қалмап еді.

Ақтабан шұбырынды елді шапқан, Қоңтажы-Церен деген қалмақ еді.

Қалмақтан батыр шықты бір қасқа атты, Қазақтың батырларын көп қиратты.

Жүремете онды алды жекпе-жекте, Оған қарсы баруға жан шықпапты.

Қазақтың бір қысылып қалған жері, Қалмақтың жекпе-жекте алған жері. Əбілмəмбет ақырды қолға қарап, Құрыған ба шіркіннің арманды ері.

Бөгенбайдың құр ғана сүлдері құр, Егде тартқан соғады кеудесі құр.

Сабалақ киім, шешіп қам қылады, Алла деп бұл сапарға барайын бір.

Жетелеп аттан түсіп ханға келді, Жап-жас бала екенін халық көрді. Аллаға, аруаққа сиынайын,

Қол жайып батиха бер маған деді.

Ызамен жауға қарап, ұртын шайнап, Оң жеңін босатады, белін байлап.

Ысқырып аты-дағы жер тарпиды, Дегендей тез жүрейік сөзді қойлап.

Қол жайып бата берді Əбілмəмбет, Жұрт тұрысты шуылдап а Құдайлап. Қолда найза, белінде қанжары бар, Топтан шаба жөнелді «Абылайлап».

Қасқа атты қарсы шықты бұған қалмақ, Жан екен бір кісіге о да салмақ.

Жыңғылдай өзі дағы горуд екен, Қайласыз қиын екен күшпен алмақ.

Ол заманда кезексіз ұрысқан шам, Не қылса да біреуін түртті қой қан. Қалмаққа кезек беріп қарап тұрды, Батырым күшің болса қалма деп хан.

Антұрған аямады тура салды, Əбілмансұр Аллаға көп жалбарды, Сауыттың бір қабатын сындырды-да, Найза ұшы денеге сəл өтпей қалды.

О да берді кезегін шыдап тұрып, Толғады ши-бөрінің басын бұрып.

    • Я жар бол қанішердің аруағы, деп, Қалмақты өндіршектеп қалды ұрып.

Жығылды өне бойы қанға батып, Салған соң найза үшін қорқыратып. Сүйекке қалмақ жақтан кісі шапты, Барабан өз заңынша даңғырлатып.

Он кісі қалмақ келіп төбелесті, Екі жақ ұран салып дүрілдесті.

Өңгеріп құтылмастай болғаннан соң, Ұстап ап айдарынан басын кесті.

Басты байлап алды да айдарынан, Атын да алды тастамай сайманынан Бұрынғы Сабалақ деп ойлар емес, Қараса жан шошитын айбарынан.

Түк қыла алмай сүйекші қайтты кəпір, Дүрілдетіп жөнелді біздің батыр.

Қолда найза, белінде қанжары бар, Бас жанында салақтап келе жатыр.

Басты əкеп хан алдына тастай берді, Əбілмəмбет тамаша ғып оны көрді.

Айдары сала-құлаш дəл қазандай. Түйенің ерніндей төменгі ерні.

Əкеліп қасқа атты да ханға берді, Кім сыйламай тұрады мұндай ерді. Батырларды қасына ертіп алып, Қалмаққа тобын жазбай қайта кірді.

Көп адам жөнелісті қасына еріп, Ерлігіне сенген соң көңіл беріп. Біраздан соң қалмақтар беті қайтып, Қуалады батырлар қойдай теріп.

Көбейіп қалды қолдың олжалары, Масайрап қуанады жас пен кəрі. Ауылын шауып, жауының малын алып, Ертең түсте қосына қайтты бəрі.

Əбілмəмбет шақырды Сабалақты, Жұрт келіп жан-жағынан қамалапты. Жиналған шаршы топтың ортасында, Хан сонда батырынан жөн сұрапты:

  • Шырағым, неге шаптың Абылайлап? Босады жүйкем қатты ағамды ойлап. Əкең кім? Ел-жұртың кім? Туғаның кім? Жөніңді бастан аяқ айтшы жайлап.

Бала айтты: қазақ, қалмақ ерегесі, Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті, Абылай – атам, мен – оның немересі.

Шын атым – Əбілмансұр, əкем қойған, Өз əкем шабындыда басын жойған.

Сұрасаң, əкем аты – Уəлихан,

Дариға-ай, көз кеткен соң шығады ойдан.

    • Қарағым, анықсың ба – Əбілмансұр? Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім, Əбілмансұр екені түрінде тұр.

Хан жүгірді сол жерде аттан түсіп, Баланы құшақтайды қатты қысып. Хан қатты жылағанын көргеннен соң, Көңілі бостар кетіпті аттан ұшып.

Жұртқа айтты:

 Уəли кеткен өкпелеп хандық үшін, Мен көре алмай қалғанмын оның түсін. Жамағат, тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, есесі еді мұның хандық, Тəңірім жаратыпты жақсы жан ғып. Мен-дағы қартайып ем еріншектеп, Шүкір енді иеге жарып қалдық.

Жұрт шу етіп: Алдияр, болсын деді, Балаға аруағың қонсын деді.

Тəжін əкеп кигізді өз қолымен, Жолыңа құт-береке толсын деді.

Жұрт шуылдап айтады ақ сарбасын, Хан салды мойнына ақ сəлдесін.

Ұран салып жұрт қайтты қуанысып, Жаңадан сайлап алып падишасын.

Жас бала таққа мініп, киді тəжді, Бірдей көріп қалтқысыз көп пен азды. Тақуа жас күнінен сопы болып, Ұстатты ораза, намаз, зекет, хажды,

Шақшақ Жəнібек қазақтың білімдісі, Өзі ер, əрі тақуа молда кісі.

Сол уақытта қазақтың бір ден қойған, Ақсақал, ел ағасы, ырымдысы.

Бата алып, соған барып келсін – дейді, Апарып тарту сыйлық берсін – дейді. Арғынменен Найманнан алтау болып, Екеуі Уақ, Керейден ерсін – дейді.

Тоғыз кісі жөнелді Жəнібекке, Ол заманда болмайды араз, өкпе. Ерлігіңмен ақтадың елдің мұңын.

Сапарын мүбəрəкті болсын көпке.

«Тəж-тағың құтты болсын балам», – деді,

«Дүниеге бола берме алаң», – деді, Жұбын ашпай еліңді ұйымдастыр,

«Бұл жағдайды есіңе салам», – деді.

«Жарайды, келгеніңді мақұл көрем, Айтамын біраз нақыл саған», – деді.

«Жұмысыңа тиянақты, ұқыпты бол, Күн сайын арта берсін санаң», – деді.

Бұл келген тоғыз адам бəрі де ерді, Абызға сəлем беріп кіріп келді.

Бата алмаққа келгенін баяндауға, Қанайы қарауылдың аттай желді.

Мəнісін əбден біліп ұғынған соң, Айтады бір жауапты толғап енді: Үш түрлі ақыл айтамын бата беріп, Батырлар ұғып отыр бəрің теңді.

Əуелі – өкін, ісіңді қылып алып, Жұмыс бітпес, ойлансаң ойға салып. Екінші: елің биле еңбекпенен, Еріншек боп жүрмесін халқың налып.

Үшінші: ала қылмай əділет қыл, Шаршаған, шалдыққанның күй-жайын біл. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,

Қазақ дəурен сүріпті бір талай жыл.

Абылай дəл осының қылды бəрін, Менің де естігенім ұзын сарын.

Қазақтың ұлы ханы – кенже ханы, Ала қылмай билеген əммəлəрін

Жасында хан Абылай өстіп өскен, Елге еңбек қылғанмен уақыты кешкен. Өмірі қарауылмен кешілуде,

Жан емес, тыныш ұйықтап, белін кешкен.

Түйіндеп сөйлей-тұғын сөзді қысқа, Күн өткізіп жүрген жоқ бекер босқа, Рақаттанып көңілі тұрушы еді, Үстемшілік болса егер бір соғыста.

Ашуланса тыныштық ұйқы көрмей, Сұрғылт тартып көз қызыл түк үндемей. Бар жаманы Абылайдың осы-ақ еді, Дұшпанын кетпеуші еді, сірə, өлтірмей.

Тұқымы арғы тегі Жүдəлінің,

Əр жерде қанын төккен күнəлінің. Кешегі патша болған хан Абылай, Баласы еді жер ауған Уəлінің.

Абылай жетімдікпен түйе жайған, Мекені Қарауыл мен Атығайдан. Орта жүзді орыс кеп алғаннан соң, Қонысы Атығайдан біраз тайған.

Сол күнде ат үстінде ер азамат, Батырлар сауыт киген неше қабат.

Абылай ер болғанымен надан емес, Сапарда жүрсе-дағы қылған тағат.

Дін соқпақтың туралығы болса-дағы, Қазаққа ең əуелі ақыл қажет.

Қазақтың қамқор болып басын құрап, Дүкен салып орнатқан ел салтанат.

Абылай хан боп тұрған замандарда, Кем-кетік нашарлар көп тапқан мұрат.

Жолдас еді Бəйжігіт ер Қабанбай, Тағы да Қанжығалы қарт Бөгенбай. Біреуі Бəсентиін Малайсары, Төртінші қара Керей би Боранбай.

Керейден жолдас қылды Жəнібекті, Шетінен осалы жоқ бəрі мықты.

Ол қолда күші басым еш адам жоқ, Тас жүрек бота қара Тыныбектен.

Не қылса тұрады екен ханға қарап, Аң аулап кетеді екен тарап-тарап. Шанышқылы Бердіқожа тағы да бар, Қалмаған хан артынан көкжал Барақ.

Ғаламнан Абылайды асырыпты, Ойына алмайды екен асылықты. Жасап тұрған жауына қарсы шауып, Қалмақтың талай шебін қашырыпты.

Қалмаққа не қылса да тыным бермей, Қуалап Алатаудан асырыпты.

Бетіне ешбір пенде шыдамаған, Алмаса да Мағұрыппен Мəшұрықты.

Абылай тұлпар мініп, ту ұстаған, Көңілі шапқан жауға суыспаған.

Тұғырдан тоғыз түлек ақсұңқардай, Тоятқа айдын көлден қу ұстаған.

Болмайды біткен тағдыр ешбір қилап, Ел үшін еңбек еткен өзін қинап.

Жылында мың жеті жүз жетпіс жеті, Үйсінге барған екен жолаушылап.

Сол елден қайтып еді науқастанып, Шошиды науқасының түрін танып. Өлерін ыңқ еткеннен білсе-дағы, Ешкімге сыр бермейді қайраттанып.

Қоштасты тұс-тұсынан, анау-мынау, Жұрт айтады əншейін тиген тымау. Науқастанып жатыр деп естіген соң, Келіпті қоштасам деп Бұқар жырау.

Жұрт айтты, жатыр дейді тұмауменен, Отырмай Бұқар тұрды жылау менен. Қалайша қоштасудың бабын таппай, Қоштасты бір-екі ауыз жырауменен.

Ақырын Бұқар кірді үйге жымып, Ұйқыда жатыр еді біраз тынып.

Оң жанбастан жүз беріп құбылаға, Тəспиқта «кəлима» айтып көзін жұмып.

Көрген соң тұра алмады дəті шыдап, Еңіреп қоя берді Бұқар жылап.

Өсірген еркелетіп хан иесі, Дауысы шығыңқырап кетті тым-ақ:

Қалыңсыз қатын қостырған, ханым-ай! Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай! Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай!

Боз баланы қуантып, күнде жауды шаптырған,

ханым-ай!

Үш жүздің баласынан, үшеуді айтсам, Қалар ма екен жаның-ай!

Мұның Бұқар екенін білді байқап, Көңілі дүниеден кеткен тайқап.

Енді жырау көп айтпа дегендей қып, Тоқтатты ишаратпен басын шайқап.

Əрі-бері ыңыранды да, көзін ашты, Бұқармысың деді де амандасты,

Бұл қалған Рəсульден дүние ғой деп, Тоқтатып жырауының мауқын басты.

Айтсаң да қой демеуші-ем айғай салып, Мен сені келген жерден жаттым танып. Сасқанда көңіл ашар, жұбанышым-ай, Боларсың кімге жыршы менен қалып.

Басымды шайқап қойып айтқаныма, Қалдың ба бір нəрсені көңіліңе алып. Қой дедім ғұмырымда бар қылғаным, Сиған соң үш сөзіңе тамамдалып.

Абылай сапар шеккен осы жолда, Жиылды жаназалап қожа-молда. Онан соң патша болып таққа мінді, Iнісі немерелес Ғұбайдолла.

Ол да ғаділ хан еді, болған күнде, Орыс ұстап əкетті жалғыз түнде. Сібірге айдап жіберді апарды да, Қазақтан жоғалтам деп ханды мүлде.

ГҮЛКƏШИМА

Оқыған бозбалалар, құлағың сал, Алдыңа тарту тарттым қадари хал. Ақының тал жібектен шəл тоқыды Кемдігін ғапу илə қабыл қып ал.

Баласы Серəлінің Мұхаметжан Сөйлесіп аралардай ағызып бал.

І

Сөз басында

Бастайын бір кеңесті алып қалам, Қашаннан бола жүрген көңіл алаң. Біреуін баян етсем бекер болмас. Іс өткен неше түрлі заманадан.

Боқыраудан бес күн бұрын бардым қала, Қаладан керек-жарақ нəрсе ала.

Ауылдан шыққан күні Тобылдағы Үңгітке келіп қондым, бұған қара.

Мейман боп бір үңгітке қона қалдым, Үй екен бəрі тегіс дүние-малдың.

Ішінде көп қыпшақтың жалғыз үйлі, Бар екен жалғыз ұлы кемпір-шалдың.

Сұрасаң Тілеуберген шалдың аты, Жаппастай ай таңбалы Үңгіт заты. Баласы Баймұхаммет – ақын жігіт, Белгілі ел ішінде жазған хаты.

Үйінде өз кəсібі кемпір мен шал, Баласы үйінде жоқ, құлағың сал. Таңертең кеткен бала кеш келмеді, Кемпір-шал не болды деп болады дал.

Мейманға түзік қарттар ықыласы, Құрметтеп жақсы берді қонақ асы. Қарамай ерте шайға жүріп кеттім, Жолаушы жүрсе бітер сыбағасы.

Жөнелдім ерте тұрып Қостанайға, Жəрмеңке первой боқырау бастамай ма? Жəрмеңке жақындаса, қазақ халқы Мінезін түстенетін тастамай ма?

Қызығын жəрмеңкенің көп күн көрдік, Дос-жармен қатар өскен ойнап күлдік. Аяғы жəрмеңкенің тарқар шақта Ғажайып естімеген хабар білдік.

Естіген хабар анық, емес шала, Хабарға қазақ қосар неше жала. Өліктің өзге жері сау-саламат, Болғаны бауыздауда жалғыз жара.

Тобылдың алабында, тал ішінде, Жанында пышақ, қалам, сия – қара. Киімін ол байғұстың ақтарғанда, Бір қағаз қалтасынан шыққан жəне.

Қағаздың мазмұнына қарағанда, Жоқ қылған өзін жігіт – не дүр шара.

Қан болып өткір пышақ жанда жатты, Шалықтап жанын қиған ол бейшара.

Ғашықтық саудасына душар болып, Өлтірген өзін-өзі мойнын қиып.

Жалғызы ата-ананың бойдақ екен, Жылайды екі мұңды басын иіп.

Шал кісі – əкесі, аты – Тілеуберген, Жүрімін жалғыз ұлдың тілеп берген. Келерде өзім қонған үңгіт екен, Құрметтеп қонағымда сыйлай білген.

Қалтадан өлең екен шыққан қағаз, Жағы жоқ ақын екен жігіт сабаз. Кешіріп ол өлеңді қолыма алдым, Жел сөзде онан өтер ақындық аз.

Қаладан жұмысым бітіп, қайттым елге, Ақша қар жауа қалды қара жерге.

Қазаға бір мұсылман душар болса, Көңіл айту көркемшілік жігіт ерге.

Қайтарда бата оқуға түстім арнап, Құр жаны, екі сорлы отыр зарлап. Бала үшін бейшаралар жылағанда, Жаңбырдай көзден жасы ағар парлап.

Кемпір-шал зар жылайды баласы үшін, Көзінің көңіл нұры қарасы үшін.

Еш дауа іздегенмен таптырар ма, Жүрекке терең түскен жарасы үшін.

Табылар қайдан дауа кетпес дертке Не шара алла салған құдіретке.

Бала үшін ата-ананың төккен жасы, Құрғамай бірге барар ақыретке.

Жұбаттым, көңіл айттым екі мұнды, Жұмсадым Тəңір берген қызыл тілді. Кеш түсіп шам жаққан соң кемпір байғұс, Алдыма бір сандықты алып қойды.

Қолыма, аузын аштым, кілтін алып, Ішіне қарай бердім назар салып.

Ішінде кітап та бар, қағаз да бар, Тексердім бастан аяқ көп ақтарып.

Жігіт емес Баймұхаммет зейіні тар, Жел сөзге болған екен аруағы жар. Ғылымдық һəм ақындық бір өзінде, Ғылымнан неше түрлі кітабы бар.

Сандықта өлең де бар неше түрлі, Аралап пақырыңыз бəрін көрді. Жазыпты Баймұхммет өз қолымен, Бір дəптер тауып алдым өлең, жырды.

Дəптерде өз ахуалын баян еткен, Өлеңге шебер екен болмай кеткен. Ғашықтық саудасына душар болып, Ақырда ол саудадан қаза жеткен.

Молда өлсе, хатқа жазған қалады аты, Жігіттің ажарлы екен жазған хаты.

Өлеңді жұртқа жайса жазып алып, Түскендей бозбаланың ілтипаты.

Жаймаққа жұртқа өлеңді ойға қалдым, Дəптерді кемпір-шалдан сұрап алдым. Екеуі сөзді қимай əзер берді,

Қадірлі бағасындай дүние-малдың.

Тобылдың суы терең, жары биік, Қорғалар алабында қашқан киік. Басында биік шыңның тамды мола, Молаға шоқ тал біткен басын иіп.

Жеке емес тамды мола ол орында, Көмілген Баймұхаммет көп қорымға.

Үстіне төрт бұрышты там салынған, Көрінген көздің ұшы туу қырымға.

Басына көк тас қойған жылын айтын, Марқұмның қабырдағы сырын айтып. Атасы, өзінің аты, нəсіл затын, Жазыпты өлген күнін, жерін айтып.

Моласын келер жылы көрдім барып, Жаңадан үлгіріпті зор там салып.

Мен қайттым көк тастағы жазған сөздің Мазмұнын ақ қағазға жазып алып.

Бұ дүние ойлап тұрсам жалған екен, Михнатқа талайларды салған екен. Жазылған төмендегі үш ауыз сөз.

Көк тасқа терең түсіп қалған екен.

«Рухына хақ тағала қылғай рақмет, Нəсілі – Үңгіт, əм есімі Баймұхаммет. Тілеуберген баласы опат болды, Ғашықтық саудасынан шеккен захмет. Сəрсенбі күн сары алапта, боқырау үште, Бір мың да сегіз жүз де тоқсан да төрт».

Міне, мен көргенімді айтып болдым, Неше күн қалам алып бейнет көрдім. Сандықтан шыққан дəптер қалтамда өлең, Барлығын тіркей жазып, қисса қылдым.

Реттеп қадери хал қисса қылдым, Қиссаға «Гүлкəшима» есім бердім. Бір ғибрат заманаға болар ма деп, Қызыл гүл тау аралап тастан тердім.

Бір қатар Гүлкəшима ғибрат өлең, Түсінсе зейін салып, жігіт – желең.

Керекті бұл қисса үшін, бозбалалар, Бір сыпыра сөз айтылып болды білем.

Қалғанын оқып түсін жазған хаттан, Шығардым бұл қиссаны көңіл шаттан. Бар болса хате жері жетіспеген, Түзеуін біз тілейміз жамағаттан!

ІІ

Баймұхамметтің дəптері

Жасынан бек жаратты, хақ тағала, Түседі жел көңілге қайғы сана.

Іштегі құпия сырды əшкере етсем, Жамағат тыңдарсыз ба құлақ сала?

Жаратқан Тəңірі күшті махаббатты, Махаббат қосар бірге түрлі затты. Жігітке анық ғашық Тəңірі берсе, Күйігі ол ғашықтың болар қатты.

Жыл жарым бұдан бұрын, əлеуметім, Бір қызға көзім көріп көңілім кетті. Арқа елі соқа суырып, дем алғанда, Сыр елі жақындаған хабар жетті.

Көшпелі ел алды Орқаш кеді деген, Хабарға үйде көңілім елеңдепті.

Бармаққа ел алдына міндім атқа, Мінəсіп көрінген соң көңіл шатқа.

Ағайын жүзін көріп амандаспақ, Емес пе көркемшілік сəламатта.

Арқаға қоян жылы келдік ауып,

Мал жұтап, кедейшілік басқа жауып.

Келген соң он үш жылдай кəсіп істеп, Қатарға тағы кірдік бие сауып.

Тобылда мекен еттік қыстау салып, Көшпелі Үңгіт еді біздің халық.

Жақындап ел жайлауға келген шақта, Алдынан көрісуші едім озып барып.

Биыл да атқа міндім барайын деп, Фатиха үлкендерден алайын деп. Бас қосын қатар өскен құрбылармен,

Бес-он күн, ойнап-күліп қалайын деп.

Мен жағыз үлкен жолмен келе жаттым, Еріксем, жол қысқартып өлең айттым, Отырған жол үстінде ауыл көріп, Атымның сусындауға басын тарттым.

Шеткері үлкен үйге келдім кіріп,

«Ассалаумағалейкум» деп сəлем беріп. Қонақты үйге кірген көргеннен соң Бойжеткен қыз көрпе салды түрекеліп.

Бəйбіше қымыз құйды, қызы берді, Қыз екен асқан сұлу, көзім көрді.

Күн ыстық, шөлдесем де қымызды ішпей, Жаудырап екі көзім қызда болды.

Таранған тоты құстай бір асыл зат, Меңзесем хор қызына болмайды ұят. Ақ жүзді, ақылы кəміл, шырын сөзді, Үстінде сəндік үшін киген манат.

Көп артық ұзын емес, орта бойлы, Аса көп сөйлемейді, терең ойлы. Күлгенде екі беті шұқырайып, Сүйкімді көрінеді жүзі нұрлы.

Күлгенде отыз тісі қатарланған, Адамның сабыры қалмас оны көрген. Ақ екен, ақ інжуден отыз тісі,

Сəдеп пен қымбат пұлға шеттен келген.

Болғанда мандай жазық, қызыл жүзі, Тəтті еді шекер балдай айтқан сөзі. Жігіттін тұла бойын балқытады.

Қараса жаудыраған қара көзі.

Тігілген кірпігі оқтай, жайдай жүзі, Өрілген екі бұрым желге шашы.

Үзілген мойын алманың сабағындай, Көрініп тамағынан ішкен асы.

Аққудай көлде жүзген көлеңдеген, Оң жақта былқылдаған бай баласы.

Бұралған тал шыбықтай, құмырсқа бел, Он бес пен он алтыға келген жасы.

Үстінде шаһи көйлек оқа салған, Кең етек айдалада шұбатылған. Бешпеті аршын бардан, қысқа жеңді, Шапаны батсайдан, қима киген.

Басында камшат бөрік теңге таққан, Бөрігін қырын киіп айна баққан.

Алтыннан құлағында қос сырғасы, Көрінген сəукелесі шар тараптан.

Қамыстай саусағында алтын балдақ, Жеңілтек мінезі жоқ, пиғыл салмақ. Шын пиғылы жеңілдікті қолайламас, Жүрмес бергі тілмен пендені алдап.

Осындай бір сұлуды көрді көзім, Бозбала жəне бойдақ жүрген кезім,

Қиялым қызға кеткен секілденді, Бермесе ғашық отына Тəңірім төзім.

Көрдім де ол сұлуды болдым ғашық, Ғашықтық минут сайын барады асып. Əуейілік, əлеуметім, жаман екен,

Сол үйден шыға алмадым қадам басып.

Сусындап өз жөніме жүріп кеттім, Қош айтып, бəйбішеге амандасып. Бала екен дəрежесі қыздан артық, Түбінде ырыстыға болар нəсіп.

Қош айтып бəйбішеге жүріп кеттім, Басы осы бізге жұққан қайғы-дерттін. Саф көңілім судай таңық болған-ды енді, Не қылса, хүкімі күшті құдіреттің.

Не қылса, құдіреттің хұкімі күшті, Көрсеткен пəндесіне түрлі істі.

Қапа боп көнілім алаң келе жатсам, Бір адам жол үстінде жолығысты. Айтыстық сəлем беріп, аман-есен, Жігіт екен жолыққаным тілге шешен. Орынсыз, құрбыларым, бола қалмас, Сөйлескен сөзімізді баян етсем.

Бұл жігіт жолда қарсы душар келеді, Сұрадым аты-жөні мынау болды.

Тамыр аулап Бестөбеден келеді екен, Мекені Жақсысызда Құдайқұл-ды.

Жолығып ат-жөнімді айта тұрдым, Жігітпен бірер мезгіл кеңес құрдым. Ол-пұлды біле-тұғын көрінген соң, Манағы қыз жайынан сөз сұрадым.

Кейінгі жолда ауылға түстім, – дедім, Шеткі үйден сусын қымыз іштім, - дедім. Бойжеткен сол үйде бір сұлу көріп,

Қап ауызын ғашықтықтың шештім, – дедім,

Көрген соң білдім үйдің байың, – дедім, Мал менен мүкəммəлге сайын, – дедім, Жасырмай білсең құрбым, баяндай көр, Ол қыздың затын, атын, жайын, дедім.

  • Күйеуге берген қыз ба, бермеген бе, Жел өсек қыз соңынан ермеген бе.

Кеткен соң көңілім қатты сұрап тұрмын Айып етпе беймаза етіп тергегенге.

Қай жерде мекен еткен ата-анасы, Қаншаға келіп еді қыз шамасы.

Ол сұлу мұнан былай ойға түссе, Тамшылар етегіме көздің жасы.

Сұрадым осылайынша қыздың жайын, Қалдырмай айтқан сөзін баяндайын.

Іштегі ғашықтығым барады асып,

Ол жігіт қыздың жайын айтқан сайын.

  • Достияр Қарасуды орын қылған, Медетбай дегеніне дəулет қонған. Сен түскен үй иесі – сол Медетбай,

Жалғыз қызы Гүлкəшима асылы нұрдан.

Үш ұлдың ортасында жалғыз өзі, Өзі ақын, өзі молда, артық туған. Жамалын өз көзіңмен көріпсің ғой. Ерген жоқ, əлі өсек, құрбым оған, Сыртынан құмарланған жігіт те көп,

Арманым болар ма деп барсам соған.

Күйеуге ол сұлуды берген, – деді, Қызығын ата-анасы көрген, – деді. Күйеуі Сыр бойында Мөңке Табын, Шаруа, дəулетті емес, төмен, – деді.

Қыз риза емес-ау деп, ауыл айтады, Анық емес мұнысы маған күмəн, – деді.

Жігіттер сөз айттырған толып жатыр, Махрұм барлығы да болып жатыр.

Біреумен көңіл сүйіп, ойнап-күлмей, Барлығын қабылдамай қуып жатыр.

Міңезі ауыр, қыздың сабыры көп, Білмеймін қашанғыша жүрерін тек. Ол қыздың тас көңілін жұмсартпаққа, Жігітке артық өнер керек-ті еп.

Жас бала əзір таза, бұзылмаған, Бақшада бір таза гүл үзілмеген,

Бұл өңір – Жаппас, қыпшақ жігітінің Көзі жоқ ол сұлуға сүзілмеген.

Он беске жылы қоян, келген жасы, Əлі жоқ жігіттікке ықыласы.

Жігітке қысылғанда жанын беріп, Замандас пайда қылар құрбыласы.

Түріңнен білдім көңілің кеткендігін, Сипаты қыздың сарсаң еткендігін. Ішіңде не барлығын көзің айтып.

Сабырыңның білдіріп тұр біткендігін.

Жаз өлең, білсең жазу, қызға арнап, Сұлуға сөз қатынастыр болсаң бармақ, Хатыңды қызға берер алып барып, Үйімде бір інім бар ине қармақ.

Жайлауын Домбыралы, Қайрақ көлі, Табарысың Сүлеймен деп келсең барлап.

Ол кісі осыны айтып жүріп кетті, Бір сауда басқа түсіп əуре етті.

Біле алмай не қыларым сергелдең боп, Арада қиялменен көп күн өтті, Барғанмен ел алдында көп жүре алмай. Құрбыңыз, əлеуметім, елге жетті.

Көбейіп бұл ғашықтық бастап асты. Төгемін қызды ойласам көзден жасты. Алдымда көзім жұмсам қыз тұрады, Қайғымен астан қалдым, ұйқы қашты. Бұл сырды хатқа жаздым əшкере етіп, Оқыған айыпқа алма мен бір масты.

Білмейді бастарына келмеген жан, Атына махаббаттың мінбеген жан. Тағдырда осылайша жазған болса, Бар ма екен құдіретке көнбеген жан.

Бүтін ой, бүтін істі кеттім тастап, Ғашықтық қиын екен отын баспақ. Осындай бір құсаға мінгізуге, Жаратты жел көкірек Тəңірім баста-ақ.

Осылай арада өтті біраз заман,

Күн санап ғашықтық артып, болдым жаман. Қаншама күш-қуатым жұмсасам да, Түгестім сабырының бəрін таман.

Айтқанын Сүлейменнің мақұл көріп. Жазуға оған бір хат алдым қалам.

Сыймайды көңілім лоблып көкірекке, Кеткен соң ішім толып қайғы дертке. Əшкере ішкі сырды етпек үшін, Оңаша хат жазбаққа шықтым шетке.

Көп салып зейінімді зорлансам да, Көңіл алаң, жазған сөзім келмейді епке. Əлеумет, рұқсат па, мен сұраймын, Сынатсам жазған хатымды оқып көпке.

Жаңылып зейін, ойым, тұрған шағып, Қалтырар хат жазғанда он бармағым, Əшкере ішкі сырды етпек үшін, Бармады зорласам да тіл мен жағым.

Мен жаздым хат басына дұғай сəлем, Болғанын ғашықтықпен көңілім алаң. Поштовой иісті майлы ақ қағазға, Қарадан жолды салды темір қалам.

Жігіттің хаты

Хат жазып сəлем айтым асыл затқа, Сөзімді сəлемменен жаздым хатқа. Пиғылын тəкаппарлық жұмсай қоймас, Алар деп жазған сөзді ілтифатқа.

Құпия сыр, құпия тұтпай əшкере етіп, Ғаріпты қалдырмаңыз зор ұятқа.

Көрген соң ғашық болдым жүзіңізді, Жауһардан бəсі қымбат көзіңізді.

Күйген соң ғашық отына алдым қалам, Күлкіге шығармаңыз сөзімізді.

Ғашықтық оты түсті басқа, етті алаң, Бермеді көркем сабыр Хақ тағалам. Бұл сауда есімді алып, ішімді от қып, Күйдіріп өртеген соң алдым қалам.

Мен бір ай бұдан бұрын сізді көрдім, Мазасыз көркіңізге қарай бердім.

Бір ұшқын көзіңізден бізге түсіп, Лыпылдап өртеп кетті, шыдап жүрдім.

Күйдірді түскен ұшқын ғашық майын, Ауданы үлкейеді сағат сайын.

Жалыны көпке бармас басылар деп, Ол отқа сабыр суын қауғалайын.

От сөңбей, түгесілді сабыр суы, Қауғаға көтерілді ғашық туы.

Ішімде қатты жаңып, қайнатқан соң, Ақылдың көзін шалды нəпсі буы.

Ақылдың нəпсі буы шалды көзін, Қалмады шыдауыма ешбір төзім. Аузымнан соның үшін шығып жатыр, Мен сізге ғашық болдым деген сөзім.

Көзіме көріңдіңіз хор қызындай, Ақшамның өмір зая жұлдызындай. Қара шаш, қара қастың қаралығы, Қытайдың пұлы қымбат құндызындай.

Мен көрдім шыбық талдай бойыңызды, Бұйырған ырыстыға тойыңызды.

Құпия сырымды ашып жазған хаттан, Білерсіз оқысаңыз ойымызды.

Көргенде бойыңызды жаутандадым, Саудадан көңілім суып қайта алмады. Ауыз екі айтпақ емес, хатқа жазып, Хəлімді көпке дейін айта алмадым.

Көптеген соң сырымды ашып жазған хатым, Салғай деп жазған хатқа ілтипатын!

Берсеңіз, бермесеңіз, сіз білесіз, Асыл зат қолыңызда рахатын.

Сізді ойлап ұйқы қашқан екі көзден, Түсінер пайымды адам айтқан сөзден.

Сөзімді жүз қайтара жақсаңыз да, Өлгенше рахымыңыздан күдер үзбен.

Ғашықпын сізге сырлас болмақ үшін, Күйген соң қайғы отына кетті күшім. Ақыл мен мінез, сипат бірге қосып, Құдайым сізге берген артық пішін.

Болуға бізге сырлас көңіл беріп, Болсаңыз жан жолдасым өмір серік. Жанымда ерте-кешті сіз болған соң, Кетер ет қорғасындай бойым еріп.

Басыма жиырма үште түсті сауда, От түсті қурап тұрған қалын қауға.

Бізде арман бұл дүниеде қалар ма еді, Жарқырап отырсаңыз ақ отауда.

Не пайда Тəңір сізді шетке жазған, Сонда да үмітім көп сұлу наздан.

Мал берген сізге ажарсыз жаман жігіт, Көрер деп біздерді артық ақылы аздан.

Дүние өтер басыңыздан желдей зулап, Қалалық өтпес бұрын көңілді аулап. Біздерге шын көңіліңіз қосылмаса, Оқа жоқ жұбатсаңыз да азын-аулақ.

Қатты дерт көкіректе болды пайда, Некелеп алар сізді заман қайда?

Өзіңіз бір ақылды таппасаңыз, Құрбыңыз таба алмады ешбір жайлы.

Қайғымен көкірегін ашылмайды, Ғашық оты өлгенімше басылмайды. Ойлаңыз шама қылып, зейініңізбен, Сүймеске ешбір адам асылмайды.

Тобылдай мекен жайын, Үңгіт затым, Халыққа мағлұм еді жазған хатым.

Атақты Тілеуберден жыршыңыздың, Баласы Баймұхаммет болады атым.

Біздерді қалмағайсыз мазақ етіп, Бұл дəурен бастан кетер əлі-ақ өтіп. Жіберіп бұл хатымды сіз тарапқа,

Ынтызар жауабыңызға, қалдым күтіп.

Осындай бір хат жаздым ақ қағазға, Қылғаны жөн болады ақылы азға. Конверттеп, иісті майлап, қызыл қағаз, Баладан жіберуге сұлу назға.

Жібердім осылай деп бір хат жазып, Қайғымен кеткеннен соң жүдеп-азып, Сөкпеңіз бейшараны, оқыған жан.

Саудасы ғашықтықтың сондай нəзік.

Желіксе ғашықтықпен қайран көңіл, Жас ағар қара көзден ағыл-тегіл.

Жалғыз-ақ бұл дүниеде мен емеспін, Əркімде болған шығар осы пиғыл.

Ғашықтық қайғысынан өлгендер көп, Мəжнүн ғақлы зая болғандар көп.

Сүйгені бөтен жерге нəсіп болып, Айырылып шыбын жаннан қалғандар көп.

Біреуге ғашықтықтың оты түссе, Толтырып ол саудадан аяқ ішсе. Ақылы Аплатонның бітсе-дағы, Сарғайып қайғыменен болар құса.

Дүниенің келгені не, кеткені не, Абырой, ар төгіліп біткені не.

Сүйгені бөтен жарға нəсіп болса, Беймезгіл бұл дүниеден өткені не?

Мен-дағы арақ ішкен мас адаммын, Сүйгенсіз күні қараң жас адаммын. Саудасы ғашықтықтың басқа түссе, Ериді көңілі де тас адамның.

Көңілімді бұл саудамен қайғы басқа, Жүдедім ада болып ішер астан.

Бір хабар ол сұлудан келе ме деп, Ынтызар бола-бола ұйқым қашқан.

Арада бұл қалыппен үш күн өтті, Ынтызар бола-тұғын уақыт жетті. Сыртында жазуы жоқ, түсі қызыл, Бүктелген көзім көрді бір конвертті.

Інісі Сүлейменнің келді барып, Оқыпты қыз хатымды назар салып. Сол жақта үш күн жүріп айналақтап, Жауабын жазғым келді біздерге алып.

Қуанып хат келген соң судай тастым, Конвертті жырта тастап, ішін аштым. Жазылған сөзін оқып қарағанда, Жүрегі қалтырайды біздей мастың.

«Ассалаумағалайкум» деп хатқа жазған, Нəпсіге ерген жігіт жолдан азған.

Əлеумет, жазған хатын оқып қарап, Тілмен айта алмаспын ақылым қаран.

Қыздың хаты

Ассалаумағалайкум, деп сəлем бердік, Біздерге арнап жазған хатты көрдік.

Құпия сыр, ғашықтықты баян қылған, Мазмұнын ол хатыңнын оқып білдік.

Сауалға жауап беру бізге міндет, Жазғаным бұл хатымды сыпайгерлік...

Уағалайкумəссəлем сəлеміңе, Ойландым бізге жазған кəмеліңе. Жігіттік жел мінезді тоқтата алмай, Қайранмын жоқ нəрсеге əлегіңе.

Ол бастан хақ жаратқан махаббатты, Алланың əр не қылса үкімі қатты.

Біреуге беріп, біреуге бермей қойған, Күші жоқ жан өзгертпес құдіреті.

Шығарып хиялыңнан ұмыт бізді, Жаздың хатты күйеуге берген кезде. Екі жыл мұнан бұрын тап келмедің, Бұйрық жоқ қосылуға екеумізге.

Салдың ба жеңілдікке мінезіңді, Байқамай түрлі сөзді жаздың бізге.

Баяндап ғашық жайын жазыпсың хат, Қалғандай кей сөзіңнен көңілде тат. Сөзіңді, жаным жігіт, сөйле абайлап, Алысқа көп ұзатпа, тіліңді тарт.

Мал берген біреудің жесірімін,

Қос жұртты əзіл сөзге қылам ба мерт. Той қылып, құда болып құйрық жесіп. Мал сізге, қыз бізге, деп айтылған шарт.

Əркімдер ақылды дер мені мақтап, Мен батаны бұзбаспын сүрені аттап. Мойныма жұрт батасы ауып кетсе, Құлармыз тор көпірден тайғанақтап.

Қос жұртым жауыз дұға қылар маған, Болған соң пиғылым көпке ұнамаған. Қалыпқа бейуада үйренген соң,

Тағы да опа қылман жаным саған.

Ғибрат кітаптарын оқып қара, Оңбаған жауыз дұға алған адам. Ренжиді ар төккенге атам-анам, Тоқтарсың бұл сөздерге болса санаң.

Ерің мен ата-ана, ұстазыңды Бұйырған ренжітпе деп, Хақ тағалам. Əркімнің ішкі сыры Аллаға аян, Сабырдың таяғына мықтап таян.

Айып етпе, үгіт айтты деп, жаным бізді, Шағри сөздерімді еттім баян.

Бейнелеп əр сөзіңе сөз қайтардым, Алдында жауаптарын болса ғаян.

Хатыңда деп айтыпсың: жарын жаман Өтер, – деп, – əлі-ақ бастан шолақ заман. Бұл шолақ заманада сүйеніш аз,

Күйініш көп көреді фəни адам.

Көзің сал, бұл дүниеге келген жанға. Мақсаты болған адам бар ма тамам. Білемін өзім-дағы жар жаманын, Құдіреттің кім бұзады бұйырғанын.

Тағдырға риза болып,сабыр ойлап, Сапардан сабыр еткен табылармын. Бақидың қызығынан үмітім көп, Фəңидің аз қызығын не қыламын.

Сабырдың ақырында сауабы зор, Жар заман бола берсін, көңілі көр.

Жаманға жақсы қарсы кез келген соң, Құдайға шүкір айтар, қара да тұр...

Мен-дағы жаман ерге сабыр етсем, Өлгенше жаманыма дұрыс кетсем. Сабыр қылған бəнделер қатарында, Құдайдан қабылдығын үміт етсем.

Екі ізгі іс, бір орында қосылмай ма, Жадқа ал, бір Құдайды осындайда. Барына шүкір, жоғына сабыр етсе, Ол пəнде орын жұмақта деген қайда?

Əзелде Тəңірі оған нəсіп еткен, Тағыдырды пəнде бар ма бұзып кеткен. Жесірін жатқа бермес, намысы қатты, Табыннан құтыламын не себептен?

Болғанда жарым жаман, өзім жақсы, Қосылған қос жақсыны іздеп тапшы.

«Жақсы əйел жаман ерді жақсы еткен» деп, Бұрынғы нақыл айтқан Мұса патша.

Нақылы бұрынғының болса рас, Еншалла, менің жарым жаман болмас. Тимесе бір Құдайдың шын қарғысы, Бейшараң ол сорлыны жаман қылмыс.

Жарымның жамандығын білдірмеспін, Құрбыға, əзілге олжа қылдырмаспын. Шөп тастап, жар көзіне масқаралап, Көңілін бозбаланың таңдырмаспын.

Сыйлармын қонақ келсе құрмет етіп, Болса да жарым топас, өзім жетік.

Пəленше үйді-түзде бірдей-ақ деп, Келгендер мені кетер мадақ етіп.

Сөзіңе сөз қайтарып қалам тұтты, Өсегі көп болса да біздің жұрттың.

Бөгет көп, мен көрсеттім, өте алмаймын, Зейіні бар, түсінер деп үміт еттім.

Миуа жоқ сізге нəсіп бұл шарбақтан, Іздеңіз ол миуаны бөтен бақтан.

Тең құрбым қатар өскен болғаннан соң, Сөзіңді түсірмедім ілтипаттан.

Сауалға жауап беру бізге парыз, Өтедім жауап жазып бойдан қарыз. Ақырын сөздің былай тамам еттім, Жауапсыз қалмасын деп сіздің арыз.

Сөз жазған осындай деп Гүлкəшима, Жақсы ат жоқ бұл дүниеде ұрғашыға. Дос болып қатар өскен біз қалайық, Ренжітпе көңілінді «болмашыға».

Жазыпты осылай деп келген хаты, Хатты оқып тұла бойым қалтырапты. Ғашықтық басқа түссе қиын екен, Бойымнан қысылғаннан терлер ақты.

Бұл хатты оқып көрдім келгеннен соң, Не шара Тəңірім қайғы бергеннен соң... Ол қызға сөз салмаққа ой ойладым, Баладан жатар орнын білгеннен соң.

Інісі Сүлейменнің барып келді, Бірсыпыра хабарға қанып келді. Сөйлесе жар иесі келген екен,

Іс соңын, не боларын танып келді.

Ретін тауып мен бардым сұлу қызға, Қарсы алып қыз да келді бірер сөзге:

  • Жайымды жазған хатта айтып едім, Тоқтамай жігіттікпен келдіңіз бе?
  • Мен сізді көрген соң болдым ғашық,

Хат жаздым ғашықтықпен сырымды ашып. Бойымда мерезім жоқ жұға-тұғын,

Не болды, сұлу, сізге мұнша қашып?

  • Біреуге Тəңірі мені нəсіп еткен, Тағдырды адам бар ма бұзып кеткен. Іздесе бізге қойған аманатын, Жарымнан құтыламын не себептен?

Уақытым жақындады көре-тұғын, Серттесіп жар соңына ере-тұғын. Несіне аз күн үшін ұмтылайын, Қосылып болмаған соң жүре-тұғын.

Айырылып аманаттан тұра алмаспын, Шөп тастап жар көзіне жүре алмаспын. Айтысқан ата-анамыз сертті бұзып, Ұялмай жардың жүзін көре алмаспын.

Айтайын мағлұм болсын сізге халім, Ілгері тілеуім бар менің жаным.

Тудырған бұзық болса аналары, Кейінгі не болмақшы балаларым.

Нəсілін адамзаттың өрбітуге Біздерді Хақ жаратқан шамаладым. Біздерді жолымыздан жаңылтуға Семірткен несіңе еріп қамаладың.

Тəңірге уағада етіп, ұрып қадам, Көтерген ауыр жүкті пəни адам. Əйелден адам оғлы өрбіген соң, Салмағы ауыр жүктің түскен маған.

Міндетті мойнымыздан біз тастасақ, Ауыр жүк көтеруші болар ғадам.

Жеңілдікті таста, жігіт, тəуба ойла, Халқыңа шамаң келсе тигіз пайда.

Міндетті ауыр жүкті шын көтерсең, Мақшарда отырарсың қоңыр жайда. Мен айттым: тоқта, сұлу, бермен қара, Біздерге уағыз айтып, болма əуре.

Сіздердің үгітіңізді байымдауға, Бұл күнде бүтін емес, көңіл шала.

Біздерге үгіт айтпа, айтшы ықыласың, Сіз үшін əуре болған ғаріп басым.

Шыныңды айтып кетші тым болмаса, Біздерге көңілің қалай, замандасым?

Кей кезде ақыл, көңіл қосылмаған, Біраздан ол екеуі жосылмаған, Міндетті ада етуді ғақыл айтса, Ғақылға көңіл мойын ұсынбаған.

Көңіліме ажарыңмен салдың жара, Салған соң Тəңірім басқа не дүр шара?! Суынан ғашықтықтың, асыл затым, Сізге де татқызды ма хақ тағала?

    • Ей, жігіт, сал құлағың мынау кепке, Іш толған шыдамайсың қайғы-дертке. Сұраған терең жерден суалыңа

Бұл күнде жауап беру келмейді епке.

Білерсің бір уақытта сабыр етсең, Азырақ ішкі дертке жəбір етсең, Жазармын бір записка жайымды айтып, Сен менің ұзатылар күнім күтсең.

Ішкі сыр запискамнан болар ғаян, Жасырмай хатқа жазып етсем баян. Ол күндер алыс емес, оған шейін Сабырдың таяғына мықтап таян...

Біздерден болмас істі үміт етпе, Жалмауыз ере берме нəпсі итке. Дүниенің кемдік-кетік əрбір ісі, Дұшпан боп жоқ нəрсе үшін бізге кетпе.

Сөз бітті бұл сөзден соң, лаж құрыды, Сылбырап қыз жанынан сорлың тұрды. Мен емес еш адам да өте алмаған, Араға құдірет қазған үлкен орды.

Ай жарым мұнан соң да өтті заман, Күн санап менің халім болды жаман.

Көз жұмсам, ұйықтасам да алдымда қыз, Басыма диуаналық келді тамам.

Тап келді бұл бір сауда жиырма үште, Ғашықтық қатты батты, тиді күшке. Біреудің жесіріне не хайла бар, Бармас па ем дауым болса, жүгініске.

Күз болып, күземді алып, көшпелі елдер, Қатарлап тізген шақта, түйе көшке,

«Медетбай үш күннен соң той қылады», –

Дегенді мен есіттім бір күн кешке.

  • Сəтіне сəрсенбінің той қылады,

Əр жерден шақырылған жұрт келеді. Ат жарыс, атан жарыс, алтын қабақ, Мереке, балуан тұрып көп болады.

Медетбай қыз ұзатқан отау жауып, Ат, құнан бəйге алады оза шауып.

Етпекке бір үлкен той жеті болды, Қымызын жиғанына бие сауып.

Бұл сөзді есіткен соң біздің құлақ, Жер бар ма үйде жатар жаным шыдап. Той болар сəтті күннен бір күн бұрын, Ерттедім мен атымды жылдамырақ.

Мен ерте жабдық салдым кер жорға атқа, Шыдасын неге жаным сəламатта.

Бұл тойға не себептен асығамын, Ол сұлу кеткеніне көңіл шат па?

Шат болу бізге қайда, замандасым, Бұл іспен əуре болған ғаріп басым. Ішім жалын, сыртта түтін көрінбейді, Ағады іш елжіреп көзден жасым.

Түс қыза жұртпен қатар келдім тойға, Тап болды бір селкілдек тұла бойға. Бойында Қарасудың байдың ауылы – Тойға арнап алты үй тіккен көгал ойға.

Анадай алыс жерде жасыл шатыр, Ішінде мекен еткен күйеу батыр. Жүгірген арлы-берлі ошақшылар, Тұс-тұстан, топ-топ адам келе жатыр.

Ақ орда байдың тіккен көл қасыңа, Үй толған сегіз қанат ұрғашыға.

Бəрін де сəулетінің асырыпты, Түсер деп жұрт назары болмашыға.

Ақ киіз қыз отауы қызыл-жасыл, Отаудың іші-тысы бəрі де асыл. Ішінде қыз-келіншек басын қосқан, Отырған ортасында бекзат нəсіл.

Ас үйге түсірісіп тойдың асын,

Топ адам айналып жүр ошақ басын. Адамға екі жүздей қанша табақ, Кетеді білген адам есептесін.

Ақсақал, қожа да бар, молда да бар, Теңселген төрт аяғы жорға да бар.

«Той асы – хақ қазынасы бай ғана емес», Келсе орын арылмаған сорға да бар.

Қолға алған домбырасын жыршы да бар, Іздеген ойын-күлкі тойшы да бар.

Не жандар жұрт жиылса көрінбейді, Жанында жан торсығы қойшы да бар.

Халыққа табақ-табақ ас тартылды, Жегенмен таусылмады, көп артылды.

«Той асы – хақ қазынасы» деген рас, Ас толған ғаріп-қаби елге артылды.

Ат жарыс, балуан күрес ойын қылды, Медетбай келістіріп тойын қылды.

Мүшеге шапан алып, теңге алып, Тиісті ата ұлы сыйын көрді.

Мүше алып, мерекесін көргеннен соң, Қол жайып ақсақалдар бата берді.

Мырзаға қош айтысып, атқа мініп, Адамдар жер ортасы қайтады енді.

Мырзаға қош-сау айтып, атқа мініп, Үлкендер үйді-үйдіне кетті қайтып. Жиылған кеш тартысқа бозбаланы Күн батпай кешіктірді көп сарғайып.

Шатырда мекен еткен күйеу батыр, Қарасам, ішке түсер заман ақыр.

Қоқанның зекетшісі жатқан үйдей, Көзіме теріс көрінер жасыл шатыр.

Сарғайытқан бозбаланы күн де батты, Бетіне қараңғы түн перде тартты.

Мойнынан өз қызметін күн атқарып, Міндетін бұл тартыстың түнге артты.

Қызарып күн де батты таудан асып, Ақ үйден шықты қыздар қадам басып. Тартысқа белгіленген үйге қарай, Жөнелді сыңсып олар қатарласып.

Сыңсыған сүйгенінің даусын естіп, Ағызды көзден жасын біздей ғашық. Ішінде көп жұлдыздың айдай еді, Қайтейін, болмаған ғой маған нəсіп.

Налимын жеке отырып жаппар хаққа, Қара түн туғыздың деп біз бейбаққа. Отырған жерде жауды жоқ қылсам деп, Кей-кейде көз саламын шатыр жаққа.

Жиылды қыз, бозбала үлкен үйге, Жыршылар домбырасын салған күйге. Бай, жарлы, жастар келді сексен-тоқсан, Келіпті бай қыздары мінген күйме.

Бəрі де тойға келген ермек үшін, Мереке, ойын-күлкі көрмек үшін. Əкімдер, дос-досымен бірер күнге, Қымсынбай емін - еркін жүрмек үшін.

Киінген қыз-келіншек аянбай-ақ, Қосылған Қозы Көрпеш – Баяндай-ақ. Іші тар Қодар құлдай қыз қорыған, Келіпті кей кемпірлер қолда таяқ.

Жиылып түгелденді жұрттың бəрі, Жастардың ойын-күлкі ынтызары. Жиылған бір өңкей жас назар салсаң, Болмаса Қодар құлдай кейбір кəрі.

Шай ішіп, ет жеген соң басталды ойын, Барады енді қызып осы жиын.

Əуелі өлең, екінші ойын жасап, Сауық қып отырысты түні бойын.

Бір ақын той бастады домбыра алып, Тыңдады жиылған жұрт құлақ салып. Байлығын Медетбайдың баян етіп, Тастады біраз жерге алып барып.

Қыздар да екеу-екеу əнге салған, Жамандар жүрексінген айтпай қалған. Қыз ойнақ, той тартысы бозбалаға, Көрінер сүйкімдірек дүние-малдан.

Шаттанған жұрттың бəрі ойнап-күліп, Жалғыз-ақ мен екенмін түскен бүлік. Бұл сауда басқа түспей тұрған күнде, Кетуші ем осындай да аттай желіп.

Сол кезде ішімде от, тысым жалын, Қайғымен түсім сынық, көңілім жарым. Көрген соң мұның бəрін қайнайды ішім, Болған-ды бір жасаған медеткəрім.

Көрген соң бұл шаттықты қайнайды ішім, Оңбаған о бастан-ақ қылған ісім, Бұхардың шынжырлаған бурасындай, Қайраймын сықырлатып отыз тісім.

Айтпаққа қызға жар-жар көңілім кетті, Бұл қайғы жиырма үште əуре етті.

Озған соң, түн ортасы таңға жақын, Айтатын қызға жар-жар уақыт жетті.

Бұл қиял келді де ойға тысқа шықтым, Салғанын көрейін деп жаббар хақтың. Кеткен соң ішім толып қайғы-дертке

«Уф», – дедім, леп шығардым, көкке бақтым.

Кеткен соң ішім толып қайғы-дертке, Сыймайды лоблып көңілім көкірекке. Бір суып, бір қызады ғазиз денем, Қараймын көзім салып төңірекке.

Аспанда жұлдыз жті жыбырлаған, Жан-жəндік бəрі ұйқыда қыбырлаған. Іштегі хасіретіме түсінгендей, Жұлдыздар бір-біріне сыбырлаған.

Бір суып, бір қызады ғазиз денем, Жапам көп болғаннан соң хиял терең. Зорланып ой суына шомыған соң, Құралып сөздің басы келді білем.

Қалтырап қадам басып, жетіп келдім, Өлеңді қыз тұсынан қоя бердім.

Бұл фəни дүниенің аз күнінде, Басына не келмейді ғазиз ердің.

Сол жерде бес-алты ауыз «аужар» айттым, Тартуға ілтипатын əлеуметтің.

Жамағат, оны-дағы тыңдап қара, Мазмұны мынау болды айтқан кептің:

    • Ақ бөкебай орамал, Басыңда дүр, жар-жар-ай, Жарыса өскен қатарың Қасыңда дүр, жар-жар-ай,.

Оң жақта сүрген дəуреннің, Біткен күні, жар-жар-ай, Орамал кеткен басыңнан Жасыңда дүр, жар-жар-ай, Құрбыңменен ойнаған Ақырғы түнің, жар-жар-ай, Сəскеден қалмай таң атса, Табарсың жөнін, жар-жар-ай. Енесінен айырылған Балапандай, жар-жар-ай, Ертеңнен соң естіліп Шықпас үнің, жар-жар-ай.

Артыңда қалар желкілдеп, Туған жерің, жар-жар-ай. Кіріңді аққан суына Жуған жерің, жар-жар-ай. Қатарыңмен қосылып, Қарындасым, жар-жар-ай, Талай қызық заманды, Қуған жерің, жар-жар-ай. Артыңда қалар жыласып, Туған елің, жар-жар-ай.

Қынай белің жібекпен Буған жерің, жар-жар-ай. Ішімізден кетті деп,

Бір асыл зат, жар-жар-ай, Көзден жасын төгеді, Саған елің, жар-жар-ай. Артта қалып еңірейді Туған атаң, жар-жар-ай. Көзінің жасын көрген соң, Қозар жапаң, жар-жар-ай. Келін болып түскен соң Бөтен елге, жар-жар-ай.

Ботасынан айырылып, Боздайды анаң, жар-жар-ай,

Кеткеніңе елегізіп, Төзбейді анаң, жар-жар-ай. Келін болып барған соң, Бөтен үйге, жар-жар-ай.

Ойға түсіп мұндағың, Кетер мазаң, жар-жар-ай.

Ағаң менен артыңда Інің қалды, жар-жар-ай. Оң жақтағы ойнаған

Күнің қалды, жар-жар-ай. Шұға киген қыз есімің Өзгеріліп, жар-жар-ай.

Жаулық түсіп басыңа Келін болдың, жар-жар-ай.

Айнала сан назарың Қарындасым, жар-жар-ай. Бəрі сенің қатарың, Қарындасым, жар-жар-ай. Жылашы қыз-ау, жылашы, Ғамгүн болып, жар-жар-ай. Біліміңді қараң батарын, Қарындасым, жар-жар-ай.

Ағайының ішінде

Жүрмек қайда, жар-жар-ай. Енді саған қатармен, Күлмек қайда, жар-жар-ай. Жылап-сықтап сəскеде Жөнелген соң, жар-жар-ай. Күлмек түгіл, жүздерін Көрмек қайда, жар-жар-ай.

Бикеш жан деп сыйласқан Жеңгең қалды, жар-жар-ай. Аман бол деп көзіне Жастар алды, жар-жар-ай.

Кетеріңді білген соң,

Осы отырған, жар-жар-ай. Əлеуметтер бастарын, Төмен салды, жар-жар-ай. Тамшылайды етекке, Көздің жасы, жар-жар-ай.

Бір елдегі сен едің Қыздың басы, жар-жар-ай. Көзінің жасы мөлтілдеп

Тұсында тұрып, жар-жар-ай. Ғашығың айтқан «аужары» Сөздің расы, жар-жар-ай.

Жар-жарды осылайшы болдым айтып, Ғашықтық қатты батты көп сарғайтып. Шыдар ма қыз жыламай, тас та болса, Бұл дəурен қайта айналып келмес қайтып.

Бір кезде қыз сыңсыды қайғыланып, Əркімнің іш қайғысы өзіне анық.

Жылайды не нəрсе ойлап ол сұлу қыз, Ол сыры өзіне аян, маған танық.

Қыз сыңсып тап сол жерде көп жылайды,

«Аман боол, қайран жұртым», – деп жылайды. Тиеді атқан оқтан маған зият,

Күмістей қыздың даусы сылдырлайды.

Бар екен ол жиында бірл келіншек, Болмайын, баяндайын, мен еріншек. Өзі де қызыл тілдің бұлбұлы екен, Емес-ті жеңіл малдай ол сүріншек.

Ол бұлбұл отыр екен қызға жалғас, Көп аса қалжың сөзге құлақ салмас. Қыз сыңсыған кезекте шешен болмай, Жалпы əйел көңіл ашып жұбата алмас.

Лебіз ашып ол келіншек бастайды сөз, Жұбатты қызды өлеңмен ұзатпай тез. Көңіл ашып айтқан соң орынды ғып, Сыңсыған қыз бейшара басылды тез.

Тамаша жұрт таң қалды жас əйелге, Ақылы кең, жас та болса, бас əйелге. Бұл ақыл бір өзінде тұрған шақта, Нəпсіге тізгін беріп асылы ерме.

Немере жеңгесі екен ол жас қатын, Жақсының кім сөгеді жұрағатын. Қонымды сөз айтқан соң халайыққа, Тойтармас шешен ерлер сөз ұятын.

Ғашықтық қайғысымен тарттым азап, Асыра сөздер айттым қызды қажап.

Айыпқа оқырмандар алма мені, Салдары ғашықтықтың қылды кəззап.

Жарасты жас келіншек сөзін айтты, Жылаған сыңсып қыздар үйден қайтты. Оның да сөзін жазып бұл кітапқа Оқыған қуантайын əлеуметті:

Жарыса өскен қатарың, Осында дүр, жар-жар-ай. Жолаушының тілеуі Қасында дүр, жар-жар-ай. Əйелдің көрген дəуіріне Əлеуметім, жар-жар-ай.

Алған адал жарының Тұсында дүр, жар-жар-ай. Оң жақта қыз жүгенсіз, Атттай болар, жар-жар-ай. Жерде жатқан тот басып Заттай болар, жар-жар-ай.

Əйел – ханым, жігіт – хан, Деп айтылған, жар-жар-ай, Бұрынғының нақылы Хаттай болар, жар-жар-ай.

...Жұртың үшін жылама,

Шын жұртың онда, жар-жар-ай. Аз күн бізге қонақсың.

Тұрмайсын мұндаб жар-жар-ай. Халалыңа қосылып,

Тілекте болсаң, жар-жар-ай. Көп мереке қызықты Көрерсің сонда, жар-жар-ай.

Жар-жарын жас келіншек айтып болды, Жылауын өксіп-өксіп қыз да қойды.

Ішімде зор қызғаныш пайда болып, Көрсетті сұр жыландай жиын тойды.

Дал болып мен отырмын жерге қарап, Тұс-тұсқа зейін, пікір кетті тарап.

«Əлпірақ» деген бір сөз ойға түсіп, Сандалған бір Мəжнүнмін халім харап.

Жаныма сол үақытта біреу келді, Қолыма төрт бүктелген қазағаз берді. Əкелген он-он бірде жас бала екен, Бұл хатты апам саған берді деді.

Оңаша жерге жалғыз шығып алдым, Азырақ көздің жасын сығып алдым. Жалма-жан оттық жағып, жарық қылып, Мазмұнын ол қағаздың ұғып алдым.

Мінекей, білгің кедсе жазған сөзі, Дүниенің харам болар келді кезі. Япырмай, не ғылған жан, ішкі сырын, Сақтаған ешкімге айтпай жалғыз өзі.

Қыздың ішкі сыры

Қыздардың ішкі сыры Аллаға аян, Ешкімге сырын жауһар етпес баян. Кетерде сізге айтайын замандасым, Алдыңа хал-ахуалым болсын аян.

Менің де көргеннен-ақ көңілім кеткен, Бұл сауда мені-дағы əуре еткен.

Өзің де ойлап қара, мен қайранмын, Іс бар ма бұлай болған құдіреттен.

Менің де сізді ойласам ішім жалын, Кетеді кейуақытта ықтиярым.

Дүниеде татар дəмім таусылғанша, Жүрермін тарта-тарта ғашық зарын.

Қайтейін жалған дүние опасы жоқ, Пендеге күн де түрлі жапасы көп. Міндетін мойнымдағы атқармасам, Болар ма сүймес жардан көңілім тоқ.

Құдіреттен құтылар ма пенде үркіп, Машриқтан мағрип қашса желіп-жортып. Ғазизім Баймұхаммет еске түссең, Жүрермін жылай-сықтай көзім сүртіп.

Аһ, дүние, баяның жоқ жалған дүние, Талайды арманда ғып алған дүние!

Мақсатқа хиялдағы жеткізбестен, Көңілге кетпес дертті салған дүние!

Не пайда күнің шығар, күнің батар, Бай қызық нар жетектер қатар-қатар. Мен сорға қара күндер көп туғыздың, Қайғыға шыдай алмай жылап жатар.

Көңіліме естен кетпес салдың уайым, Бар еді не жазығым, бір Құдайым.

Я, рахман, бір рақметің түсер ме деп, Зікіріңнен босатпадым тілім дəйім.

Өзім ойлап кір таппадым пилығымнан, Қайғының құтқармадың құрығынан.

Орнаған тамырланып ғашықтықты, Құдай-ай, алшы тартып көңілімнен!

Ғұмырлық зор қайғыдан құтқар Алла, Қара күн келешекте басқа салма.

Болмаса өзің қосқан халал жолмен, Қауыштыр құдіретіңмен сүйген жарға.

Налыған Гүлкəшима сорлы күнің, Өте ме зұлматпен көрген күнім? Серігім дұрыс болып жолықпады, Берсең де жөн танырлық маған білім.

Біреуге бір көргеннен ғашық қылдың, Ажарсыз бір наданға нəсіп қылдың. Көңілдің бір қалауын тұс келтірмей, Ағуға көзім жасын ашық қылдың.

Құдая, не қылсаң да құдіретің бар, Я, рахман, рахымыңа мен ынтызар.

Адамға көңілім сүйген тұс келтірмей, Қор қылып бір наданға жылаттың зар.

ІІІ

Қалтадан шыққан қағаздың сөзі

Ей, менің сүйегімді көрген адам, Мені адам өлтірген жоқ, болма надан.

Отына ғашықтықтың шыдай алмай, Көшірдім өзімді-өзім бұл дүниядан.

Қос сорлы қартайғанда қан жылаттым, Сəлем айт, бақыл болсын атам-анам.

Тобылдың жар астында Баймұхаммет, Жанында өткір пышақ, қолда қалам.

Ахуалын ақ қағазға жазғаннан соң, Пышақпен өз ғұмырын етер тамам. Ғашығы Гүлкəшима басқа түсіп, Келмеді көтеруге оны шамам.

Тобылда жалғыз үйлі Үңгіт едім, Болмаса бұл ғашықтан едім аман. Ақылым зая болды, сабырым кетіп, Бір қызын Медетбайдың көрген заман. Өз ғұмырым ақырда өзім тамам еттім,

Айырылып сүйген жардан жүрген жаман.

Қош сау тұр, артта қалған кемпір мен шал. Балаңа дұға айлаңыз қадари хал.

Жоқ еткен өзін-өзі бейшараны Қарғамай, мархаматты есіңізге ал.

Жалаңаш бұл дүниеден кеткен ерге, Фатима ақыретте құйрық пен жал. Мақсатқа ойға алған жетпеген соң, Дүниемен қоса құрсын жиналған мал. Кешкі сүт пісірім заман қанға батқан Денемді көлеңкелер шоқ қара тал.

Ағайын Сырға көшкен бата қылса, Елінен Мөңке Табын хабар болса, Есітсін бұл хабарды Гүлкашима, Сəламат барған жерде тірі жүрсе.

Шат болар қара жерде жатқан денем, Есітіп Гүлкəшима бата берсе.

Дем алсын отын оттап, суын ішіп,

Көп жортқан Гүлкəш үшін жорға керше. Көзінен ата-анам жас ағызар,

Жүгенсіз, ерсіз жүрген Керді көрсе.

Ақырда сізге сəлем Гүлкəшима, Зат едің асыл туған ұрғашыда. Дұға қыл есіткенде мен ақымаққа, Жоқ қылған өзін-өзі «болмашыға».

Бұл дүние құтты болсын енді сізге, Қылмады жалған опа тіпті бізге.

Өзгеге туған ана болсаң-дағы, Өгей боп душар болды біздің кезге.

Жарқырап күнім туып жетер-жетпес, Қызарып бата қалды тездеп-тезге.

Көңілге сүйеу кəлимə тəубə, Ақырда жат етейін хақтың атын.

Тапсырдым, жаббар саған, ата-анамды, Жалғыздың көрмей қалған кəмəлетін.

Мойнымда гүнəһім көп, тəубə еттім, Қабыл ет, тəубем көпке жүз ұятым. Жоқ қылып өзім-өзім пышақ ұрып, Тұтпадым пайғамбардың шариғатын...

Қош, сау бол, ұзын аққан Тобыл өзен, Ішінде тоғайыңның шығар жаным.

Топыраққа аунап бұлғанған қызыл қанға, Жуылар ақ суыңа ғазиз тəнім.

Түсіріп өткен күнді жұрт есіне Қойылар бір шыңыңа мола тамым.

Ақырыда Гүлкашима, тағы сəлем,

Бұл айтқан ықылас сəлем соңғы кəлəм. Қайғылы тіршіліктен өлген артық, Алдыңда жоқ болған соң ешбір алаң. Барады күн еңкейіп енді кешке, Ұзамай істің соңы болсын тамам.

ІV

Сөз соңында

Ау, құрбым, бұл қиссаны оқып көрдің, Ойлаушы, не түсіндің, нені білдің.

Бірталай уақытың озды, көзің талды, Шамала онан қанша пайда қылдың?

Бірталай уақыттың озды, көзің талды, Бейнелеп бəрін білдің болған халді.

Есіңнен əр уақытта тастамастай, Көңіліңе ғибрат болып несі қалды?

Білмесең мен айтайын тыңдап қара, Өзің де ақылға сал, болма бала.

Ғибрат бар екі-үш түрлі бұл қиссадан, Жүргейсің есіңе алып ойлап қана.

Əуелі сен шамала қыздың жайын, Жаратқан оны сұлу бір Құдайым. Қазақтың келіспеген əдетінен, Көңіліне бейшараның түскен уайым.

Күйеуге қыз бергенде қазақ халқы Сөйлеспек қалың малды əуелі салты. Ойында екі жақтың еш болмайды, Қосылған балалардың мінез қалпы.

Лайық па күйеу қызға, қыз күйеуге, Бұл жерін ескермейді ешбіреу де.

Қыз беру, келін алу біздің жұртта, Мал алып, мал сатқандай мысал сауда.

Бай болса күйеу жағы дəулетке мол, Нəсілі болса-дағы қызылбас құл.

Өздері шикі надан лас болса да, Көп малдың арқасында алады жол.

Бір надан шаруаның болса малы, Қыз алар он бес жасар кəрі шалы.

Малы жоқ жарлы, сорлы былай тұрсын, Дегеннің тəп-тəуір-ақ осы халі.

Ау, құрбы, медет байды шамалашы, Шықпай ма Медетбайдан сөз расы. Азырақ қойы деп қызын берді, Құданың болса да анық надан, ласы.

Құдайым Медетбайға бала берді, Балаға ақыл, ажар жəне берді.

Əкесі малға сатып сорлы қыздың, Кетпестей сор көңіліне жара берді.

Бейшара Гүлкəшима мұңды емес пе. Ғұмырға шырағы өшкен сорлы емес пе? Ақылы, білімі, ажарын ықтиярсыз,

Қор еткен бір наданға қорлы емес пе?

Құдайым ақыл берген оған қалап, Абыройын өз басына жүрген балап. Көбісі сорлы қыздың сондай болған, Жоғалтып жаста-ақ абырой болар харап.

Көп қыздар осындайдан қор болып жүр, Халыққа күлкі болып ата-ана сор.

Бейшара сорлы қыздар білмейді ғой, Абырой, кеткен де бір, өлген де бір.

Ойласаң бұл бір ғибрат аталарға. Бір ата шын мұсылман егер болса, Істеуге мұндай қате бата алар ма?

Екінші бойға жеткен қыздар білсін, Асылдан – Гүлкəшима өрнек көрсін. Бейнеқақ жаман ерге тура келсе, Сорлыдай Гүлкəшима нық боп тұрсын.

Алтыннын абырой қымбат қыз балаға, Алтынды ақамақ болса қызғана ма.

Өкпелеп жаман күйеу тұс келгенге, Болмасын етек жайды қыз балаға.

Үшінші, сізге ғибрат жігіт-ерлер. Шығады жігіт ішінен кемеңгерлер. Жастан-ақ өнер іздеп талаптанған, Жігітті бəрекелді адам дерлер.

Келсе хал, пайда ойла қазақ елге, Өмірді Байекеңдей берме желге. Жауһарын əуейілікпен отқа жаққан, Ғибрат Баймұхаммет білгендерге.

Жас күнің – өнер іздер, нақ дер шағың, Халқыңның ойлай берші оңар жағын! Бата сол бізден сізге, ғазиздерім,

Сор қазақ көтере бер аруағын.

БЕКБОЛАТ БАТЫР

Июнь жарлығы

Он алтыншы жылында, Жиырма алтыншы июньде, Даланы қара бұлт басты, Нажағай ойнап от шашты. Жым-жырт жатқан сахара, Басқандай болды албасты. Зілді кезең кездесіп,

Кəрі-жастан сұр қашты. Жарлығы шығып патшаның, Ел сенделді, ер састы.

Ежелгі кек оянып, Көтеріліп жұрт дуласты. Қырып-жойып қазақты, Фольбаум3 шықты кіжініп, Айдамақ боп соғысқа, Шетінен тізіп қызығып.

Жандарал қатты ақырды, Офицерін шақырды.

Күндіз-түні сөйлесіп, Тапты жауыз «ақылды».

  • Ауыл басы бір сыщик4 Жіберсек елге мақұлды. Бар, сыщиктер, барыңдар, Елден хабар алыңдар.

Жорға менен жүйрікті Ылау атқа алыңдар... Көнбегенді көндіріп

3 Алматының губернаторы.

4 Тыңшы, шпион.

Күшпен жөнге салыңдар. Бас көтерген жан болса, Оқпен тəнін жарыңдар!

* * *

Біреу олай сөйлейді, Біреу бұлай сөйлейді:

    • Баланы қолдан бергенше, Патшаға қарсы тұрамыз, Өлсек шəһит боламыз.

Ноқталы басқа бір өлім, Жас баланы берген соң, Қайтып шыдап жүреміз?!

Кілең қыршын жастарды Қырғызғанша Германға, Бала-шаға, кемпір, шал, Өзіміздің мекенде

Өлген артық онанда. – Мына сөзді есітіп, Даладан келді сыщиктер. Айтып келді білгенін, Бірер жұма далада

«Саяхаттап» жүргенін.

«Сұры жаман қазақты», Көздерімен көргенін.

Патшаға жігіт бергенше, Жақсы көрер қырылып, Өз жерінде өлгенін.

Жолықты бізге көп қазақ, Қайнаған оттай шоқ қазақ, Ауыл сайын біз бардық, Ықыласы жоқ қазақ.

Фольбаум тақсыр, жанарал, Қазақ əскер бермейді,

Бұл сөзіме құлақ сал.

Қанға былғап қолдарын, Беруге қимай ұлдарын, Көзім көрді көп қазақ Серт айтысып тұрғанын. Мына сөзді есітіп, Офицерлер бірікті.

«Жаман да болса қазақ көп, Салса, салар бүлікті» –

Деп жиылып бас қосып, Патшаға беріп телеграм, Хабар күтіп тұрысты.

Елдің қамдануы

Не болса да болды, – деп, Құрбан қылдық жанды, – деп. Азар болса өлерміз,

Не салғанын көрерміз, Аянып мұнан қалғанмен, Неше жүзге келерміз.

Аянатын не жан бар, Көп күшіне сенеміз. Көп түкірсе көл деген,

Алты миллион шырақпыз, Солар сөнсе сөнерміз.

Егер солар сөнбесе,

Біз-дағы көпке ерерміз. Атқа мінген азамат, Ерікті соған береміз.

Айыр, тырна қолға алып, Фольбаумға бар қарсы. Соғысайық қозғалып,

Ақ сарбасты сойғызып, Қымызға елді тойғызып, Жұрт жиылды айғайлап, Ырым қылып өзінше Бір ағашқа ту байлап,

Көп қалайық көтерді, Бекболатты бас сайлап.

Елге əскер шығуы

Жандаралдар, төрелер, Бір жерге қосты бастарын, Патшадан хабар алады:

«Атыңдар да, шабыңдар, Қырғыз бенен қазақтың Бұйрығына патшаның Мойын сұнбай қашқанын. Патшашылдар, офицер Жалаңаштап қылышын, Суырып қынынан алады. Құралсыз жатқан халыққа Ат ойнатып, оқ атса, Көңілдері толады.

Таң атқанша отырып, Алматыда төрелер План құрып қарады.

Ауылға отряд шығарып, Қызығына қарады.

Сол уақытта ұрыстың Басталар кезі дəл болды. Біреудің біреу малына, Ие болар күн болды.

Патша əскері қазаққа Күйе болар күн болды. Айдағаны əскердің Түйе болар күн болды. Үсті-басы қазақтың

Қайраған өткір қылышқа Шие болар күн болды.

Қой қозылар шуылдап, Тебінгі, тоқым салпылдап,

Шал мен кемпір айтқаны Жүйе болар күн болды.

Жайылмыс жар шақырып, мал сояды, Жиылып соғысуға қол қояды.

«Басталық ырым қылып біз бір соғыс», –

Деп шулап қырғыз, қазақ ат қояды.

Ал сонда Жайылмыстың қуанғаны, Бекболат ішіндегі ту алғаны.

Бұқара қалың халық соңына еріп, Соғысқа ер азамат дайындалды.

Қару жоқ, қарап тұрып салмақ ойран, Есте жоқ, қарусыздық шыққан ойдан. Кісідей тойға барар қуанып жүр Болар деп ойламайды дүние ойран.

Қолыма қалам алсам сөз келеді, Құлағың естігенді көз көреді.

Арғынның үш-төрт үйі орта жолда, Айыспай деген адам кез келеді.

Қайда бара жатырсың, батыр, – дейді, –

Жолдасың болса бері шақыр, – дейді. Бекболаттың тіктірген туы қайда, Жайылмыс елімісің ақыр, – дейді.

Бұл сөзге патша əскері ашуланды, Сұрланып іштеріңе тартты қаны Жоқтайтын Бекболатты сенбісің деп, Жазықсыз жазалады Айыспайды.

Офицер қылышпенен салып кетті, Өткір қылыш шекесін жарып кетті, Жығылып аттан құлап қалды өліп, Жаны шықпай, есінен танып кетті.

Артынан шауып келді бір баласы, Қан болған атасының үсті басы.

Бір солдат жетіп келіп қылыш шапты,

«Первый починға» деп, қылыштапты. Екеуі екі күндей жатты-дағы, Қараңғы көр ішінен орын тапты.

Үстіне Үшқоңырдың келді жетіп, Дүрбімен алыс жерді жақын етіп.

«Жаудың сырын жау білмес» деген бар ғой, Малышовтың тұрады есі кетіп.

Жайылмыстар ойлайды əр ақылды; Мыңдар жылап, сол кезде біреу күлді. Көп үшін мен құрбандық болармын деп, Қорқыныш жүрегіне суық кірді.

Бекболат білдірмейді көпке сырын, Қылыш, мылтық күші бар жаудың түрін,

«Жаным, тəнім кем емес Николайдан, Жарақсыз, жабдықсызбыз, бер ақырын.

Жау келді жабдығы бар қасымызға, Іс болар қиынырақ басымызға.

Көп жылқыны бұл жауға қарсы айдасақ, Бір қайда болмас па екен осымыз да?»

Көпшілік мына сөзді мақұл көрді, Айдасақ көп жылқыны ақыл деді.

Əр байдың жылқыларын айдап кел, – деп, Өзінің жігіттерін шақырды енді.

Жігіттер жылқы айдауға іздеп кетті, Сол кезде құралды əскер келіп жетті. Барады неше жерден мылтық атып, Қарусыз сорлы қазақ есі кетті.

Кім шығар қарулы қол күресіне, Оқ тиді Əбіліштің биесіне.

Ту түсіп қолындағы кеткеннен соң, Ұмтылды жолдасына мінгесуге.

Əр жерден жігіт келді жылқы айдаған, Екі жүздей жылқыны жолға салған.

Быт-шыт боп қазақ қашты əр тарапқа, Қарусыз қара қанға батқан заман.

Əскер қайтты жылқыны жолға салып, Көп қумады қазақты тауға асырып.

Ар жағында бар шығар қара қырғыз, Деп ойлап, жаман қатты қауіптеніп.

Соғыста талай кісі шығын болды, Жүз елу жылқы жауға тығын болды. Европа, Азияны жеңгендей-ақ, Шуласып жылқы айдады əскерлері.

Əуелі Бекболатты əкетті айдап,

Ат үстінде аяқ, қолын мығым байлап. Артынан қалғандарын қоса айдап, Бишара түсті қолға зығыр қайнап.

Ел-жұртым, аман болғын, жамағатым, Жалғыз-ақ менің болсын жаман атым. Көп үшін жаным құрбан демедім бе, Ермек деп біздерді де тапқан қатын.

Ел-жұртым, аман болғын айтқан сөзім, Құрбандық бəрің үшін жалғыз өзім.

Бір жыл ма, жарты жыл ма, менен кейін, Мұның да айналдырар біреу өзін.

Іркілмей мына сөзбен жүріп кетті, Ишарат қып мойнын бұрып кетті.

Жасауыл қазақ-орыс жан-жағында, Шулаған итше қамап, үріп кетті.

Жігіттер қырғын тауып майдандасқан, Солдатқа кетті жастар Жайылмыстан. Үшқоңыр мен Құмбелдің ортасында, Ұрғашы, бала-шаға шуылдасқан...

Əйелдердің жылағаны І өлең

Біз де адамнан туып ек, Адамбыз деп жүріп ек. Сары ала шенді ұлыққа Қандай кінə қылып ек? Алым бермей қойдық па, Тартып алып бұлардың Малын бермей қойдық па? Сендердің де біздей боп, Бала-шағаң шуласын.

Үстіңдегі падишаң Апиын жеп уласын.

Жолыңды сенің қылмасын, Астында жалғыз атыңды, Ұрылар келіп ұрласын.

Қатының бала тумасын, Жуас атың астында Қарап жүріп туласын.

«Ақ патшаңның» сүйегі Айналадан қурасын!

Қазақтың жеңсін ботасы, Николай залым бурасын. Біздердей кемпір, шалдарың, Басқалардың қолында

Плен болып мұңласын. Мұңланған сенің сөзіңді

Басқалар күліп тыңдасын. Бүгінгі бақыт, тақытың, Бір жылға да тұрмасын.

Орақ орып, масаққа, Қаңғырып кетсін ұрғашың. Еліміз қалды иесіз, Қайтейін, ойбай, бас ием, Қайда бір кете қу басым...

ІІ өлең

Пленге кеткен иеміз, Иемізге күйеміз.

Бəрін қырмақ болыпты, Енді кімді сүйеміз.

Қалғанға иесіз ұқсайды, Қой, жылқы, сиыр түйеміз. Бар еркектен айырылып, Қанатымыз қайырылып, Қайтып тірі жүреміз, Қалайша өмір сүреміз, Қайтып күнді көреміз, Біздей болсын қатының, Сары ала шенді төреміз.

«Үміт алда» деген сөз, Түбіңді, төре, көрерміз. Бізде бір жұртқа ереміз. Бар еркектен айрылсақ. Амал бар ма зорлыққа,

Залымдар қылған қорлыққа. Есігінде əркімнің

Зарлап бір күн көрерміз. Бір жылаған жылаудар, Саған да болсын лайық. Бар еркектен айырылып,

Жыламай қайтып шыдайық. Жылап қолдан келер жоқ,

Сабыр етіп тұрайық.

«Ер кезегі – екі» ғой, Сынармыз, тағы сынайық. Шашылып кеткен қой-қозы, Тау мен тастан жияйық.

Еркек жоқ, елде ұрғашы, Қайда барып сыяйық.

Ауыл толған жебірлер, Қалағанын алып тұр, Ақырын күтіп шыдайық. Бұқарасын талаған

Хан құриды, деуші еді, Береке жерден кеткенде, Дəн құриды деуші еді. Жұт келгенде араға – Бал құриды деуші еді.

Ажал келсе адамға, Жан құриды деуші еді. Хан таласа өз халқын,

Бұл сөз де жаман бір салқын, Көп ұзаққа кетпей-ақ,

Хəл құриды деуші еді...

Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны

Жайылмастан еркек жоқ мінген атқа, Қой адасып, маңырап жүр əрбір жақта.

«Хан5 не жауап қылады»? деп төрелер де,

«Шақыр», – деп бұйрық қылды Бекболатқа.

Канвоймен Бекболатты айдап келді, Қолдарын, аяқтарын байлап келді.

«Хан келді», – деп төрелер мазақ қылып,

«Дурак, дурак», – деді де күле берді.

5 Көтерілген халық Бекболатты бастық етіп белгілегеннен кейін ұлықтар оны «хан» деп атаса керек.

  • Бекболат, хан болғалы көп болды ма, Пулемет, зеңбірегің жоқ болды ма?

Əскерлерің орақты орып жатыр,

Ішің – жалын, сырт жағың шоқ болды ма?

Бекболат, ақ патшаны білемісің, Дүниеде енді тірі жүремісің?

Əскерің, қазыналарың қайда кетті, Тағы да бар ма тауда артық кісің?..

Алтын мен күміс қайда, əскер жидың? Мөрі қайда, басылған болыс-бидің?

Қанша түйе, қанша арба оқ пен дəрі, Соғысуға оқ, дəрі қайда қойдың?

Қарыныңды, хан Бекболат, жарайын ба? Басыңды тік тұрғанда алайын ба?

Бір болыс ел жиылған өліп кетті, Қазақтың зиян қылдың талайына.

Пейілің қара, битің көп, қызыл бетің, Ажалға жерік болған бұл ниетің.

Жайылмыстан Фольбауым жан қоймайды. Артыңда балаларың болар жетім.

Артыңда қор болады бала-шағаң,

«Хан Бекболат» болар ең келсе шамаң. Хандыққа, қара қазақ, жете алмассың, Не болар деп ойлайсың сенің жазаң?

Қанша адам соғысуға ту ұстаған,

Қанша жұрт «жəрдем қылам» деді саған. Жолдастарың бəрін де айтып берсең.

Мархабат болад сөзсіз падишадан.

Жолдастарың жаздырғын бірін қоймай, Ұмытпай, тастамай айт, ойлай-ойлай.

«Көптің қылған ісі» деп айтып берсең, Жеңіл кіна кесілер, ауыр болмай.

Жалған айтсаң, жарты күн тұра алмайсың, Күн мен айдың жарығын көре алмайсың. Жолдастарыңның жасырсаң біреуін де, Дүниеде сен Бекболат бола алмайсың!

Айтпасаң ауыр жұмыс басыңда тұр, Өзіңді дар ағаштың қасында көр.

Егерде дар ағашы жаман болса, Жайылмыстың адамын жасырмай бер.

Нан-тұзын ақ патшаның ұмытқаның, Көңілді ақ патшадан суытқаның.

Жолдасыңды аз айтып, қайла қылсаң,

«Хан» басыңды қан қылып құрытқаның.

Бекболаттың жауабы

    • Рас, мен соғысуға шықпақ болдым, Басыңды жер астына тықпақ болдым. Рас десең, рас сөз мен айтайын,

Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым.

Ту тіктім ел жұртымды жиып алып, Жауға қарсы аттандым ойран салып. Айтқанынан қайтқанша өлген артық, Ер болам ба сертімнен кетсем танып.

Жалынып, жаным сұрап жыламаймын, Айтқанын падишаның қыла алмаймын. Пəленше жолдасым деп айтып беріп, Кіріптар оны саған қыла алмаймын.

Өзің біл, өлтіресің бе, соясың бар? Қаныма, қан ішерлер, тоясың ба?

Етімді қазанға сап қуырып жеп, Қазымды падишаңа қоясың ба?

Мен елге жарлық қылдым, жиыл дедім. Көпшілік өз күшіне сиын дедім.

Əділдіктен тайып тұр «ақ падиша», Рабочий6 сұрауы оның қиын дедім.

Желігіп Германменен соғыс аштың, Əділетті аяққа қор ғып бастың.

Жеңілген соң қазақтан «помощь» сұрап, Қылыштап бұқараның қанын шаштың.

Жарай ма осы қылған ісің, төре, Маған, сірə, жетеді күшің, төре.

Не қылсаң да еш жаққа кете алмаймын, Кісендеп аяғыма салдың өре.

Жолдас жоқ, жора да жоқ, қылдым өзім, Екі аяқ, екі қол екі көзім.

Асып же, қуырып же, керек болсам, Осымен таман болды менің сөзім.

* * *

Сөздерін Бекболаттың жазып алды. Жаман көріп көзінің қырын салды. Өлтірмесе қазақты бұзады деп, Көп төрелер жиылып, ақылға алды.

  • Ал айда «ханды» жалғыз тұрар жерге, Жалғыз жату лайық мұндай ерге.

«Жолдасым жоқ» дегені батырлығы, Таласын қандала, бит, жесін бүрге.

Ақыры біз айтқанға келер, – дейді, Жолдасын өзі-ақ айтып берер, – дейді.

6 Бұл жерде қара жұмысқа жігіт алуды айтады.

«Жалғыз өзім қылдым» деп жалған айтса, Асылып кешікпей-ақ өлер, – дейді.

Соныменен жата тұрсын Бекең марқұм, Тыңдаңыз ұзақ кетпей сөздің парқын. Жетпіс кісі Бекболат жолдасы бар, Орнына келтірді енді закон артын.

Би, қожалардың жауабы

Төрелер мекемеге жиылады,

Ал кел деп Жайылмысты бұйырады. Түнімен Жайылмысты сұрап-сұрап, Бітіруге уағада қылынады.

Бірінші алып келді Нəзірбекті,

    • Қаншада сен, кəрі шал, жасың, – депті. Падишаның нан-тұзын ұмытыпсың, Қалады-ау дар астында басың, – депті.

Жау болдың падишаға не себептен, Білмедің өлеріңді есің кеткен.

Балалықпен дей-тұғын жас емессің, Ит екенсің сексенге жасың жеткен.

Елді жөндер қария сен бе, дурак, Жалған жауап біздерге берме, дурак. Жолдасы Бекболаттың қанша жан бар, Жасырмай, жаппай мұны айтқын бірақ.

    • «Бекболат Жайылмысқа қылды зорлық, Қорыққан соң ту тіккен жерде болдық.

Басқамыз падишаға қарсы емеспіз, Айналайын, тақсыр-ай, сізге құлдық».

Келеді мұнан кейін Кенбей қажы, Бек қиын Жайылмысқа заман сазы.

  • «Сəт болыстың ағасы сен екенсің, Ажалдан құтыларға бар ма ылажың?

Падишаның нан-тұзын ұмыттың ба? Бойыңды мүлде бізден суыттың ба? Ту тігіп, Үшқоңырға əскер жиып, Тұқымыңды, қу қазақ, құрыттың ба?»

«Қарсылық қыла алмаймын сізге, төре, Бекболат зорлық қылды бізге, төре.

Бəрімізді айдады қамшыменен, Қашып та келе алмадық сізге, төре...»

* * *

Бəрі де жапты жала Бекболатқа, Бекболатта уайым жоқ, көңілі шатта.

«Қайда барса бір өлім болар» – деген, Сəламат қалған елді өзің сақта.

Көп сөзден аз сөз шырын деген еді, Сұрақтың бəрін айтсам көбейеді.

Таң атқанша адамның бəрін сұрап, Айдатып абақтыға жібереді.

Екінші сұрақ болар неше күнде, Қарауыл қатты қойды күндіз-түнде.

Қатты ұстап, күннен-күнге қысып жатыр, Ой кетті орағытып сол жөнінде.

Бекболаттың сұрағы болды жақын, Сөзімнің парықтап ал алдын, артын. Фольбауым падишадан хабар алып, Кеңесіне шақырды төре халқын.

Бұйрығын падишаның білдіреді, Қара жер қозғалғандай күркіреді.

Қабағына қар тұрып, мұртына мұз, Дар ағашқа арқанды ілдіреді.

Ажалы Бекболаттың жетсін, – дейді, Сұрағы екі күнде бітсін, – дейді.

Басқа бір маслихат бар көп төрелер, Мынау іс бұрын өтіп кетсін, – дейді.

Фольбауым ашуланды қаһарланып, Суырып өз қылышын жалаң алып. Сот үйіне Бекболатты шақырады, Бекітіп аяқ, қолын кісен салып.

Бекболаттан екінші рет жауап алуы:

Бірінші сұрағанда жөн демедің,

«Ту тігіп, əскер тартқан мен», – деп едің. Жолдасыңнан жаздырмай жалғыз адам, – Бəрің де өзім қылған іс, – деп едің.

Көрейін ерлігіңді дар түбінде, Ажалың жақын келді жарты күнде. Падиша телеграммен сұрап отыр, Қалай да жолдасыңды айтуыңды.

Жауап бер, жаның қалар, «хан» Бекболат, Біз айтқан жақсылыққа нан, Бекболат.

Мойнына қылған айыбын алып жатыр, Патшаның тұзын татқан сендей-ақ Сəт.

Жолдас тап, қаның ақпас, жаның қалар, Қыр Сибирь – бөтен жұртта тəнің барар. Расын «хан» Бекболат сөйлесін, – деп, Сенат пен хабар берген падишалар.

Əлде болса айтып қой қанша жолдас, Патшаға қарсы болған қажақ болмас,

Жолдасыңды барынша айтып берсең, Өз басыңа аса ауыр жаза болмас.

Қақихат анық сөздер осы хабар, Расыңды сөйлесең пайдасы бар. Егер де біз Германды жеңіп алсақ, Ғажап емес жолықса «мүнапастар»7

Надандық, ақымақтық қылған ісің, Барынша список қыл, қанша кісің. Кінəңды мойнына алып жолдас тапсаң, Жеңіл жаза тартасын оның үшін.

Бұрынғы таста айтқан батырлықты, Ақ патшаға ойлаған «татулықты» Соғысқа атқа мінген қанша адам,

Сен қылма ақымақтарға жақындықты.

Көп жиылып сен хан бол деген шығар, Тай сойғызып, сары қазы жеген шығар. Ел ішінде біздің де елшілер бар,

Бізге де осы хабар келген шығар.

Бұл сөзге «мақұл» деп қой, жазсын писарь, Басыңа жаздырмасаң қатты кесір, Қазынаға мал мен басың бəрі түсіп,

Бала-шағаң болады жетім-жесір.

Тұқымың дүниеде орын алмас, Шен алып падишадан формданбас. Он басыңа жарамас сенің затың,

«Ақ патшаға жау» деген сөзде қалмас.

Онан да ойлап қара, ақылға кел, Шайтанға жолдас болма, жақынға кел.

7 Кеңшілік, манифест.

Жайылмыстан қанша адам ту көтерген, Өзің айтып жаздырып писарьға бер.

Мұны қылсаң, аз күнде құтыларсың, Болмаса дар түбінде тұтыларсың.

Құдайға, падишаға күнəкар боп, Қара жерге қан болып жұтыларсың.

Жауапты падишаға берер шағың, Осңынан көп төренің ерер шағың. Ажал да, жақсылық та қатар келді, Ақыл ойлап, расқа келер шағың.

Көпті қорғап, көмусіз қалдың, батыр, Рас айтсаң, басыңды алдың, батыр. Жолдасыңның бермесең бəрін жазып, Мойныңа дар арқанын салдың, батыр.

Бекболат, «білмеймін» деп көңілің тоқ қой, Дарға асқанды еш қазақ көрген жоқ қой.

Бағынғалы бұл қазақ ақ патшаға, Қазақта сендей қарсы болған жоқ қой.

Сол себепті ашылды дарға закон, Бұзылып соғыс болды дүние бүтін. Сен сияқты ақымақ көбейген соң, Келіп тұр телеграм соның үшін.

Жауап бер, көп ойлама қаның қашып, Жауап берме, өлімге болсаң ғашық. Тұқымыңнан еш еркек қалдырмайды, Таңда да, ал керегін, айттық ашық.

Ишара ғып айтқанды ұға алмайсың, Өз басыңды қорғауға шыға алмайсың. Оқымаған надансың, қара қазақ,

Өлім жақын келгенін біле алмайсың.

Жауап бер не де болса, ақымағым, Біз құтылдың, өзіңде өз обалың. Сен өлсең, бала-шағаң қайыр сұрар, Қазынаға түседі барша малың.

Жан-жақта бар қылыштар жарқылдаған, Жаудан қорқып Бекболат тартынбаған. Дəл сол үйдің алдында жана артында, Қорқытуға көп мылтық тарсылдаған.

Бекболаттың жауабы

Ел жидым, тай да сойдым, қой да сойдым, Үстінен шықтым ажал деген тойдың.

Соғысқан патшаларға түк қыла алмай, Мен үшін дарға арқан байлап қойдың.

Мені өлтірсең жайыңды алғандайсың, Көп пұлды қазынаға салғандайсың.

Андижанның қасабы сияқтанып,

Дара арқанын даярлап жалмаңдайсың.

Əділдік жоқ сендерде, төремісің? Менің жаным өзіңдей көремісің? Ату мен союменен қорқытасың, Балаңа бүйрегімді беремісің?

Бəрі рас Жайылмысты сабағаным, Соғысқа шықпағанын қамағаным. Басында жауабымды айтпадым ба, Қайта сұрап ештеңе таба алмассың.

Жолдасым – қолымдағы қамшы менің, Меніменен бітпейді сенің кегің.

Соғысқан падишаға түк қыла алмай, Бұл жерде мен болдым ғой сенің жемің.

Қорқытасың тұқымым қалмайды деп, Сайлауға ұрпағыңды алмайды деп.

Қазақ, қырғыз еліміз аман болса, Патшағар, сенен бір күн алады кек.

Қазақтың жерін де алдың, суына да алдың, Біреуің алпыс десе егін салдың.

Қазақтан қалағанның бəрін алып, Алатау қар түбіне қуып бардың.

Қазақ-орыс байында арман бар ма, Мещан мен крестьян мұнды зарда, О-дағы біз сияқты құл боп кеткен,

Теңдікке жетер бір күн заман бар ма?

Падиша залым болды бұқараға, Бұқара қарсы тұрмай болмас шара. Бүйте берсең бұқара өзіңді алар, Төрелер, мұны-дағы ойлап қара...

Соттың үкімі

Ал сонда ашуланды соттың басы, Тік тұрды мына сөзге баста шашы. (Тыпырлап асау жылқы сияқтанып, Тентегін патшағардың қарасаңшы!..)

Расын өмірінде айтпас дурак,

Бір сөйлеген сөзінен қайтпас дурак, Өз обалы өзіне өле берсін,

Нан-тұзды бүгіннен соң татпас дурак.

Сол уақытта сот члені жиылады, Жиылғанда төрелер не қылады. Ертең сағат сегізде дар басында, Болуға Бекболатқа бұйырады.

  • Қамай тұр таң атқанша «ханды», – дейді, – Көп беріп тойғызып қой нанды, – дейді. – Қайтпайтын айтқанынан ақымақ екен,

Неше жүз жолдасынан танды, – дейді.

Ол түнде Бекболатты айдап кетті, Аяқ-қолын темірмен байлап кетті. Дарға ер Бекболат асылад, – деп, Жамиғы төрелерге мəлім етті.

Бесінші сентябрьде қылды кесім, Бекболат қорқып, сасып, танбайды есін. Бетінен нұры шығып, балқып отыр, Өлімнің бəрі бір деп ерте-кешін.

Бекболат дарға бара жатқанда

Бекболат марқұм жөнелді, Атты қазақ-орыстар, Қамап алып келеді, Музиктары қолында, Неше мың жан соңында, Вильгелмді8 алғандай, Түсті əскер формға.

Көк арбамен жиылды, Көк мылтықты көпіртіп, Көкке қарап келеді.

Ер Бекболат сияқты, Бекке қарап келеді. Бекболат ер ашулы – Шетке қарап келеді. Елден адам бар болса Сəлем айтсам жұртыма, – Деп те қарап келеді.

Дар түбіне барады Жан-жағына қарады.

8 Вильгелм – Германияның сол кездегі патшасы.

101

Ауылдасы Мұстафа Дереу келе қалады. Қуану-қорқу барабар, Көзіне жас алады.

    • Абдаолаға сəлем де, Танырсыз менің баламды. Басқа сөзге уақыт жоқ, Мойныма арқан салады.

Дар түбінде төрелердің Бекболатқа айтқаны

    • Бекболат, танимысың құрған дарды! Даярланып мойныға тұрған дарды.

Бұл дардан аман-есен сен қаларсың, Жасырмай жазып берсең жолдастарды.

Əлде болса төрелер «айтсын» дейді, Бұрынғы сөздерінен қайтсын дейді. Мал-басы аман қалып, дүниеде, Патшаға біраз қызмет тартсын дейді.

    • Əркімнің жаны басқа, тəні басқа, Расын айтсын дейді саған патша. Фольбауым саған бізді жіберіп тұр. Кінə жоқ жасырмастан расын айтса.

Тағы да салды сөзге Бекболатты, Емес қой Бекболаттың жаны тəтті. Басын қорғап айтары осы жер деп,

Он минуттай бостандық бер деп айтты.

Бекболаттың жауабы

«Үшінші сөзге салдың осыменен, Өлтіргелі жатырсың шошып менен. Сен итке қысқа жауап қылмадым ба, Қайта-қайта сұрайсың несін менен.

102

Секілді бір асау ат, келдің байлап, Итше шұбап төрт жүздей солдат айдап. Бір кісі келсе-дағы өлтіреді,

Мойныма буындырған арқан байлап.

Мен бұрынғы сөзімнен қайта алмаймын, Жаннан қорқып басымды тарта алмаймын, Басым түгіл етімді пісіріп же,

Мұны неге жейсің деп айта алмаймын».

Төрелер қаһарланды соныменен, Бек қатты қарсыласқан жөніменен. Түрменің дəлі ішінде болса егер, Ұрар еді тепкілеп, қолыменен.

Бекболаттың ақырғы сөзі

Бекболат айтқан сөзі өлер шақта:

«Дұғай сəлем тапсырам көп Дулатқа. Ағайын бірге туған Шапырашты, Албан мен сəлем айтам Суан жаққа.

Сəлем де Орта жүздің баласына, Кіші жүз, Орынбордың қаласына. Ағаңды асып отыр Алматыда, Зарлауыма құлағыңды саларсың да.

Дұғай сəлем айтайын қырғызыма, Жауға қарсы шабатын құндызыма. Жас баланы бергенше қырылып қал,

Құрбандық болмайсың ба ұл, қызыңа...»

Сонымен өліп кетті Бекболатың, Туысқан жақтап кетті азаматын. Қанша қинау болса да сөзден таймай, Елі үшін құрбан болды асыл затым.

103

Қайтпады бір сөзінен азаматың, Жиылған жылап тұрды жас пен қартың, Бұрын дарды көрмеген Жетісуда, Жиылған қайран қалды жамағатым.

Ойлайды крестьян да əрбір пікір,

Ісі емес бұл закон деп ыбыр-жыбыр. Ішінен жаны ашып бұқараның, Көңілі жаман қатты бұзылып тұр.

Көп адам ой ойлайды сол арады:

«Бəріміз де келесіз бұл араға.

Бұрын мұндай законды көре алмадық, Қайдан мұны шығарған жүзі қара.

«Тамаша» көрген халық қайтып кетті, Түсі суық тұрғандарды айтып кетті. Бұрынғылар: «Басқа жау алар», – деген, – Низамын басқа қылса үкіметті», –

Деп қалайық көңілі суып қалды, Көп адам жылап бетін жуып қалды.

Əлдеқандай бұл заман болады, – деп, Бітпестей жұрт көңіліне жара салды.

104

ИСАТАЙ – МАХАМБЕТ

Бірінші бөлім

Болмаған жанның таласы, Атына таныс олардың Барлық қазақ баласы, Айып етпе, білгендер, Сөзімнің болса шаласы, Арғы атаң Беріш, Байсейіт Жайық, Наурыз, Тілеуке – Айтуда солай шамасы.

Қайым қылып заманын Хандардың бұзған қамалын. Ұранға шыққан Ағатай, Бірге туған Есіркеп, Аруақты бабасы.

Ағатайдың Боқайын Түрікпеннен бұ да өлді деп, Қалыңдық ойнап жүргенде Бегəлідей батырды

Некеден бұрын болды деп, Жабылған жұрттың жаласы, Есіркеп пен Жаңғабыл, Бірге туған жəне Сарт Жақсының еді жанасы.

Замандасың жүз батыр Өрбіген Сарттан тұқымнан Сахи бір жомарт данасы.

Ағайынның арына, Қарындастың қамына, Қысқа күнде қырқ шапқан Қысылқанның панасы –

105

Асыл едің, Исатай,

Ер Тайманның баласы. Ене жайын сұрасаң Есентемір Тағашы, Тағашыда Қожамбет; Құлқара менен Киікші Өзіне тете нағашы.

Тарихтап айтпай шешілмес Өткен күннің жұмбағы.

Туған жерін сұрасаң, Жайықтың шығыс күн жағы. Жаз жайлауын сұрасаң, Өлеңді менен Шідерті,

Үш аңқаты, Барпастау Бұлардың қатаң шымдағы. Күз күзеуін сұрасаң: Бұлдырты мен Жымпиты, Қалдығайты, Жақсыбай, Балқашты сала мұндағы. Қыс қыстауын сұрасаң: Ойыл да, Қиыл, Жем, Сағыз, Үйшіктен9 бергі қалың сор. Қаракөл менен Қарабау Тайсойған, Бүйрек-құмдағы. Есі бір нағыз енгенде,

Жасы он беске келгенде, Қоныс етіп Нарынды, Қалың елмен бірге өткен Мың сегіз жүз жылдағы.

Əділдігін сұрасаң: Қастаспаған момынға Жəбір-жапа қылмады. Қайсарлығын сұрасаң, Бөксе бұрып орнынан Хан келсе де қыңбады.

9 Үйшік – Гурьев қаласы.

106

Сабырлығын сұрасаң, Өзі айтқанда аз сөйлеп, Кісінің сөзін тыңдады. Батырылғын сұрасаң,

Қатерін тіккен дұшпанмен Қан төгіспей тынбады.

Он жасына келгенде, Бұлбұлдай тілі сайрады. Жасы он баске келгенде, Жұрт пайдасын ойлады. Жиырмаға келгенде, Жиылған дуды көргенде, Оза шауып бəйгі алды.

Жиырма беске келгенде, Астананың қамы үшін Түн ұйқысын бөлгенде Түгесілмес қайғы алды. Отыз жасқа келгенде, Өлімді жауды көргенде, Жасақпенен сайланды, Арыма шыдап тұрман деп, Он екі ата Байұлын, Жетібаулы жеті ру Бермеске жауға айналды. Адырнасын атқа алып, Беліне садақ байланды.

Төрт қырланған қу жебе,

Оқтарын атқан тайға алды. Бір жиырма мал беріп, Жалғыз өркеш нар беріп, Қиғыр қылыш, найза өткір Сатып алды арзан деп, Көбелі сауыт сайманды.

Тірлік етіп аз күні,

Жазына жайлап, қыс қыстап, Орда мен Нарын тұрған жер,

107

Халқына басшы хан сайлап, Ханның да тəртіп құрған жер. Кеткен соң босып Ноғайлы, Қалың орман тоғайлы,

Төрт түлік малға мырғам жер. Қанша мақтан айтсам да,

Он сан ата ноғайдың, Қыл жалаулы қалмақтың, Тоқтамаған сырдаң жер. Асанқайғы, Телағыс, Қазтуған менен Шораны Қапыда алдап ұрған жер. Қара Иваннан қысылып, Өкшесін содан ысырып,

Солардың талақ қылған жер. Мұнда отырсаң, тұтар деп Хиуа мен Ауған, Бұхардан Көшінің басын бұрған жер. Билеп тұрған Қазанды, Тартқызам деп жазаңды, Ханның туған шешесі – Сүйінбике ханымды

Тұтқын қылып бұған жер. Қашып көшкен ноғайды Қайырмаққа серт етіп,

Ат сабылтып қуған жер. Шүйіштің ұлы Қазтуған, Туған жерін қия алмай, Еділ менен Жайықтың, Арасына сыя алмай,

Қонысын жоқтап зар еңірек, Жаспенен бетін жуған жер.

Солардан қалған қонысты, Өзімсініп иеленген, Шаруасы шалқып кенелген; Кеміп қалған көп дəулет, Екі-үш жылда жетісіп,

108

Көп ұзамай төленген; Жазғы туған құлыны, Құнандай арда тел емген; Жесір қатын, жетім ұл, Жер арқасы байлық пен, Қазынаға бөленген, Исатай менен Махамбет, Тастемір, Дəрі, Балқы би,

Жайылған, Қабыл, Жақсымбет Өзі бүтін тұрғанда,

Аздары көпке теңелген. Қасына ерген қарашы: Алашада Ырсалы, Ысыдағы Қабыланбай, Есенқұл, Үбі, Таңатар Жау дегенде даяр боп, Аттанып қосы жөнелген. Есенгелді, Қосқара Қолына ұстап көк найза, Көкірегіне жел енген.

Сөз білгенге борыш деп, Шықпаққа даңқы өрістеп, Ерлерімді ескерттім, Бəйіт етіп өлеңмен, Қалдырмаққа тарихын Таныстырып ел-елмен.

Тəржіме халін ерлердің Жырлап жазсаң нетед деп, Ел үшін еткен еңбегі Жарыққа шықпай кетед деп; Көз жұмып дария кешпесең, Ұяда жаның барында

Сөз түйінін шешпесең, Жалғанда жазым дүние боқ Сенен де бір күн өтед деп; Үйренген бастап бір мінез, Шабан едім бойкүйез,

109

Ұйқымнан жатқан оятып, Тұрғызды сөзбен жетектеп. Дауысын естіп халқымның Ұйқымнан жатқан тұрғанмын, Ел қамын жеген ер үшін Шыбын жанын пида еткен – Мен бір даяр құрбанмын, Ертерек мұнан оянбай,

Елге сөзім жая алмай, Өмірді босқа өткіздім, Сөзімді сынға қоя алмай, Бар күнінде мұршамның, Ұяқыда жатқан тұра алмай Ауру едім əлсіреп, Дəурені озып қор болған; Қастыққа мінез ар алған, Алыстан көздеп қаранған, Ерлерді еске түсіріп,

Шешен бір сөзді қарманған; Базарға салып барымды, Баяндап өткен Нарынды, Бір шығайын арманнан, Базарға салып барымды, Кейінгі туған бала үшін, Білгендерге сана үшін, Кетейін айтып зарымды.

Тиегі сөздің шешіліп,

Қайнап бір жатқан қалың дерт –

Шиқанның аузы жарылды. Ел қамын жеген ерлердің Сөз білген жанда хақы бар, Жоқтаған күнде арымды...

Исатайдың тұсында, Бөкейден соң сайланған Жəңгір деген ханы бар. Хан деп айта тұрсам да Білгендерге мəні бар.

110

Лауазымға керек Раманға Төлейтін труба басы даны бар; Хан қарауы қазақтың

Отыз мың үй саны бар; Ересе болған есепте: Сексен мыңдай жаны бар; Үй басына мал санап Зекет түгел алынар.

Хан салығы сол болып, Қазынаға салынар.

Он екі уезд орнына Əр ұруға би қойған Əдет-ғұрпы, заңы бар. Дін ықтияр берілген – Мекемелі мүфтилі

Шарғымен жанған шамы бар. Берішке деген билікті Ортасына тастады, Тастағанның ішінде

Исатай мен Дəрі бар. Жақсымбет, Шомбал, Балқы би Көңілдінің бəрі бар.

Ортаға келген билікті Біріне-бірі қимады, Бір қазанға сыймады. Бəрі дырау, бəрі нар, –

Кеңеске жұртын жинады. Ортаға келген билікті

Ел қамын жеген халықшыл Ер Исатайға қимады.

Өңшең дырау күндесіп, Сөз сөйлесе мен десіп, Бір қазанға сыймады.

Қимағаннан ұсынып, Құзғынға жемтіп түсіріп, Ортамыздан сен ал деп, Балқыға беріп сыйлады.

111

Сонымен Балқы би болды, Би болған соң күйленді.

Халықты қойып, хан жақтап Əдіске шебер үйренді.

Халық арасы бұзылып, Сөз бенен қаңқу шиеленді. Хан сақтаған əскерден Халық қорқып именді.

Ханнан күдер үзіліп, Халық арасы бұзылды. Қашықтады қатынас, Естіген сайын ызыңды. Елге қатаң тиді деп, Момындар нақақ күйді деп, Ерлерің сонда қызынды, Жанжалдың ұлы, кішісі Жаңылмай жіпке тізілді.

Хан үстінен шағымдап, Наместник патшаға Арыздар талай сызылды. Елге қатаң тиді деп, Момындар нақақ күйді деп, Тізгінін беріп Ордаға, Қожа менен молдаға, Келімсекті жиды деп, Халық сайлайтын əкімді Өз еркімен беркітіп, Заңның жолын бұзды деп, Өз таяғын соққаннан Қойып отыр биді деп.

Сонымен ерлер кеңесті Кеңескенде не десті: Орданы қожа-молда алып, Хан тізгінін қолға алып, Келімсектер тел өсті, Қашаннан патша жақтаған, Ішіне кегін сақтаған,

112

Əбілқайыр тұқымы, Халық қамын жемес-ті! Қарындастың қамы үшін, Қатын менен бала үшін, Қарсы шықпай осыған Жалтаңдаған жан аяп, Адамшылық емес-ті.

«Орданы қожа-молда алып, Хан тізгінін қолға алып, Бабажан ұлы Қарауыл

Хан диуаны сол болды, Қаңғып келген жолданып, Қайдағы қашқын-пысқындар Ордадан орын, жүлде алды» Осыны көзі көрген соң, Қорлықты солар берген соң, Тек ішінен серттесіп Батырлар шыққан долданып. Осыны көзі көрген соң, Қорлықты солар берген соң,

«Ай менен күндей ортақ хан» Қақпаға жүріп ерген соң,

Хан онымен қоймады: Қонысты қолдан кетірді,

Не болар халық жерден соң?.. Еділдік бойын алдырып, Патша қала орнатты.

Қазыналық орман деп, Қалың бір нуды қорғатты. Жайыққа жақын барма деп, Қазына мүлкін қорға деп, Елді айдап сорлатты.

Семіздерін бұлатып, Жүйріктерін сынатып Жүрушіні зарлатты. Теңіздің бойы керек деп, Аушылар бұған келед деп, Бейсауат адам жүрмеді, –

113

Жұрттың бəрін белеттеп, Теріс, түстік жайлауды, Мұжықтар алды бөлектеп, Хан патшаны жақтады, Қайткенменен себептеп, Қалған жердің жақсысын Үлестірді Жəңгір хан

Хан, төреге мүлік деп, Қайғы тартты көп халық Аштан бала өлед деп.

Хан патшаны жақтады, Ішіне түйін сақтады.

Ханнан жəрдем күткендер Əділшілік таппады.

Қазақта кеткен ата кек Түсіріп еске жоқтады. Дұрыстық қалай істесін, Есіне нағып түспесін, Қазақтардың қолынан Есімнің қаза тапқаны; Айқай салып ұрандап, Нұралы ханды шапқаны. Əбілхайыр бабасын, Тіле шауып сабасын, Барақ батыр өлтіріп, Мұқата тауын шаққаны. Əбілхайыр бабасын, Тіле шауып сабасын, Елді қылып ала ауыз Қатты ұстаған жобасын, Ұстамаса бөлмелеп, Қалың халық біріксе, Мінездің шығар оғашын. Елге нағып хан сенсін

Атасын шапқан шулатып, Қызыл қанын сулатып, Мал-жиһазын талатып Талай да жыртқан жағасын.

114

Патшадан əскер алдырды, Елге салық салдырды.

Жасқұстың құмын мекендеп, Меке тағын хан құрды, Төренің бəрін төрге алып, Бақ шырағын жандырды.

Бақ беріп Шомбал, Балқыға Қарсы ұстаған халқына, Сене алмады қазаққа

Салар деп қай күн талқыға. Солармен жүрген шабарман, Күнəсыз зарар тигізді Жалғыз бенен жартыға.

Өзіне қарсы шыққанын, Бір туғанын қолға ұстап, Жақынын салды артына. Зарар көріп жанжалдан Халық жүрді сарпыла.

Солардан жүрген шабарман, Момынды нақақ сабаған, Қарайып тұрған көңілге Арттырып өкпе жамаған.

Өздерін көріп азулы,

Ен жайын жатқан халықты Жайылған қойға санаған. Қоныстан жəбір ел көрді, Хан арқылы би болып Жалғыз үй шыққан тамадан. Обал болды демейді, Бұзықтар тағы көбейді, Арқасын ханға сүйеген, Сұлтансиық – танадан.

Мұнан да басқа тасып жүр Би болып тағы сан адам, Сол қорлыққа күйініп, Съезге қазақ жиылып, Исатай менен Махамбет, Ханға қарсы көрінді

115

Кеткесін асып шамадан. Сол қорлыққа күйініп, Съезге қазақ жиылып; Дəукерлерді айдады Хан алдына бұйырып, Бір-екеу ханға жүгінді, Құлдық қылып иіліп, Бірі пақыр, бірі мырза

Мұңдарын айтты қиылып. Пақыр тұрып зар қақты, Мойнына хүкім киіліп, Алдияр бас, деп мырза айтты, Алған соң теңлік сүйініп.

Хан қасында Исатай Қайратқа сыймай сөйледі, Қайнаған ашу құйылып. Исатай сонда сөйледі:

– Хан ие, сенің неткенің, Нашарға жəбір еткенің?! Бір осы емес көп болды Түзуліктен кеткенің.

Мықтыға момын күш қылмас, Пақырды неге шеттедің?

Аудара қарап сөз сұрап, Анығын тауып жетпедің. Бүгінгі əкім сен болсаң, Əділдік неге етпедің?!

Хан ие сонда сөйледі:

– Исатай, жөнсіз ер ме едің? Арданы сендей көрмедім!

Байтаққа хан мен болсам, Хүкімім берген кінəлап Не үшін мені жерледің? Не жерімнен мін таптың? Алдыма келген даукерді Аудара қарап тергедім.

Ісім аян Аллаға,

116

Аңсыздықпен кетпесем, Ақтыққа қолым сермедім. Көңілде кіршік қара жоқ, Алып тұрған парам жоқ. Айғақ пен ыспат болған соң Айтпасқа солай шарам жоқ, Төремді қисық бермедім.

Исатай сонда сөйлейді:

– Хан, сөзіңді ұмытпа,

«Арда» деп мені сөккенің –

Ар-намысты төккенің. Атаң бір Тəуке болғалы Қалмаған, сірə, өктемің...

«Арда» деп мені сөккендей Анаңа бар ма шөккенім?!. Қатесіз пəнде құл болмас, Қатаң болы демесем, Айыбым артық жоқ менің. Əбілхайыр, Нұралы, Айшуақ, Есім, Ералы – Қайырсыз хандар сол еді, Қазанын қоймай тепкемін. Сол тепкеннен шабылып, Жазымы сонан табылып, Тиіссіз тілін тигізген Кесірі тиді өкпенің.

Хан ие сонда сөйледі:

– Исатай, мені аяма. Күнім туса көрермін, Алла салса көнермін, Келсе де ажал ерте-кеш Тағдырменен өлермін.

Қашаннан қазақ қайырсыз, Қай ісіңе сенермін.

Қарға қазақ шулаған, Қастассам сені жеңермін. Шаптым деп Ханды мақтанба,

117

Үргеніште қалған Сырымдай Сүйегіңді шетке көмермін.

Қайратыңнан бездіріп, Аяғыңнан тоздырып, Айтқанымнан шықпайтын Қатыныма теңермін.

Анаңа шөктім дегендей Артық сөзді неге айттың? Осы сөзіңді ұмытпа, Сазаңды əлі-ақ берермін.

Исатай сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:

– Мен де күтем Алладан Білгеніңнен қалма, хан. Міндетті баққан халқым деп, Жерің жоқ сенің жалғаған. Əбілхайыр, Нұралы, Айшуақ, Есім, Ералы. Қазақты қатын қылам деп, Өзінің басын жалмаған. Қаптаған жаңға қарсы бар, Ажалдан бұрын алмаған?! Қара басым кетсе де,

Хан екен деп айбынып Айтатын сөзді далдаман. Атаңды қазақ шапқанда, Ат көтіне мінгізіп Тұтқын қылып баққанда,

Ханымы, ханның ұлы деп, Анаңды жоқты талғаған!! Анаң десем айып па?

Іс емес пе еді болмаған!..

Хан ие сонда сөйледі:

– Исатай, сөзіңді ұмытпа, Ескіні еске түсірген, Тентексің сен бір ісінген.

118

Қара қазақ қайырсыз, Ерім деп сені түсінбен, Жаппар ием жар болса, Кешікпей сені қуармын Еліме қоймай ішімнен. Басымда бағым бар тұрса, Бір тентекке кешірмен.

Бір тентекті тыярмын, Кірісіңнен қиярмын,

Хан болып тұрған шағымда Деміммен тамақ пісірген.

Билерді қазір алдырып, Айып пен жаза салдырып, Ауырлықтың не түрін Үстіңнен сенің түсірмен.

Исатай сонда сөйлейді:

– «Тентек» деген сөзіңді, Хан, есімнен шығарман, Болсам да жалғыз сыңардан, Қыларың болса қылып қал, Шығыспақ болсаң құмардан! Байтаққа хан болсаң да

Бас тақсыр деп ыға алман. Қара басым кетсе де, Айтқаныңды қош алман, Мойныма жаза салдырып, Сенің құрған шебіңе Құрсағымнан шалдырып, Қорлық көрер ер ме едім,

Сендей бір қалмақ – сыбаннан?! Мойныма жаза салдырып, Құрулы жатқан жебеңе Құрсағымнан шалдырып,

Ұяда жаным бар тұрса, Кете алман саған алдырып!

119

Бұл сөзді естіп Жəңгір хан Ашуменен ақырды,

Он екі би-диуанын Өз жанына шақырды. Хан атасын сөкті деп,

Мұнан айып жоқ-ты деп Соттамақ болды батырды, Хандығын жұртқа білдіріп, Беліне қылыш ілдіріп, Солдаттарын самсатып, Қарауыл қойды қатулы.

Қаны қызған қазақты Солдаттар салып азапты, Қамшыменен жапырды. Шығармай соттап қамаудан, Батырды сонда қапы ұрды. Зор кеселге жолықты Қорғаймын деп пақырды.

Ерді атына мінгізіп, Жалаулы найза ізгізіп, Ойлатпады ақылды.

Айламен жұртты меңгерген Айбынды ханды сөгем деп, Жаман да қатты шатылды. Келтірмей қуды маңына Жаны ашыған жақынды.

Айламен жұртты меңгерген Патшадан жəрдем деп келген, – Кісі өлтірсе де жазалап Айтқаны ханның жөнделген.

Күшті ханға килігіп, Қатты бір сотқа ілігіп,

Шыға алмай қалды шеңгелден. Жаны ашыған жақыны

Кіре алмай сыртта сенделген. Хан Жəңгірдің диуаны

Үш күн соттап сынады, Таласты үлкен қылады:

120

«Хан боқтаған зор жаза Қатты үлкен күнə-ді», Көп билердің ішінде Айтты бірі мынаны:

«Айыбы алпыс атан» деп; Бəріне бұл сөз ұнады.

Сол айыпқа көндіріп, Елден алған өндіріп, Ақыры сомен тынады.

Исатай қайтты босанып, Айыбын тартып ханыңнан:

– Хан жақтаған Балқыны Жақын деп тіпті таныман. Жақын деп нағып сенейін, Жаттан жаман жаралап, Тартты иттей санымнан. Қайрылармын Ордаға Əскер жинап Нарыннан. Қарағаштай көп халық, Айқайласам ұрандап Қалармысың арыңнан! Көбің көмек бермесең,

Ар-намысқа ермесең, Безіп бір кетер ортаңнан

Мен бір жұмыртқаң жарылған. Жаппар ием жар болса, Жауым көп деп тарылман.

Айып тартты деген сөз Есімнен кетер іс емес – Тəнімде таңба қарылған. Айып тартты дегізіп, Арға шыдап тұра алман, Жанның ішін ұрарман!

Тек тұрсам таңба салдырып, Халыққа болса жаңғырық, Алқалы топқа кіре алман!

121

Айт пен тойдың саумалын Сапыртып ішіп шараға, Ел аралап жүре алман!

Исатай мен Махамбет, Байбақты, Жүніс, Қабфыланбай Қыздырып қанын айтқан соң, Қалмады халық ұраннан.

Хан ордасын шабам деп, Бір мыңдай кісі қол болып, Арланды бұған ел болып. Енесінен шыққалы Айбынды туған ер еді, Қара қазақ, хан ұлы Тимеген бетке жел болып. Дұспаннан кегін алмаққа, Ханның сүйген ханымын Ат көтіне салмаққа, – Мақсаттары сол болып, Желбіретіп ту байлап, Желіктіріп ат сайлап,

Мыңдық пен жүздік, ондық деп Басшылар қойды ыңғайлап.

Хан жақтаған қазақты Ықтиярсыз жүрді айдап. Ат қойды сонда алла деп,

Қастерің болсын ханда деп, Ат жалын тартып мінгендер Арыңнан бүгін қалма деп. Қара жерге тең болып, Адамдыққа кем болып, Аттаныстан қалғанда Аяйтының жан ба деп?!

Қара қазан, сары бала Əлдерің келсе қамда деп. Тəңрің берсе тілекті Істерің шығар оңға деп. Бұл сөзді айтып қыздырған Махамбет, Үбі, Таңатар,

122

Хан жақтаған қазақты Қалың бір қолға талатар. Қарсылық қылмай көнгенін Өздеріңе қаратар,

Садаққа бəрі атқышыл, Саржа мен қардай боратар, Қалмады ел ермеген,

Алла десіп аттанды, Бір мың кісі қолменен.

Нарыннан тіке бағыттап, Ордаға жүрген жолменен. Сегіз күндік сапарға

Ат шалдықты шөлменен.

Ханға хабар жетісті, Қатынасқан елменен, Елден хабар тапқан соң, Хан тəртіпті жүргізіп, Қарауылға бұйырған.

Қол басшысы сол болып Пəрменмен əскер жиылған. Кезеген аяқ, тел жүріс

Ел жансызы тыйылған. Аңсызда бүйтіп шыққаны Ханға болды қиыннан.

Екі мың кісі қол болып, Қазақ пен орыс аралас Ордадан бері құйылған.

Қанды майдан далада Хан əскері кез келді, Кешікпеді тез келді, Тұрысар деп қай жерден, Елшімен хабар сөз келді. Жер берігін табам деп Қамалдың орны көзделді.

Қамалдан майдан шеп құрды, Жеңдірмеске еп құрды.

123

Екі əскер кездесіп, Өшіккен жаумен көздесіп, Араласпай тек тұрды.

Көрген соң төзіп тұра алмай Алыстан жаулар атысты, Қызыл қанға батысты.

Қазалы оққа ұшырап, Адам менен ат ұшты. Жекелеп шауып майданға, Көңілді ерлер қатысты, Ерлерді шапқан атам деп Жаяулап мерген жатысты. Атқышыл ерлер белсеніп,

Жай менен тартты садақты, Байлаған жерден қадатты. Қазалы жанды түсіріп,

Ат бауырынан қан ақты. Соғысты жаулар жасанған, Қарсыласса бас салған,

Ту ұстаған Исатай Орнынан қадам аударып, Ер емес, сірə, саса алған.

Кейінде қалған Махамбет. Көкірегі демігіп,

Бойына сіңген қашаннан Демікпесі түзеліп,

Торда қалған сұңқардай, Соғысқа батыр босанған! Мінгені бəйге тарлан-ды Кейінде қалып арманды, Қашырмай жауды тұрғанға Қатты жаман арланды.

– Бұл күнге дейін тұрдырып, Осынша қолды қырдырып, Тұрғаның, ерлер, қалай? – деп, Келе батыр зарланды.

124

Бəйгі тарлан астында, Жалғыз айыл төсінде, Ата аруағын қоздырып, Айырылды батыр есінен. Тұра алмады дəт тұтып Кездескен соң өшімен.

«Ағатайлап» ат қойды, Айбынсын енді несінен! Баспа шекпен үстінде, Бəйгі тарлан астында, Тап сол жылы Махамбет Отыз тоғыз жасында.

Есенқұл, Үбі, Таңатар, Есенкелді, Қосқара, Есен, Аман, Шекшекей, Балуан Тəни қасында. Алман, Тоғай, Ерсары, Қожақымет, Қалдыбай

Əскердің түсті алдына-ай. Қамалға барып соқтығып Ойранды жауға салдың-ай. Жаяу мерген жаншылып, Найзаменен шаншылып, Ат астында қалдың-ай.

Қашуға қарап бер алды Тұра алмай төзіп хандық-ай, Найзамен көрсең түсір деп, Мылтықпенен өлтір деп, Сол əскердің бастығы Қарауылдай итіңді-ай.

Əлі де болсаң ерлердің Аруағы жаудан басым-ды, Қастасқан дұспан қаңғыды-ай.

Əлі де болса ерлердің Аруағы жаудан басым-ды. Жеті атадан тұтасқан Ерлігі шынжыр асыл-ды.

125

Арғы атасы Ағатай – Дұшпанға түскен жасыл-ды. Боқай мен Тайман, Бегəлі Анайы туған нəсілді

Исатай сынды батырдың Қамалға қарсы барғанда Жол болып алды ашылды. Жабыла жатқан мергендер Аяқта қалып басылды.

Көк сүңгіге тап болып Қаны бір судай шашылды. Қанды соғыс майданнан Қарауыл сонда шошынды. Қаптай қырып əскерін Бөріккен қойдай қашырды. Қанды майдан соғыстан Қарауыл қашты Аллалап, Талайы босқа жығылды

Ат астында омбалап. Алдырмады қожаны Қорғаған əскер қамалдап. Шаршағанын қалдырып, Мінгізді атты алмалап.

Көтермелеп тартысты Ұзатып шылбыр жалғалап. Қызыл іңір түскенде, Қарауыл қашып құтылды, Қазасыз пəнде сытылды.

Хан Жəңгірдің əскері

Құс алған қудай тұтылды. Қанша айла құрғанмен Бұл сапарда ұтылды.

Қолдары тиіп қызылға, Батырлар сонда құтырды. Жеткенін қырып аралап, Сау қалғанын жаралап, Жұмысын сомен бітірді.

126

Бір мың жылда сегіз жүз Жəне бір отыз алтыда, Ашуланып Жəңгір хан Жарлық салды халқына.

«Соғыс» деп пəрмен бұйырды, Өзіне ерген жалпыға.

Екі бөліп қазақты Салмақ үшін талқыға.

«Берішті ал» деп тапсырды Бекмағамбет, Балқыға.

Бекмағамбет, Махамбет Бір анадан туса да,

Хан үшін жүрді баршыға – Дұшпанына қосылып, Достасып, ханмен шешініп, Ұялмай шыққан қарсыға.

Жаз да өтті, күз болды, Жауыққан өштік сыз болды. Исатайды қарсы деп, Патшаға хан баяндап

Өш алу қамын ізденді. Егер мұны жоймасақ, Қоймайды деп бізді енді. Хан қарашы халықпен Сахарадан сақтанып, Ордадан шықпай тізделді. Алпыс атан тарттырып,

Айыппен билер дақ салған, – Исатай басымды алар деп Сахараға, шықпай сақтанған. Қырғынға қолы ұшырап, Аяқта қалып тапталған.

Бұрынғы күйден қалып тұр Талай да жауыз мақтанған. Қарауыл барған құтылып, Ажалды қазақ қақпаннан, Əкесі мұның Бабажан Ойылдың бойын мекендеп,

127

Қожамын деп тазды алдап, Күнелткен содан тапқаннан. Ел биледі, бай болды

Хан Жəңгірге қыз беріп, Қасына еріп шыққаннан. Беріш, Шомбал, Ноғайлы Хан қасында бақ қонған. Беріш болып сіңіпті Атасы келіп Сақмардан. Жалған емес бұл сөзім,

Қарттардан алып жатталған.

Қауыс та туып күз болды, Мизам мен өтіп ақырап, Даярланды соғысқа,

Хан хабарын бақылап. Кəперсіз жайын жатқанда, Кете ме деп қапылап.

Араға жансыз жүргізді, Параменен ақылап.

Тез жиналып жиын деп, Жалғанса хабар қиын деп, Жансыздардан шашырап. Арғымақ сайлап, ат бақты, Сүт пенен сұлыға асырап. Тез жиналып жиын деп, Шашылса хабар, қиын деп, Күніне аңсыз тап болсақ, Келмес пе екен күйім деп. Ашылсын деп маңдайым, Күдіретке, ерлер, сиын деп. Бекетай құмнан салдырған, Бұзып алып отқа жақ, Балқыңның ағаш үйін деп, Ағаштан сарай түзеткен, Төре мен ханның ғұрпы еді, Еліктеп салған соларға Балқының қымбат мүлкі еді.

128

Балқы ордаға қашқанда, Қасында жүрген жолдасы Байтөре менен Түрке еді. Ханның сүйер досы деп, Исатайдың өші деп, Беріштен солар сырт еді. Ала шұбар ту байлап, Шамдана салды ұранды, Алам деп ескі мұрамды. Ермеген елде кім бар деп, Жүрушіден сұранды.

Алты күн айқай салғанда, Күн жетінші болғанда, Жеті мың кісі құралды Балқы ағасы Егізді Еріксіз ертіп мұны алды.

Бұлардың жолы көбейіп, Жеті мыңнан артылды. Исатай келді, – көрем деп, – Жақсымбеттей қартымды. Қартқа ақыл салғанда:

  • Қой, – деді, – ханға қарсыңды. Келістірсем керек деп

Хан, Шомбал мен Балқыңды. Қой дегенді есітіп

Ашумен батыр алқынды. Айыпқа құндай мал тартып, Қастасқан ханға жан тартып Мəлді бас деп айта алман Қайта барып «Сартыңды», Олай болса, Жақсымбет:

  • «Бүлдірме, – деді, – халқыңды. Егер жұртты бүлдірсең,

Берішке тиме – аулың-ды. Жайыққа тиме – үйің-ді. Екі аққа сенім жоқ,

129

Егер жаудан жеңілсең, Кетпессің көрмей артыңды.

Сонымен жүрді қалың қол Шабам деп хандық орданы, Араға сапар бес қонып, Балқы ағасы Егіз би.

Исатайға ілесіп

Амалсыз жүрген сескеніп. Қасында жүрген Бөкетті Балқы мен Ханға жолдады, Күн батқан соң кеш болып, Амалсыз жүрген жандарды, Баршы қоймай қасына, Абайсыз қалды, дос көріп. Күн шыққанда ордаға Бөкет те жеткен түн қатып, Дем алмастан бір жатып; Пəтердегі Балқыға Сөйлесті барып тіл қатып. Құлаққа тиген суық сөз Жүректі кетті мұздатып.

Бөкетті қолдан жетелеп Ханға ертіп жүргізді.

Хан алдына кіргізді, Айттырып сөзін тыңдатып, Бөкетті қолдан жетелеп Қасына ертіп жүргізді.

Хан алдына кіргізді. Жау жарағын етем деп, Бар буанын жиғызды. Күтінбесең күн бұрын

Қоймас деп алмай бұл бізді. Қаланың сыртын орлатып, Айналасын торлатып, Ағаштан қорған тұрғызды.

«Қарсы болған патшаға Исатайдай батыр» деп.

130

«Ордамды қамап жатыр» деп, Оралға хабар білгізді.

«Зор шығынға ұшырап Қалыппыз білмей қапыл» деп;

«Жан сақтаудың қамы үшін, Беріңдер шылбыр, ақыл» деп;

«Шабағаншыл көк жорға, Қайда менің атым» деп.

«Атқа тұрман салыңдар, Қашпағым шығар мақұл» деп...

Сонда Шыман сөйледі:

«Тіл алсаң, ханым, саспа» деп,

«Бəледен келген басқа» деп

«Үстіне келген дұшпаннан Өлсең де шеиіт, қашпа» деп, Патша болсаң байтаққа Сабырлықты жолдас қыл, Бөтенге сырың шашпа» деп,

«Атаң да өткен Нұралы Қашқаны үшін айдалып, Өле өлгенше байланып, Үпіде өлген босқа» деп.

«Жау жақын келсе таянып, Мен қалмаймын аянып, Əрі ұрудан би алып, Алдандырып сөз бастап, Салайын барып тоспа» деп.

Арада үш күн откенде Қол келді қалып қаптаған, Семіртіп атын баптаған; Қиғыр қылыш қынапта, Еменнен найза саптаған. Исатай келген ту ұстап, Астында тұлпар Ақтабан, Көрінім жерге қос тігіп,

Қастасқан жауын таптаған.

131

Келген қолға таңырқап, Биікке шығып хан көрді, Тоңазытқан шаң көрді, Шаң астында қыбырлап, Жер қайысқан жан көрді.

«Ордама əскер толды деп, Жазықсыз елге тұрғанда Бір тентекке ілесіп,

Не себептен келді?» – деп,

«Бейнетім бе, қазам ба, Жазуы хақтың болды» деп, Айырылып естен таң көрді.

Хан ханымы Батима Сонда тұрып сөйледі:

    • Бұрыннан, тақсыр, таппадың, Біз мінезден саппадың,

Бөріні көрсе беттемес Қораңа көпек сақтадың. Пайданы содан көрем деп, Көптен бері баптадың.

Көпектен көрдік не пайда? Жамандықта алдырмас Бір сырттанды бақпадың. Исатай ердің сырттаны, Күндердің күні болғанда Көпектің елін сол ертіп Көрдің бе міне шапқанын! Хан ие сонда сөйледі:

    • Жаңылтып тұр есімнен, Ордаңды əскер қамалап, Алған күн жауым жағамнан Нетесің, ханым, табалап.

Тəңірі берген шағымда, Тастаған тасым жатпады; Ылдидан өрге домалап.

Ем болмай қалған ісім жоқ, Бағыттап қойсам жобалап.

132

Исатайды кəдірлеп, Еркіне қойып бақсам да, Жақпадым, сірə, соған-ақ. Өзгені билеп алған соң Өзіме тиді жағалап.

Жазықсыз жанды күндеді, Ордама тұрған паналап.

Келесін тауып іс қылдым, Түбінде жарар пайдама, Ғайыптың ісі Хаққа қас, Білейін қайдан шамалап?! Шыман шықты бітімге, Бекмағамбет қасында,

Əр ұрудан би алып, Арғымақ ат, ала тон Нар менен атан жетелеп

Батырға тарту сый алып; Қолды қонақ қылам деп, Көшірді неше үй алып, Хан елшісі келгенде Махамбет айтты батырға:

  • Осының бəрін өлтіріп Кəлдесін деді қиялық, Осылар бізді алдап жүр, Патшаға хабар жолдап жүр, Ендігі тілді тыялық. Бекмағамбет туғаным, Өлтірем десең маған қош, Жүрмеңіз менен ұялып, Осылар бізді алдап жүр, Патшаға хабар жолдап жүр. Қаладан жəрдем келсін деп, Алдандырып соңдап жүр. Туғаным деп сенбеймін, Ханның ісін жолдап жүр. Тілімді, батыр, алмасаң, Бастығы Балқы, хан қылып Ақ құрбандай шалмасаң,

133

Хан патшаға біріксе Мақсаты жаудың болған, біл! Махамбеттің айтқанын Пайдам деп батыр алмады, Ақылды көпке салмады.

Ханмен тату қылам деп Елшілер келіп алдады. Бітім сөзі кірген соң Еліне қайтып қол тарқап, Жанында кісі қалмады. Арада үш күн өтісті, Араласқан елшілер Күнінде келіп кетісті.

Кəперсіз елден жатқанда, Оралдан əскер шықты деп, Артынан хабар жетісті.

Елінен хабар жеткенсін, Батырлар қайтты аһ ұрып, – Сөзіне бітім алданып, Қылдым деп шаппай қапылық. Жау аяған жаралы

Қалам ба деп шатылып, Хан берген тарту сыйлыққа

Қалдық деп білмей сатылып. Еліне келді жиылды

Бір орынға шақырып; Жиылып тамам құралсақ, Қаладан шыққан əскерден Шалдырпай аман тұра алсақ, Өтеміз деп ар жаққа Жайықтық мұзын қатырып. Ағайын-туған сонда бар: Қара тоқа, Есенқұл

Отырған шектес жіп тартып Күлкеш пен Бегіс сол да бар, Жамандық жері тап келсе, Жақынның тиер жəрдемі,

Өз малындай қолда бар.

134

Атымыз арып, тон тозса, Ыңырсыған көп жылқы Жайылып жатқан жонда бар, Жөн сілтеген сасқанда Айтуар, Есет айтулы

Қоңар мен Байнақ жорға бар. Ер басына күн туса, Қашқаным барып қорғалар. Бұл сөзді айтып Исатай, Халыққа хабар салдырды; Өздеріне ергенін

Қасына жиып алдырды. Бекетайқұмды белгі етіп, Күндіз түтін, түнде өрт – Ұран отын жандырды.

Қазақ пен орыс аралас, Қайысқан əскер шықты деп Құлаққа хабар жаңғырды, Сегіз күн тынбай жиылды, Хабарсыз ханнан тыйылды. Жолдастың көбі бытырап, Хандық жаққа қосылды, Бəрінен осы қиын-ды.

Қарағаштай көп əскер Қаша-қаша сұйылды.

Бір күн тыныш жатқанда, Таң ағарып атқанда, Сансыз бір əскер сайланып Үстіне келіп шүйілді.

Сансыз бір əскер сайланған, Өлімге басы байланған, Құрсап алып жасақты, Қамауға солар ойланған.

Батырдың қолы сескеніп, Көңілге сонай қайғы алған. Астына мінген Ақтабан

Қырық шапса күнде бəйгі алған.

135

Қашуға əскер бет алып, Қайырмаққа ниет алып, Исатай артын айналған. Қайтпастан əскер келеді, Шығармақ үшін майданнан. Аз болды деп əскерім, Қатынды атқа мінгізіп, Қараға қойып қарады Басына тымақ кигізіп,

Көп болғасын əскері Қазақтың алдын орады. Мылтық пен атқан зеңбірек Жауға қардай борады.

Зеңбірегі күндей күркіреп, Жаңбырдай оғы сіркіреп, Құлақты жарып барады.

Ерсары мен Қалдыбай Екеуі қатар оққа ұшып, Бұлардың күші тарады. Зеңбірегі күндей күркіреп, Жаңбырдай оғы сіркіреп, Қашуға қазақ бет алды, Бөрі тиген қойдай дүркіреп.

«Жанымды жаңғыз құтқар» деп, Ер басына бір тілек.

Зеңбіректің кей оғы Төбеден асып сұлады. Қамалған көште қатын мен Балалар жылап шулады.

Топ даусынан үркісіп, Жүк артқан түйе тулады. Садақты сансыз тартса да, Қару болып аспады.

Түс болғанша тырысып Қалың қол шыдап қашпады. Ортасынан топ түсіп, Əскердің көбі оққа ұшып, Қашуды сонда бастады.

136

Ардақтап сүйген ұлдарын, Əлпештеп сүйген қыздарын, Қатын-бала, қара орман Жау қолына тастады.

Қорғаймын деген көп елді, Амалсыз тастап жөнелді. Қарық олжаға батысып, Хан əскері кенелді.

«Қашқан жауға қатын ер» Қалмай қуып артынан Қазалы жандар көп өлді. Исатай менен Махамбет Жаудан аман құтылып, Ішкі Ордаға сыйғызбай Тарылды дүние қысылып, Исатайлық болғандар Таланды қолға тұтылып, Ақырда қалған қырық кісі Жұлдыз жəдді туғанша Тар қоныста жан сақтап, Алдырмай жүрді күтініп. Құралайдың күнінде

Жайықтан шығып бері өтіп, Алды артына қамаудан Аман да кетті сытылып.

137

ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ

Ертеде ел бар екен қалың Найман, Қытайға қалың Найман қанат жайған. Қалың Найман ішінде Бағаналы, Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан. Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген, Алдында жорғалаған шашты шайтан.

Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап, Қақаман жетіп келед əлдеқайдан.

Қақаман жалғыз көзді жынның ері, Ерегіссе тау-тасқа салған ойран.

Дарқанның Нəдір пері – аға жыны, Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған. Қойлекеңнің үшінші жан жолдасы – Шайтанның шу асауы батыр Шайлан.

Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан, Жын менен жолдас болған бала жастан. Азырақ əңгіме үшін сөз қозғайын, Қалың Найман жиылған бір зор астан. Бір асқа жиылыпты Найман тамам, Бай, биі, батырлары балпаң басқан.

Ішінде сол жиынның Барақ та бар, Аузынан арыстандай жалын шашқан. Бəйгеге екі жүздей ат жіберіп,

Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан. Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:

«Бəйгеге қобызың қос» деп сұрасқан. Қалқасы қалың Найман қалаған соң, Қойлыбайың бəйгеге қобыз қосқан.

Найманның ұлы дүбір сол асында, Əлеумет алқа-қотан дөң басында.

138

Айнала ығай-сығай, жақсы жайсаң, Қойлыбай қобызымен ортасында. Бас болып батыр Барақ қалаған соң, Бəйгеге бақсы қобыз қоспасын ба? Қойлыбай сонда айтады шақырып ап, Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына:

«Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар Жарып өскен жапанның жартасына. Қобызды сексеуілге байлап таста, Мен сенем жын Қақаман жолдасыма». Қалың Найман бəйгеге қобыз қосып, Шуласып отырысты дөң басында.

Бір кезде ат келетін мезгіл жетті, Бозбала ат алдынан шауып кетті. Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды Аруақ қалшылдатып, дірілдетті.

Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп, Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті. Көздері қып-қызыл боп қанға толып, Сарыны сардаланы күңірентті.

Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып, Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.

Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып, Қызыл жел құйындатып дүрілдетті.

Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап, Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.

Осылай ойнап, сарнап бақсы жатты, Қалжырады, қап-қара терге батты. Сол кезде ат келетін құба жонды, Түтіндей будақ-будақ бір шаң жапты. Сол шаңның ортасында бір сексеуіл Ербеңдеп ойнақ салып келе жатты.

Екі басы жерді ұрып кезек-кезек, Сабалап қырды жол ғып жаралапты. Байланған сексеуілге қобыз берік, Көз ашқанша жиынға келіп қапты.

139

Сексеуілді қопарып алып келіп, Қақаман жұбатады ерке қартты. Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты, Қалың ел тамашадан тас боп қатты...

БАТЫР БАЯН

Бірінші тарау

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп, жанады да. Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға.

Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар Əдемі ертегідей баяғыда.

Əдемі өткенді ойлап айнымасам, Сұм өмір күшті уын аяды ма?

Ертегі уатпай ма баланы да,

Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да? Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған, Еркімен өзі-ақ отқа барады да.

Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда, Қанды ор боп ақын жолы қалады да. Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын, Күрсініп көзіне жас алады да.

Ақында адамзаттан дос болмайды, Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына.

Мен де ойды ағытамын қаламыма, Арқаның көз жіберсем алабына: Сарыарқа – сары дария, қиыры жоқ Кез болсын, қандай қыран, талады да. Ішінде сары дария көз тоқтатар

140

Көкшетау – Сарыарқаның аралы да. Көкшеде күні кеше қойдай өрген Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да.

Айырылып асау, ерке аңдарынан Көкшенің тас жүрегі жаралы да!

Арқада жер жетпейді Бурабайға, Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. Бұлт құшқан мəңгі мең-зең Көкшетауға

Бөлектау: «Ой, бауырым!» – дер анадайда. Оқжетпес найза қия-қыранға ұя,

Қарасаң жанның шері тарамай ма? Солардың ортасында Бурабай көл,

Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға. Бурабай – Арқа аралы, жер еркесі, Ертеде қоныс болған Абылайға.

Бауырында Бурабайдың қалың ағаш Көкшенің жалыменен біткен жалғас. Арудың ақпен өрген тұлымындай Қарағай, қызыл қайың, тал аралас Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш, Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш! Қабірінен əулиенің алашқа артық Ертеде Абылайға орда болған ағаш. Ордасын сол ағаштағы Абылайдың Меккедей тəуеп қылған тамам алаш.

Қиын күн туған алаш баласына, Шұбырып жапанның сар даласында, Кез болған жаудан үркіп «Ақтабанға» Дұшпанның қалғандай боп табасына. Арқаға аяқ салып, түскен барып

Екі оттың – орыс, қытай арасына Күндерде сонау – қара, тапсырған ел Тағдырын Абылайдай данасына.

Сол күнде ел қорғаған Абылайдың Қылсаң да аз қанша тəуеп моласына.

141

Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Артында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау, Дағдарған алаш енді қайда бармақ?

Сол кезде елге қорған болған Абылай, Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап. Күндердің бір күнінде хан Абылай Қалмаққа – (ойына алды) – ойран салмақ.

Ханынан: «Аттан!» – деген сөз шыққан соң, Ордаға батыр, билер келді андап.

Жиылды өңшең ноян, ығай-сығай, Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай, Ту баста Абылайды хан көтерген Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай. Ашуы жауған қардай, шөккен нардай

Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай, Бөкеңнің жас жолбарыс жеткіншегі Аузынан жалын шашқан жас Жанатай. Найзасын нажағайдай ойнататын

Жас барыс Бəсентиін Сарымалай.

Балталы, екпінді оттан Оразымбет, Сіргелі, шапшаң оқтан ер Елшібек, Өзіне тірі жанды тең көрмейтін Тəкаппар Қошқар ұлы өр Жəнібек. Қалданға ханмен бірге тұтқын болған Жолдасы Абылайдың батыр Жəбек. Майданда от шашқандай оқ шашатын Сырттаны Бəсентиін ер Сырымбет, – Осындай өңшең көкжал жиылысты

Күңіреніп жолбарыстай: «Жау қайда?» – деп.

Əрі ақын, əрі батыр Қарабұжыр, Айтатын өрлеп барып аспанға сыр. Бұқар мен Тəтіқара қосылғанда, Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр.

142

Осылай думанменен күндер өтіп, Батырлар ерікті енді жатқанға құр. Аттан деп əлі айтпаған Абылайға

Көкжалдар дей бастады: «Жүр енді, жүр!» Алайда Абылайдан сөз болмады, Сондықтан бұғып, бықсып туды күбір.

Жиналған өңшең бөрі Бурабайға, Алаштың кебесіндей10 ізгі жайға. Батырлар бұғаудағы арыстандай, Абылай тұңғиық бір терең ойда. Бəрі де ел қорғаны – батыр, билер, Аттанбай тек жатудан таппай пайда:

«Жүрелік, жау басынар!» – деген сөзбен Салады Қанай биді Абылайға.

Би Қанай: «Бұ қалай?» – деп бастағанда, Абылай сұрайды одан: «Баян қайда?»

«Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты құр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян? Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян!» –

Деген соң ойы теңіз хан Абылай, Аяңдап батырларға қайтты Қанай. Байлаулы бөрілерді ыза қылмай, Кестелеп, сөзбен сипап айтты Қанай, Күндеу ме, көтеру ме ? – кім біліпті, – Батырлар десті жалғыз «Баян бала-ай!» Көкшенің бауырында өңшең көкжал

10 Кебе – Қағба мағынасында.

143

Күңіреніп күтіп жатты күндер талай.

«Жау!» – десе жатпай-тұғын батыр Баян, Апырм-ай, келмеуінің мəні қалай?

Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді, Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді. Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?! Жебесі көбе11 бұзып, жүректі үзбей, Найзасын, сірə, жалған сермеп пе еді? Бірін айт, бəрін айт та, басқа батыр Баяндай «алашым!» – деп еңіреп пе еді? Бұл жолы кешігуі жай емес қой, Тұлпарым кез болды ма орға, тегі!

Арқада бір өзенді дер Обаған, Сол жерде Уақ елі қоныс қылған. Ертеде өрттей өжет сол Уақтың

Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған. Сол ері ерте күннің, ер Көкшенің Нəсілінен қайтпас алмас Баян туған. Баянның ер ағасы – батыр Сары, Қос қыран тізе қосып жауын қуған.

Айналып оны айт, мұны айт, Ер Баянды айт, Ер Баян алашының бетін жуған.

Ол күнде аз қазақ пен қалың қалмақ Қыран мен қара құстай алысқан шақ. Баласы алты алаштың Абылайдың Астында ақ туының табысқан шақ.

Қазақтың батырлары бəрі қыран, Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап. Жауының бір жорықта бір сұлуын Ер Баян алып қайтқан артына сап.

Баянның алып қайтқан сол сұлуы –

Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.

11 Көбе – сауыт.

144

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт, Сөздері – су сылдырлап құйылғандай. Бір улап көзқарасы, бір айнытқан, Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай. Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі, Кəусардай татқан адам қалар қанбай. Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан Еліне сол сұлуды естен танбай.

Ер Баян жас сұлуды алып келген, Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген. Қан жауып екі көзін қанды балақ Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.

Марал бар оққа ұшпайтын, тым сақ бірақ Кезеңде кез келсе де қандай мерген.

Болмасын жас сұлудың білгеннен соң Ер Баян қарындас қып ерік берген.

Алайда ер алысқан жүрегімен Теңізде алысқандай күшті сеңмен.

Қалмақтың қайсар қызы қайырылмаған, Болаттай жасу білмей, майырылмаған. Жап-жас қыз, сұмдығы мол, сыр бермейді, Жандай-ақ ойдан аулақ қайғырмаған.

Алаштың аруы боп кетсе-дағы, Жанымен өз жұртынан айырылмаған. Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап», Баянда жан қоймаған жандырмаған. Сонда да сыр шығармай батыр Баян, Жастық қып жанын естен тандырмаған.

Осылай іштен күйген батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның інісі бар он бес жаста – Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.

145

Ноянның бар ақылы білегінде, Билеген асау жүрек, қайнаған қан. Келгенде-ақ сұлудың бір қарауынан Ноянның жүрегінде ұшқын туған.

Сол ұшқын өртке айналып жап-жас Ноян Алысып жүрегімен аласұрған.

Жастықта жалынданып сүйген қандай! Баладай өксіп жылап, күйген қандай! Көрмесең жан-жарыңды өлгендей боп, Қайғырып күлден кебін қандай!

Кеудеңе жан кірмей ме, көзің шалса, Өмірің жаңа ағарып атқан таңдай.

Кеудеңді қасиетті сəуле кернеп, Жүрегің сол минутте жарылғандай. Не дерсің салпаң құлақ есектерге, Өгіздей өмір сүрген сүймей-жанбай!

Ноян да сол сұлуға – тəтті балдай, Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай. Мас болып, дене түгіл, жаны елжіреп, Жұтқандай сол сəулені демін алмай. Алайда бұзық ойдан аулақ еді,

Сұлуға Тəңірі көріп табынғандай. Жанса да жап-жас Ноян, сұм сұлу қыз Көп заман жүрді бірақ көз де салмай. Сонда кейбір кезде ақ бетіне

Бір нəрсе жүгіруші ед ыстық қандай.

Айға алтын күн нұрынан сəуле бермек, Шалқыған махаббат – от аспанға өрлеп. Жүрегін өзі сүйген отты жүрек

Оятпақ тас болса да, зарлап тербеп. Басында сыр бермеген сұм сұлуға, Біраздан бола бастар күлкі кермек. Нояннан о да көзін алмас болды, Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп.

146

Шешілді екі жастың жұмбақтары Екеуі бір іңірде сайда кез кеп...

Сиқырлы гүлге оранған жібек майда, Сылдырлап сылқ-сылқ күлген терең сайда Ерке өзен жанын өртеп, жармен ойнап, Сүйгізген ақ бетінен күміс Айға.

Сондай бір жібек кеште жаны өртеніп, Екеуі «əу!» дескендей барған сайға.

Аулақта сүйіскен жан ұшырасса, Еріксіз тамырларға у тарамай ма?! Анттасып, айырылмасқа сөз байласып, Бастық деп асыға адым санамай ма?

Жас Ноян қызды көріп от боп кетті, Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті, Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып, Бір қыздан басқа нəрсе жоқ боп кетті.

Келді де қызға жалын сөздерімен Шығарды жан ұшырып іштегі өртті. Бір күйіп, бір суынып, бір елжіреп, Біресе жас баладай жасын төкті.

Өртемей отты жүрек қоймақ па екен, Тақады сұлу қыз да бетке бетті.

Қыз сонда: «Ноян бауырым – кебем!» – деді,

«Мен сенің сүйгеніңе сенем», – деді.

«Сүйемін мен де сені, Тəңірі куə,

Тəн түгіл жаным саған берем?» – деді.

«Нояным, бірақ сенен қалауым бар», –

Деді де сұлу ойға тереңдеді. Сұлудың сырға толы торғын беті-ай, Бетінде ешбір толқын көрінбеді.

Біраздан көздеріне жас мөлдіреп, Жас сұлу жылап тұрып күлімдеді.

Қыз сонда: «Қалауым бар, Ноян батыр, Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

147

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы, Алыста туған, өскен жерім жатыр. Өткізген балаусадай бөбек күнім, Барқыттай белес-белес белім жатыр. Айбынды арыстандай құмда кезген, Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр.

Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра, Ата-анам – айым менен күнім жатыр.

Ер Баян біздің елге барған еді,

Көп қойға көкжал ойран салған еді. Бөбегін шырылдатып ап кеткенде Ата-анам жылап-зарлап қалған еді. Сорлы анам көкірегін көкке сауып, Қан жылап менен бір ант алған еді. Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін

Бір көрмей, қозым, ерге барма!» – деді. Анама сөзім – анау, өзім – мынау,

Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені.

Көр болсақ, көрді көрмей, Тəңірі оңдай ма, Ер Баян неге батқан терең ойға?

Мен сорды көргеннен-ақ сүйген Баян, Қосылсақ, Баянға ауыр дерт болмай ма? Биікке кетпей киік ойда ойнаса,

Ашулы арыстанға мерт болмай ма? Екеуміз Сарыарқадан сапар қылсақ, Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма? Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ,

О да бір саған туған жұрт болмай ма?!» –

Деп сұлу сыбырлады сиқыр сөзін, Толтырып меруерттей жасқа көзін.

«Шыдашы, кəне күймей!» – дегендей-ақ, Ноянға тақап тұрып жалын жүзін.

Жас Ноян жас қанына тұншыққан соң, Ұмытпай тұрсын қалай өзі-өзін!

148

«Жарайды, даярмын!» – деп айтып салды, Ойланып бір минут та қалмай төзім.

Сол сайда уəделерін бекітісіп, Екеуі аймаласты ыстық жүзін.

Сол уақыт мезгіл екен дəл таң алды, Төзім қып албырт Ноян күтпей таңды, Жүгіріп жан ұшырып, жаяу барып, Жылқыдан екі жүйрік таңдап алды.

Азырақ азық алып, қару-жарақ, Жүйрікке əсем əбзел тұрман салды. Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп, Екеуі ескен желдей кетіп қалды.

Кетті олар. Сəске болды, ауыл тұрды, Алдымен Ер Баянға хабар барды.

Боз үйде жатыр екен Баян жалғыз – Керілген күнге еркелеп жас жолбарыс. Ауылдың ақсақалы сөзді əкелген

Деп бастап: «Баян-айым, бір масқара іс Өткен түн болып қапты...» – деп шұбыртып, Жаудырды екі жасқа нəлет-қарғыс.

Алайда жас Ноянды ақтай сөйлеп,

Дей берді: «Қылды-ау бізге қалмақ қар қыз!» Ер Баян сұп-сұр болып деді жалғыз:

«Жарайды... Бар, ақсақал. Ойланармыз».

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді, Жаралы жолбарыстай күңіренді. Қорғасын миын, ойын төмен басып, Ақылға алғыр құстай ашу төнді.

Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге, Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді. Ақыры ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді. Өлді ақыл. Атып тұрып Батыр Баян, Боз үйден оқ жыландай шыға келді.

149

Ер Баян сол кеткеннен кете барды, Мініп ап белдеудегі көк тұлпарды. Дулыға, қалқан, көбе қалған ұмыт, Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды. Бауырынан Обағанның сырғып өтіп, Арыстан айдалада дүбір салды.

Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып, Түс ауа Жалдыөзектің даласында Алыстан екі қара көзі шалды.

Атығай қоныс салған Жалдыөзекке, Құнарсыз, ащы татыр сорлы өзекке. Жолдыөзек – жолсыз өзек, құтсыз, отсыз, Алдымен жау да салған қолды өзекке.

Айырылып байлығынан, көп соққы жеп, Көз жасы Атығайдың толды өзекке.

Алаштың Асан Қайғы данышпаны Кетпеген «Қанды өзек» деп, тіпті текке. Ежелден құт дарымай, қағынған жер, Қайғылы бір іс болды сол өзекте.

Алыстан екі қара көрді Баян, Кілегей қара бұлттай төнді Баян.

Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп, Сұңқардай сорғалаған келді Баян.

Қыз түгіл, қаны бірге өз бауырын Танымай қалғандай да болды Баян. Байланған белде сала садағына Қалшылдап қалды салып қолды Баян. Ашуын арыстанның байқаған соң, Майысып тұра қалды жап-жас Ноян.

Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды, Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.

Жақындап келіп қалып ағасына Түсінен шошыды да тоқтап тұрды. Жапанда аға-іні: Баян, Ноян, –

150

Алып кел көз алдыңа Ай мен күнді. Дұрысы – күміс күлген күндізбенен Түнерген қара бұлттай қара түнді. Алайда, ерке бұлан Ноян-ұлан Ашулы ағасына қарап күлді.

Бір күлді балдырғандай Ноян бала, Ашылған шешек жарып гүлдей жаңа. Еріксіз сотқарлығын кешіретін Еркелеп ерке ұландай күліп қана.

Көрсе де дауыл гүлді – басылмады, Ер Баян арыстандай жаны жара.

Қалшылдап, көзі қан боп, қолын алмай Байланған садағына белде сала.

Жас Ноян: «Жан көке!» – деп сөз қатқанша, Сұлу да жетіп келіп: «Баян аға!» –

Дегенше, қалды тартып батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян.

Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті Атынан бүктетіліп бөбек Ноян. Жын шуы басқандай боп естімеді

«Жан көке, аға!» – деген сөзді Баян. Садағын сол секундте тартты тағы Бір ашып, бір жұмбай да көзді Баян. Үстіне інісінің денесінің

Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.

Екі жас аттарынан ұшып түсті, Түскенде бірін-бірі құшып түсті. Жүректен атып ыршып шыққан қанмен

Жалғыз-ақ «Аһ» десті де, «Жаным» десті. Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып.

Асығып екі жастың қанын ішті. Күлдей қу, тұнжыраған түндей болып, Жия алмай, құр теңселіп, ақыл есті, Тұрды да біраздан соң батыр Баян, Атынан есі ауғандай құлап түсті.

151

Бірталай талғандай боп жансыз жатып, Тұңғиық көмескі көп ойға батып,

Ер Баян есін жиып, екі жасқа

Бір қарап қара тастай қалды қатып. Сол кезде сар дала да күңгірт тартты, Еңкейіп бара жатты күн де батып.

Құшақтап ақ селеуді жылады жел Өзінің қасірет жырын қоңырлатып. Құшақтап екі жасты күңіренді ер Көзінен ыстық жасты сорғалатып.

Қайғыдан жарылғандай қайнар жүрек,

«Уһ-уһ!» – деп үзілгендей есіл өзек Қасіреті қара түндей Ер Баянның Алдында бүлдіргендей екі бөбек.

Аузынан уыз шыққан екі жасты Ер Баян сүйді құшып кезек-кезек.

Жапанда жапа-жалғыз еңіретті ерді Əлгіде ойды улаған ашу кезеп.

Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл Күбірлей бастады енді: «Мұның не?» – деп.

Зарланып күңіренді батыр Баян, Мезгілде күңгірт тартқан кешке таман:

«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным» – деп, Ер едім еркелеткен алаш тамам.

Сындырдым аз ғана Уақ елім белін, Елімнен кетіп елді қайдан табам?

Жей-тұғын өз күшігін болдым бөрі, Ісімді мынау ағат немен жабам?

Қарабет болдым алаш баласына,

Ер дер ме енді мені Абылай данам?!

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге? Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Тəтті бал, балауса тал жас сұлуды Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге?

152

Садақпен жүрегінен тартып кетпей, Жыландай бауырыма сап келдім неге? Əйелдей баса алмайтын жүрек жынын Есалаң жүрекке ерік бердім неге?

Буынып сол боз үйден шықпай өлмей? Атылып оқ жыландай тұрдым неге?!

Ойламай, белді бекем будым неге? Қозымды қас дұшпандай қудым неге? Майысып Ноян қалқам, ерке марқам, Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге? Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау, Бір ата, бір анадан тудым неге?

Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым Қанымен өз қозымның жудым неге? Күнəсіз екі жасты өлтіргенше, Өлмедім ішіп уын удың неге?!

Сұлу-ай, қалмай маған ердің неге, Жыландай бауырыма кірдің неге? Қадалды оқ-кірпігің жүрегіме, Жүрегім тілім-тілім тілдің неге? Жұлдыздай аспанда алыс жымыңдаған Алыстан «ағатайлап» күлдің неге?

Секіріп суда ойнаған шабағымды, Сұм сұлу, қармағыңа ілдің неге? Тірлікте бетіңнен бір сүйе алмадым, Тіл тартпай, ерке тотым, өлдің неге?!

Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім! Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.

Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін, Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін. Сорлы ағаң атып жығып өз інісін, Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.

Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым! Қайтейін, арымадың, арда күшім!

153

Жоқ, əлде, жоқ... жоқ... Əлде... Өлтірдім бе, Інімді алты алаштың намысы үшін?!

Арқамдай жер жүзінде жер бола ма? Айбынды алашымдай ел бола ма?

Алашта ертеде өткен екі арыстан: Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма? Солардың нəсілінен Сары, Баян, Барыстай ойын салған сар далада. Інісі Ер Баянның жасық Ноян Атадан азып туған дер бола ма?

Құл болса бір қыз үшін балдырғаны Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма?!

Дариға, жұбанамын, жел ойменен, Тартпадым сұм садақты бұл ойменен. Тандырған мені есімнен ғашықтық қой, Бір тынбай сұр жылындай жаным жеген. Өз бауыры, өз сүйгенін өзі өлтірген Болар ма, сірə, сорлы адам менен?!

Алдымда «Көкежан!» – деп күліп тұрған Садаға кетпедім ғой, қозым, сенен.

Ел беті енді маған болсын арам, Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!» –

Деп зарлап, күңіренді жаралы ер, Айрылған екі жаннан қаралы ер. Зарланып көзінен қан тамшылатты, Тұңғиық жанды жеген қап-қара шер. Жүрегі тас болса да шыдай алмай, Қамығып, қайғы басып, күрсінді жер. Молайтып минут сайын қасірет жырын Жаныңда өксіп-өксіп жылады жел.

Бозарып бел артынан таң атқанда, Соққыдан сенделгендей тұрады ер.

Күміс таң жерге күміс сəуле шашты, Сəуле мен қараңғылық араласты.

154

Алыспас адал, арам бекерге ұзақ, Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты! Сол кезде жаны жара батыр Баян, Үңгір ғып қара жердің бетін ашты.

Жапанда қазған суық тар үңгірге Көтеріп көмді əкеліп екі жасты. Топырақ екі жанын жасырған соң, Ер Баян тағы көл ғып төкті жасты.

Ер Баян көмді екеуін дөң басына, Түсірмей бір топырақ ортасына. Ап шыққан қаруларын сүйіп-сүйіп, Ноянның көмді бəрін өз қасына.

Отырды топыраққа ұзақ басын қойып, Шомылып қанды ыстық көз жасына. Аздан соң мінді атына батыр Баян Сиынып бір жаратқан алласына.

Жолбарыс жортып кетті бетін түзеп, Шаңдатып, Абылайдың ордасына.

Жас Баян жауды талай көрген еді, Сорғалап сұңқардайын төнген еді. Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей кірген еді.

Жебесі көбе бұзып, жүректі үзіп, Найзасын ылғи дəлдеп сермеп еді. Бірін айт, бəрін айт та – Батыр Баян Туғаннан «Алашым!» – деп еңіреп еді. Көкжалдың осы жолы кешіккені, Осындай тұлпар орға кез кеп еді.

Екінші тарау

Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой, Ерлері ертегінің өрт еді ғой.

Айырылып от екпінді ерлерінен Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой.

155

Сонау дерт түгелімен ауып маған. Дариға, жүрегімді өртеді ғой!

Ер көрмей, көрден басқа, сұм өмірде Шерлі жан шерлі кеңес шертеді ғой, Жадырап жаным, шерім тарқар еді, Кеңесім тыңдаушыға сала алса ой.

Күңіреніп ойлағанда алаш жайын, Жанымды орай берсе улы уайым, Кеудеме күннің нұры толғандай боп, Жырлаймын алты алаштың Абылайын. Арсыға асқандаймын, тəуіп қылсам, Кебедей Абылайдың Бурабайын.

Күңіренген жырымменен мен разымын Алаштың жоқтай білсем Баян-айын.

Жырлаймын, күңіренемін өткенді ойлап, Кеудеме улы уайым толған сайын.

Кірейін кеңесіме күңіренткен,

Ер Баян жөнелді енді Жолдыөзектен. Қамшыны көміп-көміп алды батыр Ашуын алатындай тұлпар көктен.

Мұңайып мəңгі мұңды белдер қалды, Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен. Жан-жақта жас қайыңдар қала берді Иіліп əдеппенен сəлем еткен.

Ер жортты. Сəске болды, көзі көрді Көкшені бал алысқан аспан-көкпен.

Көкшеде өңшең көкжал аялдаған, Қырандар қанаттарын жая алмаған. Ханына Абылайдай: «Болады!» – деп, Бір берген сөзден ерлер тая алмаған. Ерігіп, əңгіме қып өткен күнді, Қанішер Болат жайын баяндаған.

Қайратқа құса болған сол қырандар Алыста қара көрді аяңдаған.

156

Жақындап қара ордаға келген шақта Шықты айғай топтан шулап: «Баяндаған!» –

Аяңдап топқа тура келді Баян, Келді де көпке сəлем берді Баян, Қудай боп құс төресі топ төрінде Отырған Абылайды көрді Баян.

Басқаға мойын бұрып бір сөз қатпай, Абылайға балпаң басып жүрді Баян. Бəйтерек тұңғиыққа төнгеніндей Алдында қол қусырып тұрды Баян. Тұрды да деді: «Алдияр, сөзім қысқа, Екенім менің Баян алашқа аян.

Алдияр, ел ағасы, ханым дана, Алашқа ауыр күнде болған пана. Кешігіп, күнəлі боп, енді алдыңа Келді ерің іші жалын, жаны жара. Тұңғиық кез болды ғой кешуі жоқ,

Болмаса шыққанда «Аттан!» ер тұра ма? Талқыға жан жарасын сала алмаймын, Мəнімді мен айтпаймын, сен сұрама.

Тілегім – енді жауға аттаналық,

Қан көрсе, қас қыранда шер тұра ма?!»

Абылай ерін күткен көптен зарығып, Қолынан Баян-айын алды тартып.

Алдына отырғызып, күміс кернеу Керсеннен көкжалына берді сарқыт. Берді де бүгіп басын ойға кетті, Асқардай ой билеген мəңгі қалғып. Аздан соң көтеріліп жан-жағына Қарады жер жиһанның бəрін тар ғып. Қарады, қыран сөзі қысқа болды:

«Таң ата жүреміз!» – деп берді жарлық.

Ежелден Абылайда екі сөз жоқ,

Сөз шықты: «Болады!» – деп, тарады топ.

157

Топ тарап, ат-тұрманын даярлады, Біраздан дамылдады ел, мезгіл түн боп. Жібектей жұмсақ жылы жаздың түні Бұлтымен құшақтады Көкшені көк.

Керілді ерке Көкше күміс Айға:

«Сəулеңді, сəулем, көбірек төкші-төк!» – деп. Бетінде Бурабайдың ерке толқын

Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп.

Түн өтті. Жер шетінде алтын таңды Жорғалап, жүз бұралып, жел қарсы алды. Сарғайып сары белден таң атқан соң Абылай қолға: «Аттан!» – деп хабар салды. Бəрі де болат тұяқ бедеу мініп,

Батырлар қатар түзеп келіп қалды. Жөңкіліп күзді күні көшкен бұлттай Қап-қара, ортасы ой боп, қол қозғалды. Асырып ертегіше айтқан жанға

Қара нар қайыспайтын жер шайқалды.

Жөңкіліп көшкен бұлттай барады қол, Кейде қол түнерген тау, қайғысы мол. Кей кезде тентек толқын екпінімен Шу қойып, шабуылдап алады қол.

Шаңы – бұлт, бұлты – шаңға айналған соң, Атаған ерлер жолын деп: «Шаңды жол».

Тартты қол. Қалды өрлер. Қалды белдер. Бастаған Бұғыбай басшы қол көрмес шөл. Бірнеше тəулік бойы тынбай тартып,

Қол енді жүрді бойлап бір айдын көл.

Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан, Балқаштың бетін мəңгі меруерт жапқан. Қаратал, Аягөзбен – екі көзі,

Еркесі – Іле өзені ұзын аққан.

Басы егіз ерке Іленің: Кеңес, Текес, Тəңірінің тентек Текес дəмін татқан.

158

Бойында сол Іленің қалың қалмақ Абайлап Абылайды күтіп жатқан.

«Қайда, – деп, – қазақ?» бұрын желіккен жау Көрген соң көп қазақты ойға батқан.

Қазақтың қалың қолы ерлер кілең, Батырды көп қалмақты ойға терең. Қазақтан қулықпенен құтылмаққа Кеңесті қос қонтайшы: Ұса, Серен. Жіберді, кеңесті де, жеті қалмақ, Сөздері: «Абылайдан бар да тілен! Ағаттық бізден болды, кешсін Абылай. Ақ отау, айдаған мал – бəрін берем.

Тағы да ер басына бір ару мен

Қара нар – айыбымыз, қалы кілем».

Жеті елші осы сөзбен келген ханға, Қаратып өз жауабын ертең таңға, Салады мынау сөзді хан Абылай Би-батыр, қасындағы көп қыранға. Салса да, алдыменен өзі айтады:

«Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға! Күні ертең не бергенін жолдан алып, Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда. Ерлерім, ойым осы! – деді Абылай, – Бұл ойды теріс дейтін адам бар ма?»

Абылай айта қалса істің жайын, Би-батыр теріс дей ме Абылайын.

Қалың топ тым-тырыс боп тұрған шақта Дегендей: «Ерік иеде, біздер дайын!» – Ерлігі алашқа аян батыр Баян

Тұрды да деді: «Алдияр, Абылайым, Мергеннің мылтығына қарсы жүрмес, Қырдағы адам түгіл құландайын.

Сөзімді не кектерсің, не жұптерсің, Ойыңды теріс дейді Баян-айың!

159

Талқыға салмай шындық табылмайды, Құл ғана қожаны ылғи қабылдайды.

Қу қалмақ күні кеше алдамап па ед, Шоңқитып Ой қытай мен Өр қытайды? Қытаймен күні бүгін жалғаспаса, Қытайға қалмақ неге қанат жайды?

Абылай артық туған неге ұмытсын, Қазаққа қалмақ сыры аяндай-ды.

Қалмақтың қарты түгіл, қалшасы12 да, Алдатпас, алдап кетер Абылайды!» –

Тоқтады Баян. Абылай тағы өз сөзін Қайта айтты, біраз шытып кəрлі жүзін. Хан да екі, Баян де екі қайырысты, Алмастан бір-біріне тіккен көзін.

Жиналып көздеріне қызыл жалын Қалса да, сыр беріспей қылды төзім. Қалың топ хан ашуын байқаған соң, Ағытты «əрине» – деп, сөздің бөзін. Шешілді сөз, қол енді күтіп қалды, Елшінің ертеңінде келер кезін.

Алты алаш Абылайдай арғымағын Алаштың аруағына пар қылатын. Бетіне Абылайдай ардагердің Келуді алты алашқа ар қылатын.

«Бетіне келген жанды соғар кие!» –

Деп жырау, жауырыншылар жар қылатын. Баянның сөзін естіп кəриялар

Ішінен ерін аяп: «А шырағым!» –

Десті де күрсінісіп, кесіп қойды:

Қайтар, – деп, – осы жолы, Баян, бағың!»

Серпілді соныменен кеңес енді

Қол күтіп жатып қалды келер күнді. Жібектей жылжып өтіп жаздың түні

12 Қалшасы – жас баласы.

160

Таң құлан, күн шығыста, иектенді. Алтын Күн алыстағы арайынан Жарқырап шығып жерге сəлем берді. Қол тұрды, ауқаттанды, хабар күтті, Ерлердің еріккені аңға жүрді.

Қол күтті, уақыт өтті, ерікті ерлер, Ауыр ой биледі Абылай кемеңгерді.

Қол күтті, уақыт өтті. Күн батар шақ, Жерде еді қой көшіндей қалың қалмақ. Кең ойлы Абылайдай данышпанды, Қу қалмақ кеткені ме шын-ақ алдап?! Күн кірді арайына, шапақ батты

Қап-қара толқындарға толды жан-жақ. Қол тынған бір толқынсыз тұңғиықтай, Мүшкіл боп Абылайға бір сөз салмақ. Іңірдің соңын ала хан Абылай

Серпіліп ерлеріне қылды жарлық.

Ерлерін жиып Абылай, ел ағасы Сұрайды: «Мынау істің не шарасы?» Қырандар əрі-бері толқысқан соң, Қанайы Қарауылдың, топтың басы, Саңқылдап суырылып сөйлей берді:

«Қытайдың қол ұсыным шекарасы. Қалмақты Қытай кірген зерттер болсақ. Қазақтың бірі қалмай мерт боласы!...

Тұнжырай қалса-дағы хан Абылай:

«Қайту!» – деп, сөздің болды бітуанасы.

Таң ата қол қозғалмақ кейін қарай, Ұрылған көңілі қаяу хан Абылай.

Қол жатқан, жым-жырт басқан, таң да таяу, Жалғыз-ақ жатқан ояу Баян бала-ай:

«Апрым-ай, алаш арын жоқтамастан Жөңкіліп бұл қайтудың мəні қалай?» – Деді де атып тұрып топ ішінен,

161

Ерлерден от екпінді, жолбарыстай Жүз жасты жолдас қылып тарта берді,

Таң ата: «Қайдасың, – деп, – қалың Қытай?»

Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап, Тартады шауылмен іле бойлап.

Алдында ақ сұңқардай батыр Баян, Екпіні қауға тиген өрттей ойнап.

Бедеулер болат тұяқ желден ұшқыр Алысып, ауыздықты қарш-қарш шайнап. Сəскеде сағымменен көрді Баян

Көп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап. Жүз бөрі аз дамылдап алысты да,

Ат қойды қалың жауға «Абылайлап».

Жүз қыран мың сан қолға араласты, Орғыған асқар таудан судай тасты. Шыдамай жүз екпінге, шулай беріп, Қалмақты ə дегенде қара басты, Аздан соң есін жиып бөріккен ел Қару ап, қара құрттай құжынасты. Аз болса, бір қазаққа жүз қалмақ кеп, Ат қойып, қиқу салып, қамаласты.

Тер саулап тебінгіден, қылыштан қан, Шаң, түтін будақ-будақ аспанға асты.

Аз қазақ көп қалмаққа салды тойды, Көк аспан қара түтін шаңға тойды. Алдаспан ажалменен бəсеке боп, Қанішер, қайқы қара қанға тойды.

Жып-жылы адам қаны бүлкіл қағып, Қуалап жылжи берді ойдан-ойды.

Көк көбе шүберектей шұрқ-шұрқ болып, Жыртқызды ерлер дал-дұл тұла бойды. Анадай дөң басында Ұса, Серен Қуыршақ құдайына қасқа сойды.

162

Шаңқай түс. Қызыл-жалын бір жел ескен, Зəндем от, əуе айналып жерге түскен.

От түбі тоқтап қалған, жылжымайды, Аспанда жоқ бір жапырақ бұлт та көшкен. Сол кезде қара бұлттай қалың қалмақ Қажытты жүз қыранды жаннан кешкен.

Қазақтың көбін аттан түсірген соң, Қалмақтың қуаныш пен қиқуы өскен. Сол кезде қалың топтың ортасында Шықты шу: «Мұнда Баян!» – дескен.

Қалың қол ортасында батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян. Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен, Аузынан көбік болып бұрқырап қан. Оң-солға алдаспанды сілтегенде,

Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан. Жанында жалғыз жолдас – жас Жанатай Қансырап зорға ғана кірпік қаққан.

Түзеліп отыруға халі қалмай, Қисайып бара жатты құлап аттан.

Жолдас дер ердің ері-ақ қан майданда, Жан беріп жолдасы үшін алдаспанға, Еңкейіп сүйемек боп батыр Баян Жолдасы Жанатайға айналғанда,

Бір қалмақ еңгезердей көк найзамен, – Білмеген, сірə, тою қызыл қанға, – Қапыда қайран ердің сүбесіне Бойлатып сұғып тұрып, бұлғағанда Ер Баян Жанатайды алдына алып:

«Қыларың, қатын қалмақ, тағы бар ма?» –

Деді де суырып ап жау найзасын;

«Алаштың аруағы, – деп, – қайдасың?!» – Жыландай жарқ еткізіп алдаспанды Түсірді топ еткізіп қалмақ басын.

163

Бұлақтай аспанға атып, қан шапшыған Жараға тығып тұрып бармақ басын, Қасқиып қан майданда тұрып қалды Қайран ер, қайсар Баян, жолбарысым? Алайда уақыт өтті, құлап түсті, Құшақтап Жанатайдай жан жолдасын. Жер мен көк шыр айналып араласты, Көз алдын қара түтін тұман басты.

Тəтті бір жазғы таңда қалғығандай. Ер көзін оқтын-оқтын жұмып ашты.

...Көргендей болды ашулы Абылайды, Қалың қол: «Əне, Абылай!» – деп шуласты. Тағы ашты жұмған көзін, тағы көрді Алдында жас ұлан мен толқын шашты, Екеуі құшақтасып жап-жақын тұр, Басымен ишара етіп амандасты.

Алдында Ноянменен Ақшамаңдай, Жұлдыздай жымыңдаған сөнбей-жанбай. Сұлудың сексен сырлы жұмбақ жаны-ай, Ерніне əлде болса күлкі алғандай.

Жоқ... Күлкі жоқ... бетінде тамшы қан жоқ,

«Ағалап», жанұшырып жалбарғандай. Жоқ... өзі Жолдыөзекте жортады-мыс Ұмтылды оқ жыландай садақ пен қан, Кезерген ердің ерні қозғалғандай: Көзімнен неге ақпайды қан боп жасым, Жан беріп, жазғаным ғой, жан жарасын. Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе ? Дариға, жазамнан да күнəм басым!

Күнəмді Тəңірі кешпес, кешер бірақ Жауында жан берген соң алты алашым!» – Қайран ер аласұрып, жанұшырып, Көтеріп, көз жұмулы, алып басын,

Жан бауыры жас Ноянға ым қағып ед Жас Ноян құша түсті Толқыншашын.

164

Екі жас қайғысы мол құп-қу жүзді, Екеуі құр қарап тұр алмай көзді.

Көкесі жан бергенде, бөбек Ноян Тұрғаны мəні қалай құшып қызды? Дариға, беті қара сорлы Баян Шығарған өз қолымен екі көзді:

Іс өтті. Ажал жетті. Енді не бар? Қоштасып айтысалық соңғы сөзді!

«Келіңдер, қарақтарым, кешіңдер!» – деп, Ер Баян əлсіз ғана қолын созды.

Көз алды енді мəңгі тұман болды, Жабырлап, жан-жағына қалмақ толды. Баянды балағаттап, ісіп-кеуіп,

Бір қалмақ қалды теуіп созған қолды. Сылқ етіп созылған қол жерге түсіп, Жүзінің бірте-бірте нұры солды.

Баянның басын бірі кесіп алып, Бұлғады найзаға іліп оңды-солды. Қуанып қос қонтайшы – Ұса,Серен, Алғысқа көмді елірген қалың қолды.

Көңілінен Ұса, Серен кеткен қауіп, Қуанып, сырнай-керней қылды сауық. Алайда, Абылайдан сескенген соң, Жөнелді ертеңіне Қытайға ауып.

Алаштың ардагері батыр Баян

Бір қырда қала берді топырақ қауып. Жаудан да мейірімді боп жылады жел, Күңіреніп, ер денесін құммен жауып. Іленің толқындары əлі күнге

Айтады ерге жырау ауық-ауық...

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

165

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан, Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан, Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Арқаның селі, желі, шөлі, белі Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас.

ОҚЖЕТПЕСТІҢ ҚИЯСЫНДА

Арқада Бурабайға жер жетпейді, Басқа жер ойды ондай тербетпейді. Бурабайдың көлі мен Көкшетауды Көрмесең, көкіректен шер кетпейді. Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді. Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер жетпейді.

Көкшеде күңіренген Кенем қайда?! Дариға, жүрегімді дерт өртейді.

Көкшені күндіз-түні мұнар басқан, Қап-қара бұлттармен құшақтасқан. Алдында бұйра жалды бөлек тау тұр, Көкшеге қосылмаққа қойнын ашқан. Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек көл ортада, Жел ойнап, ақ бетіне меруерт шашқан. Сол көлдің жағасында Оқжетпес бар, Жасаған мұнарадай құйып тастан.

Найзадай Оқжетпестің қиясына Жалғыз-ақ Кенекем ғой қадам басқан.

Алашта талай-талай ерлер өткен, Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен? Сүйремей елін ерге, көрге сүйреп,

Ер емес, «ершіктер» ол елді еңіреткен. Жалғыз-ақ Кенекем ғой қайрат қылған, Қазақты құтқарам деп қалың өрттен...

166

Бір кезде Кенекемді ойлар билеп, Бір өзі Бурабайды кезіп кеткен, Артында Оқжетпестің үңгір тау бар, Сол тауда бірнеше күн мекен еткен.

Бір түні тым құтырып жел ойнайды, Жынды жел қатты сақ-сақ күле ойнайды. Бетінен жел кеп сүйіп алғаннан соң, Көбіктеніп күлегеш көл ойнайды.

Сол түні сонау үңгір тау ішінде Қабағын қарс жауып Кене ойлайды. Қамалған қазағына жол таппаққа, Жүрегін тілім-тілім тіле ойлайды.

«Қазағым, ханың да мен, қараң да мен, Сен үшін жаным құрбан», – деп ойлайды.

Кенекем құлаштаған ой теңізін, Бұлдыртқан бұлдыр заман қыран көзін. Бір кезде серпіледі, шығарған соң Ойлардың «уһ» деген у лебізін.

Келеді маң-маң басып Оқжетпеске, Құмдарға жолбарыстай тастап ізін. Көзін жұмып, қияға шықсам-ау деп, Ойлайды жоғарыға жөндеп жүзін. Сол минут Оқжетпестің қиясында, Жіберсе көзін ашып, көреді өзін.

Кенекем көзін ашып, таң боп қатты, Қараңғы, көз көрмейді ешбір затты... Нажағай маңайында жарқ-жұрқ етіп, Қарағай, сыпсың біткен шулап жатты. Төменде, Оқжетпестің етегінде Толқындар тасты сабап, тулап жатты. Кішкене сескенгендей болғаннан соң, Кенекем аузына алды аруақты.

«Аруақ» деп алғанша аузын жиып, Көреді қарсы алдында аппақ қартты.

167

Қарт сонда қозғағандай болды басын, Қолыменен көтерді түкті қасын.

Ойнаған ақ бұлттай денесі аппақ, Жасаған бұлт ішінде барлық жасын. Күңіренген көлдердің көбігімен Жуғандай аппақ қылып сақал-шашын. Ізгі қарт «а» деп аузын қозғағанда, Төменде судың шуы болды басым.

Қарт сонда күңіреніп: «Аманбысың,

Кенежан, елдің ері жолбарысым!

Кенежан, берірек кел, сырттан балам, Ел үшін елсіз жерде жортқан балам. Сақтайтын қолдан тілден сендей ерді Ата пір қасиетті мен қарт бабаң.

Өз қолыммен төменнен тартып алдым. Қияда күтіп сені сансыз заман.

Ел үшін еңіреп туған жолбарысым, Білемін, жүрегіңде бар бір жараң. Сені улаған қазақтың қайғысы ғой, Дариға, қазағыңның күні қараң.

Алаштың алдын қара тұман жапқан, Мынау орыс обыр ол еміп жатқан. Заман азған шағында адам азбақ, Көп ерлер жаумен бірге елін шапқан. Кешегі Абылайдан азып туған

Уəли анау қарт қатынмен басы қатқан. Шормаңдай шолтаңдаған шолақ билер Орыстың шекпеніне елін сатқан.

Кенежан, елің қалды жау қолында, Алып кет алашыңды осы жақтан.

Тайсалма, тəуекел қыл, батыр балам, Арсыға дұға асырар мен қарт бабаң. Еңіреген ерге серік жолдас болар, Балауса жас жолбарыс – інің Науан.

168

Жау қалың: азғантай ел, азғантай шақ, Болғай ед аруақ жар, Құдай панаң.

Мерт болсаң мақсұтыңа жетпей егер, Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам. Алашта тағы сендей ер тууын

Төбеде тас боп шөгіп күтіп қалам».

Осы сөзді айтып қарт ғайып болды, Таудың үсті тамаша нұрға толды.

Тербеліп, күңіреніп қара бұлттар, Жер мен көк қасиетті жырға толды.

Бұлтты айдап, сылдыратып сумен ойнап, Ерке жел тасты құшып сақ-сақ күлді.

Аллалап ну қарағай шулай-шулай, Төменде тулай-тулай толқын өлді. Тамашадан тас болып біраз тұрып, Көзін ашып, Кене өзін жерде көрді.

Сол кеткеннен Кенекем кете барды, Жанына жас жолбарыс Науанды алды. Алашты алып шығып ел қылмаққа, Орысқа аш бөрідей ойран салды.

Үйсін, дулат, қырғызбен қол ұстасып, Қытаймен қатынаспаққа ой ойланды. Біле алмай надандықпен ердің ойын, Сорлы қырғыз мерт қылды арыстанды. Арыстан Алатауда мерт болғанда, Оқжетпесте тұрған қарт тасқа айналды.

Содан бері бірталай заман өтті, Алашты улай-улай жаман өтті. Тұлпар – тулақ, ер арып аруақ боп, Сарыарқа сайран жердің сəні кетті. Жолбарыстар жортатын cap далада Қорсылдаған доңыздар мекен етті. Жалғыз-ақ Оқжетпестің қиясында Шөккен қарт күншығысқа түзеп бетті,

169

Көп заман талмай-тозбай тау басында, Алаштан Кенекемдей бір ер күтті.

Арқада Бурабайдай жер болмайды, Алашта Кенекемдей ер болмайды.

Кене Арыстан мезгілсіз мерт болды ғой, Алашқа бұдан да зор шер болмайды.

Ел азды, арқа тозды, қайғы басты, Күңіреніп біздей бейбақ жыр толғайды. Құдай-ау, мəңгілікке қарғамасаң, Кенедей енді неге ер тумайды?!

Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ, Дариға, жүрегімді дерт улайды.

ЕРТЕГІ

Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап, Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.

Жынды жүрек тығылады аузыма, Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ...

Бүгін жүрек отты қарақ іздейді, Бүгін жүрек күшті арақ іздейді. Құшар едім... ішер едім... жылар ем...

«Сен» деуші жоқ, Бəрі де шет: «Сіз» дейді...

Аласұрад, жынданады жас жүрек, Қарақ керек. Арақ керек! He керек! Бəрі де жоқ, жалғыз жолдас – қиялым, Жұбатады айтып маған тəтті ертек...

Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен, Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен...

Хан Абылай немересі Кене хан Аспанға өрлеп заулап жанған өрт екен.

170

Ертедегі адамдардың бəрі де ер, Түн жағында ел бар екен орыс дер. Орыс елі Арқаға қол салған соң, Жас Кененің жүрегінде қалың шер.

Елім дейді, жерім дейді, жанады, Жеткіншегі Ер Наурызбай баланы Ертіп алып, қорғамақ боп қазағын, Абылайдың ала туын алады.

Ту алады, орыс елін шабады,

Ер талмайды, аста тұлпар талады. Ел-жұрт іздеп Алатауға барғанда

Өз бауыры қырғыздан қаза табады...

Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен, Есіл Кене заулап жанған өрт екен.

Жас бөріден, сол ерінен айырылып, Алты алаштың жүрегінде дерт екен.

Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен, Хан Кене өлді, Науан да өлді ақбөкен. Тұлпар өлсе, қалмай ма оның тұяғы, Тартып туған артында ұлы жоқ па екен?!

Кене артында жас арыстан Сыздық бар, Төс үстінде желкілдеген қара жал.

Ерден туған ердің жолын қуады:

Ер иманы – ел, айнымайтын елім – жар.

Жап-жас Сыздық қорғамақ боп қазағын, Ту көтеріп, қарға ілді садағын.

Балаусасың қанды майдан көрмеген, Құтты қадам болғай еді, қарағым!

Сыздық батыр тұлпар атын ерттеген,

«Алты алашым, енді маған ер!» – деген.

171

Көп соққы жеп, сүле болған сорлы алаш, Алты алаштан алты адам да ермеген.

Алты алаштан алты адам да ермеген... Алаш сорлы келешегін көрмеген.

Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ, Қайран Сыздық құса болды шерменен.

Қайран Сыздық елден үміт үзеді, Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді.

Жатып өлмей, жортып жүріп өлем деп, Түркістанның бетпақ шөлін кезеді...

Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен, Сыздық ердің жүрегі шер, дерт екен... Арып-ашып бір қопаның бойына

Келген кезде – қас қарайған, ымырт екен.

Қараңғы түн жерге кебін төседі, Қонайын деп Сыздық аттан түседі. Қоректенбек болып жатар алдында, Қанжығадан қос қоржынын шешеді.

Қоржын іші бөлек-бөлек қалта бар, Қалта толған мейіздейін малта бар.

«Шөл далада жалғыз отыр ер балаң, Жел-ау, жел-ау, алты алашқа айта бар!»

Мойынға алса, адам көнбек қиынға, Жалғыз өзі қалың қопа бойында Шақпақ шағып, от тұтатып Сыздық ер Отыр еді, ешнəрсе жоқ ойында.

Түкті қабақ жауып түскен көзіне, Ұшқын шашып, от ойнап тұр көзінде. Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап-қара Тікенектей түк шығып тұр жүзіне.

172

Қол – иекте, басы төмен иілген,

Тегі, ойда ғой батыр жаны күйінген...

Бір мезгілде... сылдыр-сылдыр... қамыстар, Жел ме əлде қамысты құшып иірген...

Жел білінбейд, сылдыр... сылдыр... көп қамыс. Сылдыр... сылдыр... жақындады жат дыбыс.

Дыбыс тынды. Бұ не болды? He екен? Əлде ерге шапқалы тұр жолбарыс?

Сол мезетте қамыс ақырын ашылды, Əлдекімге тəжім қылып, бас ұрды. Ай мен күндей бір келіншек сыланған Шыға келді, балқып нұры шашылды.

Сыздық отыр ой ұшына шыға алмай, Кім екенін, не болғанын ұға алмай. Сылаңдаған сұлу келіншек келді де, Амандасты қолын жеңнен шығармай.

Жеңін беріп сұлу келіншек сылаңдап, Тал шыбықтай жүзге иіліп бұраңдап, Сызылып қана жанған оттың басына

Отырды ақырын жұлдыздайын жымыңдап.

Сыздық сонда кəрмен қабақ түйеді, Сұлу келіншек босатпады жүйені. Көзінен от, қабағынан қар жауды, Бір көз салып, кім екенін түйеді.

Хас батыр ғой, қысылмады, саспады, Сынамаққа бір малта алып тастады.

Сұлу келіншек былқ-сылқ етіп қылмыңдап, Малтаны алды, жеңін тағы ашпады.

Көңіл түйген нəрсе енді болды анық, Сыздық батыр қабағынан қар жауып,

173

Келіншекке қаһарменен: «Кет!» – деді, Беліндегі садағын шешіп қолға алып.

Сұлу келіншек «хи-хи-хи» деп күлгендей, Дыбысы шықпай, ішегі қатып өлгендей, Былқ-сылқ етіп түрегелді судырап,

Судыр-судыр жансыз жібек жүргендей.

Сылдыр-сылдыр сыбырласты көп қамыс, Тек тұрмайтын, жыбырлайтын желауыз. Сылаң-сылаң сұлу келіншек жоқ болды, Сыбыр тынды. Жыбыр қалды. Жоқ дыбыс...

Отқа қарап отыр Сыздық, көзі – от, Қарасады, арбасады от пен от.

Айнала өлім. Құм жамылған үнсіз шөл, Күбірлейтін, жыбырлайтын жел де жоқ.

Құм астында демі біткен бетпақ шөл, Сұлу келіншек – жезтырнақ қой қанішер.

«Тырнағымды көрсе, біліп қалад», – деп, Жеңнен қолын шығармаған мəні сол.

Жезтырнақтың тырнағы бар өткір жез, Алып, күшті, жүгіріп кетсе, желден тез. Пері менен диюдың ойнас баласы...

Бола алады аң да, құс та, шал да, қыз.

Бүгін келіншек болып кепті Сыздыққа, Алдап-арбап батпақшы ғой қызыққа. Жемекші ғой өлтірген соң қытықтап, Ер жүрегін малып-малып тұздыққа.

Қырмызы ерні қыбырлады батырдың:

«Heгe əлі мен «Кет!» деп соған ақырдым? Күлген болып, көнген болып, əурелеп, Ойынын көру керек еді пақырдың.

174

Сөз жоқ, енді ол намыстанып, арланып,

Кетті ыза боп: «Қап, бəлем!..» – деп қарғанып. Біраздан соң, түн ортасы кезінде

Келмес пе екен дауылданып, кəрленіп», –

Деді-дағы ер қараңды жан-жаққа, Маң-маң басып жүріп біраз ар жақта, Тауып алды дөңбектей бір қара тас, Ер қолына дөңбек тасың қаңбақ та!

Дем шығарма, салса да тас салмағын, Қары түгіл, ауыртады бармағын.

От басына тастады да, дөңбекке Сыздық батыр жапты қара қапталын.

Атын алып кетті өзі анадай, Сескеніп бір жан-жағына қарамай. Тұсаулы аттың тасасында отырды, Бұғып қана қонған қойшы баладай.

Ашыққан ат үзіп жатыр күріс-күріс, Ол үзгені тырбық-тырбық баялыш.

Айнала – өлім, жыбырлаған жел де жоқ, Естіледі жалғыз ғана дем алыс.

Естімейді құлақ ешбір тықырды, Əлде пері əпсүн оқып түкірді?

Бетпақ шөлдің көгі де бір сұр кебік, Айы нұрсыз, жұлдызы үнсіз сықылды.

Тым болмаса, сылдырласа қамыстар!.. Əлдеқайда, Қырда, Сырда алаш бар...» Шулаған аң, шұбырған мал, шалқар көл, Мұнарлы тау, балдай бұлақ, ағаш бар.

Сыздық мынау елден безген ел үшін... Сыздық мынау шөлге көмген жас күшін...

175

Бетпақ шөлде Сыздық өлер, құм көшер... Жүректе у... жарып қарар кім ішін...

Өлер батыр... тастар оны құм көміп... Қарға-құзғын үстінде жүрер үңіліп... Сыздық өлер... алаш құрыр... есіл ер... Бір мезгілде кетті ме көзі ілініп.

Бір мезгілде жындай ойнап жел шықты.

«Фию-фию» деді. Тілін кім ұқты? Сыбырлады, жыбырлады жорғалап, Шөл шулатып, құм аузына құм тықты.

«Фию-фию, фию-фию» есті жел. Бұғып жатқан баялышты құшты жел.

«Жынды неме, мұның не?» – деп, мырсылдап, Селк-селк күліп, селкілдеді сексеуіл.

Сылдыр-сылдыр қамыс басты сылдырға, Жел сүйсе оны, жан кіреді құрғырға.

Жел – жас жігіт, қамыс – қыз ғой көңілшек, Еркі қалып, салған «қойшы, кұрғырға».

Уледі жел, дауылға ол айналды, Көкке қою қара бұлттар байланды.

Қыбырлады тұншығып жатқан құмшықтар, Серпілді де, ер садағын қолға алды.

Əр дыбысқа енді құлақ түрулі, Көз тігілді, қолда садақ құруы.

Жезтырнақ қой келе жатқан кəрленіп, Дию ашулы, пері жүріс, жын шулы

Сол секундта жаншып жап-жас қамысты, Жындай, түндей қап-қара бір албасты Жымып қана келді дөңбек жанына,

Сол секундта батыр көзін қан басты.

176

Тартайын деп оңтайланды садағын, Сонда албасты: «Ə-ə, Сыздық қарағым, Жатырмысың ұйықтап қаннен-қаперсіз?! Мына маған қалай кəрмен қарадың?!

Келдім. Кеттім. Орныңнан да тұрмадың! Кім ұмытар сенің тұқымың қылғанын. Кене – əкемді, Абылай ағамды өлтірді, Балам, сенің құрытайын ұрпағың!» –

Деді де ол, көзі оттай жайнады, Жез тырнағын өз тісіне қайрады. Қайрады да көмді тасқа тырнағын... Ессіз шіркін қайдан білсін айланы.

Сол арада «талдау жердің тұсы» деп, Сол арада «дəл жүректің басы» деп, Көзі қан боп, қарт бурадай қалшылдап, Дəлдеп тұрып тартып қалды ер Сыздық.

Тырнақ тіліп тас шыңғырып – «шақ!» деді, Сол секундта тартылды садақ – «тақ!» деді. Тəлтіректеп, аузынан кесек қан атып, Жезтырнағым «аһ» деді де, «қап!» деді.

«Сыздық сұм-ай, орарыңды біліп ем, Ордың да сен тындың. Болды тілегің. Бір сұрауым: тағы да атар ер болсаң, Бір оғыңмен азаптанып өлемін».

Сөз орнына Сыздық сақ-сақ күледі, Екі атса ғой Тырнаққа Құдай береді! Біраз тұрып, тəлтіректеп жезтырнақ, Сүйретіліп қопаға қарай жөнеді.

Жол берді оған, қамыс тағы ашылды, Намысы жоқ қамыс тағы бас ұрды.

177

Біраз сыбыр. Біраз жыбыр. Дыбыс жоқ. Көк айықты, жел де енді басылды.

Ешбір үн жоқ. Үнсіз өлік – бетпақ шөл, Жыбыр-жыбыр. Жанын берді, өлді жел. Тұншыққан құм. Мəңгі бұққан баялыш, Қатып қалған, селкілдемейд сексеуіл.

Айнала өлім, шеті-шексіз шөл де шөл... Шөл мен өлім арасында бір-ақ жол.

Ер Сыздықты тағы ойлар биледі, Иекте тұр жаңа садақ тартқан қол.

Əлдеқайда, Қырда, Сырда алаш бар... Мұнарлы тау, балдай бұлақ, ағаш бар... Есіл елді, есіл жерді жат алды...

Ойлы ұлына бұл кең дүние болды тар.

Ойлар басты, жүйрік жанға ой батты... Ұзамады, ағарып ақырын таң атты.

Ұры ойлар жанды жеді, қанатты, Тарам-тарам алма беттен жас ақты...

Күні кеше айбынды Абылай бабасы, Ақылы кең, алты алаштың ағасы,

Шын хан еді-ау, қорғаны еді-ау қазақтың, Өлді Абылай, солды қазақ даласы.

Өз əкесі Кенесары кім еді? Заулаған өрт, ойнаған от, Күн еді.

Алаш деп – у, қазағым деп қан жұтып, Қаза тапты, қазағым, күнің түн еді!..

Сыздық мынау қайғы қуып, шөл безген, Кім біледі, көмер оны құм кезген.

Бүйткенше ол, неге жүріп кетпейді Кене, Науан салып кеткен қанды ізбен?

178

Өлім іздеп адам белін бусын да, Ерден туған ердің жолын қусын да. Жолбарыс ер жалғыз өлсін майданда,

Жаспен емес, қанмен бетін жусын да!..

Осы ойлармен ерттеді атын мінгелі, Шөлден безіп, қанды жолға кіргелі, Алаш елі, сары сайран жері үшін, Жапанда емес, жау қолында өлгелі.

Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген, Тап сол кезде ер жүрегі өрт екен...

Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ... Заман озды, ер заманы ерте екен...

Ертек, ертек, ерте, ертек – ерте екен, Ерте күнде ерлер екпінді өрт екен. Хандарынан, ерлерінен айрылған Алты алаштың жүрегінде дерт екен!

Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен, Хан заманы, ер заманы ерте екен.

Ерте заман, алаш аман – айбынды ел... Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен...

Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен, Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен.

Күңіреніп күрсін де, алаш, тыңдай бер, Ертегі айтад дертті балаң Жөжекең.

Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек, Қарақ па əлде? Арақ па əлде? He керек? Арағы да, қарағы да құрысын!

Қиялтайым, айтшы тағы, тағы ертек!..

179

ҚҰЛАГЕР

Толғану

Тасқында, тау суындай көңіл жыры, Қазақтың сусындасын ойы-қыры.

Бұрқырат кер бұланды кең далаңа, Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры. Далаңның той болғанда қиял құсы, Жүйріктей бабындағы жүгір, міні; Орай шап алдын, артын жиын жұрттың, Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны.

Шарықта шар тарапқа қиял құсы, Көңілдің көп тұрғанда күнді алғысы. Халқыңның қуанышын қанат қып қақ, Қашанда қала берер ұяң кісі.

Қашаннан қазақ көшкен тарих көші, Таланып жаудан, жұттан жеткені осы. Көсемі көш алдында басшы болып, Бақыттың жайлауына қонған тұсы.

Шат көңіл, шадыман жұрт ақынысың, Жүйріктің жұрт қуантқан жақынысың, Баласын бақытты елге, түс майданға, Халқыңның қайратысың, ақылысың. Тілісің, теңіз көңіл, батылысың,

Өткір ой, сазгер сезім батырысың. Желіндей қуаныштың жеделдей соқ, Өлеңнің өзені бір сапырылсын.

Күйіндей домбыраның құлдырасын, Суындай Алатаудың сылдырасын, Сөздердің асыл, көркем тасын қала, Ұйқасы өлеңімнің сыңғырласын.

Тегінде кəр құлақсың, сұңғыласың,

180

Сондықтан сұлу сөзді жыр қыласың. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай,

Я көрсін, я көрмесін тұрғыласым. Ұзаққа жүгіретін өрен жүйрік, Секілді тыз етпеге қақпай күйбік, Көсіліп өресі ұзақ поэмаға,

Жай тастап, кең құлаштап, желдей жүйткіп. Десе де «Бұл ақынның сөзін сүйдік»,

Десе де «Ақынымыз кетті жидіп»; Тастай бер ортасына өз сөзіңді, Ұлы ұрпақ, осы күні көпте билік.

Халқымның қуанышты бұлбұлымын, Жұртымның жүйрігінің дүлділімін. Көтеріп көптің көңілін күнде шауып, Жүлде алар жұма сайын туды күнім.

Шат елдің шешенімін, даңғылымын, Шыным сол, правом бұл, заңды мұным. Астанам Алатаудан саңқылдасам, Жетпей ме, жер жүзіне жаңғырығым?

Бақ туын тұрғанда ұстап бүгін қазақ, Көңілі судай тасып, оттай маздап.

Ескі күн елім көрген енді ойласам, Көрінер кейде қорлық, кейде мазақ.

Соларды əдетім еді айту аздап, Ескіге ендігі елдің кегін қозғап, Ескі күн – елдің жылап өткен күні,

Ескі əн, күй сондықтан қалған боздап.

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін, Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.

Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр Құлақты қырға түріп жүрген кезім.

Ақтарып асыл сөздің алтын, жезін Салатын дүкеніме бар мінезім.

181

Ақтарған Арқа астын инженермін, Ал жұртым, керегіңе тұрса сөзім.

Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай, Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай. Шатасқан шалдуардан жиіркенем, Елімнің ескісінен сөз айтқызбай.

Сапырған сырлы сөзді cap қымыздай, Заманның отырғам жоқ,салтын бұзбай, Асылын арамынан аршып алдым, Қашаннан қазынаға халқымыз бай.

Туған жер

Мен өзім тауда туып, тасында өстім, Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім, Асқарда Аршалыға қозы жайып, Бұлттың аспандағы қасында өстім.

Жөңкенің жоғары ала басында өстім, Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім. Аспанда ақиығы шаңқылдаған Құздардың құламалы астында өстім.

Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген, Тасы жоқ, таусыз жерді жерсінбеген. Алматым Алатаудың бауырында Аңқылдап жел соққандай əн мен күйден.

Жасымнан жырлап едім тауды талай, Гималай, Кавказ, Жөңке, Алтай, Алай. Ордасы ой, көңілімнің ала асқарлар Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай?

Таудағы тасқындаған ағын судай, Өлеңім басталады таудан ұдай.

182

Əсемін əңгіменің көп таратқан Айтылмай қалған екен тау мынадай:

Көк орман, көркем тоғай маужыраған, Сұлудың кезіндей көл жаудырған.

Малта тас, маржан, ахық, меруерт тас Төгіліп көл жиекке саудыраған.

Көк кілем, балаусасы балбыраған, Көк жібек жапырағы жалбыраған. Ақ қант аспандағы сонда жауып, Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған.

Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен, Талайы осы таудың бізге біткен.

Мақтауға, мақтануға тұратын жер Айтамын Көкшетауды даңқы кеткен:

Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен, Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен. Қия құз, жақпар сарай, бура тастар Тəртіппен көлді айнала сəндеп шөккен.

Кавказдай таласпайды аспан-көкпен, Қаһарлы Хантəңірі емес қар бекіткен, Алтайдай асу бермес асқар емес, Жөңкедей жолсыз емес құж-құж біткен.

Көкшетау жер жаннаты жеке біткен Бір сұлу кең далада бойын күткен. Жомарт тау дастарқанды, момақан тау, Шипа тау тазартатын барлық дерттен.

Көкшетау көп жердің бір көркем жері, Қыз орман Бурабайдың мөлдірлері.

Жамылып жасыл барқыт асыл құндыз Түрленген тотықұстай тау көркемі.

183

Сайраған бұлбұлындай əншілері, Зулаған дүлдүліндей жүйріктері.

«Хан тұрып қазағыңа, ханды ант ұрған», Қонысы Абылайдың бір күндегі.

Қазақтың əсем жері Арқасында. Арқаға жетер Арал, Балқашың ба? Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар Арқаның тізілгендей алқасына.

Арқаның алқа қонған даласына, Ауылдай таулар отыр жарасымда. Алапқа бетегедей киіз төсеп, Оранған орманды тау ағашына.

Бұлақтың тəттісі де, тазасы да, Көлдердің кең мөлдірі тап осында. Айдыны ала шұбар, құс қиқулар. Ауыл, мал, масаты көл жағасында.

«Ауылы Сырымбеттің саласында. Ақ сұңқар ғашық болып баласына».

Құмар боп жерден жүйрік, көктен құсқа, Тұр таулар əн шырқалған арасында.

«Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр, Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір.

Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп, Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр.

Неткен жан, əлде даңғыл, əлде мұңғыл? Бұл өзі əн күңірентіп айтады жыр». – Осылай ертегі қып кетуінде

Елдің де ескі ауызында жоқ па екен сыр?

Салғанда шалқып, шырқап əр түрлі əнге, Осы шал ұқтырғандай көп əңгіме.

184

Жетісу, Ертіс, Арқа жүрген жаттап Байбайлап салған əнін «Құлагерге».

Кетсе де шалдың өзі көптен көрге, Жайылған əні, сөзі жалпақ елге.

Елімнің есігінен иттер қуған Сорлының сүйреген ел басын терге.

Жақсының жақсылығын жан айтады, Сондықтан «Құлагерді» бəрі айтады. Егіліп əндеріне, сөзін тыңдап,

Ерінді ел қиялы дардайтады.

Қазақта Құлагерді көп айтады,

«Серінің серігі еді» деп айтады.

«Ат сыры иесіне мəлім» деп жұрт, Тегінде мал көрмесе, неге айтады.

Заманда сонау сарсаң Ақан тұрған, Ол заман – ерге тұсау, зорға думан. Жалмап жеп айналасын аш кенедей, Семірген жұрт қанына нелер жуан.

Хан қабан – халық құлағын бұрап тұрған, Бүйі би – билеп-төстеп сұрап тұрған.

Қор қылып ақ алмасты отқа көсеп,

Жүз-жүз жар теңін таппай жылап тұрған.

Барымта – ел шулатып жылқы қуған, Əупілдек батыр шыққан əр рудан.

Ел құнға жұма сайын бір жығылып, Қара нар, қалы кілем бітім қылған.

Қанды кек ел арасын ушықтырған, Қорқауды қол табылмай тұмсыққа ұрған. Асыл ер, арманды жар опық жеген, Албасты əлсіз жанды тұншықтырған.

185

Қырдағы қара сойыл бақандаған, Қалада қара жүрек қаһарланған. Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған.

Ол күнде қазақ мұндай жасармаған, Құл мен күң қожасынан аса алмаған. Жарлыға, жалғызға да дес берді ме, Жыландай ысқырынған заһар заман.

Керексіз кісі болған ол заманға, Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда. Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған, Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға.

Түскен жан сондай күйге сұм жалғанда Ескеріп енді ойлансақ тегін жан ба?

Қыңыр жан қырық кісімен қырпышақ боп, Ел таппай өте берген неге арманда?

Ішінде өрті жанып басылмастай, Шемеңдеп дерті кеткен ашылмастай. Тентіреп тауда, таста неге жүрді, Тасталып танылмаған асыл тастай?

Бай басып, батыр əлде жасқаған ба, Би тауып, шерін шындап ашпаған ба?

Сұңқар құс сүймеген бір жұмыртқасын Ұядан садағалап тастаған ба?

Таба алмай тыныштықты туған елде, Кете алмай біржолата бөтен жерге, Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық, Төсеген талай ерлер оққа кеуде.

Жақсы боп елден өлім талай ерге,

Аз ба екен оққа ұшқандар дуэльдерде?

186

Өлімді жан қорлықтан жақсы көрген

He дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге?

Өмірде бастырмастан көңілін өрге, Кім еді ел талантын тыққан жерге? Қыз емес, қара күш пен қаңқу сөздер Ертерек ер жүрегін көмген көрге!

Өмірде солардайын қорлық тартқан, Сұм заман өткір жанды қор қып баққан. Жаралап ер жүрегін жау қанжары, Ысқырып жылан өмір жанын шаққан.

Лермонтов болмағанмен біздің Ақан, Кісі ме ед ақындықтан құралақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара, Имеген иттерге бас сері, дарқан.

Еріксіз ерте туған ел еркесі, Жетпестен қиылатын ер желкесі.

Лермонтов, Пушкин көктен атылған құс, Түскен бе Көкшетауға көлеңкесі?

Қайт болып қара күштен меселдесі, Халықтың қайғыда өткен нешен досы. Жаныштап жұрттың жанын жерге тыққан Қара күш, қаңқу сөздер – кеселді осы.

Тегінде тегін бе екен Ақан сері, Бұл да бір емес пе екен елдің ері? Өз ұлы, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?

Туғаны Арқадағы Арғын елі, Өскені Көкшетаудың шалғын жері, Ащы тіл, асау мінез қылығынан

Атанып кетпеді ме «Азғын», «Пері»?

187

Лақабы – əлде əулие, əлде пері, Арқаның атақтысы Ақан сері. Көкшеде сұлу сүйіп, өлең айтқан Бұлаңдап тақымында Құлагері.

Көкшеге жаз көк жібек жапқандайын, Көкшеге қыс ақ күміс шапқандайын. Көкше қыз күзде киіп қырау ішік, Көк айна – көлі қыста қатқандайын.

Жамылған қыста ақ үзік ақ қардайын, Төселген жазда кілем мақпалдайын. Қырдағы ел «Құлагердің» əнін тыңдап, Былайша əңгімелер Ақан жайын:

Ақан

Бурабай бір таза жер «пері» жүрген... Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген. Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,

Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.

Ақандай осы тауда сері жүрген, Су ішіп, тауда шие теріп жүрген.

Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт, Көң-қоқыр, былапыттан жеріп жүрген.

Жасынан иеленген баласындай, Талпынып Көкшетауға анасындай. Көліне бетін жуып, ат суарған Арқаның бір сиқырлы айнасындай.

Сұрша тал – сұлу қолдың саласындай, Қып-қызыл қайың – қыздың баласындай. Жамылған жанат ішік, мөлдір сұлу, Көзінің Көкше көлі шарасындай.

188

Кісі емес Ақан төрде билік айтқан, Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан. Молда емес, мешіт салып, зекет алып, Нəжісін дүниенің бойға жаққан.

Ол емес жəне өзінің малын баққан, Жалшы емес жəне байдың отын жаққан. Кісіні ит етінен жек көретін

Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан.

Төренің тұсындағы қасына ерген, Өзін ел кұрмет қылған көрген жерден. Жерлерді тоқты сойған топыр қылып, Сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген.

Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен Өмірді өткізген жан өз ырқымен.

Өмірдің ащы емес, тұщысында Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен.

Сандақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден, Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.

Қызықтың айдынына құлаш ұрып, Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген.

Солардан келе-келе жаны безген, Өмірде əлсіздігін əбден сезген.

Сезгір жан, нəзік көңілін азап алып, Жабырқап, жапан түзді жалғыз кезген.

Кісі емес көп қатынды үйірлеген, Болған жоқ бір пендеге тию деген. Текті құс тазалықты қолына ұстап, Арманы-ақ сұлулықты сүю деген.

Адамнан, айналадан, күйіркеден, Бой тартып ел ішінен жиіркенген,

189

Безінген біржолата тағы болып, Аулақтап əсем тауда жүруменен.

Сұлулық жерден өніп, көктен жауған, Тапқан ол тыныштықты таза таудан. Шомылып мөлдір көлге, орманда ұйықтап, Жақсы жер жұмбақ жанын аялаған.

Қарағай, қайың, талдар – қалың орман, Тау мен тас жеке жанға болған қорған. Қиқулап өлең айтып, күйлер тартып, Сері үшін құс, көбелек қылған думан.

Таза тас сияқтанған күміс кесек, Жапырақ секілденген таза төсек. Жүрегін жуықтаса жаралаған Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек.

Ақанды сол күндегі сопы десек, Əсем тау оған кұбыла, Меккеге есеп. Əн – азан, əдемі сөз – намаз болып,

Кітап боп көңілін ашқан гүл-бəйшешек.

Бұл өзі ауылында аз оқыған,

Алғыр ой, ақын, əнші – көп тоқыған. Елді улап, өлім тілеп жалмаң қаққан Бұл емес, бөлек еді көп сопыдан.

Көрмеген ілімді артық көк тоқтыдан He тапсын білгенімен көр соқырдан. Тəңірісі табынатын табиғат боп, Мешіт қып мекен алған көк шоқыдан.

Жасынан туып, өсіп мекен қылған Жерінен патша қуған, қала отырған. Ел інін суға алдырған суырдай боп,

Жойқын жұт – сұрапылда малын қырған.

190

Арманды ел ақ патшаға арыз қылған, Арыздан борыш басып, қарыз қуған. Жер мұңын, елдің шерін өлең қылып, Ақан да жанның бірі жаны ауырған.

Жəне де жақынынан жарды сүйген, Сол үшін ауыл-аймақ, безген үйден.

«Алам» деп Ақмарқаны алас ұрып, Ала алмай ақырында жаны күйген.

Сол үшін тау пəлені басына үйген, Тартқан ол тауқыметті болыс, биден. Соқпадым онысына осы арада,

Бар ма деп жолдастарым жазып жүрген.

Күйдіріп осындайлар жанын жеген, Кеңесіп келісе алмай қалың елмен. Тілімен жырды жаттап, жерді жоқтап, Ол өзін жазалаған алдыменен...

Сұрама оның бəрін бүгін менен, Тіршілік болса тағы айтып берем. Ақанның ең аяулы əңгімесі –

Тек бүгін тарқасалық «Құлагермен».

Арқада Ақанды айтқан əңгіме көп, Қылады оны əулие əлде не деп.

Əулие болмаса да безеген жан, Неліктен? Тарихшылар табар себеп.

Мен өзім сері Ақанды көргенім жоқ, Сөздерін, əнін жаттап, тергенім жоқ. Ақанның өзін көрген, сөзін терген Адамдар айтпас мұны өтірік деп.

Серінің сүйген жары – Ақмарқасы, Көліндей Көкшетаудың жан қалқасы,

191

Сол ма екен елден айдап əн салдырған, Жүрегін күнде шауып қыз балтасы.

Асыққа азап болып қызға айқасы, Қайғымен өртеді ме қыз-қалқасы? Жұрттан ба, жарынан ба жанын қинап, Серіні сыйғызбаған ел ортасы?

Əйтеуір Құлагерді мініп баптап, Жалғыз жан жапан-түзге кеткен ақтап. Ақ көңіл, асқар жанын алып қашқан Арамнан, айналадан, кірден сақтап.

Сондықтан əн шырқаған жырды мақтап,

«Асылым, Ақмарқам» деп атын жаттап.

«Сендерге сүйгеніммен келмедім» деп, Орманға, құсқа, тасқа қызды мақтап.

Жете алмай арманыңа болып қапы, Күңірентіп əніменен кең аймақты, Түлкі үшін тасқа түскен қыран құстай Болған соң кетті ме екен жаны запы?

Жатталып Ақмарқаның аузында аты, Телміріп таста отырып жазған хаты. Жары да, жолдасы да тек біреу-ақ – Онысы астындағы жалғыз аты.

Меншіктеп таза бұлақ, таудың тасын, Мекендеп жүрген дейді көлдің қасын, Айтады осылайша айтушылар,

Кім білсін, əлде өтірік, əлде расын...

Тамсантқан əніменен кəрі, жасын, Демейміз елге Ақанды сөз қылмасын. Əңгіме Ақан емес, Құлагер ғой, Осынан бастамақшы ек сөздің басын.

192

Ендеше көлденең сөз былай қалсын, Қызықсыз қысыр сөзге кім айналсын. Көңілін көркем таудың жайлауына Шығарып, сері салтаң кете барсын.

Асық боп Ақан жоқтап Ақмарқасын, Деп біраз жалын шығып, шер тарқасын. Жаңғыртып Сырымбеттің күллі алабын, Серіңіз серпіп көкке əн шырқасын.

Бұлбұлдар көмейлерін бүлкілдетсін, Көделер ақ үкісін үлпілдетсін.

Суырып көк жібектің суыртпағын, Құлагер көк шалғынды күртілдетсін.

Суықта паналасын ну тоғайға, Ыстықта көлеңкелеп сая жайға. Жауында үңгір тасқа ықтап, ұйықтап, Шомылып жүре берсін Бурабайға.

Бата қып батқан күнге, туған айға, Бейшара жүре берсін Бурабайда. Серіні «пері» деген қалың қауым Нағылсын, бір мақсымды қудалай ма?

Ac

Басталды əңгіменің былай басы,

Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы. Арқада Ерейменді мекен еткен

Керейде Сағынайдың болыпты асы.

Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы, Қалтырап жынданғандай қолы, басы. Сағынай сапты аяққа сиіп өлді, Тоқпақтай тоқсан төртке жетіп жасы.

193

Білмеймін кім екенін Сағынайдың, Кім білсін, қай жыл өтті, өлді қай күн? Малы мол, малайы көп, қатыны көп, Əйтеуір болуы анық бірі байдың.

Жоқ болмас, бірі ғана құры байдың, Өзі – нəн болса керек, руы – айдын. Осы астың біз айтпай-ақ өзі айтады Болғанын əлдеқандай сұмырайдың.

Іріңдеп, сығырайып екі көзі, Болыпты Керейдің бір бұлдысы өзі. Алдынан дау, аузынан сөз кетпепті, Айтқанда Керейлерше «Дəудің өзі».

Оларша – жердің белі, таудың құзы, Ата ұлы, арыстандай кер ауызды.

Біздерше – хат білмейтін бір қатты шал, Жуан ит сүйек бермес, жалмауызы.

Қар кетті, көк жетілді, ағаш мүлги, Жетіпті Сағынайдың жылы жылжи. Қар жұқа, қысы жақсы, жер соны боп, Сол жылы Арқа елінде болып ед күй.

Қатарлап қаладайын үйлерді ылғи. Көше боп көк майсаға тігілген үй. Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір, Хат алған неше дуан, болыс пен би.

Əр елдер тұрғы-тұрғы, алыс, жақын Жаратып келіп жатқан дəмелі атын. Бас қосқан неше дуан ақтарылды ас,

Жалпақ, жұрт түгел естіп жатты даңқын.

Əйтеуір əудім жерге шаба алатын Бұл астан қалдырған жоқ қазақ атын.

194

Қалмастан қаладағы биржевойлар, Саудагер қалдырған жоқ тағалы атын.

Керейдің ас болған соң осы шалы Ағылды алуан жүйрік қосылғалы. Қаптасты кұмырсқадай қырға қазақ, Ac емес, шегірткенің жосылғаны.

Қараөткел келіп жатыр, Қарқаралы, Кереку, Баян, Семей, Торғай – бəрі. Жетісу осында кеп құйып жатыр, Арқаға аунап шөкті Қаратауы.

Əр жақтың қошқарлары, марқалары, Əр жерде ауыр қотан, алқалады.

Жиылды Сағынайдың сорпасына, Асын жеп, атын шауып тарқағалы. Əр елдің бұқалары, өгіздері, Қызыл көз, саба құрсақ – семіздері,

Жерлерден жарты ай жүріп келгендер бар, Келіпті пəленше де дегізгелі.

Дейміз бе осыларды нені іздеді? Жын қуды астың етін жегізгелі. Арқаға аударылды ас дегенге Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.

Жан-жақтан ағытылды сабаны артып, Түсіріп, дүрілдеп жүр табақ тартып. Кісіге шыпылдады ақ ордалар, Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт.

Байланған қыс бордақы домалантып, Сойылды талай мертік, талай шартық. Соларға бір сұғынды Сұрпақбайлар, Мал сойып, табақ тартып, сорпа қалқып.

195

Арқаның жазы жібек, жері сая; Қоңыр жаз самал соққан күн жылмая. Қазақты асқа келген Арқа күтті,

Су беріп бал бұлақтан, кілем жая.

Тəтті жал, қазы, қарта мая-мая, Дамылсыз дастарқанды жүрген жая Жігіттер тынымы жоқ, табақ тасып, Болғансып терлеп-тепшіп, бая-шая.

Шалдар да былыш-былыш қақырынған. Сары қымыз салқын үйде сапырылған. Қалың топ, қара құрық, қамыс кісі Толықсып, желді күндей жапырылған.

Ақсақал ат əкелген ата ұлынан. Əр елдің дəріптеген батырынан, Біреуді білмесе де нəн деседі – Шіреніп насыбайды атуынан.

Бір үйде тұздықтаған тəтті табақ, Бір үйде ет тартылмай қаққан жалақ. Бір жерде табақ теуіп, етке өкпелеп, Боқтасып бір үй жатыр жерді сабап.

«Шорманның Оқасы!» деп шапты анталап, Бір үйді қырғыз алды – Шабдан манап, Оязы Қараөткелдің Измаилов

Бір үйде лəйліп отыр ішіп арақ.

Жиынға ояз мінген бір арғымақ Тыншымай мамағашта тұр қарғылап. Тұқымы, тобылғыдай тор қасқаның, Алынған француздан аңғарылып.

Бүгіліп бауырынан, жүйрік жарап, Жан-жақтан келіп жатыр не желді аяқ.

196

Көл асқа қыр қазағы құстай қаптап, Топырлап қонып жатыр үйге тарап.

Бір үйде бəйбішелер бауырсақтай, Ауызы еттен, майдан дамыл таппай, Сүртініп сорпа терін жеңіменен, Ұзын күн істеп отыр қарнын қаптай.

Келіншек – жас жауқазын, сарымсақтай, Қыздар да пісіп отыр, қауыншақтай,

Ақ тамақ, алма бетті арулар жүр, Қыдыржан бақалшылар сабыншықтай.

Бір үйде қобыз даусы шымыраған, Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған. Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп

Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған.

Бір үйде домбыра да ыңыранған, Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған,

Қос ішек «Қосбасарды» сылқылдатып, Жүректі жұлып жеуге күй жынданған.

Ет асып, пышақ қайрап, малды қырған, Кедейге сонда ырза емес бай антұрған. Жалғыз-ақ бұл жиында малдылар жоқ, Аңсаған ас етіне қойшы қырдан.

Албасты Арқадағы абы жылан – Молда отыр ысқырынып оқып құран; Атты арбап, атан жұтып жатыр молда, Құранмен жем түсіріп жуан-жуан.

Түлкісін санап қыстай пұшпақтаған, Бір үйде бір дарақы құс мақтаған.

Саудагер мата сатқан сөз қатып тұр. Қылжақтап бір тоқалға тұштақтаған.

197

Бір үйде өлеңші отыр жұрт мақтаған, Сөз сатып, тиын тілеп елді ақтаған. Толтырып сүйек-саяқ дорбасына

Бір қора қайыршылар жүр қаптаған.

Кəрі ақын кіжінеді өңмең қағып, Бала ақын cap масадай жатыр шағып, Екі жақ ереуілдеп көрісіп тұр, Даттасып бірін-бірі атып, қағып.

Қолына я бөрік, я тұмақты алып, Ақтаған ат үстінен сияқтанып, Жаршылар жағы сембей зар қағып жүр, Жұрт жатыр əр хабардан құлақтанып.

Таң атса шаң бермейді астың үйін, Күн батса жан бермейді тіреп иін. Сылтауы ас, Сарыарқаны қазақ басты, Қыл сақал, қымыз сасып, қолпаң киім.

Осындай болып жатты ұлы жиын, Жиынның мыңнан бірін айту қиын. Еті тау, қымызы көл деуге болар Айтқанда тартыңқырап астың сыйын.

Жүз-жүздеп жүрген жігіт даяшыға, Ақ көбік мінген аттың жаясында. Екі айдай Ерейменді ет сасытпай, Жұрт малын жылулаған аясын ба.

Сан сойыс Сағынайдың бұл асына Мал қайдан жетіп жатыр, расында?

Жан-жақтан топ-тобымен төгілген мал, Көтерген малын Керей үй басына.

Мал айдап жан-жақтан жұрт оннан, бестен, Көп саба келіп жатыр елдей көшкен.

198

«Жоғалған тоқтым бар» деп бай жүгінсе, Қойшыға билер отыр кесік кескен.

Шығының, шаңырақ ақың мұнша дескен Бір үйде старшиндар құлақ кескен.

Жасауыл анау жерде ат аударып, Мынау жер жесір дауы дүрілдескен.

Жиылған көп күшіген əрбір тұстан, Қалмастан қарға құзғын түгел ұшқан. Тояттап қазы, қарта, түйе кекірік,

Қып-қызыл билер жатыр қымыз құсқан.

Қап қарын үйелмендер тісі шыққан, Ішіне ет пен майды істеп тыққан.

Желпініп алды-артынан жел соқтырып, Тер сасып, қарнын қасып, битін сыққан.

Сопылар тəсбі тартып, құман ап жүр, Əр үйге «Аллай хақ» деп дуана жүр. Кемпірі Сағынайдың опыраңдап,

«Кет-кет!» деп дуананы қуалап жүр.

Қарғалар қызыл көрген анталап жүр, Май шайнап жамбастарды жаңқалап жүр. Итініп ет үйлерге ит пен жетім

«Қай жерден қағамыз» деп байқап-ақ жүр.

Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр, Кедейлер отын шауып арқалап жүр.

Күңірентіп Сағынайдың кəр моласын, Осындай ас боп жатты Арқада бір.

Құлагер

Қайырып қыстай баптап Құлагерді, Осы астың дақпыртына Ақан келді.

199

Мінгізіп бəйге бала, жайтаңдатып, Ауылына ас бергеннің тақау келді.

Араға алты қонып, алыс жерді Алып ед жайлап жүріп Ақан сері. Хабары Құлагердің осы жаққа Келуші ед еміс-еміс көптен бері.

Көз тігіп, тұрған күтіп Көкшетауға Даяшы шапты алдынан қарсылауға.

«Қош келдің, Сері!» деген сəлемменен Түсірді Ақанды əкеп ақ отауға.

Дегендей: шешен – дауға, батыр – жауға, Жүйрікті – бəйгеге, – деп бағалауда.

«Дүлділі Көкшетаудың келді» десті, – Toп жарған, талай елге салған сауға.

Кермеге қойды байлап Құлагерді,

«Маңайдан жан жүрмесін» деді сері. Көзінен неге таса қылсын Ақан, Іргені ат жақтағы түргіздірді.

Дегенге «Көкшетаудан Құла келді», Көруге ынтызар боп ел жүгірді.

«Біреудің тіл мен көзі тимесін» деп Дұға оқып, Ақан жерге түкірінді.

Дыбысы бұрын жеткен Керқұланың, Дегенге «келді» – түрді ел құлағын. Ac тегіс алды-артына қалды үймелеп, Көруге Көкшетаудың Кер пырағын.

Жиылған Арғын, Керей жан-жағына, Көрмеде қалғып тұрды арда Құла.

He сыншы, не қырағы – жиылған жан Көздерін қалды сүзіп саңлағыңа.

Салбырап тұр Құлагер байлауында, Қарасып Құланың бас, аяғына: Осы ма, Құлагерің? – деседі жұрт, Жүйрігі жануардың қай жағында?

Салпы ерін, сала сүйек, салбыр тірсек, Қаты бас, қаншыр мойын, ит өндіршек. Бітімі ойқы-шойқы, орда-шорқы, Пішкендей жануарды олақ өлшеп.

  • Алмайды мынау бəйге жылқы көрсек, Көк еті кедір-бұдыр, бөлшек-бөлшек.

Көкшетау шолағын да мақтайтын ел, Осыған ит болайық бəйге берсек.

  • Құлаға мініп қоян атар едім. Мен мұны жүргіншіге сатар едім.

Болғанша асқа күлкі «ат қостым» деп, Үйімде тыныш қана жатар едім.

  • Қойшыға мен мінгізіп қояр едім.
  • Семіртіп мен соғымға сояр едім. Кемпірдің азасына əкеп салып, Бата оқып, ет, қымызға тояр едім.

Сүйегі – сиыр сүйек, қиқы-жиқы,

Сал бөксе, жазық бауыр, ұзын тұрқы... Осы ма даңқы шыққан Құлагер? – деп, Ac тегіс Ақан атын қылды күлкі.

Сыншының келіп көрді отыз-қырқы, Күреңбай көріп деді: «Жаман сұрқы, Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, Артынан жөнелгенде жетпес жылқы!»

Сөзіне Күреңбайдың жұрт таңғалды, He сыншы, не сұңғыла ортаға алды.

Жылқының қырағысы, шежіресі –

Күреңбай көзін сүзіп тұрып қалды.

Күреңбай көзі тұнып көп қадалды, Айналып алды-артына көзін салды. Естуге Күреңбайдың байлау сөзін, Тарқамай көптің тобы тұрып қалды.

Күреңбай көріп тұрып артын, алдын:

    • Жануар жүйрігі екен жылқы малдың, Жері ұзақ, күші алдында, өрен жүйрік, Бітімі өзі айтып тұр жануардың.

Келіскен кескін мынау, омыраудың

Өзі айтар: қаратам, – деп, – қазақ қауымын. Coм аяқ, быртық бақай, болат тұяқ, Тасындай шұбар ала Көкшетаудың.

Тəует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ, Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ, Қоян жон, жазық жая, жауырынды,

Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.

Сіңірі, жер соғарлы, аяғы тік, Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік,

Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық; Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп?

Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық, He қою, не болмаса емес сұйық!

Бұтының арасынан ел көшкендей, Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық.

Шүйделі, шоқтығы өргек, шідерлігі, Серке сан, желмаядай тілерсегі;

Тау желін тартса жұтқан талыс танау, Тынысты, кенде жатыр кеңірдегі.

Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ. Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ, Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ.

Қанында шығысың мен батысың жоқ, Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ. Қашаннан қазағымның қолтумасы, Араптың дүлдүлінің қатысы жоқ.

Маңғұлдың мес аты емес тұқырынған, Бұл таза швед, шотлан тұқымынан.

Жануар шапса жүйрік, мінсе берік, Озбайды жүгіргенде жылқы мұнан.

Сүйегі жануардың жылқыдан жат, Бұл емес теке-жауміт, не қазанат. Күйкиіп көзге қораш көрінсе де, Шапқанда шалдырмастай бітер қанат.

Екпіні үй соққандай пысқырғанда, Шалдырмас көктен құсқа, жерден аңға. Жықпаса жалғыз қазық жануарды,

Бұл əзір жеткізбей тұр жылқы малға.

Маңдайы жарқырап тұр жануардың, Ашылып тұр осы аста мұның бағы. Көзімнің көбеймесе бүгін ағы, Есімнен жаңылтпаса сайтан тағы.

Егерде шын жылқыны мен танысам, Хақ мұның қырып-жойып бəйге алмағы!

  • Пəлі! Ат таныдың! Таптың, сөз-ақ! Деп оны өзге қазақ етті мазақ.

Көмбеде көрісерміз, асықпаңдар! Сол күні Құлагердің сөйлер өзі-ақ!

Сол күні Құлагердің айтар өзі-ақ, Қайтейін онан бері сөзді қозғап. Қазақы қолдың жүйрік жылқысы осы, Сау емес танымаған мұны – көзі ақ.

Соны айтып кете барды сол Күреңбай. Ақанды ортаға алып би менен бай:

    • Жарқыным, жалғызбысың? Елің қайда? –

Деп жатыр жабырласып жөнін сұрай.

    • Еліңе сауын айттық біздер ұдай, Тоймадық келісіңе сенің мұндай. Жетелеп жалғыз атты жеке кепсің, Ешкімді Қарауылдан жолдас қылмай.

«Елі емес, Көкшетаудың аты келді, He керек онан басқа? – деді Сері – Құлагер қосатыным, атым – Ақан,

Таратсын, жаршы қайда, шақыр бері!» Ақанның айтуымен жаршы келді,

Ол да бір зар қақсаған арсыз еді;

Көктұйғын тыйған жүйрік осы жақты, Берместен бес жыл бəйге келе жатты. Жиында неше дуан жүйрік жиған

«Шаппай бер, бəйгемді!» деп талай айтты.

Жар салып шауып жүріп шартарапты, Құлагер келгендігін жар таратты.

Құлағы Құлагерге қанық шіркін –

Иесі Көктұйғынның ішін тартты.

Алтайда ұрпағы бар Бегайдардың, Бұлар да бір биігі біткен нардың. Баласы Бегайдардың Батыраш бар – Өр көңіл, жуан кеуде, бірі аусардың.

Атты айттық жоғарыда бір Көктұйғын. Əкелген асқа Батыраш сол жүйрігін.

Қағатын қанаттыны өрен жүйрік, Қоймаған қырдан жылқы, бұл бір қырғын. Берместен келе жатқан жанға бəйге,

Бəйге алған кейде жетім, кейде түйе. Сілтідей Сарыарқаны тыйған тұлпар, Бəйгені бұл аста да «берем» дей ме?

Иесі Батыраш бір кеппе кеуде,

Үр-көппе, томырық мінез, намыс берме; Осы аста сағы сынып, бағы тайса,

Ол өзін дап-дайын тұр «өлдім» деуге.

Шулатқан Арғын елін, Арқа халқын, Естіген Батыраш та Құла даңқын.

Сатылап сұрап еді кісі салып, Қолына түсіруге Ақан атын.

Жамбыға, жесір, малға шағып нарқын,

  • Болам, – деп, – құда, тамыр көңіл жақын. Қызығып Құлагерге неше жылдай, Жіберіп Жексенбайды қолқалайтын.

Жүрегі жаралған ер жүйрікпенен Сері Ақан сұрауына илікпеген.

Сонан соң кегін сақтап кеткен Батыраш, Үкілеп Көктұйғынын «жүйрік» деген.

Көк, Құла – екі арыста жүйрік деген, Дəл мұндай өзге жерде килікпеген.

«Келіпті Құлагер ат» дегенінде, Мəні сол Батыраштың күйбіктеген.

Өлгенде Сағынай шал ел шулатқан, Көктұйғын сонан бері ішін тартқан.

Сұлы жеп, сүт сіміріп мəпеленіп, Белдеуде осы Көк ат қыстай қатқан.

Көктұйғын күңірентіп талай шапқан, Бəйге алып шапқан сайын алғыстатқан; Осы аста бас бəйгені оймен алып, Батыраш көптен бері үйде жатқан.

Ниетпен дəл осындай Көк ат келген, Қашаннан «қап!» деп азу басып жүрген. Құлагер Көкшетаудан кеп қалған соң, Қызғанып Батыраштың іші өртенген.

Елі шет, руы жат, жалғыз елден,

Асқа Ақан ат қосып тұр алыс жерден – Барлығы Батырашқа болды толғақ, Хауіп илеп ажалындай Құлагерден.

Егес

Көлеңке үй, күрпілдетіп саба піскен, Ac қандай əңгімешіл қымыз ішкен. Əнші Ақан əсем əнін аяған жоқ Жиылған дауысын сұрап мəжілістен.

Ақ отау топырлады Ақан түскен, Қалың жұрт кетті көріп сырттан, іштен. Шығады Ақан даусы əнге талып, Безелген ғашық жармен, қыран кұспен.

«Ой қалқа, біздің көңіл қайда жатыр, Толқыған он төртінші айда жатыр.

Aт тұрса, атан тұрса көз салмаймын, Арғымақ, асыл тұқым тайда жатыр.

Хош иісі жадыратып көңіл ашқан Ақ кұйрық, мəмілелі шайда жатыр.

Гүл шашақ, жасыл жібек жайлауында, Көңілім ел қонбаған сайда жатыр...»

Əн тəтті Ақан салған Арқадағы:

«Үш тоты», «Ақ саусақ», «Ақмарқалары». Салғанда «Сырымбеттей» сүйікті əнін, Қосына жиылған жұрт тарқамады.

Арқаның жүйрігіндей əн салады, Өрге айдап, барып-барып жалтарады. Түйіліп түлкі көрген қырандайын, Қылмаңдап қос қанатын қомданады.

«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы, Алдымнан сен бір шыққан марал-дағы; Пормыңа төңкеріліп жайдым қанат, Шарықтап ақиықтай Оралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп, Алдымнан шық майысып, бұрал-дағы. Қызыл гүл сен болғанда гүлбақшада, Біз бұлбұл күйін шерткен Иранбағы.

Қияның қиынында тұрсаң-дағы Қиғаштап қанатымды қонам-дағы...»

Асырған айғай əнін алты қырдан Əкесі асқақ əннің əнші Біржан, Ақандай майда көмей, нəзік емес, Құлақты Біржан ащы əнмен қырған.

«Үш тоты», «Көкшетауым», «Ахау, арман»,

«Жайдарман», «Жайма қоңыр», «Кер Қашаған»,

«Ой, ерке», «Мейлің-мейлің» дегендердің Бəрі де – Ақан баптап салатын əн.

Бақырмай, домбыраны көкке бұлғап, Аққудай əсем дауыс – үн сыңғырлап;

Қышуын жаныңыздың майда қасып, Тербетер жан көңілін биязы ырғақ.

Көкшеден құйылғандай бір бал бұлақ, Тəтті əнге халық қанды, ел сусындап. Соққандай жаздың желі Арқа жақта, Елжіреп жүрек əнге, жусап құлақ.

Əндермен əсем-əсем Ақан серің Қаратты ауызына астың елін; Өлеңге сұлулықты қосты талай:

«Ақмарқа», «Ардагерім», «Тастүлегім».

Деп: «Əні тым тəтті екен төменгі елдің!» Ұмытты өзге əншілер өз əндерін.

Машықтап Ақан əнге қосып отыр Өзінің айтып жүрген өлеңдерін.

«Торыны талға байлап мінген қандай? Үкілеп, əсемдетіп жүрген қандай?

Тұсынан қызды ауылдан əн шырқатып, Қалқаңа құрып жүрген сүлдер қандай?!

Сөз салып қалқа жанға жеңгесінен, Кұрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай? Ишарат, əзілменен сөз қатысып,

Қыз сырын жеңгесінен білген қандай?

Сыланып сал торыны мінген қандай? Сай құлдап, жарды күтіп жүрген қандай? Бір сайға торышаны байлап тастап, Артына ақбоз үйдің келген қандай?

Алаңдап, алабұртып тұрғаныңда Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай... Қалқашың қосылғанда атқан таңдай, Көңілің шалықтаған шаттанғандай!..

Жамылып екеу-ара бір көрпені, Бастасып тар төсекте жатқан қандай? Сол жерде айтылмаған сыр қалар ма, Мысалы, абдыра ашып ақтарғандай.

Ақырын үйден шығып таң алдында, Байлаулы тор құнанды тапқан қандай? Шылбырын сал торының қызға ұстатып, Шапқаны ерге қағып атқан қандай!

Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар, Қасынан қалқа жанның аттанғандай! Ауылыңа өлеңдетіп сен қайтасың, Бəйгеден атың келіп мақтанғандай...»

«Ақ шашақ», «Жайма шуақ», «Кербез керім» –

Ақанның асты ұйытты осы əндері. Əсем тау, ат қызығы, ашық оты, Əн болып қыран құстың қу ілгені.

Соққандай Сырымбеттің салқын желі, Отырды думан қылып, шалқып Сері. Жат елдің жаңа əніне соңырқасып, Отырды «Ой, пəле-айлап» астың елі.

Қызықтап Ақан салып əр түрлі əнге, Мəжіліс боп отырды, елге əңгіме.

Əн тоқтап, Ақан сөзге айналғанда, Ауысты жұрт аңызы Құлагерге.

  • Қуанып қалдық сіздің ат келгенге, Құланы даңқы шыққан ап келгенге. Атыңыз бұрын кездеспеген шығар Алтайда алғыр тұйғын Көкпенен де?
  • Көктұйғын көптің алдын бермей-ақ тұр, Өзге мал онан озып келмей-ақ тұр;

Шаптырмай жиын сайын бəйге сұрап, Бақ-талай Батыраш та, ерлеп-ақ тұр.

Ырысы жануардың таймай-ақ, тұр, Батыраш аруақты өрге айдап-ақ тұр. Алдына əлі күнге жылқы салмай, Бақытын бар жүйріктің байлап-ақ тұр.

Ат шапса ішімізде, сыртымызда, Көктұйғын жеткізбей тұр жылқымызға.

«Бас бəйге Батыраштың сыбағасы», –

Деп тегіс қойды ұйғарып жұртымыз да...

Естігем бұрын даңқын Көк неменің,

«Алтайдың жүйрігі онан жоқ», – дегенін. Жолықпай иесіне жүрген болса,

Осы жол Көк шолақты бөктеремін!

Ақанның осылай деп өктегенін,

«Құламнан озар жылқы жоқ», – дегенін Жеткізді Батырашқа бір қу ауыз,

«Құлаға бөктерілер Көк», – дегенін.

Есітіп, Батыраш боп бұлқан-талқан, Көкжалды қысып кетті ашу, сайтан. Тепсініп ақ отауға келді кіріп, Жиған жоқ аяғын да жатқан Ақан.

Қылған жоқ қорқауыңнан қауіп, қайқаң; Дауысы Батыраштың шықты қатаң.

Қамшысын бүктеп шарта жүгініп шал, Ақанға сөзі мынау сондағы айтқан:

    • Қаңғырып Қарауылдан асқа кепсің,

«Осы аста абұйырым басқа», – депсің. Өзіңе өз аузыңмен бəйге əперіп,

«Атыңды өзгелерің қоспа!» – депсің.

Атаң аз, Алтайымнан қалай көпсің? Алдымнан бəйгемді алып көрген жоқсың. Сорпасы Сағынайдың бу болды ма,

«Алтайдан озамын!» – деп, ... жепсің.

Алтайда мен ақиық ұшқан қонбай, Қараңды көре алмайтын сендей торғай.

«Бөктерем Батыраштың Көк атын!»- деп, Оттапсың аузыңа ие болмай.

Қарауыл, қайрат қашан бітті мұндай? Басуым көңіліңді тіпті оңай!

Төренің атын ерттеп өскен ел ең, Өзіңе ат бітіпті-ау, байғұсым-ай!

Ақанға батып кетіп шалдың сөзі, Аңырып алғашқыда қалды да өзі;

У тілмен алды шалды шағып-шағып, Шaп берме, оның-дағы от мінезі:

  • Əңгүдік, əкірең қаққан, албыт сөзді,

...көк ешкінің жыртық кезді, Алтайдың көржынындай бақылдаған, Көк сақал, азбансынған, бұл кім өзі?

Ат біткен Құлагердей Ақаныңа Ол дайын Көкті жерге тақауына. Бəйгеден басы-көзін су қып озбай, Ат сенің қарай ма екен сақалыңа?!

Би болсаң, би шығарсың Алтайыңа, Тілімді, терезем тең, тартайын ба?! Көгіңді бөктермесем атым сенікі, Шапса да əкең мініп байталына!

Тұтқыштай өңі күйіп қап-қара боп, Батыраш басқа сөзді баптаған жоқ.

211

«Батырып Батырашқа жіберді-ау», – деп, Тым-тырыс үндемеді тыңдаған топ.

Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ, Жүрегін жолбарыстан айнытқан жоқ.

«Жат елде жалғыз жүрмін», – деп именіп, Болар деп түбін қалай қайғырған жоқ.

Жұрт сөзді онан əрі жаңғыртқан жоқ, Қаңқулап, қағажулап, қағытқан жоқ. Насырға шабатынын біліп жиын, Шаппаған бəйге басын ауыртқан жоқ.

Көгеріп Батыраш шал басы қалтақ – Қалтақтап жан-жағына етіп жалтақ; Біле алмай не қыларын үйден шықты, Халық та кетіп жатты үйден тарқап.

Жүйріктей жиын жарған қағып жайтақ, Таңғалтып əн, атымен елді байтақ;

«Ауылым қонған Сырымбет саласына!» Деп Ақан əн caп жатты басты шайқап.

Көмбе

Тауысып көл қымызды, таудай етті, Heшe күн Ереймен тау етке бөкті. Күтіліп келген мейман тойынған соң, Ат шауып, бəйге үлесер мезгіл жетті.

Шаң басып қотарылған жер мен көкті, Арқаның елі тегіс ат ерттеді.

Қарақшы қалай қарай тартатынын Хабар қып жаршылар да шауып кетті:

«Ай, əлеумет, жарандар, Асқа жиын адамдар!

212

Жарға құлақ салыңыз, Бірің қалмай, бəріңіз Айтқанымды біліңіз, Атқа тегіс мініңіз!

Тарап кетті табақшы, Солай қарай жүріңіз!

«Көмбе қайда? – десеңіз, Көзді салып көрсеңіз:

Өркеш-өркеш көрінген, Орғылап су төгілген, Балдырғаны білектей, Балаусасы жібектей, Бүлдіргені көнектей, Ерейменнің тауында, Егізқызыл баурында, Жоламанның қасында, Жыландының басында, Көк жайдақтың шенінде, Боз ойнақтың белінде, Қайындының дөңінде, Қарақұсақ көлінде, Сонда бəйге төбеге Жиыласыз көмбеге!

Халқым, солай жүресіз,

Қарақшыға ересіз. Тоғыз дуан тоғысқан, Сегіз дуан бас қосқан Сердебені көресіз!»

Жаршылар осылайша кетті сарнап, Бəйгенің болар жерін жұртқа жарлап. Қара жер қайысқандай қалың жиын, Қыбырлап кұмырсқадай жүрді қаулап.

Лек-лек топ, ағытылды адам аңдап, Теңіздей толқын жанға толды жан-жақ.

213

Тұяқтан түтін болып жер менен көк, Бауырын Ерейменнің басты шаңдақ.

Ұқсаған ен тоғайдың ағашына,

Мол жиын таудың сайы, саласында. Түлкілер тұйықталып қолға түсті, Кісінің қалды қоян арасында.

Адамның көз жеткісіз қарасына, Дегендей исі қазақ бəрі осында. Жауғандай Ерейменге жаңбыр кісі, Қусақтың тарпы тура жағасына.

Əр түсті ат, алуан кісі мінуі де, Халықтың жазғы шөптей киімі де, Бейне бір шегірткенің қонуындай, Қусақтың жұрт жиылды биігіне.

Əркім-ақ əлем байлап жүйрігіне, Құйрығын сəйгүліктің түйді, міне. Жапсар ел жақын, көңіл тілектес боп,

«Бəйгелі болсын!» – деп жүр бір-біріне.

Шықты шаң, басты тұман Жыланды жақ, Сол шаңнан шығып жатыр ат қылмаңдап. Тұмарлап, үкілеген өңшең жүйрік, Жиылды жұрт алдына сүмбе сандақ.

Жүргендер жұрттан озып, топтан таңдап, Жараған жыл өмірге осы асқа арнап.

Алдырып жеті сайын желіктерін, Қатқандар бірі – қамшы, бірі – қармақ.

Сақа аттар, cap кідірлер, сары тісті, Дəмелі дөнен де бар, жүйрік бесті. Құсындай қырдың өңшең ап-ала боп, Жүйріктер жұртты үңілтіп көзге түсті.

214

Ат саны барған сайын бірден өсті, Атқа еріп, тамашалап халық көшті. Аттарды жазып-сызып терешілер Санақшы санын бір мың үш жүз десті.

Пəленше-түгеншеден озып бақсақ;

«Осы асты көптен күтіп деген – шапсақ, Жүргенше жеке-жеке жүйрік болып, Арыстың асында бір бақ сынатсақ...» –

Деген ой бəрінде де болып мақсат, Жиылды қазақтағы өңшең жақсы ат; Қашаннан қарлығаштай жаршы міскін, Қызғыштай қалың топқа жүрді қақсап:

«Көр, əлеумет, жарандар! Көмбедегі адамдар, Маған құлақ тігіңдер, Келген атты біліңдер!

Айтайын қайсыбіріңді, Жиылды жүйрік, жиылды! Ойың менен қырыңды Жиған асқа бүгінгі

Кімдер келмей қалысқан, Аяқ жетпес алыстан, Құлақ жетпес дабыстан. Жиылды осы көмбеге, Шапқалы тұр бəйгеге Бөкен санды бурылдар, Шапса мыңнан суырылар. Жылқы малдың жүйрігі, Серке санды Құла бар; Қозыбайдың дүлдүлі Серпінді Көк бұ да бар, Қайсыбірін айтайын Шапса желдей зулатқан, Шудың бойын шулатқан,

215

Меруерт жалдас Ақсұр бар. Сырдың бойын сілтідей Тыйып түрген Қызқара, Осы жолы бақ сынар.

Қайсыбірін айтайын, Бəйге бермес ұдайы Ұлытаудың Құбайы; Қашағанның Құдайы Қаратаудың Құмайы, Қыпшақтың Ақбақайы, Қырғыздьң көктопайы, Ақшатаудың Аласы, Көкшетаудың Құласы, Ертістен Елік-құбақан, Есілдің Қасқабұласы, Айтайын қайсыбіріңді; Жиылды жұрт, жиылды, Аралдың Алаүйрегі, Жарылқаптың Жирені, Балқаштың бейпіл Бөртесі, Семеңдің Сұрсеркесі, Төстен түлкі қоймаған Тобықтының тұйғыны – Жамбылторы осында, Жауғашардың жүйрігі.

Қайсыбірін айтайын. Алатаудың басынан Ақ-қанат Кер келіп тұр Аузымен құс тістеген;

Жалғыз қазық жықпаса, Жылқы озбайтын құспенен. Шапса екпіні дауылдай, Ала көйлек арудай

Сыпыра басып, сылаңдап, Көкала жүр бұлаңдап.

Қайсыбірін айтайын Алуан-алуан күліктің. Асқан-асқан жүйріктің.

216

Қосылып тұр отыз боз, Жиырма жирен, қырық қара; Кердің өзі екі жүз,

Тағы, тағы тағы да, Таласып тұр бағына:

Тоқсан торы, жетпіс көк; Ала, құла саны жоқ...»

Осындай хабарымен топқа соғып, Жаршы жүр жағы тынбай бəйек болып. Жиын жұрт жүйріктерді тамашалап, Аттардың алды-артына кетті толып.

Əр жақтың саңлақтарын сұрап, көріп, Дүрілдеп ұмтылып жүр соңына еріп. Кеңесіп, керілдесіп, кеулеседі –

Қой, қозы жамырасқан секілденіп.

Ат айдау

Ақан да алып шықты Құлагерін, Салпитып саптыаяқтай төменгі ернін. Жай тастап төрт аяғын келді тұлпар, Оңаша жұрттан аулақ тұрды Серің.

Талтайтып жимай тастап тілерсегің, Салпитып тұрды Құла үлпіршегін. Күреңбай Ақанға кеп сөз айтады: Аласын астың алдын, Ақан серім!

Құлаң бір дүлдүл екен, жануар-ай! Жүйрікке қолы жеткен жарығандай, Саған да ішім ырза, жолың болсын, Жылқыны жігітімсің танығандай...

Күткен бір атым еді күнінен тай, Жолдасым осы ат менің неше жылдай...

217

Ендеше бас бəйгені алып тұрсың! Айтқаның келсін, сыншым, аузыңа май!

Батыраш танушы еді бұл да малды. Құлагер Көк атқа ажал сықылданды. Алғаш-ақ Құлагерді көрген күні Ауырып, ұйқы көрмей ыңқылдады.

Көмбеде Құлагерге тағы барды, Шықты да алды-артына көзін салды:

 «Арқаның албастысы бұл шығар», – деп, Ішінен Құлагерден хауіптенді.

Батыраш бала жастан атқа құмар. Айқайшыл ат əперген баққа құмар. Арам ой, ата намыс ұр-шоқпары, Кір көңіл, сарайының батпағы бар.

«Осы ма даңқы шыққан Құла тұлпар? Сүйегі бөлек екен, сұмдық шығар!

Арқаның алдын алған Көктұйғынның Алатын əзірейілі осы шығар.

Жануар бітісің де ерек екен! Сүйегің алқа-салқа бөлек екен!

Көргем жоқ көріп жүріп мұндай атты, Жүгірсе шаба ма екен, желе ме екен?

Бұл кəпір жылқы ма екен, немене екен? Осы аста алдымен-ақ келе ме екен?

Алдына ат салмаған Көктұйғынға Бір пəле Көкшетаудан келген екен!

Жылқыдай селт етпейді, не мінезі? Жай, салаң, мінезі ме – бойкүйезі?

Естуші ем сұмырайдың сырттан даңқын, Жайлы емес, не қылса да келген кезі.

218

Отты екен жануардың екі көзі! Перінің пырағы ма мұның өзі?» Түтігіп, қап-қара боп тұрды Батыраш

Жалғыз-ақ «Қап! Қап!» болып айтқан сөзі.

Осылай айтпағанмен ішінен сыр, Томсарып Батыраш кеп толғатып тұр. Кек қайнап, ыза кернеп, жауыққандай, Қалып тұр қаны қашып, сүлдесі құр.

Шетсіз көп шегіртке жан қыбыр-қыбыр, Уда-шу, айқай-сүрең, ыбыр-жыбыр.

Аттырып Ақан атын оқты көзге Тұрғанын білсін қайдан ажал құрғыр.

He қылсын, Ақан оған қарасын ба? Жау, мейлі, жүре берер жар астында. Тұмарын Құлагердің шешіп алып, Сипап тұр аясы мен жаясын да.

Қызыл шыт тартып беріп баласына, Көп аттың қоя берді арасына:

«– Алдыңа бір-екі-ақ ат салып отыр, Келгенше сонау жердің шамасына.

Бұл айдау – қырғын жорық, байқап отыр, Барғанша бұлаң құйрық, шайқап отыр; Жел жақта шаң қаптырма, ұрма, қалқам! Тек қана тізгін қағып жайқа да отыр.

Қайтарда тізгініңді тежеп отыр, Тақымды қамшы салмай безеп отыр. Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба, Тек қана бір мөлшерді көзде де отыр.

Көрдің бе, сонау жатқан көк өзекті? Өткенде сол өзектен салшы тепкі;

219

Қоя бер басын сонда, қарғатайым! Өзі алар онан кейін қалған бетті.

Ал, күнім, сен де жөнел, аттар кетті,

Шаң басты, жел жаққа тарт, жер мен көкті; Ажырап мен сендерден қалдым жалғыз, Алла өзің аман келтір екі ермекті!»

Қалың ат, көп баланың арасында, Құшақтап Ақан сүйді баласын да.

«Қош, аман келгеніңше күтемін», – деп, Мойнынан құшақтады Құласын да.

Алуан ат – торы осында, қара осында, He сандақ, сəйгүліктің бəрі осында.

Күңірентіп, кең даланы дүбірлетіп, Төгілді ат Ерейменнің саласына.

Екі атты екі айдаушы мінген жайлап, Аттарды дүркіретіп жөнелді айдап.

«Дау-дамай ат келгенде айырылсын», – деп, Төреші келер жолға қойды сайлап.

Сүзілген құйрық, жалы өңшең жайдақ, Балалар бəйшешектей шыттар байлап; Бəйгеде бəсекемен бақ сынасқан Қалың ат көлді айнала кетті қайнап.

Атқа еріп ел төгіліп алыс кетті

«Қайт!», «Қайттап» елге əңгірлеп шабар жетті Көруге ат қайтқанша өзге ойынды

Теңіз топ толқып, қалғып, бұрды бетті.

Шулатып, маңыратып койдай көпті, Қасына қарақшының айдап жетті.

«Ел түссін, енді балуан болады», – деп, Кəрі ояз тор қасқалы арс-ұрс етті.

Балуан бəйге

Құжынап құмырсқадай сала-сала, Мұнда жоқ қатын-қалаш, бала-шаға. Ояздың тəртібімен иірілді жұрт, Бодан ел, «тақсырлаған», жақ аша ма?

Шытырлап ат байланды қалмақшаға, Жөңкіліп жаяу халық келді ортаға.

Балуанды түсе-тұғын тағы жарлап, Жаршылар жағы сембей жүр қақсауда.

Алапқа алқа-қотан отырды жан, Жері жоқ ине шаншар, адам тұрған. Жаяулап тай шаптырып жерге келді, Алыста аттар қалды байластырған.

Ояздың тəртіп қылып айтуынан, Басқарып кісі шықты ата ұлынан. Көк дөңге дүрбі салып ояз отыр, Басына көлеңкелеп шатыр құрған.

Кең жазық, майса көгал ортасында, Жиылды жұрт Қусақтың жотасына. Күреске кең ашықты сайлады жұрт, Арналған алыптарға айқасуға.

Ұқсаған жазды күнгі жауқазынға, Тізілді ел Ерейменнің алқасына; Алысып Арғын, Найман күш сынасып, Атты айдап, азаматпен шайқасуға.

Даурығып қарсы жақ та қобырасты, Балуанын шешіндіріп дабырасты.

«Тез шығар, Балуаныңды!» – деген дауыс Атойлап, қыр көрсетіп, жамырасты.

Ауылда едіреңдеген қымыз масты Сескентіп мынау думан көңілін басты. Кей балуан кісі өлгендей жер шұқылап, Жүрегі жігіттердің үрке қашты.

Балуаны шешінген жақ дікең қақты,

«Кісіңді шығар! Шығар!» – деп-ақ бақгы. Шыдамай шешінуге нелер балуан,

Самай тер шекелерден шып-шып ақты.

Аттатып, атандайын алшаңдатып, Ақситып бір балуанды арсаңдатып, Аруақтап жетелеген бір қараның Ноқтасын сыпырды əкеп, талтаңдатып.

Көргенде мұны халық қалды қатып,

«Мынаған шыға алмас, – деп, – ешкім батып!» Қораға түскен жалғыз жолбарыстай,

Ол тұрды, көрген көзді таңырқатып.

Бұл асқан алып еді, мықгы қара, Талқандап таудай дəуді жықты қара. Шошытып бар жігітке мысық болып, Тышқан қып іннен інге тықты қара.

Бура сан, бұқа мойын, түкті қара, Күмбездей көрінеді күпті қара, Борбаңдап жолбарыстай жонын беріп, Майданға бір тізелеп шөкті қара.

Алдырмас тірі жанға алып, берік, Шошынды бұл қарадан халық көріп. Біледі алуан түрлі əдісті де, Өткізген талай күрес, талай цирк.

Боз шолақ мінген жаршы жəне келіп, Балуанды баяндады сөзге теріп.

Тыңдасты астың халқы құлақ қойып, Бір-бірін басып, жаншып, ентеленіп.

  • Мынау, мынау, мынау ер! Піл сүйекті, бұлан ер, Арыстандай айбынды ер, Жолбарыстай жуан ер.

Ертістің бойын сіліккен ер, Еділдің бойы үріккен ер.

Ірбіт, Алтай, Мекерже, Жəрмеңкеде шыққан ер. Алатаудың алыбын Алып жерге соққан ер. Қаратаудың алыбын Қағып жерге тыққан ер. Аюбайдың асында, Онда он алты жасыңда, Атаң жыққан алыпты Апжыландай жұтқан ер. Бұқа мойын, бура сан, Бұғалық бермес шу асау,

Талайлар қорқып бұққан ер. He нəндерді бөріктей Қағып сілкіп циркті, Қалаларды құртқан ер.

Алды-артына бірдей ер, Алысқанға дүрдей ер. Адамзатқа сырттан ер, Қолы құрыш қорғасын, Алысқаның оңбайсың, Алып жерге тыққан ер. Алысқанның көк етін Сықпа құрттай сыққан ер. Айқасқанның терісін Шаранадай жыртқан ер. Əзіреті Əлінің

Əдіс күшін тұтқан ер.

Жаршының бұл айтқаны бекер де емес, Осылай етіп отыр көп те кеңес.

Адамның бурасына адам батып Батылдық күресуге етер де емес.

Жаршының жырлағаны жалған да емес, Шыны сол, өтіріктен зарлау да емес.

Көңкек тес, кең жауырын, үңгір қара –

Өзге жан бұл тұрғанда балуан да емес.

Келіп еді осы қара əлдеқайдан, Күресті қуған жігіт кішкентайдан. Қаланы жығып, қырды ағалаған Бір асқан алып еді заты Найман.

Ac беріп алты арысқа даңқын жайған Тауып ед бауырды бұл Сағынайдан. Жатыр ед күшін əдейі көрсеткелі, Керейде қонақ болып бір-екі айдан.

Шығатын зор қараға бір жан болмай, Жігіттер қоян болды, жүрек қалмай. Сібірдің цирктерін сілкіп шыққан Осыны алып отыр ояз қолдай.

Қаратау көрген емес зорды мұндай, Жетісу кісі таппай болды жымдай. Балық боп Арал, Балқаш ауызын ашты, Хауып қып қорғалады Семей, Торғай.

Қарсы жақ кісі таппай болды жүдеу, Кек темір болды жасып алмас егеу. Салбырап бетмоншағы балуандардың, Теп-тегіс төмен қарап болды күйеу.

Бітік көз, үрпек сары, дөмбелшелеу Шешініп қарсы жақтан шықты біреу.

Қораштау көрер көзге, балуан дерге, Аруақтап Оқас жағы қылды тілеу.

Атағы бұл сарының балуан Жақып, Шыңыраудан түйе тартып алған Жақып. Əдісқой, алысқанда дөңгеленіп, Топтарды талай жығып, жарған Жақып.

Асына Абақ, Керей барған Жақып, Онда да бас бəйгені алған Жақып. Мойынын қашағанның үзген талай, Дей-тұғын Баянауыл Таутан Жақып.

Бұл Жақып əлде жалшы, əлде малшы, Болмаса Оқасқа ерген бір итаршы.

Жүректі, кім болса да күшті жігіт, Сияқты би қолында жезді қамшы.

Жеп-жеңіл қаршығадай, сары шаршы, Əйелмен, үлкен дəуге жүрді қарсы.

Айнала көптің алдын қыдырыстап, Безектеп таныстырды тағы жаршы:

  • Мынау, мынау, мынауым, Сексеуілден бұрауым.

Алысқанда шақ келмес Алыбың мен дырауың. Түсті Арғынның тобынан, Құтылу жоқ қолынан.

Албастысы алыптың, Əзəзілі əдістің.

Шоршыған да, ыршыған, Шегіртке сары, оқ жылан. Бөденелер бөріктей Қаққанынан соғылған.

Азулысы алыптың Ашуланса тістеген;

Айласына көз жетпес, Астына жанның түспеген. Салған жерден сырттаған, Еш пендеден ықпаған.

Тиген жерден тіктеген Бұғалыкгап толғаса, Қашағанды бүктеген. Ығына келіп қалғанда Ықтыжарды күтпеген. Шалуға адам сайтаны, Шапшыған да шоршыған Шалқар көлдің шортаны; Сең соққандай сілкінді. Балуанға түскенде Балықтайын бұлқынды; Ұстау қиын шіркінді.

Басым күшті, ер жүрек, Балуандардың əкесі, Таудың тарғыл текесі – Секірсе сексен қадамға, Ұстатпайтын адамға.

Қарсы алдына келгенде Қақпандайын серперлі; Жан жыққан жоқ өрт ерді. Алыптарды аударды, Еңгезерді еңсерді.

Келсап-келсап білектің Талайын талай төңкерді; Алысса бура шөккені.

Адуын алып көк бөрі, Арыста талай бəйге алып, Айқасты талай көп көрді. Айқайда талай түсе қап, Асқынғанды бөктерді.

Аптықты талай басқындап, Алыста талай бөксерді.

Айтып-айтпай немене,

Аңсағанға сусаған, Алысуға дөп келді.

Күрес

Құз қара тұра келді алас ұрып, Сарыны қорапсынып, баласынып. Тап берді қара қабан capы мысыққа,

Байғұсқа болды тым-ақ жан ашырлық.

Ышқынтып сыбызғыны, дабылды ұрып, Екеуін қоя берді шабындырып;

Алысты арс-үрс етіп екі арыстан Таласты, бірін-бірі алып, жұлып.

Сарыны өшіктіре, жауықтыра, Арсаңдап омыраулады алып қара;

Түспеді ол допша қарғып, мысықша ырғып, Дегендей «Күшің болса алып қара!»

Ол-дағы өз əлінше алып қана, Əркімді жығып жүрген шалып қана.

Бұлтылдап жыққан жерде жатпай-тұғын, Басқаға бастырмайтын балық бала.

Желкілдеп қара сақал шудадайын, Бұлқынды алып қара бурадайын. Шабынды қаңтардағы күйі түсіп, Дегендей «Алып соғып, жұлмалайын».

Бұлқынды шайнастырған бурадайын, Жұлқынды жұтпақшы боп суда жайын. Тасындай тиірменнің тастасып жүр, Қарысып кұшақтары барған сайын.

Сияқты бірі жуан, бірі жұқа, Өкіріп сүзісіп жүр екі бұқа.

Таласты ел алдында екі арыстан, Алысып, арс-ұрс етіп сілке, жұлқа.

Сарыны сол жағына алып қымқа, Қайқайтып қара балуан шалды қырқа. Жата ма, серке сары, кетті шоршып, Жерді шаң, езін қан қып, етін жырта.

Жейдедей жалаңаш ет жыртылуда, Сүйтсе де, ол, ойланып жүр ұмтылуға. Сіресіп оң жағына қырындайды, Арқалап, қырына алып, жерге ұруға.

Жақыптың жатыр күші оң жағында Оңбайды түскен адам ол жағына.

Иыққа «Ап!» дегенде алып қалды. Сықырлап азар алды қол, қабырға.

Айласын балуан Жақып қылып қалды. Өңкиіп өгіз қара мініп қалды.

Дөңгелек айналдырып, сереңдетіп, Жерге алып ноқталыны ұрып қалды.

Ду етіп Арғын жағы күліп қалды. Аңырып Найман жағы тұрып қалды. Аруақтап, əулекілер айғай салып, Қорқақтар қояндайын бұғып қалды.

Күрс етіп жүнді қара жерге түсті, Үстіне балуан сары міне түсті.

Бастырмай тізесімен қақты қара, Алып қой, бөрі басар ол да күшті.

Екі айғыр бір-біріне салды тісті, Қараның көрінеді алды күшті. Таласты тамашаға қос құтырған, Мəз қылып қырдағы үлкен мəжілісті.

Аударып жəне Жақып, жəне басты, Допша атып бірін-бірі домаласты. Лақтырып бірін-бірі бөрікше атып, Екеуі жығыса алмай, қайта ұстасты.

Ұстатты аяқтары басқан тасты,

Көк қырқа жұлмаланып, шаңдақ басты. Қопақтап отыра алмай қойдай шулап, Екі жақ «А, Құдайлап», аруақтасты.

Сарыны қара көкпар ылақ қылды, Ұршықтай үйіргенде ылақтырды. Екеуі өлерменге жеткен кезде,

«Айыр!» деп, халыққа, ояз жұбап қылды.

Арғын жақ «Жығылды!» деп, шулап тұрды, Найман жақ «Жыққан жоқ!» деп, жанжал қылды. Сірескен шайнасумен екі арланды,

Көреші кісілер кеп екі айырды.

Баян жақ «Бəйге бер!» деп келді оязға;

«Бəйгесін, кім жыққанын жаз қағазға!» Керей жақ бергізбестен кетті кернеп:

«Итжығыс! Мынаның да жыққаны аз ба?»

Тимеді сүйтіп бəйге Оқас тазға, Оларға күш қыларлық қайда оязға! Болмады ояздікі елге бітім, Мұндайда əңгірлейтін əулекі аз ба?

«Жықты, – деп желіккен жақ, – біздің қара!» Болмады омыраулап жанжал қыла.

Бəйгені – біздікі, – деп тұрып алды,

«Түсті, – деп, – алғаш жерге сары бала!»

Қоймады «Күресем» деп жүнді қара, Аусарлау əугіп, даңғой, жынды қара.

«Дəл жықпай, даулы бəйгені алмаймын» деп Байлауды бітпес дауға қылды қара.

Жақыптың жағы жатыр «күреспе!» деп,

«Жетеді осы абұйыр, тіреспе!» деп.

«О да олжа бас бəйгені бөліп берсе, Бұл қара асқан алып, сырдесте», – деп.

«Екеуін тағы, тақсыр, күрестір» деп, Ояздан Оқас, Шабдан қылды тілек.

«Өздерің білесіңдер!» деп ояз отыр, Болды жұрт қайта екеуін күрестірмек.

Екідай болып тұрды елдің жағы,

«Шық! Шық!»- деп жүнді қара шабынады.

«Шықпалап» Баян жағы бəйек боп жүр, –

«Абұйыр осы жолы қағылады».

«Шық!» деген ер қорлыққа намыстанды, Шешінді нeгe сары алысқалы;

Жаманат қорықты деген, қорлық, сірə, Күреспей қайда қояр жабысқанды?!

    • «Шығамын, нар тəуекел, тағы барам, Жықсам алам, жықпасам тағы қалам. Болмастан өкіректеп ол тұрғанда, Сесімді көрсетейін мен де бəлем.

Мен де адам, расында ол-дағы адам, Бір-бір қой шешемізді қалжалаған.

«Шығар!» деп дəу қараның дікектеуі Тимейді тіпті жеңіл ол да маған...»

Халқыңның сырын өзің білесің де, Ісіне күйесің де, күлесің де; Қаласың кейде кейіп, кейде мəз боп, Əйтеуір сол халықты сүйесің де.

Созылған сөз құйылды жүйесіне, Байланды тағы қайта күресуге.

«Ананы еркек болса алып кел!» деп, Отырды жүнді қара жүресінде.

Тап берді теріс азу бір-біріне, Бұқадай сүзгіледі жүнді, міне; Сарт етіп нeгe сары іштен шалып, Қаршыға қазды қағып ілді, міне.

Сарының қаршығадай ілуіне, Аруақтап Баян жақтың күлуіне, Қараны қайыстырып бұрағанда, Күрт етті... бір гəп болды жілігіне...

Сылқ етіп жүнді қара жерге түсті, Үстіне тұйғын сары міне түсті; Шегіртке атып кетті бастан ыршып, Жүндіге жан жабырлап жүгірісті.

Осыған екідай боп елеуресті, Үйткені етке тойып, қымыз ішті.

Құтыртып қораздайын қырқыстырып, Тағдырын қос аусардың сүйтіп шешті.

Ыңыранып жүнді жатыр өкпе соғып, Сермеліп екі қолы, жанын қорып.

Бұралып қалған екен сол аяғы, Сыныпты жіліншігі күл-күл болып.

Оқас тұр шоқтығы асып, жеңген болып, Ояз тұр үңірейіп шылым сорып; Сөйлейді біреу аяп, біреу қажап, Жаралы жіліншікке шаншу болып.

Көгеріп жатыр балуан қаны қашып, Көргеннің бəрі аясты, жаны ашып.

Балуаны жыққан Арғын шуылдап жүр,

«Аруақ қолдады» деп, көңілі тасып.

Оязға Оқас кеп тұр маң-маң басып,

«Беріңіз, бəйгемді!» деп баяндасып. Тоғызды түйе басты үлесті жұрт, Таласып суыртпаққа жанжалдасып.

Бір тайды бара жатыр біреу алып, Бір қойды кетіп қалды біреу қағып. Жұлысып бір шаршыға екі сақал, Бір-екеу ырылдасты ит сықылданып.

Жақын жоқ, жанашыр жоқ, жалғыз қалып, Құз қара зарлап жатыр, дір-дір қағып.

Бəйгені ас етіндей жұлқылап жүр, Біреудің жіліншігін малға шағып.

Осындай не дейсіңдер əлеуметті, Ac беріп алыстырған сол əдетті? Сөксеңіз, соқсаңыз да болды солай, Мен өзім осындайдан көрдім көпті.

Сонымен балуанның бəйгесі өтті, Оташы мертіккенді бебеулетті.

Бұл да бір ел қыдырған есер екен, Сорлыны атқа өбектеп алып кетті.

Ат қайтқанда

Жасымнан жылқы десе менің жаным, Атырдым жылқы ішінде өмір таңын. Жапанда жел жылқының үстінде өскем, Мекендеп өміріме аттың жалын.

Мал сырлас, аттың сыры маған мəлім, Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған əнім.

Аспан асты, жер жүзі – кең сақара Күн көріп атам қазақ келген мəлім.

Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын, Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым.

Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы, Білген жан бекер демес аттың жайын.

Бірге өскен бала күннен құлын, тайым, Top кұнан көшке мінген күн-күн сайын. Аптада ағарса да сақал, шашым, Атымды не бетіммен ұмытайын!

Бұл күнде автом да бар, атым да бар, Бəйге алу самалетпен салтымда бар. Бізде жоқ Сағынайдың сасық асы, Тойына Октябрьдің атым шабар.

Сауықты, салты қызық халқым да бар, Жылқымда асылданды қолтумалар; Түрлеңді қазағымның қалың малы, Аттарым асыл тұқым жарқыл қағар!

Қызығы қырдың үлкен бəйге шапқан, Күңірентіп көк жайлауды, атты тартқан.

«Бала, – деп, – əрі пысық, əрі жеңіл» Иесі талай аттың мені тапқан.

Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қақтым, Мінгемін не саңлақка сумаң қаққан.

Көп атты талай-талай тастап кейін, Қыр құсын тақымымда қылмаңдатқам.

Сəйгүлік мыңнан озған, өңкей саңлақ, Қырғындап қайтар жерге жетті шаңдап. Айдаушы тырна қатар тегіс тізіп, Қайтуға ыңғайланды айдалған ат.

Қаз қатар, мың үш жүз ат жайды қанат, Балалар бір-біріне «Алақ! Алақ!»

«Ал қайт!» деп қашан қолын сілтейді деп, Бар бала айдаушыға тұрды қарап.

Шығар деп қашан даусы «Қайт! Қайттаған», Өзім де талай-талай жалтақгағам.

Болар ма ат үстінен қырда қызық, Жалғанда арман бар ма ат қайтқаннан!

Ат қайтты əлде неше он шақырымнан, Көп атты қайырмады жақын бұдан.

Жөнелді түтіндетіп мың үш жүз ат, Шаң кетті көкке шапшып сапырылған.

Арыста ағалаған нелер саңлақ, Қашаннан қатып-семген бəйгеге арнап. Ұрандар бəйге шапқан бала халқы, Күңірентіп жердің жүзін кетті шаңдап.

Шаңы – бұлт, екпіні – жел, аттар – қаңбақ Балалар ұран салып, безді зарлап.

Шапқан ат, салған ұран – күңіренді Арқа, Уда-шу, ұлан-азар болды жан-жақ.

Күңірентті ойды, қырды өңшең күлік. Арқаны дүбірлетті дүбір қылып.

Көшіріп жерді, көкті келеді аттар, Керілген кең даланы бүліндіріп.

Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп, Адақтап барған сайын шықты жүйрік. Төртеудің мың үш жүзден мойны озып, Кұлагер келе жатты тістеп құйрық.

Артында төртеуінің мың ат қалды, Балалар барған сайын шулап қалды.

Жер шіркін барған сайын бауырын жазып, Шаң шіркін барған сайын будақталды.

Шаң көкке өртенгендей шумақталды, Ат терге шомылғандай суды ақтарды. Күн шілгер, адам, айуан судан кеуіп, Түтігіп талай аттар құлап қалды.

Құдықтан, жерошақтан қазақ қазған Жұлдыздай жалт етеді жүйрік жазған. Шынайы жел жүйріктер қырға біткен, Деген сөз былшыл біздің жылқыны «азған».

Төрт тұлпар соқты желдей мыңнан озған,

«Жетсең ал!» деген есеп мұнша созған.

«Армансыз болсын аттар» деп əңгірлеп, Қазақтар қоюшы ма ед құрты қозған?!

Жарысты өңшең тұяқ жолды сойып, Төрт кетпен келе жатыр дабылды ойып. Төрт тұлпар шаңын бөліп, ұзай салды, Жолшыбай аттың бəрін қырып-жойып.

Өссем де атқа шауып, бала болып, Айтуға жетпейді əлім мұны толық. Бір сөзбен бүктеп айтып, байлағанда,

Осы айдау бопты қатты қырғын жорық.

Үстінде Құлагердің қандай бала? Тастап ек баяндамай оны шала. Ақанның елден келген бір жолдасы, Кетелік оны да айта осы арада:

Бұл өзі елдегі бір жетім бала, Ақанға бауыр басқан өкіл бала. Көзіндей Құлагердің күтеді Ақан, Бейбаққа Ақан сері секілді ана.

Ол кезде жетімдер көп қақтығатын. Мынаны Ақан сүйіп, жақтыратын. Асырап аш, жалаңаш қалдырмастан. Біреуге еліндегі бақтыратын.

Бəйгеге қосар болса Ақан атын, Мінгізіп бұл баланы апаратын. Тақымы жетімектің құтты болып, Құлагер қосқан сайын бəйге алатын.

Құланың біліп алған бала сырын, Серінің келтірмейтін жəне ашуын. Қалың ел, аспан, жердің арасында, Ақан деп білетін ол жанашырын.

Ақан да əкесіндей баласының, Жоқтығын жоқтатпаған анасының. Қорғайтын ол өмірде үш-ақ затты: Құласын, баласын, көз қарашығын.

Сонымен Ерейменге төрт ат кетті, Төрт бала барған сайын ұзап кетті. Қара үзіп қала берді өзге бала, Қалғанды қорлық теуіп, ыза ап кетті.

Жүйріктер жүндей сабап жолды түтсін, Ат солай бара берсін, бұл сөз бітсін.

Келейік көмбедегі көпке тағы, Сарылып кеткен атты қанша күтсін.

Айғай, шаң аттан шыққан көкке кетсін, Екпіні жел соққандай дүрілдетсін.

Жел жүйрік Сарыарқаны домбыра қып, Төрт тұлпар тұяғымен жерді шертсін.

Ат шаңы

Айнадай мөлдіреген Кусақ көлі, Осы еді Ерейменде жердің сөлі.

Ел жайлап, мал жайылып, думан болған, Жайдырған жасыл кілем, жұмақ жері.

Төбесі осы көлдің биік жері, Кусақтың мөлдірі еді көкше көлі. Бəйгесі Балуанның тарқағанда, Асықты атты тосып астың елі.

Айдалған астың аты алыс жерге, Болар ма Қызқашқанды жақын дерге.

Шықты шаң көз құшында ақ шүйке боп, Құлдырап ат ойысты Кусақ көлге.

Кім жетсін тау бауырынан соққан желге, Дəл сондай аңқыды аттар жазық жерде. Тау төсін дүсірлетіп, дүбірлетіп

Таласты осы төрт ат Ерейменге.

Жанына еліміздің жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан. Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы; Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.

Атты артық көрген елміз мінген тақтан, Қызық-ақ біздің бəйге қырда шапқан! Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей, Аттарға шаң шығарып келе жатқан.

Ұзақ жол, талай қырқа, талай қабат Тауысып шыққан жоқ па келатқан ат! Қайта ма Қызқашқаннан шауып жылқы, Жетпесе, тегі бұған, ұшып қанат!

Қадалып шыққан шаңға үңілді көз, Өзара дауылдасқан басылды сөз.

«Кім де атқа мінсе жазалы!» – деп, Жарлықты жəне берді үңірек ояз.

Жарқырап жатыр Қусақ келі сайрап, Жас қайың жағасында желмен ойнап. Шаң қылаң көз ұшында берген кезде, Қобырай бастады жұрт көзі жайнап.

Тыйды ояз «Тыныштал!» деп қатты айғайлап, Қазақты қауызға айдап, жіпсіз байлап.

Қусақтың кер жол асқан кезеңіне

Қылт етіп келе жатқан ат шықты қайнап.

Бұрқ етті кезең асып шұбалған шаң, Қобалжып қозды құрты астағы жан. Ойысты үш-төрт қара үздік-создық, Алдыңғы ат бірі – қылаң, бірі – баран.

Көргенде көз ұшында келе жатқан Қараны қоя ма көз күн-түн баққан? Жасаурап екі көзі тұра алмады, Құласын құлдыраған танып Ақан.

Созылды осы төрт ат көл айнала, Алдына екі ат шықты жеке дара. Өтетін ат қылт етіп Жыланды өзек, Суы жоқ, бұтасы көп – жырақана.

Күткен көп қайтқан аттан көрсе қара, Жынданбай жанды қазақ тұра ала ма?

Деп тұрып: «Тоқта! Тоқта! Шаппа! Шаппа!» Топалаң болмаушы ме ед тұра-бара?

Сорғалап сол өзекке ат та құлап, Жоғалды жұрт көзінен келе жатқан ат.

Өзектен үздік-түйдек үш ат шықты, Алдыңда қылт еткендей болды бір ат.

Елде жоқ осы кезде ұшар қанат, Қайтсін-ау қазақ көңіл құмарланат; Ақанның не болғанын білгеміз жоқ, Алдыңғы ат баранданбай, қылаңданат...

Жұрт көрді: ат үшеу-ақ, бірі қалды;

«Баран жоқ бағанағы!» – деп шулады. Тырмысқан төске таман үш желді аяқ. Дегенше əні-міне келіп қалды.

Көктұйғын келе жатқан екен алды, Жануар, қанат қағып өрге салды; Талассыз керешіден кемел өтіп, Қайқайып қарақшыға кете барды.

Алтайдың қосқан аты асып аруақ, Көк аты Батыраштың келді заулап. Дауысы баласының азар шығып,

Шырылдап өте шықты «Бегайдарлап»!

Аяғы бұраң қағып, бота маймақ, Айтпақтың күреңі өтті: «Төлебайлап».

«Шормаңдап» көр, шораяқ бурыл өтті. Лап ұрып, қозып кетті, жұрт айқайлап.

Ел шіркін бұл аттарды қанша күтті,

Ат қайтты алып бар қызық, бар үмітті... Жүгірді аттарына қаптап жаяу,

Енді ұстау осыларды қылмыс тіпті...

Ұрандап мың үш жүзден үшеу өтті, Қара жоқ өзгесінен, қайда кетті?

Аспан шу, жердің бетін шаңыт борап, Біреуді біреу тіпті білмей кетті.

Қысылған бағанадан қысталаң боп, Тəртібін ояздың ел ұстаған жоқ.

Алуға атын əркім жолдан іздеп, Жарысып ат алдынан ұшпаған жоқ.

Тек Құла астың алдын шайқаған жоқ, Бəйге алып, жиын жарып, жайқаған жоқ. Айырылып Ақаннан да қалдық, міне, Кеткенін қалай қарай байқағам жоқ.

Жалғыз қазық

Біз енді айналмаймыз астағы елге, Аты көп, əңгір қағып жүргендерге. Би Оқас, кəрі оязға түкіреміз, Жатқанда сері түсіп сергелдеңге.

Шапқан ел жетті қаптап Қусақ көлге, Əлгі өзек, ат көрінбей кеткен жерге; Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болып, Айталық не болғанын Құлагерге.

Ызғытып ат келатты көл айнала, Ат күткен көмбедегі көрді қара. Жібермей Құлагерді тізгін тежеп, Кезеңнен ойысқанша келді бала.

Сырдесте Сері атына шапқан бала, Бəйгені шапқан сайын қаққан бала. Құланың құлағында ойнап өскен, Серіге сенімді боп жаққан бала.

Шаң қауып, желді жұтып, шөліркеген, Қаңсытып, құрғап таңдай, күн де жеген; Қалжырап келе жатты үні бітіп,

Ат қағып, шөл мендетіп, шабу жеңген.

Көргенде көп кісіні Ерейменнен, Орғытып айналғанда Қусақ көлден: Қалықгап қобылардан құстай ұшып, Асқанда бұлдырықтай безіп белден.

Құлагер жеткізсін бе жекпе-жекке, Келеді басын тартып, қорқып текке. Көк атты қағып, соғып омыраумен, Ағындап келіп түсті Көкөзекке.

Қара жоқ, мыңдаған ат қалды артта, Өзге аттар əлдеқайда бұл мезетте; Құланың басын қоя бермек еді, Кезікті бір тосқауыл осы өзекте.

Қусақтың осы қылта мойныңда, Аттардың шауып өтер жолы мұнда; Кек кернеп, жасырынып тұрды біреу, Бір жаман осы өзекте ой қылуға.

Айбалта ырғай сапты қойнында, Сол еді мылтығы да, сойылы да. Алтайдың ақылынан ашуы көп, Арғынның ес болмайды дойырында.

Ақ мылтық – ұшқыр боз ат бар астында, Жау тұрды жасырынып жар астында.

Жол үсті тасқа біткен қарағанның Əлгі тұр атты күтіп дəл астында.

Мінгені боз, кигені қара үстінде, Құлагер тізгіндеген бала үстінде. Мылтықтың ауызына ұшқан құстай, Ағызып жетті жаудың дəл үстіне.

Көрінді ат, келе жатыр Көк ат алда, Қамшылап шырылдайды бала зорға.

Төбелеп басқа, көзге Тұйғын келед, Шайқалып, шарқ аяқтап, түсті жарға.

Сияқты Көкті соғып, Құла аларға, Тосқауыл мұны көрген тұра алар ма? Көмбеге көрінім жер қалған кезде, Құла алса, қорлық қатты мұнан бар ма?

Кетіпті тер шүмектеп Көкті жауып, Құлагер кұйысқандас, қылды хауіп. Терлемей қабағы да Құлагердің, Келеді іркіп бала, еркін шауып.

Көк атты омыраулайды Құла қуып, Жендетті ыза ап кетті, ашу буып. Қанталап екі көзі көрмей кетті, Қан мұздап сала берді, бойы суып.

Осы өзек – Ақан айтқан мөлшерлі өзек, Кел деген осы араға тізгін тежеп.

Қайқайып осы өзектен өткеннен соң, Ұрандап қоя бермек бала безеп.

Қамшылап екі жаққа алма-кезек, Баласы Көктұйғынның қақты безек. Көк атты осы арада артқа тастап, Жөнелер Құлагерге осы кез ед.

Нəн, жуан, менмен кеуде, намыс ері, Суық қол Батыраштың жібергені.

Жалт етті жайдың оты жүрегінен, Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді.

Жаудырды көңіліне аспан селді,

Көк дауыл соқты шайқап Қусақ көлді. Мергеннің бір маралға көзі түсіп, Секірген бір киікті қасқыр көрді.

Басынан Ерейменнің соқты боран, Түйілді қара бұлттай қара қыран. От болып екі көзі көрмей кетті,

Жауды сел – қар ма, қан ба қабағынан.

Қылуға қауіп-қатер бала мұнан, Аман ғой ақ көңілдің арамынан. Бөріні бөрік астынан білмей қалды, Ойнақтап өте берді жау алдынан.

Суық қол, оқтан ұшқыр, тастан қатты, Ол өткір Аспаһанның көк болаты.

Қызғаншақ, қиқар кесел, ұрыншақ, өр, Қаскүнем, қара көңіл жаман таты.

Тұрғаны тығырықтау жердің шаты, Ақ мылтық – астындағы ақбоз аты. Ұрымтал жерден оқтай ұмтылғанда, Бала да білмей қалып, болды қапы.

  • А, құдай-ай!, бере көр! – деп ұмтылды, Ұйытқып кеп соқты өкпеден жел сықылды. Қыспақ жол, Жыландының жырасында Қақтығып бір-біріне ат тығылды.

Caп етіп бердеңкедей кеп ұрынды, Бере бар, балам, бері шылбырыңды! Жанасып Құлагерге қалғанында, Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды...

Шапшып қан шекесінен шыр айналды, Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды.

Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ, Тек бала жерге доптай домаланды.

Құлагер шапшытқанда көкке қанды, Тек бала шыр-шыр етіп аттан салды.

Жоқ болды ақбоз атты, қара киім, Тұйғынкөк шыға шауып кете барды.

«Бай-бай, Құлагерім!..»

Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап, Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап. Шіреніп төрт аяқты, танау қағып, Ыңқылдап өліп барад ат қорқырап.

«Аттандап» өткен жанға қолын былғап, Баласы Құлагердің жүр шырқырап.

Қалың шаң қаптай шапқан қара-құрық, Балаға бұрылмайды ешкім бірақ.

Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты, Ол тастап аста тұрған жиылысты; Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп, Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты.

Көргенде ол манадай сұмдық істі, Үстіне Құлагердің құлап түсті.

Білмеді не болғанын, айырылды естен, Аймалап Құлагердің басын құшты.

Келер деп үміт қылып алдыменен, Аты бұл алып келген алыс жерден. Жат елде жалғыз өзі, сүйген аты, Серінің санасалық халіменен...

Құлагер қорқырайды қаныменен, Ақан да шырқырайды жаныменен... Егіліп, төгіледі Ақан сері,

Зарлаған Кұлагердің əніменен:

«Не болды-ай, бай-бай саған, Құлагерім?! Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...

Тірегі көңілімнің бəйтерегім,

Бұл жерге қалайынша құлап едің?!

Бай-бай-ай, Бай-бай-ай-ай, Бай-бай-ай-ай, Ба-а-й-ай,

Бай-ай-ай...

Бай-бай-а-й,

Бай-бай-а-й, Құлагерім...

Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім! Қасымда қасынысып тұрар едің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым! Басылар өлгенімше қайтып шерің?!

Кұлагер, айналайын, арғымағым! Осы еді өлмегенге шабар шағың.

Құтсыз көл, Жыландының жарысында Құшақтап қанды басың зар жыладым.

Құлагер, жаз жайладым, қыс жайладым, Артына қызды ауылдың көп байладым. Жеріңе қамшы тимес, пышақ тиіп, Құшақтап қу басыңды ойбайладым...

Құлагер, айналайын жүлде алғаным, Басындай Арқарлының күн шалғаным! Барғанда ақыретке пырағым бол, Қызығын көре алмадың бұл жалғанның.

Құлагер, құлыныңнан маған біттің, Төрт бөліп түн ұйқымды баптап күттім; Жылқыны қыл құйрықты елде көргір! Қандай жан шекесінен қағып өттің?

Құлагер, қолда өсірген құлыным-ай! Ішінде омыртқамның жұлыным-ай!

Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр, Қанды қол қастықпенен ұруын-ай!

Құлагер, құлыныңнан керім едің, Нағашым, сұрағанда беріп едің. Аттарды Ерейменнен айдағанда Оқты көз, у құйылғыр, көріп едің»

Осылай Ақан зарлап жылап жатты, Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты. Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,

Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тəтті.

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты, Өкіріп жел мен жер де жылап жатты. Ереймен бұлақтары көлге жылап, Серіге көл күрсініп көңіл айтты.

Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар, Дəл сондай жақсы атына Ақан жылар. Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не, Таудағы «Ой, бауырымдар» неге сулар?

Ой мен қыр, орман-тоғай неге шулар? Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар? Арқаның аяулы аты өлгенін

Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!

Жалпылдап жапырағымен сергелдеңде Селкілдеп қайыңдар да тұрды желде. Егіліп қара тастар қайыршақ боп, Жылаған бұлақтармен кетті көлге.

He берсін жат жалғызға, аз кедейге, Тіксе де оларға емес, асқа бəйге; Жұмсарды Құлагер мен Ақанды аяп, Дұшпанның бауырынан тас та кейде.

Қояндар қайғырысты кеуегінде, Көбелек күйіп ұшты бірден-бірге. Қуанды түлкі, қарсақ, қырда қасқыр, Жылқы жоқ соғатын деп бұдан өңге.

Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге Неткен жан шыдай алар мұндай шерге. Қашаннан қаяу көңіл сері Ақанға, Қайғырған сияқтанды көк пен жер де.

Деген сөз – əшейін сөз – жан жылады Аяса адам неге қан қылады?

Осыған жылау түгіл, қуанған бар, Көретін оңай олжа өлген малды.

Қарғалар қарқылдасып хабар салды, Күшіген қызыл көрген аспанды алды.

«Білмеген ер қайғысын, сұмырай!» деп, Қаршыға қуып жүрді сауысқанды.

Жүйріктің жосылғанда қызыл қаны, Жүрегі жер мен көктің тызылдады. Қуанып қан көргенге қара шыбын, Асындай Сағынайдың быжылдады.

Күңірентіп дауысымен көк пен жерді, Емірентіп, жылауымен Ерейменді; Еңіретіп ыңқылымен Арқа желін, Толқытып көз жасынан Қусақ көлді.

Қандатып қарсы алдында Құлагерді, Қоймастан Ақан атқа жылай берді... Жыласын, сөйлеп қалсын соңғы сөзін, Қылалық біз əңгіме былайғы елді.

Батыраш

Аттары келіп болып астағы елдің, У-шуы басылды əбден Ерейменнің. Төгілді ас Жыландының жырасына,

«Ақанның атыпты, – деп, – Құлагерін!»

Жиылды жұрт басына Құлагердің Тұлпардың топыр басты жатқан жерін. Жат жаудың жаны ашымас, бауыры тас Ішінде қуанбады жылап Серің.

Ақанға ешкім «қой!» деп, айта алмады, Ер көңілін еңіреген қайтармады.

Жазықты сияқтанып жанның бəрі, Жанына жақындауға бата алмады.

Дұшпаны тұрды ішінде, ұялмады, Досы да бірге жылап, қия алмады; Үстіне жұрт жиылып тұрғанында, Күңіренген дауысын Ақан тыя алмады:

«Құлагер, Ақаныңды қайғы басты, Қайғысы барған сайын арылмас-ты. Сан жүйрік, сан тұлпарды мінсем-дағы, Құлагер енді маған табылмас-ты.

Бай-бай-бай...

Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, Соғып ем семізінде сегіз арқар.

Серігім, жанымдағы жақсы көрген, Күйігің, қайран атым, қайтсем тарқар!

Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, Соғып ем семізінде сегіз арқар.

Сен едің жан атым да, қанатым да, Табылмас енді маған сендей тұлпар!

Құлагер, жас күніңнен тайым едің, Солқылдақ тауға біткен қайың едің. Бəйгеге Құлагерді қосқанымда,

Бір тайпы ел бəйгесіне байып едің!

Құлагер, жас күніңнен құнаным-ай, Сүйегін, етің таза бұланым-ай, Қасыңнан бөлек жерге жатпаушы едім, Айырылып Ақан сенен, қуардым-ай!

Əкесі Құлагердің жастан соқыр,

Бай-байлап басыңды ұстап Ақан отыр. Қуанған Құлагердің өлгеніне Молдасы сауысқанның құран оқыр!

Қарағым, шабушы едің, Құлагерім! Салбырап саптыаяқтай төменгі ернің; Атығай, Қарауылға бəйге əперген, Айрылдым сенен неғып, ардагерім!?

Құлагер, бəйге шапсаң бала мінген, Астына ат көрпесін сала мінген.

Асына Ақылбайдың қосқанымда, Алып ем бəйгесіне қаймалы інген.

Құлагер, шапсаң бауырың жазылатын, Жерошақ тұяғыңмен қазылатын, Құшақтап қу далада қалдым жылап, Жазым боп жау қолынан жалғыз атым!

Құлагер, қуанышпен қосып едім, Алдыңнан үмітпенен тосып едім, Жиылып Арғын, Найман қарағанда, Тіл мен көз тиер ме деп, шошып едім...

Құлагер, қуанышпен қосып тұрдым, Қоссам да хауіптеніп шошып тұрдым;

Қылмаған көзден таса, Құлагер-ай! Қайтермін, бір қарақты тосып ұрдың...

Құлагер, құлынынан досым еді, Баспанам - тауға біткен қосым еді. Қаңдай cop Ерейменге айдап келген Қазаңның жеткен жері осы ма еді?!

Қыстауым Сырымбеттің жел бетінде, Мың қарғыс, сені өлтірген жендетіңе!

«Алыс жер, апарма!» – деп қақсап еді, Қарармын енді қалай ел бетіне...»

Ac елі, арыс ұлы «қой-қойлады», Қойсын ба Ақан оңай, ойбайлады... Жылатып жиын жұрттың қақ жартысын, Зарыңда Құлагердің бай-байлады.

Жатқанда отқа күйіп Ақан жаны, Керек пе Құлагердің не болғаны? Ұрған кім Құлагерді, ұры қайда? Өлер ат өлді, ұрыдан не шығады?

Ақанды қандай адам қойдырады? Бала да көзі іскенше көп жылады. Сол жерде жиылған жұрт анталасып, Тексеріп төрт баладан сөз сұрады.

Түрілді, анталап жұрт, ел құлағы, Ортаға төрт баланы алды-дағы. Ішінде сол топырдың дұшпан да бар, Деп тұрған:»Ат жығылып өлді-дағы!»

Құлагер құлаған жоқ, жау қас қылмай, Ұрған жау тұрған шығар албастыдай. Қанды қол жасырынып жүрген шығар, Қорадан қойды жарған көр қасқырдай.

Қарлықты Ақан даусы жылай-жылай, Түптеді, топырлап жұрт сұрай-сұрай. Балалар өз көргенін айтып шықты, Халық ашты қанды қолды күмəн қылмай.

Тек бала ат, киімін танып қалды, Жұрт оны ойға жорып анықтады. Ақбоз ат, қара киім, Көктұйғын ат... Барша жан Батыраштан хауіптенді.

Болды деп Батыраштан жұрт ұйғарды, Берместен Көкке бəйге, көпке салды.

«Ұрыңды ұстап тұрған алып кел!» – деп, Бопсалап, Батыраштар шыла танды.

Батыраш селкілдетті көк сақалды:

«Бір жылқы жығылды да, өлді ажалды, Осыған ұры бізді қыласың!» деп

Күн айтып, Керейлерге зіркіл салды.

Қарғады мұны халық, азарлады, Əркім-ақ тұс-тұсынан бажаңдады:

«Кесілсін ердің құны Құлагерге!..»

«Тартатын тоғыз айып сазаң бар-ды!»

Осындай сөздермен ел киіп кетті, Қалың жұрт қадала айтып көрін төкті. Қазақтың елі-жұрты күңіреніп, Үстіне қанды қолдың бұлттай шөкті.

Жұрт мұнда тыңдаған жоқ биді, бекті. Теңіз көп тасығандай толқып кетті.

Ақырып тұс-тұсынан долданды жұрт, Ызалы басу қиын болды көпті.

Қылмысқа, қиянатқа мұндай айқын Күңіренді ел Ақаныңды танымайтын.

He шалдар шіміркеніп селкіл қақты, Жігіттің даусы шықты жарқын-жарқын.

Ашу кек, күңкіл басты елдің артын, Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын. Тітіреп жұрттың жаны күйіп кетті, Атқызып отыра алмай аяулы атын.

Арғынның Алтайынан болса-дағы, Жауызды ел қорғамады, қоршамады.

«Құран соқ, Құлагерді ұрмағанға!» –

Деп халық Батырашты қоршалады.

Шаң болды Қусақ көлдің көк жайдағы, Шу болды Жыландының боз ойнағы.

«Қорлады сүйегімді»! – деп сіресті,

«Асымды бүлдірдің!» – деп Керей жағы.

Күйінді бұл қорлыққа Керей жағы, Кіжінді Керейдің де кедей жағы.

Ашынды ашу қысып азаматтар, Күңіренді Ерейменде ел аймағы.

«Ақанды білмесек те, халық бармыз, Қайтуға ол ырзалықпен ынтызармыз. Шапқанда бізді келіп мұның елі,

Біз сонда бұл қылмысқа не қылармыз?

Жылатқан жолаушыны жүрген жалғыз, Біз қазақ бұл қорлыққа шыдамаймыз». Ұрыға азу басып іздеді жұрт:

«Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз!»...

Үлкен шу, бітпес жанжал болды бұл іс, Демей тұр Батырашты қазақ дұрыс.

Күңірентіп кең даланы кешті кеңес, Болмады сөз байланып қырда тыныш.

Кеулесіп Керей, Арғын – сеңдей сүріс, Бір дауға айналып тұр үлкен ұрыс.

Алмады Алтай жағы мойынына, Айғақсыз əлсіреп тұр айқын қылмыс.

Болмайтын Батыраш бір көк айыл шал, Оның да жігітіне жер қайысар.

Тентек, өр, тұқымынан теріс азу, Алтайда адам пішінді аю шығар.

Жатқанда Ақан атқа күңіреніп зар, Бұқара шулағанда болып ұлар; Оқастың оязбенен қасынан кеп, Тепсіңді тұрған көпке Батыраш шал:

«Е, Керей! Азған Арғын, Уақ, Найман! Сендерде ненің буы қоқырайған?

Өлді деп Қарауылдың бір жылқысы, Ұрыны қанды мойын таптың қайдан?

Аулақ тарт, аттың басын Алтайымнан, Келмейтін Керей-серей бақайымнан. Жала қып, барымтаға бəйгемді ұстап, Жеріңді көріп тұрмын бата айырған!

Мойныма ат өлімін болсаң қойған,

Бір жылқым Қарауылдан тартып сойған! Кесіп ал күшің болса құлағымды, Əйтпесе болғаның не сонша ойран?

Көтіңді көрем бəйге бермей қойған, Тартылар өз табағың астан, тойдан. Шыдап көр қонысыңда тыныш отырып, Есемді ел шапсам да алмай қойман!»

Осыны айтып көк шал селкілдеді, Керейлер жым боп қалып, желпінбеді.

Батыраш осыны айтып шіренгенде, Жұрт тарқап бара жатқан секілденді.

Бытырап, ырың-жырың көптің көңілі, Басылды Қусақ көлдің көпіргені.

Құшақтап Құлагердің əлі басын, Ақанның басылған жоқ өкіргені.

Желпінтіп жетелеген Тұйғын көкті, Алтайлар топтан бөлек тұрған шеткі,

«Бəйгемді барымта ұстап отыршы!» – деп Керейге кіжінген шал жүріп кетті.

Онымен Оқас тағы бірге кетті, Шабдан да Алатауға бұрды бетті, Ойнап ел, өлген атпен жұмысы жоқ, Ояз да ылаулаған атын жекті.

Сонымен сол кеткеннен бұрылмады, Қайтқан жан құмырсқадай қыбырлады. Өзара өлген атты аңыз қылып, Таралды алды-артына рулары.

Тек қана қалған бір топ дуылдады, Қарғадай жемтіктегі шуылдады.

Шырқырап Ақан отыр ат басында, Шығарып шерлі даусын құлындағы.

Ат шіркін, елге дəулет, ерге санат, Ат шіркін, елге қайрат, ерге қанат.

Жарлының жалғыз аты жазым болса, Қалмай ма жарымжан боп, жерге қарап?

Аттың азалы əні

Күн батты, көлеңке алды Арқа жерін, Кешкі жел жыбырлатты Қусақ көлін.

Қоштасып Құлагерге күңіренді Ақан, Қайғыртып қасындағы қалған елін.

«Қош, енді қалдың кейін, Құлагерім! Тұрмадың жығылғаннан, жылап едім. Жалғанда саяқ жүріп таяқ жедім.

Көретін күнім шығар бұ да менің...

Бай-бай, бай-бай, Бай-бай, бай-бай...

Құлагер, қоштасқаным ел алдында, Жемтігің қалды сенің Жыландыға. Айырылып жанындағы жалғыз сенен, Қайтты иең, тұрмаған соң жылады да.

Құлагер, жануарым, пырағым-ай, Қалдың-ау Ерейменде, шырағым-ай! Сенікі, менікі емес, қарға, кұзғын!

Оқи бер Құлагерге құраныңды-ай...

Көзіңнен айналайын тостағандай, Қияр ем сені нағып тастағанға-ай; Басыңды итке неге иіскетейін,

Ерте-кеш құшақтамай жас баламдай!

Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай! Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай. Тигізбей топыраққа, жоғары іліп Сақтармын өле-өлгенше қу басыңды-ай!» Соны айтып Құлагердің басын кесті,

Көрген жан: «Қайтсін шіркін, асыл!» – десті. Достары: «Қайран ер-ай, обал-айлап», Қастары: «Сол сыйымен барсын!» – десті.

Алда бас, арт жағына ұл мінгесті, Бəйгені өзге қалған жан үлесті.

Бір салып атты бұтқа Ақан сері, Жамылып жүріп берді қоңыр кешті.

Жеделдеп жетім ұлмен жүріп кетті, Ұйқысыз ұзақ таңға бүлкілдетті.

Ұзын жол, жұлдыз жарық, жазғы түнді

«Құлагер» деген əнмен күңірентті.

Əнімен шығаруға ішкі дертті, Шырқатып ащы үнімен шерін шертті. Болады салған əні су сепкендей, Сөндіре алмаса да жанған өртті.

Ащы зар, ауыр шері айғайлатты.

«Құлагер» айтқан сайын қайғы ойлатты. Ұйқышыл, керең қырға маза бермей, Күрсінтіп соқыр түнді бай-байлатты.

Шер даусы ен далада шықты қатты, Түн, дала, ел төсекте тыңдап жатты. Құлақ caп қырда қоян, қорада қой, Жылқылар жайылыста ішін тартты.

Бесікте бала оянып, ұйып қапты, Кемпір, шал жамбасына зарлы үн батты. Қыз, келін қой күзеткен айтақтамай, Түнгі ауыл зарлы əнді тыңдап жатты.

Зарлатты, аңыратты, жорғалатты, Күйік əн көкке серпіп, сорғалатты. Азалы ащы дауыс зарлағанда,

Жұрт бірге жоқтап жатты өлген атты.

Бай-байлап «Құлагер» əн бебеу қақты, Талда құс, белдеулерде бедеу қатты.

Зарлы əнін «Құлагердің» жылқышылар Сүйеніп құрығына тыңдап қапты.

Жолшыбай жол көп елді аралатты, Бұрылмай бас өңгерген баран атты, Керең түн кең даланы күңірентіп, Бай-байлап «Құлагерге» бара жатты.

Көргенде Көкшетауды дерті қатты, Жүрген жер Құлагермен жанға батты. Кетер түн Құлагердің жатқан жерін Құшақтап, жер бауырлап, жылап жатты.

Тау мен тас жоқтағандай Кер құла атты, Бар бұлақ көлге суын бауырымдатты.

Кірсіз жер, кінəсіз жел жылы ұшырап, Құланың қазасына көңіл айтты.

Ардақтап ат байлаған бір ағашын, Қастерлеп Құлагердің ілді басын; Аңырап ағыл-тегіл боп отырды, Көзінің омырауына құйып жасын.

Көкшенің күйіндіріп тауын, тасын, Күңірентіп сай-саласын, көлдің басын. Ат жанды, аяулы аттың иесі Ақан, Жоқтады жұбанбастан кер Құласын.

Кей-кейде жауын болып, жылап ақты, Кей-кейде дауыл болып соқты қатты; Кей-кейде күңіреніп, көлдей толқып, Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты.

Кей-кейде əнге шырқап өлең айтты, Кей-кейде томсырайып тастай қатты. Қылғандай қайыңды қос, тасты төсек, Аһылап, ағаштағы бастай қатты.

Жаз өтіп, жапырақ солып, күз де бопты, Қуартып жасыл жерді, қазан соқты.

Күйкиіп Көкшетаулар күпі киіп, Жайлауда тышқан аңдып, түлкі жортты.

Күзгі ауыл сары от іздеп, қуды қоқты, Қозы, лақ өсіп – бопты шыбыш, тоқты. Жиналып желі, ноқта, саба сорғып, Ызғырық естіртеді ойда жоқты.

Ақанның көңілі осы күздей болып, Қазасы Құлагердің өткен соғып, Көңілінің Көкшетауы қуаң тартып, Қызығын қайғы орағы кеткен орып.

Құланың қайғысынан қатып, семіп, Қурай боп екі-үш айда қалған шөгіп. Құлауға құйын соқса оп-оңай тұр, Құрт жеген құба сөңкел секілденіп.

Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ; Оларды іздеп, жұртпен жауықпақ жоқ. Қапыда қатты тиген сол соққыдан Қираған жан қанаты сауықпақ жоқ.

Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ, Оларды енді көксер мақсат та жоқ.

Күңіренген күні-түні «Құлагерге»,

Асқақ əн, əсем үнді зар жақ та жоқ.

Кеткендей қызық тарқап, қаны суып, Айдаған айдалаға жаны қуып.

Жап-жалғыз тауды, тасты мекендеген, Жанына жолатқызбай жанды жуық.

Өмірден жиіркеніп көңілі суып, Қалғандай айналадан өзге туып. Жатады жанды көрмей жапан түзде, Көліне Бурабайдың кірін жуып.

Баурында Оқжетпестің бір шоқ қайың, Жүреді сонда Сері келіп дайым.

Ілулі сол қайыңда тұрған қу бас, Қобыздай ызылдар жел соққан сайын.

Басында айтамыз деп бастың жайын, Əңгіме қылдық, білем, астың жайын. Мынау бас – Құлагердің қу басы еді, Мынау шал – Ақан жалғыз, қашқындайын.

Қайыңның қасына кеп жүрген Сері, Байлаулы Құлагердің тұрған жері. Сол жерді тауап қылып оқта-текте, Кетпейді осы арадан сонан бері.

Əн болып Көкшетаудың күңіренгені, Сөз болып жат мінезі, шерткен шері; Кетіпті елдің аузы əуезе қып:

«Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан – пері».

Өтті күн. Қалды ағашта бас қуарып, Қатайды Сері, сақал-шаш қуарып. Серіксіз, елсіз, малсыз, елсіз тауда Өткізді өмірін ол, басқа қуанып.

Тентіреп тауда ұдайы, таста қаңғып, Оты өшкен, бойында жоқ жас құмарлық. Басар жер, барар тауы - Бурабай боп, Бейшара бағып өткен басты мал қып.

Шүйке шал, аузы ұрадай опырылған, Су мұрын, қу ұрты шұқырайған.

Боз бура бір күндегі тасқа шөгіп, Шал отыр қу қайыңда мықырайған.

Келсаптай тұзды түйген бас ағарған, Түздегі қу бастайын жақ қуарған.

Бетіне ел көшкендей сүрлеу түсіп, Шөлдегі шыңыраудай көз суалған.

Жігіттің бір күндегі Көкшетауы, Күрсінткен көп сұлудың «Көкем-ауы». Жаңғыртқан жақсы жерді, жалпақ елді, Əсем үн, аспанға өрлеп салған əні.

Бір күнде болған жігіт жан жайлауы, Қайда оның күлкі, ойынмен жайнаңдауы? Құлазып күзді күнгі Көкшетаудай, Қызықтың көшіп кеткен capжайлауы.

Көңіліне Құлагерден құйылып мұз, Күйкиіп отыр таста Ақан байғыз.

Жан тынышын елден емес, жерден тапқан, Сондай бір адам бопты жаны жалғыз.

Даусына жаңғырып тау, жаңғырып құз Серінің салған əнін сағынамыз.

Қазақтың қиялының жақсы аты деп, Біз-дағы Құлагерге қамығамыз.

Сорлы Ақан «Құлагер» деп жылап, күйген, Елдің ол құлағына жылы тиген.

Болса да мейлі сері, мейлі пері, Ақанның аты мен жұрт əнін сүйген.

Қайтқанда басты өңгеріп, сонау түннен, Əн алған қалың қазақ қайғылы үннен. Қағып aп қыз, келіншек күзеттегі, Жылқышы жылқы ішінде салып жүрген.

Сорлы Ақан күңіреніп қайтқан шақта, Күңіреніп Ерейменде өлген атқа.

Алатау, кең даланың Қыр, Сырында, Əн тарап жатты осындай Арқа жақта.

Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты, Ауылға оның əнін малшы ап қайтты. Ел-елден Ерейменге жиылған жан, Еліне «Құлагер» деп əн caп қайтты.

Жұрт жоқтап қапыда өлген қайран атты, Əр жақта ел бұлбұлы сайрап жатты.

Ішегі домбыраның сыңсып жылап, Əншілер «Құлагерге» бай-байлатты.

Құланы мақтады жұрт «мал басы» деп, Тыңдады Ақан əнін «зарласын» деп.

«Қазақтың бір аяулы атын атқан

Барша жұрт Батырашты қарғасын» деп.

Ақанды айтпаса да «қолбасы» деп, Аяды «Құлагердің жолдасы» деп. Лағынат оқыды əнмен өткен күнге,

«Сол сұмдық қайтып қырда болмасын!» – деп.

КҮЙ

I

Қобызшы – Молықбай шал Матайдағы, Матайда – Кенже, Тұңғат Сақайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны сол, Жорға еді маймаңдаған бақайшағы.

Жар қабақ, сида, арсақай, cap шұбар шал, Жарықшақ, үні тозған, қансыған шал.

Іріңдеп екі көзі, қол дірілдеп, Аузынан азу тісін аршыған шал.

Еңкейіп екіндідей күні кеткен, Жұқарып, нашарланып күйі кеткен.

Қобызшы ол – «Ақ көбікті» аңыратқан, Боздатып «Боз інгенді» күңіренткен.

Қобызшы ол – «Көк көбекті» күрілдеткен,

«Дүлдүлін Ер Əлінің» дүрілдеткен.

«Онсан мен Ормамбеттің айырылғанын»,

«Жыласқан ноғай-қазақ» күйін шерткен.

Қобызшы ол – «Қорамжанның» күйін тартқан, Зарлы қыл қыр қиялын қиындатқан.

Қалыпты қолда қоңыр көне қобыз,

О баста сырмайлатқан, күміс шапқан.

Жайлауда ала қарлы, Амантекше, Қарлатып, жаңбырлатып нөсер төксе, Тоқсыртып кəрі аршаны, от маздатқан Шал үйін сағынушы ек біз ерекше.

Құмар ек қобызшыны қолқалауға, Жақсы едік жалынуға, аталауға. Қобыздан құздың күйін, мұздың күйін, Құмартып келуші едік біз тыңдауға.

Бұлттанса, құрыстанса мұз бенен күз, Mac етіп, маужыратқан ішкен қымыз. Тасқындап, көңілі өрбіп, күйі буып, Дей-тұғын: «Кəне балам, əпер қобыз!..»

Бес бұрап, төрт түкіріп, толғап тоғыз, Қозғалар «құлақ күйден» жосып қобыз. Көтерген көк түндігін күй өрнегі Құлатып асқарда ағын, мəңгіде мұз.

Ызғыған ызғырық күн, құлдырап қыл, Алатау, əсем бұлақ сылдырап тұр.

Қиқылдап қырда қызғыш, көлде қаз-қу, Қаңқылдап таңдай қаққан талда бұлбұл.

Желдеткен, желде кеткен желмаясы, Желге не? Алақандай жер аясы.

Ақырып Алатаудан өзен құлап, Саңқылдап самалданған сай-саласы.

Жау тиген, айқай-ұйқай, үріккен жылқы, Долданған дуанасы шайқы-бұрқы.

Толқытқан тұңғиықты долы дауыл, Дүлейі көл Балқаштың ұйқы-тұйқы.

Іңірде баяулаған дауыл бəсең, Боздатқан бұлбұл күйін бабыңда əсем. Асықтар алқымдасқан, мауқын басқан,

Сырласқан: «жарым да сен, жаным да сен!»

Əдемі үн айтақтаған, қой күзеткен, Адамды – адам күткен, уһлеткен. Самалдай сайдан соққан саңқылдатқан, Əлдилеп қоңыр түнді қос бойжеткен.

Кейде күй талмаураған, талықсыған, Кейде өжет, кейде долы, албыртсынған. Кейде паң, кейде дарқан, кейде сергек,

Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған.

А, деген, асқақтатқан, əнін қосқан, Үн қайтса қосылуға қобыз тосқан.

Кəрі саусақ қылтылдаған қаздаң қағып, Ойнақтап, үркіп билеп қылда босқан.

Қыңқылдап қыл күшігі қыңсылады, Жə, əлде танысқан қыз сыңсығаны. Жүректің қылмен қабат шегін шерткен Саусақтың ыршығаны, шымшығаны.

Қайырған, текектеткен, жорғалатқан, Сарқыған,екшеп қағып, сорғалатқан.

Талмаурап самайдан тер сыпырғанда Тартуын «Боз інгенді» қолқалатқан.

Қозғалған қайта қобыз, қымти бұрап, Қозғалтқан «кұлақ күйді» тартыңқырап. Боздатқан «Боз інгенін» ыңырантып, Күңіренткен бірде боздап, бірде жылап.

Тоңқалаң топ басынан асқан тұмақ,

«Бəлі» деп бас тұқырған төмен құлап. Бой балқып, ой өрістеп, жаның жусап, Күзетте қалған жалғыз сергек құлақ.

Ескіге, ертегіге ертер үшін,

Тамырын тартып шердің шертер үшін. Қолқалап «Боз інгенді» сұрағанда, Былайша бастайтын шал ертегісін.

II

«Баяғы, дін мұсылман аманында, Бай бопты Бағлан деген, заманында.

Арқа оттап, асқар жайлап, құм күзеген, Қыстауы Амудария аяғында.

Құм қоныс, мал суаты Сырдың суы, Боз дала – тұяқ басты малдың шуы. Көкпекті көгертпеген көктен нөсер, Жарқылдап жай жарқырап жасыл туы.

Түйесі сары қоңыз маусымдағы, Маясы, нары, үлегі, қаусырмалы. Қалмайтын қайымаған бір тайлағы, Келесін ие баққан Қаусылғазы.

Болыпты бір боз тайлақ келесінде, Ол өзге, өзге түйе төбесінде.

Өренде, өлкеде жоқ айуан екен Тартпаған бурасына, енесіне.

Туғаннан ардақтапты бай-бəйбіше, Мал айтып амандыққа əлденеше. Сақта деп, тілден-көзден сиыныпты, Су ішсе, қырға кетсе, шөбін жесе.

Батқанда қырдың күні тұмандатқан, Қатқанда Сырдың суы бұлаң қаққан. Күл көрпе, қорда төсек, қолға байлап, Үкілеп қара таспен тұмарлатқан.

Қызылда қыстың күні шұнаң қаққан, Аязда түкірігің түспей қатқан.

Жабулап Самарқанның жібегімен, Жабыла жануарды солай баққан.

Боз тайлақ жасы толған, қайымаған, Қайғырып мал иесі зар жылаған.

Балгерге бал аштырып, бақсы ойнатып, Қалмаған құмалақшы айырмаған.

Бақсы ойнап күңірентсе де қобыз үнін, Қойқаптан қозғағанда Қорқыт жынын. Боз інген боталамай болды бедеу, Шашты ашпай құмалақшы қырық бірін.

Жұрт жиып Бағлан айтты: – Елім – халқым, Інгенім қайымады, көңіл салқын.

Əулие көп ауызы, не айтасыңдар,

Барлар жан бар ма ішінде мұның парқын?

Күңіренген бəйбіше де қоңыр қазша!

«Бермес пе ед бір шикі өкпе, ие жазса!» Ұйлыққан үндей алмай отырған жұрт, Шеттегі тұра келді жетім тазша:

«Ау жарандар, жарандар, Маған да бір қараңдар.

Мен болжайын, байқайын, Қамалмаңдар, бағыландар. Мен дауасын айтайын:

Құлақ салып тыңдасаң. Тойыңды жеп қайтайын, Егер мені сыйласаң.

Жын, əруақ не берсін, Өлтіресің қинасаң, Көпке ортақ айуан мал,

Айтайын халқым, айтайын, Түйеңе көрген түсім бар, Ботасыз бедеу боз інген, Болжадым, бермен алдыршы, Өрістен ұстап қалдыршы.

Мүйізгегін жондыршы, Шал бураға шөгерші, Боз қараған шалдыршы,

Жібектен бұйда тақтыршы. Желекі кілем жаптыршы. Желге-күнге тигізбей Жекеше өзін бақтыршы.

Боталайды боз інген! Болғай мың бір қатасыз, Ал түшкірдім: «аптұщы!»

III

Күннен күн, аптадан ай, айлар өтті, Төлежіп, түгі түлеп, желін жетті.

Күн бітті, боз інген де боталапты, Ботасы алтын басты, күміс көтті.

Бір ұры бұл ботаны ұрлап апты,

Бай дағы, бақташы да білмей қапты.

Ботаны ел аулаққа буып тастап, Енесін керуенге əкеп сатты.

Ақдамда апақ-сапақ сауда біткен, Інгенді тіркеп керуен жүріп кеткен. Артына қарай-қарай, боздай-боздай, Құба құм, қоңыр түнді күңіренткен.

Боздаған ботасына зар илеген, Қозғалған қоңыр іңірді əлдилеген. Екі көз жасты өзендей сорғалатып, Төрт табан құмды қосып нан илеген.

Сыр суы көңілі босап сыңқылдаған, Аспанда қаз бенен қу қыңқылдаған. Тұнжырап жиде, жыңғыл дым үндемей, Күйініп көкте жұлдыз, жел жылаған.

Күркілдеп жөтеліскен кейіп көппек, Тартынып тұра қалса көткеншектеп: Тоқымға білеуітпен бұттаған құл,

Жол тартқан, қузап айдап «атшу», «шөк» деп.

Сатылған, саудаланған құл да ашулы, Айрылған ботасынан бұл да ашулы. Басы бір-біреуі адам, біреуі айуан, Білсін бе бірақ бұлар мұңдасуды.

Қайғырған қара түннің қараңғысы, Томасарған тоғайдағы тораңғысы. Жалғыз-ақ жылқышы құс көңіл айтып,

«Жоғыңның болсын, – деген, – оралғысы»!..»

Елсіз жер... еңіреген інгенде күй, Селеулер жел оятқан билеген би. Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған, Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.

Көбейген көк жүзінде жұлдыз қоздап, Боз інген зар қақсаған жолда боздап. Түктіде түйедегі зарлы сарын Қажытпас қам көңілді қалай қозғап?

Қозғайтын қобыз тартса əсіресе, Төңкеріп жан көңілін əлденеше.

Құм кезіп, түзде безіп тыңдайтынбыз, Түйенің күйін сонау тартқан кеше.

Түн қандай жазғы өліарадағы, Үн қандай күңіренген даладағы. Тартынса тақымына таяқтаған, Тарынған тазша-дағы бағанағы.

Құл ұрса тартқан бұйда іркілмеген, Бұйда үзсе – қайта мықтап тірке деген. Телміріп құлға төніп төгілген зар, Дегендей «неткен қатал шіркін» деген.

Дегендей: «тазша-ау, мені тақымдама, Тап берме, таяғыңмен жақындама.

Өзің құл, өзің-дағы мен сықылды, Ұрмастан ойла соны! Ақыл бар ма?

Артығың менен сенің – білесің тіл, Тіліңнің пайдасы не? Жайымыз бір. Ботама босанайын, бұйдамды қи!

Маған мін, кел қашалық, қайталық жүр!

Дегенге түсінсін бе, құл көнсін бе? Құл қашып қожасына, құмда өлсін бе? Құл айдап, түн жамылып, інген зарлап, Керуен кете берген Үргеншіге...», –

Деп күйші отырушы ед ертегі айтып, Зары деп Боз інгеннің күйін тартып.

Егіліп ертегісін естуші едік,

Отыр деп кім байқаған шалды тантып.

Əсем күй саусақта би, саңғыраған, Жүйрік үн жүрек жалмап жамыраған. Боздатса «Боз інгенді» зарлы қобыз, Сарыны cap даланың аңыраған.

Кер дала, күрең түнгі керуен қандай, Қоңырау күлдір-күлдір жүрген қандай. Еңіреп күңіреніп сарындаған, Зарлаған тіркеудегі інген қандай!

Боздауын қобыз боздап, аңырауын Қыл сарнап, керуеннің дабырауын Ұғасың анда-санда, ойнақы үннен, Кей қағыс күлдірлетіп қоңырауын.

Алатау айырыларда алтын күннен, Күйменен шал сөгілген күңіренген. Кеш батып, кешкі қозы жамыраумен, Қобыздан «інген зары» сонда үзілген.

Осындай ертегі айтып Молықбай шал, Қобызға «Боз інген» деп қосқанда зар, Жүректе жебе сауған мұңды дауыс, Жанды улар, жыға жығар, жүрек құлар.

Емес пе бір тұрлаусыз жас күн деген, Жас жүрек албырт асау бас білмеген. Көр бала, көргені кем, көрсе ұнаған, Қобызды шалға күйін мастірлеген.

Күй сол ма ол күндегі бұлдай-тұғын, Сазы ма сұр заманның тыңдай-тұғын. Басып па ед Алатауды ауыр бұлт, Уайым орынды ма ед улай-тұғын?

Ол ма еді күйі күйік зарлы заман? Жаншылған зарлы ма еді зар жылаған? Күйініп күйін тартып, күйдірген шал, Кім еді, білмей тұрып кінəламан.

Жара не шалдың сонау жүрегінде, Зар оның жазылған ба сүйегіне.

Болмаса жапан дала жылауда ма ед, Мəнісін мен ол күнде білемін бе?

«Қажыған көңіл қамын, жүрек жанын, Қозғаған қобыздағы қоңыр сарын.

Əлемнің əуеніне бермес ем-ау, Қазақтың мұны тартқан күйші шалын.

Деп шалды өте мақтап, асырып тым, Асыра сілтеңкіреп бағалаппын.

Жарғақ шал, жарық қобыз, жалғыз дауыс, Тартқаны кімнің күйі? Байқамаппын.

Сол шалдың тыңдай-тыңдай зарлы үнін, Байыпты уайымға балғын күнім.

Сол бейбақ зарлай-зарлай соққан екен Жұқтырып жүрісінің ауыруын.

Ол қайдан жабыстырды жан ауырын, Ішті ме жүрегі оның өмір уын.

Ондайға мен тоқталман, сын тоқталар, Мейілі, қайдан алса қобыз күйін.

Алдандым осы шалдың күйін тыңдап, Жабығып, өрге өрлемей, төмен құлдап. Көңілді көне күйдің тоты басып,

У сеуіп жүрегіме, жанымды улап.

Еріксіз алған баурап шалдың күйі, Жүрекке жұққан шері басқан кірі:

Жылаған, күңіренген ол, күйін тартқан, Жырлаған дертті жүрек, улы миы.

Көп жүргем көңілім жүдеп, жаным жадап, Жабыққам, жатырқағам, тартқам азап.

Сонау күй жүрегімді тыныштатпаған Пышағын кейде салып, кейде қадап.

Шатырлап бұлт алған Алатауды, Сатырлап бұршақ төгіп, нөсер жауды. Сарқанның қып-қызыл боп суы тасып, He болды, біле алмағам, шалдың аулы.

IV

Ашылған күн даланы долдандырған, Басылған алай-түлей соққан боран. Қысқан қыс іріп-шіріп қырдан кетіп, Жақсы жаз ойды-қырды нұрландырған.

Арылған жапан дала жауған удан, Жарқырап қыр қуантып нұр күн туған. Қамқорым қайраттының білегімен,

Жын бұғау быт-шыт болған қырды буған.

...Ұлы ду, жамырасқан жарлы халық, Қайратты қайраған сол, жанды жанып. Жарлы елдің жазын берген, нұрлы күннен, Бір тамшы жүрегіме кеткен тамып.

Ыза боп көне күйдің күйігінен, Бөлініп кеткем өскен үйірімнен.

Шыңшықты шыңнан іздеп шыққам жолға Қойғам да мəселені бүйірінен.

Қалдырап құла құм мен боз даласын, Қалдырап даланың қыз, бозбаласын.

Талап қып жауар ма деп нұр іздегем, Аралап үлгілі елдің кент-қаласын.

Қайнаған, қыбырлаған қала келгем, Дəметкем дəннің дəмі нəр-ақ елден. Жасапты талай еңбек, талай білім, Бергенін əл-шамамша ала бергем.

Күй көргем көкті қауып күрілдеген, Жан-жаққа «киін» деген, «жиыл» деген. Күш көргем тауды-тасты талқан етіп, Қорқытқан, шалқып оты дүрілдеген.

Жан көргем жабырласып күшін қосқан, Еңбегін еншілескен, ісін қосқан.

Өмірін өздерінше өзгертуге, Қайнаған, қайрат еткен, қол ұстасқан.

Көргенде күйелі төс, күсті білек, Тапқандай жаңа ауыл, жаңа тілек, Жылы қан улы бойда шым-шым қайнап, Сауығып сала берген дертті жүрек.

Мыңдаған оркестрлі көргем топты, Жырлаған жаңа өмірдің күйін соқты. Жуылған жүректен у сол күйменен Аршығам көңілімді басқан тотты.

Балғалар сом темірді соққан қапы, Тас, шойын қорып отқа, қайнап ақты. Иіріп жүн-жұрқадан жіңішке жіп, Машина қоңыр самал күйін тартты.

Сол күйге жан жалынған, жүрек жерік, Шойындай сонау отта кеткем еріп.

Қобыздың улы күйін қаннан сарқып, Соңғы күй тұла бойды кеткен керіп.

Нұрланып қызыл от боп күн шыққандай, Түн кетіп жарқанаттар тұншыққандай.

Тыңдағам мыңның күйін жүрегіммен: Көкке өрлеп, жер тербеткен үн шыққандай.

Бұл емес, қырда аңыраған анау қобыз, Бұл емес, ызылдайтын жалғыз-жалғыз. Бұл өктем болат жігер, күрес күйі

Қосылған мың-мың дауыс, мың-мың ауыз.

Сондықтан осы күйден, ұлы күштен, Көңіл шат, көкейге үні қона түскен.

«Жалғыз үн, жарық қобыз, Молықбай шал, Тартар ма керек күйді – көкей тескен?»

Жоқ, тартпас, қобыз үні кері кеткен Берінің ыңыранғаны – белі кеткен. Болмаса ажал күтіп анау шалдың, Жұртта қап еңіреуі – елі кеткен.

Арылып жастың албыт тентегінен, Құтылып соқыр сордың жетегінен. Қуарған, қуанбаған сорлы шалдың Енді қош айтысқан жер ертегімен.

Сонымен сол сапардан қайтқам елге, Өкініп өміріме кеткен желге.

Жаңартқан жан жүректі əсем күйдің Əніне əсерленіп басқам мен де.

Сонымен сол барғаннан кейін қайтқам, Мен дағы жаңа тапқан күйді тартқам. Бағыстап жарлы жұртқа жүрек жырын,

Байқамай, жыр айтам деп, сырымды айтқам.

Мен емес, мендей талай бармыз бірге, Сол күйді айналдырдық оркестрге.

Даланы дүркіретті күй оятты, Басылды қобыз үні... шал да көрде.

Күй күшті, тауды-тасты бұза-тұғын, Орнына өз өрнегін сыза-тұғын.

Талқандап тас кереңді үн оятып, Дүкені дүниенің қыза-тұғын.

Күй күшті, істі, еңбекті сүйдіретін, Тамырын тас емшектің идіретін.

Пенденің тілек күйі, жүрек күйі, Өмірді бүлдіретін, күлдіретін.

Аңдайын айдаланы мекендеген, Көңілін өміріне көтермеген.

Жарлы жұрт жаны сүйіп тыңдаған күй, Мұратқа енді осылай жетем деген.

АДАСҚАН ӨМІР

Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма? Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен, Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?

I

Мен бала

Мен сəби мейірімді ана құшағында, Ақ мамасын сүйемін, құшамын да: Алтын ана жек көрер шамасы жоқ; Былғанам ба, мейлі құсамын ба.

Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза, Қандай нəрсе білмеймін: бəле, қаза. Еркімнің ұйғарғанын істеуіме, Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.

Қастық деген не нəрсе: көрінген дос; Қайғы деген не нəрсе: көңілім хош; Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін, Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос.

Мен білмеймін: жалыну, жағынуды, Ресім, ұлық, Құдай деп табынуды, Өз еркімнің қылығы өзіме жөн, Айтшы маған не нəрсе жаңылуды?

Кəпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам Бəрі де айырмасыз бауыр маған.

Пайда, зиян, ұят не, – мен білмеймін Менің үшін сөз һəм жоқ деген жаман.

Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ, Не мақтау, не кемсіту, қорлау, мазақ. Бай, кедей, сау, кем-кетік бəрібір бас, Не нəрсе айтшы: кəрілік, ауру, азап?

Мен білмеймін: не нəрсе өлім деген, Қорқу деген, көму деген, көрің деген. Тамағыма пышақ таяп тұрған жан да, Күлуден басқа жауап алмас менен.

Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей, Жақсы түрге кіремін өзім білмей.

Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы, Күліп сəуле шашамын жазғы күндей.

Жас тəнім ажарланып күннен-күнге, Бəйшешектей құлпырар түрден-түрге. Талпынам асыққандай жігіттікке, Ұқсайтын жүзім гүлге, шаш сүмбілге.

Жас тəн мен сезім, білім қабат өсіп, Барамын кəмілдікке таман көшіп. Өңім тұрсын, түсіме елестемес:

Бір күн топырақ болам деп, үнім өшіп.

Сыртым сондай, ішім бос жамандықтан, Мен періште ұжмақтан жаңа шыққан.

Сондықтан əркімге де мен сүйкімді, Күнəсіз екенімді бір көрсе ұққан.

Ақтайтындай дүниеге келісімді, Асыққандай беруге жемісімді,

Күн сайын өсіп барам, толып барам, Ақтасан, дүние, осы сен ісімді.

Мен, сыйлар деп дүние, келдім міне!

«Бір жас» деп есігіңнен ендім міне! Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін, Не қылсаң да басымды бердім міне!

Кім біледі қоярсың еркімді алып, Кім біледі қоярсың көркімді алып, Кім біледі бүл ерік, бұл көріктің – Жоғалғанын білмеспін қайда қалып.

Əлде дерсің: «пəлен бар, көрмесем де, Соған табын, солайша жəне нанып.

Соны қылып, сондайдан тыйылмасаң, Миллион-миллион жыл қинар отқа жағып»

Əлде дерсің: «Ұлық бар, ел ғұрпы бар, Жазалысың, қоймасаң оны танып».

Əлде дерсің: «Царь, құдай, алтын деген, Соны сүй, соған табын, шұлғы барып».

Əлде дерсің: «Қап салып тілену бар, Алтынның қызметінен қалсаң арып». Əлде дерсің: «Құтылмас кедейлік бар, Маңдай термен болмайтын асқа жарып».

Əлде дерсің: «Мейірімсіз ғашығың бар, Түкіруге қорланар күйсең жанып».

Əлде дерсің: «Достық бар сау кезіңде, Қараңды да көрмейтін солсаң кəріп».

Əлде дерсің: «Ауру бар қинай-тұғын, Тынышың кетіп, тамағың, ұйқың қалып». Əлде дерсің: «Беле бар кем-қор қылып, Елден ет жиғызатын дорба салып».

Əлде дерсің: «Қайғы бар жылай-тұғын, Гүл бетіңді сарғайтып жасқа малып».

Əлде дерсің: «Кəрілік бар тəнің тозып, Қуартар, əлсіз қылар көркіңді алып». Əлде дерсің: «Құтқармас қараңғы көр,

Топырақ болып, ұйықтарсың сонда барып».

Миллион жыл, миллионымен өтсе-дағы, Тұруды бір білмессің ұйқың қанып.

Сен ұмыт, сен деген бір саңырау көр, Бар-жоғыңды артқылар қылмас парық».

II

Мен жігіт

Мен жігіт, он бес – отыз арасында, Бұл жаста көп: бересі-аласым да. Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын мынасын ба, анасын ба?

Жазғы гүлдей түрленіп толған түсім, Көзім нұрлы, ақ меруерт – бүтін тісім. Шашым қара сүмбілдей, бойым түзу, Сəуле шашып тұрады жастық пішін.

Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп, Күн сайын тұрады артып қайрат, күшім. Əр үміттің қиялы сəулеленіп,

Түн бойы ұйқы бермес, толқып ішім.

Жүрегім жұлқынады əлдеқайда: Сақтауға күші келмей іштегісін Лепіріп, бақ іздейді, жар іздейді! – Ол ғашық көрмесе де жардың түсін.

Тəніме жаным сыймас іздеп кімді? Кеудем қызып құриды əбден мысым.

Іздеймін, түсін əлі бір көргем жоқ, Кандай түрде, қай жерде білемісің?

«Басқа бақыт табылмас» деп ұқпаймын, Соны табу: ең менің керек ісім.

Бір табармын басқа бар қандай бақыт, Таңдаймын, салыстырып, əрбір ісін.

Ұқпаймын қол жетпейтін бақыт бар деп, Дүние жаралғандай менің үшін.

Үміттімін, алдар деп жəне ұқпаймын, Қайғы алған жоқ жүректің бір бұрышын.

Сол түрде тұратындай мəңгі өмірім Бақыттан бақыт таңдар жас көңілім. Жетпеймін деп білмеймін еш біріне, Мен үшін жоқ секілді кəрілік, өлім.

«Асығыс жоқ, мен əлі жетем» деймін, –

«Дəл бүгін жетпедім деу бекер» деймін.

«Сондай бақыт табуға мен əуелі –

Сондай бейнет һəм еңбек етем» деймін.

Еңбек қып мен іздейтін бақыт қандай? Бүгін мен ұйықтағам жоқ таңдай-таңдай: Бай болу, əкім болу, алғыс, атақ – Ойланылды бəрі де бірі қалмай.

Ғашық болу, ақ ерке сұлу тауып,

Еріп тұрған «бір мен» деп жүрегі ауып. Жанына жаным қосып өмір сүріп, Айды күндей өткізу құрып сауық...

* * *

Ең басында көрінді байлық оңды: Басқасына даярлық жолды.

Əкімшілік, сұлу жар, алғыс, атақ –

Бəрі сатылар, тек байлық болса болды.

Жоқ, əкім болу неге ақы беріп, Бермеген күні кетсе халық жеріп. Ақыл иесі, жан иесі бола тұра, Жансыздың арқасымен күтім көріп.

Крыловтың баснядағы есегіндей, Үстімде алтын болғанды қылып желік.

«Данышпан ел көркейтер ерім осы», –

Деп таңдап қоймаған соң халық сеніп.

Қандай байлық шыдайды тойғызуға, Анау топты тімтінген күнде келіп.

Кісі деп, ақылды айтпас, есек демей, Жүргенді құр байлықпен қатарға еніп.

«Ит едім, байлық мені кісі қыл» деп, Адамның несі адам болған жерік?

Мен адам болғандықтан өзі қызығып, Бақыт, дəулет жүрмеген соң соңыма еріп.

Несі бақыт: сүймейтін бір сұлуды, Сатып алып, өзімді жүрсем теліп.

«Құшақта, сүй!» деп зорлау, көріп отырып Ататындай көздерін берілсе ерік.

Несі бақыт: сол байлық қылмаған соң, Сұлу бір сүйетіндей жүрегі еріп,

Байлықпен медресе, школ салсам, Нашарларды оқытып, алғыс алсам;

«Жақсы» деген атағым жұртқа шығар, Жиһан кезсем, кəрілікте қажыға барсам.

Жоқ, байымас бұл күнде адал еңбек: Біреу байыса, біреулер кедейленбек.

Кімде-кім тез байыса қолына ағып, Кім кедей болса, соның малы келмек.

Несі бақыт: алдап ап, тартып алып, Өз малын қайта өзіне қайтып бермек. Көз жасы, бейшараның маңдай тері, Жиылып, байытпай-ақ қойсын мені. Мал біте ме адамды малдай қылмай, Малдан басқа көрмейтін дəнеңені.

Бейне бір жаралғандай мал жимаққа, Адалдықтан, ардан без, дамыл таппа. Мал сен үшін жаралмай, сен мал үшін, Жасағандай өмір сүр, осы бақ па?

Құл болмаған бай бар ма осы күнде? Малды жиып, мақсатын ұмытпаққа.

Өгіздей ең маяда шөпке тойып,

Тамақ көп деп қайғының бəрін жойып. Артық жеп, артық семіріп, бақыт сол деп, Жүрейін бе басқа ойдың бəрін қойып?

Несі қызық байлықтың, несі бақыт?! Байлықпен алмаған соң бақыт сатып. Бақыт тауып беретін істі қумай,

Неге мен өткізейін оған уақыт?

Өйткені мен қалмаспын аштан өліп, Суыр да жүр ін қазып, күнін көріп. Қарын тоққа қанағат қыла-тұғын, Мен емес, тəнім тірі, жаным өлік.

Ірі мақсат болмаса, ұсақ іске, Неге мен алданайын уақыт бөліп.

Мұны ойлап, байлық жақтан көңілім безді, Онан бақыт таппасын жүрек сезді.

«Əкімшілік бақыт» деп жұрт айтады, Осы қалай екен деп ойым кезді.

* * *

Адам тобын еркіме жүргізуге, Бəріне өкімдігім білгізуге.

Мен өзіңдей сүйгізіп бəріне де Бір мен үшін жылатып, күлгізуге.

Мақсаты бір-біріне қайшы топты –

Бауыр ғып, тату өмір сүргізуге. Зорлаусыз əр ойдағы сонша жанға, Не бұйрық қылсам соны сүйгізуге.

Бүйтуге əкім болсам келе ме əлім? Ешбір əл бүйте алмасы көптен мəлім: Басқадан өзін артық сүймей-тұғын, Еш біреу жоқ, байқасам жанның бəрін.

Əрбір жан дүниеге өзін кіндік, Қылмақшы, табылар ма мүнан бірлік? Үміт ету ақымақтық менің үшін, Еркін құрбан қылар деп, бəрі бірігіп,

Əркімнің өз аузына қолы жақын, Бар законнен өзіне еркі мақұл, Бəрінің де келеді «Мен» болғысы,

«Оны күшпен жеңем» деу бола ма ақыл?

«Күн көзіндей баршаға бұл ортақ жан –

Пайда алу керек мұның ақылынан: Ел пайдасын табуға өзгемізден Артығырақ ақылы, зейіні бар», –

Деп билеткен ел бар ма кемеңгерге? Түрме бар, дар ағаш бар ондай ерге,

Өмірдің бұл түрінде ешбір əкім, Мүмкін емес əділдік қылуға елге.

Себебі: тастап əкім бола алмайды, Байлар мен молдалардың сөзін жерге. Күшті таптың ыңғайын қылмасқа жоқ. Мүбəда əкім болсам егер мен де.

Бір сағат та қыла ма мені əкім, Болыса бастасам мен күші кемге? Əкім деген – күштіге шоқпар деген. Зорлығын істегенде күшсіздерге...

Байлардың көңілін тауып, басты пұл ғып Дінге, əдетке, басымды иіп, шұлғып.

Бір-екі тасы болған надандардың,

Түкке тұрмас қыртылын тыңдап, мүлгіп..

Бұлай болса əкімдік билеу болмай,- Азат басты беру ғой қолдан құл ғып. Кімде түйме көп болса тілін алып, Оларға пальто əперіп, галош салып, Ісің түзу болса да ол шытынса, Кешу сұрап, алдына шұлғып барып.

Не айтса да «таптыңыз, құп, тақсырлап», Біліміне тұрғансып, мейірің қанып, Кекесе, сөксе-дағы саңырау болып, Ішіңнен тұрсаң-дағы ызаланып.

Өз көңіліңнің қалауын бір қыла алмай, Закон не айтады деп тұра қалып.

Əкім болсам осындай қорлықтардың, Басыма келетіні айдан анық.

Мұны ойлап, əкімдіктен көңілім суып, Өмірде болман дедім оған жуық.

«Кетсем енді қайтеді, деп ойладым, –

«Даңқ, атақ ала-тұғын істі қуып».

Атымды дүние таныр, шежіре ұмытпас, Атақты істер қалса менен туып».

Алдымда сансыз əскер басын иіп, Көкпеңбек қару асынып, темір киіп.

Көркімен көз тартатын талай шаһар, Бір əмір беруіммен болса күйік.

Қолда ту, аста тұлпар, үстім шенді, Тұрмайды омырауыма медаль сыйып. Солайша Шыңғыс хан мен Бонапарттай, Атағым жұрт көзінде болса биік.

Қанды көзім болсын-ақ қанға тоймас, Болса егер тоймастықпен басын жоймас. Бұл іспен бүгін менің жолым болса, Күні ертең басым жолда қалмай қоймас!

Мұндай бақыт баянсыз, көшпеске жоқ, Бұл істен бақытсыздық өспеске жоқ.

Найзаның күшіменен жанған бақыт, Бір кезде найза ұшында өшпеске жоқ.

Көп күндер көпті істейді, көпті істемек. Адамзаттың ақылы күнде үстемек.

Ақылдың өскен сайын айтатыны:

«Жоқ құлдық, жоқ төрелік, жоқ күштемек».

Тағы да көпті істеуге күндер өтпек, Папа мен ферғауыннан қадір кетпек. Өзі үшін тап өзінен басқа Құдай, Жоғына əр адамның көзі жетпек.

Кешегі ізін сүйген Николайды, Бүгін бəрі жиылып басқа теппек. Кеше бəрі түнеген əулиенің, Бүгін кеп төбесіне дəрет етпек.

Вильгельм кеше айтты деп отқа түссе, Бүгін оны қуалап, тентіретпек.

Ертең биттей сықпай ма халық мені, Қышытсам бүгін сорып қанын ептеп. Кім қарсы тұра алады бұл ағынға?

Өмір түрі барады солай беттеп...

Соқырлығы, кімде-кім болса солдат: Жыртқыш қылар аздырып, оларды алдап. Жыртқыштығы емес пе, «төре айтты» деп, Көрген жерде бір-бірін қанға малмақ.

Адамдыққа сыя ма кісі өлтіріп, Батыр деген ат тауып, медаль алмақ. Солдаттықтан не пайда солар үшін,

Бейнет көрмек, не өлмек, шаруа қалмақ.

Кəрі əкесі, шешесі күн көре алмас, Жас бала, жас қатыны үйде зарлап. Керек-жарақ бəрі де қымбаттанар, Соғыстың шығындарын елге салмақ.

Мұқтаждық халдерінен пайда алуға, Бір жақтан саудегерлер салар қармақ. Соғыс болса, жауғандай көктен алтын, Капиталист, байларға əдейі арнап.

Бас көтерер еркегі соғыста боп,

Шаруа істелмей, кедейлер мұқтажданбақ. Көктен жауып тұрғаннан оңай жолмен, Байларға сол мұқтаждың малы бармақ.

Дүниеде сонша зиян болар ма еді, Бар кедей солдаттықтан безсе қарғап. Тоқтаса не жалданып, не алданып,

«Айт!» десе ит секілді барып жармақ.

Шын дұспаны «солдат бол» деген кісі, Екенін алыс емес білуге аңдап.

Жаралмаған екенін қырмақ үшін, Əкімнің не айтқанын қылмақ үшін, Ақыл, ой, адамдықтан мүлде безіп, Бас кесер машина боп тұрмақ үшін. Байлар мен үкіметке шоқпар болып, Жүргенін өз-өздерін ұрмақ үшін.

Ұғуы алыс емес солдаттардың, Екенін менің-дағы сезеді ішім.

Солдат шығу болып жүр халық жаққа, Бұл-дағы бергендігі бір белгісін.

Мұны ойлап əскерліктен көңілім суып, Тағы да болман дедім оған жуық.

«Кетсем енді қайтеді, – деп ойладым, –

Жұрт алғыс айта-тұғын істі қуып».

* * *

Сыр тапсам дүниеден ашылмаған, Əлі адамға білініп, шашылмаған, Тапқан сырым көркейтсе адам өмірін, Алғыс айтып, кім имес басын маған. Зерттесе де адамға білмейтін ғып, Дүние ешбір сырын жасырмаған.

Дауа тапсам: дене ауру көрмес болса, Қартайып, тозбай, адам өлмес болса, Қиынды оңай қылар жолын тапсам, Жұмыстан адам бейнет көрмес болса.

Керегін жер анадан оңай алып,

Ертең қайтем деп көңілін бөлмес болса, Күн бұрын келтірмейтін жолын тапсам, Шаруаны түрлі апаттар жеңбес болса.

Мысалы, мал қыратын түрлі аурудан Себеп тапсам, еш зиян келмес болса. Суық, ыстық, сусыздық құрбанына Ешқандай жан иесін бермес болса. Ашылмаған сыр тауып менің де атым, Эдиссон, Луи Пастерға теңдес болса.

Бірақ бүгін ғылымның тапқандары, Пайдасын көрсеткен жоқ кедейге əлі. Азусыз қасқырларға азу болып,

Қой халін ауырлатты онан əрі.

Бұрын көл болса, енді теңіз болды, Өнердің арқасында адам қаны.

Бұл қалыпта ғылымды пайдалы деп, Алғыс айтып тұрған жоқ жанның бəрі.

Бұл қалыпта бере алмас ғылым пайда, Бере алмаса қарғыс бар, алғыс қайда? Сен, міне доктор болдың терең оқып, Нашарға пайда етуге осы жайда.

Біраздан соң білесің кедей оңбас Оларға бұл жайында емің қонбас, Орын, тамақ, киімі жақсы болмай, Құр дəрімен оларды жазып болмас.

Өзі кедей «тап» дедің, тапсын қайдан? Жұмыс сүрап жүргенде анау байдан. Бұлай болса алатын жалуния13...

Кедейге, көпшілікке тиген пайдаң.

Əр түрлі оқу жұртың бізге мəлім, Еңбекші салар, асырар қинап жанын. Пайдасын чиновниктер байлар көрер, Жылда кедей ол үшін тартса да алым.

13 Жалуния (орысша) – еңбекақы.

Таң қаламын: кедейге оқы дейді, Оқуға келтірместік қылып халін.

Атақты чиновниктің баласынан, Аз көрдім стипендия артылғанын. Бұлай болса сондағы үйретуші,

Сорысқан боп табылар кедей қанын.

Пайда етуге агроном болсаң тағы, Бұл ісің кедейге сор, байдың бағы, Құр сенің ғылымыңмен түзеле ме, Саймансыз кедейлердің шаруа жағы!

Сен «тап» деген сайманды қайдан табар? Денсаулығы сорлының сенген малы.

Бұлай болса құр текке жалуния алып, Оларға масыл болып өттің-дағы.

* * *

Бұл күнгі бақытсыздық дүние толған, Нақақ қан, нақақ көз жас дария болған. Нақақ өмір еркімен ер жете алмай, Жеміссіз құмға түскен гүлдей солған.

Ғылым жоқтан дүниені бұлар жайлап, Отыр ма адамзаттың соры қайнап?

Жер-анада жететін тамақ жоқтан, Отыр ма адам бірін-бірі шайнап?

Не жерден тамақ тауып алатындай, Ғылым жоқтық отыр ма бақты байлап? Жоқ, жерде тамақ та бар жете-тұғын, Ғылым да бар алатын оны сайлап.

Жер сараң, адам надан болғандығы: Тіпті емес бақсыздыққа тұрған айдап,

Ə, жоқтығы жақындық-əділдіктің Адамды сорлы қылған бақсыз байлап.

Сондықтан адам біткен ертең əлі, Бас иіп, əділдікке келер бəрі.

Надсонның айтқанындай: «Жауыз жолмен, Жүре алмай дымы құрыр онан əрі.

Талған күш, ауырған жан, қиналған тəн, Дертіне жақындықты етер дəрі», Əділдік қызметкері болғандарға, Алғысты сол күнде айтар баршалары.

Ендеше мен жабысам негізгі іске: Əділдікіе бар негіз, бақ та, күш те, Қарғаймын əділдіктен басқа жолды, Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске.

Ғайсаны адам аузы қарғай алмас, Өзі өлсе де ауыздан аты қалмас.

Неғұрлым ай мен күндер өткен сайын. Ғайса тірі, алғыс жоқ оған бармас.

Қолыма сол Ғайсаның туын алсам,

«Əділдік! Жақындық!» деп айғай салсам. Атым тірі қалмай ма өлгенмен де,

Ісім сөнбес, мен сөніп, көрге барсам.

Адамды күн көрістің өзі қосып, Жақындату əне тұр алдан тосып. Сондықтан, əділдікті-жақындықты,

Кім жатырқап, бой тартар «жат» деп шошып.

Сол уақытты тездетуге қылмақ қызмет –

Бақ іздеген адамға парыз – міндет. Жоғалсын бұл «сенікі, менікілік», Осы ғой адамзатты қырған індет.

Бар адам жерден тамақ алмақ үшін, Жиылып бірге күшін салмақ үшін, Бірі еңбек қып, бірі оны жатып жемей, Теп-тегіс бұл жұмысқа бармақ үшін.

Кəрі демей, жас демей, күшсіз демей, Олжадан бірдей пайда алмақ үшін.

Əкіммін, əулиемін, əскермін деп,

Бір-бірін жейтін сылтау қалмақ үшін.

Əділдік, ұлт деген сөз, дін деген сөз Залымның жем болмауға қармағы үшін. Істелер мұнан былай менің ісім: Жұмсалсын сол ниетке барлық күшім!

Мен ғашықпын көруге əділдікті, Тегіс қылып көркейген өмір түсін. Ол өмірде бірде-бір алдау болмас,

Жағынып, арды ақшаға жалдау болмас.

Ешкімнен достық таппай, қастық көріп. Бар адамды сайтан деп, қарғау болмас. Қара күштен жеңіліп, қайғы басып, Өлгісі кеп, өмірден зарлау болмас.

Адамдағы жан, қуат, тапқыш, талант,

Гүл шашпай, жеміс бермей қалмау болмас. Əркімнің қандай іске таланты бар,

Өмірін, күшін соған салмау болмас,

Жаратылыстан керегін əрбір адам, Еңбегімен алуға бармау болмас.

Əкіммін, құдайшылмын, əскермін деп, Еңбексіз еңбекшіні жалмау болмас.

Көре-біле ақынды жегізбесең, Бай сені қызметіне алмау болмас.

Аштан өлу, не байға арзан тұру, Амалсыз бірін соның таңдау болмас.

Не көрілік, не бір апат келген күні, Көшеде қайыршы боп сарнау болмас. Бір тілім нан алуға байды мақтап, Жалынып, тұс-тұсынан аңдау болмас.

Дене азыққа тоюдан жан ержетер, Өмірді бұл күнгідей аңдау болмас. Жан ержетіп, дүниенің сырын табар,

«Өмірде мақсат жоқ» деп барлау болмас. Таудай үміт һəм талап орындалар,

Еш еңбек бұл күнгідей жанбау болмас. Жұмысқа кем көзбенен қарау болмас, Жұмыс қылу қорлық деп санау болмас. Жұмысшылық құлға хас, біз мырза деп, Еңбекшінің еккенін талау болмас,

Мен аз деймін көруге осы өмірді, Келіңдер, бақ іздеуші, болсаң жолдас.

Ойласам дүниеде қанша жан бар:

Адам бар, ағаш, шөп бар, мал мен аң бар, Жанды, жансыз нəрсенің бəрі-дағы

Əр себептің жемісі байқасаңдар.

Мал болмақ, маймыл болмақ, адам болмақ, Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып қонбақ – Сол болғандар болмаған өздігінен, Болғызған еріксіз бір себеп қолдап.

Адамға бұл себептің көбі мəлім, Біледі салған сайын мидың əлін. Себебін біле-біле бір кездерде, Жаратуға бек мүмкін қолдан бəрін.

Себепті жарата алар адам қолдан, (Жері осы хайуандардан артық болған),

Себепті жарата алу арқасында, Адамзат еңбегінен егін орған.

Ормаса, өнер, ғалым қайдан шықты, Бұл күнгі тіршілікке болған қорған. Себебін білгендіктен буды көлік, Қалып адам отыр ғой пайда көріп. Аспанда құстай ұшып, суда жүзіп, Өмірі бұрынғыдан тапты көрік.

Себеп жеміс: əділдік, адалдықта, Себеп жеміс: залымдық, арамдықта. Бұлай болса, бек мүмкін адамзатты, Əділ қып, үйір қылмау жамандыққа.

«Тумыстағы мінезді ешкім жеңбес, Адамды əділ қылу қолдан келмес. Түзесе жаратылыс өзі түзер»,

Деген сөзге, сондықтан, көңілім сенбес.

«Себебін жаратса да, адам адал,

Бола алмайды» деген сөз құлаққа енбес. Себеп жоқ адам ұлы жаратпайтын, Жəне де еш нəрсе жоқ себепке ермес.

Келіңдер, сол себепті жаратуға! Жаратып ап, өмірге таратуға!

Адам ұлы дүниеге жіберілген, Себепті бағындырып қаратуға.

III

Мен тоқтадым

Адамда өмір бар ма қуанатын, Жазғы шөп күз түскенше қуаратын,

Құрт түсіп кейбіріне көк кезінде, Мезгілсіз гүл шаша алмай суалатын.

Кейіне күн, кейіне сусын жетпей, Жемісі тумай қояр туа алатын.

Өмірді ой жіберіп ойлау деген –

Нəрсе ғой бал орнына у алатын.

Жар сүю, жұрт мақтарлық атақ табу –

Ақ күннің аз ермегі уанатын. Екеуінің бірі жоқ əлі менде

Кəрілік келсе, шамам не қуа алатын?

Не қазам кеп, қалармын ертең өліп, Қартаймай, жас өлгенді жүрмін көріп. Қолға түскен лəззатпен пайдаланып, Аз өмірде жүрген жөн көңіл бөліп, –

Деп тұрмын аздан бері, мұнан былай, Басқа ой салса, көрермін тағы Құдай. Туысында еріксіз жер құрттары,

Жерге кірмей қоймайды жылай-жылай.

Білемін, əлі күнге адам надан: Көзі жетпес болуға ертең аман,

Қартаймай жанның көбі көрге кірер, Надандық білінбей ме осы арадан?!

Аз өмірде көргені бейнет-қайғы. Болған соң түзелместей мінез жаман. Жан иесі жегелі бірін-бірі,

Өлмеу үшін ауызын ашқан заман.

Дүние – өзен, ағысын кім тоқтатар? Ағып кете баратын мен бір салам. Дүниедегі бар қызық күштінікі – Екенін жасағандық айтты маған.

«Əділдік», «ар», «адамдық» деген сөздер, Күшсіздерді алдауға қылған амал.

Қуанбаймын дегенде: «Өзім білмей, Əйтеуір, бір мақсатқа таман барам». Анықталған кезінде қуанармын, Кішіліктен көре алмай тұрса адам.

Көрінгелі жаралдым өлмек үшін, Көңілдің тілегінен бермек үшін, Айтпаймын: «Құдай мені жаратты» деп, Ойыншық қып сынауға ермегі үшін.

Туыстағы көңілдің тілектерін, Жаралған жоқ шығармын жеңбек үшін. Туыстағы тілекті қаулыменен,

Қуатым жоқ «жеңем» деп сенбек үшін.

Егер бақ бергісі кеп маған аллам

Мен болсам сопыларша соқыр нанған... Мешітте құлшылық қып өтер едім, Түкірер ем лəззатқа, беріп жалған.

Түпкілікті шын бақыт табу үшін Құранмен күңірентер ем мешіт ішін. Масатыдай құлпырған жаз кезінде, Көрмей-ақ қояр едім жаздың түсін.

Ақ ауыл, айдын көлден көзді жұмып, Құйқылжытса, естімей бұлбұл құсын. Ақ ерке, алтын сəуле көлбеңдесе,

Міз бақпауға жетер ед жəне күшім. Сыры терең көк жүзі, ай мен күнде Болса да қарамас ем, қандай пішін.

Тілден зікір, көңілден пікір түспей,

«Ол» десе өлер едім тамақ ішпей.

Ұжмақта бұл дүниені еске алар ем, Түнде көрініп, қорқытқан жаман түстей.

Қанымды жүз бұзатын жамандармен, Кісі етіне жеріген арамдармен.

Күн үшін жебелеп дос болмас едім, Ішімнен атқым келген адамдармен.

Өлер ем, жол бермес ем қара күшке, Түзуді жықпас үшін теріс іске.

Дер едім: ол дүниеде орным даяр, Кірсе де бүгін келіп істік ішке.

Бейшараны шын досқа санар едім, Ол үшін оқ астына барар едім.

Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз, Қорықпай-ақ жалғыз жақта қалар едім.

Жағынбаққа ешкімді мақтамас ем, Арымды таптатпас ем, таптамас ем, Айтар ем мінділердің мінін бетке

Кек тұтар деп, қипақтап, сақтамас ем.

Уəдеде тұрудан танбас едім.

Алтын берсе «бұрыл» деп, алмас едім, Өтірік, алдау, шағым болған жерге, Мойныма арқан салса бармас едім.

Не ұлық, не бай кісі сөгіп тұрса, Естімеген кісі боп қалмас едім. Біреудің көзге қылған артықтығын Білмегенсіп, ішімнен жанбас едім. Шындығын сезе тұра күншілікпен Мін іздеп, арсыздыққа салмас едім. Жақыным, жұрттың бетін аударуға Қара боран салса егер, нанбас едім...

Жоқ, табуға бермеді үйтіп бақыт, Мешітте бір Құдайға жылап жатып.

Сор, бақты дəнеңені ескермейтін, Тым болмаса баянсыз бала оқыт.

Жеткізетін жолы деп, оқу бақтың, Соқыр наныс жоғалды, бəле таптым. Дүниені жасап-оқып білген сайын Жолы алыстап барады бақыт жақтың. Бұл жолмен жүре берсем өмір өтіп, Сан соғып, айтатыным: «құры қаппын. Идеалист болғансып, əуреленіп,

Жар сүйген қызығынан жастық шақтың».

«Жердегі торғай артық, əуедегі Тырнадан» деген сөзі рас қарттың. Аз өмірден əліңше пайдаланбай, Көкке қарау ісі екен ақымақтың.

Жастықтың тілегенін ақыл жеңу, Болмайды, законы емес табиғаттың.

Жастықтың сезімді ыстық жүрегімен, Жаратылыста берілген тілегімен,

Бұл күнгеше күрестім, не өндірдім? Мен жығар ем, жан жықса білегімен.

Өмір аз əлде болса күресуге, Мақсат жоқ мақсат үшін сіресуге.

Ажал кеп аз қызықтан құр қалдырар, Көпті аз деп мен жүргенде тіресуде.

«Бейнеттенем, жасаймын ұрпақ үшін» Деп қанағат қылуға жетпес күшім.

Өзім көрге кеткен соң пайдасы не? Ұжмақ қып, жіберсе де жиһан ішін.

«Өз етігің тар болса дүниенің Кеңдігінен не пайда», білемісің? Мұндай бақсыз қыларын білген болсам, Бар еді оқуменен не жұмысым?

Өмірдің қызығын да, бұзығын да, Жасар ем тинақтай да болмай ісім.

«Кім алдын бұрын көрсе, бейшара сол», –

Деген сөз ып-ырас қой, айтшы кісім!

Пайданы енді ойлаймын өз басыма, Қоштасып идея деген жолдасыма. Енді мен қатын алам, байлық жиям, Көп ойдың көңілім сенді болмасына.

Қона алса жар сүюден жастығымда Сендім мен басқа бақыт қонбасына. Бұл күнге өмір суық, өмір жансыз, Жар сүймей мүмкін емес тоңбасыма. Қайткенмен кедей өмірі бұл қалыпта Жүз бұлқынса, қол екен оңбасына, Қалай егін егерсің бейнеттеніп, Көзің жетіп тұрса егер, ормасыңа.

Гүл ұрығы жел ұшырып, құмға түссе, Шара жоқ кеуіп, қурап, солмасына.

Ақ ниет, адал ойлар түкке тұрмай, Барады ешкім оған мойнын бұрмай, Əділдік орнамасқа көзім жетті, Дүниеден ет жей-тұғын ауыз құрымай.

Менде де өз шамамша бар ғой зейін, Кімде зейін кем болса соны жейін. Дүние алдау екен, алдасуда,

Өз обалым өзіме, қалсам кейін. Дүние – жеу, жегізу майданы екен,

Жеңе алсам жеймін демей мен не дейін. Əділдік болады деп тоса берсем,

Өзімді жеп қоятын оған дейін. Байып алып, біреуді мен де жекпей, Неге өгіз боп оларға жегілейін?!

Адам бұрын көреді өлмеуді артық,

Аз өмірде мұқтаждық көрмеуді артық. Сондықтан, кім байлықты қолына алса, Өмір соның қолында – алды тартып.

Неғұрлым залымдықтың күші басым, Болып, артық көп төксе көздің жасын, Соғұрлым сағындырып əділдікті, Соғұрлым көбейтпей ме өш пен қасын? Əділ болып байқадым, не өндірдім?

Бұл басым залым болып бір байқасын!..

IV

Мен кəрі

Мен кəрі, халім кеміп, тəнім тозған, Алдымда қараңғы көр қолым созған. Аяқ бассам, алдымда көр тұрған соң, Күндерді сағынамын бастан озған.

«Ол күндердің келмеске кеткені рас» Дегендей аппақ болған сақал мен шаш. Буын босап, қалтылдап, бел бүгіліп, Жерге аз-ақ тимей отыр селкілдеп бас.

Бар денем кəріліктен қуырылған, Кішірейген, сиық кеткен, күш құрыған; Дірілдеп, төгіп алар қолым асты, Сүлдемін құлайын деп, қурап тұрған.

Көрмейді еш нəрсені жөндеп көзім, Тістен түк жоқ бұзылып шығар сөзім. Катты айтпаса, құлағым түк естімес – Отырмын керексіз боп ешкімге өзім.

Дүние менің үшін жаралғандай, Өзім соның кіндігі саналғандай;

Ойлаушы ем: сонша үмітті, сонша биік, Түк емес екенмін ғой, амал қандай?

Ырқыма дүние тұрсын, денем көнбес, Көнсе, неге қартаймау қолдан келмес. Ызасына ішемін, миды улаймын,

Құп білемін: қайғыдан еш нəрсе өнбес.

Қартаймаудың шарасын іздер едім, Əттең, жігіт күнімді қайтып бермес.

Бұл күнде ұйқы – тамақ, қайғы – жолдас, Мұндай өмір ешкімге қызық болмас.

Мен үмітсіз һəм менен жұрт та үмітсіз, Сөйлеспейді дегендей: «мынау оңбас».

Сырласып, жасы кіші айтпас ойын,

Мен айтсам тыңдаудан да тартар бойын. Ең арты балама да ұнамайды,

Түзу деп айтқан сөзім, айтқан ойым.

Біліп отырам, келмейді естігісі,

Құр айтты деп, «ие», – дейді «үлкен кісі».

«Солай дұрыс» дей салар көңіл жықпай,

«Мазаны алды, қойса екен», – десе де іші.

Сондықтан, мен жалғызбын, ермегім жоқ, Алдым қабір, үміт қып сенгенім жоқ.

«Соны істеп кеттім ғой» деп медеу қылар, Адамдыққа еш нəрсе бергенім жоқ.

Бұл кезімде құрметтеп мені елерлік. Жұрт үшін еткен қызмет, еңбегім жоқ.

«Өлмей жасап тұрса екен» дей-тұғын жұрт:

«Дəрежеге еңбек қып келгенім жоқ.

Жалғыз мен бұл халіме қайғыратын, Ешкім жоқ кем көңілімді жай қылатын.

Жастықта тапқан ғылым, өнерім жоқ, Жас біткен ақыл сұрап қайырылатын; Бəрі де менің үшін өмір тілеп, Жылайтын: көз болғанда айырылатын. Газет пен журналдарда жайым толып, Бірі күн, бірі атымды ай қылатын.

Өлген, туған жылымды мейрам қылып, Атымды əр құрметке бай қылатын.

Таппадым өзім үшін жасап пайда, Əсіресе, ұлғайған кəрілік жайда, Бір кезде идеямды құрбан қылған,

Сұлу жар һəм жинаған байлық қайда? Сұлулығы сүйгендік бəрі кетті, Кетірмеске таппадым ешбір айла.

Бұл күнгеше тамағым аш болған жоқ, Байлықтың қылған сыйы осы-ақ байға.

Мен тойып күнде болам тамаққа ыдыс, Ұйықтаймын, осыным ба жақсы жұмыс? Қанша ішсек те күн сайын кері кетемін, Біржолата сөнгелі отыр дыбыс.

Арды сатып, тірнектеп жинағанда,

Жер жұтсын, байлық берген бұл болса ырыс.

Қалды менің күнəмнан бала туып, Бұл күнəмді алармын немен жуып? Олар да бақ таба алмас бейшаралар, Мен секілді өз нəпсің кетсе қуып.

Туғаны – мынау тұрмыс, əкесі – мен, Қалайша оларға бақ болсын жуық? Мен секілді əкесін о да қарғар, Тудырды деп, дүниеден көңілі суып.

Боламын-ау дүниеге келмегендей,

Аһ, дүние: қызық бар ма өлмегендей?! Мен тоқсанда өкінем өлгеніме.

Бір күн өмір, бір қызық көрмегендей. Бұл зорлық, көрмес едім, көнбес едім, Егер де, амал болса көнбегендей.

Тым болмаса, қалмады-ау ешбір ісім, Мені айтып, жұрт сағынып, шөлдегендей.

V

Мен өлік

Мен өлік, мен суық тəн, менде жан жоқ, Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ.

Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ, Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ.

Бетім түрі қараңғы, тіс сақиып, Көзімнен жарық сөнген, тұр ақиып, Жылылыққа таралып шіри бастап, Суық болса сіресіп, бой қақиып.

Мені апарып, жер бол деп, жерге қойды, Жалғызбын, жарығы жоқ, көрге қойды. Мен жоқпын, мен деген бір саңырау көр, Мінеки су топырақ басты бойды.

Сонда жатып аздан соң мен топырақ, Топырақта жоқ сезім, тіл мен құлақ, Бір дыбыс ала алмассың өмір бойы, Қасымда отырсаң да жауап сұрап.

Бəрібір қалған дүние не болса да Мəңгілік сезбестікті қылдым тұрақ.

Ұмытылдым, жұрт та сезбес жоқтығымды, Тудым, өлдім, жоғалдым, сөнді шырақ.

Бар болды деп сүйсініп, жоқ болды деп, Ғаламның күйзелген жоқ міні құрап.

Законы дүниенің билегенде, Заман өтіп, əр түрге сүйрегенде,

Жер суып, жердің үсті мұзға айналып, Күн сеніп, жерге жарық тимегенде, Мен не түрде жүремін, жауап берші,

Жер тозып, быт-шыт болып күйрегенде? Не болар топырағы жүрегімнің – Тірліктегі ұясы тілегімнің?

Не болар бəрін көрген көз топырағым, Топырағы миымның, білегімнің.

Тозған жердің атомы күлдей ұшып, Жүргенде əлдеқайда барып түсіп, Жаралатын жаңа жер, жаңа күнде, Жан бітер ме мақұлық боп, тамақ ішіп.

Əлде болар сондағы балыққа тəн? Шыбынға аяқ, немесе, бақаға сан? Не малға, не бір шөпке дене болып,

Не шаң боп ұшады ма кіре алмай жан?

Не діндердің айтқаны рас болып, Хор қыздары жүре ме жанға толып? Қартаймайтын, өлмейтін өмір туып,

Шат қылар ма кетпестік бақыт қонып?

АҚҚУДЫҢ АЙЫРЫЛУЫ

Арқада бір жер бар еді, Жібек самал саясы: Саяда бір көл бар еді, Сырлы кесе аясы.

Маржан құмы, күміс суы Көл еді кең айнадай: Мұнарытқан торғын буы, Көк кестелі айнала.

Қалың топ-топ, алшақ-сирек Жасыл қамыс дестесі:

Бейне қолмен салған ирек Көлдің жасыл кестесі.

Əдемі еді мөлдіреген Айна көлдің көрнегі; Су бетінде елбіреген Ақ шашақтар өрнегі.

Пай шымылдық, жасыл құрақ Қалың біткен ту құрақ.

Кейде аққулар жасырынад, Шымылдыққа судырап.

Айна көлді мекен еткен, Бір-екі аққу бар еді.

Мақсұтына бірге жеткен, Екі ғашық жар еді.

Айна көлдің суы күміс, Жұбай аққу көркі еді,

Көрсе көзің алар тыныс, Екі сəулем ерке еді.

Көлдің басы ертелі-кеш, Мың құбылған əн еді.

Екі ғашық ертегідей, Көлдің көркі – сəні еді.

Жүргенімде елге келіп, Ешкімді ертпей қасыма, Кетуші едім көлге келіп, Біраз жатып басында.

Көз жіберіп айна көлге, Жағасында жатушы ем; Төсімді ашып жібек желге, Рахатына батушы ем.

Келуші едім анда-санда Саясатсыз тұрмысқа;

Біраз тыныштық беріп жанға, Демалуға – тынысқа.

Бір күн ерте айна көлдің. Күйін тыңдап, жағалап; Бір ғажабын жəне көрдім, Қарап жатып жағада.

Кең айнадан өзін көріп, Құстар билеп, ойнайды: Су түбінен маржан теріп, Сүңгіп терең бойлайды.

Көлді қорып, байғұс қызғыш Қыңқылдайды жағалап: Қанатымен жерді сызғыш, Төңкеріліп сабалап.

Тау құдірет қалықтайды. Қақсап, жырлап, зарлайды; Сорлы жыршы жалықпайды, Көл сағасын барлайды.

Көктен көлге төңкеріліп, Шаңқылдайды шағала; Бірде жылап, бірде күліп, Жарқылдайды жағалап.

Қоңыр күйін қаз күйлейді; Сұқсыр менен қасқалдақ. Əнге салып, би билейді Кегер, үйрек,баспалдақ.

Міне, осындай көлдің сəнін Олқысынды жүрегім; Іздедім мен аққу əнін – Жүрегімнің тілегін.

Көлдің бетін көзбен андып Жұбай аққу көрінбей; Сəулемді іздеп жаттым қаңғып Көл басында ерінбей.

Аққу күйі бір мезгілде Сыңқылдады алыстан; Жəне бірі шыға келді Жақындағы қамыстан.

Жақындағы көк қамыстан Шыққан аққу жырлады. Аққу салған əн алыстан Бері жүзіп зырлады.

Жалғыз аққу жырақтағы Əнге салды «келем» деп.

Сыңар аққу құрақтағы Тұрды күтіп, көлеңдеп.

Сыңқылдатып, жарып келді, Жұпар майын жағынып; Жұбайына аққу келді

Алыс жерден сағынып.

Бөлек екен екі ғашық, Жайқынға кеп түйісті; Сыпайы ойнап, сыңқылдасып, Тəтті айқасып, сүйісті.

Күміс суды жұмсақ сызып, Екі сұлу сыланды; Сылдырлатып моншақ тізіп, Ақ көбікке бұланды.

Дөңгеленіп, сəнін түзеп, Айна көлге қаранды; Екі сұлу əнін түзеп, Жуынды да таранды.

Екі кербез қатар түзеп, Көлдің келді шетіне:

Көлдегі аппақ шашақты үзіп, Иіскей басты бетіне.

Иіскеп нəзік исін жұтып, Көлбеңдеді айнала;

Ақ шашақты талдап түтіп, Шашты мөлдір айнаға.

Талдап түтіп ақ шашақты, Алып аппақ жұпарын;

Ақ тəніне сылап жақты Қандыруға құмарын.

Екі сұлу еркелесті, Бір-біріне жарасып;

Тағы нəзік «не-не?» десті, Бір-біріне қарасып.

Бөліп əсем ойындарын, Екі ғашық сүйісті; Сүйісіп боп, мойындарын Мұңайысып иісті.

Екі маңғаз ғашық жұбай, Шын сүйіскен жар еді; Мұңайысты неге бұлай, Не қасіреті бар еді?

Екі маңғаз еркін өскен, Қосылысқан жар еді; Ертегідей еркелескен, Тағы неге зар еді?

Екі сұлу мөлдіресіп, Неге бүгін мұңайды? Бірін-бірі елжіресіп, Неге ақырын сылайды?

Дауыстары қалтырасып, Неге нəзік жылайды?

Қосылысқан екі ғашық Тағы нені сұрайды?

Көл ортасы кең жайқыннан Келген аққу бұрылып, Қасіреті іште тынған, Жөнеп берді сырылып.

Қыңқылдады қалар ғашық Көздің жасын тыя алмай.

Көлбеңдеді о да жасып, Кетер ғашық қия алмай.

Қимаса да бірін-бірі, Қайта-қайта қайырылып; Екі ғашық əрең тірі, Тағы кетті айырылып.

Екі ғашықтың міне сыры, Қанбаса да құмары.

Көл шетінде қалды бірі, Тағы кетіп сыңары.

Бір шоқ қамыс жиекте өскен Бір мезгілде қалт етті.

Қалт етті де үні өшкір, Үндемеске ант етті!

Шоқ қамысты жыбыр еткен Аққу кербез елер ме?

Құрттан қорықса қыбыр еткен, Көл шетіне келер ме?

Кешікпеді, шоқ қамыстан Жасыл ұшқын жарқ етті: Ақ түтінмен оқ қамыстан Бұрқ атылды, шаңқ етті!

Кім бүйтті екен көлді жарып? Суық жүрек шіркін-ай!

Айна көлді оқпен қарып, Соққандай ғып көктен жай!

Аһ!.. деді де көл селк етті, Аһ!.. деді аққу: «жаным-ай!» Қыларын оқ қылып кетті; Неге бүйттің, зəлім-ай?!

Дəл көздеді сұрша мерген Шын сұлудың нақ төсін;

Селк етті аққу, мұрша келмей, Басып қалды ақ төсін.

Төсін басып бір ұмтылды, Жатты жайып құшағын;

Шоқ қамыстан тұра ұмтылды Мерген алып пышағын.

Ойда жоқта бұлан етіп, Тағдыр-минут кеп жетті. Уыздай ақ төстен өтіп, Көлді сызып оқ кетті.

Күңіренді көл қарғыс шашып, Шулады көл гүрілдеп.

Аққу жатты төсін басып, Ағып қаны, дірілдеп.

Айна көлге жылап ақты Аппақ төстен қызыл қан;

«Хош, жаным!» деп қанат қақты Үзілді тез шыбын жан.

Суды сабап, шапшаң мерген Ақ қанатты қайырды:

Еш күнəсіз шашақ терген Екі ғашықты айырды!

Көздегенін атып жығып, Сұрша мерген кенелді; Ұры шіркін келген бұғып, Енді алшаңдап жөнелді.

Сол мезгілде аққу ұшты. Жалғыз қалған жырақта;

Суды сабап келіп түсті Түтін шыққан құраққа.

Аққу көрді ойда жоқта Бір пəленің келгенін; Ғашығының ұшып оққа, Жау қолында өлгенін!

Аққу тағы зарлап ұшып, Жалғыз қалған жарына; Жығылды кеп суды құшып, Сұр мергеннің жанына.

Қалған ғашық болмай ие Моншақтаған жасына; Шықты даусы іші күйе, Мергеннің кеп қасына.

Сыңсып аққу суды шашып, Шырқ айналды зəлімді, Сұр мергенге төсін ашып,

«Мені де ат!» деп жалынды.

Қып-қызыл қып қолын қандай Ақ сұлудың қанына;

Мерген кетті шыдай алмай, Күйіктінің зарына.

Аққу бетін жаспен жуды, Көкке шықты күйініп; Сұр мергенді қоймай қуды Көктен жерге түйіліп.

Сұр мергеннің алдына кеп, Тағы келіп құлады;

«Атшы жылдам мені де!» – деп, Бауырын басып жылады.

Мұны дағы батыр мерген Енді атуға батпады;

«Мені де ат!» деп жылап келген Сорлы жарды атпады.

Сұр мергенді шырқ айналып, Жылап аққу қалмады;

Өзегі өрттей күйіп-жанып, Қаққан қанат талмады.

Мерген кетіп бара жатыр, Алды-артына қарамай; Аққуды аңдып атқан батыр Тағы атуға жарамай.

Біресе аққу шырқап биік, Көкке жылап зарлады; Біресе кеп жерге тиіп, Көзден жасы парлады.

Біресе кеп жерді сабап, Жер бауырлап ыңқылдап; Біресе ұшып желді сабап, Назаланды сұңқылдап.

Шіркін ғашық жан жолдасын Тастауға енді қимады; Мөлдіреген көздің жасын Моншақтатты, тыймады.

Жылама енді, күйікті жар! Неге керек еңіреу?

Кімге мұнша қыласың зар? Жер менен көк меңіреу!

Талай сорлы жер мен көкке Сен тəрізді жылаған;

311

Көздің жасын төгіп текке,

«Мені де ал!» деп сұраған.

Аққу білді батыр мерген Енді мұны атпасын; Қанға бояп төсін керген Жұбайымен жатпасын.

Жер мен көкке зар еңіреп, Шыдамады күйікке;

«Жұбайымнан қалмаймын» деп, Шықты шырқап биікке.

Сорлы ғашық бел байлады Жұбайынан қалмасқа;

Серт қылғандай, айқайлады Көлге қайтып бармасқа.

Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап;

Бір мезгілде төмен ағып, Төңкерілді судырап.

Төмен ағып қадалды да, Найзадай боп шаншылып, Сұр мергеннің қақ алдына Жығылды аққу жаншылып!

Күйікті жар құлап өлді, Ақ төсінен қан ақты;

Жұбайына «ырза бол!» деп Бір-ақ серіпті қанатты.

Өлімді де шіркін ғашық Сүйгенімен бір көрді; Жан күйігін мəңгі басып, Жұбайымен бірге өлді!

312

СҰЛУШАШ

I бөлім САЙРАН I

Бай болған дəулеті мол Тілеуберді, Байлықпенен меңгерген тамам елді. Төрт түлік мал өргенде құрттай қайнап, Құмырсқадай қыбырлап жапқан жерді. Тор-қасқалы, қазмойын жылқыларын Екі-үш мыңдап он шақты қосқа бөлді. Түйелері түздерде бота тауып,

Қойы жүрген жерінен қозы терді.

...Жас кезінде қыз таңдап кезіп елді, Өз бойына лайықты іздеп теңді, Мың жылқыны біржола матап беріп, Алтынай дейтін сұлуды алып еді.

Тоқсан нарға жүк артып безеп, жасап, Алтынайға əкесі құл, күң берді.

Шұнақ деген жігіт пен Тезек атты

Бір жас қыз, құл, күңдермен ере келді.

Шұнақ пенен Тезек те қосты көңіл, Құлдық, күндік болса да көрген өмір, Өздерінше қызықты дəурен сүріп, Тəтті өмір тəрізді болды о бір.

Шөккен түйе, көгенді қозы арасы, –

Жата-тұғын мекені күл мен көмір.

313

Сөйтіп Шұнақ Тезекпен осы өмірде

Тірі жанға сездірмей жүрді үш-төрт жыл. Содан кейін құрсақты болып Тезек, Торсық шеге, ақ сазан тапты бір ұл.

Ұл туды деп шашулар шашылған жок, Қатын жиып қалжа да асылған жоқ.

Жөргегі жоқ, қап-қара құрымға орап Алса да, жанның жаны ашыған жоқ. Алтай деп əлдеқалай атын қойды.

«Азанменен» құлағы ашылған жоқ. Шұнақтың ақжүрегі қуанғаннан Көпке шейін дүрсілдеп басылған жоқ.

...Күн-күн санап толқыды туған айдай, Қап-қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай, Қаз мойынды, кең иық, сұлу тұлға

Тіп-тік боп тауда өскен қарағайдай. Кір-қожалақ табанын тас тілсе де, Жүдемеді, үдеді гүл боп жайнай.

Қозы бақты, қой бақты, отын жақты, Ерте тұрып үнемі кешке жатты.

Құлдан туған неме деп көзге шұқып, Кім корінген бір сабап шырылдатты. Итке төгер іркітін оған беріп,

Бай да жастан ұстады қысып қатты. Сол бейнеттің бəрін де көргенімен, Болып өсті ер Алтай ер сымбатты.

Бір доғал, жасынан бір бетті болды. Кекшіл қасқыр сықылды кекті болды. Аузынан шыққын сөзден қайтпай-тұғын, Сөз ұстағыш қажырлы, сертті болды.

Сол бірбеткей бетінен қайтпаймын деп, Жасында талайлардан тепкі көрді,

314

Бала күннен əлдінің қылығы өтіп, Жас күнінен өзегі өртті болды.

II

Екі-үш жылдай отасып Тілеуберді, Түнғышы, Алтынайдан бір қыз көрді, Сұлушаш қойып атын, ұлан-асыр Той жасап дүрілдетті бүкіл елді.

Ай мен күндей нұры бар жалғыз ару, Бесіктен-ақ бал болып мəпеленді.

Ержеткенде күн түсіп бұғағынан, Таң қылды сұлулығы көргендерді. Он алтыға келгенде қыздың жасы, Төгіліп тізесіне түсті шашы,

Қаламмен жалғыз сызық тартқандай боп, Қиылды қап-кара боп қиғаш қасы, Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік, Тістері меруеттің тізген тасы.

Бетінен нұры бөртіп, қаны тамған, Толқыған сұлу айдай кесер басы. Мойыны иірілген аққу-сынды, Тамағы торғындай боп тартты күнді. Қып-қызыл жұқа ерін, оймақ ауыз, Қиылып құмырсқадай белі үзілді.

Сүйрік саусақ, жұп-жұмыр жұмсақ білек, Орта бойлы- шалқақтау ер пішінді.

Көз қарасы көргенді күндей ертіп, Ішпей-жемей мас болып көзін жұмды. Есіркеп, əлдеқалай құты түсіп,

Не керек, бай табиғат берген нұрды!.. Басына бəт-құндыздан киді бөрік, Тізеден қара шашты жіберді өріп, Шеберге шашын ылғи маржандатты. Бір рет өргеніне бір ат беріп,

Бірі күтіп, біреуі нөкер болып,

315

Соңынан сұлу қыздар жүрді еріп. Өз алдына оңаша бір ауыл боп, Алты отауды ақ күмбез тікті бөліп. Өңшең торы қасқалы жорғаларды,

Тұрмандатты шұп-шұбар күміс көміп, Қай уақытта серуенге шығам десе, Бəрі даяр керегі, өзінде ерік.

Сандалды ел мырзасы болып ғашық, Талай жорға, ішікті төкті шашып, Бетпе-бетте бір ауыз сөз қата алмай, Сұлудың маңайынан жүрді қашып, Бетіне сұлу жанды қаратпады,

Сөзге шешен, ақ жарқын, мінезі ашық. Толған айдай толықсып гүлдей жайнап, Күннен-күнге сұлулық өрледі асып.

III

Сұлушаш бала еді аз жыл бұрын, Балалық өмірдің жəй терген гүлін, Не дегенін істетіп, еркелетіп,

Тілеуберді «қыз» демей, деді – «ұлым»...

Неше түрлі қуыршақ істеп сұлу, Отауда отыратын жиып «жүгін...» Сол кезде қозы баққан Алтай бала, (Сауыс боп үсті-басы қарақұрым), Соқтығып ойнаған боп қағып кетіп, Көретін Сұлушаштың тартып сырын. Сұлушаш сол мезетте күлімсіреп, Алтайға аударатын көздің қырын.

Өйтетіні, Алтайға біткен тұлға Байланбаған мүшелі сұлу құлын. Ол кезде екеуі де құлын еді, Құлындай ойнап у болуы

Оларға бала кезде білінбеді. Қызарып шыға қалған қос қызғалдақ, Суық желді өмірмен үрілмеді.

316

Неге екенін сезбеді өздері де, Қарасса жүректері дірілдеді. Ойнақшып қара көздер жаутаңдасып, Қып-қызыл еріндері күбірледі.

Жастық-мастық, балалық бəрін жеңіп, Өмірдің шын пердесі түрілмеді...

IV

Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ, Алтайдан басқа көңілі иері жоқ, Кездескен қай мырзаға кез салса да, Ішінде тап Алтайдай біреуі жоқ.

Алтайдың тілі оған бұлбұлға ұқсас, Сөйлесе майдай майда, сүйегі жоқ. Тəңірісі табынатын жалғыз Алтай, Өзінше одан артық киелі жоқ.

Алтайды көрмегелі көптен бері, Жүрекке сағыныштың толды шері, Отарға жылқы айдап кеткен Алтай Жыл болды міне елге келмегелі.

Алтайдың қосы жүрді Нұраны өрлеп, Жылқыны салған қысқа, жайлы жер деп, Сол бет алған жағынан жазғытұрым

Қос көшіп Құланөтпес жаққа келмек. Сəуір туып, қар беті қабыршыққа Айналғанша, көшті ол қосын теңдеп, Бұл бет алған маңайда, ат жететін Орында, қатынасар ешбір ел жоқ.

Қыс маужырап, жылқыны қысып кетпей, Қыс тентегі – боран да зəрін төкпей, Жылқышылар жайланды рақатта,

Бір адамға батыра суық өтпей!

Жер отты, қыс та жайлы болғандықтан, Семіздің басы жерге қалды жетпей.

Быртиып жылқышылар семіріп ап, Беттері қара-күрең болды өрттей.

317

Алтай да осылардың арасында, Жапанның ақ кебіндей даласында. Ойынан жатса-тұрса шықпай сұлу, Көңілсіз, қосылып жүр қарасынға. Түн болса «күзетке» деп қосқа келмей, Кетеді екі іңірдің шамасында.

Жүреді түні бойы жұлдыз санап, Ғашығын іздеп, көзін көкке қадап, Ермегі сүмбі-сынды Торытөбел Оқтаудай ішін тартып қатқан жарап. Есіне сұлу түсіп кеткен кезде, Екпінмен шырқап тұрып əнге салад... Бір күні жүргенінде жылдай болып, Жаз жақындап, жылыды қар да еріп. Қыстай көшкен қос та енді кейін қарай Бетін бұрды ел жаққа бейімделіп,

«Сұлуыма бір табан жақындадым» – Деген жанша, Алтайға ажар еніп, Күндіз-түні ат үстін босатпастан, Жүре берді қуанып, көңілденіп,

Қос сол көшкен бойымен жер қарая, Құланөтпес түбіне қарай келіп, Тігілді де, жылқыны тоқыратты,

«Келдік» деп иесіне хабар беріп.

Түс еді, жылқы біткен жусап жатқан, Алтай мен бір жолдасы жылқы баққан, Аттарын қаңтарысып отыр еді, Көрінді бір салт атты ауыл жақтан.

Алыстан аттың түсі қылаңданып, Қара құйрық желпеңдеп бұлаң қаққан.

«Бұл кім!» деп көз тігісіп отырғанда, Бір жігіт келе қалды жорғалатқан.

Терлеген боз жорғасы бүлкіл қағып, Толқыған толқындай боп ырғаланып, Аузынан ақ көбігі бұрқ-бұрқ етіп, Тайпаңдап «ə» дегенше келе қалып.

318

Қараса Сейіл дейтін жігіт екен, Атынан түсірісті бұлар танып. Жайласып, амандыққа келгеннен соң, Алтайды шықты Сейіл оңаша алып.

  • «Келіп ем – деді Сейіл, – əдейі саған, Тапсырды бір аманат сұлу маған».

 «Алдымнан жұма күні қарсы шықсын, Алтайды сай басында тосып алам» – Деп мені хабаршыға салып отыр, Сөзімде жалған бар деп болма алаң.

Сенімен осы арада уəделесіп, Ауылға көп кідірмей қайта барам. Алтайдың тұла бойы шымырлады, Жүрегі дүрс-дүрс соғып жыбырлады. Жалғыз-ақ сыр сақтағыш сұрша беті, Білдірмей сасқандығын құбылмады. Бұл хабардың не хабар екендігі,

Əрі ойлап, бері ойланып ұғылмады, Ой келді: «бұл сұлуға не боп кетті,

Бұл қалай тым ыстықтай сұғынғаны?» – Ер Алтай шіміркеніп қабақ қатты, Шыжытқан ыстық, күннен тер де ақты. Кенеттен келген хабар, түсініксіз...

Ішіне қосымша ғып тағы от жақты. Əрі ойлап, бері ойлап келгенінде, Шығып қарсы алуды мақұл тапты. Сейілге жауап күтіп жаутаңдаған,

«Жарайды... Барайын!» – деп сөз ұстатты. Қайсарды бүгін Алтай қасына ерткен,

Ол оған тату құрбы болған көптен. Сейілдің сөзін айтып Қайсарға Алтай, Ақтарды сырын түгел судай төккен:

  • «Сұлушаш жанған жұлдыз маған бола, Көрсетіп жарқын нұрын əуре еткен.

Жасырып сенен сырды не қылайын. Сұлуды аламын деп мен ант еткем.

319

Адам болып өмірде жасау қиын, Таятын болсам егер осы серттен. Қане, Қайсар, айтатын ақылың не? Жəрдем тілеп, алдына жолым шеккен»

    • «Мұныңның бəрі мақұл – деді Қайсар, –

Бірақ, іске аптықпай кіріс еппен!»

V

Кеш болды көктің жүзін бұлт жапты, Баяу жел біраздан соң дауылдатты, Ымыртта атын ерттеп мініп Қайсар, Əкелді жарап жүрген екі атты.

Қос алдында жалындар жалп-жалп жанып, Бақырда ет бұрқылдап қайнап жатты...

Ет жеді жылқышылар майлап мұртты, Ақ майға томпаңдатып толтырды ұртты. Алтай еттен дəм татпай отырып қап, Сіміріп жалғыз аяқ қымыз жұтты.

Алдағы өмірлерін елестетіп, Көзімен шолып отыр көрген сыртты.

...Бір кезде Алтай, Қайсар атқа мінді, Қаруға қарларына сойыл ілді.

«Күзетке барамыз» деп сұрағанға, Перде ғып аттанысты қара түнді. Бұлардың қандай жаққа баратынын Серік боп ілесетін жел-ақ білді.

Төбеден қап-қара боп бұлт көшті. Ысқыртып аттың жалын жел де есті. Қараңдап қарақурай төңіректе, Бұларға «жол болсын» деп есендесті. Қыл-ұшы құйрығының ағараңдап, Жолшыбай қосаяқтар алдын кесті.

Сарлатып қос Тортөбел тартты желіп, Тер шығып бойларына кірді желік.

Аузымен ауыздықты сүзе шайнап, Ойнады үстерінде аппақ көбік, Танаудан будақ-будақ дем шығарып, Желпілдеп желбезегі делеуленіп, Түйілтіп қайшылатып құлақтарын, Келатқандай хауыпты көзі көріп.

Пысқырып анда-санда бас изейді, Шаршамай келемін деп дыбыс беріп.

Сарлатып талай-талай жерден өтті, Жазық дала, белесті өрден өтті.

Жарысқан желмен бірге отты жүрек, Алтайды əлденеге дірілдетті.

Қара түн қап-қара боп маужырап тұр, Түнеріп төрт құбыладан төңіректі, Сар желіп сол ағызған бойыменен, Екеуі уəде қылған жерге жетті.

Таң атып келе жатыр түнді қулап, Жер жүзін шық басқан қалың булап, Бет алып күн шығыстан күн батысқа, Бұлттар көшіп жатыр будақ-будақ.

Өзеннің қошеметшіл көп құстары,

«Хош келдің, жолың болсын!» десті шулап, Өзен де жар астында сар-сар ағып, Көпіршіп əлденеге жатыр тулап.

Құлақ, түрді, еш дыбыс білінбеді, Шыдамай шерлі жүрек дірілдеді

«Асықпа, кешікпейді, келеді» деп, Майда жел құлағына күбірледі.

«Екі жас ұяларсың, мен кетейін» – Деп шолпан езу тартып күлімдеді. Қоңыр қаз долы өзеннің жағасында,

«Мұншама ерте жүрген бұл кім?!» деді. Жан-жаққа Алтай көзін сап тұрғанда, Оң жақтан естілді аттың дүбірлері.

Дүбірге Алтай, Қайсар құлақ салды. Со жақтан аттыларды көзі шалды. Таң еркін бозармаған, ала сəуле, Əуелі анықталмай, бұлдырланды.

Уқалап көзін тағы қарап еді,

Боз жорға көз алдында оттай жанды. Үстінде Сұлушаштың ақ үкісі Теңселіп самал желге бұлғаланды.

Екеуі Сұлушашты енді білді, Мінісіп аттарына қарсы жүрді, Сұлушаш жақын келіп аттан түсіп, Алдына Алтайының тəжім қылды. Құшақтап екеуінің көріскенін,

Өзен, таң, Қайсар, қыздар көріп тұрды. Шөп етіп Алтай беттен сүйіп алды, Сұлушаш езу тартып қана күлді.

Көп тұрсақ көзге ұшырап қалармыз деп, Қайтадан бəрі тағы атқа мінді.

Жолшыбай мəз-мейрам боп қарқ-қарқ күліп, Қайсар да нөкерлерді сөзбен іліп,

Сұлушаш Алтаймен ат үстінде, Келеді құшақтасып сайда жүріп.

Жол ашты шық басқан жасыл шөптер, Майысып басын иіп, тəжім қылып.

Шуылдап өзен үсті əнге толды, Бүгінгі шат көңілді құс та білді, Бөлмеуге екі жастың əңгімесін, Басылып жел жадырап болды тымық, Жарыса аққан өзен мөлдірленіп,

Сыр бермей күп-күрең боп қалды тұнып.

Сөйлесе Қайсар қандай тілге шебер:

    • «Арулар, сөзім мақұл көрінсе егер, Сұлу менен Алтайды оңашаға Жіберейік, кешіксек біреу көрер.

Ойнап-күліп бір жерде думан қылып, Бұл ара емес отырып орын тебер».

Арулар айтқан сөзді қабыл алды, Бөлініп бір тасалы жерге барды. Қайсар да оларменен бірге кетіп, Сұлушаш Алтайменен жеке қалды. Екеуі сол арада құшақтасты, Жамылып үстеріне жасыл талды. Үстінен қошаметтеп ұшты аққу,

«Қайырлы болсын» – айтып шырқап əнді.

Сығалап сұлу күн де күлімдеді, Жел сыбырлап құлаққа күбірледі, Қосылған жас жүрекпен қоса қабат, Талдардың жапырағы дірілдеді.

Өзеннің қабағында қоңыр қаздар.

«Мұншама құмарланған бұл кім?!» деді.

Қарақат төне қарап мөлдіреді,

Жасыл жапырақ перде боп желбіреді. Тал ішінде қызарып шыққан гүлдер Шайқалып нарттай жанып үлбіреді.

Шықтар күмістей боп, жарқ-жарқ тамып, Əр жерде бір мөлтілдеп селдіреді.

Бұтаққа қонып алып бұлбұл сайрап, Ұзақ болсын қуаныш, сүю деді.

Бұлардан басқа, сүйген қос жүректі Жалғыз-ак, қиядағы күн біледі.

Жүректің жалындарын басып енді, Екеуі құшақтасып түрегелді.

Көптен бері жүректе топ боп жүрген, Ақтарды іштерінен қалың шерді.

Сұлудан көзін алмай тесе қарап, Ер Алтай «уһ», «Ойпырмай, уһ» –

дей берді.

Қайғысы ер Алтайдың бақ па, мал ма? Не нəрсе күйінгендей батты жанға?

Болмаса өткен өмір уландырған, Кəрілік келіп жеткен өлер шал ма? Немесе мынау сұлу табиғаттың Алтайға ұнамаған жері бар ма?–

Жоқ! Оған бақ пен малдың керегі жоқ, Қайғысы, – алды-артына сенері жоқ. Өлетін халге-жетсе жаны ашып, Аузына əкеп сусын берері жоқ.

Алдында күндей күлген мынау сұлу, Жандыра жүрегіне түскен бір шоқ. Сол шоқты сөндірем деп жүргенінде, Рақымсыз қандай күнге болады соқ. Бəрін айт, бірін айт та, ит жоқшылық Жүректі айнытады құсықтай боп.

«Алтайжан, – деді Сұлу оған қарап, – Қарақат қара көзін тура қадап, – Қыздың көрген қызығы бес-ақ күндік, Мұндай дəурен басымнан өтеді əлі-ақ. Міне мен он жетіге аяқ бастым,

Бұл өмір жиырмаға жетсе сол-ақ. Өз алтын босағаңды аттаған соң, Өмірге болғаның жай күйсіз қонақ.

Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді. Құда түсіп айттырды бір жер дүмді, Атастырған адамның теңі емеспін, Сұрастырып ғашығың жаңа білді. Өмірімде жар емес, жалын құшып. Өткізбекпін құсамен көрер күнді, Соны саған естіртпек болып бүгін, Əдей келдім, төккелі іште мұңды!..» Есіне түсіп барлық дос пен қасы, Сұлудың мөлтілтеді көзде жасы.

Қыбырлап қызыл ерні тоңғандай боп, Қабақта қимылдады қара қасы.

Əке де, шеше де жау, туған да жау, Бар сенгені Алтайдың қара басы.

Неге екенін білмейді өзі-дағы, Əйтеуір ауды соған ықыласы.

«Алтайжан, қайтемін!» – деп құшақтады, Оралып мойынына жібек шашы.

Алтайдың мына сөзге мұздап іші, Құбылып қырық түрленіп сұрша түсі, Аузына айта-тұғын түк сөз түспей, Дей берді:

  • «Құда болған қандай кісі?»
  • «Ол атақты Байбосын, ұлы жүзде Билік құрып аюдай батқан тісі.

Оған жесір бермеуге, теңгермеуге Үш жүзде де келмейді жанның күші.

Байбосынның жұмсары кектескенге, –

Шоқпарлы қол, сүйреген найза ұшы!»

  • «Енді білдім, Сұлушаш, енді білдім!.. Қармағына түсіпсің мықты дүрдің.

Ол қармақтан құтқарып алу үшін Қолынан не келеді мендей «құлдың!» Мен жанымды қиямын құтқаруға, Дерлік болсаң егерде «көзді жұмдым!»

Əкеңнің төрт құбыласы түгел дерлік, Тізесін дəу-перінің бүгер дерлік,

Тік тұрса төбесімен көкті сүйеп, Қолымен қос бүйірін тірер дерлік. Сені берген қайының Байбосын да, Үйретіп жолбарысты шідерлерлік. Азуы алты қарыс өңшең аю, Оңайлықпен бере ме бізге теңдік.

Мұндай іске бел байлап, көз жұмғанда, Қайратыңнан тысқары керек ерлік.

Ойласақ малда ғана күш пенен бақ, Кім-кімде малы болса мықты болмақ. Кім ат пенен ас берсе, елдің бəрі Сойылын соғып соның, тілін алмақ. Бір мені күл ғып көкке ұшырады, Жағынған екі байға өңшең жалдап.

Қаптаған қалың аран іштерінен, Əкету тағы қиын көзін алдап.

Мұндай бəле басқа кеп орнағанда Құтылмақ талмай-тұғын жүйрік саңлақ».

    • «Алтайжан! – деді сұлу бір заманда, – Нелер мұңды еткен жоқ бұл жалғанда! Өкінгенмен өткен іс бұзылмайды,

Оған кейіп қажыма, назаланба! Кеше-тұғын өткел көп екені рас, Талай əлі қиындық жатыр алда.

Мен сендік!.. Сенер болсаң сырым осы, Қосылмасам санама тірі жанға.

Құр қажудан, қажырлы арық қайрат Ұнатсаң мен бір амал жүрмін ойлап, Ұрын келсін деп əдейі атасқан-ды, Шақыртуға белімді будым байлап.

Жамандығы шын болса жасқаншақтап, Сенсе өзіне əлемге келер жайнап.

Менсінбеймін десем ол не қылады, Азар болса бармағын кетер шайнап. Жамандығын көзімен көрсе өзі, Əкем-дағы уəдесін бұзып, таймақ.

Менің əкем тек сонда бүлінеді, Уəдеден жəне де шегінеді.

Байбосын көнсе егер Құдай иіп,

Малдары қайырылып беріледі. Жау жағы тулағанмен не қылады, Азар болса біраз мал төгіледі, Баласы жаман болып көзге түссе, Болса да қандай мықты жеңіледі.

Көп ойлап менің ақылым соған жетті. Демесін жесірімді бермей кетті.

Бүгін таң осы араға шақырғаным, Ақылдаспақ болып ем осы кепті. Қайтеміз, айла қылмай амал бар ма, Тағдырдың талқысы əкеп соған жекті. Алтайжан, жарай ма осы ақылдарым?» (Алтай ойлап) – «Мен-дағы мақұлдадым!»

  • «Бұл қалай деп түбінде ойламасын Деген ой еді сені шақырғаным.

Байбосынның мырзасын көзіңмен көр, (Күліп айтты) жездең ғой, жақындарың!»

Серттесіп бір-біріне қолын берді, Ер Алтай Сұлушашқа жаңа сенді. Құмарын баса алмаған екі жастың, Сүйісіп шөп-шөп етті тағы да ерні. Сұлушаш бір уақытта Алтайына Бір алмас екі жүзді қанжар берді.

Қанжарды Сұлушаштан қолына ап, Аударып екі жүзін қарап-қарап.

Ышқына бір күрсініп алдыдағы, Қанжарды қойды Алтай жерге қадап,

«Білтелі қара мылтық тағы берем» Деді Сұлу, қолымен шашын тарап,

Серттесіп, сөз байласып болғаннан соң, Шақырып жолдастарын алдырды ат.

Сұлушаш нөкерімен аттанысты, Сүйісті, құшақтасты, қол алысты.

Бозжорға ырғалаңдай басып шұлғып, Баяғы келген ізге қайта түсті.

Артынан Алтай ұзақ қарап тұрды, Ойлары болашақтың улап ішті.

Қарасын Сұлу үзіп кеткен кезде, Бұлар да өз бетіне жөнелісті.

VI

Аттанып Алтай қайтып келе жатты. Бұлт жадырап, күн қайнап отын жақты. Торғай шырлап, шарықтап қияға өрлеп, Тұс-тұстан қанаттарын жыбырлатты.

Жан-жақтын, бəрі сұлу – күлімденіп, Денені шаттық беріп шымырлатты.

Қурайлар ақ үкілі иіп басын,

Жас талдар жап-жасыл боп жайып шашын, Қызыл гүл қызараңдап нарттай жанып, Құбылды нұрға бөлеп дөң арасын.

Жасыл шөп жұпар шашып, жерді жауып, Жүректің жазарлықтай бар жарасын.

Тап сол күн дүниеге келмейтін күн, Айнала неткен шаттық таңғаласың!..

Тортөбел басын шұлғып бүлк-бүлк желді, Денеден домалатып шып-шып терді.

Құйрығын сипаңдатып, басын шұлғып, Жортақтап борт-борт басып ұтты жерді. Жасыл шептің астынан құрғақ топырақ, Самалдан шаңғымақ боп дөңгеленді.

Тізгінді ер басына қазықбау шап, Қамшысын мықынынан таянып ап, Ағытып түймелерін омыраудың, Жеңдерін шынтағынан түріп тастап,

Қабағы жабыңқы боп Алтай ердің, Тұңғиык, көкке көзін келеді сап.

Ғашығын көріп қайтты, – қуанбады, Сүйісті, бірақ оған жұбанбады.

Үмітті ойы алдына алыс жатыр, Көздеген мақсаттары тұмандады, Сұм үміт сұп-сұр болып елес беріп, Көктің бір қиырында қылаңдады.

Болмаса сағымменен бірге толқып, Түлкідей таудан қашқан сылаңдады. Алтай ер ат үстінде қалды қатып, Көп ойлап ой ұшынан шыға алмады. Үміттің тілі ауыр, сөзі қиын,

Ол тілді Алтай еркін ұға алмады.

Түнеріп қара көк боп тұр аспан-көк, Бетінде шұбар бұлт тұр толқындай боп, Қадалып қанша қарап байқап еді,

Бұп-бұлдыр жатқан дария қиыры жоқ. Айналып күнге көзін бір салып ед,

Ол-дағы телегей боп жанған тек от. Көз жұмып өмірді де ойлап еді,

Ол-дағы зымыраған бір атқан оқ, Не ойлап, не нəрсені қиял етсе, Қайғыға бəрінде де болады соқ.

Бір кезде көктен көзін жерге аударды. Төңірек ажарланып гүл-гүл жанды.

Көзіне не көрінсе жаудай болып, Бұрынғы қайғы үстіне қайғы салды. Жер, шөп, су, орман, дөңес... бəрі-дағы, Бай үшін жаратылған сықылданды.

Ойлады: «жер менен су, тоғай орман... Адамзат пайдалансын деп жаратқан. Бірақ сол ен байлықты байлар ғана Өзіне меншікті ғып пайдаланған.

Жалшыға, құл-құтанға дəнеме жоқ, Жалғыз-ак, ішер тамақ оларда арман. Дүние-ай, маған берсе бар билікті, Күштіні етер едім көзге түрткі, Жалшыға, құл мен күңге, кедейлерге, Берер ем бөліп-бөліп мал-мүлікті.

Не керек, бар байлықты байлар көріп, Кекіріп, болып отыр майға күпті!»

Əкесі жүр соры қайнап бие бағып, Кезі келсе, қой менен түйе бағып, Киімі өрім-өрім сауыстанып, Шешесі жүр бүкшеңдеп отты жағып. Інісі Ермек, – əлі жас... өзі-дағы

Жылқышы боп бейнеттен киді қамыт. Ині сияр өмірде тескіндік жоқ,

Қайда барса алдында азап-тамық!..

Тағы да əртүрлі ой елестеді, Бəрі ұшқыр бір-біріне ілеспеді.

Қаншама көзін жұмып ойласа да, Ойлар көп, біреуін де түгеспеді. Ойлатқан осыларды кедейлік қой,

Бай болса «мен еркінмін» демес пе еді?!»

Алтайдың Қайсар ойын отыр сезіп, Ол-дағы ой сарайын тартты кезіп, Алдында келер күнді болжағанда, Өмірден қол сілтеді о да безіп, Алтаймен не көрсе де бір көрмек боп, Ішінен неге болса отыр төзіп.

Алтайды жұбатайын деді-дағы;

    • «Жеткен жоқ қайғыға енер мезгіл əлі. Ер басы еңбек үшін жаратылған, Қашан да сыннан өтпек ердің бағы.

Не керек ойға құл боп, жаным Алтай, Жастық күн өмірдің ол жалын шағы.

Жастықтың жалынына су сепкені Қайғыға ер жігіттің қажығаны.

Осыны дəуде болса айтқан шығар, Өзің шын сеніп сүйген сұлу-дағы!»

  • «Қайсар-ау! – деді Алтай күрсініп ап, –

Рас, қызу уақыт қой бұл жастық шақ. Осы істі бір бастауын бастасам да, Ақыры не болары тəуекел-ақ.

Тілеуберді еркімен Сұлушашты, Тап менің бұл күйімде бермеуі хақ. Егер де Сұлушашты алып қашып, Олардың қолдарына түсе қалсақ:

Не болмақ?.. Не боламыз?.. осы арасы Жүректі шошытады көрсем толғап.

Ар жағы не болуы өзіңе аян, Қашқанмен жоқ барар тау, басар саяң, Жаудан қорқып үмітті тілегімді,

Өлем деп орындамай қалай қоям.

Ой мен қырым, қанатым, құйрығым жоқ, Құлашты талпынсам да қалай жаям, Бүйткен өмір – өмір ме, ойлашы өзің!

Осы өмірден табамын қалай баян», –

Деді де Алтай қатты демін алды, Қара көзден ұшқындар шашырады. –

  • «Өлсем де орындаймын осы істі, Өлгенше дұшпанымнан ішем қанды! Ардақтап жаудан қорқып, бұғып сасып, Кəдірлеп қапқа буып қайтем жанды.

Əйтеуір ертелі-кеш бір өлім бар, Көргем жоқ екі жүз жыл жасағанды!» Деп жігермен шоқытып Қайсар жігіт, Жылқыға келгенін де білмей қалды.

II бөлім СЕРГЕЛДЕҢ I

Жұлдыз сөніп, таң атқан мезгіл еді, Алыстан бұлдырап бір салт келеді. Самалы қоңыр салқын толқып соққан, Əн салып толқындатып жібереді.

Парсының масатылы кілеміндей Құлпырған ғажайып гүл төңірегі Аққудай сұңқылдаған сонау əнді, Жаңғыртып иен даланы шырқағанды, Оқтаудай жарау атты бүгілдіріп, Күзеткен ала-бөтен атқан таңды,

Мас болып шырт ұйқыда жатқандардың, Қайсысы əн екен деп есіне алды?

Ол əнді күміс көбік көл тыңдады. Құлпырған, астау жонды дөң тыңдады. Бөлмейін дегендей-ақ зарлы күйді, Тына ғап жұпар иісті жел тыңдады.

Көзінен мөлдір жасы мөлт-мөлт тамып, Буланып шық басқан жер тыңдады.

Одан басқа, мал баққан, отын жаққан Қақ, сауыс, қара, жыртық жең тыңдады.

Əн салып келе жатқан жалғыз жан кім? Ішінде зарлағандай нендей бар мұң?!

Керіліп ат үстінде есінейді,

Көз шырын алмаған-ау бүгінгі түн!

Көзінен көрер таңды неге атырад? Желдіртіп неге асығыс келеді тым? Жер астынан сығалап бұлтты жарып, Неліктен көзін қадап қарайды күн?

Дем алмай не себепті ішін тартты, Самал жел көпті көрген қария сұм?

Торғайлар неге сонша шырылдады? Неліктен үйрек көлде бырылдады? Қоңыр қаз балапанын жайып жүрген Біріне-бірі неге сыбырлады?

Күн жадырап, жайылып, өз-өзінен, Не жақсылық жұмысты ырымдады?

Өсімдік жел тынғанда басын шұлғып Қалайша себебі жоқ қыбырлады?

Не қайғы, не қуаныш көретіндей, Аттының неге бойы шымырлады?

Осының бəріне де себеп ашық: Қосылмақ бүгінгі күн екі ғашық. Əн салып ен даланы өзі билеп, Көрінген жігіт Алтай дөңнен асып. Астында бөкен қабақ Торытөбел,

Келеді жұмсақ жерді борт-борт басып, Құс, көл, жер, дөң, жел, сағым үндемеді, Қарсы алды ер Алтайды амандасып.

Алтай да таза ауаны жұтып еркін, Құбылған табиғаттың көріп көркін. Таянып оң жақ қолын мықынына, Шекеге артын түре киді бөркін.

Таң атпай келе жатқан бар жұмысы Сұлуға орындамақ айтқан сертін. Қазірде көңілі онша қаяу емес,

Таң жойды түнде өзекке түскен дертін.

Ел үсті өрген малмен азан-қазан. Сиыр мөңіреп «өрем!» деп айтты азан. Өрген қойды айнала шық бөлеп, Қыбырлаған, үстері тартқан бозаң.

Қой жағалай жарысқан лақ, қозы, Дегендей боп бірінен-бірі озам!

Көл де нұр, көлем де нұр, сайлар да нұр, Айнала нұр, ілікпейді көзге тозаң.

Сол нұрлардың ішінде аппақ үйлер, Дөңкиіп тұр бейне бір күміс қазан.

Түк нəрсе сезінбестей, ауыл өлік, Таңғы тəтті ұйқыға алған еніп, Ояулары құрт жайып, қазан қырған, Қой құрттаған, жүргендер тезек теріп, Ең аяғы иттер де жалқауланып,

Маңқ етіп жата кетті дөңгеленіп, Соның бəрін көзімен шолып Алтай, Қарақұрым үйіне түсті келіп.

Қуанышты əкесі күле қарап, Құлынын кіріп келген көре сала-ақ, Құшағын ұша тұра жайып келіп, Қысып-қысып бетінен сүйді жылап. Шешесі де бүкшеңдеп жүгіріп кеп, Бір беттен о да сүйді жанасалап.

Амандасып болған соң, ұйқтап жатқан, Інісін Алтай барып өпті аймалап.

Жыртық үй шымнан соққан балағандай, Ішінен сырттағыны санағандай.

Үй ішінде төсеніш, көрпе, жастық, Бірі жоқ, үйді жау кеп тонағандай. Ер жігіттің тұрмысы сондай болса, Неғып шыдар жүрегі жараланбай.

Екі аттап Алтай төрге барды-дағы, Жан-жағына бір қарап алды-дағы, Шырша бойы сыймады, басын иді, Сықылданып жылқының арғымағы, Ойына əр немелер түсіп кетіп, Иығы талғандай боп салбырады.

Далаға тоқырамай қайта шықты, Өліктей ұйықтап жатқан көрді жұртты. Бір қарап жаңа шыққан сұлу күнге, Отауға қара көзді қадап тікті.

Алдынан ғашық сұлу елес етіп Қозғады жүректегі нəзік жіпті.

Бармауға шыдамады жанған жүрек, Бірақ ерте баруға себеп керек.

Күні үшін байға құл боп жағынғандар, Көзі шалса «бұл қалай барад?» демек.

«Тірі адам көрмейді, тасалаймыз,

Бар, бар!» деп тұманданып тұр төңірек. Тұманменен тұтасып, күннің көзін Жасырды ер Алтайды бұлт та елеп.

Бір кезде Алтай барып есік ашты, Денесін жерді жапқан буға бөлеп.

Сұлушаш ұйықтап жатыр болып бырдай. (Ұйықтамас па, кездессе тұрмыс мұндай!) Жамылып шайы көрпе, шалқасынан Керіліп жатыр екен аппақ қудай.

Тықырды сезгеннен-ақ атып тұрды, Шошынып ұясынан ұшқан құрдай. Толқынды қара шашы тізеден кеп, Алтайға құшақ жайды сабыр қылмай, Бүктеліп құмырсқа бел бұраңдады, Үзіліп кете-тұғын нəзік қылдай.

Қадалтып кара көзін қарай берді, Кірпігін əрең қағып, көзін жұмбай.

Құшақтап Алтай қысып бұраң белден:

– «Қалқам-ау, жолым ғой бұл əдейі келген. Тағы да сөйлесерміз, көп тұрмайық,

Көп тұрсақ біреу-міреу көрер елден. Кешке тағы келемін, сырласып бір Құтылу керек көптен жүрген шерден.

Қанекей, тіліңді тос, бір сүйейін,

Кел қалқаш, əкел, əкел, əкел, бермен!»

II

Күн қайнап жалын шашты түстікке кеп, Аспан ашық, шөкімдей бір бұлт жоқ, Тұңғиық теңіз аспан қара-күрең, Алыста жалтырап тұр айнадай боп.

Сілкініп əнші торғай жырлап жатыр,

«Тира-ра, тира-ра, тира-ра» деп. Алыста шаңқылдады ақ шағала Таңданып əлденеге күлкісі кеп.

Ауылдың сыртын ала қаққан желі. Үйездеп байдың сауын биелері.

Түнде майса көк шөпке тойғандықтан. Шығады ыңқ-ыңқ етіп зорға демі.

Құлындардың, құйрығы жерді сабап, Ыстықтап, солқылдайды бүйірлері. Желіде сауыншы жүр көнек іліп, Кеудесі ашық шынтақтан түгел жеңі.

Тік өркеш, ұзын шуда, иір мойын, Сортаңнан сасырды жеп алған тойым. Бөленіп толқып жатқан сағымдарға, Жусап тұр шаттық алып тұлабойын.

Қой жатыр өзенді өрлей бырт-бырт күйсеп, Ішінде қозылары салып ойын.

Пісілді күрс-күрс етіп қара саба, Даусына жаңғырықты мидай дала, Құйылып сары қымыз сапырылып, Шүпілдеп көбіктене толды шара.

Ас үйде мейіздей сұр бүлк-бүлк қайнап, Будақ бу бұрқылдады мұрын жара.

Иіндеп саба-саба жиған іркіт, Асылып жер-ошақта қайнады құрт. Түтіні желсіз күнде көзге ілеспей,

Көкшіл түсті жалындар жанды жылт-жылт. Көсеуменен от түртіп кəрі кемпір,

Салқын тер маңдайынан шықты шып-шып. Еңбегі қанша екені мағлұм ғой,

Əйтеуір байға құл боп бағынған жұрт.

Ұйқыдан түс кезінде тұрды бай да, Бұрқылдап мыс əйнекте жатыр шай да, Үй іші масатылы жайған кілем, Жұмақтың дəл өзіне ұқсамай ма.

Іргеден түріп қойған есіп жатыр

Хош иісті, қоңыр салқын жел де майда. Жастанып мамық жастық қарнын сипап, Кекіріп бай бір кезде қанды шайға.

Бəйбіше шекесіне салып күндік, Азырақ сығырайтын ашып түндік, Кеудесін көйлегінің желпе түсіп, Ішіне шым жібектің отыр сүңгіп. Сонда да бір нəрсеге кейігендей, Азырақ қабағына түскен кірбік.

Ол кірбік – бəйбішенің Сұлушашы, Келгенде отауына бірде апасы,

«А... па!..» деп арғы жағын айта алмай, Мөлдіреп қара көзге толған жасы.

Қып-қызыл жұқа ерні қыбыр етіп. Қабақта қимылдаған қара қасы, Анасы жалғызына деген: «қалқам», Өз ойын Сұлу жарып айта алмай,

Жүрегі дүрс-дүрс соғып болған талқан. Анасының төсіне басын сүйеп,

Дей берген «апа, айтуға қорқам, қорқам...»

«Қалқам-ау, көз жасынан құрмалдық» деп, Төгілген қара шашын сипап жібек.

Сүйріктей саусақтарын шөп-шөп сүйіп,

«Ойыңды айт, қалқам!» деп қылған тілек. Бір кезде сырын шешіп, құшақтаған, Анасын күміс – жұмыр аппақ білек.

– «Апа, мен бергеніңді ұнатпаймын, Дейтін ең – қалқам, сені жылатпаймын. – Сүймеген адамыма қосақтадың,

Қазірде көгендеулі лақтаймын. Бергенің бай болғанмен неге керек, Мен малмен өмірімді жұбатпаймын!»

Жүрегі бəйбішенің аттай тулап, Денесін мұздай салқын қандар қулап, Төбесі қатты шымыр ете қалып,

Тер шыққан маңдайынан будақ-будақ, Сол сəтте не болғанын езі сезбей, Құлағы əлденеге кеткен шулап.

Солайша ана шіркін аяп кетіп, Сұлумен о да көзін алған сулап.

Қадалып құлынына қалған қатып, Айтты деп бұл сөзді ол қалай батып,

«Бармаймын бергеніңе» деген сөзі, Кеудесін мылтықтай боп кеткен атып.

Көп сөзді қорытқанда келгендері:

«Көрген артық – естіген сөзден гөрі» Күйеуді ұрын кел деп шақыртпақ боп, Сұлудың осы сөзге қатқан белі.

Тап бүгін бəйбішеге ой түсуі, Күйеуі ертең ұрын келмек еді.

Бəйбішеге Сұлудың ойы анық, Салдыртып күйеу ертең келмек қалып, Ойын-той, ырым-жырым өтіп болып, Жеңгелер қалыңдықты бармақ алып. –

Ұнатса ол Құдайдың оңдағаны, Ұнатпай шықса егер кінə тағып, –

Базарға бас түсуі былай тұрсын, Көруі екі талай сəуле жарық.

Жүрегін осы ойлар бəйбішенің Жыландай əлсін-əлсін отыр шағып. Шытынап, тырыстырып қабақтарын, Ышқынып күрсінеді демін алып.

Бай бұдан түк нəрсені сезінбейді, Қымызды сіміреді ыңыранып.

Бүгінгі қайғылының Алтай бірі, Күн сықылды еместей көрген күні. Өзгелердің күлкісін көтере алмай, Ашудан шығып отыр беттен түгі.

Қанша қайрат орнаған жан болғанмен, Бүгін түскен мойынға аз ба жүгі.

Қайғырмай қайтсін Алтай, амал бар ма! Тізгіні бақытының отыр малда.

Тең болса терезесі байларменен, Өлсе де күйеуді ұрын шақыртар ма? Алтайды шын жүрекпен сүйген сұлу, Еріксіз басын салып отыр шарға.

Өзіндік сүйген жаны біреулік боп, Тұрғанда батпай қайтіп тұрсын жанға!

Ішінде қырық жамаулы құрым үйдің, Дауысы күңіренеді зарлы күйдің, Көз жұмулы, бармағы шекті құлап, Мазасын Алтай алып отыр мидың.

Өзегін ойы құрғыр өртеп жатыр,

Деп «жарымды біреуге қалай қидым ?!

Сұм жүрек тілегіңе жете алмасаң, Қол жетпес сұлу күнді неге сүйдің?»

Сұлуға зарлы күйдің даусы жетті, Оның да жүрегінің қылын шертті, Қараса Сұлу ойым өрге салып, Асудан өте-тұғын мезгіл жетті.

Көз шолып осы арасын байқағанда, Солқылдап қара көзден жасын төкті. Көп жылап, дене шаршап, басы қатты, Ауыр ой Сұлушашты əлсіретті.

Сол көз жасын сүртпестен зарлы сұлу Жастанып ақ білегін қалғып кетті.

III

Іңір боп қараңғылық жайды қанат Ашылды көктің жүзі бұлыт тарап, Жарқылдап күміс жұлдыз нұрын шашып, қара үйге көзін тігіп тұрды қарап.

Алтай ер шалқасынан жатып алып, Жыртықтан жұлдыздарды жатыр санап.

Қалың ой қайғылыны қоя ма ертпей, Лауланып іші-бауыры жайнады өрттей, Талықсып маужыраған адамдай боп, Көз жұмып домбыраны жатыр шертпей. Түрекеп жұрт ұйқтады-ау деген кезде, Аяқты ақ отауға басты беттей.

Ақ таңдақ сəуле шашып сонау жоннан, Жел тынған, ұясына ай да қонған.

Үйректің зуылдайды қанаттары, Ауылдың түнде ұшып үстін шолған.

Түйелер ұйықтап мойнын жерге салып, Күйсеп сиыр, ыңырсып, демін алып, Көлбақаға үн қосып лақ-теке,

Жардан төмен құлайды домаланып.

Əупілдек ара-тұра əупілдейді, Дауысы тымық түнде құлақ жарып.

Қысылып, əлденеге жүрген жандай, Талықсып бір қиырда шығады айғай, Ол – күзетте əн салған жылқышы ғой, Түн күзеткен көзінің шырын алмай... Осындай көркемдіктің бəрін Алтай Тамсанып, дəмін алмай жұтты балдай.

Алақтап төңірегін шола қарап, Аяғын жолбарыстай басты санап,

Қырық адым жерге жолда қырық бес тоқтап, Отауға тасаланып келді жанап.

Есіктің ілгегіне салды қолын, Маңында жанның жоғын көре сала-ақ. Сұлуды Алтай сүйіп, деді: «Қалқам!

Оңаша кездесіп бір кеңіді арқам. Сонда да күйеу келед деген сөзден, Жүрегім күні бойы болды талқан. Сен үшін не де болса шыдамақпын, Кінəні серттен тайсаң саған артам. Өзеннің өткеліне жаңа келдік, Жастықпен жеңіл ойлап жоққа сендік. Əрі ойлап, бері ойлап келгенімде, Əкеңнен екеумізге болмайды елдік.

Өлімге басыңды бер, беліңді бу, Мұндайда өте қажет көзсіз ерлік!»

Басқа іс түскенде адам ашынады... Сұлу да бұрынғыдай жасымады:

  • «Егерде уəде қылған сөзден тайса, Адам емес, айуан осы-дағы.

Менде екі жүрек жоқ, бір-ақ жүрек Не өледі, не саған қосылады.

Достық көңіл, Алтайжан, достық көңіл! Достық көңіл дегенге байлаулы өмір, Анық достық табылса, айну қиын, Достық көңіл айтуға ғана жеңіл.

Бірақ, достық қайғысын дос аршымақ, Жалғыз қайда барады қайратпен құр. Сен не десең, мен соған белді будым, Көкірекке орнаған иманым бұл!»

    • «Мен саған ежелден-ақ сенген жанмын, Сен үшін неге болса, соған бармын, Өлсем-дағы бұл істен өкінбеймін, Өйткені өзіме-өзім тілеп алдым.

Менің мына ойыма не айтасың: Көзіне жоғалайық түспей жанның!»

    • «Алтайжан, ол ыстықтай суғынғаның, Соншама тығыз ойлап неғылғаның?!

Көрдім деп мəз-мейрам боп күйеу кетсін, Асықпа, күзге дейін шыда, жаным.

Күз бола, бір қараңғы түн жалынсын

Күз болғанша жолыңның жей бер қамын!

    • Осыған шыдайсың ба?
    • Төздім, мақұл.

Бұ да онша қонбайтын емес ақыл.

    • Қамыңды өзің əбден жеп болған соң, Қайсарды жібер-дағы, мені шақыр.

Оған шейін өзектен бар-дағы ал, Жалғыз терек түбінде мылтық жатыр.

    • Жарайды, мұның-дағы мақұл екен, Бірақ сен шығарыңда болма қапыл. Ала шық өн бойыңа сыйғанынша, Қолыңда қару болса іске татыр.

Екеуі серт байласып алысты қол,

Сөздері «сен мықты бол, сен мықты бол!»

Бүгінгі көрісуден тапқандары, Ашылған сықылданды көмескі жол. Ернінен бір шоп етіп сүйді-дағы, Есік ашып далаға шықты Алтай,

Сүйгенін шығарып сап: – болсын деп жол.

Сібірлеп келеді екен таң да атьш. Барады күлімсіреп шолпан батып, Көл де көл, дөңдер де, сайлар да көл, Əлемді шық басқан тұмандатып.

Аспанда түтеленген сұрғылт бұлттар, Сіркіреп күнбатысқа көшті қалқып. Сол сұр бұлтқа түйіле көзін қадап,

Ер Алтай жансыз жандай қалды қатып.

IV

Қара бұлт қоюланды қабақ түйіп, Көк жүзі отқа толды аспан күйіп. Ысылдап айдаһардай, ұйытқи соғып, Жел-дағы өршеленді күшін жиып.

Өзенде таудай толқын домаланып, Жығылды жасыл құрақ басын иіп, Шатырлап бұлтқа бұлт соғылысып, Шүмектеп қара жаңбыр жауды құйып.

Кереге сықыр-сықыр селкілдеді, Түндіктер тулақтай боп желпілдеді. Жер жүзін топан қаптап, аппақ болып, Сайларда су сарылдап көлкілдеді.

Қараша үйлер қаңбақтай ұшып кетіп, Қирады, жел əй-пүйге келтірмеді.

Өткен дауыл қайрыла қайта соғып, Қара бұлт бір жадырап серпілмеді.

Малдың да, адамның да құты кетті, Жауратып бəріне де жаңбыр өтті.

Арық-тұрақ, қозы-лақ, жаңбырға ұшып, Семіз де су сорғалап дір-дір етті.

Бір кезде бұлт – «ашуды тоқтатайын» –

Дегендей-ақ, шығысқа қойды бетті. Не нəрсеге долданды? – Өзі білед, Əйтеуір оңдап ұрып алды кекті.

Бұлт арты – күнбатыс жанғандай боп, Күнбатысты жалынды өрт алғандай боп, Тұтанып, белең алып, өрлей жанып,

Жарты аспанды жалынды от шалғандай боп, Сиреп жауған жаңбыр да қызараңдап, Қызыл жалын тамшы боп тамғандай боп, Не болмаса көкті де, бұлтты да,

Қызыл қанға малшылап алғандай боп, Қызыл бұлт түтеленіп, арты сиреп, Дауыл-дағы басылып, ашылды көк.

Қызарған сəулесі екен батар күннің, Қызыл от бояуы екен отты нұрдың, Дөңгеленіп қызыл күн қанын шашып, Төмендеді үстінде сонау қырдың.

Күндегідей күлімдеп қоштаспады, Ізі бардай бетінде қайғы-мұңның

Деген жанша бір кезде жоғалды күн –

«Енді қайтып шықпаймын көзді жұмдым!»

Соншама жер, жал, бұлт, күн долдануы, Тиыштықта жүргендерді қолға алуы, Күндегідей күмісті нұрын сеппей, Күнбатыстың, боялып қандануы,

Жер де, көк те сілкініп, буырқанып, Жынды бура секілді шамдануы, Неліктен? – қайғырмасқа бола ма екен, Жасын төксе Сұлушаш, – жер аруы!..

Жаңбыр емес, сел болып əлгі жауған,

Ол Сұлудың көз жасы мөлт-мөлт тамған. Анау дауыл қиратқан талай үйді,

Қатты ышқынып сұлудың демі алған. Найзағай боп жарқылдап көкте ойнаған, Жүректегі шер ғой ол от боп жанған, Күн бата зарлы сұлу қалғыған соң, Себебі сол: бəрі сап бола қалған!

Күн батты, көктің жүзі қоңырланды, Бұлт сол көшкен күймен тамырланды. Қирап қалған үйлерді күрке қылып, Жұрт жауыннан адасқан жиды малды. Дəл сол кезде түстіктен бір көп салтты, Ауыл жаққа бет алып шоғырланды.

Ол шоғыр – ұрын келер күйеу еді, Жанына ерген нөкері, биі, бегі, Алдынан қарсы алуға аттанысты, Күтуші Тілеуберді жігіттері,

Жүзден астам алдында салт аттылар, Арт жағы шұбақ түйе көрінеді.

Он үйді бір қойнауға қойған тігіп, Соған бұрды қарсы ала шыққан жігіт. Оларда не уайым бар, амандасып Қонақ үйге бет алды қарқ-қарқ күліп. Түйелерге теңделіп келе жатқан

Кəде үшін əкелген болды мүлік.

Талай тоғыз айыбы тағы да бар, Зейнетінен бай адам аяй ма мал. Оған қоса босаға айып үшін,

Жүз жылқы тағы əкелген өңшең көкжал. Бірер басшы ірі адам болғанымен, Өзгесі: əнші, қу епті, шіренген сал.

Сұлуда не ой барын білмейді бай, Мынау келген мүлікке көңілі жай. Ұрын келіп осынша малын шашты, Бұдан артық бай құда болмақ қандай. Бірақ сол қонақтарға құрмет етер Өзінен еркек кіндік адам болмай, Байға осы ой азырақ ауыр тиіп, Күрсінді тіршілікке көңілі толмай.

V

Далада ерсіл-қарсыл сабылған жұрт, Есінен шала мас боп жаңылған жұрт, Сия алмай «қуанышы» қойынына, Бар-жоғы бүгінгі күн табылған жұрт.

«Қайғы» жоқ, «уайым» жоқ, «өкініш» жоқ

«Шаттыққа» белшесінен «малынған» жұрт. Бəріне сүйтерліктей көрінді не?

Өшпейтін мəңгі шаттық берілді ме?, Болмаса молда айтатын «сегіз жұмбақ» Ашылып «хордың қызы» көрінді ме?

Немесе мылтық атып, қылыш шапқан, Жаулары ұқсатылып жеңілді ме?

Балқытып əнші неге шырқайды əнді? Күйлері домбыраның неге зарлы?

Көктегі көп жұлдыздың біреуі жоқ, Себеп не, күліп тұрмай, сөне қалды? Қап-қара түтектеніп түсі суып,

Қара бұлт бүгін неге қоюланды?

Жел неге ысылдады ішін тартып? Ай неге бата қалды жүрмей қалқып? Көл неге көбіктеніп жарды соғып,

Толқынды толқын ұрып жатыр шалқып? Солардың аяйтыны жалғыз-ақ жан:

    • Сұлушаш бүгін жалғыз қайғыланған.

Ішінде сол жиналған қалың топтың Алтай мен Сұлушаш-ақ назаланған.

Жиын кімдер?

 Ойынға жиылғандар! Бəрі де шат, оларда не «арман» бар. Құлақ естір маңайдан іздеп келген,

«Күйеуді көреміз» деп мырза, салдар.

Шынтақтап тізе үстін, тізе баса, Отырған қыз, бозбала араласа. Балалар шуылдасып жүгіріскен, Ойыннан басқа оларға не тамаша.

Бір жақта үймелеген толған қатын, Бастары аппақ болып шағалаша.

Жөнсуы бозбаланың шетте қалып, Қатынға қалжыңдайды жағаласа.

Ойланып «хан жақсы ма» сайланып хан, Көтеріп əнші жігіт салады əн.

У да шу, күбір-күбір, сыбыр-сыбыр, Жоқ шығар үн шығармай отырған жан.

Дауысы шоп ете ғап естіледі, Жігіттің қыз аузынан сақина алған, Сүйгізген қыз көнбеген адамымсып, Үкісі желкілдейді бұлғаланған.

Ойынды бозбалалар жүрген бастап, Қолына есіп алған белбеу ұстап, Қалжыңдап бірін-бірі қағып кетіп, Жұлқысып əл жеткені жығып тастап. Не десе əміріне құлдық ұрып,

«Хандығын» мақұл дейді бəрі қостап.

Күйеуді жұрттың түгел көріп бəрі, – Десіп отыр «мырзамыз мынау ма əлі?!» Кей кегі бар жігіттер Сұлушашты

«Мырзаңа болайын» деп табалады. Бұрынғы от үстіне тағы от жағып, Сұлуды одан жаман жаралады.

Əн, күй, жиын қызық қой, ойын, сауық, Жазбады жүрегінің емін тауып, Жиреніп естілгенмен құлағына, Қабағы түсіп отыр қайғы жауып.

Білдірмей қасындағы тірі жанға, Уһлеп күрсінеді ауық-ауық.

Көз ашып жоғары бір қарамайды, Көз жасы маржандай боп домалайды. Есінде дос дей-тұғын жалғыз Алтай, Басқаны досым бар деп санамайды.

Сорлыны қайғы басқан сал соққандар, Неліктен «анау ма?!» деп табалайды!

Сұлудың бүгін жарға келген күні, Не жығып, не жығылып өлген күні. Келмеуге қанша белін буса-дағы,

Көпшілік жалғыз жанды жеңген күні. Алтайдан басқа бір жан дос емесін Көзімен бүгін анық көрген күні.

Сонда да білдірмеді жанға сырын, Сезген жоқ қайғылысын адам мұның, Бір өзі мың сан топты алдап кетіп, Өзінше бəрінің де таппақ қыбын.

Ішінен сонда-дағы сескенеді,

Деп ойлап «жарар еді-ау болса мұңым?!»

VI

Жел тұрып таң атуға жақындады,

«Таң атад» – деп бөдене тақылдады. Тауқұдірет – «құдірет, құдірет!..» деп, Зар қағып көл басында қақылдады.

Көлде құстар оянып шу-шу етіп,

«Құдірет, құдіретті!» мақұлдады.

Жүгіріп Сұлушаштың жеңгелері, (Сылдырап бұрымында теңгелері) Сұлуға сөйлесуін жиілетті Көрсетіп кəде алмақ боп көңілдері. Қалай күліп жақындап келсе-дағы, Сұлудың жылы сөзі көрінбеді.

Жанбайдың Айжан деген келіншегі, Айжанды жандай жақын көруші еді. Сырларын түгелімен ақтаратын.

Айжанға көп адамнан сенуші еді. Тар жерде түпкі сырын ашса егер, Жəрдемін беретіндей көруші еді.

Қап-қара тұнжыраған қара түнде, Сенгенде желден басқа дауыс, үн де. Сұлудың ақ білегін мойнына асып, Отауға келе жатыр Айжан бірге, Аяғын Сұлу түзу баса алмайды,

Əл, қуат денесінен кеткен мүлде.

Жанына ақ отаудың келіп жетті, Сұлудың буындары дір-дір етті.

«Ойпыр-ай, шаршадым-ау, жеңеше-ай!» деп, Сылқ етіп Сұлу жерге құлай кетті.

Басын сүйеп «оның не, қалқам!» деген, Айжанға Сұлу тағы жасын төкті.

Сұлудың Айжан сүйеп жарлы басын, Буланған орамалмен сүртіп жасын. Саусағын қойынына тығып тұрып, Қолымен сипап жібек қара шашын. Дей берді «Еркежан-ау, мұның қалай? Қамығып не нəрсеге мұңданасың?»

    • «Айжан-ай, жандай көрген жеңгем едің, Саған мен жанашыр деп сенген едім, Өзің айтшы, алдыңда тілегің бар, Ойлашы, сол күйеу ме менің теңім?!

Бүйтерім бар, анадан неге тудым, Құрысын бүйтіп көрген күнім менің!»

    • «Қой, еркем, неге үйдейсің, олай деме! Жай айтасың, күйеу кем болсын неге, Ол бір елдің мырзасы сылқылдаған,

Бір өзі бір маңайға болған төбе. Бүгін сөйлес, сырын біл, сына анық,

Күнібұрын көрмей жатып, уайым жеме.

Жанындай көре-тұғын жалғыз анаң Əдейі осы сөзді айтты маған.

Басқа жаннан дос көрер болмасыншы, Анаң қастық айта ма сонда саған.

Жүр, еркем! Таң атады, кешікпейік, Қанекей, отауға өзім ертіп барам Ағаңды сүйе тұра сүймеймін деп, Мен-дағы өп-өтірік бұлғаңдағам».

Айжанның сезді Сұлу ішкі сырын, Бұлай деп ойламайтын бұдан бұрын, Жақсылық қыла ма деп күтіп еді, Есіркеудің атынан көрмеді ырым.

Дос емесін көрді де белін буды.

«Рас, дұрыс... мақұл!.. – деп – Айжан мұның!»

Маңайда үн атаулы қалған өшіп, Жалғыз-ақ самал жел-ақ жатыр есіп. Етегін торғын көйлек жел көтеріп, Бір кезде сықыр етіп ашылды есік. Алды тұман, не болмақ біле алмайды Сұлу терең теңізге кетті түсіп.

Күйеу де жəне оның жолдасы да, Төсекте ұйықтап қалған киім шешіп.

  • «Еркежан, ұятты қой, отыр енді, Бұйрық солай, тілдесер заман келді, Мынау сенің қосағың Құдай қосқан, Жолдасың көрем дейтін көптен бергі».
  • Деді де Ырыстыға кездестіріп,

Ақ үйден Айжан шығып жүре берді.

«Мырзамыз» түк те жауап қата алмады, Амандыққа амандық қайтармады.

Сұлудың мысы жеңіп, терлеп-тепшіп, Тым болмаса «кел» деп те айта алмады. Қасындағы жолдасы ұйқтаған боп, Сұлуды «қарашы!..» деп сайқалдады.

  • «Келіп ем, – деді Сұлу, – амандыққа, Мен адаммын, жаным сен қорықпа, бұқпа! Сен менің көрер жаным емес едің,

Шет болмайын деп келдім аруаққа. Ең ақтық келген жолың осы болсын,

Бұдан былай бұл жаққа жолға шықпа!»

Деді де есік жаққа жүре берді... Біреуі төр алдынан түрекелді. Құшақтай ап сұлуды аш белінен, –

  • «Қой сұлу, шалқақтама үйтіп енді! Көзіңді аш, басынасың кімді сайқал, Бұзылған, құрытқан күң күллі елді! Мынау сенің күйеуің, сен қатыны,

Дəндеме, қол-аяғың шідерлеулі.

Сен кімсің, осыншама дардаңдайтын, Қайдан ойлап шығардың менсінбеуді?! Шатаспа!.. Қой!.. Дəндеме!.. көзіңді аш!.. Біз сендей үйреткеміз көп бедеуді»:

    • «Сен үй деп тіл тигізбе, сыйлы қонақ, Жаратқан мен емеспін күйеуді олақ.

Күйеу боп бір ауыз сөз қата алды ма, Бергенде қалыңдығын үйге қамап.

Түбінде бөтен көңілім болмағанмен, Мырзаңа əзір қылған сыйым сол-ақ!»

    • «Жоқ, сайқал, ол қулығың болмайды!» деп, (Қоя бер дегеніне қараған жоқ),

Төсекке сылқ еткізіп алып ұрды, Белі үзіліп, көзінен жарқ етті от. Бозарып нарттай жанған қызыл беті, Жалп етті ұзын шашы қара жібек.

Бассалды Ырысты да білегінен, Шынтақпен бір нұқыды жүрегінен...

«Алтай-ау, тірімісің?! Қайдасың» деп, Қысылып зарлы Сұлу зорға алды дем. Сарт етіп сол уақытта ашылды есік, Қараңғы үйді көзі оқтай тесіп,

Ілгері ұмтылды да, Ырыстыны, Жонынан дыр қамшымен жіберді осып. Ырысты «ойбай өлдім!» деп бақ етіп, Жыландай белге соққан түсті шоршып. Сұлуды талықсыған көтеріп ап,

Ал жаным, есіңді жи, шық ілесіп!» – Деп еді, демі бар да, дəрмені жоқ, Сормаңдай бейне өлік тұр сіресіп.

Күйеу жақ жаңа білді болған халды,

«Жауды» ұстап жабылуға үй қараңғы, Біреулер қалқан болып, «қашпасын» деп, Есікті жап деп іштен баса қалды.

Қорқақтар қиқушы боп, өз жандарын Сақтайтын паналарға тасаланды.

Қызғандар намысына: «Ал, ұстайық, Пəршалап өлтірейік осы адамды!» – Деді де ұмтылысты.

Сонда Сұлу

Ес жиып, ауызға ап «жасағанды»,

  • «Алтайжан... құтыл! – деді, – мені таста! Жеңбейсің жалғыз, өңшең есалаңды!»

Жан-жақтап суық қолдар жабысқандай, Қордалы жылан көрген арыстандай, Шошынды Алтай, қолдан түсті Сұлу, Сылқ етті ақтық демін тауысқандай...

Шошынған Алтайда күш жоқ сияқты, Жабылған мына топпен алысқандай. Сонда ол қанжарына берді ерік: Кейін жарып, кейбірін жанышқандай

Болғанда, жан түршігер бір шу шықты, Тыңдаған болды естен ауысқандай.

Сып етіп үйден Алтай шыға келді, Арты шу, құзғын, қарға, сауысқандай.

Тұр екен Тортөбел де тігіп құлақ, Үстіне Алтай ырғып мінді бір-ақ. Жөнеле бергенінде, арт жағынан Жаулар да аттанысып қуды шұбап. Жармасқанын сойылмен бір-бір қағып, Талайының есі ауып қалды құлап.

Тортөбел ұшқан құсқа шалдыра ма, Қара үзіп қуғандардан шықты жырақ.

Жаулардың қуғынынан аман шығып, Атының алды Алтай басын бұрып. Ыза-кектен алқынды, дем ала алмай, Ой жүректі өңешке əкеп тығып.

Зарланды айдалада жалғыз өзі,

Бозарып атқан таңға қарап тұрып:

    • «Сұм өмір, маған тартқан сыйың сол ма? Бір ісім өмірімде баспады оңға.

Адасқан айдалада ақсақ аңдай, Кездестім қайда барсам қазған орға. Жалғыз сенген, сүйенген Сұлушашым, Бүгін міне күң болып қалды қолда.

Өткелге жолықтырдың Құланөтпес, Бір тауға өрмелеттің өмір жетпес, Мен не жаздым, не іске күнəлімін, Неліктен маған бүйтіп болдың кектес?

Сорлы анам, сорлы ұлды неге таптың? Тапсаң да тірі ғылып неге бақтың?

Көрсетер бір жарығың болмаған соң, Өмірім неге əуелі таң боп аттың?!

Жасымда өлмей, не үшін көрдім жарық? Жасық болмай, неге өстім от боп жанып?! Адам болып, басқамен тең болмасам, Неге жүрмін адамның атын алып?!

Сорлы көз көрмесіңді неге көрдің?! Біреуді қасіретке неге көмдің?!

Неге бірге өлмедім сол арада, Сұлумен, ыңырсыған «өлдім, өлдім!..»

Осылай өтпексің бе өмір құрғыр?! Өстіп жүдей бермек пе көңіл құрғыр?! Қаңбақша ұшып, у ішіп өткенім бе, Үміт шіркін ілікпей қолыма бір?..»

Күн шықты нарттай жанып нұры балқып, Бұлттар демін бүркіп өтті қалқып,

Көп ойлардың артынан, Алтай іштен Деді – «жасық болудан жігер артық...»

«Сұлуды арашалап алу жаудан...» Барлық ойы құйылды соған сарқып,

«Қайсарды алып аттанар заман туды», Деп сар желіп жылқыға кетті тартып.

IV бөлім

КҮЙ

І

Көп таудың арасында арқадағы Атақты бір сұлуы Қарқаралы; Көркем кескін, Кербез тау адам түгіл, Бұлтты аспандағы тарта алады.

Ол кезде мекендеген ел аз ғана, Тайсалмай тауды кезіп жортады аңы. Қоршаған Қарқаралы қорғанының, Бұғылы тау отауы ортадағы...

Мезгіл күз, бар есімдік тартқан сарғылт, Тау тебесі аспанда буды барлық

Өзіне тартып алып, түнеріп тау Тұрғандай түнде түгіл күндіз қалғып, Сол кезде Сұлушаш пен Алтай, Қайсар Бұғылыға тығылды, жаулар аңдып...

Қылышын сүйреп ертең келгенде қыс, Сүруі қиын тауда мұндай тұрмыс.

Таудан тайып бір жаққа кетер еді, Аңдып жау аттатпайды бермей тыныс. Ақыл, айла таусылып, қажып қайрат, Кекке толып қазандай қайнады іш, Осындай дағдарыстың бір күнінде,

«Істелік – деді Алтай – мынадай іс:

«Сиреді алып жейтін аңдар үркіп, Қар жауып ертең сайға толса күртік.

Шаңғы киіп аяққа, аң аулайтын Қолымызда жоқ садақ яки мылтық. Бізді бұл қысқан қыстан сақтай-тұғын, Қолға түссе қырағы алғыр бүркіт.

Бір бүркіт мына тұрған «самұрық» та Күн сайын көрініп жүр түлен түртіп.

Жеуіне даяр тұрып ет пен майлар, Бүркітті еріккеннен салса байлар, Бүгінгі біздің тұрмыс үшін бүркіт Əрі тамақ, аңдарға əрі айбар.

Егер де сəті түсіп ұстатпаса,

Сіле қатар кез болды бармақ шайнар. Бұл үміт ілікпесе, суық түссе,

Дей алмаймын өлімнен басқа жай бар».

«Етпейік – деді Қайсар, – текке уайым,

«Самұрықты» шолғамын, білем жайын, Егер де шығуға сен жүрексінсең, Етекте қал, биікке мен шығайын.

Бер жағы күз болғанмен, арғы беті Саусақтың саласындай жиі қайың. Тəуекел! Өзің айтшы: қалайша күн Көресің? Жаудан тайып, таудан тайып!..

Уайымда, уайымдама ажал біреу, Керек жоқ бізге оны ойлап жүдеу, Уайым – дауыл, адам – үй, соққанда ол Жыққызбайтын ығында ақыл тіреу.

Неге тірлік іздейміз бітсе өлмей, Егерде алдымызда бітсе тілеу? Демегін бұл сөзімді: сөгу, мінеу.

«Келгенде осы тауға кездескен шал, Бізге берген бір тор мен бір арқан бар, Арқанды белге байлап мен шығайын Бір ұшын ұста да сен төбеде қал.

Арқанды байлағасын құласа да

Түк қылмайды қандай құз, болғанмен жар. Кəнекей осы қамға кірісейік,

Құр оймен басымызды қылмайық дал»

«Онысы рас – деді Сұлушаш та, – Күн көрелік, бүркіттен амал басқа Таусылды. Тəсіл тауып айла құрып, Шығу керек қайткенмен қия тасқа. Егерде сырты қою орман болса, Емес пе тастын, өзі тауға баспа!» Қайсар, Алтай мақұлдап Сұлушашқа Деді, –

«Бірақ, сен бұған араласпа!

Еш қауіп көңіліне келмесін ой, Ақылын тапса тауға жетеді бой. Біз кеткесін манағы тұзақпенен Ұстап алған жақсылап қоянды сой. Біз аса кешікпеспіз. Оралғанша Жадырап ішетін бір ас қылып қой. Сəті кеп, бүркіт қолға леге қалса

Қыс бойы қоян асып жасаймыз той!»

II

Үмітін тіршіліктің жүктеп ауға. Тырбиып тасты төсеп омырауға, Кейде ұстап қайыңнан, кейде тастан, Асылып кей мезгілде арқан бауға.

Өкпесі күйіп кейде, дем ала алмай. Жақындап таудан төмен домалауға, – Қайсар мен Алтай ұзақ бейнет шегіп Алқынып бір мезгілде мінді тауға.

...Қарамай денесіне тастар жырған, Бейнетпен асып нелер қия, қырдан,

«Самұрықтың» өркеші – Сандықтастың Тебесінде ұялы қайың тұрған.

Сол ұяға өрмелеп Қайсар барып, Бүркітке бұтақты өрлей торын құрған

Сандықтас төрт бұрышты бір биік құз, Тасы бейне сырғанақ жып-жылтыр мұз, Аяқ басар, қол ұстар жерлері жоқ, Басына шыға алмайды баспалдақсыз.

Не заманнан бүркітке қонақ үй боп, Басындағы ақ қайың өскен жалғыз. Қайыңдағы ұяға қолы жетпей, Талайлардың жігері қайнаған қыж.

Ар жағы Сандықтастың тұңғиық жар. Қайың өскен сол құздың жарына дəл. Жар қабағы сырғанақ,

Тұру қиын,

Беліне арқан байлап шықпаса əгəр. Жар тасының қырының өткірлігі,

Қайралған, қылпылдаған пышақтай бар, Сандықтастың өн бойы өрлегенде Аранын ашып тұрған бейне – ажал.

«Жан керек батырға да» дегендейін, Екі дос үндеместен көпке шейін.

Отырысты,

Алтайдың ауды көңілі

Қайтуға кейін қарай болып бейім. Сандықтасқа шығуға олай-былай Ойлап, онда таусылды ақыл-зейін.

«Қане, Алтай, тұрайық» деді Қайсар Отырып дем алғаннан біраз кейін.

Екеуі түрегелді қосыменен.

«Бітті ме – дегендей – іс осыменен?» Бір-біріне төнісіп,

Көз қарауы

Арқылы ұғысты дос досыменен. Оқысты көздерінен жазуларды

«Өлер я тірілер жер осы» деген. Толқыған ой тірелді деген жарға:

«Қорыққан да күн көреді несіменен!»

«Лəм десіп бір-біріне келмей сөзге,

«Қайтайық» басыңқырап тұрған кезде, Бір нəрсе далбаңдаған Сандықтастың Төбесінде ұшырай кетті көзге.

«Алақай!.. Бүркіт, бүркіт, бүркіт, бүркіт..! Дегенмен тіл келмеді өзге сөзге.

Шумақталған арқанды Сандықтастан Лақтырып түсірді Алтай лезде.

– «Қане, Қайсар, – деді ол – ұшын ұста! Өрмелейін тұзаққа түскен құсқа»

– Жоқ Алтай, сен бармайсың, мен барамын!»

– «Мен барамын!..»

– «Мен барам!..»

– Ол дұрыс па?

«Егерде бізде достық рас болса, Кезектесіп кіреміз не жұмысқа!» Ерегістің үстіне екеуі де

Ойлады, деп: «қырсық па, əлде ырыс па?» Алтайдан қалап Қайсар кезек алды, Өрмелеп Сандықтасқа қинап жанды,

Тер құйылып, алқынып, өлдім-талдым Дегенде төбесіне зорға барды.

Шаңқылдатып, шекпенге орап, төмен Жіберген бүркіт зырлап кете барды. Сол кезде басқан бұтақ сынып кетіп, Асылып құзға Қайсар тұра қалды.

Домалап бүркіт төмен түсті аман, Қайсарға бірақ Алтай болып алаң. Айғай салды биікте:

«Бар ма Қайсар, –

Деп оған – əрі сырғып түсер шамаң?» Алтайға талусырап келді дыбыс:

«Қош бол, ажал таянды – деген, – маған!..»

Көзінен жас Алтайдың кетті ытып, Ішіне ауа емес, жалын жұтып, Арқанды қарағайға шырмай тастап, Өрледі тасқа өзін-өзі ұмытып.

Тас та тіреп кеудеден жіберуге, Төс терісін айырып түсті сытып, Төбеге шығып төмен көзін салса,

Қиық арқан тұр досын зорға тұтып.

Еңкейді, созды қолын, жетпеді қол, Қия тас қол жетуге бермеді жол,

«Қайсар-ау енді қайттім?!» – деп зарланған Алтайға талусырап қарады ол.

Арқанның соңғы жібі қиыларда

Айтқан сөзі: «Жан досым, сен аман бол!» Қиылып арқан, Қайсар кетті құлап.

Тимеді тас та аяп жолда бірақ.

Құзғын мен қарғаларға шоқытпайын Дегендей сарқырама бөлеп бұлақ.

Көмуге көлге сорлап жөнелгенде Жолында жабырқаңқы тартты құрақ. Не қыларын біле алмай, Алтай жарда Бұлақтай жасы саулап тұрды жылап.

III

Сайтанкөл Бұғылының қыр басында, Саладай қарағайдың арасында.

Сол қарағай ішінде іші пысып, Зар болып көзге ілігер қарасынға,

Жан-жағына жаутаңдап, үрейленіп Екі биік қабақтын, арасында, – Сұлушаш ұзақ терең ойға кетіп, Тұрды көлдің бір биік жағасында.

Айнала иірілген таулар жалғас, Құзар биік басына бүркіт бармас. Əсіресе «Самұрық» құзын көріп, Деп ойлады Сұлушаш «бара алмас». Жүрегі кетеді айнып қарағанда, Шыққаны еске түсіп тауға алғаш.

Көзіне мөлтілдеген жасын іркіп

«Ə, Жасаған, – деді ол – ақ-сарыбас!»

...Зорайтып біраздан соң жел де күшін, Үрледі өршелене тартып ішін,

Торғын аспан түнеріп мейірімсіз, Бетіне біте қалды сұрғылт пішін. Құндағы қабақ түйіп, бетін бүркеп, Көзін жұмды əлдекім қайғысы үшін. Қайтқан қаз «өтті деп жаз» Сұлушашқа Амандасты көрдік деп күзден қысым».

Сұлушаш деді қазға:

  • «Ə, қайтқан қаз!

Бітті деп бұл маңайдан барасың, жаз. Бізге де бұл маң сендей суық қарап Не аңда, не адамда досымыз аз.

Аз емес, жоқ төңірек толған аран,

Біз түскен жол емеспе, сыз, батпақ, саз Сондықтан қаз, мен сені досым көріп Құлақ салсаң азырақ айтамын наз».

  • «Көлге кеп қон, асығыс қанат қақпа! Серіктерге сендерді дейін «атпа!» Тым болмаса тоқырап жөніңді айт,

Барасың бетті бұрып қандай жаққа! Əлі де барар жерің жарқыраған Мəңгілік жазы туған түгел шат па? Ондай жер болса бізге жөніңді айт, Жетейік іздеп барып біз де баққа»...

    • «Онда да сүйіскенді айыра ма? Сүйгендер сүйдім деуге тайына ма? Сүйгендер сүйдім деген сөзі үшін,

«Бұзық жан» деген атқа жайыла ма? Қарамай қарсылыққа малы көптер, Сүйместің басын малмен қайыра ма? Шығара ала ма онда сүймегендер

«Сүймеймін» деген сөзін жарияға?»

    • «Болмаса ноқтаға бас сұғына ма? Ноқтаны бостандық деп ұғына ма? Егер де сұғынбаса соры қайнап, Жұрт түгел дұспандыққа жұмыла ма?

Жұмылса жұрт «жазықты» атанғандар Біздей тауға бас қорғап тығыла ма?

Тығылса тауға, ішер тамақ таппай Тор арқалап тоғайға шұбыра ма?..»

Көзіне осы кезде алған іркіп, Сұлушаш орамалмен жасын сүртіп Қарады ұшқан қазға кеткен жырақ, Біразға дейін Сұлу қақпай кірпік. Көзінің қарашығы қадалғанда Атса егер кетпестей болды мүлтік.

Қаздар ғайып болғанда Сұлушаштың Есіне іздеп кеткен түсті бүркіт.

Қарады көзін сүзіп Самұрыққа. Самұрық ұшар басын сұғып бұлтқа Тұр екен, Төбесінде бірдемелер Қозғалып қыбырлады ұқсап құртқа.

«Жасаған, – деді Сұлу, – жолын беріп,

Зарыққан жолаушының жүзін жыртпа!» Сол кезде таудан төмен ұшып түсті

Бір нəрсе зорға елестеп, ұқсап мұртқа.

Сұлудың, жүрегі су ете қалды... Кескіні бір сұрланды, бірде жанды...

Бірақ «жоқты жорамал қылмайын» деп, Ойын бөгеп, аяңдап қосқа барды.

Етуге ермек, көңіл көтеруге, Қолына бір мезгілде қобыз алды. Құлағын бұрап, перне басқан кезде

Жаңғыртқан тауды лебіз шықты зарлы.

Сарнады қобыз, тауды күй кернеді, Көркем күй, тауды асып көкке өрледі, Өрлеген күй жағалай жортқан аңның, Аяғына тұсау боп жол бермеді.

Қосына қайтқан Алтай күйді естіп, Бірақ көзі, бұлдырап түк көрмеді. Жұтқан һауа көк түтін тəрізденіп, Инедей боп қадалды желдің лебі.

Сұлудың бармақтары қылды басты, Басса қылдан күй шықты зарлы, ащы, Ащы күйге шымырлап балқып бойы Ырғытып қара көзден төкті жасты.

Сол кезде есік алды буалдыр боп, Даланы қою қара түтін басты.

«Бұл не?» деп сұлу сыртқа шығып еді, Өрт екен, Тасыр-түсыр аңдар қашты.

Ерсіл-қарсыл жүгірді жанталасты. Өрт қосты қамағанда, паналады Білмеді не қыларын сұлу састы.

Сайтанкөл жағасында ол жартасты: Шарпылған, күйген яки үрейленген, Жан-жағында ілгері аңдар қашты.

Бір кезде көзі шалды Сұлушаштың Жолбарысты жар тастан сұққан басты.

Сүйриіп жолбарыстың найза тісі, Жылтылдап ауызынан тілдің ұшы. Жымиып мұқыл құлақ ыңыранып Құлпырып ала берен – тарғыл түсі, Белдеме бүкірейіп, секіруге Қызынып алабұртып бойда күші, Ұмтылып бірнеше рет Сұлушашқа, Келді оның алма бетін тістегісі.

Жолбарыс жонын ырғай, басқа шапты, Маңдайға қобызбенен сұлу қақты,

Бір шегініп, өшіге тағы ұмтылып Тағы ұрған қобызды барыс қапты. Сұлушаш ышқына бір үн шығарды, –

«Алтай, Алтай!.. Қайдасың?!..» деген қатты. Құтылмасын білген соң тістетпейін

Деді де, сұлу жардан суға атты.

Сұлушаш құшақтады құлап көлді, Су-дағы құшақтады, дөңгеленді. Алтай да сол минутте жарға жеткен, Ақыраған жолбарысты ғана көрді. Жолбарыс бұл келгенін сезінген жоқ, Аңырып тілін жалап суға төнді.

Түтінді көзге тыққан жынды жел кеп, Алтайға сыбырлады: «жарың өлді!..»

Жолбарыс қапелімсіз жарда тұрған Алтайды аңдамай қап қанжар ұрған, Бүйірге кірмей қанжар, санға кіріп, Жалт қарап денесін де бұрды жылдам.

«Əп-бəлем қолға түстің!» деген ойын Жолбарыстың білді Алтай ырылынан.

Төбеден бүріп тісін тигізбеді Қарамай денесіне тұяқ жырған.

Састырды алысқан аң біраз бүріп, Бір кезде кеудесінен қанжар кіріп, Сылқ етіп құлағанда, үшті қанжар Жүрегін қақ айырып түсті тіліп! Əлсіреген жолбарыс аран аузын Ашты да, құлай кетті белін бүгіп. Жанталасып аяғын серпкен кезде, Шек-қарнын ақтарды баурын тіліп.

Жүректен кейін тартып ап қанжарды, Қан жұтты толтыра ұрттап атқан қанды. Жолбарысты жеңгені неге керек Сұлушашты сақтауға болмай қалды...

Сол кезде маңайын өрт орай жанып, Дүние қара түтін, тұманданды.

Тау үшін күңірентіп ол зарланды.

Шығып еді сорлы Алтай безіп елден, Өзіне серіктерді ертіп сенген.

Табармын деп ойлады басқа пана, Жауының қолы жетпес жырақ жерден

«Арқадағы құнарлы орын осы» – Деп тауы мынау тұрған іздеп келген. Бауырына киіктей паналаса,

Осы ма, қарсы алып сыйы берген!..

  • «Жирен сақал дей-тұғын əулие бар, Береді ұлсызға ұл, малсызға мал.

Қабыры Қарқаралы тауының бір Биігінде, ізденіп барсаң əгəр,

«Сақтайды» деп сендірген еді оларды Осы тауда жолыққан бір қойшы шал. Əдейі іздеп барды əулиені,

Дегендей «суға кеткен қармайды тал».

Қиядан іздеп оның тапты көрін, Моласы бейне тастан өрген өрім. Тау басында тостаған секілденген Жылыжұрт дейді екен оның көлін.

Жылыжұрты – суық жұрт болып оған Аттарына жұмсады бөрілерін.

Жылы жұртқа қонғанның ертеңінде Үш аттың тапты пұшпақ терілерін.

Жанына балап жүрген Торытөбел Деген жоқты Жылыжұрт басында өлер. Өлді аты, қиылды, қос қанаты,

Жирен сақал əулие болса егер. Есіркер орны осы емес пе еді, Жарылқар, оны сүйер, демер, жебер? Жібімеді, іздеді тағы аруақ,

Қысылса, жəрдем күтер, қолдар, сенер.

Көңіл қап Жылыжұрттың ырымына, Сайтанкөл бар дегенде Бұғылыда,

«Адамға сайтан дұспан» деген елдің Қарамай сіңіп қалған ұғымына,

О-дағы біздей қашқын, есіркер деп, Барды ол Сайтанкөлге тығылуға, Барлығы аппақ болса, ол сұмның да Жүрегі оларды аяп жылыды ма?

Жылымады, көлдің де жүрегі тас,

Боп шықты Алла да қас, сайтан да қас, Қастық емей немене, қыршынынан Қиылды жандай досы Қайсар жолдас. Қайсармен бірге өлер еді, бірақ Өлтірмеген панасыз бір Сұлушаш.

Сол жанының жарығы Сұлушашы Ол үлгірмей, тереңге ұрды құлаш!.. Болашағын болжаса, жалмайын деп Алдына келе қапты ажал сұм, аш.

Зарланды сонда Алтай қобызын ап,

«Күңіреніп, – деп қобызым, – кəне, сырлас!»...

  • «Өмір шіркін алдадың, мен алдандым, Алдады өмір, себеп не? Мен таң қалдым! Жеміс піспей ауызға түспейтінін

Білдім, білдім, түсіндім, енді аңғардым.

  • «Қош бол жер, көпті көрген кəрі ана! Құшақта – тентегім жат!» – дегін ана: – Панасыз ем, жалғыз ем өзіңе аян,
  • «Жоғалғыр жоғалды ғой» деме ана.
  • «Дүниеге мендей талай тентек келер, Адам есер, көш көшер, есер, өнер.

Бұл күнде байлар ғана иеленсе, Бір кезде құл ие боп сүтіңді емер!

  • «Қош бол көк, көкшіл түсті жібек торғын, Саяңда жігіт болып өсіп-өндім.

Кеше ғана қойныңда еркелеп ем, Жалын сүйіп ақырда қойныңда елдім».

  • «Сылдыр су, сыбырлақ жел, жылтыр көк тас, Алтын күн, сұрланған бұлт, ну қара ағаш.

Қош болыңдар шықпасын естеріңнен, Көздеріңше мен көзден ағызған жас.

  • Өлмеймін деп өмірмен арпалыстым, Арпалысып талайдың қанын іштім.

Əлде болса тіршілік етер едім,

Ол болмайдықақпанға мықтап түстім!»

Өзіне əлемді Алтай жау деп ұқты, Таппады өміріне ойлап жұпты.

Ойы көп сол тұйыққа қамалғанда, Түтінін өрт те орап көзге тықты. Əрі ой, əрі түтін тұншықтырып,

Қысылды Алтай, өмірден үзді үмітті.

«Дүние көпсінгенің осы болса», –

Деді де жүрегіне қанжар сұқты.

Жүректен қан шұрылдап көкке атты,

Ол қанды жалп-жалп қызыл жалын қапты.

«Сұлушаш!.. Қайсар-ау..» – деп дөңбекшіген Алтайдың денесін от шыжылдатты.

Жел үрлеп қобыз қылын баяулатып,

«Көкейкесті» дей-тұғын күйді тартты. От сүйіп бозаң тартқан қара көздің Алдынан талай сурет өтіп жатты.

Алтайдың сіңірлері тыртысқанда, Ышқынды да иегін бар-ақ қақты.

ТҮСІНІКТЕР

 Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Миғраж». Діни дастан. Мəш- һүр Жүсіптің ұлдары Фазыл мен Жолмұрат көшірмелері бо- йынша əзірленген Мəшһүр-Жүсіптің «Миғраж» дастаны ҚР ҰҒA хабарлары, тіл-əдебиет сериясының 1994 жылғы 3-са- нында басылды (дастан бойынша түсініктемелерді ақынның шөбересі Гүлназ Жүсіпова əзірлеген).

 Мəшһүр Жүсіптің «Миғраж» дастанының мəтіндері бір- неше нұсқа, екінші нұсқа деп көрсетілген бұл мəтін осы ақын шығармаларының көптомдығының төртінші томына кіргізілген. Екінші нұсқа деліну себебі, Мəшһүр мұрасын зерттеуші ұрпақтарының атап көрсеткеніндей, кейіннен ақынның өз қолымен жазылған нұсқасы табылған.

 Кəрібай Таңатарұлы. «Қаракерей Қабанбай». Ақын мұ- расын жинап, қолжазбаларды «Отырар кітапханасы» ғылы- ми орталығына тапсырған, өмірбаянын жазған Асқар Иген- ұлы. Араб қарпінен клиллицаға түсіріп, алғы сөзін жазып, баспаға дайындаған филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Алпысбаев.

 Кəрібай ақын 1932 жылы қазақ даласындағы «кіші Ок- тябрь» саясатынан үрке көшкен елмен бірге шекара аспақ болғанда оққа ұшады. Өзінің келте ғұмырында талай май- данда топ жарған ақынның соңында «Сөз атасы – Майқы би» сынды атты шежірелік дастаны, «Қаракерей Қабанбай»,

«Қанжығалы Бөгенбай», «Мұрын жəне Байжігіт» сынды та- рихи дастандар қалған. Кітапқа кірген «Қаракерей Қабан- бай» дастанының үзіндісі «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының сирек қолжазбалар қорынан алынды.

 Көкбай Жанатайұлы. «Абылай хан. Сабалақ». Ұлы Абайдың ақын шəкірті К.Жанатайұлының қаламынан «Абы- лай хан. Сабалақ», «Қандыжап», «Құлынды даласы» атты поэмалар, «Ғаділ патша», «һарун Рашид» қиссалары сияқты

эпикалық сипаттағы шығармалар туды. Көкбайдың көлемді туындыларының ішіндегі көрнектісі – «Абылай хан. Саба- лақ». Поэма қазақ халқының ел болып бірігуіне, халық бо- лып қайраттануына елеулі жəне басты үлес қосқан, қазақ та- рихындағы ірі тұлға Абылай ханның ерлік істеріне арналған. Басты қаһарман да – хан Абылай атанған жетім бала Əбіл- мансұр. Бұл дастанның заңды жалғасы ретінде «Төрт төре»,

«Наурызбай – Фатима» дастандарын атауға болады.

 Мұхаметжан Сералин. «Гүлкəшима». ХІХ–ХХ ғасыр- лар тоғысындағы қазақ қауымындағы əлеуметтік мəселе- лерге арналған дастан. Осы туындысы арқылы М.Сералин реалистік əдістің Абай бастаған дəстүрін ілгері жалғастыр- ды. Əдебиет зерттеушілерінің тұжырымына сүйенсек, оның Абайдың төл поэзиясымен де, аудармаларымен де жақсы таныс болғаны байқалады. «Гүлқашима» дастанының құ- рылымы, екі жастың хат арқылы айтқан сырласу сөздері А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанын аудару бары- сында Абай қолданған көркемдік тəсілдерді еске түсіреді.

 «Гүлкəшима» поэмасы 1903 жылы Қазан қаласындағы Кəрімовтер баспаханасынан жарыққа шыққан.

 Иса Дəукебаев. «Бекболат батыр». 1916 жылғы патша жарлығына қарсы Жетісу жеріндегі ұлт-азаттық көтерілісі- не байланысты шыққан дастан. Жетісу жеріндегі көтеріліс- ті ұйымдастыруда Бекболат Əшекеев айрықша көзге түстi. Бекболат шамамен 1843 жылы Қаскелең тауында туған. «Ақ патшаның адал ұлдары» сот мүшелерi Бекболаттан бiрне- ше рет жауап алады. Бiрақ Бекболат: «Көтерiлiстi ұйымдас- тырған да, бастаған да жалғыз өзiм. Ешкiммен байланысым жоқ» деп өлiм тұзағын саналы қарсы алады. 7 қыркүйек күнi соттың үкiмi жарияланады. Патша отрядтарына қарулы қар- сылық көрсеткен жетпiс үш жасар Бекболат Əшеккев дарға асылуға тиiстi болады. Бұл шешiмге Жетiсудiң генерал-гу- бернаторы Г.Фольбаум қол қояды. 7 қыркүйекте, Боралдай

деген жерде Бекболат Əшекеев, Байбосын Тамабаев, Қалы- ғұл Сыпатаев үшеуi дарға асылады. Жендеттер топырақ бе- тiн тегiстеп, жермен жексен етіп, қарулы күзет қойып, қазалы жерге бiр ай бойы жан жуытпады. Тек бiр айдан кейiн, онда да түнделетiп, жау таптаған топырақ астынан жетi арыстың сүйегi алынды. Бекболат батырдың төс қалтасынан Балуан Шолақтың елмен қоштасқан көп шумақты өлеңдерi шыққан. Иса Дəукебаевтің бұл тарихи дастаны 1959 жылы Қазақ- тың мемлекеттік оқу-педагогика баспасынан шыққан «ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» хрестоматиясына (құрас-

тырғандар: Т.Əбдірахманова, Қ.Жармағамбетов) кірген.

 Ығылман Шөреков. Исатай – Махамбет. ХІХ ғасыр- дың 1-жартысында Ішкі Бөкей ордасында Истатай мен Ма- хамбет басшы болған əйгілі халық көтерілісіне арналған да- стан. Ығылман қазіргі Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында туып-өскен. Қазақтың ауыз əдебиетін, Махам- беттің күллі жырларын жатқа білген адам. Оның «Исатай – Махамбет» жыры халық арасына кең тараған. Дастан 1959 жылы Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасынан шыққан «ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» хрестоматия- сына (құрастырғандар: Т.Əбдірахманова, Қ.Жармағамбетов) кірген. Бұл жинаққа сол хрестоматия бойынша дастанның бірінші бөлімі кіргізілді.

 Мағжан Жұмабаев. «Қойлыбайдың қобызы». Аңыз сю- жетіне құрылған. Поэма оқиғасының Ш.Уəлихановтың «Тə- ңірі» мақаласындағы Қойлыбай бақсы туралы мəліметтер- мен ұқсастығына қарағанда, Мағжан Шоқанның 1904 жылы Петербургте шыққан бір томдық еңбегімен жақсы таныс болса керек. Поэма ақынның ақынның 1923 жылы Ташкент- те шыққан өлеңдер жинағына кірген.

 «Батыр Баян». Мағжанның ақындық талантын, сурет- керлік қарымын барынша танытқан туынды. Ұлттық фольк- лордағы эпикалық дəстүр мен психологиялық, лирикалық

иірімдерді шебер үйлестіре жырлаған ақынның биік эсте- тикалық талғамы мен поэтикалық мəдениетінің айғағындай бұл туындыға тарихи оқиға шындығы негіз болған. Поэ- маның сюжетіне негіз болған Шоқанның «ХVІІІ ғасыр ба- тырлары жөніндегі аңыздар» атты мақаласында келтірілген оқиға болса керек деген болжам да бар. Тарихи шындықты көркемдік кеңістікте сан алуан сезім, көңіл күй əуенімен көмкере отырып бейнелеген ақын кейіпкерлерінің жан дү- ниесіне терең үңіледі. Қарама-қарсы сезім мен ой қақтығы- сына түскен адам болмысының таргедиясын ашады. Поэма

«Шолпан» журналының 1923 жылғы 4–5 жəне 6–7–8 санда- рында жарияланған.

 Батыр Баян – тарихи тұлғаларымыздың бірі. Шамамен 1700–1757 жылдары өмір сүрген. Қалмаққа қарсы жорық- тарға қатысып, батырлық даңқы шыққан. Баян есімі ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен Абылайдың жорық ақыны Тəтіқара- ның өлеңдерінен де кездеседі.

 «Оқжетпестің қиясында». Бас кейіпкер Кенесары хан болған бұл поэма алғаш рет 1923 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағында жарияланған. Поэма өзегіне ұлт-азаттық идеясы алынған.

 «Ертегі». Алғаш рет Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде басылған. Одан кейін Алматы облыстық

«Тілші» газетінің 1922 жылғы 2-санында жарық көрген. Ер- тегінің суреттеу дəстүріне сай жазылған бұл дастанның бас қаһарманы – Сыздық сұлтан Кенесарыұлы. «Оқжетпестің қиясында», «Ертегі» поэмаларының кейіпкерлері белгілі та- рихи тұлғалар болғанымен, ақын мифтік-аңыздық-ертегілік желілерді пайдалана отырып, дастанның эстетикалық əсерін арттырып, өзіндік ақындық ұстанымын танытады.

 Ілияс Жансүгіров. «Құлагер». «Қазақ поэзиясының Құ- лагері» атанған эпик ақынның өнер мен өнерпаз тағдырын арқау еткен даңқты «Құлагер» поэмасы 1936 жылдың қара- ша айында «Социалистік Қазақстан» газетінің бірнеше са-

нында, өкінішке орай бұл Ілиястың көзінің тірісінде жарық көрген соңғы кесек туындысы болатын. Жинаққа ақынның 1974 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Құлагер» атты өлеңдер мен поэмалар жинағынан алынып берілді.

 «Күй» Ақынның өнер тақырыбындағы эстетикалық мəні жоғары поэмасы. Қызылорда қаласынан шығатын «Жаңа əдебиет» журналында 1929 жылы жарық көреді. Жинаққа ақынның 1974 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Құ- лагер» атты өлеңдер мен поэмалар жинағынан алынып бе- рілді. Поэма кейіпкері – Молықбай Байсақұлы 1875 жыл ша- масында қазіргі Талдықорғанның Ақсу ауданында қобызшы Байсақ Бұғыбайұлының отбасында өмірге келген екен. Үл- кен атасы Жетібай да қобызшы болыпты. Ақын Сара Тастан- бекқызы осы Молықбаймен туысқан.

 Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Адасқан өмір». Қазақ əде- биетіндегі сюжетсіз лирикалық-философиялық поэманың алғашқы үлгісі. 1918 жылдың мамыр айында Семей қаласы- нан еліне оралған тұста жазылған. Ең алғаш Қазан қаласын- да жарық көрген «Адасқан өмір» жинағында жарияланған. Бұл поэма С.Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Ақын бұл туындысында аз ғұмырында көзімен көріп, ойы- мен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін ас- қақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кəсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат таппай, əділетті қоғамды аңсайды. Поэмада ақын түсінігін- дегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады.

 Сəкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы». 1925 жылы жазылған. «Аққудың айырылуы» поэмасында Сəкен Сей- фуллин шығармашылырына тəн тұрақты сипаттардың бірі – символдық-аллегориялық бейнелеу негізгі көркемдік тəсілге айналған. Бұл поэмаға мəңгілік те асқақ махаббатты жыр- лауға қазақтың байырғы таным-түсінігінде тазалық пен сұ-

лулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы санала- тын аққу бейнесі негіз етіп алынған.

 Сəбит Мұқанов. «Сұлушаш. Сəбит Мұқановтың қазақ əдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармала- рының бірі. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды.

«Сұлушаш» романы ел аузында ғасырлар бойы сақталып, халық арасында кең таралып келген аңыз негізінде жазыл- ған. Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Сол арқылы өмір шындығын, əлеуметтік мəселелерді терең бейнелейтін реа- листік шығарма жасайды. Поэмадағы оқиға бірін-бірі сүйген екі ғашық – Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына кұрылған. Жазушы поэманы 1926 жылдың күзінде бастап, екі жылда аяқтайды. 1928 жылы басылып шықты.

МАЗМҰНЫ

МƏШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ (1858–1931)

ҚАЗАҚТЫҢ 100 ПОЭМАСЫ

2-том

Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова

ИБ № 7280

Басуға 25.07.2013 қол қойылды.

Қалыбы 84×1081/ . Қаріп түрі «Times New Roman».

32

Офсетті басылым.

Шартты баспа табағы 20. Баспа табағы 23,5.

Таралымы 2000 дана.

Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу