Қазақ мақал мәтелдері


1—8159

 

 


 

 

 

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 



 

 


2


 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ МАҚАЛ- МӘТЕЛДЕРІ

 

 


 

Алматы

«БАЛАУСА»

баспасы

2013


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

Қ 17

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы

бойынша шығарылды

 

Қ17  ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ.

Құрастырған Жамалхан Асықова.

– Алматы: «Балауса» баспасы,

  1. – 96 бет.

ISBN 978-9965-672-83-5

 

Жинаққа балаларға ой саларлық, өнеге тұтарлық мыңнан аса ең таңдаулы

мақал-мәтелдер енгізілді. Олар мән-мағынасына қарай адам, халық, отан, бейбітшілік, достық, еңбек, батырлық сияқты қырыққа жуық тақырып

аясына топтастырылған.

 

 

ISBN 978-9965-672-83-5

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

 

 

© «Балауса баспасы» ЖШС, 2013

© Жамалхан Асықова, құрастыру

© Нұран Айымбет, безендіру, беттеу, 2013

 

 

 

 


4


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

Қ         АЛҒЫ СӨЗ

азақ мақал-мәтелі ауыз әдебиетіміздің ең көне түрі. Ол халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келе жатқан баға жетпес бай мұрасы. Онда бабаларымыздың өмірлік тәжірибелері,

ой-толғаныстары, ақыл-кеңестері бір ауыз сөздің қауызына сыйғызылып, саф алтындай сақталып келеді.

Мақал-мәтелдің қадірін жақсы білетін халқымыз оны ерекше құрметтейді, ондағы айтылған пікірлерге тақ тұрады. Сол үшін де күні бүгінге дейін мақал-мәтелді төбелеріне кө- теріп, «Мақал – сөздің атасы», «Мақал – сөздің мәйегі» деп айрықша қастерлеумен келеді. Сол үшін де ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты ажырату үшін көнекөз мақал-мәтелдер- дің даналығына жүгініп жатамыз. Жақсылық пен жамандық- тың, кішіпейілділік пен тәкаппарлықтың, қайырымдылық пен қайырымсыздықтың, аңқаулық пен қулықтың арасалмағын айырғымыз келсе, тағы да көне безбен – мақал-мәтелге сенім артамыз. Мақал-мәтел халық үшін ерен даналықтың таусылмас қайнар көзі іспетті.

Кезінде алғашқылардың бірі болып қазақ мақал-мәтел- дерін жинақтаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов олар- дың санын елу мыңға жеткізсе, кейін балалардың сүйікті ақыны Мұзафар Әлімбаев және екі мыңнан астамын қатарға қосты. Мұзафар ағамыз сарсыла жинақтаған сол еңбегінде мақал-мәтелге нақтылы анықтама да береді. Ол: «Мақал де- геніміз – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтенді- ретін, бір яки екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт не- месе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Ал мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қара- ма-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі», – дейді. Иә, мейлінше елеп-екшеп, терең талғаммен жасалған осынау тұжырым қазақтың мақал-мәтелі туралы сөзді жері- не жеткізе айтып тұрған жоқ па. Бұған алып-қосудың ешбір қажеті де жоқ сияқты. Тек бір ғана тілегіміз, өзінің мірдің оғын- дай өткірлігімен, дау тудырмас әділдігімен, өнеге тұтарлық тәлімділігімен, қиып түсер өткірлігімен әділ бағасын алған қа- зақ мақал-мәтелі бұдан кейін де туған халқымен бірге мәңгі жасай бергей дегіміз келеді.

 

Әлібек ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ

 

 

 

5


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6


АДАМ ТУРАЛЫ

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі, Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік, Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен. Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр, Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жерде – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.

Адамның сырты алдамшы. Адамға адам жат емес.


Адам болып туған соң, Адам болып өлу ләзім.

Адам ұйымшыл, Мал үйіршіл.

Бейтаныс кісі – Бітеу жаңғақ.

Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.

Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ.

Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас.

Адам ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.

Темір сырын отта танытады, Адам сырын жоқта танытады.

Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.

Қалыптан безсең де, Халықтан безбе.

 

ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Халқым – қазынам, қазаным, Туғаным – туырлығым.

Жақсылық қылсаң халыққа, Бiр қайырымын аларсың.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8


Жамандық қылсаң халыққа, Жапанда жалғыз қаларсың.

Қаланған кiрпiш – кәдеге асқаны, Қағылған шеге – орнын тапқаны.

Жiгiттiң халыққа жаққаны –

Шырақ жаққаны.

Халқына тартпағанның

қары сынсын.

Халық қаһары қамал бұзар.

Халық қорғамаған басыңды қалпақ қорғай алмайды.

Халық сүймес, Халық сүйген –

Суға батпас, отқа күймес.

Халық айтпайды, Халық айтса, қалып айтпайды.

Халқын сүйген – Халқының қалпын сүйедi.

Халыққа қарсы жүру – Ағысқа қарсы жүзу.

Халық қамын ойлаған, Халық ағасы – нар кiсi. Қарын қамын ойлаған, Қара бастың қайғысы.

Халықтан бөлiнген Қараң қалар.


Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол. Халықтың құшағы кең.

Халық келiп-кеткендi сыйламайды, Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.

Қарын қамын ойлаған – Қаралықтың белгiсi.

Халық қамын ойлаған – Саралықтың белгiсi.

Халықты дана қосады,

Қатын мен ердi бала қосады.

Қартайған ата марқаяр – Қанатын жазып қызы өссе. Қартайған ата марқаяр – Халыққа жағып ұлы өссе.

Жорғаң қатты болса, Төске сал,

Iсiң ақ болса, Көпке сал.

Көпке топырақ шашпа. Көп қараса, жоқ табылар.

Өзiм бiлем деген жiгiттiң, Басына ойран салғаны.

Көп бiледi деген жiгiттiң, Басына қорған салғаны.

Аздың атасы бiр, Көптiң батасы бiр.

Көптiң құрығы ұзын. Көптен безген көгермес.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10


Көп ауызы дуалы.

Көштен бөлiнсең де, Көптен бөлiнбе.

Көктi тiреуге болмайды, Көптi мiнеуге болмайды.

Көзсiз күнелтсең де, Көпсiз күнелте алмайсың.

Көпке топырақ шашпас болар. Көптiң мүлкiн көргенсiз алар.

Көпке ұнамаған көбеймейдi.

Көп қарғысына ұшыраған

көгермейдi.

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

Көп қорқытады, Терең батырады.

 

ОТАН, ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ

Отан елдiң анасы, Ел ердiң анасы.

Отанды сүю От басынан басталады.

Отанын сүйген отқа жанбайды,

Суға батпайды.


 

Ұлтарақтай болса да Ата қоныс жер қымбат. Ат төбелiндей                             болса да Туып-өскен ел қымбат.

Жат жерде жаның қиналса Ел қадiрiн бiлерсiң.

Жұтым суға зар болсаң Көл қадiрiн бiлерсiң.

Туған жердiң

Түйе жейтiн жапырағы да дәрi. Түйе аунайтын

Топырағы да дәрi.

Кiсi елiнде сұлтан болғанша, Өз елiңде ұлтан бол.

Аққу көлiн аңсайды,

Адам туған жерiн аңсайды. Ел-елдiң бәрi жақсы,

Өз елiң бәрiнен жақсы.

Сұңқар қиясын сағынады. Торғай ұясын сағынады.

Туған үйдiң түтiнi жылы, Туған ананың күтiмi жылы.


Қазақ мақал-мәтелдері


 


әттi.

 

Туған жердiң жуасы да т

Есi бар жiгiт елiн табар, Есi жоқ жiгiт жаттың отын жағар.

Адам елiнде,

Қоға көлiнде көгерер.


ттi.


 

 

11


азақ мақал-мәтелдері

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

 

1


Қазақ мақал-мәтелде

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

 

13


Егiлмеген жер жетiм, Елiнен айрылған ер жетiм.

Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың.

 

ДӘУІР, УАҚЫТ

Адамды заманы билейді.

Заманына қарай заңы, Тоғайына қарай аңы. Әр айдың аты басқа.

Мезгіл жетсе, мұз да ерір. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Заман айнасы – замандас.

Заман түзелсе, Жаман да түзеледi.

Қол – таразы, Көңiл – қазы.

Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билiк неге керек, Әдiлдiк құрмасаң!

14

 

Көзбен көргендi Құлақпен есiткен жеңбейдi.


АТА-АНА, БАЛА, АҒАЙЫН-ТУЫС

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ.

Дүниеде бал тәтті, Бала балдан да тәтті.

Ата-ананың қадiрiн Балалы болғанда бiлерсiң. Ағайынның қадiрiн

Жалалы болғанда бiлерсiң.

Бала –

Ананың бауыр етi, көз нұры.

Ана алақанының аясы – Ақ шынардың саясы.

Ананың сүйген жерi: Отқа күймейдi,

Оқ та тимейдi.

Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.

Ана сүтiн ақтамағанды Ешкiм мақтамайды.

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Атадан жақсы ұл туса, Есiктегi басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, Төрдегi басын жерге сүйрер.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15


Баланың жақсысы сүйініш,

Жаманы – күйініш.

Есер баладан ерке бала жаман. Балаға пышақ бермесең

бір жылар, Пышақ берсең екі жылар.

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Атаңнан мал қалғанша

тал қалсын.

Тiсi шыққан балаға Шайнап берген ас болмас.

Атадан жақсы ұл туса, Елiнiң қамын жейдi. Атадан жаман ұл туса, Елiнiң малын жейдi.

Қарға баласын «аппағым» дейдi, Кiрпi баласын «жұмсағым» дейдi.

Бiр бала атаға жете туады, Бiр бала атадан өте туады,

Бiр бала кейiн қарай кете туады.

Қыздың аңқауынан сақта, Ұлдың жалқауынан сақта.

 

 

 

 

 


16


 

Ағайын бiрде араз, бiрде тату.

Атың жақсы болса – қанатың, Ағайын жақсы болса – санатың.

Үйдiң жылы-суығын, Қыс түскенде бiлерсiң.

Aғайынның алыс-жақынын Iс түскенде бiлерсiң.

Ағайынның аразы болса да, Азары болмайды.

Көңiл кең болса,

Үйдiң тарлығы бiлiнбес.

Туысқан өкпеге тепсе де, Өлiмге қимайды.

Туғаныңмен туыспасаң Кең дүниеге сыйыспайсың.

Ауыл аймағымен, Бота тайлағымен.

Жақында да жақын бар, Жақынға бергiсiз жатың бар.

Жаман туыстан Жақсы таныс артық.

Жаныңды қинасаң, Ерлiк оңай.

Жақыныңа бұрмасаң, Билiк оңай.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2—8159

 

17



Ағайын ала болса, Ауыздағысынан айырылар.

 

ТӘРБИЕ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

Бала тәрбиесі – бесіктен. Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Арбаның алдыңғы дөңгелегі

қайда жүрсе, Соңғы дөңгелегі сонда жүрер.

Жаны сұлудың тәні сұлу.

Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.

Келiнiм, саған айтам, Қызым, сен тыңда.

Қайтып кiрер есiктi Қатты серiппе.

Су iшкен құдығыңа түкiрме!

Қарағайға қарап тал өсер, Құрдасына қарап бала өсер.

Ауру қалса да, Әдет қалмайды.

 

 

 


18


Аңдамай сөйлеген Ауырмай өлер.

Өлiмнен ұят күштi.

Ойнақтаған бота От басады.

Ойыннан от шығар. Әлiн бiлмеген – әлек. Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

Талап – талмас қанат. Iздеген мұратына жетедi. Көрмес

Түйенi де көрмес.

Жығылып жатып, Сүрiнгенге күлме.

Таспен ұрғанды аспен ұр.

Алдыңа келсе, Атаңның құнын кешiр.

ды.

 

Жанған от – тәндi жылытады. Жақсы сөз – жанды жылыта ы.

19

 

Жоқ болсаң – жасыма, Тоқ болсаң – тасыма.


Қазақ мақал-мәтелдері


Сұраған алады, Iздеген табады.

Кiшiпейiл болғанмен, Кiшiрейiп кетпейсiң. Өр көкiрек болғанмен, Ұлылыққа жетпейсiң.

Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келедi.

Бiреудiң қолымен от көсеме.

Өнерлi баланың он саусағы тең, Өнерсiз баланың бiр саусағы кем.

Құрмет етсең, Құрмет көрерсiң.

Мал жан үшiн керек, Жан ар үшiн керек.

Өзiңдi зор тұтпа, Өзгенi қор тұтпа.

Қанағат қарын тойғызады,

Қанағатсыздық Жалғыз атын сойғызады.

Сабыр түбi – сары алтын, Сарғайған жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа.

Жүзiгiң алтын болғанша, Жүзiң жарқын болсын.

 

 

 

 

 

 

20

 

0


Қисықтың көлеңкесi де қисық. Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын.

Сол көзiң оң көзiңе қарауыл болсын.

Жылтырағанның бәрi алтын емес.

Қолмен iстегендi Мойнымен көтередi.

Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

Кебектi үрме, көзiңе түсер. Ештен кеш жақсы.

Шешеге қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер.

Әдептi бала

Ата-анасын мақтатар. Әдепсiз бала,

Ата-анасын қақсатар.

 

ДЕНСАУЛЫҚ,

АС-ТАҒАМ, ТАЗАЛЫҚ

Денсаулық – зор байлық. Аурудың алдын ал.

Ауруын жасырған өледi.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21


Аш кiсi – ұрысқақ, Ауру кiсi – тырысқақ.

Бас аманда мал тәттi, Бас ауырса, жан тәттi.

Күлкi – ашылған гүл, Көңiл – шашылған нұр.

Ауру жайын баққан бiледi, Аңның жайын атқан бiледi.

Үш нәрсенiң алдын ал: Аурудың алдын ал, Жаудың алдын ал,

Қайта қозған даудың алдын ал.

Кесел батпандап кiрiп, Мысқалдап шығады.

Сырқат тән жарасы, Қайғы жан жарасы.

Қара көзден нұр тайса, Қарға адым жер мұң болар.

Ұйқы – тынықтырады, Жұмыс – шынықтырады.

Қай жерің ауырса, Жаның сол жерде.

Емнің алды – еңбек.

Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.

 

 

 

 


22


Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.

Тыста ұзақ жүргенің – Ұзақ өмір сүргенің.

Ас адамның арқауы.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады. Шыбын да балға қонады.

Қазан қайнап тұрса, Ақыл сайрап тұрады.

Атты қамшымен айдама, Жеммен айда.

Ат адамның қанаты, Ас адамның қуаты.

Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

Ет – етке, сорпа – бетке.

Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады.

Жұғын бар жерде – шыбын бар,

Шыбын бар жерде – шығын бар.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23


Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі.

 

ЕҢБЕК, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ЕРІНШЕКТІК

Ер дәулеті – еңбек.

Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.

Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.

Бейнет, Бейнет түбi – зейнет.

Еңбек етсең – емерсiң.

Қолы қимылдағанның Ауызы қимылдар.

Еңбегiне қарай, өнбегi.

Еңбек – ширатады. Өмiр – үйретедi.

Еңбек пен бақыт егiз.

Еңбекқор Ұйқыдан ширап тұрады.

Ерiншек Ұйқыдан қирап тұрады.

 

 

 

 

 

 

24


Кедейлiк кетсiн десең, еңбек ет, Молшылық жетсiн десең, еңбек ет.

Бiр еңбектiң – бiр рақаты бар. Ерiнген екi iстейдi.

Қалған iске – қар жауар.

Еңбек – ырыстың бұлағы, Еңбек – бақыттың шырағы.

Шапқан озар, Жатқан тозар.

Еңбектiң наны тәттi. Жалқаудың жаны тәттi.

Еңбек адамды бүтiндейдi. Жалқаулық адамды түтiп жейдi.

Кедейлiк жаны тәттi жалқауға үйiр, Еңбек ете бiлмейтiн аңқауға үйiр.

Жалқаудың жұмысы өнбейдi Жаяудың жүрiсi өнбейдi.

Маңдайы терлемегеннiң Қазаны қайнамайды.

Ақымақ күлкiге тоймайды, Жалқау ұйқыға тоймайды.

Ерiншектiң егiнi пiспес.

Аттың сүрiншегi, Жiгiттiң ерiншегi жаман.

Ерiншекке есiк пен төр – Екi күндiк жер.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25


АРМАН, МАҚСАТ

Құсты қанат ұшырар, Ерді талап ұшырар.

Арман – адамға қанат. Талап – талмас қанат.

Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда.

Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес.

Арманы жоқ жігіттің пәрмені

жоқ. Армансыз адам алысқа бармас.

Талабы жоқ жас ұлан – Жалыны жоқ шоқпен тең.

Іздеген мұратына жетеді. Ақылы жоқтың – арманы жоқ.

ӨНЕР, БІЛІМ-ҒЫЛЫМ

Өнер алды – қызыл тiл. Өнерлі өрге жүзеді.

Сөз өнері – өлеңде, Қол өнері – кілемде.

Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ғылым – жанып тұрған шырақ.

 

 

26


Жігітке жетпіс өнер де аз. Тiл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Шебердiң қолы – ортақ, Шешеннiң тiлi – ортақ.

Тiл – тиексiз.

Сөз тапқанға қолқа жоқ. Көп сөз – күмiс,

Аз сөз – алтын.

Шешеннiң сөзi – мерген, Шебердiң көзi – мерген.

Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтедi, Таяқ еттен өтедi.

Жақсы сөз – жарым ырыс. Орынсыз сөз орға жығады.

Ақынның тiлi қылыштан өткiр, Қылдан нәзiк.

Адам тiлiнен,

Ат аяғынан жазады.

Ең тәттi де – тiл, Ең ащы да – тiл, Ең жұмсақ та – тiл, Ең қатты да – тiл.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27


Жақсының өзi өлсе де,

Сөзi өлмейдi.

Айтылған сөз – атылған оқ. Тiс – тiлдiң қамалы.

Сегiз тұтам сар садақ, Секiрген аңды сұлатар. Сегiз қырлы өткiр сөз, Сойылдай ердi құлатар.

Аяққа кiсен салуға болар, Қолға кiсен салуға болар, Тiлге кiсен салуға болмас.

Орақты ора бiлмесең, Қолыңды кесерсiң. Сөзiңдi сөйлей бiлмесең, Жолыңды кесерсiң.

Қолың ұста болсын, Сөзiң қысқа болсын!

Өлеңдi қосылып айтқан жақсы, Сөздi тосып айтқан жақсы.

Өнердi үйрен де жирен.

Әр нәрсеге асық болғанша, Бiр нәрсеге машық бол.

Бөрi соғар жiгiттiң Бөрiгiнен белгiлi. Балта соғар жiгiттiң Көрiгiнен белгiлi.

Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пiшер.


28


Өнер көзi – халықта. Тiгiншiнi инесi асырайды.

Ұстаның бiзi сүйкiмдi, Жақсының сөзi сүйкiмдi.

Астыңда дөненiң болғанша, Қолыңда өнерiң болсын.

Өнерлi бала елдiң көркi, Үкiлi қамыс көлдiң көркi.

Өнер – мiнсең ат, Ұшсаң – қанат.

Кисең – жанат, Iшсең – тамақ.

Жетi жұрттың тiлiн бiл, Жетi түрлi бiлiм бiл.

Кiсiнiң кiсiлiгi,

Киiмiнде емес, бiлiмiнде.

Шам жарығы түбiне түспейдi.

Киiмiне қарап, қарсы алады, Бiлiмiне қарап шығарып салады.

 

Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын.

Ғылым гауһар – Бағасы жоқ.

Надандық кесел – Дауасы жоқ.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29


Көп сөйлеген бiлiмдi емес, Дөп сөйлеген бiлiмдi.

Ердiң атын аты шығарар, Ғалымның атын хаты шығарар.

Бiлектi бiрдi жығады, Бiлiмдi мыңды жығады.

Күш – бiлiмде, Бiлiм – кiтапта.

Қына тасқа бiтедi, Бiлiм басқа бiтедi.

Бiлiмдiге дүние жарық, Бiлiмсiздiң күнi кәрiп.

Болат бiз қап түбiнде жатпас.

Кiтап – бiлiм бұлағы, Бiлiм – өмiр шырағы!

Көп оқыған бiлмейдi, Көп тоқыған бiледi.

Бiлiмi жоқ ұл, Жұпары жоқ гүл.

 

ТОЙ-ДУМАН, ҚУАНЫШ

Тойдың болғанынан, Боладысы қызық.

Аты, тоны сай кiсi, Жиын, тойға барысар, Ұлы, қызы бар кiсi, Құдалыққа барысар.


Шақырусыз тойға барғанша, Шарығыңды ки де, қойға бар.

Көңiлдiнiң үйiнде

Күнде мейрам, күнде той.

Жақсының жүрген жерi – Күнде жиын, күнде той.

Той – Құдайдың қазынасы. Той десе, қу бас домалар. Өлең – көңілдің ажары.

Батыр жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар.

Гүлсіз болса – жер мұңлы, Күлкісіз болса – ел мұңлы.

Күлкі – ашылған гүл, Көңіл – шашылған нұр.

 

ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТҮР

Жаңылмас жақ болмас, Сүрінбес тұяқ болмас.

Алдыңа келсе, Атаңнын құнын кеш.

Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң.

Орамал тонға жарамаса да, Жолға жарайды.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31


32

 

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Ескерген ескі асынан сақтайды. Береген қолым алаған.

Тойған тамақ түске жетпес, Ықылас естен кетпес.

Ас иесімен тәтті.

Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма.

Алты жасар бала алыстан келсе, Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.

Құрғақ қасық ауыз жыртар. Келгенше қонақ ұялар,

Келіп болған соң үй іші ұялар.

Қонақ атаңнан да ұлы.

Құтты қонақ келсе, Қой егіз табады.

Тас түскен жеріне ауыр.

Мың сіз-бізден Бір шыж-быж артық.


 

АБЫРОЙ,

АР-НАМЫС, ҰЯТ

Жігітке абыройдан айырылғанша, Жанынан айырылған артық.

Тәнім – жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы.

Жарлы болсаң да арлы бол. Мал сақтама, ар сақта.

Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

Ер – халқының ұлы, намысының құлы. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.

Ел намысы – ер намысы.

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді.

Ақылың болса арыңды сақта, Ар-ұят керек әр уақытта.

Өлімнен ұят күшті.

Еңбек – өмірді ұзартады, Ұят – бетті қызартады.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3—8159

 

33



ӨТІРІК, ШЫНДЫҚ, ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ

Өтірік пен өсек ағайынды.

Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады.

Өтірікшінің шын сөзі зая кетер. Өтірік өрге бастырмас. Өтiрiктiң құйрығы бiр-ақ тұтам. Біреудің сөзіне сенбе,

өзіңнің көзіңе сен. Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.

Өтiрiк деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салады. Әдiлет деген аға бар, Дұшпанның қолын қағады.

Түстiк жерге өтiрiк айтсаң, Кешке артыңнан қуып жетедi.

Өтiрiктi – шындай, Ақсақты – тыңдай.

Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ. Ақиқат қамал алдырар.

 

 

 

 

 

 

 

34

 

34


Аққа Құдай жақ. Шындықтың оты өшпес.

Отты үрлеген жағар, Шындықты іздеген табар.

Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді,

Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.

Жасыңда қылжың болсаң, Өскенде мылжың боларсың.

Ойыннан от шығар.

Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.

Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.

Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады. Ойнаған бота от басар.

Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар.

Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.

 

ӨМІР, ЖАСТЫҚ ШАҚ, КӘРІЛІК

Біреуге өлім тілегенше, Өзіңе өмір тіле.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35


Қазақ мақал-мәтелдері

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36

 

36


Қазақ мақал-мәтелдері

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37

 

37


Балалық шағы – патшаның тағы.

Жастық – желік.

Жас – кәрінің көзі, Кәрі – жастың тезі.

Жас кезімді бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.

Баланың сегізінде тісі түседі, сексенінде ісі түседі.

Шөп те басынан қурайды. Көңіл қартаймас, көз қартаяр.

Ат тұяғын тай басар.

Қырықтан артық жас жоқ, Қымыздан артық ас жоқ.

Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.

Адам өзінен кейінгілерді

көріп қартаяды.

Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.

Алтыға дейн бала ерке, Алпыстан кейін шал ерке.

Қасқырдан қайрат кетсе,

Ешкіні апа, Текені жезде дейді.

Кәрі – кәрінің сөзі дәрі.

 


38


 

Ақылды қария – ағып жатқан дария. Қарты бар үйдің құты бар.

Ауылыңда қартың болса, Жазып қойған хатпен тең.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ

Жақсыда жаттық жоқ.

Жақсының өзi өлгенмен Сөзi өлмейдi.

Өзi жақсы кiсiге, Бiр кiсiлiк орын бар.

Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңi жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, Кегi жоқ.

Жақсы адам жолдасынан байқалады.

Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай.

Батырмын деп мақтанба, Жеңiп қайтпай.

Күн ортақ, Ай ортақ, Жақсы ортақ.

Жақсы кiсi қартайса да, Ақылынан танбас.

Жақсы ат қартайса да, Жүрiсiнен танбас.


Қазақ мақал-мәтелдері


 


Жақсы лебіз – Жарым ырыс.

Жақсының аты өлмейдi, Ақынның хаты өлмейдi.

Жақсы қыз – Жағадағы құндыз, Жақсы жiгiт – Көктегi жұлдыз.

Жақсы туса – ел ырысы, Жауын жауса – жер ырысы.

Жақсы жатырқамайды, Аңқау аңдамайды, Әңгүдiк тыңдамайды.

Жақсымен сөйлеcсең, Көңiлiң ашылады. Биiк төбеге шықсаң Көзiң ашылады.

Ақ сұңқар, ұшқырмын деп мақтанба, Алдыңда құрулы торлар бар. Арғымақ, жүйрiкпiн деп мақтанба, Алдыңда алуан орлар бар.

Жақсы келдi дегенше Жарық келдi десейшi. Жақсылықтың үлгiсiн Алып келдi десейшi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Жақсылықтың ерте-кешi жоқ. Жақсыдан – шарапат.

Әкең жақсы кiсi едi, Жел жағыңа пана едi.

Анаң жақсы кiсi едi, Жетiмдерге ана едi.

Бардан – пейiл, Жақсыдан – мейiр.

Жаңбырсыз жер – жетiм, Жақсысыз ел – жетiм.

Су ағады сайменен, Шам жанады майменен.

Жақсыға жақсы қосылса, Күн туады айменен.

Атадан – өсиет, Анадан – қасиет.

Жаны жақсы ағаның Етегiн баспа, жолын қу. Болайын деген баланың Бетiн қақпа, белiн бу.

Қызың жақсы болса, Өрiсiң кеңейедi.

Ұлың жақсы болса, Қонысың кеңейедi.

Аға болар жiгiттiң Етек-жеңi кең келер.

Арғымақ болар құлынның Жал, құйрығы дөңгелер.


Қазақ мақал-мәтелдері


 

 


Жақсылыққа жерiк кiсi – Уәдесiне берiк кiсi.

Екi тентек кездессе, Төбелеспен тарқайды. Екi мылжың кездессе, Ерегiспен тарқайды.

Екi жақсы кездессе, Елжiресiп тарқайды.

Жақсының өңi қартайса да, Көңiлi қартаймайды.

Жақсы iске жан сүйiнер. Жақсының жаттығы жоқ.

Жақсы жастан шығады, Темiр тастан шығады.

Жiгiт жақсысын Сұлтан дейдi. Ит жақсысын Сырттан дейдi.

Жұ

 

Жақсы – елдiң мақтаны, Жұпар гүл – жердiң мақтаны.

Жақсыны көрiп – Жан семiредi.

Жақ

 

Жақсылық етсең, жарты етпе.

Жақсы жаныңа жолдас, Жаман малыңа жолдас.

Күншілдің күні шықпас.

 

 

 

 

 

 

42


Кең пейілдің ішінде кен жатады, Тар пейілдің ішінде тас жатады.

Әркім жолдас болады амандықта,

Жаман тастап кетеді жамандықта.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

 

БАЙЛЫҚ ПЕН КЕДЕЙЛІК

Жоқтық ұят емес, Тоқтық мұрат емес.

Аттыға жаяу жолдас болмас. Жаяуға жол алыс.

Аш бала

Тоқ баламен ойнамайды. Тоқ бала

Аш болам деп ойламайды.

Аузы қисық болса да Байдың ұлы сөйлесiн.

Сараң бай союға қозы таппай Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43


Бар мақтанса, табылар, Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бiр уыс топыраққа тояды.

Малға жарлылық – жарлылық Ақылға жарлылық – сорлылық.

Он екi мүшең сау болса Сәулет емей немене?! Он саусағың сау болса Дәулет емей немене?!

Барымтаны бай алады, Бәлесi кедейге қалады.

Бай бiр жұттық, Батыр бiр оқтық.

Бармын деп мақтанба, Жоқпын деп қорланба.

Бар болсаң – аспа, Жоқ болсаң – саспа.

Бай болып көргенiмiз жоқ, Кедей болып өлгенiмiз жоқ.

Жоққа жүйрiк жетпейдi.

Көптен дәметкен, Аздан құр қалады.

Базары жақын – байымас.

Үйдегi есептi Базардағы нарық бұзар.

 

 


44


 

Ақшада көз жоқ.

Қысқа жіп күрмеуге келмес. Басқа түссе – баспақшыл.


Қазақ мақал-мәтелдері


Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді.

Қарыз қатынас бұзады.

Бай атқа мінсе, құтты болсын дейді, Кедей атқа мінсе, қайдан алдың дейді.

 

БАҚЫТ ПЕН БАҚЫТСЫЗДЫҚ

Бақ қонатын адамның,

Ұлы епті, қызы көрікті болады.

Таудай талаптан – бармақтай бақ. Батар күннің атар таңы бар.

Басыңа бақ қонғанда, Елден асқан данасың. Басыңнан бақ тайғанда, Қалыбыңа барарсың.

Ақсақ түйенің аузына

Жел айдаған қаңбақ түсер.

 

 

 

 

 

 

 

45

 

5


Жарлының жалғыз қозысын

қасқыр жейді.

Бұлт қайда қонса, Береке сонда көшеді.

Жұт жеті ағайынды.

Құлан құдыққа құласа, Құлағында құрбақа ойнайды.

Жау жағадан алғанда, ит етектен тартады.

Қойға қасқар шапқанда,

ит семірер.

Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

Жамандық аяқ астында. Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады. Қырсыққанда қымыран іриді.

Қырықтың бірі қыдыр.

Бағы тайған адамды түйе үстінен ит қабар.

Жолы болар жігіттің Желі оңынан тұрады.

46

 

Аңшының кешіккенінен сүйін. Сау басқа сақина тілеп.


Күріш арқасында күрмек су ішер. Қаралы көңіл – жаралы.

Олай тартсаң – өгіз өледі, Бұлай тартсаң – арба сынады.

Аспаннан іздегенім аяғымның астынан шықты.

Жапалақты тасқа ұрсаң да, Жапалақ өледі.

Таспен жапалақты ұрсаң да, Жапалақ өледі.

Байтал түгіл бас қайғы. Жерге түскен жетімдікі.

Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

Дүние – кезек.

Өлмегенге өлі балық кездеседі. Жаман айтпай жақсы жоқ.

ПАЙДА, ОЛЖА, ШЫҒЫН

Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.

Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

47


Оңай олжа оңалтпас.

Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

Құдаңның тайын алғың келсе, Құлынды биесін сұра.

Ат аунаған жерде түк қалар. Таңдағы тауықтан сол күнгі

жұмыртқа артық. Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

Бүлінген ауылдан бүлдіргі алма. Керек тастың ауырлығы жоқ. Шығасы шықпай кіресі кірмейді. Бір жоқ бір жоқты табады.

Саудада достық жоқ. Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Ескі жұрттың кәдірі көшкенде білінер, Ер жігіттің кәдірі өлгенде білінер.

Оңай олжа тұрмас қолға. Желмен келген желмен кетеді.

Ханның қасында болғанша, судың басында бол.

 


48


 

Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

Алдың – ұттың, Саттың – жұттың.


Қазақ мақал-мәтелдері


4—8159

 

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас. Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – Жерге жауған нұр.

Шығасыға иесі басшы.

Бір жол бар жақын, Жақын да болса алыс. Бір жол бар алыс, Алыс та болса жақын.

Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

 

ДОСТЫҚ, ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК

Асы бар қазан сүйкiмдi, Досы бар адам сүйкiмдi.

Жат асыңа қарайды, Дос басыңа қарайды.

49

 

Тiстем нанның қадiрiн Тарыққанда бiлерсiң. Анық достың қадiрiн Зарыққанда бiлерсiң.


Қарның ашса қосқа бар, Қайғың асса досқа бар.

Достың ескiсi, Тонның жаңасы жақсы.

Дұшпан күлдiрiп айтады, Дос жылатып айтады.

Досы көптi жау алмайды, Ақылы көптi дау алмайды.

Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.

Доссыз өмiр – тұзсыз ас, Достық құлпын байқап аш.

Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.

Айырылмастай досыңа Қайырылмастай сөз айтпа.

Ырыс алды – ынтымақ. Бiрлiк болмай – тiрлiк болмас.

Алтау ала болса, Ауыздағы кетедi. Төртеу түгел болса, Төбедегi келедi.

Ынтымақтың түбi – игiлiк,

Бiр жеңнен қол шығар, Бiр жағадан бас шығар.

 

 


50


Қырық кiсi – бiр жақ, Қыңыр кiсi – бiр жақ.

Күш – бiрлiкте.

Саусақ бiрiкпей – Ине iлiкпейдi.

Қол жұмылмай – жылынбайды.

Ұрыстың арты – ренiш. Татулықтың арты – кенiш.

Бiрлiксiз iсте береке жоқ.

 

БАТЫРЛЫҚ, ҚОРҚАҚТЫҚ

Нар тәуекел – ер iсi.

Ел үмiтiн ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

Ер – намысының құлы.

Ерлiк бiлекте емес, жүректе. Айлалы батыр алдырмас.

Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Шын орақшы орақ таңдамайды, Шын батыр қару таңдамайды.

Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

51


Шын ер – жеңсе, тасымас, Жеңiлсе, жасымас.

Ат басына күн туса, Ауыздығымен су iшер; Ер басына күн туса, Етiгiмен су кешер.

Ер жiгiттiң Екi сөйлегенi – өлгенi.

Еменнiң Иiлгенi – сынғаны.

Батыр – елдiң сәулетi, Бал құрақ – көлдiң сәулетi.

Арғымақ бiрде жалды,

Бiрде жалсыз. Ер жiгiт бiрде малды,

Бiрде малсыз.

Ер айтпас, Айтса, қайтпас.

Тәуекел тау жығар.

ы

 

Отызыңда орда бұзбасаң, Қырқыңда қыр аса алмассың.

Алпыс күн атан болғанша Алты күн бура бол.

Ш

 

Жiгiт жанған шоқ болсын, оқ болмаса, жоқ болсын.

 

 

 

 

 

 

52

 

52


Батыр қол бастар, Көсем жол бастар, Шешен сөз бастар.

Батырды жауда, Шешендi дауда сына.

Көз қорқақ, қол батыр.

Елi жоқ – жер жетiм, Ерi жоқ – ел жетiм.

Тауды биiк демеңдер, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты демеңдер, Жарақтансаң жығарсың.

Ездiң тiлi – батыр, Ердiң қолы – батыр.

Жiгiттiң жолбарысы –

Жол торымайды, ел қориды.

Батыр жарқырап жүредi, Қорқақ – қалтырап жүредi.

Жiбек белбеу – белдiң көркi, Батыр жiгiт елдiң көркi.

Ақылдан асар амал жоқ, Батылдар алмас қамал жоқ.

Арпасыз ат қыр аса алмас, Арқасыз батыр жау ала алмас.

Бөрікті тастап,

бөріден құтылуға болмайды.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

53


У ішкен бір өледі, Ант ішкен мың өледі.

Ер бір рет өледі, Ез мың рет өледі.

Қоян көлеңкесінен қорқады. Шегірткеден қорыққан егін екпес. Сасқан үйрек артымен сүңгір.

Қорыққанға қос көрінеді. Қорқақтың сылтауы қойнында. Қорыққан бұрын жұдырықтар. Үріккен ит үш күн үреді.

 

АҚЫЛДЫЛЫҚ, АҚЫМАҚТЫҚ

Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар.

Адам ақылымен бай, Жер дақылымен бай.

Ақыл арымас, алтын шірімес.

Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Жыртық жамауға күледі.

 

54


Ашу тасады, ақыл басады.

Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт – құты қашсын.

Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді. Жақсыға шаң жуымас,

Жаманға жан жуымас.

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.

Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

Жаман өз үйіне өзі қонақ. Білмеген у ішеді.

Көрмес, түйені де көрмес.

Ақымақ жауынды күні суға түсер. Ақылды жылдығын,

ақылсыз күндігін ойлайды.

Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

55


Жаман етіңе келеді, жақсы ниетіңе келеді.

Ақыл – дария, алсаң да таусылмайды,

Жер – қазына, саусаң да таусылмайды.

Жасы кіші ініні, Ақылы артса аға тұт.

Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді.

Шаш ал десе бас алар.

Ата-ананың ақылы – Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы – Сарқылмайтын көлмен тең.

Жығылған сүрінгенге күледі. Қисық ағаштың көлеңкесі де

қисық.

Ақымақтың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы жүрегінде.

Жаманның ақылы түстен кейін кіреді.

Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.

Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат. Жаманның ойыны да жаман.


 

Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады.

Ақылдыны алысым деме, Ақылсызды жақыным деме.

Адамның тізгіні – ақыл.

Ашу шабыстырады, Ақыл жарастырады.

Ақылдыға жан қымбат, Ақылсызға мал қымбат.

Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді.

Түбі тесік қазанға

Қанша құйсаң толмайды. Ақылы жоқ адамға

Қанша айтсаң да қонбайды.

Асқар тау алыстан көрінеді.

Арсыз болса – қыз қорлық, Ақылсыз болса – ұл қорлық.

Есекке ерген күлге аунар.

Адамға ақыл көптік қылмайды.

Ақылды жігіт атқа да отырар, Таққа да отырар.

Аузың қайда десе, мұрнын көрсетеді.


Қазақ мақал-мәтелдері


Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.

 

57


Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді, Жаман күліп өтеді.

Ақылы аздың – азабы көп.

 

ҰСТАМДЫЛЫҚ, АШУШАҢДЫҚ

Қой алты күн аштыққа шыдайды. Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Бүргеге өкпелеп тоныңды

отқа тастама.

Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.

Асықпаған арбамен қоян алады.

Көш жүре түзелер.

Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.

Ашынған тілді болады.

Ашу арындайды, ақыл аяңдайды.

Ашу – пышақ, ақыл – таяқ.

Орынсыз ашу – от шашу.

Аюды жеңген – жарты ер, Ашуды жеңген – бүтін ер.

 



 

Көзі қарайған там сүзер.

Ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер.

Сабын кірді ашады, Сабырсыз сырды ашады.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос.


Қазақ мақал-мәтелдері


Жаманның ашуы басы жерге тигенше, Жақсының ашуы шәйі орамал кепкенше.

Ашу келсе – ақыл кетер. Ашудан ақыл көп болса, Ашу не етер?

Ашу үстінде ант жүрмейді.

 

ҮНЕМШІЛДІК, ҮНЕМСІЗДІК

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Саумал ішсең қымыз жоқ, Байтал мінсең құлын жоқ.

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

Алтын тапсаң санап ал.

 

 

 

 

59


 

Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.

Ескі киімді баптағаның, Жаңа киімді сақтағаның.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Тамшыдан – дария. Судың да сұрауы бар. Есептемегенге бәрі түгел.

Сауып ішсең мың күндік, Сойып жесең бір күндік.

Атыңнан айырылсаң да, Ер-тоқымыңнан айырылма.

Үзіп жеген үнемге жатпайды. Ескі киім жаңа киімнің

қорғаушысы.

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

Базары жақын байымас. Қолдағының құны жоқ.

Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.

 

 

60


 


Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,

Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

Жұмыртқаны жегенің – Тауықты құрттым дегенің.

Шашу оңай, жинау қиын.

Атын алдырған ерін жоқтамайды, Басын алдырған сақалын жоқтамайды.

 

КІШІПЕЙІЛДІЛІК, ТӘКАППАРЛЫҚ

Кішіпейлділік кішілік емес, кісілік қасиет.

Кішіпейілділік – кісінің көркі. Жат үйінде жатық бол.

Көп тыңда, аз сөйле.

Екі кісі сығылысса, Бір кісілік орын бар.

Көптен дәметкен, аздан құр қалар. Көрпеңе қарай көсіл.

Қойға қоңырау жараспас.

Бір киікті бір тау аш қылмайды. Аштан өлмей, көштен қалмай.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

61


Итке тұмар жараспас. Сиырға ер жараспас.

Есекке үкі тақпайды, Ешкіге жабу жаппайды.

Бойың қысқа болса, түйеге мін, Бойың ұзын болса, есекке мін.

Бір тойда екі жар жоқ. Нысап сайын береке.

Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, Қолыңдағы шымшығыңнан

айырылма.

Есіктен орын тапсаң, төрге озба.

Барымен базар. Жетімге жеті бидай да тамақ.

Айтпас жерде аузыңды тый, Қышынбас жерде қолыңды тый.

Өзінің шарқын білген, Өзгенің нарқын біледі.

Барымен базар, жоқты қайдан қазар.

Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыздық жалғыз атын

62

 

сойғызады.


Кішіпейілдіктен кішіреймейсің. Ит құтырса иесін қабар,

Шымшық құтырса бүркітке шабар.

Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас.

Тойсаң тоқтының еті топырақ татиды.

Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.

Ер өнерімен мақтансын.

Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас.

Асқанға аспан да аласа.

Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс. Семіздікті қой ғана көтереді.

Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл.

Алтаумын деме, жетеуге жолығарсың, Жетеумін деме, сегізге жолығарсың.

Тағасының күмісіне мақтанба, Атыңның жүрісіне мақтан.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

63


Баймын деп мақтанба,

Жарлылық бар. Көппін деп мақтанба, Жалғыздық бар.

Тентек өзін дәу санайды, Жантақ өзін бау санайды.

Айдағаны бес ешкі Ысқырығы жер жарады.

Есек семірсе иесін тебер.

Есек өзін атқа балайды да, Әттең, деп құлағына қарайды.

Өзім білем деген, өрге баспас.

Айға бойымыз жетсе, күнге қолымыз жетеді.

Бидайдың кеудесін көтергені

Дақылы жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені

Ақылы жоқтығы.

 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, ҚАЙЫРЫМСЫЗДЫҚ

Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Жақсылыққа жақсылық

– әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық

ісі.

 

– ер кісінің.

Қайыр бар жерде ырыс бар.

 


64


 

Ескіге жаңа өлшеуіш, жаманға жақсы өлшеуіш.

Жақсылық – жүректен, жамандық – білектен.

Мың адам салған көпірді бір адам қиратады,

Бір адам жаққан от

он адамды жылытады.

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

Ақ болсын, қара болсын, иттің аты ит.

Жақсы жүрген жерінде кент салады, Жаман жүрген жеріне өрт салады.

Екі жүзді адам

екі жүзді пышақтан жаман.

Құдықтан су ішкен, Қазғанға рақмет айтады. Ағашты көлеңкелеген, Еккенге рақмет айтады.

Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5—8159

 

65



МЫРЗАЛЫҚ, САРАҢДЫҚ

Қолы ашықтың – жолы ашық.

Ер қолында мал тұрмайды, Елек ішінде су тұрмайды.

Сыйлап берген су да тәтті.

Етпен қарын тоқ, Ниетпен жаның тоқ.

Алаған қолым береген.

Табақты үйдің тауығы – Қос жұмыртқа туады.

Бермегенді беріп ұялт. Кедей мәрт келеді.

Берсең – аларсың, ексең – орарсың.

Бүтін берсең, бүтін аласың.

Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан

танимын.

Біреуге мал қайғы, Біреуге жан қайғы.

 

 

 

 

 

 

 

 


66


Сараң да бір, сасық су да бір. Көз бір уыс топыраққа тояды. Алтын тыққан адам аштан өлер. Аласыға алтау аз,

Бересіге бесеу көп.

Түйе сойған,

ешкі сойғаннан дәметіпті.

Өзі тоймастың көзі тоймас. Сараңның қолы қалтырауық.

Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.

Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес.

Берместің сылтауы көп.

Өзі тойса да көзі тоймайды.

Сараңнан сарқыт жегенше, Иттен тартып же.

н

 

Жыланға түк біткен сайы қалтырауық болады.


Қазақ мақал-мәтелдері


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

67

 

67


Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.

Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды.

Сараңдықтың соңы – арамдық. Түлкі түсінде тауық көреді. Алмақтың да салмағы бар.

 

СҮЙЕНІШ, ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит малға серік.

Ер қанаты – ат. Жақсы ит –

иесінің көз-құлағы.

Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды.

«Әйт-шу» деген атанға демеу,

«Әуп» деген ерге демеу.

Жалғызға ұжмақ та

жараспайды.

Жалғыз ағашты жағу қиын, Жалғыз баланы бағу қиын.

 

 

68

 

68


Жалғыз тері тон болмас, Жалғыздың сөзі оң болмас.

Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.

Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй болмас.

Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас.

Жалғыз иттің үргені білінбес, Жалғыз кісінің жүргені білінбес.

Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз бие саба болмас.

Жалғыз түйе бақырауық, Жалғыз бала жылауық.

Үйірінен айырылған малды қасқыр жейді.

Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды,

Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

69


Саяқ жүрсең таяқ жерсің.

Жаяудың жүрісі өнбейді, Жалғыздың ісі өнбейді.

Жанашыры жоқ адам Жал-құйрықсыз атпен тең.

 

АҢҚАУЛЫҚ, ҚУЛЫҚ

Жуас түйеге әркім ие. Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды. Жуас тананы падашы мінеді,

Жуас адамды әркім іледі.

Жуас түйе жүндемекке жақсы. Қой аузынан шөп алмас.

Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме. Ала ойлаған алысқа бармайды. Айлалы түлкі алдырмас.

Есебін тапқан екі асар.

Кәрі қасқыр қақпанға

түспейді.

Екі жүзді пышақтан

сақтанба, Екі жүзді адамнан

сақтан.

 

 

 

70

 

70


Бал тамған тілден у тамар. Қудың аяғына су жұқпас.

Бұралқы ит үріп жағады.

 

САҚТЫҚ, ЗАЛЫМДЫҚ

Сақ жүрсең, сау жүресің. Жаман көзден,

Жалған сөзден сақтан.

Тыстағы мың жаудан, Үйдегі бір жау жаман.

Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.

Көп ойласаң – дана боласың, Көп ойнасаң – бала боласың.

Көсеу ұзын болса, қол күймес.

Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

Қамданған қапы қалмайды.

Адам сөзінен жазады, Сиыр мүйізінен жазады.

Аузы күйген үрлеп ішер.

Тістейтін жылқы тісін көрсетпейді.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

71


Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа тиер.

Қазанға тиме – қарасы жұғар, Балаға тиме – бәлесі жұғар.

Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

Құлайын деп тұрған тамға сүйенбе. Сақтықты сұңқардан үйрен.

Қыстың қамын жаз ойла, Жаздың қамын қыс ойла.

Бір күндік жолға шықсаң, Үш күндік жол азық ал.

Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман.

Жатқан жыланның құйрығын баспа.

Сумен ойнама – батарсың, Отпен ойнама – күйерсің.

Досыңмен көп сөйлеспе –

жолынан қалар, Дұшпаныңмен көп сөйлеспе –

сырыңды алар.

Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын.

 

 

 

 

 

 


72


Сапарға шықпас бұрын серігіңді дайында,

Үй салмас бұрын көршіңді ойла.

Соқырдың қолына түспе, Саңыраудың астына түспе.

Жау жоқ деме – жар астында, Бөрі жоқ деме – бөрік астында.

От пен су – тілсіз жау.

Кетемін деп отыныңды тауыспа.

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтасын.

Өзі саққа Құдай жақ.

Кірмес бұрын, шығарыңды ойла. Жамандықты көп қуған,

Бір бәлеге жолығар. Жақсылықты көп қуған, Бақ-дәулетке молығар.

Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер.

Сұм сипап отырып шымшиды.

Жаман арба жол бұзар, Жаман адам ел бұзар.

73

 

Бөрі тойғанына мәз емес, Орғанына мәз.


Қазақ мақал-мәтелдері


ҰРЛЫҚ, КҮНӘ

Түйені түгімен, атты жүгімен. Ұрлық, ұрлық түбі қорлық.

Түйе ұрлаған да – ұры, Түйме ұрлаған да – ұры.

Бөрі азығы мен ұры азығы жолында.

Ұры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды.

Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.

Ұры бүлікке құмар, Шыбын шірікке құмар.

Сұқ семірмес, ұры байымас. Көп жортқан түлкі терісін алдырар.

Жапалаққа күннен түн

жарық.

Ұры басқаның малын жейді,

өзінің арын жейді.

Адам тілінен жазады, Ұры ізінен жазады.

Ұры бір түнде – бай, Бір күнде – кедей.

Қасқыр қарызын терісімен төлейді.

 

 

 

74


Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

Қасқыр мен ұры мінездес, Екеуі де түнді аңдиды.

Бұлбұл мен гүл мінездес, Екеуі де күнді аңдиды.

Қонақ келсе – құт, Қарақшы келсе – жұт.

Жамандық жасырылмас.

Айран ішкен құтылады, Шелек жалағын тұтылады.

 

ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ

Су аққан жерінен ағады, Шөп шыққан жеріне шығады.

Ағын су бал татыр, ақ балығы май татыр.

Жері құтты болса, малы сүтті болады.

Жер бауыры – жазық. Бұлақ болмаса,

өзен болмас еді.

Жердің көркі тал болар, Елдің көркі мал болар.

Су да басынан тұнады. Жер – семіз, от – арық.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

75


азақ мақал-мәтелдері

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76

 

76


Қазақ мақал-мәтелдері

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

77

 

77


Су – тілсіз жау. Су жүрген жер шүлен.

Сулы жер – нулы жер, Бұлақты жер – тұрақты жер. Төгілген топырағымен толады.

Толықсып аққан дария – мейірбанды қария.

Су басынан бұзылады, балық басынан шіриді.

Шөбі жоқ деп, жерден түңілме, Малы жоқ деп, ерден түңілме.

Судың басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ.

Сәуірдегі жауын – Сауып тұрған сауын.

Қу ағашқа құс қонар.

Сусыз жерде қамыс жоқ, Азған елде намыс жоқ.

Ағаш та ылғалды жерде көгереді.

Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.

Жас ағашқа сүйеніп қу ағаш күнелтер.

Алма ағашынан алыс

78

 

түспейді.


Жемісті ағаштың басы төмен.

Жастанғаның жапырақ, төсенгенің топырақ.

Мәуелі ағаш майысқақ. Шөп те басынан қурайды.

Жемес жерде от бар, Ішпес жерде су бар.

Жаздың бір күні, қыстың мың күні.

Нөсер алдында найзағай ойнайды. Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жауады.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Сәуір болмай, тәуір болмас. Сүмбіле туса, су суыр.

Қыс – арбаңды,

Жаз – шанаңды даярла.

 

АҢШЫЛЫҚ, САЯТШЫЛЫҚ

Ителгi салған ет жейдi, Атының етiн ит жейдi.

Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгi етек былғайды.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

79


Қиядағы қызыл түлкiнi Қияннан соққан бүркiт алады.

Құсбегiсi келiссе, Күйкентай құс қаз алар.

Саятшының сұңқары Салған жерден iледi.

Тауыңдағы түлкiнi Бабындағы бүркiт қана алады.

Қыран жүйрiк пе, Қиял жүйрiк пе?

Қолмен бергенге құс тоймас. Ителгiнiң баласы iлмей қалмас.

Қаршыға қазан қайнатар, Ителгi иығыңды талдырар.

Қаршыға қаз алса, Ителгi етек қабады.

Қыран қияда өледi. Қыран қияда түлейдi.

Ит иесi үшiн алады. Бүркiт жемi үшiн алады.

Топтанып ұшқан торғайға Тұрымтай да бата алмас.

Ажалды қарға бүркiтпен ойнайды.

Атбегi – аттың тұяғына қарар. Құсбегi – құстың қияғына қарар.

 


80


 

Қиядағыны қыран ғана көредi. Ұядағыны жылан ғана көредi.

Құс бағу да бiр қызық, Құс салу да бiр қызық.

Екi сұңқар таласса, Бiр қарғаға жем түсер.

Құстың бәрi сұңқар болмас, Аттың бәрi тұлпар болмас.

Сұңқар орманға тартар, Тұлпар қорғанға тартар.

 

ЕГІНШІЛІК

Жердiң сәнi – егiн. Ердiң сәнi – бiлiм.

Арпа, бидай ас екен, Алтын, күмiс тас екен.

Берген алар, еккен орар.

Егiндiктi күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар.

Ерiншек егiншiден Елгезек масақшы озады.

Орақшының жаманы Орақ таңдайды.

Егiн ырыс таңдамайды. Еңбек таңдайды.

Егiнiңдi дөңге сал,

6—8159

 

Дөңге салсаң – көңге сал.


Қазақ мақал-мәтелдері



Етiкшiнi балға мен бiз асырайды. Егiншiнi кетпеннiң жүзi асырайды. Ақ қар көп болса – ақ нан көп.

Егiндi күндiз егiп, түнде суар. Гүлдi күн көзiне егiп, күнде суар.

Жаңбыр жауса – жердiң ырысы, Егiн бiтсе – елдiң ырысы.

Ағаш – жапырағымен, Жер – топырағымен.

Жерiңдi баптай бiлсең – Астықты қаптай бiлесiң.

Еге бiлсең, егiн тасқа да бiтедi.

Бел орақтың шыңы бiр, Шаруаның мұңы бiр.

Диқан жерiм дейдi, Жерi үшiн ерiнбейдi.

Жердiң тiлiн бiлсең, Тiлдей жерден жылдық өнiм

аларсың. Елдiң тiлiн бiлсең,

Елге сыйлы боп жағарсың.

Басыңды көтерiп елден сұрағанша, Басыңды иiп жерден сұра.

Тары болса, Тауық табылады.

 

 

 

82


Түнгi су – ну, Күндiзгi су – бу.

Күтiмдi егiн бiтiмдi, Бiтiмдi егiн түсiмдi.

Қысың қарлы болса – жер семiз. Көктемiң жаңбырлы болса –

дән егiз.

Диқан жерiн анасындай сүйедi, Жер диқанын баласындай сүйедi.

Күрiш, күрiш суымен ырыс.

АҢ-ҚҰС, ТӨРТ ТҮЛІК

Тышқан көп жылы – тоқшылық. Қоян көп жылы – жоқшылық.

Құс патшасы – бүркiт, Аң патшасы – арыстан.

Арқар – құлжасымен, Өзен – жылғасымен.

Түз тағысы – табиғатпен тiлдес. Бөдененiң үйi жоқ,

Қайда барса бытпылдақ.

Аң таппаған атынан көредi. Ата алмаған мылтығынан көредi.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

83


Ажалды киiк адырға қашады.

Бөлтiрiктi қанша асырасаң да, Тоғайға қарап ұлығанын

қоймайды.

Қоян көлеңкесiнен қорқады.

Қағынан жерiген құлан Қаңғырып жүрiп шөлде өлер. Қоянның қарасын көрiп, Қалжасынан түңiл.

Борсық ұрған сайын семiредi.

Қасқыр байлағанға көнбес, Шошқа айдағанға көнбес.

Түлкi жатарында жер таңдамайды.

Арыстанның ойынынан Түлкiнiң мойны үзiледi.

Құзғын ас таңдамайды. Қасқыр да қас қылмайды

жолдасына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

84

 

84


 

Қасқырдан қорыққан тоғайға бармас.

Қасқыр қарызын терiсiмен төлейдi.

Бөрi арығын бiлдiрмес, Итке сыртын қампайтар.

Арыстан күшiгiн тiстеп сүйедi.

Бөркiңдi берiп бөрiден құтылмайсың.

Көбiк қарда түлкi ойнар.

Көк шалғында жылқы ойнар.

Аю – аңғал, Түлкi – айлакер.

Түлкi түсiнде тауық көредi. Түлкiнi түн асырайды.

Малды бақсаң қойды бақ, Май кетпейдi шарадан.

Ит асырасаң сырттаннан Қой бермейдi қорадан.

Қойдың сүтi – қорғасын.

Екi қошқардың басы бiр қазанға сыймас.

Семiздiктi қой көтерер. Семiздiң аяғы сегiз.


Қазақ мақал-мәтелдері


 

 


Қарақұрт жесе қой семiредi.

Арық малды асырасаң Аузы-мұрныңды май етер. Арам адамды асырасаң Аузы-мұрныңды қан етер.

Қойлы бай – қорлы бай, Жылқылы бай – сылдыр бай.

Қой семiзi – қойшыдан.

Мал өсiрсең қой өсiр, Өнiмi оның көл-көсiр.

Қой шелдi болмай, төлдi болмайды.

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

Қойдың басын құмға көм, Сиырдың басын нуға көм, Түйенiң басын сорға көм.

Төлден мал өседi. Шыбықтан тал өседi.

Жетiм қозы тез отығар, Жетiм бала тез жетiлер.

Пiшендi салқында шап, Қойды салқында бақ.

Бидайды қуырған, Қойды шұбырған құртады.

 

 

 

 


 


Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат, Жаз қойыңа жазық жердi жайлат.

Әкесi қой баға бiлмегеннiң Баласы қозы баға бiлмейдi.

Қой жүрген жер береке, Қыз жүрген жер мереке.

Қойға екi құлағынан басқаның бәрi жау.

Қой – байлық, Жылқы – сәндiк.

Қойдай қоңыр, Қозыдай момын.

Сиыр бақтым – сидаң қақтым, Ешкi бақтым – еңiреп бақтым.

Қой бақтым – қоңыраулаттым. Қыста қойыңды бақ,

Жазда шөбiңдi шап!

Арық ат – тулақ, Ашаң жiгiт – қунақ.

Жылан жылы – жылыс, Жылқы жылы – ұрыс, Қой жылы – тыныс.

Құтты қонақ келсе, Қой егiз туады.


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

87


Қойыңды жаз бақ, күз бақ, Сонан соң құй бақпа, құй бақ.

Ешкiлi қой өргiш.

Ешкiнi түлен түртерде Шопанның таяғына сүйкенер.

Бұрын шыққан құлақтан, Кейiн шыққан мүйiз озады.

Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп Құлағынан айырылыпты.

Айдағаның бес ешкi, Ысқырығың жер жарады.

Бiр лақ екi адамды талтаңдатады.

Жалғыз ешкi лақтап, Уызына жарытпас.

Ешкi бастаған қой, егiнге түседi.

Лақпын деп ойлайды тоқал ешкi.

Жылқы атасы – Қамбар ата, Сиыр атасы – Зеңгi баба, Түйе атасы – Ойсыл қара, Қой атасы – Шопан ата, Ешкiнiң иесi – Сексек ата.

Нар жолында жүк қалмас.

Қуырдақтың әкесiн Түйе сойғанда көрерсiң.

Жуас түйе жүндемекке жақсы.


88


 

Кәрi түйе ойнақтаса жұт болар. Жығылсаң нардан жығыл.

Түйе бойына сенiп жылдан құр қалған.

Түйенiң үлкенi Көпiрден таяқ жейдi.

Екi аяқтыда бөле тату, Төрт аяқтыда бота тату.

Нар сәулеттi ашамай.

Ақ түйенiң қарны ақтарылды.

Атан түйе жүк астында қартаяр.

Түйе жантақ жегiсi келсе, Мойнын созады.

Екi нар сүйкенсе Ортасында шыбын өлер.

Жар басындағы жантақты Жанынан безген нар жейдi.

Шөлге шықсаң, шөл екенiн бiлiп шық,

Шөл тәңiрi сары атанға мiнiп шық.

Бие мiнiп тойға барма, Көкпар шаба алмайсың. Түйе мiнiп қойға барма, Жөндеп баға алмайсың.


Қазақ мақал-мәтелдері


 

 

 

 


Түйенiң жолы үлкен, Аттың жөнi үлкен.

Нар – түйеден. Тұлпар – биеден.

Ботасы бар түйелер, Боздамай от жемейдi.

Түйеден жығылсаң, Түйе шудасын төсейдi. Аттан жығылсаң,

Ат жалын төсейдi. Есектен жығылсаң, Есек тұяғын төсейдi.

Түйенiң жантақ жемесе

тiлi қышиды.

Тұз десе түйеде тағат жоқ, Төркiн десе қызда тағат жоқ.

Түйе жұлғанын бiлмейдi,

Жұтқанын бiледi.

Төрт түлiктiң төресiн түйе дейдi.

Ауыр жол – атанды сынайды, Ауыр iс – адамды сынайды.

Тебеген болса биең жау, Сүйкеншек болса түйең жау.

Момынды момын қорғайды, Түйе қомын қорғайды.

Екi көзi танадай, Екi өркешi баладай Түйе деген жарықтық.

90


Бота алғанша – бата ал. Түйе алтын артып жүрсе де, Жантақ жеуiн қоймайды.

Түйе атасы – нар, Ағаш атасы – шынар.

Сырын бiлмеген аттың Сыртынан жүрме.

Арық атқа қамшы жау. Жыртық үйге тамшы жау.

Жылқыда өт жоқ, Құста сүт жоқ.

Жақсы ат алдынан сүрiнбей, Артынан сүрiнедi.

Басты балта бұзар, Жылқыны маңқа бұзар.

Ат тұяғын тай басар.

Ат айналып қазығын табар.

Құрық тимес құлын жоқ, Қырықтық тимес қозы жоқ.

Тай тайға жеткiзер, Тай құнанға жеткiзер, Құнан атқа жеткiзер, Ат мұратқа жеткiзер.

Аттың бәрi тұлпар болмас, Құстың бәрi сұңқар болмас.

91

 

Екi бие – ел ырысы, Үш бие – бұлақ басы, Бiр бие – жоқтың қасы.


Қазақ мақал-мәтелдері


Аттан айырылсаң да, Ер-тоқымыңнан айырылма.

Жаман атқа жал бiтсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бiтсе, Жанына қоңсы қондырмас.

Бие қоста жүрiп терлесе, Құлын босқа жүрiп терлейдi.

Ат – адамның қанаты. Екi тiзгiн жоқ болса,

Ат басын адам бұра алмас. Екi тартпа жоқ болса,

Ат үстiнде ер тұра алмас, Екi үзеңгi жоқ болса, Атқа адам мiне алмас, Бәрi бiрдей сай болса Шайтан түгiл жын алмас.

Қамшы – қанат, Құйысқан – қуат.

Жүйрiк атқа жел қамшы.

Тобан аяқ торыны, Тойға мiнбе, қойға мiн. Құлан аяқ құланы Қойға мiнбе, тойға мiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

92

 

92


 

Табаны тозбас тұлпар жоқ. Қанаты талмас сұңқар жоқ.

Жылқы құлыннан өседi, Теңге тиыннан өседi.

Көлдiң көркi – құрақ, Жiгiттiң көркi – пырақ.

Жiгiттiң iскерлiгi iсiнен мәлiм. Жылқы жасы тiсiнен мәлiм.

Тозбас тон, Арымас ат болмас.

Ортақ өгiзден Оңаша бұзау артық.

Сиыр су iшсе, Бұзау мұз жалайды.

Өгiзге туған күн Бұзауға да туады.

Сиырлының үйi – айран, Сиырсыздың үйi – сырдаң.

Сиырдың сүтi – тiлiнде.

Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейдi шарадан.


Қазақ мақал-мәтелдері


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Қазақ мақал-мәтелдері

 

Егiн ексең, бидай ек, Құт кетпейдi даладан.

Сиырлы кiсi – сыйлы кiсi, Түйелi кiсi – күйлi кiсi.

Мал бiтерiнде кiлемнiң түгiндей. Мал кетерiнде қолдың кiрiндей.

Малсызға малға балап ұйқы берер. Арсызға арға балап күлкi берер.

Қорада малың болсын, Көшеңде талың болсын,

Мал – аяғың, Тал – таяғың.

Мал қадiрiн бiлмеген, Жан қадiрiн бiлмейдi.

Дала көркi – мал, Қала көркi – тал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

94


Қазақ мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

Адам туралы................................................................................................ 6

Халық туралы.............................................................................................. 8

Отан, туған жер туралы.......................................................................... 11

Дәуір, уақыт.............................................................................................. 14

Ата-ана, бала, ағайын-туыс.................................................................. 15

Тәрбие, үлгі-өнеге................................................................................... 18

Денсаулық, ас-тағам, тазалық............................................................. 22

Еңбек, еңбекқорлық, еріншектік.......................................................... 24

Арман, мақсат........................................................................................... 26

Өнер, білім-ғылым................................................................................... 27

Той-думан, қуаныш................................................................................ 31

Әдет-ғұрып, салт-дәстүр...................................................................... 32

Абырой, ар-намыс, ұят.......................................................................... 34

Өтірік, шындық, әзіл-қалжың................................................................ 35

Өмір, жастық шақ, кәрілік...................................................................... 38

Жақсылық пен жамандық...................................................................... 40

Байлық пен кедейлік.............................................................................. 44

Бақыт пен бақытсыздық......................................................................... 46

Пайда, олжа, шығын............................................................................... 48

Достық, ынтымақ, бірлік......................................................................... 50

Батырлық, қорқақтық............................................................................... 52

Ақылдылық, ақымақтық.......................................................................... 55

Ұстамдылық, ашушаңдық...................................................................... 59

Үнемшілдік, үнемсіздік............................................................................ 60

Кішіпейілділік, тәкаппарлық.................................................................. 62

Қайырымдылық, қайырымсыздық....................................................... 65

Мырзалық, сараңдық............................................................................... 66

Сүйеніш, жалғыздық................................................................................ 68

Аңқаулық, қулық....................................................................................... 70

Сақтық, залымдық.................................................................................... 71

Ұрлық, күнә................................................................................................ 73

Табиғат туралы......................................................................................... 75

Аңшылық, саятшылық............................................................................. 79

Егіншілік...................................................................................................... 81

Аң-құс, төрт түлік...................................................................................... 83

95


 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ

 

«Балауса баспасы» ЖШС-ің

Бас директоры: Абылайхан Құлбаев Бас редакторы: Әлібек Файзуллаұлы

Корректоры: Дүйсен Бек Суретшісі: Нұран Айымбет

Беттеуші-дизайнері:

Азамат Айымбетов

 

ИБ ¹103

 

Теруге 20.04.13 берілді. Басуға 16.06.13 қол қойылды.Пішімі 84х108 1/16. Шартты баспа табағы 10,0.Таралымы 2000 дана

+ қосымша 1000 дана.Тапсырыс ¹ 8159

 

«Балауса баспасы» ЖШС. 050009. Алматы қаласы,

Абай даңғылы, 143. Баспалар үйі, 631-бөлме. Тел/факс: 394-40-93, 391-25-56.

 

 

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы

«Полиграфкомбинат» ЖШС-інде басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41 үй.

 Қазақ мақал-мәтелдері

2

ҚАЗАҚ МаҚАЛ- МӘТЕЛДЕРІ

Алматы

«БАЛАУСА»

баспасы

2013

Қазақ мақал-мәтелдері

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

Қ 17

 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы

бойынша шығарылды

Қ17 ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ.

Құрастырған Жамалхан Асықова.

– Алматы: «Балауса» баспасы,

2013. – 96 бет.

ISBN 978-9965-672-83-5

 Жинаққа балаларға ой саларлық, өнеге тұтарлық мыңнан аса ең таңдаулы

 мақал-мәтелдер енгізілді. Олар мән-мағынасына қарай адам, халық, отан, бейбітшілік, достық, еңбек, батырлық сияқты қырыққа жуық тақырып

аясына топтастырылған.

ISBN 978-9965-672-83-5

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

© «Балауса баспасы» ЖШС, 2013

© Жамалхан Асықова, құрастыру

© Нұран Айымбет, безендіру, беттеу, 2013

4

Қазақ мақал-мәтелдері

ҚАЛҒЫ СӨЗ

азақ мақал-мәтелі ауыз әдебиетіміздің ең көне түрі. Ол халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келе жатқан баға жетпес бай мұрасы. Онда бабаларымыздың өмірлік тәжірибелері,

ой-толғаныстары, ақыл-кеңестері бір ауыз сөздің қауызына сыйғызылып, саф алтындай сақталып келеді.

 Мақал-мәтелдің қадірін жақсы білетін халқымыз оны ерекше құрметтейді, ондағы айтылған пікірлерге тақ тұрады. Сол үшін де күні бүгінге дейін мақал-мәтелді төбелеріне кө- теріп, «Мақал – сөздің атасы», «Мақал – сөздің мәйегі» деп айрықша қастерлеумен келеді. Сол үшін де ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты ажырату үшін көнекөз мақал-мәтелдер- дің даналығына жүгініп жатамыз. Жақсылық пен жамандық- тың, кішіпейілділік пен тәкаппарлықтың, қайырымдылық пен қайырымсыздықтың, аңқаулық пен қулықтың арасалмағын айырғымыз келсе, тағы да көне безбен – мақал-мәтелге сенім артамыз. Мақал-мәтел халық үшін ерен даналықтың таусылмас қайнар көзі іспетті.

 Кезінде алғашқылардың бірі болып қазақ мақал-мәтел- дерін жинақтаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов олар- дың санын елу мыңға жеткізсе, кейін балалардың сүйікті ақыны Мұзафар Әлімбаев және екі мыңнан астамын қатарға қосты. Мұзафар ағамыз сарсыла жинақтаған сол еңбегінде мақал-мәтелге нақтылы анықтама да береді. Ол: «Мақал де- геніміз – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтенді- ретін, бір яки екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт не- месе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Ал мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қара- ма-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі», – дейді. Иә, мейлінше елеп-екшеп, терең талғаммен жасалған осынау тұжырым қазақтың мақал-мәтелі туралы сөзді жері- не жеткізе айтып тұрған жоқ па. Бұған алып-қосудың ешбір қажеті де жоқ сияқты. Тек бір ғана тілегіміз, өзінің мірдің оғын- дай өткірлігімен, дау тудырмас әділдігімен, өнеге тұтарлық тәлімділігімен, қиып түсер өткірлігімен әділ бағасын алған қа- зақ мақал-мәтелі бұдан кейін де туған халқымен бірге мәңгі жасай бергей дегіміз келеді.

Әлібек ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ

5

Қазақ мақал-мәтелдері

6

АДАМ ТУРАЛЫ

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі, Адам заманның көркі.

 Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік, Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен. Адам бір-біріне қонақ.

 Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр, Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

 Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жерде – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.

Адамның сырты алдамшы. Адамға адам жат емес.

Адам болып туған соң, Адам болып өлу ләзім.

Адам ұйымшыл, Мал үйіршіл.

Бейтаныс кісі – Бітеу жаңғақ.

Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.

Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ.

Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас.

Адам ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.

Темір сырын отта танытады, Адам сырын жоқта танытады.

Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.

Қалыптан безсең де, Халықтан безбе.

ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Халқым – қазынам, қазаным, Туғаным – туырлығым.

Жақсылық қылсаң халыққа, Бiр қайырымын аларсың.

Қазақ мақал-мәтелдері

7

Қазақ мақал-мәтелдері

8

Жамандық қылсаң халыққа, Жапанда жалғыз қаларсың.

Қаланған кiрпiш – кәдеге асқаны, Қағылған шеге – орнын тапқаны.

Жiгiттiң халыққа жаққаны –

Шырақ жаққаны.

Халқына тартпағанның

қары сынсын.

Халық қаһары қамал бұзар.

Халық қорғамаған басыңды қалпақ қорғай алмайды.

 Халық сүймес, Халық сүйген –

Суға батпас, отқа күймес.

 Халық айтпайды, Халық айтса, қалып айтпайды.

 Халқын сүйген – Халқының қалпын сүйедi.

Халыққа қарсы жүру – Ағысқа қарсы жүзу.

 Халық қамын ойлаған, Халық ағасы – нар кiсi. Қарын қамын ойлаған, Қара бастың қайғысы.

Халықтан бөлiнген Қараң қалар.

Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол. Халықтың құшағы кең.

Халық келiп-кеткендi сыйламайды, Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.

Қарын қамын ойлаған – Қаралықтың белгiсi.

Халық қамын ойлаған – Саралықтың белгiсi.

Халықты дана қосады,

Қатын мен ердi бала қосады.

Қартайған ата марқаяр – Қанатын жазып қызы өссе. Қартайған ата марқаяр – Халыққа жағып ұлы өссе.

Жорғаң қатты болса, Төске сал,

Iсiң ақ болса, Көпке сал.

Көпке топырақ шашпа. Көп қараса, жоқ табылар.

Өзiм бiлем деген жiгiттiң, Басына ойран салғаны.

Көп бiледi деген жiгiттiң, Басына қорған салғаны.

Аздың атасы бiр, Көптiң батасы бiр.

Көптiң құрығы ұзын. Көптен безген көгермес.

Қазақ мақал-мәтелдері

9

Қазақ мақал-мәтелдері

10

Көп ауызы дуалы.

Көштен бөлiнсең де, Көптен бөлiнбе.

 Көктi тiреуге болмайды, Көптi мiнеуге болмайды.

 Көзсiз күнелтсең де, Көпсiз күнелте алмайсың.

Көпке топырақ шашпас болар. Көптiң мүлкiн көргенсiз алар.

Көпке ұнамаған көбеймейдi.

Көп қарғысына ұшыраған

көгермейдi.

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

 Көп қорқытады, Терең батырады.

 ОТАН, ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ

Отан елдiң анасы, Ел ердiң анасы.

 Отанды сүю От басынан басталады.

Отанын сүйген отқа жанбайды,

Суға батпайды.

Ұлтарақтай болса да Ата қоныс жер қымбат. Ат төбелiндейболса да Туып-өскен ел қымбат.

Жат жерде жаның қиналса Ел қадiрiн бiлерсiң.

Жұтым суға зар болсаң Көл қадiрiн бiлерсiң.

Туған жердiң

Түйе жейтiн жапырағы да дәрi. Түйе аунайтын

Топырағы да дәрi.

Кiсi елiнде сұлтан болғанша, Өз елiңде ұлтан бол.

Аққу көлiн аңсайды,

Адам туған жерiн аңсайды. Ел-елдiң бәрi жақсы,

Өз елiң бәрiнен жақсы.

Сұңқар қиясын сағынады. Торғай ұясын сағынады.

Туған үйдiң түтiнi жылы, Туған ананың күтiмi жылы.

Қазақ мақал-мәтелдері

Туған жердiң жуасы да т

Есi бар жiгiт елiн табар, Есi жоқ жiгiт жаттың отын жағар.

Адам елiнде,

Қоға көлiнде көгерер.

ттi.

11

Қазақ мақал-мәтелдері

1

Қазақ мақал-мәтелдері

13

 Егiлмеген жер жетiм, Елiнен айрылған ер жетiм.

Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың.

ДӘУІР, УАҚЫТ

Адамды заманы билейді.

Заманына қарай заңы, Тоғайына қарай аңы. Әр айдың аты басқа.

 Мезгіл жетсе, мұз да ерір. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Заман айнасы – замандас.

 Заман түзелсе, Жаман да түзеледi.

Қол – таразы, Көңiл – қазы.

 Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билiк неге керек, Әдiлдiк құрмасаң!

 Көзбен көргендi Құлақпен есiткен жеңбейдi.

АТА-АНА, БАЛА, АҒАЙЫН-ТУЫС

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ.

Дүниеде бал тәтті, Бала балдан да тәтті.

Ата-ананың қадiрiн Балалы болғанда бiлерсiң. Ағайынның қадiрiн

Жалалы болғанда бiлерсiң.

Бала –

Ананың бауыр етi, көз нұры.

Ана алақанының аясы – Ақ шынардың саясы.

Ананың сүйген жерi: Отқа күймейдi,

Оқ та тимейдi.

Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.

Ана сүтiн ақтамағанды Ешкiм мақтамайды.

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Атадан жақсы ұл туса, Есiктегi басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, Төрдегi басын жерге сүйрер.

Қазақ мақал-мәтелдері

15

Баланың жақсысы сүйініш,

Жаманы – күйініш.

Есер баладан ерке бала жаман. Балаға пышақ бермесең

 бір жылар, Пышақ берсең екі жылар.

 Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

 Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Атаңнан мал қалғанша

тал қалсын.

 Тiсi шыққан балаға Шайнап берген ас болмас.

 Атадан жақсы ұл туса, Елiнiң қамын жейдi. Атадан жаман ұл туса, Елiнiң малын жейдi.

 Қарға баласын «аппағым» дейдi, Кiрпi баласын «жұмсағым» дейдi.

Бiр бала атаға жете туады, Бiр бала атадан өте туады,

Бiр бала кейiн қарай кете туады.

Қыздың аңқауынан сақта, Ұлдың жалқауынан сақта.

16

Ағайын бiрде араз, бiрде тату.

Атың жақсы болса – қанатың, Ағайын жақсы болса – санатың.

Үйдiң жылы-суығын, Қыс түскенде бiлерсiң.

Aғайынның алыс-жақынын Iс түскенде бiлерсiң.

Ағайынның аразы болса да, Азары болмайды.

Көңiл кең болса,

Үйдiң тарлығы бiлiнбес.

Туысқан өкпеге тепсе де, Өлiмге қимайды.

Туғаныңмен туыспасаң Кең дүниеге сыйыспайсың.

Ауыл аймағымен, Бота тайлағымен.

Жақында да жақын бар, Жақынға бергiсiз жатың бар.

Жаман туыстан Жақсы таныс артық.

Жаныңды қинасаң, Ерлiк оңай.

Жақыныңа бұрмасаң, Билiк оңай.

Қазақ мақал-мәтелдері

17

 Ағайын ала болса, Ауыздағысынан айырылар.

 ТӘРБИЕ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

 Бала тәрбиесі – бесіктен. Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Арбаның алдыңғы дөңгелегі

 қайда жүрсе, Соңғы дөңгелегі сонда жүрер.

Жаны сұлудың тәні сұлу.

Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.

Келiнiм, саған айтам, Қызым, сен тыңда.

Қайтып кiрер есiктi Қатты серiппе.

Су iшкен құдығыңа түкiрме!

 Қарағайға қарап тал өсер, Құрдасына қарап бала өсер.

 Ауру қалса да, Әдет қалмайды.

18

Аңдамай сөйлеген Ауырмай өлер.

Өлiмнен ұят күштi.

Ойнақтаған бота От басады.

Ойыннан от шығар. Әлiн бiлмеген – әлек. Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

Талап – талмас қанат. Iздеген мұратына жетедi. Көрмес

Түйенi де көрмес.

Жығылып жатып, Сүрiнгенге күлме.

Таспен ұрғанды аспен ұр.

Алдыңа келсе, Атаңның құнын кешiр.

Жанған от – тәндi жылытады. Жақсы сөз – жанды жылыта ы.

Жоқ болсаң – жасыма, Тоқ болсаң – тасыма.

Қазақ мақал-мәтелдері

 Сұраған алады, Iздеген табады.

 Кiшiпейiл болғанмен, Кiшiрейiп кетпейсiң. Өр көкiрек болғанмен, Ұлылыққа жетпейсiң.

 Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келедi.

 Бiреудiң қолымен от көсеме.

 Өнерлi баланың он саусағы тең, Өнерсiз баланың бiр саусағы кем.

 Құрмет етсең, Құрмет көрерсiң.

Мал жан үшiн керек, Жан ар үшiн керек.

 Өзiңдi зор тұтпа, Өзгенi қор тұтпа.

Қанағат қарын тойғызады,

 Қанағатсыздық Жалғыз атын сойғызады.

 Сабыр түбi – сары алтын, Сарғайған жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа.

Жүзiгiң алтын болғанша, Жүзiң жарқын болсын.

0

Қисықтың көлеңкесi де қисық. Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын.

Сол көзiң оң көзiңе қарауыл болсын.

Жылтырағанның бәрi алтын емес.

Қолмен iстегендi Мойнымен көтередi.

Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

Кебектi үрме, көзiңе түсер. Ештен кеш жақсы.

Шешеге қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер.

Әдептi бала

Ата-анасын мақтатар. Әдепсiз бала,

Ата-анасын қақсатар.

ДЕНСАУЛЫҚ,

АС-ТАҒАМ, ТАЗАЛЫҚ

Денсаулық – зор байлық. Аурудың алдын ал.

Ауруын жасырған өледi.

Қазақ мақал-мәтелдері

21

 Аш кiсi – ұрысқақ, Ауру кiсi – тырысқақ.

 Бас аманда мал тәттi, Бас ауырса, жан тәттi.

 Күлкi – ашылған гүл, Көңiл – шашылған нұр.

 Ауру жайын баққан бiледi, Аңның жайын атқан бiледi.

Үш нәрсенiң алдын ал: Аурудың алдын ал, Жаудың алдын ал,

Қайта қозған даудың алдын ал.

Кесел батпандап кiрiп, Мысқалдап шығады.

Сырқат тән жарасы, Қайғы жан жарасы.

 Қара көзден нұр тайса, Қарға адым жер мұң болар.

 Ұйқы – тынықтырады, Жұмыс – шынықтырады.

 Қай жерің ауырса, Жаның сол жерде.

 Емнің алды – еңбек.

Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.

22

Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.

Тыста ұзақ жүргенің – Ұзақ өмір сүргенің.

Ас адамның арқауы.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады. Шыбын да балға қонады.

Қазан қайнап тұрса, Ақыл сайрап тұрады.

Атты қамшымен айдама, Жеммен айда.

Ат адамның қанаты, Ас адамның қуаты.

Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

Ет – етке, сорпа – бетке.

Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады.

Жұғын бар жерде – шыбын бар,

Шыбын бар жерде – шығын бар.

Қазақ мақал-мәтелдері

23

Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі.

 ЕҢБЕК, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ЕРІНШЕКТІК

Ер дәулеті – еңбек.

 Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.

Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.

 Бейнет, Бейнет түбi – зейнет.

Еңбек етсең – емерсiң.

Қолы қимылдағанның Ауызы қимылдар.

Еңбегiне қарай, өнбегi.

Еңбек – ширатады. Өмiр – үйретедi.

Еңбек пен бақыт егiз.

 Еңбекқор Ұйқыдан ширап тұрады.

 Ерiншек Ұйқыдан қирап тұрады.

24

Кедейлiк кетсiн десең, еңбек ет, Молшылық жетсiн десең, еңбек ет.

Бiр еңбектiң – бiр рақаты бар. Ерiнген екi iстейдi.

Қалған iске – қар жауар.

Еңбек – ырыстың бұлағы, Еңбек – бақыттың шырағы.

Шапқан озар, Жатқан тозар.

Еңбектiң наны тәттi. Жалқаудың жаны тәттi.

Еңбек адамды бүтiндейдi. Жалқаулық адамды түтiп жейдi.

Кедейлiк жаны тәттi жалқауға үйiр, Еңбек ете бiлмейтiн аңқауға үйiр.

Жалқаудың жұмысы өнбейдi Жаяудың жүрiсi өнбейдi.

Маңдайы терлемегеннiң Қазаны қайнамайды.

Ақымақ күлкiге тоймайды, Жалқау ұйқыға тоймайды.

Ерiншектiң егiнi пiспес.

Аттың сүрiншегi, Жiгiттiң ерiншегi жаман.

Ерiншекке есiк пен төр – Екi күндiк жер.

Қазақ мақал-мәтелдері

25

АРМАН, МАҚСАТ

Құсты қанат ұшырар, Ерді талап ұшырар.

Арман – адамға қанат. Талап – талмас қанат.

 Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда.

 Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес.

Арманы жоқ жігіттің пәрмені

 жоқ. Армансыз адам алысқа бармас.

 Талабы жоқ жас ұлан – Жалыны жоқ шоқпен тең.

 Іздеген мұратына жетеді. Ақылы жоқтың – арманы жоқ.

ӨНЕР, БІЛІМ-ҒЫЛЫМ

Өнер алды – қызыл тiл. Өнерлі өрге жүзеді.

 Сөз өнері – өлеңде, Қол өнері – кілемде.

 Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ғылым – жанып тұрған шырақ.

26

Жігітке жетпіс өнер де аз. Тiл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Шебердiң қолы – ортақ, Шешеннiң тiлi – ортақ.

Тiл – тиексiз.

Сөз тапқанға қолқа жоқ. Көп сөз – күмiс,

Аз сөз – алтын.

Шешеннiң сөзi – мерген, Шебердiң көзi – мерген.

Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтедi, Таяқ еттен өтедi.

Жақсы сөз – жарым ырыс. Орынсыз сөз орға жығады.

Ақынның тiлi қылыштан өткiр, Қылдан нәзiк.

Адам тiлiнен,

Ат аяғынан жазады.

Ең тәттi де – тiл, Ең ащы да – тiл, Ең жұмсақ та – тiл, Ең қатты да – тiл.

Қазақ мақал-мәтелдері

27

Жақсының өзi өлсе де,

Сөзi өлмейдi.

Айтылған сөз – атылған оқ. Тiс – тiлдiң қамалы.

 Сегiз тұтам сар садақ, Секiрген аңды сұлатар. Сегiз қырлы өткiр сөз, Сойылдай ердi құлатар.

 Аяққа кiсен салуға болар, Қолға кiсен салуға болар, Тiлге кiсен салуға болмас.

 Орақты ора бiлмесең, Қолыңды кесерсiң. Сөзiңдi сөйлей бiлмесең, Жолыңды кесерсiң.

 Қолың ұста болсын, Сөзiң қысқа болсын!

Өлеңдi қосылып айтқан жақсы, Сөздi тосып айтқан жақсы.

 Өнердi үйрен де жирен.

Әр нәрсеге асық болғанша, Бiр нәрсеге машық бол.

 Бөрi соғар жiгiттiң Бөрiгiнен белгiлi. Балта соғар жiгiттiң Көрiгiнен белгiлi.

 Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пiшер.

28

Өнер көзi – халықта. Тiгiншiнi инесi асырайды.

Ұстаның бiзi сүйкiмдi, Жақсының сөзi сүйкiмдi.

Астыңда дөненiң болғанша, Қолыңда өнерiң болсын.

Өнерлi бала елдiң көркi, Үкiлi қамыс көлдiң көркi.

Өнер – мiнсең ат, Ұшсаң – қанат.

Кисең – жанат, Iшсең – тамақ.

Жетi жұрттың тiлiн бiл, Жетi түрлi бiлiм бiл.

Кiсiнiң кiсiлiгi,

Киiмiнде емес, бiлiмiнде.

Шам жарығы түбiне түспейдi.

Киiмiне қарап, қарсы алады, Бiлiмiне қарап шығарып салады.

Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын.

Ғылым гауһар – Бағасы жоқ.

Надандық кесел – Дауасы жоқ.

Қазақ мақал-мәтелдері

29

Көп сөйлеген бiлiмдi емес, Дөп сөйлеген бiлiмдi.

 Ердiң атын аты шығарар, Ғалымның атын хаты шығарар.

 Бiлектi бiрдi жығады, Бiлiмдi мыңды жығады.

 Күш – бiлiмде, Бiлiм – кiтапта.

Қына тасқа бiтедi, Бiлiм басқа бiтедi.

Бiлiмдiге дүние жарық, Бiлiмсiздiң күнi кәрiп.

Болат бiз қап түбiнде жатпас.

 Кiтап – бiлiм бұлағы, Бiлiм – өмiр шырағы!

Көп оқыған бiлмейдi, Көп тоқыған бiледi.

 Бiлiмi жоқ ұл, Жұпары жоқ гүл.

ТОЙ-ДУМАН, ҚУАНЫШ

Тойдың болғанынан, Боладысы қызық.

 Аты, тоны сай кiсi, Жиын, тойға барысар, Ұлы, қызы бар кiсi, Құдалыққа барысар.

Шақырусыз тойға барғанша, Шарығыңды ки де, қойға бар.

Көңiлдiнiң үйiнде

Күнде мейрам, күнде той.

Жақсының жүрген жерi – Күнде жиын, күнде той.

Той – Құдайдың қазынасы. Той десе, қу бас домалар. Өлең – көңілдің ажары.

Батыр жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар.

Гүлсіз болса – жер мұңлы, Күлкісіз болса – ел мұңлы.

Күлкі – ашылған гүл, Көңіл – шашылған нұр.

ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТҮР

Жаңылмас жақ болмас, Сүрінбес тұяқ болмас.

Алдыңа келсе, Атаңнын құнын кеш.

Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң.

Орамал тонға жарамаса да, Жолға жарайды.

Қазақ мақал-мәтелдері

31

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Ескерген ескі асынан сақтайды. Береген қолым алаған.

Тойған тамақ түске жетпес, Ықылас естен кетпес.

Ас иесімен тәтті.

 Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма.

 Алты жасар бала алыстан келсе, Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.

Құрғақ қасық ауыз жыртар. Келгенше қонақ ұялар,

Келіп болған соң үй іші ұялар.

Қонақ атаңнан да ұлы.

Құтты қонақ келсе, Қой егіз табады.

Тас түскен жеріне ауыр.

 Мың сіз-бізден Бір шыж-быж артық.

АБЫРОЙ,

АР-НАМЫС, ҰЯТ

Жігітке абыройдан айырылғанша, Жанынан айырылған артық.

Тәнім – жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы.

Жарлы болсаң да арлы бол. Мал сақтама, ар сақта.

Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

Ер – халқының ұлы, намысының құлы. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.

Ел намысы – ер намысы.

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді.

Ақылың болса арыңды сақта, Ар-ұят керек әр уақытта.

Өлімнен ұят күшті.

Еңбек – өмірді ұзартады, Ұят – бетті қызартады.

Қазақ мақал-мәтелдері

33

ӨТІРІК, ШЫНДЫҚ, ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ

Өтірік пен өсек ағайынды.

Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады.

Өтірікшінің шын сөзі зая кетер. Өтірік өрге бастырмас. Өтiрiктiң құйрығы бiр-ақ тұтам. Біреудің сөзіне сенбе,

 өзіңнің көзіңе сен. Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.

 Өтiрiк деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салады. Әдiлет деген аға бар, Дұшпанның қолын қағады.

 Түстiк жерге өтiрiк айтсаң, Кешке артыңнан қуып жетедi.

 Өтiрiктi – шындай, Ақсақты – тыңдай.

Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ. Ақиқат қамал алдырар.

34

Аққа Құдай жақ. Шындықтың оты өшпес.

Отты үрлеген жағар, Шындықты іздеген табар.

Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді,

Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.

Жасыңда қылжың болсаң, Өскенде мылжың боларсың.

Ойыннан от шығар.

Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.

Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.

Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады. Ойнаған бота от басар.

Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар.

Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.

ӨМІР, ЖАСТЫҚ ШАҚ, КӘРІЛІК

Біреуге өлім тілегенше, Өзіңе өмір тіле.

Қазақ мақал-мәтелдері

35

Қазақ мақал-мәтелдері

36

Қазақ мақал-мәтелдері

37

Балалық шағы – патшаның тағы.

Жастық – желік.

 Жас – кәрінің көзі, Кәрі – жастың тезі.

 Жас кезімді бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.

Баланың сегізінде тісі түседі, сексенінде ісі түседі.

 Шөп те басынан қурайды. Көңіл қартаймас, көз қартаяр.

Ат тұяғын тай басар.

Қырықтан артық жас жоқ, Қымыздан артық ас жоқ.

 Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.

Адам өзінен кейінгілерді

көріп қартаяды.

 Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.

 Алтыға дейн бала ерке, Алпыстан кейін шал ерке.

Қасқырдан қайрат кетсе,

 Ешкіні апа, Текені жезде дейді.

Кәрі – кәрінің сөзі дәрі.

38

Ақылды қария – ағып жатқан дария. Қарты бар үйдің құты бар.

Ауылыңда қартың болса, Жазып қойған хатпен тең.

ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ

Жақсыда жаттық жоқ.

Жақсының өзi өлгенмен Сөзi өлмейдi.

Өзi жақсы кiсiге, Бiр кiсiлiк орын бар.

Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңi жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, Кегi жоқ.

Жақсы адам жолдасынан байқалады.

Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай.

Батырмын деп мақтанба, Жеңiп қайтпай.

Күн ортақ, Ай ортақ, Жақсы ортақ.

Жақсы кiсi қартайса да, Ақылынан танбас.

Жақсы ат қартайса да, Жүрiсiнен танбас.

Қазақ мақал-мәтелдері

Жақсы лебіз – Жарым ырыс.

Жақсының аты өлмейдi, Ақынның хаты өлмейдi.

 Жақсы қыз – Жағадағы құндыз, Жақсы жiгiт – Көктегi жұлдыз.

 Жақсы туса – ел ырысы, Жауын жауса – жер ырысы.

Жақсы жатырқамайды, Аңқау аңдамайды, Әңгүдiк тыңдамайды.

Жақсымен сөйлеcсең, Көңiлiң ашылады. Биiк төбеге шықсаң Көзiң ашылады.

Ақ сұңқар, ұшқырмын деп мақтанба, Алдыңда құрулы торлар бар. Арғымақ, жүйрiкпiн деп мақтанба, Алдыңда алуан орлар бар.

 Жақсы келдi дегенше Жарық келдi десейшi. Жақсылықтың үлгiсiн Алып келдi десейшi.

Жақсылықтың ерте-кешi жоқ. Жақсыдан – шарапат.

Әкең жақсы кiсi едi, Жел жағыңа пана едi.

Анаң жақсы кiсi едi, Жетiмдерге ана едi.

Бардан – пейiл, Жақсыдан – мейiр.

Жаңбырсыз жер – жетiм, Жақсысыз ел – жетiм.

Су ағады сайменен, Шам жанады майменен.

Жақсыға жақсы қосылса, Күн туады айменен.

Атадан – өсиет, Анадан – қасиет.

Жаны жақсы ағаның Етегiн баспа, жолын қу. Болайын деген баланың Бетiн қақпа, белiн бу.

Қызың жақсы болса, Өрiсiң кеңейедi.

Ұлың жақсы болса, Қонысың кеңейедi.

Аға болар жiгiттiң Етек-жеңi кең келер.

Арғымақ болар құлынның Жал, құйрығы дөңгелер.

Қазақ мақал-мәтелдері

Жақсылыққа жерiк кiсi – Уәдесiне берiк кiсi.

 Екi тентек кездессе, Төбелеспен тарқайды. Екi мылжың кездессе, Ерегiспен тарқайды.

 Екi жақсы кездессе, Елжiресiп тарқайды.

Жақсының өңi қартайса да, Көңiлi қартаймайды.

 Жақсы iске жан сүйiнер. Жақсының жаттығы жоқ.

Жақсы жастан шығады, Темiр тастан шығады.

Жiгiт жақсысын Сұлтан дейдi. Ит жақсысын Сырттан дейдi.

 Жақсы – елдiң мақтаны, Жұпар гүл – жердiң мақтаны.

Жақсыны көрiп – Жан семiредi.

Жақсылық етсең, жарты етпе.

Жақсы жаныңа жолдас, Жаман малыңа жолдас.

Күншілдің күні шықпас.

42

Кең пейілдің ішінде кен жатады, Тар пейілдің ішінде тас жатады.

Әркім жолдас болады амандықта,

Жаман тастап кетеді жамандықта.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

БАЙЛЫҚ ПЕН КЕДЕЙЛІК

Жоқтық ұят емес, Тоқтық мұрат емес.

Аттыға жаяу жолдас болмас. Жаяуға жол алыс.

Аш бала

Тоқ баламен ойнамайды. Тоқ бала

Аш болам деп ойламайды.

Аузы қисық болса да Байдың ұлы сөйлесiн.

Сараң бай союға қозы таппай Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Қазақ мақал-мәтелдері

43

 Бар мақтанса, табылар, Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бiр уыс топыраққа тояды.

 Малға жарлылық – жарлылық Ақылға жарлылық – сорлылық.

Он екi мүшең сау болса Сәулет емей немене?! Он саусағың сау болса Дәулет емей немене?!

 Барымтаны бай алады, Бәлесi кедейге қалады.

 Бай бiр жұттық, Батыр бiр оқтық.

 Бармын деп мақтанба, Жоқпын деп қорланба.

 Бар болсаң – аспа, Жоқ болсаң – саспа.

 Бай болып көргенiмiз жоқ, Кедей болып өлгенiмiз жоқ.

Жоққа жүйрiк жетпейдi.

 Көптен дәметкен, Аздан құр қалады.

Базары жақын – байымас.

 Үйдегi есептi Базардағы нарық бұзар.

44

Ақшада көз жоқ.

Қысқа жіп күрмеуге келмес. Басқа түссе – баспақшыл.

Қазақ мақал-мәтелдері

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді.

Қарыз қатынас бұзады.

Бай атқа мінсе, құтты болсын дейді, Кедей атқа мінсе, қайдан алдың дейді.

БАҚЫТ ПЕН БАҚЫТСЫЗДЫҚ

Бақ қонатын адамның,

Ұлы епті, қызы көрікті болады.

Таудай талаптан – бармақтай бақ. Батар күннің атар таңы бар.

Басыңа бақ қонғанда, Елден асқан данасың. Басыңнан бақ тайғанда, Қалыбыңа барарсың.

Ақсақ түйенің аузына

Жел айдаған қаңбақ түсер.

5

Жарлының жалғыз қозысын

қасқыр жейді.

 Бұлт қайда қонса, Береке сонда көшеді.

Жұт жеті ағайынды.

 Құлан құдыққа құласа, Құлағында құрбақа ойнайды.

Жау жағадан алғанда, ит етектен тартады.

Қойға қасқар шапқанда,

ит семірер.

 Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

 Жамандық аяқ астында. Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады. Қырсыққанда қымыран іриді.

Қырықтың бірі қыдыр.

 Бағы тайған адамды түйе үстінен ит қабар.

 Жолы болар жігіттің Желі оңынан тұрады.

Аңшының кешіккенінен сүйін. Сау басқа сақина тілеп.

Күріш арқасында күрмек су ішер. Қаралы көңіл – жаралы.

Олай тартсаң – өгіз өледі, Бұлай тартсаң – арба сынады.

Аспаннан іздегенім аяғымның астынан шықты.

Жапалақты тасқа ұрсаң да, Жапалақ өледі.

Таспен жапалақты ұрсаң да, Жапалақ өледі.

Байтал түгіл бас қайғы. Жерге түскен жетімдікі.

Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

Дүние – кезек.

Өлмегенге өлі балық кездеседі. Жаман айтпай жақсы жоқ.

ПАЙДА, ОЛЖА, ШЫҒЫН

Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.

Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал.

Қазақ мақал-мәтелдері

47

Оңай олжа оңалтпас.

 Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

Құдаңның тайын алғың келсе, Құлынды биесін сұра.

Ат аунаған жерде түк қалар. Таңдағы тауықтан сол күнгі

 жұмыртқа артық. Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

 Бүлінген ауылдан бүлдіргі алма. Керек тастың ауырлығы жоқ. Шығасы шықпай кіресі кірмейді. Бір жоқ бір жоқты табады.

 Саудада достық жоқ. Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Ескі жұрттың кәдірі көшкенде білінер, Ер жігіттің кәдірі өлгенде білінер.

 Оңай олжа тұрмас қолға. Желмен келген желмен кетеді.

Ханның қасында болғанша, судың басында бол.

48

Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

Алдың – ұттың, Саттың – жұттың.

Қазақ мақал-мәтелдері

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас. Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – Жерге жауған нұр.

Шығасыға иесі басшы.

Бір жол бар жақын, Жақын да болса алыс. Бір жол бар алыс, Алыс та болса жақын.

Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

ДОСТЫҚ, ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК

Асы бар қазан сүйкiмдi, Досы бар адам сүйкiмдi.

Жат асыңа қарайды, Дос басыңа қарайды.

Тiстем нанның қадiрiн Тарыққанда бiлерсiң. Анық достың қадiрiн Зарыққанда бiлерсiң.

Қарның ашса қосқа бар, Қайғың асса досқа бар.

 Достың ескiсi, Тонның жаңасы жақсы.

Дұшпан күлдiрiп айтады, Дос жылатып айтады.

 Досы көптi жау алмайды, Ақылы көптi дау алмайды.

 Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.

 Доссыз өмiр – тұзсыз ас, Достық құлпын байқап аш.

Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.

 Айырылмастай досыңа Қайырылмастай сөз айтпа.

 Ырыс алды – ынтымақ. Бiрлiк болмай – тiрлiк болмас.

 Алтау ала болса, Ауыздағы кетедi. Төртеу түгел болса, Төбедегi келедi.

Ынтымақтың түбi – игiлiк,

 Бiр жеңнен қол шығар, Бiр жағадан бас шығар.

50

Қырық кiсi – бiр жақ, Қыңыр кiсi – бiр жақ.

Күш – бiрлiкте.

Саусақ бiрiкпей – Ине iлiкпейдi.

Қол жұмылмай – жылынбайды.

Ұрыстың арты – ренiш. Татулықтың арты – кенiш.

Бiрлiксiз iсте береке жоқ.

БАТЫРЛЫҚ, ҚОРҚАҚТЫҚ

Нар тәуекел – ер iсi.

Ел үмiтiн ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

Ер – намысының құлы.

Ерлiк бiлекте емес, жүректе. Айлалы батыр алдырмас.

Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Шын орақшы орақ таңдамайды, Шын батыр қару таңдамайды.

Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.

Қазақ мақал-мәтелдері

51

Шын ер – жеңсе, тасымас, Жеңiлсе, жасымас.

 Ат басына күн туса, Ауыздығымен су iшер; Ер басына күн туса, Етiгiмен су кешер.

 Ер жiгiттiң Екi сөйлегенi – өлгенi.

 Еменнiң Иiлгенi – сынғаны.

 Батыр – елдiң сәулетi, Бал құрақ – көлдiң сәулетi.

Арғымақ бiрде жалды,

 Бiрде жалсыз. Ер жiгiт бiрде малды,

Бiрде малсыз.

 Ер айтпас, Айтса, қайтпас.

 Тәуекел тау жығар.

 Отызыңда орда бұзбасаң, Қырқыңда қыр аса алмассың.

Алпыс күн атан болғанша Алты күн бура бол.

Жiгiт жанған шоқ болсын, оқ болмаса, жоқ болсын.

52

Батыр қол бастар, Көсем жол бастар, Шешен сөз бастар.

Батырды жауда, Шешендi дауда сына.

Көз қорқақ, қол батыр.

Елi жоқ – жер жетiм, Ерi жоқ – ел жетiм.

Тауды биiк демеңдер, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты демеңдер, Жарақтансаң жығарсың.

Ездiң тiлi – батыр, Ердiң қолы – батыр.

Жiгiттiң жолбарысы –

Жол торымайды, ел қориды.

Батыр жарқырап жүредi, Қорқақ – қалтырап жүредi.

Жiбек белбеу – белдiң көркi, Батыр жiгiт елдiң көркi.

Ақылдан асар амал жоқ, Батылдар алмас қамал жоқ.

Арпасыз ат қыр аса алмас, Арқасыз батыр жау ала алмас.

Бөрікті тастап,

бөріден құтылуға болмайды.

Қазақ мақал-мәтелдері

53

 У ішкен бір өледі, Ант ішкен мың өледі.

 Ер бір рет өледі, Ез мың рет өледі.

 Қоян көлеңкесінен қорқады. Шегірткеден қорыққан егін екпес. Сасқан үйрек артымен сүңгір.

 Қорыққанға қос көрінеді. Қорқақтың сылтауы қойнында. Қорыққан бұрын жұдырықтар. Үріккен ит үш күн үреді.

АҚЫЛДЫЛЫҚ, АҚЫМАҚТЫҚ

 Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар.

 Адам ақылымен бай, Жер дақылымен бай.

Ақыл арымас, алтын шірімес.

 Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Жыртық жамауға күледі.

54

Ашу тасады, ақыл басады.

Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт – құты қашсын.

Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді. Жақсыға шаң жуымас,

Жаманға жан жуымас.

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.

Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

Жаман өз үйіне өзі қонақ. Білмеген у ішеді.

Көрмес, түйені де көрмес.

Ақымақ жауынды күні суға түсер. Ақылды жылдығын,

ақылсыз күндігін ойлайды.

Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.

Қазақ мақал-мәтелдері

55

 Жаман етіңе келеді, жақсы ниетіңе келеді.

 Ақыл – дария, алсаң да таусылмайды,

 Жер – қазына, саусаң да таусылмайды.

 Жасы кіші ініні, Ақылы артса аға тұт.

Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді.

Шаш ал десе бас алар.

 Ата-ананың ақылы – Сайрап жатқан жолмен тең.

 Ақылдының ақылы – Сарқылмайтын көлмен тең.

 Жығылған сүрінгенге күледі. Қисық ағаштың көлеңкесі де

қисық.

 Ақымақтың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы жүрегінде.

 Жаманның ақылы түстен кейін кіреді.

 Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.

Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат. Жаманның ойыны да жаман.

Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады.

Ақылдыны алысым деме, Ақылсызды жақыным деме.

Адамның тізгіні – ақыл.

Ашу шабыстырады, Ақыл жарастырады.

Ақылдыға жан қымбат, Ақылсызға мал қымбат.

Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді.

Түбі тесік қазанға

Қанша құйсаң толмайды. Ақылы жоқ адамға

Қанша айтсаң да қонбайды.

Асқар тау алыстан көрінеді.

Арсыз болса – қыз қорлық, Ақылсыз болса – ұл қорлық.

Есекке ерген күлге аунар.

Адамға ақыл көптік қылмайды.

Ақылды жігіт атқа да отырар, Таққа да отырар.

Аузың қайда десе, мұрнын көрсетеді.

Қазақ мақал-мәтелдері

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.

57

 Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді, Жаман күліп өтеді.

Ақылы аздың – азабы көп.

ҰСТАМДЫЛЫҚ, АШУШАҢДЫҚ

Қой алты күн аштыққа шыдайды. Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Бүргеге өкпелеп тоныңды

отқа тастама.

 Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.

Асықпаған арбамен қоян алады.

Көш жүре түзелер.

 Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.

Ашынған тілді болады.

Ашу арындайды, ақыл аяңдайды.

Ашу – пышақ, ақыл – таяқ.

Орынсыз ашу – от шашу.

Аюды жеңген – жарты ер, Ашуды жеңген – бүтін ер.

Көзі қарайған там сүзер.

Ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер.

Сабын кірді ашады, Сабырсыз сырды ашады.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос.

Қазақ мақал-мәтелдері

Жаманның ашуы басы жерге тигенше, Жақсының ашуы шәйі орамал кепкенше.

Ашу келсе – ақыл кетер. Ашудан ақыл көп болса, Ашу не етер?

Ашу үстінде ант жүрмейді.

ҮНЕМШІЛДІК, ҮНЕМСІЗДІК

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Саумал ішсең қымыз жоқ, Байтал мінсең құлын жоқ.

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

Алтын тапсаң санап ал.

59

 Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.

 Ескі киімді баптағаның, Жаңа киімді сақтағаның.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

 Тамшыдан – дария. Судың да сұрауы бар. Есептемегенге бәрі түгел.

Сауып ішсең мың күндік, Сойып жесең бір күндік.

 Атыңнан айырылсаң да, Ер-тоқымыңнан айырылма.

Үзіп жеген үнемге жатпайды. Ескі киім жаңа киімнің

қорғаушысы.

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

Базары жақын байымас. Қолдағының құны жоқ.

Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

 Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.

60

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,

Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

Жұмыртқаны жегенің – Тауықты құрттым дегенің.

Шашу оңай, жинау қиын.

Атын алдырған ерін жоқтамайды, Басын алдырған сақалын жоқтамайды.

КІШІПЕЙІЛДІЛІК, ТӘКАППАРЛЫҚ

Кішіпейлділік кішілік емес, кісілік қасиет.

Кішіпейілділік – кісінің көркі. Жат үйінде жатық бол.

Көп тыңда, аз сөйле.

Екі кісі сығылысса, Бір кісілік орын бар.

Көптен дәметкен, аздан құр қалар. Көрпеңе қарай көсіл.

Қойға қоңырау жараспас.

Бір киікті бір тау аш қылмайды. Аштан өлмей, көштен қалмай.

Қазақ мақал-мәтелдері

61

Итке тұмар жараспас. Сиырға ер жараспас.

 Есекке үкі тақпайды, Ешкіге жабу жаппайды.

Бойың қысқа болса, түйеге мін, Бойың ұзын болса, есекке мін.

Бір тойда екі жар жоқ. Нысап сайын береке.

Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, Қолыңдағы шымшығыңнан

айырылма.

Есіктен орын тапсаң, төрге озба.

 Барымен базар. Жетімге жеті бидай да тамақ.

 Айтпас жерде аузыңды тый, Қышынбас жерде қолыңды тый.

 Өзінің шарқын білген, Өзгенің нарқын біледі.

 Барымен базар, жоқты қайдан қазар.

 Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыздық жалғыз атын

сойғызады.

Кішіпейілдіктен кішіреймейсің. Ит құтырса иесін қабар,

Шымшық құтырса бүркітке шабар.

Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас.

Тойсаң тоқтының еті топырақ татиды.

Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.

Ер өнерімен мақтансын.

Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас.

Асқанға аспан да аласа.

Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс. Семіздікті қой ғана көтереді.

Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл.

Алтаумын деме, жетеуге жолығарсың, Жетеумін деме, сегізге жолығарсың.

Тағасының күмісіне мақтанба, Атыңның жүрісіне мақтан.

Қазақ мақал-мәтелдері

63

Баймын деп мақтанба,

 Жарлылық бар. Көппін деп мақтанба, Жалғыздық бар.

 Тентек өзін дәу санайды, Жантақ өзін бау санайды.

 Айдағаны бес ешкі Ысқырығы жер жарады.

Есек семірсе иесін тебер.

 Есек өзін атқа балайды да, Әттең, деп құлағына қарайды.

Өзім білем деген, өрге баспас.

 Айға бойымыз жетсе, күнге қолымыз жетеді.

Бидайдың кеудесін көтергені

 Дақылы жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені

Ақылы жоқтығы.

 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, ҚАЙЫРЫМСЫЗДЫҚ

Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Жақсылыққа жақсылық

 – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық

– ер кісінің.

Қайыр бар жерде ырыс бар.

64

Ескіге жаңа өлшеуіш, жаманға жақсы өлшеуіш.

Жақсылық – жүректен, жамандық – білектен.

Мың адам салған көпірді бір адам қиратады,

Бір адам жаққан от

он адамды жылытады.

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

Ақ болсын, қара болсын, иттің аты ит.

Жақсы жүрген жерінде кент салады, Жаман жүрген жеріне өрт салады.

Екі жүзді адам

екі жүзді пышақтан жаман.

Құдықтан су ішкен, Қазғанға рақмет айтады. Ағашты көлеңкелеген, Еккенге рақмет айтады.

Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің.

Қазақ мақал-мәтелдері

65

МЫРЗАЛЫҚ, САРАҢДЫҚ

Қолы ашықтың – жолы ашық.

Ер қолында мал тұрмайды, Елек ішінде су тұрмайды.

Сыйлап берген су да тәтті.

 Етпен қарын тоқ, Ниетпен жаның тоқ.

Алаған қолым береген.

Табақты үйдің тауығы – Қос жұмыртқа туады.

Бермегенді беріп ұялт. Кедей мәрт келеді.

Берсең – аларсың, ексең – орарсың.

Бүтін берсең, бүтін аласың.

Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан

танимын.

 Біреуге мал қайғы, Біреуге жан қайғы.

66

Сараң да бір, сасық су да бір. Көз бір уыс топыраққа тояды. Алтын тыққан адам аштан өлер. Аласыға алтау аз,

Бересіге бесеу көп.

Түйе сойған,

ешкі сойғаннан дәметіпті.

Өзі тоймастың көзі тоймас. Сараңның қолы қалтырауық.

Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.

Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес.

Берместің сылтауы көп.

Өзі тойса да көзі тоймайды.

Сараңнан сарқыт жегенше, Иттен тартып же.

Жыланға түк біткен сайы қалтырауық болады.

Қазақ мақал-мәтелдері

67

Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.

Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды.

Сараңдықтың соңы – арамдық. Түлкі түсінде тауық көреді. Алмақтың да салмағы бар.

 СҮЙЕНІШ, ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит малға серік.

Ер қанаты – ат. Жақсы ит –

иесінің көз-құлағы.

Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды.

«Әйт-шу» деген атанға демеу,

«Әуп» деген ерге демеу.

Жалғызға ұжмақ та

жараспайды.

Жалғыз ағашты жағу қиын, Жалғыз баланы бағу қиын.

68

Жалғыз тері тон болмас, Жалғыздың сөзі оң болмас.

Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.

Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй болмас.

Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас.

Жалғыз иттің үргені білінбес, Жалғыз кісінің жүргені білінбес.

Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз бие саба болмас.

Жалғыз түйе бақырауық, Жалғыз бала жылауық.

Үйірінен айырылған малды қасқыр жейді.

Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды,

Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.

Қазақ мақал-мәтелдері

69

Саяқ жүрсең таяқ жерсің.

Жаяудың жүрісі өнбейді, Жалғыздың ісі өнбейді.

 Жанашыры жоқ адам Жал-құйрықсыз атпен тең.

АҢҚАУЛЫҚ, ҚУЛЫҚ

 Жуас түйеге әркім ие. Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды. Жуас тананы падашы мінеді,

Жуас адамды әркім іледі.

Жуас түйе жүндемекке жақсы. Қой аузынан шөп алмас.

Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме. Ала ойлаған алысқа бармайды. Айлалы түлкі алдырмас.

Есебін тапқан екі асар.

Кәрі қасқыр қақпанға

түспейді.

Екі жүзді пышақтан

 сақтанба, Екі жүзді адамнан

сақтан.

70

Бал тамған тілден у тамар. Қудың аяғына су жұқпас.

Бұралқы ит үріп жағады.

САҚТЫҚ, ЗАЛЫМДЫҚ

Сақ жүрсең, сау жүресің. Жаман көзден,

Жалған сөзден сақтан.

Тыстағы мың жаудан, Үйдегі бір жау жаман.

Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.

Көп ойласаң – дана боласың, Көп ойнасаң – бала боласың.

Көсеу ұзын болса, қол күймес.

Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

Қамданған қапы қалмайды.

Адам сөзінен жазады, Сиыр мүйізінен жазады.

Аузы күйген үрлеп ішер.

Тістейтін жылқы тісін көрсетпейді.

Қазақ мақал-мәтелдері

71

Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа тиер.

Қазанға тиме – қарасы жұғар, Балаға тиме – бәлесі жұғар.

Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

Құлайын деп тұрған тамға сүйенбе. Сақтықты сұңқардан үйрен.

 Қыстың қамын жаз ойла, Жаздың қамын қыс ойла.

Бір күндік жолға шықсаң, Үш күндік жол азық ал.

 Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман.

Жатқан жыланның құйрығын баспа.

Сумен ойнама – батарсың, Отпен ойнама – күйерсің.

Досыңмен көп сөйлеспе –

 жолынан қалар, Дұшпаныңмен көп сөйлеспе –

сырыңды алар.

Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын.

72

Сапарға шықпас бұрын серігіңді дайында,

Үй салмас бұрын көршіңді ойла.

Соқырдың қолына түспе, Саңыраудың астына түспе.

Жау жоқ деме – жар астында, Бөрі жоқ деме – бөрік астында.

От пен су – тілсіз жау.

Кетемін деп отыныңды тауыспа.

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтасын.

Өзі саққа Құдай жақ.

Кірмес бұрын, шығарыңды ойла. Жамандықты көп қуған,

Бір бәлеге жолығар. Жақсылықты көп қуған, Бақ-дәулетке молығар.

Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер.

Сұм сипап отырып шымшиды.

Жаман арба жол бұзар, Жаман адам ел бұзар.

Бөрі тойғанына мәз емес, Орғанына мәз.

Қазақ мақал-мәтелдері

ҰРЛЫҚ, КҮНӘ

Түйені түгімен, атты жүгімен. Ұрлық, ұрлық түбі қорлық.

 Түйе ұрлаған да – ұры, Түйме ұрлаған да – ұры.

Бөрі азығы мен ұры азығы жолында.

Ұры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды.

Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.

 Ұры бүлікке құмар, Шыбын шірікке құмар.

 Сұқ семірмес, ұры байымас. Көп жортқан түлкі терісін алдырар.

Жапалаққа күннен түн

жарық.

Ұры басқаның малын жейді,

өзінің арын жейді.

Адам тілінен жазады, Ұры ізінен жазады.

Ұры бір түнде – бай, Бір күнде – кедей.

 Қасқыр қарызын терісімен төлейді.

74

Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

Қасқыр мен ұры мінездес, Екеуі де түнді аңдиды.

Бұлбұл мен гүл мінездес, Екеуі де күнді аңдиды.

Қонақ келсе – құт, Қарақшы келсе – жұт.

Жамандық жасырылмас.

Айран ішкен құтылады, Шелек жалағын тұтылады.

ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ

Су аққан жерінен ағады, Шөп шыққан жеріне шығады.

Ағын су бал татыр, ақ балығы май татыр.

Жері құтты болса, малы сүтті болады.

Жер бауыры – жазық. Бұлақ болмаса,

өзен болмас еді.

Жердің көркі тал болар, Елдің көркі мал болар.

Су да басынан тұнады. Жер – семіз, от – арық.

Қазақ мақал-мәтелдері

75

Қазақ мақал-мәтелдері

76

Қазақ мақал-мәтелдері

77

 Су – тілсіз жау. Су жүрген жер шүлен.

 Сулы жер – нулы жер, Бұлақты жер – тұрақты жер. Төгілген топырағымен толады.

 Толықсып аққан дария – мейірбанды қария.

 Су басынан бұзылады, балық басынан шіриді.

Шөбі жоқ деп, жерден түңілме, Малы жоқ деп, ерден түңілме.

Судың басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ.

 Сәуірдегі жауын – Сауып тұрған сауын.

Қу ағашқа құс қонар.

Сусыз жерде қамыс жоқ, Азған елде намыс жоқ.

Ағаш та ылғалды жерде көгереді.

 Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.

Жас ағашқа сүйеніп қу ағаш күнелтер.

Алма ағашынан алыс

түспейді.

Жемісті ағаштың басы төмен.

Жастанғаның жапырақ, төсенгенің топырақ.

Мәуелі ағаш майысқақ. Шөп те басынан қурайды.

Жемес жерде от бар, Ішпес жерде су бар.

Жаздың бір күні, қыстың мың күні.

Нөсер алдында найзағай ойнайды. Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жауады.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Сәуір болмай, тәуір болмас. Сүмбіле туса, су суыр.

Қыс – арбаңды,

Жаз – шанаңды даярла.

АҢШЫЛЫҚ, САЯТШЫЛЫҚ

Ителгi салған ет жейдi, Атының етiн ит жейдi.

Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгi етек былғайды.

Қазақ мақал-мәтелдері

79

 Қиядағы қызыл түлкiнi Қияннан соққан бүркiт алады.

 Құсбегiсi келiссе, Күйкентай құс қаз алар.

 Саятшының сұңқары Салған жерден iледi.

 Тауыңдағы түлкiнi Бабындағы бүркiт қана алады.

Қыран жүйрiк пе, Қиял жүйрiк пе?

 Қолмен бергенге құс тоймас. Ителгiнiң баласы iлмей қалмас.

 Қаршыға қазан қайнатар, Ителгi иығыңды талдырар.

 Қаршыға қаз алса, Ителгi етек қабады.

 Қыран қияда өледi. Қыран қияда түлейдi.

 Ит иесi үшiн алады. Бүркiт жемi үшiн алады.

Топтанып ұшқан торғайға Тұрымтай да бата алмас.

Ажалды қарға бүркiтпен ойнайды.

 Атбегi – аттың тұяғына қарар. Құсбегi – құстың қияғына қарар.

80

Қиядағыны қыран ғана көредi. Ұядағыны жылан ғана көредi.

Құс бағу да бiр қызық, Құс салу да бiр қызық.

Екi сұңқар таласса, Бiр қарғаға жем түсер.

Құстың бәрi сұңқар болмас, Аттың бәрi тұлпар болмас.

Сұңқар орманға тартар, Тұлпар қорғанға тартар.

ЕГІНШІЛІК

Жердiң сәнi – егiн. Ердiң сәнi – бiлiм.

Арпа, бидай ас екен, Алтын, күмiс тас екен.

Берген алар, еккен орар.

Егiндiктi күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар.

Ерiншек егiншiден Елгезек масақшы озады.

Орақшының жаманы Орақ таңдайды.

Егiн ырыс таңдамайды. Еңбек таңдайды.

Егiнiңдi дөңге сал,

Дөңге салсаң – көңге сал.

Қазақ мақал-мәтелдері

Етiкшiнi балға мен бiз асырайды. Егiншiнi кетпеннiң жүзi асырайды. Ақ қар көп болса – ақ нан көп.

 Егiндi күндiз егiп, түнде суар. Гүлдi күн көзiне егiп, күнде суар.

Жаңбыр жауса – жердiң ырысы, Егiн бiтсе – елдiң ырысы.

Ағаш – жапырағымен, Жер – топырағымен.

Жерiңдi баптай бiлсең – Астықты қаптай бiлесiң.

Еге бiлсең, егiн тасқа да бiтедi.

Бел орақтың шыңы бiр, Шаруаның мұңы бiр.

 Диқан жерiм дейдi, Жерi үшiн ерiнбейдi.

 Жердiң тiлiн бiлсең, Тiлдей жерден жылдық өнiм

 аларсың. Елдiң тiлiн бiлсең,

Елге сыйлы боп жағарсың.

Басыңды көтерiп елден сұрағанша, Басыңды иiп жерден сұра.

 Тары болса, Тауық табылады.

82

Түнгi су – ну, Күндiзгi су – бу.

Күтiмдi егiн бiтiмдi, Бiтiмдi егiн түсiмдi.

Қысың қарлы болса – жер семiз. Көктемiң жаңбырлы болса –

дән егiз.

Диқан жерiн анасындай сүйедi, Жер диқанын баласындай сүйедi.

Күрiш, күрiш суымен ырыс.

АҢ-ҚҰС, ТӨРТ ТҮЛІК

Тышқан көп жылы – тоқшылық. Қоян көп жылы – жоқшылық.

Құс патшасы – бүркiт, Аң патшасы – арыстан.

Арқар – құлжасымен, Өзен – жылғасымен.

Түз тағысы – табиғатпен тiлдес. Бөдененiң үйi жоқ,

Қайда барса бытпылдақ.

Аң таппаған атынан көредi. Ата алмаған мылтығынан көредi.

Қазақ мақал-мәтелдері

83

Ажалды киiк адырға қашады.

Бөлтiрiктi қанша асырасаң да, Тоғайға қарап ұлығанын

қоймайды.

Қоян көлеңкесiнен қорқады.

 Қағынан жерiген құлан Қаңғырып жүрiп шөлде өлер. Қоянның қарасын көрiп, Қалжасынан түңiл.

Борсық ұрған сайын семiредi.

Қасқыр байлағанға көнбес, Шошқа айдағанға көнбес.

Түлкi жатарында жер таңдамайды.

Арыстанның ойынынан Түлкiнiң мойны үзiледi.

 Құзғын ас таңдамайды. Қасқыр да қас қылмайды

жолдасына.

84

Қасқырдан қорыққан тоғайға бармас.

Қасқыр қарызын терiсiмен төлейдi.

Бөрi арығын бiлдiрмес, Итке сыртын қампайтар.

Арыстан күшiгiн тiстеп сүйедi.

Бөркiңдi берiп бөрiден құтылмайсың.

Көбiк қарда түлкi ойнар.

Көк шалғында жылқы ойнар.

Аю – аңғал, Түлкi – айлакер.

Түлкi түсiнде тауық көредi. Түлкiнi түн асырайды.

Малды бақсаң қойды бақ, Май кетпейдi шарадан.

Ит асырасаң сырттаннан Қой бермейдi қорадан.

Қойдың сүтi – қорғасын.

Екi қошқардың басы бiр қазанға сыймас.

Семiздiктi қой көтерер. Семiздiң аяғы сегiз.

Қазақ мақал-мәтелдері

Қарақұрт жесе қой семiредi.

 Арық малды асырасаң Аузы-мұрныңды май етер. Арам адамды асырасаң Аузы-мұрныңды қан етер.

 Қойлы бай – қорлы бай, Жылқылы бай – сылдыр бай.

Қой семiзi – қойшыдан.

Мал өсiрсең қой өсiр, Өнiмi оның көл-көсiр.

Қой шелдi болмай, төлдi болмайды.

 Қой алты күн аштыққа шыдайды.

 Қойдың басын құмға көм, Сиырдың басын нуға көм, Түйенiң басын сорға көм.

 Төлден мал өседi. Шыбықтан тал өседi.

 Жетiм қозы тез отығар, Жетiм бала тез жетiлер.

Пiшендi салқында шап, Қойды салқында бақ.

 Бидайды қуырған, Қойды шұбырған құртады.

Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат, Жаз қойыңа жазық жердi жайлат.

Әкесi қой баға бiлмегеннiң Баласы қозы баға бiлмейдi.

Қой жүрген жер береке, Қыз жүрген жер мереке.

Қойға екi құлағынан басқаның бәрi жау.

Қой – байлық, Жылқы – сәндiк.

Қойдай қоңыр, Қозыдай момын.

Сиыр бақтым – сидаң қақтым, Ешкi бақтым – еңiреп бақтым.

Қой бақтым – қоңыраулаттым. Қыста қойыңды бақ,

Жазда шөбiңдi шап!

Арық ат – тулақ, Ашаң жiгiт – қунақ.

Жылан жылы – жылыс, Жылқы жылы – ұрыс, Қой жылы – тыныс.

Құтты қонақ келсе, Қой егiз туады.

Қазақ мақал-мәтелдері

87

 Қойыңды жаз бақ, күз бақ, Сонан соң құй бақпа, құй бақ.

Ешкiлi қой өргiш.

 Ешкiнi түлен түртерде Шопанның таяғына сүйкенер.

 Бұрын шыққан құлақтан, Кейiн шыққан мүйiз озады.

Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп Құлағынан айырылыпты.

 Айдағаның бес ешкi, Ысқырығың жер жарады.

Бiр лақ екi адамды талтаңдатады.

Жалғыз ешкi лақтап, Уызына жарытпас.

Ешкi бастаған қой, егiнге түседi.

Лақпын деп ойлайды тоқал ешкi.

Жылқы атасы – Қамбар ата, Сиыр атасы – Зеңгi баба, Түйе атасы – Ойсыл қара, Қой атасы – Шопан ата, Ешкiнiң иесi – Сексек ата.

Нар жолында жүк қалмас.

 Қуырдақтың әкесiн Түйе сойғанда көрерсiң.

Жуас түйе жүндемекке жақсы.

88

Кәрi түйе ойнақтаса жұт болар. Жығылсаң нардан жығыл.

Түйе бойына сенiп жылдан құр қалған.

Түйенiң үлкенi Көпiрден таяқ жейдi.

Екi аяқтыда бөле тату, Төрт аяқтыда бота тату.

Нар сәулеттi ашамай.

Ақ түйенiң қарны ақтарылды.

Атан түйе жүк астында қартаяр.

Түйе жантақ жегiсi келсе, Мойнын созады.

Екi нар сүйкенсе Ортасында шыбын өлер.

Жар басындағы жантақты Жанынан безген нар жейдi.

Шөлге шықсаң, шөл екенiн бiлiп шық,

Шөл тәңiрi сары атанға мiнiп шық.

Бие мiнiп тойға барма, Көкпар шаба алмайсың. Түйе мiнiп қойға барма, Жөндеп баға алмайсың.

Қазақ мақал-мәтелдері

Түйенiң жолы үлкен, Аттың жөнi үлкен.

 Нар – түйеден. Тұлпар – биеден.

 Ботасы бар түйелер, Боздамай от жемейдi.

 Түйеден жығылсаң, Түйе шудасын төсейдi. Аттан жығылсаң,

 Ат жалын төсейдi. Есектен жығылсаң, Есек тұяғын төсейдi.

Түйенiң жантақ жемесе

тiлi қышиды.

 Тұз десе түйеде тағат жоқ, Төркiн десе қызда тағат жоқ.

Түйе жұлғанын бiлмейдi,

Жұтқанын бiледi.

Төрт түлiктiң төресiн түйе дейдi.

Ауыр жол – атанды сынайды, Ауыр iс – адамды сынайды.

 Тебеген болса биең жау, Сүйкеншек болса түйең жау.

Момынды момын қорғайды, Түйе қомын қорғайды.

 Екi көзi танадай, Екi өркешi баладай Түйе деген жарықтық.

90

Бота алғанша – бата ал. Түйе алтын артып жүрсе де, Жантақ жеуiн қоймайды.

Түйе атасы – нар, Ағаш атасы – шынар.

Сырын бiлмеген аттың Сыртынан жүрме.

Арық атқа қамшы жау. Жыртық үйге тамшы жау.

Жылқыда өт жоқ, Құста сүт жоқ.

Жақсы ат алдынан сүрiнбей, Артынан сүрiнедi.

Басты балта бұзар, Жылқыны маңқа бұзар.

Ат тұяғын тай басар.

Ат айналып қазығын табар.

Құрық тимес құлын жоқ, Қырықтық тимес қозы жоқ.

Тай тайға жеткiзер, Тай құнанға жеткiзер, Құнан атқа жеткiзер, Ат мұратқа жеткiзер.

Аттың бәрi тұлпар болмас, Құстың бәрi сұңқар болмас.

Екi бие – ел ырысы, Үш бие – бұлақ басы, Бiр бие – жоқтың қасы.

Қазақ мақал-мәтелдері

 Аттан айырылсаң да, Ер-тоқымыңнан айырылма.

 Жаман атқа жал бiтсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бiтсе, Жанына қоңсы қондырмас.

 Бие қоста жүрiп терлесе, Құлын босқа жүрiп терлейдi.

Ат – адамның қанаты. Екi тiзгiн жоқ болса,

Ат басын адам бұра алмас. Екi тартпа жоқ болса,

Ат үстiнде ер тұра алмас, Екi үзеңгi жоқ болса, Атқа адам мiне алмас, Бәрi бiрдей сай болса Шайтан түгiл жын алмас.

 Қамшы – қанат, Құйысқан – қуат.

Жүйрiк атқа жел қамшы.

 Тобан аяқ торыны, Тойға мiнбе, қойға мiн. Құлан аяқ құланы Қойға мiнбе, тойға мiн.

92

Табаны тозбас тұлпар жоқ. Қанаты талмас сұңқар жоқ.

Жылқы құлыннан өседi, Теңге тиыннан өседi.

Көлдiң көркi – құрақ, Жiгiттiң көркi – пырақ.

Жiгiттiң iскерлiгi iсiнен мәлiм. Жылқы жасы тiсiнен мәлiм.

Тозбас тон, Арымас ат болмас.

Ортақ өгiзден Оңаша бұзау артық.

Сиыр су iшсе, Бұзау мұз жалайды.

Өгiзге туған күн Бұзауға да туады.

Сиырлының үйi – айран, Сиырсыздың үйi – сырдаң.

Сиырдың сүтi – тiлiнде.

Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейдi шарадан.

Қазақ мақал-мәтелдері

Егiн ексең, бидай ек, Құт кетпейдi даладан.

Сиырлы кiсi – сыйлы кiсi, Түйелi кiсi – күйлi кiсi.

Мал бiтерiнде кiлемнiң түгiндей. Мал кетерiнде қолдың кiрiндей.

Малсызға малға балап ұйқы берер. Арсызға арға балап күлкi берер.

Қорада малың болсын, Көшеңде талың болсын,

Мал – аяғың, Тал – таяғың.

Мал қадiрiн бiлмеген, Жан қадiрiн бiлмейдi.

Дала көркi – мал, Қала көркi – тал.

94

Қазақ мақал-мәтелдері

95



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу