Табиғатты аялайық жобасы


Балаларды табиғатқа жаңашырлық танытып, қамқорлық көрсетуге баулу. Экологиялық тәрбие беру.

Тақырыбы: « Табиғат оянды! »

Мақсаты: «Табиғат оянды» жоба тақырыбының мазмұнын ашу барысында балаларды табиғат түрлерімен таныстыру.Тірі табиғатты бақылату арқылы балалармен практикалық –тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

Әрбір тәжірибенің нәтижелігіне көз жеткізу, балаларды табиғатқа қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу, іс-әрекеттер арқылы еңбекке баулу.

Жоба бөлімдері: I-бөлім тақырыбы: «Қоршаған ортаны аялайық!»

II-бөлім тақырыбы: «Терезе алдындағы бау-бақша!»

Күтілетін нәтижесі:

-Табиғатқа бақылау жасау арқылы балалар ағаштардың бойындағы өзгерістерді байқайды, ағаштарда жапырақтардың қалай пайда болатыныңа көз жеткізеді;

-Тәжірибенің аяқталу барысында өсімдіктер, көкөністердің өсуіне қандай факторлар әсер еткендігі жайлы түсінігі қалыптасады;

-Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге және еңбекқорлыққа үйренеді,

-Қоршаған ортаға сүйіспеншілігі артады;

-Жоба барысында практикалық-тәжірибелік іс-әрекеттерді өз еркімен орындап көрсете алады;

-Зерттеу жұмыстарын қорытындылап дәлелдеп береді;

I-бөлім : «Қоршаған ортаны аялайық!»

Мақсаты: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат беру. Бақылаудың түрлерімен таныстыру,практикалық-тәжірибе жасау арқылы табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.Табиғатқа жанашыр болуға, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету және адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері: «Табиғат» - деген не?

-Балаларға табиғат туралы мағлұмат бере отырып,оларды өсіру,күтіп баптау іс-әрекеттеріне бағыт беру;

-Ағаштарды бақылату арқылы ағаш бұтақтарындағы өзгерістерге баланың көзін жеткізу;

-Өсімдіктердің ең алғаш рет неден пайда болатыныңа балалардың қызығушылығын ояту;

-Табиғатың бір бөлігі құстардың тіршілігіне тоқтала отырып, оларды қамқорлай білуге тәрбиелеу;

-Практикалық іс-әрекеттер арқылы балалармен жеке жұмыс жүргізу. Шаттық шеңбер: «Мейірімді сөздер...»

-Балалар,барлығымыз шаттық шеңберін құрып,табиғатқа деген мейірімізді білдірейік.- Күлімдеген күн мейірімді!- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!- Таза мөлдір су мейірімді!- Бәрімізді көтеріп тұрған мына жер мейірімді!Тәрбиеші: -Ал,енді балалар табиғат дегеніміз не екенін білеміз бе? -Табиғаттың қандай түрлері бар?

Күн, су, ауа, гүл, адам айтысыКүн: (Іңжу) Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды,нұрымды,беремін. Мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!Су: (Ақерке )Мен мөп - мөлдір, тап - таза,сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін

Гүлдер: (Маржан, Ботагөз) Біздер әсем гүлдерміз ! Егер біз болмасақ, табиғат әсем бола ма?. Табиғатқа көрік беріп тұрған біз ғана.

Ауа: (Нұрдәулет) Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін!Адам: (Осман) Мен әлемдегі ең күшті,ақылды адаммын.Менен асқан ешкім жоқ,сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де мына менмін!

-Балалар,біз үшін осы табиғаттың барлығы да қажет деп ойлайсыңдар ма?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Егер де күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз. Су болмаса өсімдіктерді,қалай суарамыз. Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмас еді,адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды. Ал,ең бастысы ауа болмаса қалай тыныс аламыз, Міне,сондықтан да бұл табиғаттың барлығы да қажет екен.

-Ал,бізде осы балабақшада табиғатқа қамқорлық көрсетуде өз көмегімізді тигізіп келеміз бе?

(Балалардың табиғатқа бақылау жасап,тәжірибе жүргізген жұмыстары бейнероликтен көрсетіледі)

Ағаштарды бақылау №1

-Балалар,біз алдын-ала нелерді бақыладық?

Балалар: -Жалаңаштанған ағаш бұтақтарын.

Тәрбиеші: -Иә дұрыс айтасыңдар,біз жалаңаштанған жас шыбықты әкеліп суға салып күнделікті бақылау жұмысын жүргіздік.

- Күнделікті бақылау кезінде ағаш бұтақтарында нелер пайда болды?

Балалар: -Ағаш бұтақшаларында бүршіктер пайда болды.

Тәрбиеші: -Иә,сендер бүршіктерді қолмен ұстап көрдіңдер ме,ағаштар бүршік жарған ба екен?

Балалар: - Жоқ,бүршік жармаған.

Тәрбиеші: -Содан кейін күндер өте біртіңдеп ағаштарда бүршік жарды ма?

-Бүршік жарғанда нелерді көрдіңдер?

Балалар: -Жаңадан шығып келе жатырған жапырақтарды?

Тәрбиеші:-Ал,осы бүршік жара бастаған біз жас шыбықты не істедік?

(Балалар алдын-ала орындағын іс-әрекеттерін әңгімелейді).

-Енді біз осы жас шыбықтың өсуіне қандай күтім көрсетіп жүрміз?

Балалар: -Ағаштарға су құямыз,топырағын қопсытамыз.

Тәжірибе № 1 “Өсімдіктерді өсіру”

Тәжірибелік-практикалық балалармен алдын-ала жұмыстар:

- Арнайы ыдысқа топырақ саламыз,топырақ үстіне су құямыз;

-Топыраққа өсімдік дәндерін себелеп салып,топырақпен қайтадан жұқалап жауып,су құямыз;

-Өсімдіктеріміз тез шығу үшін ыдыс бетін салафанмен жауып терезе алдына қоямыз.Себебі,өсімдік өсу үшін,жарық,жылу,су қажет.

Тәрбиеші: -Міне, балалар біз алдын-ала өсімдіктердің дәндерін егіп жұмыстандық және оларды күтіп баптауда күнделікті су құйып тұрдық солай ма?

-Енді бүгінгі жобада біз осы жас өскіндерімізіді бір-бірлеп арнайы көлемі үлкен ыдысқа отырғызуымыз қажет.Себебі олар өскен сайын ыдыстың да көлемі үлкен болу қажет.(Балалар бірлесе тапсырманы орындайды)

-Ол үшін ең алдымен көлемі үлкен ыдысқа топырақ саламыз да топырақтың ортасынан ойық жасап су құямыз.Содан соң жәймен алдын-ала дәннен жарып шыққан жас өскін өсімдіктерді топырағынан қазып алып, мына үлкен ыдыстағы топыраққа отырғызамыз.

-Қараңдаршы өсімдіктің тамыры бар ма? (балалардың жауабы)

-Иә, дұрыс айтасыңдар,осы тамырын топыраққа салып,өсімдіктің жан-жағын топырақпен жауып нығыздап алып, айналасына су құямыз.

-Міне, балалар, біз табиғаттың бір бөлігі ағаштарға,гүлдерге бақылау,тәжірибе жасап олардың өсу барысындағы өзгерістерімен таныстық. Ағаштар мен гүлдердің пайдасы олар ауаны тазартады екен,сондықтан біз оларға үнемі қамқорлық жасай білуіміз қажет.

Тәрбиеші: -Балалар,біз өсімдіктерге,ағаштарға қамқорлық көрсетіп қана қоймай,біз жан-жануарлардың,

құстардың да өсіп өнуіне өз көмегімізді тигізуіміз керек. (тәрбиеші құстар туралы әңгімелейді)

Наурызек: Жаршысы мен көктемнің,Наурызек дейді мені жұрт.Наурызды шақырар құс менмін,Көктемді күтсең мені күт. (Томирис)

-Балалар,міне күн жылына бастаған кезде ең алдымен наурызек құсы ұшып келді.

(Бейнероликтен балалардың алдын-ала орындаған жұмыстары көрсетіледі)

Біз дайындаған ұямызды ағаш басына іліп Наурызек құсына қамқорлық көрсетейік.

-Балалар,қараңдаршы көктем мезгілі басталған кезде жылы жаққа қандай құстар ұшып келіп жатыр.

Балалар: -көкек, қарлығаш , қараторғай.

Тәрбиеші: -Ал мынау қандай құс деп ойлайсыңдар?

Балалар: -Көгершін

Көгершіндерді бақылау № 2

-Балалар,қараңдаршы,көгершіндердің қозғалысы қандай? –тыңдап көрелік қалай дыбыстайды екен?

Көгершіндер қарны ашып әрі шөлдеп тұрған сияқты,кәне, біз құстарға қамқорлық көрсетейік.

(балалар құстарға жем шашып,су береді) -Жарайсыңдар,балалар.

II-бөлім: Тақырыбы: «Терезе алдындағы бау-бақша»

Мақсаты: Балаларды көкөністермен таныстыру.Терезе алдына пияз бен қияр өсіруге деген танымдық қызығушылықтарын ояту.Тәжірибе жағдайын қалыптастырып, көкөністердің өсу кезіндегі өзгерістерді байқауға үйрету.

Міндеттері:

-Терезе алдындағы бау-бақша туралы түсінігін қалыптастыру;

-Көкөністерді өсіру,оларды күтуге баулу;

-Тәжірибелік және танымдық жұмысқа қызығушылықтарын ояту;

-Практикалық іс-әрекеттер арқылы балалармен жеке жұмыс жүргізу.

-Балалар,біз енді көкөністеге назар аударайық,.-Қандай көкөністерді білеміз? (Балалар көкөністерді атайды)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар осы көкөністердің ішінен біз бүгін пиязға тоқтала кетейік. Мына пияздың сырт келбетін қараңдаршы,үш бөлікиен тұрады екен: Сабағы, дәнегі,тамыры.

-Пияз көкөніске жата ма,әлде жеміске жата ма?

-Ол бақшада өсе ме,әлде бақта өсе ме?

-Пияздың қалай өсіп өнгенің көргендерін бар ма? Пияз қалай өседі екен?

-Пиязды өсіру үшін не қажет?

-Дұрыс айтасыңдар,пияздың өсуіне топырақ,су,жарық керек екен.

Тәжірибе № 3 Түйінді пиязды дайындау және пияз өсіру

-Балалар, қазір біз пиязды отырғызамыз. Пиязды отырғызбас үшін, бірнеше күн бұрын суға салып тамырландырып аламыз. Пияздың да басқа өсімдіктер сияқты тамыры, жапырағы болады.

-Біз пиязды тамырландырып алу үшін қандай жұмыстарды жасадық бейнероликке назар аударайық.

-Сендер бірінші алдарыңда тұрған пиязды алып, қарап, пияздың жоғары жағында кішкентай жасыл өскінді суға қалай қаратып салдыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар,енді біз мына топырақ салынған ыдысқа алдын-ала дайындаған пияздарды отырғызамыз. Пияздың басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.

-Кім айтады,пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз,тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын бар?

-Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз?

-Жарайсыңдар балалар,біз бүгін тек бір тәжірибемен тоқталып қана қоймай тәжірибені жалғастырамыз.

Тәжірибе № 4

-Балалар,біз пияздан басқа қандай көкөністің дақылын алдын-ала егіп қалай жұмыстандық,барлығымыз бейнероликті тамащалап, қиярдың дақылын егу жұмыстарымызды есімізге түсіріп алайық.

-Балаларға әр дақылдың ұрықтары әртүрлі болатындыңын түсіндіру;

-Қиярдың дақылын дайындап балаларға таныстыру жұмысын жүргізу;

-Қиярдың ұрықтарын алып оны сулы марлының арасына салып 3-4 күн қойып бақылату;

-Тамыр жайғаннан кейін алып ыдыстарға топырақтарды салып,отырғызу;

-Ыдыстарға отырғызған соң су себелеп құю,отырғызып болғаннан кейін жарық жерге терезенің алдына қойып бақылату.Қиярдың жапырақ жайғанын балалардың көзін жеткізу,оларды күтіп баптап уақытымен су құйып қопсыту жұмыстарын жүргізу.

-Міне балалар,біз бүгінгі жобада табиғатты қалай аялау керек,оларды өсіру,күтім көрсету мақсатында бақылаулар мен тәжірибелер жүргіздік,енді жобамызды аяқтай келе, «Табиғатты аялайық,ойыны арқылы әдемі сөздермен мына ағашымыздың өсіп жапырақтарына жайқалуына көмектесіп жіберейік.

«Табиғатты аялайық» ойыныӘр бала табиғат түрлерін терекке жапсыру, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айтуГүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек. (Маржан )Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді (Нұрдәулет )Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ (Ақерке)Күнімізді бұлт баспасын (Іңжу)Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі (Томирис)Құсты атуға болмайды, құс адамның досы (Осман)Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол жерімізге көрік беріп тұрады (Бота)Асқар тауларымыз биік болсын (Мурад)

Тәрбиеші: - Міне, балалар «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»

дегендей табиғатқа күтім көрсетуде адамдардың еңбегі көп екен. Сондықтан да біз табиғатты аялай

білейік, қамқорлық көрсетіп олардың да өсіп өніп көбейе түсуіне өз үлесімізді қосып отырайық.

Біз ауамен демалып, салқын да мөлдір суын ішіп, тәтті жемісін жеп, Жер-ананың үлкен ағаштарының саясында

демалып,мықты да кербез,әсем болып өсеміз.

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Құрманғазы ауылы

Дайындаған: Насиева Ф.Х

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу