👈 қаріп өлшемі 👉

Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл тәрбие сағаты


Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлына -150 жылМақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.    Көрнекілік: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері.  Сынып сағатының өту барысы: ...Күңірене шыққан күй әуені. Сахнада оқушы Ахметтің ролінде, ақынның «Маса-сөз иесінен» өлеңін оқиды. (сахнада музыка үні әуелейді де бәсеңдейді) 1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы...Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.    Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағаты Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өміржолына арналады.2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы... 1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А:В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.        Ақынның өлеңдері оқылады. Ортаға 2-жүргізуші: Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энцикло-педиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі  тұлға, халықтың рухани көсемі.1-жүргізуші: Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,                       Жөн сілтедім жақын емес , алысқа                       Өзге жұрттар өрге қадам басқанда                      Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»      Ақынның өлеңдері оқылады. Ортаға 2-жүргізуші: Бір ақын айтқан екен «Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп. Міне сол ақын айтқан адамдық диқаншысы-Ахмет байтұрсынұлы еді...1-жүргізуші: «Балалар құтты болсын тілің бүгін,                        Ашатын жан сарайын білімдінің.                        Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан                        Тіліне зер аслыңдар бұрынғының»демекші, ендігі кезекті    оқушыларға берелік. Ақын өлеңдері оқылады. Ортаға2-жүргізуші: Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,                        Әзірге қолдан келген ос барым.                        Қанағат азға деген , жоққа-сабыр,                        Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!1-жүргізуші:Бұлсөзді біреу алмас, біреу алар,Құлағын біреу салмас, біреу салар.Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,Кейіне жарамаса   , кейіне жарар.  Қайсысы ықыласын салып тыңдар,Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,Солардан аз да болса белгі қалар. Ән оындалады.2-жүргізуші: -Қазағым , елім,                        Қайқайып белің                        Сынуға тұр таянып                        Талауда малың,                        Қамауда жаның,                        Аш көзіңді оянып» деп халқын келешекке бастаған ақынды ашындырған-патша заманының зұлым саясаты, зорлық-зомбылығы,қорлығы еді.1-жүргізуші:-Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде  бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.2-жүргізуші: ...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...1-жүргізуші:  Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.                        Сот үрдісінен  көрінісОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,              Қиын емес дарға асқаны, атқаны.              Маған ауыр осылардың бәрінен              Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...             Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,             Айдай бер қалса адамның қуылмаған.( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайра шығады)Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,              Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!              Өлген күні апарып тығары-көр,              Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.             Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,             Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.             Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,            Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.Ақын өлеңдері оқылады . Ортаға 2-жүргізуші: -Ахаң-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.1-жүргізуші: -Әрине, ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.2-жүргізуші:  Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен  тәмамдаймыз.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы