Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол.....
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы Келінімізге әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын...
Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Баршаңызға мүбарак, Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла Тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік. Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан....
Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда-жегжаттар, ағайын-туыстар! Адамның бір қызығы бала деген дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, құда-жегжатты болып жатырмыз деп анасы екеуміз қуансақ, немереміздің тойында отырмыз деп ата-аналарымыз қуанышты. Ата-ана демекші, біз оқу бітірген соң Алматыда қызметке қалдық, қыздарымыз осында дүниеге келді. Менің ата-анам, туыстарым Қызылордада тұрды. Сондықтан қыздарымыз нағашы ата-әжелеріне жақын болып өсті. Балаларымыздың қамсыз өсуіне, өзіміздің алаңсыз қызмет етуімізге бұл кісілердің көмегі көп тиді, әлі тиіп келеді. Тілеуқорымыз. Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең демекші, бүгінгі тойда үлкендердің отыруы той сәнін келтіріп тұр, ол кісілердің...