Қарындасыма туған күнге арналған құттықтау тілектер


Құрметті оқырмандар! Қарындасқа, қарындасыма арналған туған күніңмен құттықтау тілектер, өлеңдер жарияланды!


қарындасыма тілек қарындасқа құттықтау сурет фото


 Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.

Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.

Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.



туған күніңмен, қарындасыма тілек, қарындасқа тілек



 Қарындасқа уәдені бергенмін
Уәдемді міндетіме теңгердім
Екі сөзді емес едім сондықтан
Уәдені орындауға келгенмін
Құтты болсын туылған күн ботақан
Өзіңсің ғой бұл ағаңа қошақан
Ешқашанда ұмытпайды ағаңыз
Дәл өзіңдей қарындасты момақан
Бақытты бол күнім менің аппағым
Алтын болсын құлағыңа таққаның
Бар әлемді шарласамда қалқамау
Дәл өзіңдей қарындасты таппадым.
Автор: Бауыржан Полуванов


Пайдалы сілтемелер:


Құтты болсын туылған күн ботақан
Өзіңсің ғой бұл ағаңа қошақан
Ешқашанда ұмытпайды ағаңыз
Дәл өзіңдей қарындасты момақан
Бақытты бол күнім менің аппағым
Алтын болсын құлағыңа таққаның
Бар әлемді шарласамда қалқамау
Дәл өзіңдей қарындасты таппадым
Айналайын ақмаңдай қарындасым
Бұл өмірде қашанда бағың жансын
Бұйыртып Жаратқаным жақсы жігіт
Бақыттың дәмін татқай қарлығашым.
Автор: Бауыржан Полуванов


33 жас қарындасыма туған күніңмен құттықтау

Қарындасым,
Гүл өмірің бақыттан жалындасын.
Отыз үш жас есіктен еніп отыр,
Қуана бер бақ әкеліп жаңа жасың.

Бақ тілеймін,
Бақыты көп қарындасым сәт тілеймін,
Көңіліңді шалмасын уайым-қайғы,
Шаттана бер жарығым деп тілеймін.

Күліп-ойна,
Жадырап сен құлпырып жаздай жайна.
Жастан жасқа жете бер қарындасым,
Амандықта, саулықта айдан айға.


Əбдіжаппар Əлқожа - Қарындасыма тілек  


Айдар Тұрғанбек - Қарындасқа тілек


32 жас қарындасыма туған күнге тілек

Гүл көктемнің шуағындай нұр беретін,
Барлық жанды баурап демде үлгеретін.
Қарындасым айналаны гүлді етіп,
Әр жыл сайын құлпырып түрленетін.

Құтты болсын жаңа жасың қарындасым,
Болсын деймін қашанда бағың басым.
Отыз екі жасың саған бақыт сыйлап,
Қосыла берсін амандықта жасқа жасың.

Шаттығына бөлесін бал өмірің,
Сыйлап саған қарындасым өмір гүлін.
Алла өзі жар болсын, қолдап әркез,
Солмасын еш қарындасым көңіл гүлің.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Оқырман Меруерт
    1 + 2 -
    Рақмет
  2. Оқырман Нуржамал
    5 + 4 -
    Күл, жайна!
    Білмей өткін мұңаюды,
    Шашу ет жүректегі шуағыңды.
    Жүрейік бақытыңа куә болып,
    Шалқыған шаттық жусын шырайыңды.

    Жаз мінез, шат күлкіңмен нұрланды күн,
    Жол ашқан қуанышқа думан бүгін.
    Тілейміз аппақ гүлдей аппақ тілек,
    Қарындас, құтты болсын туған күнің!
  3. фанат жараркома
    3 + 3 -
    Қалқам сестричка, құттықтаймын сенікі күнімен құттықтаймыз! Жақсы көріңіз және бақытты болыңыз, сау және бақытты, табысты және әдемі. Барлық армандарыңыз орындалсын, айналаңызда тек позитивті адамдар мен сенімді достар болсын. С днем рождения, родная!

    ***************
    Менің сүйікті қарындасым, періштем, Гүлім. Сізге жақсылық пен жарық әлемінде өсуді тілеймін, сондықтан ешқандай қиындықтар мен қиыншылықтар сіздің нәзік және кішкентай иығыңызға қысым жасамайды. Сізге тез гүлденіп, күш-қуат жинап, өміріңіздегі ең маңызды және сәтті қадамдар жасағаныңызды тілеймін. Өзіңе сен, жақсылыққа және өз Арманыңа сен, ал мен әрқашан сонда боламын. Туған күніңмен!
  4. фанат жараркома
    1 + 3 -
    Менің балам, сүйікті қарындасым, бүгін біз үшін өте маңызды күн, сіз бізде болған күн! Қымбаттым, мен сізден ештеңеден қорықпауды және өмір бойы мақтанышпен басымен жүруді, әрқашан күлімсіреп, басқаларға жылулық пен қамқорлық көрсетуді, осы әлемде өз жолыңызды табуды және ең бақытты болуды тілеймін! Ұмытпаңыз, Мен әрқашан қасындамын!
    -----------------------
    Менің сүйікті қарындасым, менің күнім және қуанышым, сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Сізге қорқыныш, өкініш пен ренішсіз ұзақ, мейірімді және көңілді өмір сүруіңізді тілеймін. Менің сабақтарым мен хоббилерімде үлкен жетістіктерге жетуді тілеймін. Мен таңғажайып сыртқы және ішкі сұлулығыңызды сақтап, сау, сүйікті және бақытты болуды тілеймін.
    *******************
    Менің сүйікті және сүйікті қарындасым, мен сені шын жүректен жақсы көремін және сізге көңілді, мейірімді және ашық болуды тілеймін! Пускай сенің арманың орындалады, сен сияла от счастья! Өміріңіздің әр сәті сізге тек рахат, қуаныш пен сәттілік тілеймін!