Ұлттық валюта теңге күні - 11 сынып
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | 11.11.2024 | |
Сынып: 11 сынып | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Ұлттық валюта теңге күні | |
Құндылықты дарыту | Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. | |
Қауіпсіздік сабағы | «АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШЕГАРАСЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ» | |
Мақсаты | жеке шегара туралы түсінік беру, жеке шегараны қорғау ережелерімен таныстыру. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Кіріспе бөлім (5 мин)
ІІ. Негізгі бөлім (25 мин)
Теңге 1993 жылы 15 қарашада ресми түрде айналымға енгізілді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін өз ұлттық валютасын енгізу қажеттілігі туындады. Ол елдің егемендігін нығайтып, экономикалық тәуелсіздігін күшейтуге жол ашты.
Теңге атауы көне түркі тіліндегі «денге» сөзінен шыққан, ол бірлікті білдіреді. Теңге символы "₸" белгісімен белгіленеді және оның мағынасы тұрақтылық пен сенімділікті көрсетеді.
Қазақстанның алғашқы теңге купюралары Англияда басылды. Қазіргі таңда купюралар мен монеталардағы көркем суреттер елдің мәдениеті мен тарихын бейнелейді. Жаңа купюралардағы портреттер мен ұлттық рәміздер Қазақстанның өзіндік ерекшелігін айқындайды.
Миға шабуыл: Оқушыларға "Ақша дегеніміз не?" деген сұрақ қойылады. Әрбір оқушы өз ойларын ортаға салады. Ақшаның пайда болуы мен тарихы: Ақша адамзат тарихында сауданың пайда болуынан бастап маңызды орын ала бастағанын түсіндіру. Алғашында тауарлар айырбас арқылы қолданылса, уақыт өте келе монеталар мен қағаз ақшалар пайда болғанын айту. | Оқушылар жауап береді. Ақша туралы өздері білетін мәліметтерін айтады Валюта түрлері Әртүрлі валюталармен танысу: теңге (KZT), доллар (USD), еуро (EUR), рубль (RUB), юань (CNY), т.б. Әр елдің ұлттық валютасын атап өту және олардың белгілерін зерттеу. Әр валютаның өз бағасы болатынын түсіндіру. Тапсырма: Оқушыларға әртүрлі валюталар туралы ақпарат жинап, олардың қай елге тиесілі екенін жазу. | презентация | |
Сабақтың ортасы | Теңгенің экономикалық маңызы Теңге Қазақстанның экономикалық дербестігін айқындайды. Өз ұлттық валютасы болғандықтан, елдің ақша-несие саясатын дербес жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл инфляция, айырбас бағамы секілді экономикалық көрсеткіштерді реттеуге көмектеседі. Сұрақ-жауап Оқушыларға теңге туралы сұрақтар қою: оның қай жылы шыққаны, алғашқы дизайны, валютаның маңыздылығы туралы. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге: Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде өз валютасы – теңгені 1993 жылы қабылдағанын айтып беру. Теңгенің алғашқы монеталары мен қағаз ақшалары, олардың сыртқы түрі мен ерекшеліктері жайлы түсіндіру. Ұлттық валютаның дизайны мен қауіпсіздік белгілері туралы айту.
Ақшаны тиімді пайдалану және үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру. Қаржы үнемдеу жолдары: бюджет құру, керек заттарға ғана ақша жұмсау, артық шығындарды болдырмау.
Оқушыларға виртуалды бюджет құру тапсырмасы беріледі. Олар өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне сәйкес шығындар жоспарын жасап көреді. | Сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгендерін талқылау. Оқушылардан сабақ туралы ойларын тыңдау, олар не үйренгенін, қандай жаңа мәлімет алғанын бөлісу. | Интербелсенді тақта/ компьютер | |
Сабақтың соңы | Теориялық ақпарат Валютаның түрлері: ұлттық валюта, шетелдік валюта, айырбасталатын және айырбасталмайтын валюта. Валюта бағамының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар (нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, экономикалық жағдай, инфляция деңгейі). Доллар, еуро, юань сияқты әлемдік негізгі валюталар туралы ақпарат. Топтық тапсырма Әр топқа әртүрлі елдің валютасын зерттеу тапсырмасы беріледі (мысалы, 1-топ: АҚШ доллары, 2-топ: еуро, 3-топ: Ресей рублі және т.б.). Олар валютаның тарихын, маңызын, қолдану салаларын таныстырады. | Тапсырма: Валютаның инфляциядан қалай өзгеретінін бақылау. Инфляцияның адамдардың сатып алу қабілетіне әсерін мысалдармен түсіндіру. Тапсырма: Әлемдік экономикадағы маңызды валюталарды атау және олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу. | презентация | |
Қауіпсіздік сабағы | 1. Кіріспе (2 мин) Жеке шегара әр адамға өзін жайлы ұстау үшін керек. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, бұл кейін күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бейтаныс адам сізге сүйкеніп тұрса, рұқсатсыз қолыңыздан ұстаса, жаныңызға келіп отырса, көз алмай қарап тұрса немесе телефоныңыздағы хабарламаға көз салып оқып отырса, бұл сізге жайсыздық тудырады. Мұндай қылықтар жеке шегараны бұзуға жатады. Сонымен қатар, эмоциялық шегара деген де болады. Егер бейтаныс адам немесе жақыныңыз сізге ашуланып, дауыс көтерсе, ол да сіздің шегараңызды бұзғанға жатады. Себебі, бұл сізге жайсыздық тудырып тұр. Жеке шегараны құру басқалардың сіздің өміріңізге араласпауына, өзіңізге сенімді болуыңызға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, біздің эмоциялық, физикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Кейбір адамның санасында «жеке шегара» деген ұғым жоқ. Мысалы, ол біреудің затын рұқсатсыз алады, сұрамайды. Ондай адамдарда жеке шегара бала күннен қалыптаспағандықтан, өзгелердің шегарасынан рұқсатсыз өте береді. Сондықтан өзгелердің де шегарасына құрметпен қарау керек. Есте сақта!
Үшіншіден, көмек сұраудан қорықпау қажет. 2. Негізгі бөлім Жеке шегаралардың түрлері: Эмоциялық. Олар эмоциялық әл-ауқат пен психиканы қорғауға арналған. Мысалы, жақын адамдар сізбен моральдық тұрғыдан сөйлескенде сізді ренжітеді және сіз олардан бас тартуды сұрайсыз. Физикалық. Сізге қандай физикалық өзара әрекеттесу ұнамайтынын анықтаңыз. Мысалы, сіз сәлемдесу кезінде басқалармен құшақтасуға ыңғайсызданасыз және сіз мұны жасамауды сұрайсыз. Жұмыс уақытында. Сіздің лауазымдық міндеттеріңізден тыс жүктемелерді, соның ішінде психологиялық жүктемелерді алмау. Уақытша. Басқалардың сіздің уақытыңызды теріс пайдалануына жол бермеңіз. Сіз біреуге қазір бос емес екеніңізді айтқан сайын және кейінірек жауап берген сайын осындай шегараларды белгілейсіз. Материалдық. Оларға сіздің меншігіңізге және жеке кеңістігіңізге қатысты ережелер кіреді. Мысалы, сіз үйде болмаған кезде басқалардың бөлмеңізге кіруіне немесе заттарыңызды алуына қарсысыз. Жеке шегараларды қалай құруға болады? Жеке шегараларды тиімді қорғау үшін келесі бірнеше ережелерді білу қажет:
Рольдік ойын. Топтағы оқушылар адамның жеке шегаралары бұзылған жағдайлардың мысалдарын сахналайды және оларды қорғау жолдарын көрсетеді. 4. Қорытынды: сабақ тақырыбы бойынша жадынамалар тарату.
Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/live/H8OH6O90c8o?si=Te-ipkM6n3o2_1jo
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?