👈 қаріп өлшемі 👉

Ғабиден Қожахмет | Ақынның шабыты

  Ғабиден Қожахмет | Ақынның шабыты


Бір кішкентай қаланың жалғыз ғана ақыны болыпты. Бір күні сол ақын 60-қа толған кезде, сол қаланың әкімі ақынына сый-сияпат көрсетеді. Жылы сөздерін арнайды. "Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - дейді әкім ақынға. - 60 жасыңыз құтты болсын! Сізге әлі де толағай шығармашылық шабыттар тілеймін!"

Содан кейін біршама уақыт өтті. Бір күні осы қаладан шығатын газетке ақынның өлеңі басылып шығады. Әкім әлгі өлеңді оқып отырып, көңілі нілдей бұзылды. Оған ақынның шабыты қайтып қалған сияқты көрінді. Дереу ақынды өзіне алдыртты.

- Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - деді әкім ақынға. - Мен қаланың халқы бір нәрседен таршылық көріп қалмау үшін үнемі жігіттерге тапсырма беріп отырамын. Бірақ біздің қаланың халқына өлең де керек. Ендеше, мен жұмысты жігіттермен бірдей сізден де талап етем. Неге сіздің шабытыңыз кеміп жүр? Біз сізге барлық жағдайды жасап қойған жоқпыз ба?

- Барлық жағдайды жасап қойғаныңыз рас, - деді ақын әкімге. - Бірақ сіз айтып отырған нәрселер ақынның шабытын тудырмайды.

- Ақынның шабытын енді не тудырады?

- Ақынның шабытын қыз, қыздар тудырады. Осы күні қыздар деген шабыт беруді қойды. Кей қыздарымыз шетелдіктердің бетіне қарап жымиятын әдет шығарды. Шетелдіктердің бетіне қарап жымиғаннан не шығады? Былдыр-былдыр, шүлдір-шүлдір деген сөз шығады. Шабытымның кеміп кетуіне осы қыздар кінәлі, - деді ақын.

- Мен - әкіммін! - деді әкім. - Әкім араласса, шешімін таппайтын мәселе деген болмайды. Біз бұл мәселені де қолға аламыз.

Сол күні әкім жігіттерін жинап алды.

- Қаламызда жалғыз ғана ақын бар, - деді әкім жігіттеріне. - Біз ол кісінің шабытының не жағдайда жүргеніне назар аудармайды екенбіз.

Жігіттер күңкілдей бастады:

- Ол кісіге тағы не керек боп қалды екен? Бар жағдайды жасап қойған жоқпыз ба?
Енді не дейді ол кісі бізге?

- Сіздер айтып отырған нәрселердің ешқайсысы ақынның шабытын тудырмайды екен, - деді әкім. - Ақынның шабытын тек қыз, қыздар тудырады екен. Сондықтан мекеме-мекемедегі қыздарға айтыңыздар. Ең сұлу, ең әдемі, жан-дүниесі бай, талғам таразысы биік қырық қыз іріктеліп алынсын. Сол қырық қыз ертеңнен бастап ақынды қоршалап жүретін болсын. Қызметіне барғанша, қызметінен қайтқанша. Барғанша, қайтқанша. Қоршалап. Қаумалап. Желпіп. Сыңғыр-сыңғыр күлкі. Әдемі жымиыс. Ертеңнен бастап сол қырық қыздың ортасында балпаң-балпаң басып келе жатқан ақынды көретін болайын. Ақын өзін бейне бір гүл жапқан даламен келе жатқандай сезінетін болсын.

Сол түні қаладағы барлық мекеменің шамы сөнбей тұрыпты деседі. Мекеменің бірінші басшы жігіттері: "Күн сайын қызметке барып, келемін дегенше, қырық қыздың қоршауында жүретін болсаң, мынау бір рақат дүние ғой. Өзге дүниенің бәрін тәрк еттім. Ендігі ғұмырымды
тек ақындыққа арнаймын", - деп өздері бір-бірінен жасырып өлең жазып отырыпты.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы