Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ыбырай Алтынсарин

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Ыбырай Алтынсарин казакша Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Ыбырай Алтынсарин на казахском языке


- Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? - деді директор мұғалимасына.

Мұғалима бұл сұраққа жымиды.

- Ау, айтсаңызшы, сізден сұрап отырмын ғой, - деді директор тағы да. - Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? Өзіңіз Алтынсариннің кім екенін білесіз бе, әйтеуір?

- Әрине, - деді мұғалима. - Мектепте оқыдық қой Алтынсарин туралы. Одан кейін мұғалімдік оқудың кезінде тағы да оқыдық педагогика тарихынан.

- Енді неге айтпай отырсыз қай жылы дүниеге келгенін?

- Есіме түспей отыр. - Мұғалима қысыла күлімсіреді.

- Ұят, - деді директор мұғалимасына. - Сіз деген біздің мектебіміздің бетке ұстар мұғалимасысыз. Бұлай болмайды, Қарашаш. Қайта бұл жерде мен болып отырмын. Не дейтін еді, "Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде" дейтін бе еді? Ал егер сырткөз болса ше? Сізге келеді де, сырт адам дәл осы сұрақты қояды. Сонда не болады? Сіз біздің мектебіміздің мақтанышысыз. Егер сіз білмей жатсаңыз бұл сұрақты, онда басқа мұғалімдерге не айта аламын. Сіз деген біздің көрсетіп отырған ұстазымызсыз. Біздің осындай мұғаліміміз бар деп айтып отырған адамымызсыз. Енді осындай мұғаліміміз Ыбырай Алтынсариннің қай жылы дүниеге келгенін білмей отыр деп айтамыз ба сонда? Бәрін өзіңіз үшін айтамын. Сіз алдыңыздағы шәкірттерді қалай тәрбиелеп отырған жан болсаңыз, біз сіздерге сондай тәрбие беріп отырған адамдармыз. Оны түсінеді шығарсыз?

- Түсінемін ғой, - деді мұғалима төмен қарап.

- Жалпы, осы жағдай бізге сабақ болуы керек, Қарашаш. Біз Алтынсаринді ұдайы назарда ұстауымыз керек, түсініп отырсыз ба? Мүмкін біз осы жөнінде мектебімізде кешенді шаралар ұйымдастыруымыз керек шығар? Соған орай арнайы іс-жоспарлар жасауымыз керек шығар? Біздің әрбір ұстазымыз, Қарашаш, Алтынсарин туралы сартылдап тұратындай жағдайға жетуіміз керек. Кәдімгі, әскерде командир жауынгерді түнде шырт ұйқысынан оятқанда, жауынгер әскери әзірлікке қалай жылдам келе алса, біздің әрбір ұстазымызды түнде шырт ұйқысынан оятып, "Ұстаз! Тұр! Алтынсарин жөнінде баянда!" дегенде, ұстазымыз компьютер сияқты сартылдап тұратындай жағдайға жетуіміз керек қой. Мұғаліміміз осындай дәрежеде болуы керек. Мен сізді бір білімсіз мұғалім деп отырған жоқпын, Қарашаш. Сіз танылған ұстазсыз. Сіз мойындатқан ұстазсыз. Сіз жассыз, жалындап тұрған уақытыңыз. Нағыз жұмыс істейтін шағыңыз. Егер әлгіндей іс-шараларды ұйымдастырып жатсақ, оның басы-қасында өзіңіз жүресіз жетекші болып. Оған сіздің мүмкіндігіңіз толық жетеді. Жақсы, біз бұл сұраққа қайтадан оралатын боламыз. Бара беріңіз.

Мұғалима шығып кетті. Директор ойланып отырып қалды. "Расында да, Алтынсарин қай жылы дүниеге келген, өзі? - деді директор өзіне-өзі. Сөйтті де, компьютерге қарай ыңғайланды. - Қазір компьютер айтып береді бәрін. Компьютердің білмейтіні жоқ", - деді директор жымиып.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ғабиден Қожахмет Ыбырай Алтынсарин туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Ыбырай Алтынсарин на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ғабиден Қожахмет Ыбырай Алтынсарин туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ғабиден Қожахмет Ыбырай Алтынсарин на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган, Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ыбырай Алтынсарин ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер