Қазақ әдебиеті_11-сынып_ҚГБ


«Қазақ әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі, І. Есенберлин «Қаһар» романы

Оқу мақсаты

11.1.1.1

11.2.2.1

әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну

автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың композициялық құрылымын талдайды
  • Шығармадағы ғаламдық мәселелерді анықтайды
  • Шы5арма идеяясы мен автордың бейнесіің өзара байланысын табады

Ойлау дағдыларының

Білу, түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • І.Есенберлиннің «Қаһар» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдаңыз.
  • «Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, — дейтін еді ...» деген Бұқар жыраудың сөзі қай оқиғаға қатысты айтылды? Себебін әлемде орын алып жатқан саяси мәселелер тұрғысынан түсіндіріп жазыңыз.
  • С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңінің идеясын автор бейнесімен байланыстырып талдаңыз.
    • Өлең арқылы ақынға қандай мінездеме беруге болады?
    • Оны қандай өлеңнің қандай жолдарынан аңғардыңыз? Мысал келтіріңіз.
    • Өлең идеясы мен ақынның азаматтық ұстанымын қалай байланыстыруға болады?

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманың композициялық құрылымын талдайды

1-2

шығарманыңсюжеттік-композициялық

құрылымын анықтайды;

даналық сөзді әлемдегі саяси мәселемен

байланыстырып, түсіндіреді;

5

2

Шығармадағы ғаламдық

мәселелерді анықтайды

Мәселенің маңыздылығын өмірден мысал келтіріп дәлелдейді;

2

Автор бейнесін

тауып,

3

өлең мазмұны негізінде ақынға мінездеме

1

шығарманың

негізгі

береді;

идеясымен

өлеңжолдарымен

мысал

келтіріп

1

байланыстырады

дәлелдейді;

өлең идеясы мен ақынның азаматтық

1

ұстанымын байланыстырады.

Барлығы

12

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

«С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі, І. Есенберлин «Қаһар» романы»

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманың композициялық құрылымын талдайды

Шығармадағы

ғаламдықмәселелерді анықтайды.

Шығарманыңсюжеттік- композициялыққұрылымын анықтауда, даналық сөзді ғаламдықмәселемен

байланыстыруда,мәселенің маңыздылығына өмірден мысал келтіріп, дәлелдеуде қиналады.

Шығарманыңсюжеттік- композициялыққұрылымын анықтауда, даналық сөзді ғаламдық мәселеменбайланыстыруда, мәселенің маңыздылығына өмірден мысал келтіріп, дәлелдеуде қателер жібереді.

Шығарманыңсюжеттік- композициялыққұрылымын анықтайды; даналық сөзді ғаламдықмәселемен

байланыстырады;мәселенің маңыздылығын өмірден мысал келтіріп дәлелдейді.

Авторбейнесін анықтап, шығарманың негізгіидеясымен байланыстырады

Өлең мазмұнына сүйеніп, ақын бейнесін мінездеуде, оған дәлел ретінде мысал келтіруде және өлең идеясы мен ақын бейнесін байланыстыра талдауда қиналады.

 Өлең мазмұнына сүйеніп, ақын бейнесін мінездеуде, оған дәлел ретінде мысал келтіруде және өлең идеясы мен ақын бейнесін байланыстыра талдауда қателер жібереді.

Өлең мазмұнына сүйеніп, ақын бейнесін мінездейді, оған дәлел ретінде мысал келтіреді және өлең идеясы мен ақын бейнесін байланыстыра талдайды.

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

А. Сүлейменов «Бесатар» повесі

Оқу мақсаты

11.3.1.1

шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып,

тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағымәселеніғаламдықмәселелермен салыстырады
  • Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Ойлау дағдыларының

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Автор ойды астарлап жеткізуде қандай әдеби тәсілді қолданған?

«...Жігітке нелер келіп, нелер кетпес... Күйген деген сөз боп па.?..Тандырдағы қойдың қиына жауырынын төсегенді былай қойып, сендей асыл батырлар маздаған шоқты уыстап асап жүр ғой, маздаған шоқты қос уыстап асап қоюға да мүмкін. Асап па ең?!. Асамасаң асарсың. Нұрғазыны екі солдатқа сүйретіп апарып қызыл шоққа жыққан мен. Мен – Рекең екеуміз. Қара ормандай сыңсып туған, сыңсып тұрған жұртпыз ғой: біз үшін бала зәру боп па? Марқұм әкейдің жалғыз қалған бастасы, Рекең, баласы Нұрғазының оң қолын шынтағынан қайырып алдық та, қойдың қиы жайнаған жер тандырға аттық та жібердік. Біз үшін бала зәру, азамат зәру, жолдас зәру боп па – аттық та жібердік.

  • Шығармадакөтерілгенмәселеніәлемдеболыпжатқанқандаймәселелермен байланыстыруға болады?

А. Сүлейменов «Бесатар»Шығарманың көтергенНеліктен дәл осы тақырыппен повесінің идеясымәселесіне ұқсас қазіргібайланыстырдыңыз?

таңда орын алып жатқан оқиғалардан мысал

  • Берілген үзінді арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға беріңіз. Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

«...Крейгель: - Ну, Голоножкин, очередь твоя, отличись. Сәруарды ат. Голоножкин: - Я не могу, Ваше благородие.

Крейгель: - Что не можешь?

Голоножкин: - Я живу на их земле...»

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағымәселені

ғаламдықмәселелермен салыстырады

1-2

шығармадағы мәселені анықтайды;

ойдыастарлапжеткізудеқолданған

әдеби тәсілді табады;

шығарманыңидеясынөзсөзімен

жазады;

шығармаидеясынаұқсасшынайы

өмірден мысалдар келтіреді;

неліктеносымысалмен

байланыстыратындығын түсіндіреді;

1

1

1

1

1

Шығарманыңтарихи

жәнекөркемдік құндылығын бағалайды

3

шығарманыңтарихиқұндылығына

сыни пікір білдіреді;

өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

1

1

Барлығы

7

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

А. Сүлейменовтің «Бесатар» повесі

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы мәселені ғаламдық мәселелермен салыстырады

Шығармадағымәселені анықтауда, ойды астарлап жеткізуде қолданған әдеби тәсілді табуда, шығарма идеясын шынайы өмірмен байланыстырып, өз сөзімен себебін түсіндіруде қиналады.

Шығармадағы мәселені анықтауда, ойды астарлап жеткізуде қолданған әдеби тәсілді табуда, шығарма идеясыншынайыөмірмен байланыстырып, өз сөзімен себебін түсіндіруде қателер жібереді.

Шығармадағымәселені анықтайды, ойды астарлап жеткізуде қолданған әдеби тәсілді табады, шығарма идеясын шынайы өмірмен байланыстырып, өз сөзімен себебін түсіндіреді.

Шығарманың тарихи жәнекөркемдік құндылығын

бағалайды

Шығарманыңтарихи құндылығына өзіндік сыни пікір білдіруде, өз ойын дәлелдеп жеткізуде қиналады.

Шығарманың тарихи құндылығына өзіндік сыни пікір білдіруде, өз ойын дәлелдеп жеткізуде қателер жібереді.

Шығарманыңтарихи құндылығына сыни пікір білдіреді, өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Қ. Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Оқу мақсаты

11.2.3.1

11.1.2.1

шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметіне талдау жасайды
  • Автор стилін анықтайды
  • Шығармадағыкөтерілгенмәселелердіөмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады

Ойлау дағдыларының

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Үзіндіде қолданған көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.

Өлең үзіндіКөркемдегішҚызметі құралдар

Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім.

Жүзім – жаз, көңілім – көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім.

Сөзім – жыр, лебізім – күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім.

Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің. Автордың стильдік ерекшелігі

  • Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады? Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтаңыз. Өлеңнен мысал келтіріңіз.

...Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның.

Тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын...

  • Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Ойыңызды өмірмен байланыстырып, дәлелдер келтіріп, ойтолғау түрінде жазыңыз.

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағы

үзіндіденкөркемдегішқұралдарды

2

көркемдегіш

табады;

құралдардыңқызметіне

талдау жасайды

1

көркемдегішқұралдардыңқызметін

ашады;

2

Автор стилін анықтайды.

автордың өзіндік стилін анықтайды;

1

Шығармадағы көтерілген

ақынбойындағыұлттықмінезбен

2

мәселелердіөмірмен

қасиеттерді анықтайды;

байланыстырып,ұлттық

шығармадан мысал келтіреді;

1

мүдде тұрғысынан ашады

2-3

шығармада көтерілген мәселені қазіргі

1

өмірмен байланыстырады;

өз ойына дәлелдер келтіреді.

1

Барлығы

10

Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы көркемдегіш

құралдардың қызметіне талдау жасайды

Авторстилін анықтайды

Үзіндіденкөркемдегіш құралдарды табуда, көркемдегіш құралдардың қызметін ашуда қиналады.

Автордың өзіндік стильдік ерекшеліктерінкөрсетуде қиналады.

Үзіндіден көркемдегіш құралдарды табуда, көркемдегіш құралдардың қызметін ашуда қателер жібереді.

Автордыңөзіндікстильдік ерекшеліктерін көрсетуде қателер жібереді.

Үзіндіденкөркемдегіш құралдарды табады, лөркемдегіш құралдардың қызметін ашады.

Автордыңөзіндікстильдік ерекшеліктерін көрсетеді.

Шығармадағы көтерілген мәселелерді өмірмен

байланыстырып, ұлттықмүдде тұрғысынан ашады

Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттердіанықтауда, шығармадан мысал келтіруде, шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстыруда өз ойына дәлелдер келтіруде қиналады.

Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтауда, шығармадан мысал келтіруде, шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстыруда өз ойына дәлелдер келтіруде қателер жібереді.

Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтайды, шығармадан мысал келтіреді, шығармадакөтерілгенмәселені қазіргі өмірмен байланыстырады, өз ойына дәлелдер келтіреді.

«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

С. Елубай «Жалған дүние» романы

Оқу мақсаты

11.2.4.1

көркемшығармадағығаламдықтақырыптарға креативті ой қосып шығармашылық, жұмыс (эссе,

әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағы мәселені ғаламдық деңгейде талдап, көтерілген мәселе бойынша креативті жұмыс жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Шығармада қандай мәселе көтерілген? Шығармадан кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.
  • Үзінді арқылы автор қандай астарлы ойды жеткізіп тұр? Кейіпкердің өмірден түңілу себебін түсіндіріңіз.

«...Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен Едіге, енді аялдайтын несі қалды?! Бұған кер заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан, Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде тұлан тұтып тұр, бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей...»

  • «Адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухтың азығы қажет. Соны ұмытқан сәттен бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды».

Үзіндіде автор қандай ғаламдық мәселені қозғаған? «Едіге – тағдыр тәлкегіне қарамастан рух тәуелсіздігіне қарсы күрескен жанкешті адам» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100-120 сөз.

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағымәселені

шығармадакөтерілгенмәселені

1

ғаламдықдеңгейде

анықтайды;

талдап, көтерілген мәселе

шығармадан 2 мысал келтіреді;

2

бойыншакреативті

үзіндідегі астарлы ойды анықтайды;

1

жұмыс жазады

себебін түсіндіреді;

1

1-3

үзіндідегі ғаламдық мәселені анықтайды;

1

Едіге бейнесіне талдау жасауда тарихи

1

оқиғалармен байланыстырады;

өзпікірінбілдірудекреативтілік

1

танытады.

Барлығы

8

«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

С. Елубай «Жалған дүние» романы

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы мәселені

Шығармадакөтерілгенмәселені

Шығармадакөтерілген

мәселені

Шығармадакөтерілгенмәселені

ғаламдықдеңгейде

анықтауда,шығармаданмысал

анықтауда,шығармадан

мысал

анықтайды,шығармаданмысал

талдап,көтерілген

келтіруде қиналады

келтіруде қателер жібереді.

келтіреді.

мәселебойынша

креативтіжұмыс

жазады

Үзіндідегі астарлы ойды анықтап,

Үзіндідегі астарлы ойды анықтап,

Үзіндідегіастарлыойды

себебін түсіндіруде қиналады.

себебін түсіндіруде қателер жібереді.

анықтайды, себебін түсіндіреді.

Үзіндідегіғаламдықмәселені

Үзіндідегіғаламдықмәселені

Үзіндідегіғаламдықмәселені

анықтауда, Едіге бейнесіне талдау

анықтауда, Едіге бейнесіне талдау

анықтайды, Едіге бейнесіне талдау

жасаудатарихиоқиғалармен

жасаудатарихиоқиғалармен

жасаудатарихиоқиғалармен

байланыстырып,өзпікірін

байланыстырып, өз пікірін білдіруде

байланыстырады,өзпікірін

білдірудекреативтіліктанытуда

креативтіліктанытудақателіктер

білдіруде креативтілік танытады.

қиналады.

жібереді.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу мақсаты11.1.3.1

11.2.1.1

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

әдеби шығарманың композициясын, жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Бағалау критерийіБілім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлердің дара және жинақтық ерекшеліктерін анықтайды
  • Кейіпкерлержүйесіарқылыөміршындығын анықтайды
  • Шығарманың уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдап, жанрлық ерекшеліктерін айқындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты15-20 минут

Тапсырма

  • «Абай жолы» романындағы Абай мен Құнанбайдың әрқайсысына тән бойындағы мінез- құлықты салыстырып, оларға ортақ сипаттарды көрсетіңіз.
  • М.Әуезов Құнанбай мен Абай образдары арқылы сол кездегі қандай қоғамдық шындықты көрсеткісі келді?

Құнанбай образы

Іс-әрекеті (шығармадан мысал)

Қоғамдық өмір шындығы

Абай образы

Іс-әрекеті (шығармадан мысал)

Қоғамдық өмір шындығы

  • Роман бөлімдері бойынша уақыт пен кеңістік көрінісін талдай отырып, жанрлық ерекшеліктерін айқындаңыз.

Бөлімдер

Оқиға орын алатын уақыт

Оқиға орын алатын кеңістік

«Қайтқанда»

«Қат-қабатта»,

«Шытырманда»

«Бел-белесте»

«Өрде»,

«Қияда»

Жанрлық

ерекшеліктері (кем дегенде 3)

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағы

Құнанбайдыңдара

және

жинақтық

1

кейіпкерлердіңдаралық

қасиеттерін көрсетеді;

жәнежинақтық ерекшеліктерін

1

2-3 дәлел келтіреді;

Абайдыңдаралық

және

жинақтық

1

1

анықтайды

қасиеттерін көрсетеді;

2-3 дәлел келтіреді;

1

Кейіпкерлержүйесі

арқылы өмір шындығын анықтайды

2

шығармаданҚұнанбайобразыарқылы

берілген өмір шындығына мысал келтіреді;

шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіреді;

Сол кездегі кезеңмен байланыстырады;

1

1

1

Шығарманың уақыт пен

Бөлімдердегіоқиға

өткен

уақытты

1

кеңістіктұрғысынан

көрсетеді;

талдап,жанрлық

Бөлімдердегіоқиға

өткен

кеңістікті

1

ерекшеліктерін

айқындайды

3

көрсетеді;

Роман-эпопеяныңуақытпенкеңістікке

2

қатысты ауқымын көрсетеді.

Жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді.

1

Барлығы

12

.

«Ғасырлық туынды» бөлімі М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы кейіпкерлердің

даралықжәне жинақтық ерекшеліктерін

анықтайды

Құнанбайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-

3 дәлел келтіруде, Абайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-3 дәлел келтіруде қиналады.

Құнанбайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-3 дәлел келтіруде, Абайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-3 дәлел келтіруде қате жібереді.

Құнанбайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетеді, 2-3 дәлел келтіреді, Абайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетеді, 2-3 дәлел келтіреді.

Кейіпкерлер жүйесі арқылыөмір шындығын анықтайды

Шығармадан Құнанбай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, сол кездегі өмірмен байланыстыруда қиналады.

Шығармадан Құнанбай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, сол кездегі өмірмен байланыстыруда қате жібереді.

Шығармадан Құнанбай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіреді, Шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіреді, Сол кездегі өмірмен байланыстырады.

Шығарманыңуақыт пенкеңістік

тұрғысынанталдап, жанрлық ерекшеліктерін

айқындайды

Бөлімдердегі оқиға өткен уақытты, бөлімдердегі оқиға өткен кеңістікті, роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке қатысты ауқымын көрсетуде қиналады.

Бөлімдердегі оқиға өткен уақытты, бөлімдердегі оқиға өткен кеңістікті, роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке қатысты ауқымын көрсетуде қате жібереді.

Бөлімдердегі оқиға өткен уақытты, бөлімдердегі оқиға өткен кеңістікті, роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке қатысты ауқымын көрсетеді.

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы»

Оқу мақсаты

11.3.2.1

көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптарменбайланыстыраотырып,сыни

тұрғыдан баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың жаңашылдығын анықтайды
  • Ғаламдық мәселелермен байланыстырып баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • «Абай кезіндегі қазақ даласында, күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа леп бар. Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым», – деген автордың пікіріне сүйеніп, Құнанбай мен Абайдың ұстанымдарындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.

ТалдауҚұнанбайАбай Ұстанымы

Қоғам үшін маңыздылығы Өз көзқарасыңыз

  • «Абай жолы» романында көрініс тапқан жер дауы мәселесі қазіргі кезде халықаралық саясатта қалай шешімін табуда?
  • Шығармадағы және қазіргі замандағы «Жер – ұлттың ортақ қазынасы» пікіріне сыни көзқарасыңызды білдіріңіз.

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманың

жаңашылдығын анықтайды

Ғаламдық мәселелермен байланыстырыпбаға береді

1

Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін

маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді;

Абайдыңұстанымыменқоғамүшін

маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді;

3

3

2-3

Шығармадағыжердауыныңқазіргі

кездегі көрінісін талдайды;

Ұсынылғанпікіргеөзкөзқарасын

білдіреді.

1

1

Барлығы

8

«Ғасырлық туынды» бөлімі М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманың

жаңашылдығын анықтайды

Ғаламдық мәселелермен

байланыстырыпбаға береді

Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіруде қиналады.

Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын, Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіруде қателер жібереді.

Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді, Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді.

Шығармадағы жер дауының қазіргі кездегі көрінісін талдауда, ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіруде қиналады.

Шығармадағы жер дауының қазіргі кездегікөрінісінталдауда, ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіруде қателер жібереді.

Шығармадағыжердауының қазіргі кездегі көрінісін талдайды. Ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіреді.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі, Таласбек Әсемқұлов «Бекторының қазынасы»

Оқу мақсаты

11.1.4.1

11.2.5.1

көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үзіндіні ғаламдық мәселелермен байланыстырады
  • Үзінділерді шығармашылық жұмыста қолданады
  • Шығарманың мен әлем әдебиетіндегі шығармамен ортақ бағытын, әдеби ағымын, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды
  • Шығармалардағы жалпыадамзаттық құндылықтардың көрінісіне талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Т. Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселені ашыңыз. Мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігіне дәлел келтіріңіз.
  • Туған елсіз ешқашан көгермейсің, Кім қашанғы бұғауға көнер дейсің. Қазақ болып туғаның рас болса,

 Алматыға бір келмей және өлмейсің, - деген жолдарды өз ойыңызбен өлең түрінде жалғастырыңыз.

  • Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» шығармасын О.Уайлдың «Дориан Грейдің портреті» шыңғармасымен салыстыра талдаңыз.

 Таласбек ӘсемқұловтыңО.Уайлдың «Дориан Грейдің Талдау бағыттары«Бекторының қазынасы»портреті»

Әдеби ағымы Әдеби бағыты Жанры

Авторлар үні мен ойы

Жалпыадамзаттық құндылықтары

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Үзіндініғаламдық

мәселелермен

байланыстырады

1

өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетеді;

кілт сөздер арқылы дәлелдейді;

мәселеніәлемдегіөзгеелдермен

байланыстырады;

1-2 мысал келтіреді;

1

1

1

1

Үзінділерді

шығармашылық жұмыста қолданады

2

шығармашылықжұмысынүзінді

идеясымен байланыстырады;

қара өлең ұйқасын ұстанады;

өз ойын анық береді;

креативтілік танытады;

1

1

1

1

Шығарманың мен әлем

әдебиетіндегібір

шығармаменортақ бағытын, әдеби ағымын, жалпыадамзаттық

құндылықтарды анықтайды

3

шығармалардың әдеби ағымын анықтап,

дәлелдейді;

шығармалардың әдеби бағытын анықтап,

дәлелдейді;

шығармалардыңжанрынанықтап,

дәлелдейді;

авторының үні мен ойын шығармалардан

мысал арқылы көрсетеді;

шығармалардыңжалпыадамзаттық

құндылықтары жайлы пікірін білдіреді.

2

2

2

2

1

Барлығы

17

«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі, Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы»

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Үзіндініғаламдық мәселелермен

байланыстырады

Өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетіп, кілт сөздер арқылы дәлелдеуде, мәселені әлемдегі өзге елдермен байланыстырып, 1-2 мысал келтіруде қиналады.

Өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетіп, кілт сөздер арқылы дәлелдеуде, мәселені әлемдегі өзге елдермен байланыстырып, 1-2 мысал келтіруде қателер жібереді.

Өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетіп, кілт сөздер арқылы дәлелдейді, мәселені әлемдегі өзге елдермен байланыстырып, 1-2 мысал келтіреді.

Үзінділерді

шығармашылық

жұмыста қолданады

Шығармашылық жұмыс үзіндіні

идеясымен байланыстыруда, қара өлең ұйқасын қолдануда, өз ойын анық беруде, креативтілік танытуда қиналады.

Шығармашылық жұмыс үзіндіні

идеясымен байланыстыруда, қара өлең ұйқасын қолдануда, өз ойын анық беруде, креативтілік танытуда қателер жібереді.

Шығармашылық жұмыс үзіндіні

идеясымен байланыстырады, қара өлең ұйқасын қолданады; өз ойын анық береді; креативтілік танытады.

Шығарманың мен әлем әдебиетіндегібір

шығармаменортақ

бағытын,әдеби ағымын,

жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды

Шығармалардың әдеби ағымын,

әдеби бағытын, жанрын анықтап, дәлелдеуде, авторының үні мен ойын шығармалардан мысал арқылыкөрсетуде, шығармалардың жалпыадамзаттық құндылықтары жайлы пікірін білдіруде қиналады.

Шығармалардың әдеби ағымын,

әдеби бағытын, жанрын анықтап, дәлелдеуде, авторының үні мен ойын шығармалардан мысал арқылы көрсетуде,шығармалардың жалпыадамзаттық құндылықтары жайлы пікірін білдіруде қателер жібереді.

Шығармалардың әдеби ағымын,

әдеби бағытын, жанрын анықтап, дәлелдейді, авторының үні мен ойын шығармалардан мысал арқылыкөрсетеді, шығармалардың жалпыадамзаттық құндылықтары жайлы пікірін білдіреді.

«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

Оқу мақсаты11.3.4.1шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем

әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу

Бағалау критерийіБілім алушы

  • Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, әдеби сын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты15-20 минут

Тапсырма

  • «Шал мен теңіз» повесін қазақ өнеріндегі мазмұндас шығармамен салыстырыңыз.

Эрнест Хемингуэйдың «Шал мен теңіз» повесі

Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі

Ұқсастығы

1.

2.

3.

4.

Айырмашылығы

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

  • Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі сарыны негізінде түсірілген. Повесть пен фильмнің өнер сүйер қауымға әсері тұрғысынан «Екі

жанрдың ойды берудегі ұтымдылығы неде?» деген сұраққа әдеби сын жазыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Шығарманыәлем

1

Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі

4

әдебиетіүлгілерімен

менЕ.Тұрсыновтың«Шал»фильмінің

салыстырып, әдеби сын

ұқсастықтарын көрсетеді;

жазады

Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі

4

менЕ.Тұрсыновтың«Шал»фильмінің

айырмашылықтарын көрсетеді;

2

екі жанрдың ерекшеліктерін көрсетеді;

2

өзтұжырымдарын

аргументтермен

2

дәлелдейді;

ойын жүйелі жеткізеді.

1

Барлығы

13

«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманыәлем

Э. Хемингуэйдың «Шал мен теңіз»

Э. Хемингуэйдың «Шал мен теңіз»

Э. Хемингуэйдың «Шал мен теңіз»

әдебиетіүлгілерімен

повесі мен Е.Тұрсыновтың «Шал»

повесі мен Е.Тұрсыновтың «Шал»

повесі мен Е.Тұрсыновтың «Шал»

салыстырып, әдеби сын

фильмінің ұқсастықтарын және

фильмініңұқсастықтарынжәне

фильмінің ұқсастықтарын және

жазады

айырмашылықтарынкөрсетуде

айырмашылықтарын көрсетуде

айырмашылықтарын көрсетеді.

қиналады.

қателер жібереді.

Екіжанрдыңерекшеліктерін

Екі жанрдың ерекшеліктерін ашуда,

Екіжанрдыңерекшеліктерін

ашуда,өзтұжырымдарын

өзтұжырымдарынаргументтермен

ашады,өзтұжырымдарын

аргументтермендәлелдеп,ойын

дәлелдеп,ойынжүйеліберуде

аргументтермендәлелдеп,ойын

жүйелі беруде қиналады.

қателер жібереді.

жүйелі береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу