Дүниежүзі тарихы 8 сынып


«Дүниежүзі тарихы» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

8-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 

 

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

 

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«ХХ ғасырдың басындағы әлем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

ХХ ғасырдың басында әлем бейнесі қандай болды?

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қандай ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар ерекше маңызды болды?

Оқу мақсаты

8.3.2.5 ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау

8.4.1.2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін «модернизация» ұғымын пайдалану

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымына сипаттама береді
  • Индустриялық қоғамды сипаттауда «модернизация» ұғымын қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Картадан ХХ ғасырдың басындағы отарлаушы мемлекеттердің үшеуін белгілеңіз. Осы мемлекеттердің отары болған мемлекеттерді белгілеңіз. (үш отар мемлекет)
  • Терминдерге анықтама беріңіз.

Модернизация –

Жеке кәсіпкер –

Жаратылыстанудағы революция –

«Форд-Т» -

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымына сипаттама береді

1

1-отарлаушы мемлекетті картада белгілейді;

1-отарлаушы мемлекеттің отарын белгілейді;

2-отарлаушы мемлекетті картада белгілейді;

2-отарлаушы мемлекеттің отарын белгілейді;

3-отарлаушы мемлекетті картада белгілейді;

3-отарлаушы мемлекеттің отарын белгілейді;

1

1

1

1

1

1

Индустриялық қоғамды сипаттауда «модернизация» ұғымын қолданады

2

«Модернизация» терминін түсіндіреді;

«Жеке кәсіпкер» терминін түсіндіреді;

«Жаратылыстанудағы революция» терминін түсіндіреді;

«Форд-Т» терминін түсіндіреді.

1

1

1

1

Барлығы

10

«ХХ ғасырдың басындағы әлем» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымына сипаттама береді

ХХ ғасырдың басындағы 1/2/3-отарлаушы мемлекетті және олардың отарын картада белгілеуде қиналады

ХХ ғасырдың басындағы 1/2/3-отарлаушы мемлекетті және олардың отарын картада белгілеуде қателіктер жібереді

ХХ ғасырдың басындағы 1/2/3-отарлаушы мемлекетті және олардың отарын картада белгілейді

Индустриялық қоғамды сипаттауда «модернизация» ұғымын қолданады

«Модернизация», «жеке кәсіпкер», «жаратылыстанудағы революция», «Форд-Т» терминдерін түсіндіруде қиналады

«Модернизация», «жеке кәсіпкер», «жаратылыстанудағы революция», «Форд-Т» терминдерін түсіндіруде қателіктер жібереді

«Модернизация», «жеке кәсіпкер», «жаратылыстанудағы революция», «Форд-Т» терминдерін түсіндіреді

«Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай?

Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі шайқастары қандай?

Оқу мақсаты

8.3.2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау

8.2.4.3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөлін бағалау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін жазады
  • әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөліне баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Бірінші дүниежүзілік соғысының алғышарттары мен себептерін анықтаңыз.

Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918жж)

алғышарттары

себептері

1

1

2

2

  • Кестеде батыс және шығыс майдандағы негізгі оқиғаларды жазыңыз.

Батыс майданы

Шығыс майданы

Әскери техника және соғыс стратегияларына дәлелдер келтіріңіз.

Сіздің ойыңызша, ең мықты соғыс стратегиялары мен әскери техникалары қай мемлекеттерде болды? Дәлел келтіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін жазады

1

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 1-алғышартын жазады;

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 1-себебін жазады;

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 2-алғышартын жазады

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 2-себебін жазады;

1

1

1

1

әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөліне баға береді

2

Шығыс майдандағы оқиғаларды атайды;

Батыс майдандағы оқиғаларды атайды;

Батыс майдандағы әскери техника және соғыс стратегияларына дәлелдер келтіреді;

Шығыс майдандағы әскери техника және соғыс стратегияларына дәлелдер келтіреді;

Ең мықты соғыс стратегиялары мен әскери техникалары қай мемлекеттерде болғандығын жазады;

Дәлел келтіреді.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

10

«Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін жазады

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 1/2-алғышарттары мен себептерін жазуда қиналады

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 1/2-алғышарттары мен себептерін жазуда қателіктер жібереді

Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін жазады

Әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөліне баға береді

Шығыс/Батыс майдандағы оқиғаларды жазып, әскери техника және соғыс стратегияларына дәлелдер келтіруде, ең мықты соғыс стратегиялары мен әскери техникалары қай мемлекеттерде болғандығын жазып, дәлелдеуде қиналады

Шығыс/Батыс майдандағы оқиғаларды жазып, әскери техника және соғыс стратегияларына дәлелдер келтіруде, ең мықты соғыс стратегиялары мен әскери техникалары қай мемлекеттерде болғандығын жазып, дәлелдеуде қателіктер жібереді

Шығыс/Батыс майдандағы оқиғаларды жазады, әскери техника және соғыс стратегияларына дәлелдер келтіреді, ең мықты соғыс стратегиялары мен әскери техникалары қай мемлекеттерде болғандығын жазып, дәлелдейді

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«1917 жылғы Ресейдегі революция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Неліктен қоғам «қызылдар» мен «ақтарға» қақ жарылды?

1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгерді?

Оқу мақсаты

8.1.1.1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау

8.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Қазан төңкерісінің әлеуметтік құрылымның өзгеруіне әсерін сипаттайды
  • мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

 Қазан революциялық ахуалдың қалыптасқанына бұрынғыдан да көлемдірек етек алып келе жатқан жұмысшы,шаруа және ұлт-азаттыққозғалысы дәлел болды. 1917 жылдың жазының ортасы мен күзінде саяси ереуілдер жиілеп, бірқатар жерлерде ереуілшілер кәсіпорындарды басқаруды өз қолдарына алды. Бүкіл елде кеңестердің большевиктенуі басталды. Осыған байланысты большевиктік партия 1917 жылғы шілде оқиғаларынан соң уақытша күн тәртібінен алынып тасталған "Барлық билік Кеңестерге берілсін!" деген ұранды қайта бастады. Бұл ұран енді қарулы көтеріліске бет ұрып, Уақытша үкіметті жойып, пролетариат диктатурасын орнатуды білдірді..

А) Қазан төңкерісінің басты себептері неде?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

B) Қоғам неге «ақтар» мен «қызылдарға» бөлінді?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

C) «Ақтардың» басты мақсаты қандай болды? «Қызылдардың» басты мақсаты қандай болды?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. 1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгергенін кестеде толтырыңыз. Кез-келген үш жылға қатысты оқиғаларды жазыңыз.

1917

1918

1919

1920

1921

1922

1923

1924

Кеңес мемлекетінің дінге қатысты көзқарасын жазыңыз. Мысал келтіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазан төңкерісінің әлеуметтік құрылымның өзгеруіне әсерін сипаттайды

1

Қазан революциясының басты себептерін жазады

Қоғамның «ақтар» мен «қызылдарға» бөлінуінің себебін түсіндіреді;

«Ақтардың» басты мақсатын жазады;

«Қызылдардың» басты мақсатын жазады;

1

1

1

1

Мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

2

1- жылға қатысты оқиғаларды жазады;

2- жылға қатысты оқиғаларды жазады;

3- жылға қатысты оқиғаларды жазады;

Кеңес мемлекетінің дінге қатысты көзқарасын жазады;

Мысал келтіреді.

1

1

1

1

1

Барлығы

9

«1917 жылғы Ресейдегі революция» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қазан төңкерісінің әлеуметтік құрылымның өзгеруіне әсерін сипаттайды

Қазан революциясының басты себептерін жазуда, Қоғамның «ақтар» мен «қызылдарға» бөлінуінің себебін түсіндіруде, «ақтардың»/ «қызылдардың» басты мақсатын жазуда қиналады

Қазан революциясының басты себептерін жазуда, Қоғамның «ақтар» мен «қызылдарға» бөлінуінің себебін түсіндіруде, «ақтардың»/ «қызылдардың» басты мақсатын жазуда қателіктер жібереді

Қазан революциясының басты себептерін жазады, Қоғамның «ақтар» мен «қызылдарға» бөлінуінің себебін түсіндіреді, «ақтардың»/ «қызылдардың» басты мақсатын жазады

Мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

1/2/3 жылға қатысты оқиғаларды жазуда, Кеңес мемлекетінің дінге қатысты көзқарасын жазып, мысал келтіруде қиналады

1/2/3 жылға қатысты оқиғаларды жазуда, Кеңес мемлекетінің дінге қатысты көзқарасын жазып, мысал келтіруде қателіктер жібереді

1/2/3 жылға қатысты оқиғаларды жазады, Кеңес мемлекетінің дінге қатысты көзқарасын жазып, мысал келтіреді

«Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?

Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті?

Оқу мақсаты

8.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау

8.3.1.1 Қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды
  • Қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Мұстафа Кемалдың «Ататүрік» деп атануының себептерін берілген салалардағы қызметі негізінде жазыңыз.

2. Суреттерді пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    • Сунь Ятсеннің суреттегі тарихи тұлғалармен қандай байланысы бар? Дәлел келтіріңіз.

_____________________________________________________________________________________

    • Сунь Ятсеннің «үш халықтық принципі» қандай? «Үш халықтық принцип» Қытайға қандай өзгерістер алып келді?

_____________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

1

Мұстафа Кемалдың мемлекетті басқарудағы қызметін жазады;

Мұстафа Кемалдың дін мен мемлекеттің қатынасын реттеудегі қызметін жазады;

Мұстафа Кемалдың мәдениетті дамытудағы қызметін жазады;

1

1

1

Қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалына талдау жасайды

2

Сунь Ятсеннің суреттегі тарихи тұлғалармен қандай байланысын жазады;

Дәлел келтіреді;

Сунь Ятсеннің 1- қағидатын жазады;

Сунь Ятсеннің 2-қағидатын жазады;

Сунь Ятсеннің 3-қағидатын жазады.

«Үш халықтық принцип» Қытайға қандай өзгерістер алып келгендігін жазады.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

9

 

«Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері » бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

Мұстафа Кемалдың мемлекетті басқарудағы/дін мен мемлекет қатынасындағы/мәдениетті дамытудағы қызметін жазуда қиналады

Мұстафа Кемалдың мемлекетті басқарудағы/дін мен мемлекет қатынасындағы/мәдениетті дамытудағы қызметін жазуда қателіктер жібереді

Мұстафа Кемалдың мемлекетті басқарудағы/дін мен мемлекет қатынасындағы/мәдениетті дамытудағы қызметін жазады

Қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалына талдау жасайды

Сунь Ятсеннің суреттегі тарихи тұлғалармен қандай байланысын жазып, дәлел келтіруде, 1/2/3 қағидатты жазуда, Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгерткенің түсіндіруде қиналады

Сунь Ятсеннің суреттегі тарихи тұлғалармен қандай байланысын жазып, дәлел келтіруде, 1/2/3 қағидатты жазуда, Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгерткенің түсіндіруде қателіктер жібереді

Сунь Ятсеннің суреттегі тарихи тұлғалармен қандай байланысын жазып, дәлел келтіреді, 1/2/3 қағидатты жазады, Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгерткенің түсіндіреді

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Әлемдік экономикалық дағдарыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары?

Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?

Оқу мақсаты

8.4.1.3 тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдалану

8.3.1.3 фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия)

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • «Бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдаланып, тарихи оқиғаларға талдау жасайды
  • фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдарын төмендегі сөздерді қолдана отырып жазыңыз.

«Бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция»

2. АҚШ, Франция, Германияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының жолдарын көрсетіңіз.

Ұлы дағдарыстан шығудың жолдары

АҚШ

Франция

Германия

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

«Бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдаланып, тарихи оқиғаларға талдау жасайды

1

Уолл-стриттің күйреуінің 1- себебін кілт сөздерді қолдана отырып жазады;

Уолл-стриттің күйреуінің 2- себебін кілт сөздерді қолдана отырып жазады;

Уолл-стриттің күйреуінің 1- салдарын кілт сөздерді қолдана отырып жазады;

Уолл-стриттің күйреуінің 1- салдарын кілт сөздерді қолдана отырып жазады;

1

1

1

1

фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіреді

2

АҚШ-тың дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 1-жолын көрсетеді;

АҚШ-тың дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 2-жолын көрсетеді;

Францияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 1-жолын көрсетеді;

Францияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 2-жолын көрсетеді;

Германияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 1-жолын көрсетеді;

Германияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 2-жолын көрсетеді.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

10

 

«Әлемдік экономикалық дағдарыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

«Бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдаланып, тарихи оқиғаларға талдау жасайды

Уолл-стриттің күйреуінің 1/2 -себебін/салдарын кілт сөздерді қолдана отырып жазуда қиналады

Уолл-стриттің күйреуінің 1/2 -себебін/салдарын кілт сөздерді қолдана отырып жазуда қателіктер жібереді

Уолл-стриттің күйреуінің 1/2 -себебін/салдарын кілт сөздерді қолдана отырып жазады

фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіреді

АҚШ/Франция/Германияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 1/2-жолын көрсетуде қиналады

АҚШ/Франция/Германияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 1/2-жолын көрсетуде қателіктер жібереді

АҚШ/Франция/Германияның дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуының 1/2-жолын көрсетеді

«Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Сталиннің билігі тұсында КСРО қалай дамыды?

Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді?

Оқу мақсаты

8.4.2.1 «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, XX ғасыр бірінші жартысындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстыру

8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырады
  • қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • ХХ ғасырдың басындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйесін салыстырыңыз.

  • Суреттерді қарай отырып, келесі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

Газеттегі мақалаларда қандай тарихи тұлғалар туралы айтылған?

_____________________________________________________________________________

Олар қандай мемлекеттердің өкілдері?

_____________________________________________________________________________

Олар қандай саяси қозғалысты жүргізді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Олардың іс-әрекеті әлемдегі халықаралық жағдайға қалай әсер етті? 2-дәлел келтіріңіз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

«жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырады

1

Жоспарлы экономиканың 1-айырмашылығын жазады;

Жоспарлы экономиканың 2-айырмашылығын жазады;

Нарықтық экономиканың 1-айырмашылығын жазады;

Нарықтық экономиканың 2-айырмашылығын жазады;

1

1

1

1

қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалына талдау жасайды

2

Газеттегі мақалаларда қандай тарихи тұлғалар туралы айтылғандығын жазады;

Олардың қандай мемлекеттердің өкілдері екендігін жазады;

Олардың қандай саяси қозғалысты жүргізгендігін жазады;

Олардың іс-әрекеті әлемдегі халықаралық жағдайға қалай әсер еткендігін жазады;

1-дәлел келтіреді;

2-дәлел келтіреді.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

10

 

«Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

«жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырады

Жоспарлы/нарықтық экономиканың 1-2-айырмашылығын жазуда қиналады

Жоспарлы/нарықтық экономиканың 1-2-айырмашылығын жазуда қателіктер жібереді

Жоспарлы/нарықтық экономиканың 1-2-айырмашылығын жазады

қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалына талдау жасайды

Газеттегі мақалаларда қандай тарихи тұлғалар туралы айтылғандығын, олардың қандай мемлекеттердің өкілдері екендігін, қандай саяси қозғалысты жүргізгендігін жазуда, олардың іс-әрекеті әлемдегі халықаралық жағдайға қалай әсер еткендігін жазып, 1/2-дәлел келтіруде қиналады

Газеттегі мақалаларда қандай тарихи тұлғалар туралы айтылғандығын, олардың қандай мемлекеттердің өкілдері екендігін, қандай саяси қозғалысты жүргізгендігін жазуда, олардың іс-әрекеті әлемдегі халықаралық жағдайға қалай әсер еткендігін жазып, 1/2-дәлел келтіруде қателіктер жібереді

Газеттегі мақалаларда қандай тарихи тұлғалар туралы айтылғандығын, олардың қандай мемлекеттердің өкілдері екендігін, қандай саяси қозғалысты жүргізгендігін жазады, олардың іс-әрекеті әлемдегі халықаралық жағдайға қалай әсер еткендігін жазып, 1/2-дәлел келтіреді

ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады?

Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары қандай болды?

Оқу мақсаты

8.2.4.3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау

8.3.2.3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөліне баға береді
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Соғыс алдындағы мемлекеттер арасындағы келісімдердің маңызына талдау жасаңыз.

2. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарына талдау жасаңыз.

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері әлем халықтары үшін сабақ бола алды ма? Неліктен?

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөліне баға береді

1

"Берлин-Рим-Токио" үшбұрышының маңызына талдау жасайды;

"Мюнхен" келісімінің маңызына талдау жасайды;

"Молотов-Риббентроп" пактісінің маңызына талдау жасайды;

1

1

1

Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарына талдау жасайды

2

Екінші дүниежүзілік соғыстың 1-себебін жазады;

Екінші дүниежүзілік соғыстың 2-себебін жазады;

Екінші дүниежүзілік соғыстың 1-салдарын жазады;

Екінші дүниежүзілік соғыстың 2-салдарын жазады;

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері әлем халықтары үшін сабақ бола алғандығы/алмағандығы туралы пікірін жазады;

дәлел келтіреді.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

10

 

«Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөліне баға береді

"Берлин-Рим-Токио" үшбұрышының /

"Мюнхен" келісімінің/

"Молотов-Риббентроп" пактісінің маңызына талдау жасауда қиналады

"Берлин-Рим-Токио" үшбұрышының /

"Мюнхен" келісімінің/

"Молотов-Риббентроп" пактісінің маңызына талдау жасауда қателіктер жібереді

"Берлин-Рим-Токио" үшбұрышының /

"Мюнхен" келісімінің/

"Молотов-Риббентроп" пактісінің маңызына талдау жасайды

Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарына талдау жасайды

Екінші дүниежүзілік соғыстың 1/2-себептерін/ салдарын жазып, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері әлем халықтары үшін сабақ бола алғандығы/алмағандығы туралы пікірін жазып, дәлел келтіруде қиналады

Екінші дүниежүзілік соғыстың 1/2-себептерін/ салдарын жазып, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері әлем халықтары үшін сабақ бола алғандығы/алмағандығы туралы пікірін жазып, дәлел келтіруде қателіктер жібереді

Екінші дүниежүзілік соғыстың 1/2-себептерін/ салдарын жазып, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері әлем халықтары үшін сабақ бола алғандығы/алмағандығы туралы пікірін жазып, дәлел келтіреді

«ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай?

ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғылым қалай дамыды?

Оқу мақсаты

8.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау

8.2.4.2 тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды
  • тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Карталарды қарап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

    • Карталарда қандай тарихи оқиға көрсетілген?

_____________________________________________________________________________

    • Көрсетілген тарихи оқиғада қандай тарихи тұлғалар маңызды рөл атқарды?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    • Берілген тарихи оқиғаның салдары қандай? 2-ден кем емес салдарды жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне дәлелдер келтіріп, баға беріңіз.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылымның дамуы әлемнің дамуына қалай әсер етті? Дәлел келтіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

1

тарихи оқиғаны анықтайды;

Көрсетілген тарихи оқиғада маңызды рөл атқарған тарихи тұлғаларды атайды;

Берілген тарихи оқиғаның 1-салдарын жазады;

Берілген тарихи оқиғаның 2-салдарын жазады;

1

1

1

1

тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне баға береді

2

Ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік дамуындағы рөліне дәлелдер келтіреді;

Ғылымның әлем мемлекеттерінің экономикалық дамуындағы рөліне дәлелдер келтіреді;

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылымның дамуы әлемнің дамуына қалай әсер еткендігі туралы ойын жазады;

дәлел келтіреді.

1

1

1

1

Барлығы

8

 

«ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және

ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды

тарихи оқиғаны анықтауда, тарихи оқиғада маңызды рөл атқарған тарихи тұлғаларды атауда, тарихи оқиғаның 1-2-салдарын жазуда қиналады

тарихи оқиғаны анықтауда, тарихи оқиғада маңызды рөл атқарған тарихи тұлғаларды атауда, тарихи оқиғаның 1-2-салдарын жазуда қателіктер жібереді

тарихи оқиғаны анықтайды, тарихи оқиғада маңызды рөл атқарған тарихи тұлғаларды атайды, тарихи оқиғаның 1-2-салдарын жазады

тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне баға береді

Ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне дәлелдер келтіріп, баға беруде қиналады

Ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне дәлелдер келтіріп, баға беруде қателіктер жібереді

Ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне дәлелдер келтіріп, баға береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу