Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)


Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)

Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз болды.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деп атап көрсеткен болатын. Қазақ халқының тарихи тамыры тереңде жатыр. Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп - ғұмыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманы.

Қазақ хандығы – бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465 - 1847жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Тарихқа сүйенетін болсақ, тұңғыш ханы – Керей, соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы болып саналады. Қазақ хандығының құрылу тарихына тоқтала кетейік.

1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру - тайпаларымен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін қалаған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу мен Талас өңірі деп айтылады. Әбілқайыр ханға наразы сұлтан, әмірлер, ру - тайпа басшылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.

Қазақ хандығының құрылуын осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік - экономикалық және этно - саяси процесстердің заңды қорытындысы деп санауға болады. XV ғасырдың 60 жылдары қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуды мекендеді.

XVI - XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс орнатты.
Ұлан байтақ елімізге, жерімізге жан - жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі XVI - XVIII ғасырларда жоңғарлардың шапқыншылығы болды. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Баян батыр секілді көптеген батырлар Абылай ханның ақ туының астына бірігіп, Жоңғар шапқыншылығынан қазақ жерін толық азат етті. XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтары, батыс пен солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, орыс казактары үнемі шапқыншылық жасаумен болды.

Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қиын кезде Әбілқайыр хан бастаған қазақ сұлтандары, билері мен батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.

«Жансүгіров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі: Ж. Т. Демесинова
Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий