Жас келсе іске


Ауылдың ажары қашып тұралап тұмшаланған шаруашылыққа бір сілкініс қажает етіп тұрған кезі болатын.  Жастығы жалын шарпып қаланың қауырт тірлігінен өзінің мақсатының көкжиегін көре алмаған біздің жерлес ағамыз Исабаев Берікбол Айтбекұлы небары 24 жасында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы өзінің туған ауылы Жалаңашқа оралуды жөн санап, мақсат тұтып ауылшаруашылығы ата кәсіп мал шаруашылығын дамыту жолында, өз жұмысын бастаған болатын.

Әрине алғашқыда өте ауыр болды деуге болады. Кәсіп ашуға қаражатты табу оңай болған жоқ, өзінің сөзіне қарағанда тәуекелге баруға тура келді дейді. Қалада тұрған басапанасын сатып, алғашқы ірі қара басын сатып алуды қолға алды. Өзінің ерік-жігерін алға қойған мақстына жету жолында талпындырып ,қамшылап отырды. Атадан қалған ата кәсіп жалғастырудың жолында Берікбол тек өзінің өмірінде жинаған тәжірбиесімен, еңбекқорлығы бірінші кезекте тұрды. Мақсаты мүмкіндігінен жоғары Берікбол алғашқы мал бордақылау қоражайын өз қаражатымен салды. Аудандық әкімдікті өзінің еңбегімен таңқалдырып жалпы жастардың мал бағудың, оның пайдасың қалай көруге болатынын іс жүзінде дәлелдеп берді. «Ер туса ел ырысы» деген осы шығар ауыл азаматтарына біршама жұмыс беретін дәрежеге өсті. Ол күні кеше  шаруашылықты бастағанда не бары 40-50 бас ірі қара болса араға аз уақыт салып оларды 100 деп өсіруге бел байлады. Берікбол әр істің санынан көрі сапасына аса жауапкершілікпен қарағандықтан ірі қараның етті тұқымын өсіргенді жөн санап, ақбас ірі қараларды өсіре бастады. Ауылдың тынысымен тіршілігін ашқан ол, ет өңдеуді басты назарға ұстай отырып, мал бордақылау алаңын кеңейтіп қанат жайдырды.Таза еңбекпен маңдайтер дерсің сірә. Берікбол уақыт өте келе жылқы өсіруді де қолға алды, ішсең қымыз,Сатсаң ақша,Мінсең көлік дейтін қастерлі қазақ үшін болған түліктің санын көбейтуді жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Осындай еңбегін ескерген облыс және аудандық ауылшаруашылғын дамыту бөлімінің басшылары Берікболға ауылды дамыту жолындағы «Ерен  еңбегі үшін ІІІ дәрежелі даңқ төс белгісімен марапаттады. Бүгін де «Тәттібек» шаруа қожалығын құрып етті ірі қара мен үйір-үйір жылқы өсіруде. Ауылдың ажарын кіргізіп жайылымды малға толтырған Берікбол деген азаматтыңелдің дамуына, жас болсада өзіндік үлес қосып жатқан жайы бар. Берікболдың азаматтық жеке басына келетін болсақ, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін, өз ұлтын тілін,туған жерін құрметтейтін атпалдай азамат. Ауылды дамыту жолында ауыл азаматтарына қол ұшын беріп келеді. Жасынан шабандоз болған ол ұлттық спортты дамыту жолында ауыл жастарының арасында көкпар мен бәйге баптауды да қолға алған. Атқұмарлығы соншалықты,оның сәйгүліктері аламанда көзге түсіп жүрген жайы бар. Ол ата кәсіптің қыр- сырын меңгерген ыстығына күйіп суығына тоңған нағыз еңбек майталманы. Өзінің серілік мінезі де бар. Сыртынан қарап тұрсаң ісіне көңіл тойарлық. Туған жердің топырағының қадірін білетін,өскелең ұрпаққа үлгі боларлық азамат дерсің.Берікбол өз сөзінде былай дейді: «Мен өзімді ауылсыз елестете алмаймын, менің миссиям етті ірі қара малының өнімдерін,ел аумағында қамтамасыз ететін шамада одан әрі экспортқа дейінгі деңгейге жеткізіп ауылымның ажарын сақтап, одан әрі дамытсам деген үлкен жоспарларым бар»-дейді. Онысы  рас, аз сөйлеп  ісімен дәлелдейтін осындай азаматтардың еңбегін халық білу керек. Иә елорда шаһарынан бастап Оңтүстік өңірге дейін жететін ірі қараларын біреуі білсе біреуі білмес.Осындай қарапайым болып,елдің даму жолында үлес қосып жатқан азамттардың еңбегін халық білуі тиіс. Ауылды дамыту үшін, ауылға деген үлкен жүрек пен талмас білек керек екендігін Берікболдың еңбегі көрсетіп отыр. «Жас келсе іске» деген де осы болар сірә. Ауылдың бағасын білу үшін,аулыды дамыту жолындағы азаматтардың еңбектерін жария ету керек, сонда өскелең ұрпақтың бойында ауылға деген құрметпен,үлкен сүйіспеншілік болатыны сөзсіз. Ауыл ол халықтың түп тамыры, ол әрқашан биікте болу керек. Ауылды қолдау -Отанды қорғау деп айтуға болады.

 

Айдос Жанатұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу