Ерлердің халқына деген махаббаты

 Ерлердің халқына деген махаббаты

Бейсенбек Жалғас
1 сынып Абай атындағы орта мектеп
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы
Жетекшісі: Шайкенова А.Е.

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісов Солтан Жүнісұлы 1926 жылы 25 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында дүниеге келген.2004 жылдың 27 тамызында дүние салды, Әбжан ауылында жерленді. Көп жыл бұрын Германияның астанасы – Берлиннің іргесінде қатал ұрыс жүріп жатты. Біздің жерлесіміз, жас жауынгер қатардағы Жүнісов ең қызу орында, Қызыл Армияның алдыңғы отрядтарында болды. Бірақ амал не, оған бұл ұрысты аяқтау сәті түспеді, ол ауыр жарақат алып, тікелей ұрыс алаңынан госпитальға жіберілгендіктен, қаланы алу онсыз өтті. Солтан Жүнісов біздің ауданымызда туды. Оның балалық шағы жеңіл болмады. Ата-анасы есінде жоқ, олар үш баласын қалдырып соғыс басталардан көп бұрын қаза тапты. Және ол үлкен ағасымен және апасымен әкесінің інісінің қолында тәрбиеленеді. 1941 жылы радиодан қауіпті хабар – соғыстың басталғаны туралы хабарлады. Алғашқы күндері ағасы майданға кетті, көп ұзамай оның қайтқаны туралы қара қағаз келді. Бірақ ұзақ қайғыруға болған жоқ, 1942 жылы он жеті жасар Солтанды армияға шақырып әкетті. Алматы қаласында төрт ай оқытқаннан кейін оны алдыңғы шепке жөнелтеді.
- Түнде бізді әскери эшолонға отырғызды, дейді ол, - сөйтіп алып жөнелді, ал қайда алып бара жатқанын біздің өзіміз де білмедік. Бір-екі күннен кейін әлдебір орманның жанына түсіріп, біздің алдымызға бір төбе киімдер қойды және киінуге бұйырды, сонан соңсапқа тұрғызып алып жүрді. Сол минөттерден оның: ауыр да қатал болған жауынгерлік жолыбасталды. Ол өзі бүкіл қызмет еткен уақытта Ш Белорус майданының 13-дивизиясының құрамында жаяу әскер болды. Ол қазір қанша ұрыстарға қатысуына тура келгенін өзі де білмейді (есебінен жаңылған). Тұрақты шиеленістен тіпті кейде қай күні туғанын ұмытып қалатын және қай ай екенін білмейтін. Өзінің жауынгерлік жолының басталуынан және оның соңғы күндеріне дейін Солтан пулеметтан айырылмады, бірінші номер болды. Соғыстың төрт жылы ішінде ол жаяу қыруар жер, бірнеше мың километр жол жүрді. Ресейде, Чехословакияда, Австрияда, Германияда болуына тура келді. Вена, Прага, Будапешт сияқты қалаларды, сондай-ақ Кеңес Одағының көптеген елді пунктерін азат етісті. Соғыстың соңына қарай ол өзінің полкымен Герман шекарасынан өтті және өзін жаралаған соңғы ұрыс болған Берлинге дейін жетті. Жеңістің жуық екені сезілетін, бірақ соғысты сапта жүріп аяқтау сәті түспеді. Көптен күткен Жеңіс күнін Солтан Жүнісов госпитальда қарсы алды.
- Осы қуанышты хабарды естігенде – деп еске алады ардагер – бүкіл госпиталь щаттанды. Жараланғандар, өздерінің жаралары мен ауруын естен шығарып құшақтасты, жылады, күлді. С.Жүнісов тағы бірнеше ай емделуде болды, ал одан соң Чехословакияға жіберілді, бірақ жарақат тыным бермеді де оны Свердлов әскери госпиталына жөнелтті, онда ол біраз уақыттан кейін одан әрі әскери қызметке жарамсыз деп танылды және үшінші топтағы мүгедектік алып, Кеңес Армиясы қатарынан босатылды. Өзінің жауынгерлік ерлігі үшін Ш дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Маршал Жуковтың және көптеген басқа юбилейлік медальдармен марапатталған.
Әскерден босағаннан кейін ол туған шаруашылыңына оралды және өзінің бейбіт өмірін бастады. Алдымен біраз ұжымшарда жұмыс істеді, одан соң аудан орталығына көшіп келді. Мұнда 1948 жылдан бастап орманшы болып еңбек етті, мал емдеу мекемесінің, аудандық тұтынушылар одағының жұмысшысы болды. Аудандық тұтынушылар одағында 40 жылға жуық табысты еңбек етті, онда да адал, еңбекқор еңбегін бағалаумен бірге, Жеңіс күніне қарсы, мереке күндеріне арналған талай құрмет грамоталарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 1985 жылы еңбегі сіңген зейнеткерлік демалысқа шықты. Әйтсе де, зейнеткерлікке шыққанымен тағы бір жыл еңбек етті. Жалпы әскери жылдарды есептемегенде оның еңбек стажы 40 жылға тең. Барлық осы уақытта ол үлгілі еңбек етті. «Еңбек ардагері» медалі бар. Зайыбы екеуі үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Әскери қызметін Ауғанстанда өтеген өзінің кенже ұлы Мұрат үшін талай мазасыздануына тура келді. Дегенмен бәрі сәтті болды, ұлы аман-есен 1984 жылы «Ерлігі үшін», «Әскери батырлығы үшін» атты медальдармен және Мақтау грамоталарымен туған еліне оралды.
1984 жылы Алматы қаласына оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдады. Содан соң, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауданында участкелік жұмыстан бастап, өзінің білікті атқарған жұмысының арқасында талай белестерден өтіп, подполковник атағына ие болып, басшылық қызметінен 2009 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шықса да, ол қайтадан жұмысқа шақырылып, Ішкі істер органында қызметін жалғастыруда. Солай, Жүнісовтер әулетінде әкелі-бала, бірі - Ұлы Отан соғысының ардагері болса, екіншісі – Ауған соғысының ардагері. Тәрбие от басынан басталады дегендей, балаларының барлығы білімді, әр салада қызмет атқарады, өздерінің жанұялары бар. Немерелері да жоғары білім алып, өз алдарына еңбек етуде.
Ұлы Отан соғысының ардагері Солтан қария 2004 жылдың 27 тамызында дүниеден озды. Туған елі Ақтоғай ауданының Әбжан ауылында жерленді. Қалған жас ұрпақтары үшін ол қарияның атқарған істері үлгі-өнеге болып, әр уақытта айтқан ақыл-кеңестерін үлгі тұтады. Жыл сайын келетін 9 Мамыр – Жеңіс күні асыл әке, ардақты аталарының мерекесіне балалары, немерелері, шөберелері жиналып еске алады. Аяулы асыл әкеміздің жарқын бейнесі, үйреткен ақыл-кеңестерін мәңгі есімізге алып, үлкен сый-құрметпен мақтан тұтамыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!